Оқушыларда топ пен ұжымдық қасиеттерді қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Топ ұғымының жалпы түсінігі
1.1. Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы туралы түсінік ... ..5
1.2. Топтардың даму принциптері ... ...10
1.3. Топтағы қарым.қатынас ... ... ...13

ІІ. Эксперименталды зерттеу жасау және нәтижесін өңдеу
2.1. Эксперименталды зерттеу әдістерін сараптау және белгілеу ... ... 14
2.2. Социометриялық әдісті жасау және өңдеу
2.3. Эксперимент нәтижесін шығару және нұсқау ... ... ... ... ... ... ..18

Қосымша ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... 26
Белгілі бір адам бірлестігінде үйлесімділікке жету қиын болып көрінеді. Өйткені барлық адамдар да, әр түрлі жағдайлар да күрделі, мақсаттардың да сәйкес келмеуі мүмкін.
Топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп санады: бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын; өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын; өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін; рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын; бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін тенестіретін; топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын; кооперативтік өзара байланыста болатын; өздерін біртұтас сезінетін; өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психологтардың топтық ұйымшылдық мәселесі кең тұрғыда назар аудартады.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
3. Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
4. Алдамұратов А. Жалпы психология, Алматы,1996.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.
6. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993.
7. Аймауытұлы Ж. Психология. Алматы, 1995.
8. Жұмасова Қ.С. Психология. Астана, 2006.
9. А.С. Макаренко. Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар. Алматы, 1952.
10. А.Н. Леонтьев, А.Д. Лурия, А.А. Смирнов. О диагностических методах
психологического исследования школьников. «Советская педагогика», 1968.
11. К.Д. Ушинский. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы
пікірлер, Алматы, 1951, 33-34-беттер.
12. Ж.Қоянбаев Педагогика. Алматы, 1995.
13. А.С. Макаренко. Педагогика. Алматы, 1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Топ ұғымының жалпы түсінігі

1.1. Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы туралы түсінік ... ..5
1.2. Топтардың даму принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Топтағы қарым-қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

ІІ. Эксперименталды зерттеу жасау және нәтижесін өңдеу
2.1. Эксперименталды зерттеу әдістерін сараптау және белгілеу ... ... 14
2.2. Социометриялық әдісті жасау және өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3. Эксперимент нәтижесін шығару және нұсқау ... ... ... ... ... ... ..18

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Белгілі бір адам бірлестігінде үйлесімділікке жету қиын болып
көрінеді. Өйткені барлық адамдар да, әр түрлі жағдайлар да күрделі,
мақсаттардың да сәйкес келмеуі мүмкін.
Топты төмендегідей сипаттағы жеке адамдардың жиналысы құрайды деп
санады: бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын; өздерін бір топтың мүшелері
деп санайтын; өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын; бірдей объектілер мен және
идеалдармен өзін тенестіретін; топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде
қабылдайтын; кооперативтік өзара байланыста болатын; өздерін біртұтас
сезінетін; өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Қазіргі кездегі шетелдік әлеуметтік психологтардың топтық ұйымшылдық
мәселесі кең тұрғыда назар аудартады. Оған арналған әдебиеттер өте көп.
Бірақ олардың көпшілігінің ақауы мынада: шағын топтың коммуникативтік
тәжірибесінен көрінетін, көбінесе іс-әрекетінен және арақатынастар ретінде,
жеке адамдар арасындағы эмоционалды - психологиялық қатынастарды бастапқы
қатынастар ретінде қабылдай отырып, шетелдік әлеуметтік психологтар
қатынастар кезеңі неге байланысты болатынын анықтау міндетін қоймады,
олардың экономикадағы, идеологиядағы, саясаттағы бастауларын табуға
тырыспады. Осының нәтижесінде ұйымшылдықты анықтаудың басты әдісі болып
симпатияларға, антипатияларға негізделген талғамдарды, коммуникативтік
актілерді, арақатынастарды белгілеу саналды, ал психологтың топ
ұйымшылдығын көтеруге қатысты тәжірибелік үсыныстары оның социометриялық
құрылымының өзгеру мүмкіншілігімен байланысты болды.
Ұйымшылдықты зерттеудің мұндай бағдарламасы ережелер мен құндылықты
бағыттарды қарастырмайды. Шетелдік психологияда қабылданған ұйымшылдықты
зерттеу әдістемелерінің көпшілігі мына жорамалға сүйенеді: топтағы қарым-
қатынастың жылдамдығы, жиілігі және саны мен оның ұйымшылдығы арасында
тікелей байланыс болады, сондықтан өзара оң немесе теріс талғамдардың саны
мен күші - бұл ұйымшылдық белгісі. Бұл жерде жеке адамдар арасындағы
байланыстардың жиілігі мен саны сондай-ақ олардың ұзақтығы топтың ішкі
бірлігіне байланысты болатыны қарастырылмаған. Топтық және жеке
белсенділіктің бастаулары, көзқарастардың, тұрғылықты бағыттардың және
ережелердің қалыптасуы -мұның бәрі, тұлғааралық қарым-қатынас пен
қатынастардың эмоционалдық деңгейінің туындысы түрінде қарастырылады.
Отандық психологтар ұжымдық ұйымшылдықты оның маңызды сипаттамасы
ретінде - мақсаттарды, міндеттерді және идеалдардың ортақтығын мойындаудан
туған оның бірлік өлшемдері түрінде қарастырады. Сондықтан ұйымшылдықты
анықтау үтпін және оны білдіретін индекстерді алу үшін отандық ғалымдар
бірлескен топтық іс-әрекеттің мазмұндық сипаттамасына жүгінді. Осылайша
ұйымшылдықты, стратометриялық концепциямен байланыста болатын, ұжымның
құндылықты бағытталған бірлігі ретінде қарастыру түсінігі пайда болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларда топ пен ұжымдық қасиеттерді
қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
– топ пен ұжымға түсінік беру, топтың құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
– топ пен ұжымның әдістері мен тәсілдерін қолдану.
Зерттеу объектісі: №1 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептің 5 Ә
сынып оқушылары.
Зерттеу пәні: Топ пен ұжым.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, баспасөз материалдары,
зерттеу тәжірибелері.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Болжамы: Егер оқушыларда топ және ұжым ретінде қалыптасса, онда
қоғамда ұжымдық қасиеттері артады.

І. Топ ұғымының жалпы түсінігі
1.1. Топтардың түрлері мен олардың сипаттамасы
Тәрбиелеу объектісі ретінде әдетте жеке баладан гөрі, әр түрлі
сипаттар бойынша біріктірілген балалардың әр түрлі топтары қарастырылады.
Адам тұлға ретінде топта қалыптасады, топ ішіндегі қатынастарды тікелей
көрсететін амалданған көрсеткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы мынада: топ
- белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің
субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз XVII ғасырдың аяғынан
кейін пайда болды. Дәл осы кезде француз суретшілері Италиядан техникалық
терминді отанына "әкелді".
Қазіргі уақытта бұл "техникалық" ағым толығымен ысырылып, топ ұғымы
психологияда берік бекітілді. Алайда, бұл құбылыстың күрделілігі мен бір
мағыналы болуы соншалықты, оған бір мағыналы анықтаманы ешкім бермеді,
сипаттардың бірқатарын атаумен шектелді. Топты төмендегідей сипаттағы жеке
адамдардың жиналысы құрайды деп санады:
а) бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын;
ә) өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын;
б) өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
в) рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын;
г) бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін теңестіретін;
д) топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;
е) кооперативтік өзара байланыста болатын;
ж) өздерін біртұтас сезінетін;
з) өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Бұл тізімнің кеңеюі мүмкін және бұл параметрлер саны шексіздікке
ұмтылады. Топқа неғұрлым қатаң психологиялық анықтама беру жайлы айтатын
болсақ, онда белгілі бір сипаттамалар негізінде әлеуметтік біртұтастықтан
бөлініп шығатын шамасы шектелген бұл жалпыламалық болып табылады.

Топтарды өлшемі бойынша былайша бөлу кең таралған:
Үлкен
Шағын топтар.
Үлкен топтар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін. Шынайы топтар
дегеніміз - белгілі бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан
адамдар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т.б.).
Шартты топтар бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас
жасамайтын субъектілерден тұрады. Олардың әлеуметтік және психологиялық
сипаттамалары ортақ болады (ұлттық, жас шамасы, жыныстық және т.б.). Үлкен
шартты топтарды зерттеу олардың мүшелерінің дамуын болжауға және оларға
қатысты өзінің стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.
Шағын топтар бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен
біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі
құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады. Шағын
топта, әдетте, беделді лидер немесе беделді жетекші болады. Топ мүшелерінің
арақатынасын реттеуші ұйымның сипатына байланысты топтарды бөле отырып
ресми ұйым топтың құрылымының сырттан берілетінін болжайды, ал топтың ресми
емес ұйымын адамдардың психологиялық арақатынасы қалыптастыратын ішкі
құрылымдық ерекшеліктер реттейді. Бұл топтарды мынау сипаттайды: олардағы
арақатынастар топтық іс-әрекеттің мазмұнына байланысты болмай, симпатия -
антипатияның тікелей қатынастарына ғана байланысты болады. Мұндай
бірлестіктер әдетте ерікті уақытша болып, көзқарастардың ұқсастығымен
айкындалады (экскурсия, лабораториялық зерттеуге қатысушы адамдар тобы;
емтихан тапсырушы талапкерлер). Қоғам мұндай бірлестіктердің тіршілік
етуіне рүқсат бергендіктен, мұндай топтарға ресми жақтардың болуы мүмкін.
Педагогтың, зерттеушінің алдына қойылған міндеттер бойынша, шағын
топтарды былайша бөлуге болады: топ мүшелерінің арасындағы қатынастардың
жақындық дәрежесіне байланысты - бірінші (жанұя, жақын достар) және екінші
(оқулық, өндірістік байланыстар); топқа қатынасушылардың құқықтарына
байланысты бірдей (топтың барлық мүшелерінің құқықтары тең болады) және
бірдей емес (құқықтар мен міндеттердің белгілі бір иерархиясы болады); жеке
адам үшін топтың құндылығына байланысты мүшелік топтарға (топтағы
көзқарастарды, қатынастарды қаламаса да жеке адам белгілі бір жағдайларға
ғана байланысты қатысады) және референттік топтар жеке адам үшін зталон
мінез-құлық үлгісі болатын. Шетел зерттеушілері шағын топқа ерекше назар
аударған. М.Г.Ярошевский бұл қызығушылықтың бастауы деп адам іс-
әрекеттерінің бөлінуінің күшеюі салдарынан жалпы қоғам өмірінің күрделенуі,
қоғамдық ағзаның күрделенуін біледі. Адам өмірінде шағын топтардың рөлі
объективтік көтерілуде, өйткені топталып шешім қабылдау қажеттілігі өсуде.
Алайда, жалған әдістемелік ұстанымдар шетел психологтарын шағын
топтардың мағынасын қайта бағалауға әкелді. "Адам факторын", "Адам
қатынастарын" ондаған университеттер арнайы институттар және лабораториялар
зерттеді. Шағын топты психологиялық феномен ретінде қарастырды. Ғалымдардың
пікірі бойынша, бұл феноменді зерттеу тұлғаның қалыптасу заңдарын ғана
емес, сонымен қатар қоғамның даму заңдарын да түсіндіруге мүмкіндік берді.
Шағын топтардың тұтастығы, топ ішіндегі байланыстарды үзуге бағытталған
күштерге қарсы әсер етуші олардың құрылымының тұрақтылығы, топтың іс-
әрекетінің нәтижелілігі және оның жетекшілік үлгісімен, мөлшерден
тәуелділігі, тұлғаның топтан тәуелсіз болуы, сондай-ақ тұлғааралық
қатынастардың басқа мәселелері экспериментальдық зерттеулердің тақырыбы
болды және әлеуметтік психологияның арнайы бөлімін – топ динамикасын
зерттеуді құрды.
Қазіргі уақытта батыс психологиясында көптеген қайшылықтар бар: шағын
топқа анықтама беру әлі талқылануда, сондай-ақ шағын топтың сандық
параметрлері, оның төменгі және жоғары шектеулері туралы мәселе, топтық
үрдістер ауқымды мәселесі. АҚШ психологтары бұл дағдарысты құбылыстарға
көптеген түсініктемелер беруде: лабораториялық әлеуметтік-психологиялық
эксперименттердің мәліметтері қоғамдық өмірдің шынайы айғақтарына сәйкес
келмейді; жеткілікті ғылыми мағлұматтары болмай тұрып тәжірибелік
мәселелерді шешуге бел байлайтын зерттеушілердің кәсіби құзырлығының
болмауы; және т.б. Алайда, батыстағы әлеуметтік-психологияның қарқынды
дамуының зардаптарының негізгі себебі оның әдістемелік әлсіздігінде жатыр.
Американдық әлеуметтік психологияда әр түрлі әлеуметтік психологиялық
феномендерді түсінуге қажетті ортақ теориялық негіз жоқ. Әр түрлі топтағы
адамдардың мінез-құлық заңдылықтары механикалық тәуелділікке тіреледі: топ
"қысады", ал топтың мүшелері топ қысымына бағынады немесе бағынбайды; топ
кейбір жеке адамдарға тартылады, ал басқалардан қашады немесе керісінше,
оларды өз ортасынан шығарып тастайды; егер топ ішіндегі байланыстар
көбейсе, онда топ жұмыла түседі, егер оның мүшелерінің саны көбейсе, онда
топтық байланыстар азаяды және үзіледі. Американдық әлеуметтік
психологияның өкілдері кез келген әлеуметтік топты сырттай байланысқан және
өзара әрекеттесетін жеке адамдардың механикалық агрегаты ретінде көруге
дайын.
Бұл кемшіліктер экспериментальдық зерттеулердің құрылысынан анық
көрінеді. Әдетте зерттеу объектісі ретінде кездейсоқ адамдардың тобы
пайдаланылады. Эксперимент шарттары топтың тұлғаға таза механикалық әсер
етуін бақылау қарастырған.
Әлеуметтік міндеттердің қалыптасу заңдылықтары жайлы көзқарастардың
эволюциясы салдарынан ұжым психологиясы пайда болды.
Ұжымның қалыптасу заңдылықтарын зерттеуге А.С.Макаренко үлкен үлес
қосты. Ол ұжымдасудың маңызды сипаты ретінде бірлескен әлеуметтік
-позитивтік іс-әрекетті қарастырды. Егер ұжым қоғамға пайдалы іс-әрекеттің
міндеттерін орындайтын адамдарды біріктірсе ғана оның болуы мүмкін.
А.С.Макаренко ұжымды нақтырақ былай сипаттайды: ортақ әрекетпен, ортақ
мақсатпен біріккен және басқару, тәртіп, жауапкершілік органдары бар
еңбекшілердің ерікті тобы.
А.С.Макаренко жасаған ұжымның даму кезеңдері:
-ұжымды қажет ететін қоғамдық маңызды мақсаттардың дамуы;
-тұлғаның дамуына сәйкес келетін атмосфераны жасау;
-арақатынастар нормалары;
-ұжым ішіндегі әрекет қоғамдағы бар үлгілерге сәйкес жасалады.
Сонымен, іс-әрекет принципі А.С.Макаренко жүйесінде, біріншіден, өзі
жасаған тәрбиелеуші ұжымның психологиялық-педагогикалық жобасының орталық
бөлімі, екіншіден - бұл жобаны шындыққа айналдыруды ұйымдастырудың бастауы
болды. 60-жылдардағы ғылыми-техникалық алға басушылық талаптары ұжымдар
өмірінің әлеуметтік-психологиялық мәселесін зерттеуге себеп болды:
өндірістік, ғылыми, мектеп, әскери сондай-ақ басқа белгілі әлеуметтік
сипатпен біріккен бірлестіктері. Бұл салада жұмыс істейтін авторлардың
көпшілігі ұжымды шағын топтың белгілі бірі ретінде қарастырады.
Алайда, 70-жылдардың басында ұжым мағынасын әлеуметтік тұрғыдан дұрыс
түсіну өздігінен көптеген нақты психологиялық мәселелерді шеше алмайды.
Ұжымдағы тұлғааралық қатынастардың ғылыми түсініктерінің әлеуметтік-
психологиялық мәселесі әдістемелік проблемаға айналды: ұжымдағы тұлғаны
және ұжымдардың зерттеудің ұқсас экспериментальдық әдістемелерін жасау және
пайдалану қажеттілігі мойындалды. экспериментальдық амалдардың
жетіспеушілігін бәрі сезді. Зерттеушілерді топтық динамиканы зерттеу үрдісі
кезінде санды сипаттамаларды қолдануға мүмкіндік беретін өлшеуіш
әдістемелері қызықтырды.
Шағын топ эмоционалдық сипаты басым қатынастар арқылы қарастырылды.
Топтың басқа параметрлері байланысты болатын, арақатынастар жиілігі оның
басты объективтік өлшемі болды. Қабылданған анықтамалар мыналармен
айрықшаланады: бір жағынан, шағын топ сипаттары психологияланған, кеңірек
әлеуметтік контекстен алынған болды, ал екінші жағынан - анықтаманың жеке
"психологиялық" бөлімі топтағы үстірт қатынастар мен байланыстарды
көрсетті.
Шағын топты бұлайша анықтау ұжымның ұқсас әлеуметтік-психологиялық
концепциясын құрауға негіз бола алмады. Алайда, жеке адамдар арасындағы
байланыстарды зерттеудегі бұл бағыт нақты әдістемелердің көбірек қорын
жинады және американдық әріптестер жасаған ұжымды зерттеудің
экспериментальдық амалдарын қолдану мақсатымен біздің әлеуметтік
психологтар соған жүгінді.

1.2. Топтардың даму принциптері
Топтық дамудың айқын деңгейлерін сипаттайтын төмендегідей 5 шектік
принциптер бөлініп шығады.
1. Байланыстың көтеріңкі деңгейі және тұлғааралық қатынастарды
байланыстыратын іс-әрекет факторларының көтеріңкі әлеуметтік құндылығы -
бұл ұжым (мәселен жұмысшылар бригадасы).
2. Егер топта қажетті бірлескен іс-әрекет болса, тұлғааралық
қатынастарды байланыстыруы мүмкін болатын көтеріңкі әлеуметтік факторлар
болған кездегі байланыстырудың төменгі деңгейі - бұл әлеуметтік ассоциация
(мәселен, студенттердің достық серіктестері).
3. Бірлескен іс-әрекеттің болмауынан байланыстырудың жоқтығы -
бұл диффузиялық топ (мәселен, автобус жолаушылары немесе жалпы палатадағы
аурулар).
4. Көтеріңкі асоциалдық байланыстырушылар факторлар кезіндегі қандай
да бір бірлескен іс-әрекеттің тұлғааралық қарым-қатынастарының
байланысуының төменгі дәрежесі - бұл асоциалдық ассоциация (мәселен, бұзақы
жасөспірімдер тобы).
5. Іс-әрекет арқылы байланысудың көтеріңкі деңгейі және байланыстырушы
факторлардың көтеріңкі қоғамға қарсы реакциялық сипаты - бұл корпорация
(мәселен, мафия).
Әр түрлі зерттеулерден топтың шектік өлшемін білдіретін әр түрлі
сандарды көруге болады. Бұл мәселеге әрекеттік жанамалау теориясы
тұрғысынан қарау - бұл іс-әрекеттің сәтті шешілуіне қажетті адамдар санына
байланысты топтың өлшемін анықтауға мүмкіндік береді. Нағыз ұжымдағы топ
өлшемі анықтаушы сипатта болмайды және топтық әрекеттің мазмұнына тікелей
байланысты болады. Топтың даму деңгейі төмен болған сайын, оның
тұрақтылығына қажетті оның мүшелерінің санының мағынасы артады. Қолайлы топ
болып оның өлшемінің өсуіне немесе төмендеуіне байланысты емес, оның даму
деңгейінің көтерілуіне байланысты қалыптасады.
Топтардың өмір сүруінің уақыт аспектілерін қарастыра отырып, топ
ішіндегі құрылымдардың келісімділігін, тәртібін, олардың бір қалыптылығы
мен қызмет етуге бейімділігін қамтамасыз ететін интегративтік үрдістерге
тоқталган жөн. Интегративтік ерекшеліктердің болмауы, кез келген адамдар
бірлестігін құлдырауға әкеледі. Топтың даму мәселесінің шеңберінде
интеграция бір жүйенің тыныштық, тепе-теңдік сәті ретінде қарастырылуы
мүмкін. Осының нәтижесінде, біріншіден, оның өзгерістерінің нәтижелері
белгіленеді және бекітіледі, ал екіншіден - тіршілігінің алдыңғы
кезеңдеріне бейімделеді. Интегративтік үрдістердің айырмашылығы мынада:
әдеттегі жағдайларда олардың тобы күнделікті қызметінде "жасырын" болады
және кездейсоқ кедергілерден өту кезінде ғана өзінің қатынасының анық
сипаттарын кереді.

1.3. Топтағы қарым-қатынас
Тұлғаның топтағы интеграциясының нәтижесі болып, тұлғаның қарым-
қатынас және іс-әрекет кезінде басқа топ мүшелерімен үйлесімділігі
саналады. Топ аралығының мәселесі көп жақты. Ұжымдағы әртүрлі аралық
үрдістер топтың даму деңгейіне байланысты болады. Ұжымның аралығы және оның
басқа топ түрлерінен айырмашылығын қамтамасыз ететін алғашқы психологиялық
феномен болып - ұжымдық өзін-өзі анықтау болып саналады. Егер ұйымдаспаған
кездейсоқ топтағы адамның мінез-құлқы өзі таңдаған орынмен айқындаса, онда
ұжымда тағы да бір өзіндік мүмкіншілік -тұлғаны ұжымдық өзін-өзі анықтау.
Тұлға ықпалдарға талғаммен қарай отырып, байланыстырушы факторларға -
бағалауға, сендіруге, идеалдарға байланысты біреуін қабылдайды және
біреуіне қарсы шығады.
Сонымен "автономия - топқа бағыну" дилеммасына ұжымдағы тұлғаның өзін-
өзі анықтауы қарсы тұрады, ал мойындалмайтын сендіру көзқарастарына қарсы
өзін-өзі анықтау жүзеге асатын, мойындалатын еріктік актілері қарсы болады.
Бұл - тұлғаның өзін-өзі терең талдауына бағытталған жаңа зерттеулердің
міндетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Егер тұлғаның қабылданған
құндылықты бағыттарынан бас тартуына ұжым себеп болса, онда келіспеушілік
жағдай туады. Жеке адамдар қолайлығын көрсететін адамдарға және ұжымдық
өзін-өзі анықтауға қабілетті адамдарға бөлінеді. Арнайы ұйымдастырылған
топтық қысым жағдайындағы тұлғаның мінез-құлқы топтың тікелей ықпалына және
өзін-өзі сендіруге бейім болуына байланысты болмай, топта қабылданған іс-
әрекеттердің мақсаттары мен міндеттеріне, құндылықты бағыттарына байланысты
болады. Ұжымдағы диффузиялы топқа қарағанда, ұжымдық өзін-өзі анықтау
тұлғаның топтық қысымға реакциясының басым әдісі болып табылады және
ұжымның мақсаттарын сақтауға себепші болатын тұлғааралық қатынастардың
ерекше қасиеті түрінде көрінеді.
Ұжымдық интеграция альтруистикалық барлығы кешірілген және
айналасындағыларға өзімшілдік тұтынушылықпен қараудан бас тартуды
білдіреді. Адамгершілік, жолдастық көмек - ұжымдық арақатынастардың
нормасы, осылайша тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына ыңғайлы
психологиялық климат пайда болады. Бірдей жағдайдағы адам өзіне-өзі немесе
басқаларға әр түрлі адамгершілік ережелерін қолданса, ұжымдық интеграцияның
принциптері бұзылады. Эмпирикалық көрсеткіш табылғанша және не "Мен" және
"Олар" антагонизмінің сақталуының, не оның "Біз" ұжымдық басынан алынып
тасталуының сөзсіз айғағын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты
эксперименттік жағдайлар жасалғанша, жоғарыда айтылғандардың барлығы жалпы
этико-психологиялық құрылымдар деңгейінде қалады.
Сонымен бірге қатысу ретіндегі көңіл білдіру - жағымсыз оқиға сондай-
ақ онымен байланысты болатын топ мүшелерінің бірінің уайымдары басқаға
мінез-құлық мотиві (топтық мақсатты жүзеге асыруға және аталған оқиғаның
ықпалын тоқтатуға бағытталған, олардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыратын)
ретінде берілетін, ұжымдық идентификация. Бірге қатысуды анықтау үшін
ерекше экспериментальдық процедура қолданылады. Ол топтық арақатынастар
арқылы олардағы жасырын ұжымдық теңестірудің тұлғааралық қатынастарын
көруге мүмкіндік береді.
Топтағы тұлғааралық белдерді анықтаудың танымал әдістерінің бірі болып
- Джекоб Морено (1892-1974) ұсынған, социометрия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Сыныптағы тәрбие жұмысы
Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әлеуметтік- педагогикалық технологиясы
Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар
Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері және оның оқушы тұлғасының дамуына ықпалы
Экономика сабақтарында белсенді оқыту формалары арқылы оқушылар ұжымының тұлғааралық қатынастарын дамыту
Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту Әдістемелік құрал
Пәндер