Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйелері


Түрік қағанатының этносаяси тарихы мен басқару жүйесі
«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жкань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.
Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.
571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде мал індеттері, жұттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жж. ) шабуылы күшейді. Бұл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды.
Қазақстан тарихында VI - XII ғғ. аралығы «түркі дәуірі» деп аталады. Түркі тілдес тайпалардың 700 жыл бойы үстемдік еткен кезінде Қазақстан аумағында көптеген ерте ортағасырлық мемлекеттер орын алды. Түркілер тайпасының саяси аренаға көтерілуі олардың үлкен соғыстармен байланысты болды. Оның ішінде теле тайпасының әрекеті Алтай өңіріндегі саяси құрылымға ерекше әсерін тигізді. Vғасырларда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Монғол жеріне Шығыс Еуропаға дейін кең аймақты алып жатты. «Түрік» деген атау алғаш рет қытай шежірелерінде 542 жылы кездеседі. Қытайлар Түркілердің күшеюіне әсер еткен 546 жылғы жағдай. Бұл жыл телелердің Бумын бастаған түркілерден жеңілген жылы. Телелер түркілерге бағыныштылыққа түсті.
Түрік қағаны Бумынның беделінің өсуі оның жорықтарына байланысты болды. Ол түріктердің ата жауын біртіндеп талқандай бастады. Әсіресе, 552 жылы авар қағаны Анағұйды жеңіп, оны ең соңында өзін - өзі өлтіруге мәжбүр етті. Сонымен 552 жылы Түрік қағандығы құрылды.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін нығайту үшін Византияға 568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған елші жіберді. Бұл елшіліктің бірінші сапары сәтсіз болып, екінші рет тағы жіберілді. Елшіліктің алдына қойған мақсаты, біріншіден, Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселе, сауданы жандандыру еді. Бұл жолы да жібек саудасы түпкілікті шешілмеді, себебі, Византия өзі жібек шығарып, бәсекелестік туды. Екінші сапарда Маниах бастаған елшілік Иранға қарсы әскери одақ жасауға қол жеткізді.
Оған дәлел Византия императоры, Земарх бастаған бір топ адамды түрік елшілерімен қосып аттандырды. Түрік қағаны Истеми (Силзебулл) Византиядан келген бұл елшілікті өте жақсы қабылдаған. Жазба деректер VI ғасырдың аяғында түрік қағанатының ішкі, сыртқы саясатының әлсірегендігін мәлімдейді.
Батыс Түрік қағандығы кең аймақты қамтыды. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, батыс шекарасы Еділ өзені, оңтүстігі Кавказға дейін созылды. Қазақ даласында Батыс түрік қағанаты бұрынғы үйсіндер мекендеген аймақтарды алып жатты. Демек, Қаратудың шығыс жағынан қазіргі Жоңғарияға дейінгі жерлер кірді. Орталығы Жетісу болды. Астанасы - Суяб қаласы. Қағандықты /мемлекетті/ - ең жоғарғы билеуші, әскер басы әрі бүкіл жердің иесі болып есептелетін қаған биледі. Қаған «ашина» руынан болуы тиіс еді. Жазғы ордасы Мыңбұлақ қаласы. Қытай деректерінде бұл қала Цзедань қаласы деп мәлімделеді. Ортағасырлық кезеңде көптеген мемлекеттерде екі астанадан болғандығы байқалады. Бұл олардың көшпелі шаруашылығымен байланысты еді.
Саяси құрылысын алсақ, Батыс Түрік қағандығының ел билеушісі - қаған, ол -әрі әскер басы, шексіз билікке ие болды. Ру басшыларын тағайындау, жер бөлу биліктерін өзі шешті. Қағанның арнаулы әскери жасағы құрылды.
VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны ордасында болған будда монахы, саясатшы Сюань Цзянның жазғандары қаған ақсүйектерінің байлығын көрсетеді. Аң аулап жүрген қағанды көрген саяхатшы аңшылардың киімдерінің сәнділігіне таң қалған екен. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. - Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол. Қағандықтағы екінші адам - ұлық. Әкімшілік істерді жабғу, шад, елтеберлер басқарды, сот қызметін бұйрықтар мен тархандар, салық жинауды бақылаушы - тудундар жүргізді. Бектер, яғни, тайпа бастықтары мен өкілдері ақсүйектердің негізгі тірегі болды. Батыс түрік қағандығында көңіл аударарлық жағдай ол - үй қағанының қоғамдағы орны. Бір әулеттегі басшыны, немесе үй иесін үй қаған деп атаған. Бұл біріншіден отбасының беделін көтерер жағдай деп түсінсек, екіншіден, патриархалды- рулық қарым - қатынастың дәрежесіне маңыз бере түседі деп түсінуімізге болады.
Еңбекші халық - «қара бұдун», халықтың ең төменгі кедейленген бөлігін «тат» деп атау қалыптасты. Жорықтарда қолға түскен тұтқындар құлға айналды. Олар қағанның меншігінің бір бөлігін құрады. Отбасында құлдарды шаруашылыққа пайдалану, кейде кәсібіне қарай арнайы тірлікке бейімдеу орын алды. Мысалы, көбіне қала салу, зәулім ғимараттар тұрғызуға ақсүйектер міндетті түрде құлдарды пайдаланды.
VII ғасырдың ортасында «Он жебе» (он оқ) құрамына кірген тайпалардың қаған атынан емес, өз туларын жеке көтерген әрекеті жиілей түсті. Оның аяғы он алты жылға созылған тайпа-аралық (640-657жж. ) үздіксіз соғысқа ұласты. Бұл соғыс Батыс Түрік қағандығын әлсіретті. Осы саяси шиеліністі Таң империясы (Қытай) тиімді пайдаланып, Жетісуға кірді, бірақ түріктердің олармен аяусыз соғысы VIII ғасырдың басында биліктің түркештер қолына өтуіне әкеп соқты.
Түркештер ертеден Іле мен Шу аралығында көшіп жүрген тайпалар. Олардың басын біріктіріп, Жетісудағы билікті 70 жылы Үш-Елік қолына алды. Ол Шаштан (Ташкент) бастап, Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта өз билігін орнатты. Астанасы етіп Суяб қаласын белгіледі, оны үлкен Орда деп атады. Екінші астанасы - Күнгіт қаласы, оны Кіші Орда деп атады. Түркеш қағандығындағы маңызды сауда орталықтарының бірі - Тараз қаласы болатын. Бұл қала Ұлы Жібек жолының үстінде жатқандықтан саяси- экономикалық маңызға ие болды. Тараз қаласында теңге соғатын ұстаханалардың болғандығын археологиялық зерттеулер көрсетті. Үлестік жүйе орын алды. Оны түтіктік деп атады. Түркеш қағандығы 20 түтіктікке бөлініп, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскер болды.
Түркештер сары және қара болып екіге бөлінді. Шу бойында сары түркештер, ал Талас өзені жағасында қаралар тұрды. Жалпы түркеш қағандығының гүлденуі қара түркештерді шапыш тайпасынан шыққан Сұлықтың тұсына келеді. Қара түркештердің атын Сұлық (Сұлу) қаған шығарса, сары түркештердің аты Сақал қаған тұсында шықты. Бірақ сары және қара түркештер арасында ауызбірлік болмай үнемі соғыстар болып тұрды. Ол, әсіресе, 738 жылы Сулу қаған дүние салған соң қатты байқалды.
VIII ғасыр түркештер үшін саяси белестер кезеңі болды. Орта Азияны тізе бүктірген арабтар түркештер жеріне басып кіріп, «қасиетті соғысты» жалғастырды. Оның үстіне қарақытайлықтардың әрекеті де ізсіз қалған жоқ.
Күшейген қарақытайлар 748 жылы Суяб қаласын жаулап алды. Жетісу жері қытай мен арабтар арасында тартысқа түсті. Арабтар мен қытайлар арасында 751 жылы Атлах қаласында қатты шайқас өтті. Түркештер арабтардың жағына шығып, бес күнге созылған шайқаста қытайлықтарды талқандады. Бұл жағдай түркештер елінде мұсылман дінінің енуіне, араб жазбасының қалыптасуына жол ашты. Сондай-ақ, түркештердің этникалық - саяси тарихына, материалдық және рухани мәдениетінің дамуында соғдылықтардың орны ерекше болды. Себебі, VIII ғасырдан бастап, соғдылықтар Жетісуға түрлі себептермен қоныс аударды. Олардың Жетісуға келуі сауданы жандандырды, егіншілік пен қала мәдениетінің өркендеуіне елеулі із қалдырды.
VIII ғасырдың бірінші жартысында түркештер еліне жан-жақтан жасалған шабуылдар, олардың өздерінің арасындағы тартыстар, бұл мемлекетті әлсіретпей қоймады.
Осы себептен 746 жылы Жетісуға Алтайдан ауып келген қарлұқтарға төтеп бере алмай, Түркеш мемлекеті 756 жылы құлады.
Түрік этносының қалыптасуы
Түрік этносының қалыптасуы ғылымда ғұндар мемлекетінің күйреуі және Орталық Азияда бұдан бұрын белгісіз тайпалық топ-тардың дербестенуімен байланысты деп тұжырымдалған. Ал, соңғылардың ғұндармен байланысы туралы тұжырым ғылымда пікір-таласка мол. Ғүндардын өзі (тіл туралы зерттеулерде) және алтайлықтармен туыстығы жөнінде түрлі екі пікір бар. Сайып келгенде түркі тілдес тайпалар алдындағы этносаяси бірлестіктер жаңа дәуірдің бірінші ғасырларында ғұн империясының шет аймақтарында қалыптаса бастаған.
«Түрік» атауы тұңғыш рет 542 жылмен межеленген қытай шежірелерінен кезедеседі. Қытайлар түріктерді сюнну-ғүндар деп атаған. Алтайда теле тайпасының қыруар әскерінің талқандалуы салдарынан түріктерге 50 мың үйдің келіп қосылғанынан кейін, олар тым күш алып, тіпті, өздерінің қожайындары аварларға қарсы шығып, ойсырата жеңеді. Кейін, осы оңірде Бумын-қаған билігімен Түрік қағанаты құрылады. Бұл этникалық-әлеуметтік бірлестік Бумынның мұрагері Мұқан-қаған тұсында (553-572 жж. ) Маньчжуриядағы қидандарды, Енисеидегі қырғыздарды бағыныдырып Солтүстік Қытай мемлекетін алым-салық төлеуге көндіріп, Орта Азиядағы үстемдікке ие болады.
Батыс түрік қағанаты (603-704 ж. ж. ) . Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер тұрып жатты. Суяб қаласы елдің астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың
бұлақ болды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және отырықшы - егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады. Елдің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен қолөнер кәсібімен, егіншілікпен және мал өсірумен айналысып отырған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz