Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру



Кіріспе

1. Сотта істі қарау түсінігі және бөліктері
2. Істі қарауды кейінгі қалдыру және іс жүргізуді тоқтата тұру
3. Сот шешімін шығармай істі аяқтау. Сот отырысының хаттамасы.

Қорытынды

Әдебиеттер
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын , құқықты жоғары деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.
Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі
3. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право РК Алматы:2001
4. Баймолдина З.Х. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции: Алматы, 2001.
5. Треушников М.К. Учебник: гражданское право. Москва -2000
6. Мусин В.А., Сечина Н.А. гражданское право. Москва, 1999.
7. Вандышев В.В., Дернова Д.В. Гражданское право: курс лекции, 2001
8. Жилин Г.А. Цели гражданского судопроизводства и их реализация в суде первой инстанции. –М., 2000.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
²ÀÇÀ²ÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛÍÛ³ ÁIËIÌ Æ°ÍÅ ±ÛËÛÌ ÌÈÍÈÑÒÐËIÃI
²ÀÇÀ² ÃÓÌÀÍÈÒÀÐËÛ² ÇÀ³ ÓÍÈÂÅÐÑÈÒÅÒI
γÒÑÒIÊ ²ÀÇÀ²ÑÒÀÍ ÇÀ³ÒÀÍÓ ²ÀÐÆÛ Æ°ÍÅ ²ÀÐÆÛ ²µ²Û±Û ÈÍÑÒÈÒÓÒÛ

Ñîòòà iñòi ºàðàó

κûòóøû: ͽðì½ðàòîâ Àáäi¹àíè
Àáääóëëà½ëà

ØÛÌÊÅÍÒ-2006

ЖОСПАР:

Кіріспе

1. Сотта істі қарау түсінігі және бөліктері
2. Істі қарауды кейінгі қалдыру және іс жүргізуді тоқтата тұру
3. Сот шешімін шығармай істі аяқтау. Сот отырысының хаттамасы.

Қорытынды

Әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға шешімнің
конституциялық бекітілуі сапалы заңдардың қабылдануын , құқықты жоғары
деңгейде қолдануды, соттардың жүйелі түрде және қатесіз жұмыс істеуін, сот
беделінің айрықшалығын тануды талап етеді.
Қазақстанда сот жүйесін реформалау сот төрелігінің шынайы
тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Осыған орай, азаматтық
сот ісін жүргізуде де түбегейлі өзгерістер болды.
Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғаудың, еңбек және басқа
да дауларды шешудің, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің
құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді құралы болуы тиіс.
Аталған міндеттерді іске асыру судьялардың, прокурорлардың,
адвокаттардың, заңгерлердің жұмысында біліктілікті талап етеді.
Осы курстық жұмыстың зерттеу пәні болып азаматтық істер бойынша сот
төрелігін жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу ғылымына тән
құқықтық категориялар, теориялық көзқарастар мен тұжырымдамалар болып
табылады.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысында сот пен
іске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін
құқық нормаларының маңызын, құқық қорғаудың соттық нысанының басымдылығын,
құқық нормаларының оларды тәжірибеде қолданумен тығыз байланыстылығын,
азаматтық процестің соттың сот төрелігін жүзеге асыру бойынша қызметі
екендігі, іс жүргізушілік қатынастардың ерекшелігі, процестің сатылары
туралы яғни азаматтық іс жүргізу құқығы зерттейтін құқықтық ұғымдар мен
категориялар туралы құқықтық түсініктерді қалыптастыру.
Бұл курстық жұмыстың негізгі міндеті: маңызды заң актілерін және
Қазақстан қатысатын азаматтық сот ісін жүргізуді реттейтін, азаматтық іс
жүргізу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгерту, азаматтық сот ісін
жүргізу құқығының принциптерін білу, әрбір іс жүргізу нормасының
мағынасын, оның нақты мазмұнын дәл ұғыну, соттың және азаматтық процеске
қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы, оларға қойылатын құқықтық
және адамгершілік талаптар туралы нақты түсінікті орнықтыру.

І. СОТТА ІСТІ ҚАРАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ БӨЛІКТЕРІ

Азаматтық сот өндірісі-азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асрудың
тәртібі, яғни материалдық-құқықтық табиғаты бір-біріне сәйкес келетін,
белгілі бір шеңберге кіретін азаматтық істерді бірінші инстанцияда заңда
бекітілген тәртіппен қарап шешу. Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты
азаматтық істер. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері: азаматтар мен
ұйымдардың даулы құқықтарын, бостандығын, заңмен қорғалатын мүдделерін
қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу
болып табылады делінген. Азаматтық істердің жекелеген топтары қозғалуына,
қаралуына, немесе шешілуіне байланысты бір-бірінен ажыратылады және
өздеріне тән ерекшеліктері болады.Осыған байланысты сот өндірісі ҚР АІЖК-де
мынандай 4 топқа бөлінген:
1. Бұйрық арқылы іс жүргізу
2. Талап арқылы іс жүргізу
3. Ерекше талап қою бойынша іс жүргізу
4. Ерекше өндіріс
Бұйрық өндірісінде 1 тарап болып арыз беруші (кредитор) болса, 2-ші тарап
борышкер болып табылады. Тарптар ретінде іске ұйымдар немсе жеке азаматтар
қатысуы мүмкін.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істерге ақша сомаларын жылжымалы мүлікті
өндіріп алуға байланысты істер кіреді.
Ал жылжымайтын мүлікке басқа да өндіру алуға байланысты істерді сот
өндірісінің жалпы ережелері бойынша қарайды.
Бұйрық өндірісінде қаралатын істердің нақты категориясытікелей заңды атап
айтқанда, АІЖК 140 бабында көрсетілген.
Азаматтық істердің көптеген бөлігі талап өндірісі тәртібімен қаралады.
Сондықтан да талап өндірісінің ережелері азаматтық сот өндірісіндегі жалпы
ережелер болып танылады.
Талап өндірісі бойынша азаматтық істер талап арыз жазу арқылы қозағалады.

Азаматтық іс жүргізу нормаларынан талап өндірісінде түрлі материалдық
құқықтық қатынастардан туындаған істер қаралып. Шешілетіні белгілі. Талап
өндірісінде қаралатын істердің барлығы азаматтық-құқықтық даулардың яғни,
құқық туралы даудың бар болуы мен сипатталады. Құқық жөніндегі даудың
негізі- құқықтың бұзылуы немесе құқықтық бұзылу қаупінің болуы.
Құқық қорғаудың талаптық нысанасына яғни талап өндірісіне тән белгілер:
1.Құқық туралы даудың немесе заңды мүддеснің бар болуы.
2.Заңды мүдделері бір-біріне қарама-қайшы тараптардың арасында
басталған істер бойынша істің қаралуы және шешілуі; Дауласушы тараптарға
заң бірдей іс жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Ерекше талап өндірісіндегі істер сот өндірісінің жалпы ережелерін қолдана
отырып шешіледі. Оған сот өндірісінің қағидалары, іс жүргізудің сатылары,
дәлелдеу тәртібі, сот мәжілісінің хаттамасы істі қысқарту, арызды қараусыз
қалдыру негіздері т.б. ережелер кіреді.
Дегенмен, ерекше талаптың сот өндірісінің өзінетән мынандай ерекшеліктері
бар.
1. Ерекше талаптың өндірісте істі қозғаудың құралы ретінде талп арыз емес
арыз беріледі.
2. Арыз берудің мерзімі әрбір іс үшін заңда белгіленген, және істі қарау
мерзімі біршама істер үшін қысқартылған.
3. Іс бойынша 1 тарап азамат немесе қоғамдық бірлестік ал, 2-ші тарап
мемлекеттік орган немесе ұйғарымның лауазымды адам болып табылады.
4. Ерекше талаптың өндірісте талаптан бас тарту немесе бітімгершілік
келісіміне келу мүмкіндігі болмайды.
5. Сотқа арыз беруге арналған мерзімдер әрбір іс бойынша жеке
көрсетілген.
Топтық және аумақтық соттылық ережелерінде ерекшеліктер қарастырылған
Ерекше өндірісте іс қаралғанда АІЖК 31-39 тарауларындағы толықтырулар мен
ерекшеліктерді қоспағанда талап өндірісінің жалпы тәртібі қолданылады.
Ерекше өндірістің ерекшеліктері болып саналады:
1. Іс бойынша тарап ретінде талапкер және жауапкер емес. Тек 1 тарап
арызданушы ғана қатысады және үшінші тұлғалар іске тартылмайды.
2. Ерекше өндірісте талап өндірісіне тән институттар, атап айтқанда
жауапкердің талапты мойындауы, талаптан бас тарту, бітімгершілік
келісіміне келу, қарсы талап қою сияқты әрекеттер қолданылмайды.
3. Істі қозғау құралы ретінде талап арыз емес арыз немесе шағым
беріледі.
4. Ерекше өндірісте аумақтық соттылықтың жалпы ережелері бойынша емес
әр категориялы іске әртүрлі соттылық белгіленеді және салыстырмалы,
шарттық, өзара байланысты істердің соттылығы ережелері
қолданылмайды.
Ерекше өндіріс бойынша қаралатын істердің өзіндік жалпы ерекшеліктерінен
бөлек қаралатын түрлі істердің әрқайсысының сотта қарау тәртібінің арнайы
ерекшеліктері қарастырылған.
Ерекше өндіріс-азаматтық сот өндірісінің жеке бір түрі ретінде белгілі
шеңбердегі азаматтық істердің тізбесін қамтиды. Ерекше өндірісте қаралатын
азаматтық істердің тізбесі АІЖК-ң 289-бабында анық көрсетілген.
Сотта істі талқылау 1-инстанциядағы сот өндірісінің бір сатысы ретінде,
соттың және іске қатысушы тұлғалардың азаматтық істерді қарғауға және мәні
бойынша шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы.
Бірінші инстанциядағы сотта істі қарау АІЖК-ң 173 -бабы бойынша істі
сотта қарауға тағайындау туралы сот ұйғарымы шыққанан бастап тиісті сот
актісі шығарылғанға дейін жалғасады. (сот шешімі, сот ұйғарымы.)
АІЖК-ң 175-бабына сәйкес соттық талқылау сот отырысында жүргізіледі.
Сот отырысын төрағалық етуші басқарады. Төрағалық етушінің міндетін судья
атқарады.
Төрағалық етуші жан-жақты тәртіптің сақталуын, істің мән-жайының толық
анықталуын, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің орындалуын
қамтамасыз етеді, қажет болса шаралар қолданады.
Судья сот отырысы залына кіргенде қатысушылар орындарынан тұруы тиіс. Іс
соңында шығарылған сот актісін сот отырысы залындағы қатысушылар түрегеп
тұрып тыңдайды.
Сот отырысында тәртіп бұзушыларға АІЖК-ң 179-бабына сәйкес шаралар
қолданады.
Бірінші инстанциядағы сотта істі талқылау 4 бөліктеп тұрады:
1) Дайындау бөлігі.
2) Істі мәні бойынша қарау бөлігі.
3)Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды беруі.
4) Сот шешімін шығару және жариялау.
АІЖК-ң 180-191-бабының арасында көрсетілген әрекеттер сотта істі қараудың
дайындау бөлігіне кіреді. Оған: Сот отырысын ашу, процеске қатысушылардың
келуін тексеру, куәларды сот отырысы залынан шығару, сот құрамын жария ету
және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру, іске қатысушыларға олардың
құқықтары мен міндеттерін түсіндіру іске қатысушылардың, өкілдерінің,
сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары, істі қарауды кейінгі
қалдыру тағы басқа мән-жайлар жатады.
Істі сотта мәні бойынша қарау АІЖК-ң 192-210-баптары аралығында
көзделген.
Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын
қолдайтын - қолдамайтындығы, жауапкер талапты мойындайтындығы-
мойындамайтындығы, тараптардың істі бітімгершілікпен аяқтауы немесе аралық
сотқа беруді қалайтындығы туралы мәселелерді анықтауынан басталады. Одан
әрі іске қатысушы адамдардың түсініктемелері тыңдалады, дәлелдемелердің
зерттеу тәртібі белгіленеді, куәлерден жауап алынады, заттай дәлелдемелер
зерттеледі, сотқа ұсынуы қиын құжаттар мен заттай дәлелдемелер орналасқан
дерінде қаралады, сарапшылардың қорытындысы зерттеледі, маманның
консультациясы тыңдалады, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының қорытындылары тыңдалады.
Сот жарыссөзі соттық талқылаудың жеке бір бөлігі ретінде қарастырылады.
(211,212-ст.)
Сот жарыссөзі іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады.
Бірінші болып сөз кезегін талап қоюшы және оның өкілі алады, содан соң
жауапкер және оның өкілі сөйлейді.
Дербес талаптарын мәлімдейтін 3-тұлғалар тараптар мен олардың өкілдерінен
кейін сөз кезегін алады. Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3- тұлғалар
талапкерден соң немесе өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөйлейді.
Сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын іске
қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.
Сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іске маңызы бар жаңа мән-
жайлар анықтау қажет болса істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру
туралы ұйғарым шығарады.
Сот талқылауының соңғы бөлігі шешім шығару және жариялаумен аяқталады.
Сот жарыссөзінен кейін және прокурор қорытынды бергеннен соң сот шешім
шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың
болуына жол берілмейді.
Сот шешімге қол қойғаннан кейін сот отырысы залына келіп шешімді
жариялайды, соңынан шешімге шағымдану тәртібі мен мерзімін түсіндіреді және
шешіммен қашан танысуға, оның көшірмесін қашан алуға болатынын хабарлауға
міндетті. Осы әрекеттердің барлығы аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот
отырысын жабық деп жариялайды.

ІІ. ІСТІ ҚАРАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ ЖӘНЕ

ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТА ТҰРУ

Істі қарауды кейігі қалдыру - істі мәні бойынша қарауды жаңа сот
отырысында қарау үшін соттың белгіленген уақыт пен орнын тағайындауы.
Істі қарауды кейінгі қалдыру:
а) заңмен көзделген жағдайларда
б) сот таныған жағдайда жүргізіледі.
Заңмен көзделген жағдайларға:
- АІЖК-ң 187-бабының 2-тармағы бойынша іске қатысушы адамдардың біреуі
сот отырысына келмесе, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ
болса;
- АІЖК-ң 187-бабының 3-тармағы бойынша тиісті түрде хабарланған
қатысушылар дәлелді себептермен сот отырысына келмесе;
- АІЖК-ң 187-бабының 5-тармағына сәйкес қатысуға міндетті деп танылған
тараптар келмей қалса;
- АІЖК-ң 187-бабының 6-тармағы бойынша іске қатысатын адамның өтініші
бойынша оның өкілінің дәлелді себептермен келмеуіне байланысты.
- АІЖК-ң 187-бабының 1-тармағы бойынша сот отырсына куә, сарапшы, маман
келмеген жағдайда, істі олардың қатысуынсыз қарау мүмкін болмаса.
- АІЖК-ң 188-бабының 2-тармағы бойынша сот отырысына аудармашы келмеген
жағдайда, оны ауыстыру мүмкіндігі болмаса ;
- АІЖК-ң 179-бабының 6-тармағы бойынша іске қатысушылар жаппай тәртіп
бұзғанда;
- Неке және Отбасы заңының 19-бабы 2-тармағы бойынша некені бұзуға
ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болғанда татуласу үшін үш ай мерзімге
кейінге қалдырылады.
- Сотқа қарсылық білдірілгенде, басқа судья іс материалдарымен
танысқанша.
Мына жағдайларда сот істі қарауды кейінге қалдырады:
- Процестің қатысушыларының келмей қалуына байланысты
- Жаңа дәлелдемелерді табыстау қажеттілігі туындағанда
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының азаматтық іске қатысушылар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Сот ісін жүргізу тілі
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судья мәртебесі
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Іс жүргізу құқығы
Пәндер