ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ


1-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІҢДЕТТЕРІ.
"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОКУРОРЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ" ОҚУ ПӘНІНІҢ МӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
1. ҚР прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы
ҚР Конституциясының 1. 6. 83 б. сәйкес "прокуратура мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Зандылықтың кез келген заң бүзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республиканың Конституциясы мен зандарына қайшы келетін зандарға, өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды. Прокуратура сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңцармен белгіленген тәртіп пен шекте қынмыстық қудалауды жүзеге асырады".
ҚР Конституциясы және "Прокуратура туралы" ҚР Заңы прокуратураны мемлекеттік органдар арасындағы дербес жүйе ретінде, ал прокурорлық қадағалауды прокуратура органы ретінде анықтады.
ҚР Конституциясының 4-бөлімінің 3-бабына сәйкес республикадағы мемлекеттік билік біртұтас. Ол Конституция мен зандар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау кағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Прокуратураға қатысты ережелер ҚР Конституциясының "Соттар және сот төрелігі" бөліміне енгізілген Бірақ, бұл жерде прокуратура соттармен қатар сот билігіне ие болады дегенді білдірмейді. Прокуратура органдарының міндеттері мен функцияларының сипаттамасы прокуратураны биліктің сот тармағына, сондай-ақ басқа атқарушы мен заң шығарушы тармақтарына жатпайтынына ешқандай күмән келтірмейді.
Прокуратура органдары биліктің үш тармағының әрқайсысымен функциональды байланысты болса да, ешқайсысына толығымен жатпайды. Мемлекеттік құрылымдағы прокуратураның мүндай өзіндік жағдайы билік тармақтарының қызметін теңестіруге және олардың оңтайлы іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтің жеке түрі ретінде прокурорлық қадағалаудың езгешелігі туады.
Осы айтылғандардан оқу курстарын игеруде маңызды принципиальды бірнеше ережелер шығады.
Біріншіден, прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа мемлекеттік, қоғамдық, дербес немесе езге ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды адамдар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, ерекше түрі.
Екіншіден, прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасының мемлекеті атынан жүзеге асырылады. Осы ережелердің маңыздылығы прокурордың қадағалауды іске асыра отырып, құқық бүзушылықтарды анықтау, оларды жоюға және жергілікті өзін-өзі басқару, атқарушы немесе сот биліктерінің жеке органдары атынан емес, олардың барлық жиынтығына сәйкес кінәлі адамдарды жазалауда шараларды қолдануы.
Үшіншіден, прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің езіндік түрі. Оның басқа мемлекеттік қызмет түрлерінен өзгешелігі ҚР Конституциясының дәл сақталуын тексеру, заң талаптарының орындалуы, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкес келуін және тек прокуратураға ғана берілген құралдардың көмегімен анықталған құқық бүзушылықтарды жоюға шаралар қабылдайтын қызметтердің ерекше мазмүнымен анықталады.
Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің басқа нысандарынан, ең алдымен мемлекеттік функцияларды орындауда өзінің тағайындалуымен ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқарудың жеке органдары мен сот органдарына жүктелген кейбір қадағалау міндеттері осы қызметтердің бір бөлігін ғана құрайды: мемлекеттік басқару органдары үшін - бұл атқару және бөлу қызметі; сот органдары үшін - сот әділдігі. Прокурорлық биліктің мемлекеттік басқару билік органдарынан және әділ соттан ерекшелендіретін өзінің өзгешелігі бар. Прокуратурада қадағалауды іске асыру кезінде, занда аталғандарды коспағанда, басқа органдардың шешімдерін өзінің шешімдерімен ауыстырмайды, құқық бүзушыларға жазалау шараларын қолданбайды, керісінше құзыретті органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдардың заң бүзушылықты жоюын талап етеді. Атап айтқанда, прокурорлық шара колдану жолымен мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қызметіне бақылау жасамай, олардың әкімшілік қызметіне араласпай заң бүзушылыктарды жою бойынша шаралар қолданады. Зандардың және жарлықтардың дәл әрі бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалаудың субъектісі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынышты прокурорлар болып табылады.
Осыған байланысты, прокурорлық қадағалауды заң бүзушылықтарды анықтау және жою үшін шаралар қолдану, кінәлі адамдарды жауапқа тарту, қылмыстық қудалауды іске асыру жолымен заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды іске асыруды қамтамасыз ететін арнаулы өкілетті адамдардың-прокурорлардың қызметтері мемлекет атынан іске асырылатын мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде сипаттауға болады.
ҚР Конституциясының 2-бабындағы 83-бабына сәйкес республика прокуратурасы төменгі түрған прокурорларды жоғары түрған прокурорларға және республика Бас прокурорына бағындыра отырып, басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті прокуратураға қатысы бойынша жоғарғы мемлекеттік саты болып табылады.
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 13-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының келісімімен Бас прокурорды бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Осы Конституциялық заңның 19-бабына сәйкес Президент прокуратура органдарының қызметкерлеріне сыныптық шендер береді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті прокуратура органдарын тікелей қалыптастырады және олардың қызметтеріне бақылау жасайды.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, барлық кәсіпорындарға, меншік нысанына қарамастан атқарушы және белу органдарына және лауазымды адамдарға, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен республиканың азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктерге қатысты әрекет етеді.
Заңдармен белгіленген тәртіп пен негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық оргаңцарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тиісті.
Прокурорлық қадағалаудың маңызы, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқық рөлімен анықталады.
Сонымен, прокурорлық қадағалаудың маңыздылығы ол мемлекет атынан Президент бақылауында іске асырылады, жергілікті органдарға тәуелсіз, тек Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты.
Прокурорлық қадағалау республиканың барлық аумақтарында және үкіметке, барлық министрліктер мен ведомстволарға, оларға бағынышты мекемелерге, кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Прокурорлар жоғары аталған субъектілердің зандарды бірыңғай орындауын бақылауға және білінген заң бүзушылықтарды жоюға тиіс.
Занда белгіленген тәртіппен және негізде енгізілген прокурорлық қадағалау актілері барлық органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға міндетті.
Прокурорлық қадағалаудың мәні, сондай-ақ біздің қоғамдағы құқықтың рөлімен анықталады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан-2030, Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-аухатын жақсарту Қазақстан халқына жолдаған жолдауында "Қазақстандағы мемлекеттік құрылыстың болашағы тікелей қазіргі кезеңде шешілетін әлеуметтік-экономикалық міндеттерге тікелей байланысты"' деп көрсетілген.
Сонымен, прокурорлық қадағалау мемлекет атынан Қазақстан Республикасы Президентінің бақылауында іске асырылады, жергілікті органдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына ғана бағынышты. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік барлық аумақтарында және барлық министрліктерге және ведомостволарға, оларға бағынышты мекемелер мен кәсіпорындарға, атқару және бөлу органдарына, қоғамдық ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға қатысты әрекет етеді.
Осы әлеуметтік рөлді орындаудың құқығы көп жағдайда заңның дәл орындалуына байланысты. Заңды іс жүзінде қамтамасыз ету заңдардың қолданылуына және оны бүзғаны немесе орындамағаны үшін жазаға тартуда қатаң қадағалауды іске асыруға байланысты. Осыған орай, прокуратуратәрізді орган құру қоғам мен мемлекетті дамытудағы құқық пен заңдылықтың әлеуметтік рөліне қатысты объективті қажеттілік болып табылады.
Осыған сәйкес, прокурорлық қадағалау - бұл, тек кез келген қол сүғушылық пен заңсыздыққа қарсы ғана емес, сондай-ақ құқықты қамтамасыз ететін қарым-қатынасқа қарсы әрекеттің мықты және сенімді кепілі. Құқықты мемлекет құрудағы ең маңызды прокурорлық қадағалау зандарды қолданудағы жоғары қадағалау болып табылады.
2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес прокурорлық қызметтің мақсаты анықталады. Оның мақсаты Конституция мен заңдардың үстем түруын қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау болып табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты деп, түтас алғанда прокуратураның барлық қызметтері бағытталған жетістіктерінің нәтижесі, соның ішінде оның маңызды функциясы прокурорлық қадағалау болып түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты прокуратураның мәртебесімен, мемлекеттегі оның алатын орны және рөлімен анықталады. Нәтижесінде, олар ҚР Конституциясымен, прокуратура туралы заңмен, ҚР прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін басқа заң актілерімен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттері өте көп және бір-бірінен деңгейі, мазмүны, шешімдерінің құралдары, осы міндеттерді шешетін және алға қоятын прокуратура органдарының құзыреті бойынша бөлінеді.
Прокурорлық қадағалаудың міндеттер үш түрге бөлінуі мүмкін: жалпы, арнаулы жәнежеке (нақты) .
Аталған міндеттер бір-бірімен өзара байланысты және әр деңгейде. Жеке міндеттерді шешу (ең төменгі деңгей) прокурорлық қадағалаудың арнаулы міндеттерін шешуге себепші болады. Өз кезегінде арнаулы міндеттерді ойдағыдай шешу прокурорлық қадағалау міндеттерінің ең жоғары деңгейі жалпы шешімдерге бағынышты.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясымен, Прокуратура туралы ҚР Заңымен, бірқатар басқа нормативті-құқықтық актілерімен, мысалға, ҚІЖК, АІЖК-мен анықталады.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері жоғары қадағалауды іске асырудан тұрады; оларға мына республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика
саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және езге де құқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бұл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" бұйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бұл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.
3. "Прокурорлық қадағалау" курсының мәні
"Прокурорлық қадағалау" курсының мәні дегеніміз құқықтық реттеу, тағайындау, міндеттері, функциялары, ҚР прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары. Оның органдары мен мекемелерінің жүйесі және құрылымы, жоғары қадағалауды іске асыру кезіндегі прокурорлардың екілеттілігі, сотта мүддесін білдіру, қылмыстық қудалауды іске асыру, құқық қорғау органдарының үйлестіру қызметтері, мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарын білдіру.
Атап кету керек, "прокурорлық қадағалау" термині:
мемлекеттік қызметтің дербес түрі;
заң ғылымының дербес саласы;
оқулық деп түсіндіріледі.
Заң әдебиетінде және практикада "прокурорлық қадағалау" деген ұғым прокурорлық қызметтерге сәйкес ҚР Конституциясын дәл сақталуына және ҚР барлық аумақтарында қолданылатын барлық заң талаптарының және әрбір нақты жағдайларда кез-келгенінің орындалуына тексеріс жүргізу болып түсіндіріледі.
Прокурорлық қадағалау заң ғылымы ретінде қадағалауды, нысандарды, оны іске асыру құралдары мен тәсілдерін, қадағалауды іске асыру саласында қоғамдық қатынастарды дамытудың заңдылықтарын, осы қызметтің тиімділік және т. б. мәселелерін іске асыру бойынша прокурор қызметін реттейтін заңдылықтар туралы білімдерінің жинағын білдіреді. Ғылым ретінде прокурорлық қадағалау қылмыстық, азаматтық іс жүргізулермен, криминалистикамен және басқа заң ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Прокурорлық қадағалау оқулық ретінде заң оқу орындарында жоғары жөне орта білім бағдарламаларының бөлігі, мазмүны мен құрылымы бойынша жалпы және ерекше белімдерге белінеді.
Осы дәрістің міндеттеріне сәйкес біз прокурорлық қадағалауды тек мемлекеттік қызмет ретінде ғана қарастырдық. Мүндай жағдайда прокурорлық қадағалаудың мәні деп прокурорлық қызметті реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастар саласы түсіндіріледі.
Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын қадағалау;
жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын Қадағалау; кез келген заңдылық бүзушылықты анықтау жою жөнінде шаралар Қолдану;
әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалау;
республиканың Конституциясы мен заңдарына кайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасау;
сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асыру;
заңда белгіленген жагдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік-құқықтық статистика құру және құқықтық статистика
саласында қадағалауды іске асыру.
Прокуратураның қадағалау функцияларын орындайтын әрбір прокурор жалпы міндеттерді шешеді. Прокурорлық қадағалаудың орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын зандардың мазмүнымен ерекшеленетін бірнеше бағыттардан тұрады. Осыған сәйкес, прокурордың алдында толығымен түрған жалпы міндеттер осы бағыттардың әрқайсысының да міндеттері болып табылады. Жалпы міндеттер толығымен тек прокурорлық қадағалау қызметінде ғана шешілуі мүмкін. Прокурорлық қадағалаудың әрбір біртүтас бағыты (саласы) жалпы міндеттерді шешу кезінде өз үлестерін қосады. Осы үлестің көлемі мен мазмүны прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттарының (салалармен) алдында түрған арнаулы міндеттерімен анықталады. Олардың мәні жалпы міндеттерден шығады және әрбір прокурорлық қадағалау бағыттарындағы прокурорлардың құзыретімен анықталады.
Арнаулы міндеттер көбінесе Бас прокурордың шығарған бұйрықтарымен және езге де құқықтық актілермен реттеледі.
Көбінесе, бұл міндеттер тергеу және анықтауды қадағалау саласында ҚР Бас прокурорының 2001 жылғы 19 шілдедегі № 88 "прокурорлық қадағалау деп аталатын саласында "алдын ала тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" бұйрығында анықталған.
Прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттерін шешу кезінде прокурор прокурорлық қадағалаудың белгілі жеке міндеттерін қою отырып, және оларды шешу барысында прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдарын қабылдау жолымен іске асырылады. Бұл міндеттер ғылымда прокурорлық қадағалаудың жалпы және арнаулы міндеттері болып бөлінеді. Олар жалпы және арнаулыға қарағанда, барынша әртүрлі және көпжақты. Жеке міндеттер прокурорлық қадағалаудың бағыттарына (салаларға), қолданатын прокурорлық құралдарға, прокурордың қадағалау қызметін іске асыратын нақты жағдайларына қарай ерекшеленеді.
Әдетте, жеке және нақты міндеттер Бас прокуратураның, облыстық және аудандық деңгейіндегі прокуратуралардың жүмыс жоспарларында белгіленеді.
Прокурорлардың өз міндеттерін орындау заңмен берілген құқықтарды іске асыру жолымен жүргізіледі.
4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
ҚР Конституциясының 83-бабына, ҚР "Прокуратура туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес прокурорлық қызметтің мынадай:
Республика аумағындағы заңдардың және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын қадағалау;
жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің заңдылығын қадағалау;
сотта мемлекет мүддесін білдіру және сот қаулыларының, сондай-ақ өкімшілік және атқару вндірісінің заңдылығын қадағалау;
заңда белгіленген шегінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру салалары анықталады.
Салалар - бұл прокурорлық қадағалаудың біртүтас өзара байланысты белігі, олар көріп отырғандай прокуратура органдарының қызметінде бөлек-бөлек ерекет етеді.
Сонымен, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңдарды қолдануларында тексеріс жүргізу барысында прокурор қылмыстық қудалау
функцияларын жүзеге асырады, яғни жасалған қылмыстарды немесе теріс қылықтарын анықтайды және кінәлі адамдарды қылмыстық істер мен әкімшілік іс жүргізулерді қозғау жолымен қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартады.
Прокурорлық қадағалау салаларын Президент анықтайтын жеке міндеттердің ерекшеліктерімен, немесе криминогендік жағдайдың не заң салаларындағы ерекшеліктермен белгіленетін прокуратура қызметтерініңжеке бағыттарымен араластыруға болмайды.
Сонымен, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалу өзгешелігі бұл жүмыстарды Бас прокурордың жеке бұйрықтарымен бекітілген дербес бағыттарға ұйымдасқан түрде бөлу қажеттілігін анықтайды.
Қылмыстық қудалауды іске асыратын органдар және қылмысқа қарсы күрес, өзге де заң бүзушылықтар бойынша басқа мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өткізген іс-шаралар үйлесімдері бойынша қызметтер прокуратураның жүмысында ерекше орын алады.
5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
"Қазақстан Республикасындагы прокурорлъщ қадагалау" курсы прокурорлық қадағалау туралы зандылық білімінен, сондай-ақ прокурорлардың қызметтеріндегі қадағалау салалары мен негізгі бағыттарына дәстүрлі түрде тиісті прокурорлық қызметтің практикасы мен теориясын қамтитын дербес құқықтық пәнді білдіреді. Қазақстан Республикасындағы зандардың дәл әрі бірыңғай орындалуына прокурорлық қадағалау Қазақстан Республикасындағы зандылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша міндеттерді ойдағыдай іске асыруды қамтамасыз ететін, әлеуметтік шындық қағидаттарын іске асыратын мемлекеттік қызметтің дербес нысандары ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы аса маңызды кепілдіктердің бірі ретінде қарастырылатынын атап кету керек.
Біздің республикамыз мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл өтті. Осы уақыт ішінде елімізде өзекті қоғамдық саяси қайта құрулар болды.
Егер мемлекеттің бүрынғы саяси режимінде оның аппараты және құқығы жеке адамға қысым жасап келсе, ал бүгінде адам аса көңіл аударылатын түлға ретінде жарияланды. Оның өмірі, құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері жоғары мемлекеттік қүндылық болып жарияланды.
"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" оқулығы оқуға міндеті ең маңызды құқықтық пән, яғни осы курстың шегінде Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметтері мен өкілеттіліктерін ұйымдастыру мәселелері қаралады. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау курсын оқу заң кәсібіндегі көпшілік жоғары оқу орындарының оқу бағдарламарына кіреді.
"Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау" оқулығы шартты түрде жалпы және ерекше бөлімдеріне белінеді.
Жалпы бөлім прокуратураның тағайындау мәселелері, оның функциялары мен басқа мемлекеттік органдар арасындағы орнын, прокуратура органдарын ұйымдастыруға тарихи сілтемелері және оның негізгі даму кезеңдерін, міндеттері мен ұйымдастыру қағидаттарын ашатын, ҚР прокуратура құрылымын және жүйесін, прокуратура туралы заңдарды сипаттайтын мазмұндағы тақырыптарды қамтиды.
Ерекше бөлімде прокурорлык қадағалаудың (салалары) бағыттары, прокуратура органдарының қызметтеріне өту мәселелері, прокуратура органдары қызметкерлерін әлеуметтік және құқықтық қорғау және басқа мәселелері зерделенеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz