Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ...3
1 Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері ... ... ... ... ...5
2 Музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы ... ... 10
3 Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы ... ...17
4 Музыкалық білім беру педагогикаснының өзге
ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... ...26
5 Эстетикалық тәрбие және қазақтың дәстүрлі көркем мәдениеті ... ... ..30
6 Музыкалық педагогикадағы халықтық салт.дәстүрлер мұрасы ... ... ... 33
7 Музыканы оқыту әдістері ... ... ... ... ...44
8 Музыканы оқытуды ұйымдастыру ... ... ..48
9 Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысы ... ... ... ... ... ... ..53
Әдебиеттер ... ... ... ... 57
Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.
Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы – педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай, оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Кейінгі жылдары музыкалық білім берудің тарихи, әдіснамалық-теориялық мәселелері, әдістемесі ресей ғалымдарының бірен-саран еңбектерімен танымал болғанымен, қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар жоқтың қасы. Бұл сөз жоқ, болашақ музыка мұғалім пәні мұғалімнің кәсіби даярлау ісіне нұсқан келтіруде.
1 Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: пособие для учителя. – М., 1983. – Б 260
2 Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студ. высш. пед. учеб. Заведений. – М., 2004. – Б. 150
3 Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1993. – Б 47
4 Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996. – Б 144
5 Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 1996. – Б 324
6 Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Педагогика. – М., 1997. – Б 223
7 Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990. Б 132
8 Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. – М., 1999. – Б70
9 Апраксина О.А. Музыкальное воспитание в русской общеобразовательной школе. – М., 1948. – Б 105
10 Зарин Д.Н. Методика школьного хорового пения в связм с практическим курсом. – М., 1907. Б. 250
11 Щацкая В.Н. Музыкальное воспитание детей в юношества. – М.,1975. – Б. 65
12 Кабалевский Д.А. Прекрасное пробуждает доброе. – М., 1973. – Б. 120
13 Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия // Сост. О.А. Апраксина. – М., 1990. – Б. 44
14 Абдуллин Э.Б. Методический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования. – М., 1999. – Б. 201
15 Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально-педагогическое образование в России на рубеже XX и XXI столетий. – М., 2002. – Б. 100
16 Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия // Сост. Э.Б. Абдуллин, Б.М. Целковников. – Вып.1- с. 1.ч – М., 1991. – Б. 340
17 Сохор А.Н. Вопросы социологии и эстетики музыки. – Кн. 2. Л., 1981. – Б. 220
18 Щацкая В.Н. Становление теории и практики музыкально-эстетического воспитания в нашей стране // Музыкальное воспитание детей и юношества. – М., 1975. - Б. 115
19 Апраскина О.А. Детское музыкальное воспитание в России // Из истории музыкального воспитания: Хрестоматия // Сост. О.А. Апраскина. – М., 1990. – Б. 72
20 Ұзақбаева С. Өміршең өнер өрісі. Алматы, 1982. – Б. 251
21 Балтабаев М.Х. Казахская традиционная художественная культура в системе образования. – Алматы, 1994. Б. - 156
22 Ғизатов Б. Мектептегі ән-музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, мызыка тыңдау. Методикалық көмекші құрал. – Алматы, 1962. – Б. 160
23 Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің ән-күй сабағына арналған «Мұрагер» бағдарламасы 1- 4 класстар. – Алматы, 1994.
Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. – Қызылорда, 1933. – Б. 85
24 Музыка // Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты мен жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (I - IV сыныптар). (бірлестікте: Құлманова Ш.Б., Оразалиева М., Сүлейменова Б.). – Алматы, 1999. – Б. 98
25 Журавлев Я.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990. – Б. 285
26 Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. – М., 1995. – Б. 155
27 Торопова Н.В. Проблема безсознательного в музыкальной педагогике. К началам музыкально-психологической антропологии. – М., 1997. – Б. 210
28 Суслова Н.В. Музыкальное мышление младших школьников и методика его развития: Автореферат канд. дис. –М., 1997. – Б. 204
29 Цыпин Г.М. Психология музыкальной деятельности: проблемы, суждения, мнения. – М., 1994. – Б. 118
30 Гесен С.И. Основы педагогики. Введение в прикладную философию. – М., 1995. – Б. 79
31 Теплов Б.М. Основные музыкальные способности – М., 1994. – Б. 93
32 Каган М.С. Музыка в мире искусств. – М. 1986. – Б. 106
33 Кабалевский Д.Б. Основные принципы и методы программы по музыке для общеобразовательной школы // Кабалевский Д.Б. Педагогические: Избранные статьи и доклады. – М., 1986. – Б. 238
34 Алиев Ю.Б. Методика музыкального воспитания детей (от детского сада к начальной школе). – Воронеж, 1998. – Б. 107

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Орындаушылық өнер кафедрасы

МУЗЫКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР
Музыкалық білім мамандығы бойынша күндіз
және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс
сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал

Павлодар
УДК 37. 036:39 (075.8)
ББК 74.6 я 73
А28

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған

Пікірсарапшы:
Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Сметова А. А.

Құрастырушы: У.А. Ажіғалиева, Қ.М.Балажанова

А28 Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер оқу әдістемелік құрал
құрастырушылар Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. – Павлодар,
2007. – 59 б.

Оқу әдістемелік құрал Музыкалық этнография пәніне арналып,
күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлерге жалпы дәріс сабақтарының
тақырыптарымен таныстырады.
Оқу әдістемелік құрал Музыкалық білім ҚР МЖМБС 3.08.256 - 2006
мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.

УДК 37. 036:39 (075.8)

ББК 74.6 я 73

© Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М., 2007

© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007

Кіріспе

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен
эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор.
Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты
ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше
көнiл бөлуiмiз керек.
Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы
жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары
мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан
негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.
Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір
жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары
жоқ деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы – педагогика, психология, музыкатану
ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай,
оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі
де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Кейінгі жылдары музыкалық білім берудің тарихи, әдіснамалық-теориялық
мәселелері, әдістемесі ресей ғалымдарының бірен-саран еңбектерімен танымал
болғанымен, қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар
жоқтың қасы. Бұл сөз жоқ, болашақ музыка мұғалім пәні мұғалімнің кәсіби
даярлау ісіне нұсқан келтіруде.
Ұсынылып отырған оқу құралы Музыкалық білім мамандығы бойынша
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.
Оқу құралының Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері
атты бірінші бөлімінде музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен
міндеттері, ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы, оның өзге ғылымдармен
байланысы баяндалады.
Екінші – Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер атты
бөлімінде қазақ халқының ән және әншілік өнеріне, әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлеріне тоқталып, оның халық өмірімен тығыз байланыстылығы,
тарихылығы, көркем образдылығы, философиялық ой-тереңдігі қарастырылды.
Үшінші - Музыкалық білім беру педагогикасының теориясы атты
бөлімінде музыкалық-педагогикалық процестің мәні, музыканы оқыту
принциптері, музыканың әдебиетпен байланысы мазмұндалды. Біз бұл оқу
құралымызда музыкалық білім беру педагогикасының барлық мәселелерін жан-
жақты қарастырдық деп айта алмаймыз.
Музыкалық білім беру педагогикасында әлі де шешімін табар көптеген
проблемалар бар.
Аталған мәселелерді ойдағыдай дұрыс шешім табуы жоғары білім беру
жүйесінде болашақ маман даярлауға арналған Музыкалық білім берудің тарихы
мен теориясы, Музыканы оқыту әдістемесі, Музыкалық-педагогикалық
практикум курстары бойынша оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру ісімен
тығыз байланысты деп есептейміз.

1 Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері

Жоспары:
1) Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі;
2) Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық пән ретінде;
3) Музыкалық білім беру педагогикасы ұғымының мәні;
4) Музыкалық білім беру педагогикасының басты категориялары.

Музыка өнері – адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып,
қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып,
бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің
деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес,
оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі
бір өзгеріске ұшырап отырады. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған
ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-
тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын
дәлелдейді.
Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-
сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның
мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол
қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір
әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де
үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
Музыкалық білім беру педагогикасы – қоғам дамуымен біте қайнасқан
өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие,
тәжірибесі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына,
әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп,
өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына
жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-
бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль
атқарады. Музыка адам саласына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше
психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал
ол дыбыстар – түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам
сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен
өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар
өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы
кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка – қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық
сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық
шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық,
эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады,
әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты
мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық
идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы
әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өзіндік шығарымпаздық
қабілеттерін дамытады.
Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға
айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы
бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі
толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір
бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл
қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педгогикалық маңызы
жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруда қолайлы жағдай
туындайды.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге
асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау,
есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс
аппараттарының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты
еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың
ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті
қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін
қалыптастырады.
Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық
процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды
ықпал тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі
алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да
икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән
салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүесімен бұлшық еттерінің
физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән
салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру
сияқты талаптардың қойлуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптасуына
көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде
жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында
оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір
мезгілде немесе бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін
ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі
белсендіріледі.
Басқа да өнер түрлері сияқты музыка – танымдық процестерді белсендіру
құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында
оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өрісі кеңейеді,
ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың
өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды
қабылдау), олардың кешенділігін (тембірі мен гармонияның мәнерлігін
қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын
(гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-
әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына
көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді.
Қиялдың, фантазияның дамуы – тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы
ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде
шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор.
Педагогика – жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық,
практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудың мазмұны,
формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы
бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру
педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.
Музыкалық білім беру педагогикасы ұғымы – көптен бері қолданып келе
жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық білім беру саласында , соның
ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық
жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын
жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады.
Сонысен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтерге музыкалық
оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың
хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру
және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен
консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қалыптастырады.
Кез келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы
әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның
даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ
жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі
педагогиканың бір саласы – музыкалық білім беру педагогикасы да
философиялық тұжұрымдардың негізінде дамиды.
Музыкалық білім беру педагогикасы қоғамдық құбылыс ретінде музыкалық
тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен ролін
анықтайды. Сондықтан музыкалық білім беру педагогикасы – балалар мен
жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі жайлы ғылым.
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттерін толық түсіну
үшін ең алдымен негізгі ұғымдарын қарастыру қажет.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар
мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте
жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа
меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар
мағынады түрлі деңгейду музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік)
мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті
білдіреді.
Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын
меңгертуге бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып,
мақсатты бағытталған өзара әрекеттілігі. Музыкалық білім беру педагогикасы
– тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау, жеткізуге деген қоғам
қажеттіліктерінен пайда болған ғылым. Музыканы оқытудың негізін музыкалық
білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды.
Музыкалық білім беру – арнайы ұйымдастырылған оқу процесінде немесе өз
бетімен білім алу арқылы білім, іскерлік, дағдылар жүйесін меңгерту ретінде
қарастырылады. Білім, іскерлік, дағдылар жиынтығы музыкалық білімділік
мазмұнын құрай келе, кәсіби салада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық
т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бемімен шұғылдану әрекеттерін
жүзеге асыруға көмектеседі.
Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта, орта
арнайы, жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық
білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-
теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім
беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға
(білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен
байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға сүйенеді. Музыкалық білім беру
педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады.
Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе,
екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған
қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру
педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша
оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық
тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп
практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру
педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен
экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің
даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің
болашағын жобалауға көрініс береді. Болжамның объектісі – ғылыми теориялар
қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану
жолдарының үлгісінің жасалуы.
Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканың ғылым саласы ретінде
музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-
әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір
ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.
1) Музыкалық білім беру педагогикасы – ғылым саласы, оның пәні
музыкалық білім беру;
2) Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі оқушы,
музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер;
3) Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен
тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап,
қорытады, музыкалық-педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық
байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің
болашағын болжайды;
4) Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы
педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу,
эксперимент және т.б.) қолданады;
5) Қайсы бір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына
қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту,
музыкалық білім беру) қалыптасқан.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1 Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және қызметі.
2 Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі.
3 жалпы дидактикалық тұрғыдан Музыкалық білім беру педагогикасы
ұғымына қатысты негізгі категорияларға түсініктеме беріңіздер.

Әдебиеттер [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9]

2 Музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы

Жоспары:
1) Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие;
2) XIX ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық тәрбие мәселелері;
3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағымузыкалық
тәрбиенің ерекшеліктері;
4) XX ғасырдағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы;
5) Жаңа кезеңдегі музыкалық білім беру педагогикасының дамуы.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең
тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген
музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен
мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-
педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып,
даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.
Өнердің осы түрінің адамның жан дүниесіне ықпал ету механизмдері мен
оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар
аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек
қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық
тәлім-тәрбиеде жинақталған.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру саласы
дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкер
болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік,
халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы
кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтары А.Н.Серов,
В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Доргомыжский, П.Чайковский, С.Танеев,
Н.Римский-Корсаков және т.б. өнердегі халықтық демократизм, ағартушылық
идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогрессіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті
және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөнінде құнды пайымдаулар жасап, оларды
іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты.
Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде
қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.

Бірінші кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы) музыкалық білім беру
педагогикасының негізін салушы ғалым-ұстаздардың (А.Н.Карасев,
С.И.Миропольский, Д.Н.Зарин, С.Т.Щацкий және т.б.) педагогикалық іс-
әрекеттердің белсенділігі және музыкалық тәрбие берудің мазмұнын, әдіс-
тәсілдерін қарастыруға арналған бірқатар музыкалық-педагогикалық
еңбектердің жарық көруімен сипатталады.

Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде
музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтау ісімен айналушылардың
бірі А.Н.Карасев болды. А.Н.Карасевтың Ән айту әдістемесіөз кезінде аса
танымал еңбектердің бірінен саналған-ды. Әдістемеде ән айтуға үйретудің
мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелік маңызы
анықталған. Автордың пікірінше ән айтудың мақсаты – балалардың музыкалық
қабілеттерін, сонымен бірге дауыс, сөйлеу, тыныс алу органдарының іс-
әрекетін белсендіру және қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен
іскерліктерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауаттылығын
ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады.
Музыкалық білім беру педагогикасы қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі
Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық тәрбие берудің жағдайы туралы
объективті мағлұматтар жинақталған маңызды еңбектердің бірі С.И.
Миропольскийдің Ресей мен Батыс Европадағы музыкалық білім беру туралы
кітабы еді. Автор еңбегінің негізгі мақсаты музыканың тәлім-тәрбиелік
маңызын ашу және сол кездемүмкін болып есептелмейтін жалпыға бірдей
музыкалық тәрбиені жүзеге асыру жолдарын қарастыру болатын.
XIX ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына
Д.Н. Зарин мен А.Л. Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің музыкалық
тәжірибесіне сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген
әуесқойлығын, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың
музыкалық қабілеттерін дамытуға болатындығын дәлелдеп берді. Д.Н. Зариннің
Мектепте хормен ән салу әдістемесі оқу құралында музыкалық қабілеттерді
дамытудың бірқатар мәселелері қарастырылған. Оның пайымдауынша балалардың
музыкалық белсенділігін арттыру музыкалық қабілеттерді дамытудың негізінде
жүзеге асырылуы тиіс. Автордың балаларға белгілі бір мәтінге немесе
аяқталмаған музыкалық фразаны жалғастыра әуен шығарып аяқтау, музыкалық
қабылдауды әнді орындау және оны импровизациялау негізінде ұйымдастыру
музыка сауатын меңгеруде, дыбыстардың қатынасын, қозғалысын бейнелейтін
әуендер шығару сияқты ұсынған шығармашылық тапсырмалардың, сонымен қатар
музыкалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту, әнші даусының тәрбиесі,
әнді үйрету, репертуар сұрыптау бойынша ұсынған әдістемелерінің практикалық
маңызы зор.
Жеке тұлғаның музыка арқылы шығармашылық сапа-қасиеттерін дамыту
мәселелері П.Л.Яровскийдің, В.Н.Щацкаяның ізденістерінде көрініс алған.
П.Л.Яровский (1877-1942) – көрнекті музыкатанушы, сазгер, пианист,
қоғам қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы Мәскеу, Киев
консерваторияларының профессоры. Оның бүкіл өмір жолы музыкалық тәлім-
тәрбие жұмысын дамытуға арналған. Оның музыкалық-педагогикалық
практикасында балалардың музыкалық мүмкіндіктерінің мейлінше ашылуына,
шығармашылық қабілеттерін белсенділікпен дамуына ықпалын тигізетін өзіндік
әдістемесі осы саладағы ізденушілерге үлкен қызығушылық туғызған еді.
Автордың балалардың музыканы қабылдауы, олардың шығармашылық бастауларының
көзін ашу міндеттерін жүзеге асыруда есту, сенсомоторлық түйсіктерді
белсендіру бойынша ұсыныстары да назар аударарлық және өз заманындағы
жаңашылдық болып табылады.
Музыкалық педагогиканың көрнекті өкілдерінің бірі – В.Н.Щацкая. Ол
1965 жылы Мәскеу консерваториясын бітіріп Детский труд и отдых балалар
клубын басқарды.
В.Н.Щацкая мен С.Т.Щацкийдің Бодрая жизнь колониясындағы музыкалық
тәрбиені ұйымдастыру тәжірибесі бүгінгі зерттеушілердің назарын өздеріне
үнемі аударып келеді. Бұл тәжірибенің ерекше белгілері – ең алдымен сол
кезеңде белең алған тәрбиедегі дөрекі жалтырақтық пен жаттандылыққа
формализмге тосқауыл бола алатын амал-жолдарды іздестіру еді.
Екінші кезең (XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысы) ән-
күйдің дербес пән ретінде оқытылуына және музыкалық білім мен тәрбие беру
әдістемесінің жасалуына байланысты, музыкалық білім беру педагогикасының
жаңа ғылым саласы ретінде қалыптаса бастауымен сипатталады. Сол кездегі
көрнекті мемлекет қайраткері А.В.Луначарскийдің басшылығымен Халық ағарту
комиссариаты жанында арнайы музыкалық бөлім ашылды. Сөйтіп, мектептерде
музыкалық білім мен тәрбие мақматы мен міндеттері, талаптары айқындалып,
музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің жүзеге асыру жолдары қарастырыла
бастады. Ән сабағын оқытуға байланысты қойылатын талаптар күшейтіліп, білім
мазмұнын сұрыптау қолға алынды, сабақ өткізу әдістемесін жасау және оқу
құралдарын дайындау жұмыстары жоспарланды. Ән сабағын жүргізетін мұғалім
даярлығы да назардан сырт қалған жоқ.
Мектептегі музыкалық тәлім-тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнын анықтау,
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылған
Н.Я.Брюсованың, музыка сабағын жобалау, құру мәселелерін талқылауға
арналған М.М. Койранскаяның мақалалары да музыкалық білім беру педагогикасы
теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан еңбектер дейге болады.
Ресейде музыкалық педагогиканың дамып қалыптасуына музыкатанушы,
сазгер, педагог. ССРО-ның академигі Б.В.Асафьев көп еңбек сіңірді. Ол ірі
музыкатану мектебінің негізін салушы ретінде аса танымал ғалым, эстетика,
музыка теориясы мен тарихы туралы кітаптардың сондай-ақ мектепте музыкалық
тәрбие беру әдістемесі және оны ұйымдастыру проблемалары мен кәсіби-
музыкалық білім беру жөніндегі салиқалы мақалалардың авторы.
Б.В.Асафьев өзінің еңбектерінде мектеп оқушыларының музыканы қабылдау
қабілетін, музыкалық талғампаздығын дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлді.
Оның пайымдауынша музыка сабақтарында тек музыкалық шығармаларды тыңдаумен
ғана шектелмеу керек, керісінше, олардың музыкалық қабылдау мүмкіндіктерін
кеңейту қажет, яғни музыканы практикалық жағынан меңгерту міндеттері
қойылуы тиіс.
Б.В.Асафьевтің пікірінше, өнер туындыларының бағасы мен нарқын осы
салада аз да болса шығармашылықпен әрекет етіп, соның жемісіне қуанып,
шаттана білген адам ғана, байыптай алмақ. Бұдан оның өнермен шұғылданудағы
шығармашылық іс-әрекетке ерекше мән бергендігін көреміз.
Музыканы тыңдап қабылдаудың психологиялық аспектілері, соның ішінде
музыкалық ұғым-түсініктер негізінде музыкалық ойлауды дамыту, музыканы
тыңдау барысында адамның белгілі бір сезімге бөленіп, сан қилы психикалық
кейіпке түсіп қана қоймай, талдау, жинақтау, салыстыру нәтижесінде
музыкалық материалдарды саралау, сұрыптау, баға беру сияқты ойлау
процесінің жүріп жатқандығы Б.В.Асафьевтің назарынан сырт қалмаған. Оның
музыкалық педагогика саласында қалыптасқан қағидалары сол кезеңде музыкалық
тәрбиенің қалыптасуына өлшеусіз зор үлес қосты, әрі болашақта дамуына негіз
болды.
Музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына шешуші роль атқарған
бұл кезеңде тек ғылыми-әдістемелік өңдемелердің және музыкалық білім
берудің мазмұнын, әдіс-құралдарын, ұйымдастыру формаларын қарастырған
ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарыққа шығаруларымен бірге, музыкалық білім
беру проблемаларын шығармашылықпен, теориялық тұрғыдан ой таразылайтын
батыл қадамдар жасалды.
Үшінші кезең (XX ғасырдың 50-90 жылдары) - музыкалық білім беру
педагогикасының теориялық негіздерінің жасалуымен жәнеосыдан туындайтын
Ресей, Қазақстан ғалымдарының ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарының
өріс алуымен ерекшеленеді.
Білім беру және тәрбиелеу процессі кезінде тұлғаның әлеуметтендірілуін
қамтамасыздандыру қажет. Бұл жаңа ашылыстарды игеруді, өзіндік күн көруді
үйренуді, мәдениеттің минимумдық негізін салуды білдіреді. Музыка туралы
білім біздің заманымызда күннен күнге үлкен роль атқарады.
Егерде бұндай жұмыс нәтижесінде оқушылар музыка пәнінде эмоционалдық
қанағаттанса, онда олар музыкаға деген сүйіспеншілікті бүкіл өмір бойы
өткізе алады. Солардың біреулері болашақта композитор., біреулері - әнші,
тағы біреулері – жақсы, музыканы сүйсіне тыңдайтын тындарман болуы мүмкін.
Музыкалық тәрбиешілер жастарды осы 2-3 топқа қосылып кетулеріне себеп болу
керек.
Музыка педагогикасының әдістемесін жасаушы, ұлағатты ұстаз, педагогика
ғылымдарының докторы О.А.Апраксина Ресейде алғашқылардың бірі болып орыс
музыкалық педагогикасы тарихын зерттеумен айналысты. Музыка сабақтарының
мектептің оқу жоспатымен оқытылатын басқа да пәндермен ұқсас жақтары бар.
Алайда, О.А.Апраксина атап көрсеткендей, музыка сабақтарының өзіне тән
айшығы оқу материалының мазмұнына, балалардың танымдық ерекшеліктеріне,
жалпы, әсіресе арнайы музыкалық қабілеттерінің даму деңгейіне, қолданылатын
оқу әдістерінің тиімділігіне, пайдаланылатын техникалық құралдарға,
мұғалімнің жеке тұлғасына байланысты көрініс алады.
Автордың музыка мұғалімін даярлау проблемасына қатысты Методика
музыкального воспитания оқу құралы музыкалық білім беру педагогикасындағы
ең құнды еңбектердің бірі болып саналады. Осы мерзімде мектепке дейінгі
мекемелерге, мектептерге сондай-ақ орта арнайы және жоғары оқу орындарына
арналған оқу құралдары бірінен соң бірі жарық көре бастады. Сол жылдары
балабақша тәрбиешілері мен музыкалық жетекшілерге арналған Музыкальное
воспитание в детском саду атта оқу құралы басылып шықты.
Өткен ғасырдың 60-70 жылдары музыкалық білім беру педагогикасы
мәселелеріне қатысты пікірталастар өрби түсті. Пікірталастар біріншіден,
сабақты ән сабағы немесе музыка сауаты тәрізді бөліктерінің
немқұрайлылықпен, қалай болса солай бөлініп өтілетіндігі туралы күдік
тудыратын қарама-қайшылықтардың беті ашылды. Көп кешікпей академик
Д.Б.Кабалевскийдің тың көзқарастағы музыкалық-педагогикалық тұжырымдамасы
өмірге келді. Аталған тұжырымдама автордың болашақ музыка мұғалімінің жаңа
бағдарламасының жаршысы болған Об основных принципах и методах программы
по музыке для общеобразовательной школы атты мақаласында және бірқатар
кітаптарында көрініс тапты.
Музыка өнері өмірдің ажырамас бөлігі ретінде эстетикалық, танымдық,
тәрбиелік функциялар атқарады. Бұл туралы Д.Б.Кабалевский былай деп
тұжырымдағанды: Адам жасаған өнер сол адам туралыжәне сол адам үшін
жасалады, музыка мен өмірдің байланысы осында жатыр... Міне сондықтан да өнер
үнемі адамдардың идеялық дүниесін байытып, рухтандырып, дүниетанымын
бекітіп, күш қуатын арттырып келеді.
Д.Б.Кабалевскийдің жетекшілігімен дайындалғанмузыка пәні оқу
бағдарламасының жаңашылдығы бағдарлама мақсатында да айқын көрініс тапты.
Егер бұған дейін музыкалық білім беру педагогикасының мақсаты балаларды
музыка өнеріне тартып, оған деген қызығушылығын тудыру, белгілі бір
көркемдік дағды, іскерлігін қалыптастыру болса, жаңа бағдарламада
оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда теңдеусіз құрал болып табылатын
музыканың адамның, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани өрісіне эмоционалды
түрде ықпал ететін әсер-күшін пайдалану талабы қойылды. Сөйтіп, музыка
пәнінің жаңа мақсаты – оқушылардың музыка және оның қоғамдағы ролі мен
әлеуметтік қызметі жөнінде біртұтас ұғым-түсініктері негізінде музыкалық
қабілетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа мақсат жаңа міндеттерді
нақтылауды талап ететіні белгілі. Сондықтан эстетика, психология, дидактика
саласындағы қағидалары сондай-ақ Д.Б.Кабалевскийдің тұжырымдамасы негізінде
музыкалық білім берудің басты үш міндеті қарастырылды.
Бірінші музыкалық міндет – оқушылардың музыкаға эмоционалды қарым-
қатынасын қалыптастыру. Бұл міндеттің орнындалуы музыканы қабылдау
негізінде жүзеге асырылады. Сөйтіп, оқушылардың музыкаға эмоционалдық ынта-
ықыласын, музыкалық сезімін, музыканың сазын эмоционалды нәзік байыптау,
білімді меңгеру, дағды, іскерліктерді иелену, музыканы тыңдап, орындауға
деген белсенді талпынысын оятуға қажетті жағдай туғызылады.
Екінші музыкалық міндет – музыкаға деген қарым-қатынасты қалыптастыру.
Бұнда оқушылардың музыкалық шығармаларды саналы түрде қабылдау тәжірибесін
жинақтау, музыкалық білімдерді күнделікті өмірде қолдана білу, музыкалық
образдардың сипатын сезіну, даму логикасын байыптау, шығарманың өміршеңдігі
мен идеялық негізін саналы түрде ұғып-түсіну қарастырылған.
Үшінші музыкалық міндет – музыканы орындау, әсіресе музыкамен
әуестенудің ең қолайлы формасы ретінде хормен ән салу процесіндегі іс-
әрекеттік, практикалық қарым-қатынасты қалыптастыру. Бұл міндеттің шешімі
оқушылардың музыкалық есту ұғым-түсініктерінің қалыптасуы мен музыкалық
қабылдау процесінде орындаушылық дағдыларының дамуына байланысты.
Күнделікті музыкалық практикадааталған міндеттер бір-бірімен тығыз
байланыста болуы тиіс және олардың қажетті деңгейде қалыптасуы оқушылардың
музыкалық тәжірибе деңгейін мектеп оқушыларының музыкалық дамуының аралық
сатыларындағы нәтижелерін анықтауға негіз бола алады. Жаңа бағдарламаның
басты жаңашылдығы – музыканы оқытудың жүйесін және нақты сабақтарды құруға
негізі болатын тақырыптық принципті ұстану.
80-ші жылдары сазгер-педагогтардың назарын болашақ музыка пәні
мұғалімі даярлығы проблемалары өзіне назар аудара бастады. Осы бағытта Э.Б.
Абдуллин, Л.Г.Рапацкая, Е.В.Николаева, Г.М.Цыпин және т.б. ғалым-педагогтар
арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Аталған проблеманың көптеген
аспектілері М.Х.Балтабаев, Р.Р.Джердималиева, С.А.Ұзақбаева,
А.А.Қалыбекова, Т.А. Қышқашбаев, Ш.Б.Құлманова, Ө.К.Спанов және т.б.
қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерінде көрініс тапты.

Сұрақтар мен тапсырмалар
1 Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие беру тәжірибесі музыкалық білім
беру педагогикасының қалыптасуына қандай роль атқарды?
2 А.Н.Карасев, С.И.Миропольский, Д.Н.Зарин, А.Л.Маслов, С.Т.Щацкий,
В.Н.Щацкая т.б. ғалым-педагогтардың музыкалық-педагогикалық пікір
қозқарастарының білім беру педагогикасындағы маңызы неде?
3 XX ғасырдың 30-жылдарында сыныптан және мектептен тыс музыкалық
тәрбие жұмысының жандануына не себеп болды?
4 Б.Л.Яворский мен Б.В.Асафьев сияқты ғалымдардың музыкалық-
педагогикалық көзқарастарындағы жалпы қағидалар мен өзіндік ерекшкліктерге
сипаттама беріңіздер.
5 Д.А.Кабалевскийдің музыка-педагогикалық тұжырымдамасының тарихи
мәні неде?
6 Ресей педагогикасымен тарихи тағдырлас Қазақстандағы музыкалық білім
беру педагогикасының даму ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер: [10; 11; 12; 13; 14; 15; 16]

3. Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен
қалыптасуы

Жоспары:
1) қазақ даласындағы музыкалық білім берудің Қазан төңкерісіне
дейінгі кезеңде дамуы;
2) XX ғасырдың 20-80 жылдарында Қазақстанда музыкалық білім беру
жағдайы;
3) XX ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстандағы музыкалық білім
берудегі жетістіктер;
4) музыкалық тәрбиенің этнопедагогикалық негіздері.

Музыкатану, музыкалық білім саласындағы әдебиеттерде Қазан төңкерісіне
дейінгі кезеңнің өзінде қазақ даласында музыка өнеріне баулу, кәсіби шыңдау
бойынша едәуір тәжірибе қалыптасқандығы мазмұндалған. Сазгерлікке,
әншілікке, күйшілікке баулу отбасында, жастардың сауық-сайранында,
мейрамдарда немесе арнайы кәсіби білім беру мектептерінде жүзеге асырылып
келген. Одан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы музыкалық білім беру жұмысы
бұрынғы Одақ көлемінде жүзеге асырылды.
Осы кезеңдегі музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысы профессор С.А.
Ұзақбаеваның зерттеу еңбегінде жан-жақты талдауға алынған. Зерттеушінің
Өміршең өнер өрісі атта еңбегінде осы жылдардағы музыкалық тәлім-тәрбие
берудің тарихы, ерекшеліктері жан-жақты сипатталады. Автордың халық
педагогикасы идеяларының дамуы мен қалыптасуына берген тарихи-педагогикалық
сипаттамасы музыкалық педагогика проблемаларын зерделеуге қосқан аса
маңызды үлесі болып табылады.
Өткен ғасырдың 20-жылдары Б.В. Асафьев, Б.Л. Яворский, В.Н. Щацкая
сияқты орыс мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бастамасымен Ресейде
өріс алған музыкалық-ағартушылық қозғалыс Қазақстанда ойдағыдай жүзеге
аспай қалды. Оған себеп елдегі ұлттық маман кадрлардың, талапқа сай
материалдық базаның тапшылығы еді. Тіпті түрлі типтегі мектептер (жеті
жылдық, тоғыз жылдық, шаруа жастары мектептері, I және II дәрежедегі мектеп-
коммуналар, ауылды мекендерде екі жылдық, төрт жылдық, жеті жылдық
мектептер, ФЗУ-лар т.б.) ашылғанымен, музыка пәнін оқытуды өз деңгейінде
ұйымдастыруға септігін тигізе алмады. Ең алдымен музыка пәнінің арнайы
бағдарламасының болмауы да үлкен кедергі болды. Алайда бұған қарамастан,
балалар мен жастарға музыкалық тәрбие беру жұмысы тоқтап қалған жоқ.
Республиканың түпкір-түпкіріндегі елді мекендерде, мектептерде түрлі
музыкалық үйірмелер ашылып, көпшілік-насихат жұмыстары қызу жүріп жатты.
Сөйтіп, халық таланттарының көзі ашылып, қазақ интелегенциясының
қалыптасуына ықпалын тигізді. Музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбие бағытында
бірқатар мектептен тыс мекемелер өз жұмысыг жандандыра бастады. Солардың
бірі – 1920 жылы Орынбор қаласында ашылған Қазақ өлкелік тәжірибелік-
эксперименттік мектеп-коммуна еді. Онда ән сабағы аптасына екі сағаттан
жүргізіледі. Алайда, арнайы мамандар болмағандықтан, ән сабақтарын
музыкалық білімді мамандар орыс тілінде жүргізді.
30-шы жылдары Одақ көлемінде кеңінен өріс алған мәдени құрылыс ісі
Қазақстанда музыкалық білім беру ісінің дамуына үлкен септігін тигізді.
Балалар музыка мектептерінің, техникумдар мен жоғары оқу орындарындағы
жұмыстарды бір жүйеге келтіру ісі қолға алына бастады. Алматы қаласында
1932 жылы алғашқы музыкалық-драмалық техникумның және оның базасында А.Қ.
Жұбановтың басқаруымен қазақ халық музыкасын зерттеу кабинеті және қазақ
халық аспаптары жетілдіру бойынша музыкалық-эстетикалық шеберхананың ашылуы
үлкен бастама болды. 30-шы жылдардағы тағы бір жетістік Қазақстандағы
барлық мектептердің Ресейдің музыкалық білім беру бағдарламасымен оқытуға
көшуі еді.
Алайда Қазақстанда оқулардың, оқу құралдарының, кәсіби мамандардың
жетіспеуінен музыкалық білім беру артта қалып отырды. Бұндай кемшіліктерді
жою мақсатында тәрбие жұмысының негізгі формасы ретінде үйірме жұмысына көп
мән берілді . Барлық мектептерде музыка, хор, драма үйірмелері жұмысы
жанданды. Сөйтіп, көркемөнерпаздар ұжымдары оқушыларға музыкалық тәлім-
тәрбие беруде қыруар іс атқарды. Тарихта үлкен із қалдырған Ұлы отан соғысы
елеулі нұсқан келтіргені белгілі. Осы кезеңде Ленинград, Киев, Мәскеу,
Харьков қалаларынан эвакуацияланған өнер адамдарының талантты сазгерлері
мен педагогтердің Қазақстан жеріне қоныстануы музыка мәдениеті мен білімнің
дамуына маңызды ықпал тигізгені мәлім.
40-шы жылдары республиканың музыкалық өмірінде елеулі уақиға болды. Ол
1944 жылы Алматыда мемлекеттік консерваторияның ашылуы еді. Консерваторияға
жоғары квалификациялы түрлі мамандықтағы кадрлар даярлау, қазақ, орыс,
шетел музыкасы саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстарды орындау,
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау, өнер мен ағарту саласында мамандардың
біліктілігін жоғарлату міндеттері жүктелді.
Осы кезеңде көркемөнерпаздардың олимпиадалары мен байқаулардың
ұйымдастырылуы да оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіруге
өз үлестерін қосып жатты.
Сонымен, соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сыныптан тыс және
мектептен тыс іс-әрекеттер осы бағыттағы жұмыстардың негізгі формасы болды.
Ал музыкалық тәрбие мазмұндық жағынан бейбітшілік пен достық, бақытты өмір,
патриоттық сипатымен ерекшеленеді.
50-ші жылдары ел еңсесі көтеріліп әлеуметтік-экономикалық жағдай
біршама жақсарды. Осыған байланысты білім беру саласында елеулі жетістіктер
бой көрсетті.
Жетіжылдық және жалпыға бірдей орта білім беру міндетті түрде жүзеге
асырылатын болды. Политехникалық білім беруді одан әрі дамыту оқу-тәрбие
жұмысының деңгейін жоғарлату, оқу-материалдық базасын нығайту күн тәртібіне
қойылды. Жаңа оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары жарыққа шығарылды. Ең
бастысы, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру негізінде оқу-тәрбие жұмысын
жақсартудың жолдары мен әдістері айқындала бастады.
60-шы жылдар 1962-1963 оқу жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің бұйрығына
сәйкес халыққа білім беру жүйесінің қайта құрылуына байланысты жалпы білім
беретін мектептердің бәрі жаңа оқу жоспары мен бағдарламасына көше бастады.
Сөйтіп, ән-күй сабақтары бастауыш, сегізжылдық қазақ мектептерінің 1-7
сыныптарында 1 сағаттық апталық жүктемемен оқытыла бастады. Осындай
өзгерістерге байланысты ән-күй пәнінің бағдарламасы қайтадан қаралды.
1962 жылы белгілі педагог әрі сазгер, көпреген балалар әндерінің
авторы Б. Ғизатовтың қазақ тілінде дайындаған, үш бөлімнен тұратын
Мектептегі ән-музыка сабағының мұғалімдері үшін атты әдістемелік құралы
басылып шықты. Оның Музыка сауаты атты бірінші бөлімінде автор нота
сауатын меңгерту жөніндегі жұмыс жүйесін қарастырды. Ал Ән үйрену сабағы
атты екінші бөлімінде бір және екі дауыста ән салу әдістемесі, әнді орындау
ережелері, сабақтардың үлгілері және мұғалімдерге арналған әдістемелік
нұсқаулар берілген. Үшінші бөлімі Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина сияқты
күйші сазгерлердің, көрнекті орыс және қазақ сазгерлерінің шығармашылығын
сипаттауға арналған.
Сонымен, Қазақстан мектептеріндегі музыка пәні мазмұнына бірен-саран
қазақ әндері мен күйлері ендіріліп, толықтырылып отырғанымен, мақсат,
міндеттері, құрылымы, мазмұны біртектес болды және Ресей бағдарламасы
негізінде жүргізіліп келді.
80-ші жылдары барлық Одақтас республикалар сияқты Қазақстан да жаңа
бағдарламаның бейімделген вариантын жасау ісі қолға алына бастады. Қазақ
мектептеріне арналған бағдарламаны жасайтын авторлық ұжым құрылды. Оның
жетекшісі Б. Ғизатовтың басшылығымен, ұжым мүшелері Р.Р.Джердемалиева,
Г.Ж.Қарамолдаева 1984 жылдық қазан айында бейімделген жаңа бағдарламаны,
хрестоматиялар мен фонохрестоматияларды жарыққа шығарды. Аталған авторлық
ұжым бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаны әдістемелік жағынан
қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірді.
90-жылдары республикада ұлттық музыкалық ерекшеліктер ескерілген,
қазақ мектептерінің мұқтаждығын қанағаттандыра алатын жаңа оқу
бағдарламаларын дайындау қажеттілігі өріс алып, қазақтың көркем мәдениеті
арқылы оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбиесін жетілдіру мен оқу
орындарында жүзеге асыру жүйесінің болмауы арасындағы қарама-қайшылық
шиеленісі түсті. Музыкалық білім беру саласындағы орын алған қарама-
қайшылықтардың шешімін іздестіру қазақстандық ғалым-педагогтардың музыкалық-
педагогикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендірді.
М.Х. Балтабаев – 100-ден аса мәдениеттану, фольклор, музыкалық-
эстетикалық тәрбие мәселелерін қарастырған еңбектердің авторы. Ғалым-
педагогтың Қазақстанның дәстүрлі көркем мәдениеті атты монографиясы,
Педагогикалық мәдениеттану оқу құралы, жалпы білім беретін мектептердің 5-
6 сыныптары үшін Музыка, 10-11 сыныптар үшін Өнер, балабақшалар үшін
оқу бағдарламалары және әдістемелік кешені, жалпы білім беретін
мектептердің бастауыш, орта, жоғары сыныптары үшін Музыка оқу
бағдарламалары және әдістемелік кешені, жоғары оқу орындарының музыка
факультеттері үшін арнайы курстардың оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары,
бастауыш сыныптарға Әсем саз, бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған
Елім-ай оқулықтары, оқу құралдары жарық көрген.
М.Х. Балтабаев музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесін жасауда
дәстүрлі көркемдік мәдениеттің бай мүмкіндіктері толық пайдаланылуы қажет,
сонымен бірге бүгінгі дәстүрлі білім мен тәрбие жүйесін жаңа сападағы
деңгейге көтеру механизмін іздестіру бүгінгі күннің көкейкесті талаптарының
бірі деп есептейді. Ол өз зерттеулерінде қазақтың ән мәдениетін, сәндік-
қолданбалы мәдениетін, халықтық би мәдениетін, халақтық сөйлеу мәдениетін
дәстүрлі көркем мәдениеттің жүйе құраушы компоненттері ретінде атай келе,
оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесіне деген жаңаша көзқарасын
ұсынады.
М.Х. Балтабаевтың жетекшілігіндегі авторлық ұжым Елім-ай ән-күй
бағдарламасын дайындады. Бағдарламаның мақсаты – оқушылардың рухани
мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын музыкалық мәдениетін
қалыптастыру. Елім-ай ән-күй бағдарламасының білімдік, тәрбиелік мақсат,
міндеттері жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік тәрбиесінің өлшемдері мен
көрсеткіштеріне сәйкес анықталған:
- халық өнері туындыларын қабылдау процесінде музыканы саналы түрде
түсіну;
- ән салу, би, ойын, сурет салу, музыкалық аспаптарды шертуді
қарастыратын орындаушылық іс-әрекет;
- қарапайым әндерді импровизациялау, би элементтерін түрлендіру, ән,
ертегілерді драматизациялау, музыкалық ойындарының кейіпкерлерінің
образдарын жеткізе білу.
Бағдарлама Сарыарқа, Тұлпар, Аққу, Елім-ай сияқты тақырыптық
құрылымда түзілген. Олар бастауыш білім берудің барлық кезеңдерінде
логикалық байланысып, бірін-бірі толықтырып, әрі бірін-бірі байытып
отыратын екі сағаттық апталық жүктеме арқылы жүзеге асады.
Елім-ай бағдарламасы қазақ халқының көркемдік шығармашылығының сан
түрін кешенді түрде пайдалану негізінде бала психикасының түрлі жақтарына
кешенділікпен ықпал етуді көздеді. М.Х. Балтабаев осы өнер атауының қай-
қайсысын пайдалануда синхрондылықты сақтауды міндетті деп санамайды.
Керісінше, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, әсіресе бастапқы
кезеңде кезекпе-кезең пайдаланудың тиімділігін атап көрсетеді.
Алайда респудликадағы жоғары оқу орындарында болашақ музыка пәні
мұғалімдерін жоғарыда аталған талаптарға сай даярлауға қазіргі кезеңдегі
мүмкіндіктер жоқтың қасы. Яки, бағдарламаны ойдағыдай алып шығатын, оның
барлық міндеттерін шеше білуге қабілетті педагогикалық кадр даярлығы осы
бағдарламаны қазақ мектептерінде кеңінен ендіруге кедергі болғандығын айтып
өтуіміз керек.
Елім-ай - қазақ халық мәдениетінің өзара байланысы мен
синкреттілігін ашып көсететін бағдарлама. Оның авторлары өскелең ұрпаққа
өнер түрлерінің (ән, аспаптық, сәндік-қолданбалы, би, ауызекі-поэтикалық)
мәні мен маңызын, олардың халық өмірінде алатын орнын түсіндіруді,
шығармашылық мұраға деген сыйластықты көзқарасын, сондай-ақ балаларды осы
өнер түріне қатысты іс-әрекеттерге тартуды мұрат еткен.
Оқушыларды қазақ халқының ерекше мәдениетіне, тартуға деген талпыныс
А. Райымбергенов бастаған авторлық ұжым дайындаған Мұрагер атты музыка
бағдарламасынан байқалады. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандық
патриотизмді, ұлттық рухани байлықтың мұрагері екендігін сезінетін, өз
халқының салт-дәстүрін, өнерін, ана тілін білетін Қазақстан Республикасының
азаматын тәрбиелеу.
Аталған бағдарламаның басты ерекшелігі – балаларды домбыра шертуді
нотасыз, ауыхша әдіспен үйрету және халық әндерін домбыраның сүйемелдеуімен
орындауға машықтандыру.
Халық ән-күйін меңгерту қарапайымнан күрделіге қарай принципіне
негізделген. Балалар бастапқыда қарапайым да жеңіл-желпі жаттығулар жасап,
аса күрделі емес ән-күйлерді орындауға машықтандырылса, бірте-бірте күрделі
шығармаларды орындауға үйретіледі. Білім мазмұнында ән, күй, жыр, терме,
айтыстар, би, қолданбалы және сәулет өнерінен мағлұматтар беру де
қарастырылған. Оқу жүктемесі аптасына үш сағаттан жоспарланған. Тағы бір
айта кететін жайт, бағдарламаның құрылымдық жоспарында балаларды нота
сауатынсыз домбыра тартып үйрету бағытының басым болуы.Бұл өз кезегінде
бағдарламаның Музыка сабағынан гөрі домбыра үйрену үйірме жұмысына жақын
екендігін, әрі апталық сағат санының типтік оқу жоспарына сәйкес емес
екендігін көрсетеді.
Сөйтіп, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында ұлттық сана-сезімнің өсуі
бастауыш мектепте ұлттық негізде музыкалық тәрбие беру бағытында бірқатар
жаңашылдықтың дамуына ықпал етті. Нәтижесінде Музыка пәні бойынша Елім-
ай (жетекші М.Х. Балтабаев). Мұрагер (жетекшісі А. Райымбергенов) сияқты
бірнеше баламалы бағдарламалар өмірге келді.
Ендігі жерде оқушылардың туған халқының мәдениет негіздері жөніндегі
білімі мен тәрбиесіне ықпалын тигізетін халықтың тарихы, өмір сүру болмысы,
салт-дәстүрі ұғым-түсініктерін кеңейтетін, өзін ұлттың мүшесі және азаматы
екендігін саналы түрде ұғынуын, отбасы мен мектептегі мінез-құлық нормалары
жөніндегі ұғым-түсініктерін қамтамасыз ете алатын және типтік оқу жоспарына
қойылатын ғылыми-теориялық, әдіснамалық талаптарға сай бағдарлама жасау
қажеттігі белең алды. Ондай бағдарлама Ш.Б. Құлманованың, М.А.
Оразалиеваның, Б. Сүлейменованың авторлық бірлестігі арқасында жарыққа
шығып, Қазақстан мектептерінің игілігіне айналды.
Бағдарламада 1993 жылы 8 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасы
жалпы білім беретін мектептеріндегі білім мазмұны тұжырымдамасы,
мемлекеттік оқу жоспары және оқу бағдарламасына қойылатын дидактикалық
қағидалар негізге алынған.
Педагогика ғылымында оқу жоспарын құрудың бірнеше амал жолдары
қалыптасқан. Аталған бағдарлама осы спиралды құру жолымен құрастырылып және
педагогика ғылымында білім мазмұнын құру, дайындау бойынша қалыптасқан
ерекшеліктерді басшылыққа алған.
Ш.Б. Құлманова – жалпы білім беретін мектептердің музыка пәні
бағдарламаларының көрнекті авторларының бірі. Ол XX ғасырдың 20-30
жылдарындағы музыка пәні оқу бағдарламаларына және қазақ халық музыкасына
негізделген типтік бағдарламаларға жасаған талдауы арқылы музыкалық
педагогика тарихын зерделеуге және музыкалық білім беру мазмұнын анықтау
жөніндегі педагогика ғылымының қағидаларына сүйене отырып, қазақстандық
ғалым-педагогтардың ( М.Оразалиева, Б. Сүлейменова) қатысуымен музыка
пәнінің типтік бағдарламасын жасап ұсынды. Аталған бағдарлама Қазақстан
Республикасы мектептерінде қолданыс табуда. Бағдарламаны әдістемелік
қамтамасыз ету үшін әдістемелік тұрғыдан негізделген, түрлі нұсқаулар,
хрестоматиялар, білім стандарты жарық көрді.
XX ғасырдың 90-шы жылдарында қазақстандық ғалымдар музыкалық білім
саласында біршама еңбек етті. Солардың қатарында болашақ музыка пәні
мұғалімінін даярлау проблемасына айтарлықтай үлес қосқан қазақстандық ғалым
Р.Р. Джердемалиева музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығын
әдістемелік білім, іскерлік, дағдылардың қалыптасуына, интелектуалдық
тұрғыдан ойлауды дамытуға және педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылықты,
музыкалық педагогиканың әдістемелік проблемаларын шешудегі жеке тұлғалық-
құндылықты бағыттылығын айқындап алуға бағытталған жүйелі, тұтас процесс
ретінде қарастырады. Методическая подготовка учителя музыки атты
еңбегінде музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының алғышартын,
функцияларын, әдіснамалық принциптерін, педагогикалық шарттарын атап
көрсетеді. Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының танымдық,
мазмұндық, операционалды компоненттеріне сипаттама береді. Автордың Основы
методологической подготовки учителя музыки бағдарламасының және
Организация самостоятельной работы студентов по педагогике музвоспитания
оқу құралының болашақ маман даярлау үшін де, музыка пәні мұғалімінің
күнделікті іс-әрекетін ұйымдастыруда да маңызы зор. Бағдарламаның
Музыкалық педагогикалық білім беру жүйесіндегі әдістемелік даярлықтың ролі
мен ерекшеліктері, Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының мәні
мен мазмұны, Музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығының негізгі
дидактикалық және әдіснамалық принциптері тақырыптары пән мұғалімінің
әдістемелік даярлығының мәні мен тұтас құрылымы жөнінде саналы түсінік
беру, әдістемелік міндеттерді шешуге қажетті әлеуметтік маңызды кәсіптік
сапа-қасиеттерін дамыту, болашақ мамандардың музыкалық білім беру
педагогикасының теориясы мен практикасында әдістемелік проблемаларды
шығармашылықпен іштей мақсат етіп қоя білуге төселдіруге бағытталған.
Р.Р. Джердемалиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік
даярлығы проблемаларын құрастырумен қатар, жалпы білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық туризмнің жағдайы мен даму болашағы
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ
Салттан тыс фольклор туындылары
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсаты
Жалпы әлемдік фольклортану ғылымында фольклорлық шығармаларды сюжеті, салт дәстүрге қатысы, айтылу мақсаты мен орны
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының тарихи музейлері
Шоқан Уәлихановтың ғылыми – зерттеу жұмыстары және оны тарихта оқыту
Пәндер