Нарманбет Орманбетұлы


Нарманбет Орманбетұлы
( 1859 - 1918)
Нарманбет Орманбетұлы
( 1859 - 1918)
Нарманбет Ормантайұлы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясында Абай дәстүрін жалғастырушы көрнекті ақындарының бірі. Оның шығармашлығында өз кезегінің алуан сипатты өмір шындығыи шынайы әрі жоғары көркемдік деңгейде бейнеленді.
Отаршылдыққа қарсы шығып, оның қазақ халқына әкелген зардаптарын батыл әшкерелеуде сол кезең әдебиетінде Нарманбет ерекше орын алды. Ақын шығармаларының Кеңес заманында әділ бағасын ала алмауы содан еді.
Нарманбет поэзиясы Абай үлгісіндегі реалистік сипатымен, ойының өзекті, тілінің суреттілігімен, өзіндік түрімен ерекшелінеді.
Өмірбаяны. Нарманбет Орманбетұлы 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, осы күннің ақынның өз атымен аталатын ауылда дүниеге келген. Арғы аталарынан бері қолдарынан билік кетпеген, әділ қазылығы, шешендігімен белгілі болған әулеттен шыққан.
Нарманбет 8 жасында Кари деген атақты молдадан мұсылманша оқып, сауат ашады. Кейін Хасен деген татар мұғалімнен сабақ алады. Әрі қарай өз бетімен ізденіп, мұсылманша, орысша білімін жетілдіреді. Он төрт жасында аз уақыт Қарқаралыдағы орыс мектебінде оқиды. Абайдың сөзіне де, атағына да тәнті Нарманбет ұлы ақын Қарқаралыға бір келгенінде түскен үйіне іздеп барып, сәлем береді. Абай зерделі жасқа жақсы қабақ танытады. Ақынның:
Пушкин менен Лермонтов
Біздей ақын емес пе?
Ақын болған адамдар
Жұрттың қамын жемес пе? -
дегеніне қарағанда, орыстың атақты ақындарының шығармаларын өз тілінде оқып, үлгі алғаны байқалады.
Нарманбет біраз уақыт - тілмаш, 6 жыл болыс болып, ел көріп, жер таниды, елдің саяси - әлеуметтік жағдайы туралы таным түсінігі тереңдейді. Дін жолын берік ұстауына байланысты ел ішінде бірәдар аталып кетеді.
Нарманбет уездік соттың төрағасы болып жүрген кезінде 1918 жылы Қарқаралы қаласында қайтыс болды.
Шығармашылығы. Нарманбет қазақ қоғамында тарихи әлеуметтік қайшылықтар шиеленісіп, жаңа даму үдерісі басталған дәуірде өмір сүрді. Ол поэзиясында сол кезеңнің өмір шындығын ( реалисьтікпен ) бейнелеп, уақыт алға тартқан сұрақтарға жауап беруге, тарихи таңдау заманы туғанда, халыққа дұрыс жол сілтеуге тырысты. Қазақ қоғамының сол замандағы басты мәселелері ағартушылық жолмен шешіледі, кертартпа, келеңсіз қылықтартан қазақты құтқарудың жолы - оқу, білім деп білді.
Оқудың нұр сәулесі түспеге соң,
Көңілінде біздің жұрттың қара жатыр, -
дейді. Қазақ тұрмысындағы барлық кеселдің себебі надандық деп түсінеді. Сасық, байлық, шолақ мансаптан асқан игілік жоқ деп ойлайтын қараңғылықты 1905жылы жазған « Қазақ ұлы біз тұрмыз » деген өлеңінде ашына сынап:
Қазақ ұлы тұрмыз,
Үлгі, өнерден тым құрмыз
Сауынға бар, сан жоқ
Надандықты емдеткен,
Қисық жолды жөндеткен,
Тым болмаса, қам да жоқ, -
деп күйінеді. Бірақ ол үмітсіздікке бой алдырып, халықтың болашағынан күдер үзбейді, жастарға, болашаққа үміт артады. « Жастарға », « Құс болсаң, ақылға бай байғыз болсаң » деген өлеңдерінде оларды халықтың өміріне жарық түсіретін шам - шырақ болуға шақырады, жаман әдет, іс - қылықтан сақтандырады.
Ағартушылық бағытында, Абай үлгісінде жазған « Бала қайдан?» деген өлеңінде Нарманбет бала анасының жатырына біткеннен бастап сегіз жасқа толғанға дейінгі өсу, даму сатыларын баяндай келе, ата - анасының міндеті туралы:
Сегіз жастан баланы оқыт дейді,
Ғылым өнер көңіліне тоқы дейді.
Оқытпаса, обалы ата - анаға,
Қарқа қылып, қараны шоқыт дейді.
Оқыса, бала заты сұңқар болар,
Жүзден жүйрік, мыңнан да тұлпар болар.
Қиыр ұшып, қияннан тоят тілеп,
Көрінген жан құрметтеп, іңкәр болар, -
дейді. Ақын баланы оқыту ата - анаға парыз екенін қайталай есіне сала отырып, халықты оқыған баланың адамдық, азаматтық келбетіне қызықтырады әрі баланың өзінеде осындай болу үшін оқы дейді. Ондай жасқа:
Ата - анасын асырау былай тұрсын,
Құдай қосса, болады жұртқа пана, -
деп сенім артады.
« Көпті көрген көнемін » деген өлеңінде ақын:
Жақсылық істе адамға
Жақсы жол көрсеткен наданға
Жазықсыз жанды жаулама
Аш тазыдай жалақтап!
Адам ұлын құрмет қыл,
Жұртыңа түзу қызмет қыл, -
деп, имндылыққа, адамшылдыққа шақырады: « Адам ұлын құрмет қыл, жұртыңа түзу қызмет қыл, жазықсызға жамандық жасама дейді. « Адамның баласы - бауырың », адамшылдықтың қарызы үшін қызмет қыл, жұртыңа түзу қызмет қыл, жазықсызға жамандық жасама дейді. Бұдан Нарымбеттің этикалық дүниетанымның гуманизмімен үндесіп жатқанын көреміз.
Нарманбеттің « Замана» деген өлеңінде, « Қамал бұзған батырдан - бай, ақылдан - ақша озған » кездегі атқамінерлер мен епті, пысық, бай, батырсымақтардың сыйықсыз бейнесі көрініс тапқан.
Бұл күнде байлар - ғаяр, билер - мекер,
Жақсылар ел ториды жаудан бетер.
Біріккен ықыласпен шын тілеу жоқ,
Ағайын ала көңіл, достар бекер.
Нарманбет өз елін жаудан бетер торитын « жақсыларды», өсек айтып - пысық, жуан сөйлеп - батыр, арамдық сөйлеп - батыр, арамдық ойлап - дос, пайдасын көздеп - епті атанып жүрген ғаярлар мен мекерлерді" аяусыз шенейді.
Бостандық, еркіндікті көксеу сарыны ақын шығармашылығының басты идеялық бетін анықтайды.
Ер қайда шын шылбырын тартатұғын,
Тәуекелге қос қолын артатұғын.
Дұшпанға қанды сорған қарсы тұрып,
Жөн іздеп, жолбарыстай жортатұғын, -
деген жолдарда бостандық жолында тәуекелге бел буып, жолбарыстай жортатын күрескер ерлерді армандайды.
Нарманбеттің екі ғасыр тоғысындағы бүкіл қазақ әдебиетінде кезеңдік мәнге ие туындысы - "Сарыарқа" (1905) өлеңі. Бұл шынайы көркем әрі көлемді туынды да Столыпин реформасынан зардап шеккен Арқа жерінің бұрынғы толықсыған ажар-көркінен, қазақ елінің елдік кейпінен айырыла бастағанын күйзеле толғайды. "Қазақта енді не қалды?" деп налиды:
Қалмады, ей, Сарыарқа, сенде қызық,
Сандал тау, сары өлкені алды мұжық.
Қолыңнан келер де жоқ, өнер де жок,
Баласы байғұс қазақ, қалдың мыжып.
"Отырықшы болып, іргемізді бекітпедік, енжарлык, жалқаулыққа бой алдырып бейқам жаттық, сөйтіп отарлық қамытын оңай киюге өзіміз де себепші болдық", - деп, өкініші өксікке айналады. Ақынның қоштасу сарынындағы:
Кең дала, кеткенің бе, кер бетеге,
Бұл жерде бала туып, ержете ме?
Суырдай іннен шыққан сүйретіліп,
Дариға-ай, мекенінен ел кете ме? -
деген жолдарында халық басындағы қайғылы хал оқырманның тұла бойын шымырлататындай ақындық қуатпен суреттелген. Өз елі, атамекеніңде іннен сүлдері сүйретіліп шыққан суырдай болу деген неткен күйінішті, қандай қорлық! Еркіндік сүйгіш, отарлыққа жан-тәнімен қарсы нағыз патриот ақын ғана осылай айта алса керек!
Ресей патшасы 1916 жылы маусымда (июнь) о бастағы қазақтан солдат алмау туралы келісімді бұзғаны мен қоймай халықтың намысын қорлап, 19 бен 31 жас арасындағыларды майданның қара жұмысына алу туралы жарлық шығарды.
Ал бұл жарлықты орындау кезінде жергілікті ұлықтар мен болыс, билер шектен шыққан зұлымдыққа, қиянатқа барады. Соның нәтижесінде, әйгілі ұлт-азаттық көтерілісі шығып, бүкіл Қазақстанды шарпыды. Орманбеттің "Сарыарқа, сайран жерім-ай!" деген белгілі толғауы - сол аты шулы жарлықтың халыққа әкелген қасіреті жайындағы туынды. Онда Нарманбет Сарыарқаның қазақтың еркін заманындағы болып-толып тұрған кезін егіле еске түсіре келіп, 1916 жылғы күйін былай суреттейді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz