Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың қазiргi жай-күйiн талдау


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың
қазiргi жай-күйiн талдау

Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлi қызмет салаларында АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған iс-шаралар кешенi кеңiнен iске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылы-мын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданғаннан кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар жандана түстi.
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлға-лар", "Мекенжай тiркелiмi", "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтан-дырылған жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi", "Салық төлеушілер мeн салық салынатын объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы" ақпараттық жүйе-сiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне жүргізiлген талдау нәти-жесi бойынша е-Үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы Бағ-дарлама шеңберiнде iске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тiзбесi қалыптастырылды.
Жекелеген мемлекеттiк органдар интерактивтi қызмет көрсетулердi iске асыруға көшуде. Қазiргi уақытта нақты уақыт режимiнде электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерiн пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары бойынша барлық салық есептерiн беруге, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады, бұл Қазақстанды ТМД елдерi арасында бөлiп көрсетiп отыр. әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн құру, әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi есепке алу мен талдау жөнiндегi процестердi автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру және мүгедек адамдардың дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.
Е-Үкімет элементтерi жергiлiктi атқарушы органдардың кейбiр ақпарат-тық жүйелерiнде де бар. Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында азаматтарды тұрғылықты жерлерi бойынша тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн, автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi деректерiн және басқаларды тiркеудi iске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелер-мен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру бөлiгiнде белгiлi бiр проблема-+лар да бар, олар:
ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлмеген-дiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру жөнiндегi функ-циялар мен жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң болмауы;
көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілік деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты кедергі-лердің бiрi - ақпараттық теңсiздiк деп аталатын кедергiнi жою өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республика-сының заңдарынан, басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы ақпарат жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық жүйелерiнен, электрон-дық мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
е-Үкiметтiң элементтері (ықпалдастырылған салықтық ақпараттық жүйе, салық төлеушiлер мен салық салынатын объектілер тiзiлімi, кедендік авто-маттандырылған ақпараттық жүйе, Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекет-тiк орталықтың ақпараттық жүйесi және басқалар) бар ведомстволық ақпа-раттық жүйелерден тұратын, нормативтік құқықтық базаны қамтитын е-Үкiмет құру үшiн база қалыптастырылды.
Iске асырылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфра-құрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасында тиiстi қаржыландыру көлемiмен 2005 жылы көзделген iс-шаралар олардың негiзгi мақсаты е-Үкiметтiң негiзiн құрайтын инфрақұрылымның құрамдас бөлiктерiн құру болып табылатындықтан, осы Бағдарламаның шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдi-лігін арттыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптас-тыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологияның құрылымы
Өндірісте электронды үкіметті қалыптастыру
Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Электрондық Үкіметтің құрылуы
Монополиялық нарық құрылымы
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
«Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына» сай «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша электрондық оқулық
Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz