Сабит Мұқанов туралы



Атамның шапағатына бөлендім
Сәбитке арнау
Сәбиттің әкесі
Мен Балқынбекұлы Орынбек, өзімді бақытты жандардың бірі есебінде сезінемін. Себебі балалық шақтан өтіп, балағатты жасқа жеткенім де Сабит ағамның қолында тәрбиелендім.
1964 жылы 10 жылдық мектепті бітірерде елімізде үндеу тарады. Сол үндеуді көтерген Семей облысының мектеп бітірушілері, «Қазақстанда қой санын 50 млн – ға жеткіземіз» деп ұран тастап, солд ұранның лебі бізге де жетті.
Ленгір ауданы «Советский» орта мектебін бітіріп жатқан біздерге тікелей нұсқауы келді. Мектеп бітірушілертүгелдей «Қазақстанда қой санын 50 млн – ға жеткіземіз» - деген ұранмен аттестатымызды ала алмадық. Бәрімізді «манкент» шипа жайына 15 – күндік мерзімге мемлекет есебінен тегін демалдырды. Қайтып мектепке келгенде, сендерді мемлекет не себепті демалдырды, ендігі өтемдердің қалаған шаруашылыққа барып, 1 жыл қой бағып, шарушылықтан мінездеме алып келесіңдер – деп таратты.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
1) Мен Балқынбекұлы Орынбек, өзімді бақытты жандардың бірі есебінде
сезінемін. Себебі балалық шақтан өтіп, балағатты жасқа жеткенім де Сабит
ағамның қолында тәрбиелендім.
1964 жылы 10 жылдық мектепті бітірерде елімізде үндеу тарады. Сол
үндеуді көтерген Семей облысының мектеп бітірушілері, Қазақстанда қой
санын 50 млн – ға жеткіземіз деп ұран тастап, солд ұранның лебі бізге де
жетті.
Ленгір ауданы Советский орта мектебін бітіріп жатқан біздерге
тікелей нұсқауы келді. Мектеп бітірушілертүгелдей Қазақстанда қой санын 50
млн – ға жеткіземіз - деген ұранмен аттестатымызды ала алмадық. Бәрімізді
манкент шипа жайына 15 – күндік мерзімге мемлекет есебінен тегін
демалдырды. Қайтып мектепке келгенде, сендерді мемлекет не себепті
демалдырды, ендігі өтемдердің қалаған шаруашылыққа барып, 1 жыл қой бағып,
шарушылықтан мінездеме алып келесіңдер – деп таратты.
Содан нағашы атам Әбдіқұл, әкеме әкеліп: - Балқыбек балаңды маған бер,
Сабит алыс жаққа қызметке кетіпті, бөтен ел – бөтен жер, сол жаққа барып 1
отар қой алып бағайық, - деп қолқа салды. Сонымен атамыз екеуіміз Ленин
ауданы Жданов қой совхозынан бірақ шықтық. Тоған – сай - деген жерде 1
отар қошқар бағып, қызығын да шыжығын да көрдік.
Келесі жылында совхозға Алматыдан Цой Лаврентий Иванович – деген
лауазымы жоғары кісі келіп, қарамағында ғылыми қызметкерлері бар, совхозда
бонитировка жүргізді.
Бір жыл қошқар бағып, арнайы совхоздан жодама алып, Лаврентий
Ивановичпен Алматыға тарттық. Сол кісінің қолында – үйінде тұрып Анна деген
тамаша апайдың ұлындай болып кеттім.
Оқуға лезде қабылданып, қошқар баққанның пайдасын сонда сезіндім.
Совхоздан екі жігіт Оңалбаев Абдіжаппар және мен қабылдандым. Жарты жылдан
кейін, Абдіжаппар Москваға ауысып кеті, 1970 жылы институтты бітіріп
Моторико - деген ауылшаруашылық Минисрі, қол қойылған арнайы жолдамамен
Шымкент облысына жіберілдім.
Облыстық ауыл-шаруашлық басқарма бастығы Ли Тен Ханға барып,
жолдамамен келгенімді айтып отырғанда О.Т.Төреғожин – деген кісі кіріп
келіп, сұрастыра келе сол жерден жолдаманы өзіне аудартып, Обл Плем Жив
Обьединение-ге зоотехник болып қабылданып 2 жылдай істеп жүргенімде, Сабит
ағам Төреғожинге келіп жолығып, мынау баланы маған беріңіз, шаруашылықта
істесін, деп алып кетті.
Сабит ағаның тікелей нұсқауымен Жданов совхозында бөлімше зоотехнигі
болып 1 жылдан аса, содан кейін К.Маркс колхозына Плем зоотехник етіп
ауыстырып, 1 жыл істедім. Әкем, елге қайт-деп Ленгір ауданына Коммунизм
колхозына правление қаулысын алып, бас зоотехник етіп тағайындалдым.
Екі жыл істедім, бір күні Иван Николаевич Серых правление төрағасы,
жоспарды асыра орындаудың тәсілін таптым, анау көрші, атағы жоғары
шаруашлықтар, саулықтар санын кем көрсетіп, пересортица,-деп акт жасайды
екен. Соны бізде істейміз, давай акт жазып саулық санын кемейт деп
уаказание берді.
Сонымен не керек, мен келіспедім ол кісі айтқанынан қайтпаған соң,
жағдайды айтым. Сабит ағамның атйқаны-ондай адам түбі жақсы болмайды, сен
тез арызыңды жаз да, жұмыстан босанып маған кел, Капланбекке барасың –
мұғалім боласың, директоры Арзанбек Ақтаев деген менің досым, қабылдайды-
деді.
Айтқаны болып, 1976 жылы мұғалімдік қызметті бастап кеттім. Жақсы
абыройға ие болдым, 1980 жылы Бүкіл Одақтың жеңімпаз атанып, басқарған
тобымен 21 бала мен жанұяммен және облыстан 12 еңбек озаттарын қосып
Москва Олимпиадасына барып, барлық жанама қызығын көріп қайтық.
Соңғы 16 жыл Капланбек гуманитарлық, агро-экономикалық коледжінде
директордың сырттай оқыту ісі бойынша орынбасары болып қызмет етіп келемін,
Сарыағаш ауданының құрметті азаматымын.
Менің жетістіктерім Сабит ағамнан алғаш тәрбие негіздеріне байланысты.
Ол кісі Дінмұхамбет Қонаевты пайғамбардай сыйлап, тағзым ететін, ол кісінің
әрбір айтқан сөздерін есіне алып, біздерге айтатын.
Ақиқаттан аттауға болмайды деп аталатын кітабын, сендер де оқыңдар,
үлкені пәлсапалық сабақ аласың деуші еді. Үрейден аулақ болайық, сенім
жоғалмасын. Қиыншылық деген, қиюы келіспейтін іс емес, жұмыла көтерейік –
деген сөзді жадыңнан шығарма, екіншіден тату үйге тақсірет жоламайды,
бірлігіңе ие бол, үшіншіден: өзіңе жақслық тілесең, өзгеге жамандық қылма:
деген сөздерін ұран есебінде жаттап ал деуші еді.
Тағы бір сөзінде білім мәселесіне көңіл бөлетінін айқын білдіретін
Инновациялық білім беру-дегенді білесің бе?-деп сұрайтын. Ол дегенің
теориялық тәжірибені –практикалық нәтижелерге бағыттау. Яғни, қоғамда
ғылыми – инновацияның өрісі ашылмай, толыққанды даму болмайды. Еліміз
шикізатың бағыттан арылып, экономиканы индустрияға бағыттау керек,
экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту керек. Яғни, адамдарға ойларын іске
асыра алатын жағдайға жеткізу керек.
Осы айтылғандардың негізі – білімде, оның сапасы мен мұғалімдердің
қабілеттігінде дейтін.
Оқушылардың өз аналарын қалай құлай сүйсе, Отанын да дәл солай сүйю
керек, - бұл заңдылық дейтін.
Анасын қадірлейтін ұрпақ жоқ, бірақ ұлтымыздың анасы болған Домалақ
ана, Қаршаш Айша бибідей аналарды қазіргі әйел-қыздар жалғасытар алып жатыр
ма? Қағынан жеріген құландай, өз балснан безінген тасбауыр ана, жеңіл
жүрісте жүрген қыздарға не айтуға болады – осы жөнінен тәрбиелік жұмыс
жүргізіңдер, үйдегі тәрбие ұлттық үрдіске негізделіп, қазақы қалпымыз ақ
қып тұрсын – дейтін.
Ұрпақ тәрбиесі жоқтан барға сүйенбейді, барды негіз етеді,
жадындағысын жаңғыртады, алдындағысын үлгі етеді. Егер үлгі етеріміз
болмаса үйретеріміз қайдан болмақ. Адам санасы ішкі түйсігіне тәуелді,
түйсіктен айырылғанның тірлігінде мән қалмайды.
Менікі – айту парыз, сенікі тыңдау қарыз, қарыздан құтылу айтылған
сөзден қорытынды шығару – дейтін.
Қарап ойланып отырып келген тұжырымм, не деген ғажап адам.
Көпті көрген, ойымен сүзіп – көптеген пәлсапалық тұжырымдар жасап,
жанындағы жандарға қамқор болып, күннің қызуындай болмаса да, жүректің
ыстық жылуын жанындағы жандарға таратқан Сабит ағамыз көзі көрген,
араласқан сыйласқан, бауыр, туыс, жекжаттардың көңілінде мәңгі қалады.
Топырағыңыз торқалы, жайыңыз жәннетте болсын көкем Сабит

Орынбек
Әкім бізге жиен үзілгенді жалғап жүр
Сұлтан жездемнің қамқорлығы
Жездем, атамның туған қарындасының отағасы еді. Әпкем Тынтай мен қыз
Жібекпен Төлегендей өмір сүрді. Жездем біздің Тілеубердиевтердің бір
баласындай еді.
Атам туған інісіндей жақсы көріп, ылғи ақылдасып отырушы еді. Маған
құда түсерде жездем Сәбит, ертіп барған, сол себепті жездем көзіме ыстық
көрінетін. 1966 жыл сәбит Бөржар совхозына бас зоотехник боп ауысты.
Совхоздың берген үйі, бір шетте оқшаулау еді. Жездемнің үйімен екі
орта қашықтау. Сонда әпкем екеуі уайымдап балдары жас еді келін қорқып
қалдыма – деп, түнде келіп үйді бір айналып қарап кетеді екен. Күнде
таңертең келіп, келін жүр үйге – жалғыз өзің отыр ма – деп ертіп кетуші
еді.
Сәбит кешке жұмыстан келгенде әпкем екеуі қуанып кетпеңдерші бүгін
үйге қона салыңдар – деп жібермеуші еді. Не деген қамқорлық, үлкен жүректі
азамат еді. Жұмыстан кейін Сәбитпен шүйіркелесіп құрдасындай, әзілдесіп
ұзақ отырушы еді.
Сәбит оларға ән-айтып, қызыққа бөлендіріп кетуші еді. 1974 жыл күз айы
әкімді тұңғыш немерем – деп екеуі бауырына басып, тәрбиелеген.
Осы Әкімді алып! Бірлікке қонаққа барды сол күні Әкім науқастанып
екеуі көп аялдамай қайтып кеті. Сол бізге ең соңғы сапары қош айтысуға
барғандай көрінді.
Сол 1975 жылы наурыз айында операциядан кейін, өмірмен қоштасты.
Жезде!!! өзіңдей ақылды, шарапаты мол, төңірегіне нұрын шашқан, ұрпағына
өсиет қалдырған, ардақты аталар көп болса – деп тілеймін.
Мәңгілік тұрағыңыз, жайлы болсын!
Әкімдей немерені тәрбиелеп, артыңда із қалдырды.
Өмірге естелік етіп қалдырған өсиет.
Жарыққа шығарып, балалық парызын өтеген: Әкім қайныма!!!
Атаңдай ардақты бол,
Еңбегің жансын дегім келеді.
Жеңгең Забира 2008ж.
Жиені жақсы қандайды
Үзілгенді жалғайды.
Әкім!!!
Атаның сүйіп туған немересін,
Сөзіне тауып айтқан кенелесің
Өзіңді адал туған ұлдеп едім
Мұхтардан ешбіржерің кем емессің
Ләйләға рахмет өзіңдей ұлды туған
Атадан тәлім алып, атаның жолын қуған
Атаның шарапаты
Басыңа бақ боп қонған.
Өмір бар жерде, өлім бар демекші.
Сәбитті де ақ жуып, арулап, қимастықпен шығарып салғанымызға екі жыл
толып қалыпты. Топырақтан жаралып, сол топыраққа қайтадан қауышып
жатуымыздың өзі табиғаттың заң ғой. Сол Төлебидің төсінде мәңгілік құтты
мекенге барғанда, байқайтыным; Біздің әулет үшін осы 7-8 жыл өте ауыр
болды. әулетіміздің ағасы, ақылшымыз, қамқоршымыз, бәрімізге шалыс кетсек
тойтарыс беретін, Ленгірдегі асыл атам кенеттен дүниеден өтті. Көп ұзамай
қанатын жайып жайқалып келе жатқан бәйтрегіміз сүйікті қайындарым Шакош пен
Нұркасен өмірдің қызығын көрер шақтарында ол дүниенің есігін ашты.
Артынша араға, жылдар салып Сәбитте мынау жарық дүниемен қош айтысты.
Алланың салғанына амал бар ма? Ауырлықты нар көтереді- деген Тағыда сол
арнамен 1,5 жылдық көлемінде жарқырап арттағы медеу тұтар асылымызда ол
дүниелік болды. Енді тіршілігінде осы қасиетті азаматар қалай бауырмал
болса, ол дүниелік құтты мекендерінде де сол бауырмалдықтарын сездіріп,
қабірлерінің арасынан қыл өтпей құшақтасып бәрі бір рулы ел болып
күйіркелесіп, сырласып жатқандай көрінед. Қасиетіңнен айналайын аталарымыз
Сәбитке сен! өміріміздің гүл едің ғой келдіңбе арысым деп құшақ жайып қарсы
алып өздерінің қатарына бірге алып жатыр, не деген құдіреті күш.
Бізді сағындырып сол жақа жетелейтін құдыретті күш Алла!
Бала – шағамызбен басымызды иіп, Аллаға мінәжәт етіп, құран бағыштап
барлықтарының жарқырап тұрған асыл бейнесін елестетіп тұрған асыл бейнесін
елестетіп, бойымзға қуат, жүрегімізге дәру тапқандаймарқұмның жеңілдеп
қайтамын.
Аруақтарыңнан айналайын аталарым! Қайындарым! Сәбитім! Мәңгіге бірге
болыңдар, жатқан жерлерің жайлы, топырақтарың торқа болсын – деп қимай
қоштасамын.
Мәңгі бақи біргеміз
Сөгілмейді іргеміз деп тұрғандай болады.
2008 жыл 11 мамыр Забира
Ал енді атамның екінші інісі, Үмі апамның үйіндегі өмірден ерте өтті.
Ол кісінің бауырмалдығы шексіз еді. Сәбитпен қызмете жиі арласып тұрды.
Бір апта көрмесе Сәбежан!
Келінді, балаларды алып-келіп қонып кетші – деп Мейір шапағатын төгіп
отырушы еді. Анам үміт екеуі бір біріне сай, жүректері ашық, дастархандары
мол, барлық ағайынды өздеріне үйіріп алатын. Құдай пейілдеріне берген –
көргенді жанұя еді.
Асқар таудай ардақты аталарым
Қабыл болсын әрдайым баталарың
Биік еді, ерекше жоталарың
Шашқан осы әулетке Аллада шапағатын
Әрдайым ашық еді жүректерің
Сағынып көрісуші еді айқасып білектерің
Мәңгі бақи біргеміз қараңдаршы!
Жатқандай орындарын тілектері!
Атамның шапағатына бөлендім Гүлжан
Мен 1998 жылы қазан айының 20-жұлдызында осындай шапағаты мол,
мейірімді, бауырмал отбасының ақ босағасына келіп болып түстім. Сондағы
атам мен енемнің менің маңдайымнан сүйіп жетінші қызым деп қабылдағаны
есімде. Сол күні атам мен енемнің қуанышында шек болған жоқ, Сөйтсем: Құтты
қонақ келсе қой егіз табады – деген: Атамның 60-жылдық мерей тойы, біздің
үйлену тойымызбен бірге өтпекші екен.
Сондағы байқағаным: Зал толы 600 жүздей адам жиналған. Бәрі атаммен
енемді құшақтап, құттықтап жатыр. Тойдағы атамның үзенгілес достары, жекжат-
жұраттары, тамның адмгершілік қасиеттеріне, еңбектегі жетістіктеріне жоғары
баға беріп жатты. Атамның соншалықты қадірлі азамат екеніне көзім жетті.
Той дүркіреп ойдағыдай өтті. Осы қара шаңырақтың еңсесін биіктетіу үшін
шаттыққа, нұрға толтырып тұратын, атамның жарқын бейнесі еді. Енді
төрімізде, ілулі тұрған жансыз бейнесі, күлімдеп Мұңаймаңдаршы! Мен
сендермен біргемін – ғой деп үн қатып тұрғандай болады.
Есімде
Құлыным! Деп Димашты тербегенің
Келінім – деп қыздардан кем көрмедің
Көңілімнен кетпейді ташым –ау
Еркелетіп Аңсармен тең көргенің

Жан-жағыма қараймын бағамдап,
Атқан таңмен арайлап
Жас жүрегім тулайды,
Атам менен енемнің қайтсем көңілін табмын деп.

Кіргізген үйіміздің берексін
Тасытқан ырысымен мерекесін
Қараса көз тоймайтын келбетіне
Екеуін ай мен күнге тең екенсің

Жаманымды жасырған
Мейірімді асырған
Айналайын енемнен!
Атамның құдретін бас ұрған.

Жеті перзент артыңда еккен талың
Өзің барда жайқалтқан жапырағың
Айдиана, Димаш, дулаттай жеткіншегің ұрпағың
Деп тілейді Алладан
Торқа болсын ата – деп топырағың

Төрдегі берекеміз
Күндегі мерекеміз
Жансыз бейнеңе қарап тәу етеміз!
Гүлжан келініңіз
11 мамыр 2008жыл
Немере
Ата
Тараған Аңсарыңнан Димашың ғой
Мәпелеп жақсы көрген қимасың ғой
Атамды сағынғанда
Теңселіп бұл дүниеге сыймайсың ғой

Димаш тұңғыш көрген немерең ғой
Біздерге көктем гүлін терген ең ғой
Сабақтан өңкей 5-тік алғанымды
Жүргенде бізбен бірге көрер едің ғой.

Ата!!!
Кеткенде көктем еді
Гүлдерде енді ғана көктеп еді
Күз болды келмедің ғой
Бізбен бірге көктем гүлін термедің ғой

Қиынды ұмыттырар
Сырыңды ұғып тұрар
Немере осы екен ғой
Апа! – деп күліп тұрар
Сәбитке арнау
Халқыңа қызмет еттің қалаулы боп
Ағайын құрмет етті аяулы боп
Қамқоршым! Асқар таудан бассам ау
Өмірің өтті қалай санаулы боп.

Құдіреті күшті Алланың
Дертің ауыр болды да жүрекке салды салмағын
Перзенттеріннің қызығын көрер шағында
Тістеулі кетті ау бармағың

Ата – анаң зарыққан көріп еді
Бір сені мыңға балап жүріп еді
Сымбатың мінезіңе жарасатын
Ақылың бір өзіңе серік еді

Бар еді жұртқа беделі
Қиянаты жоқ еді
Халқы үшін жаралған
Жанып тұрған шоқ еді

Ауырлық көтеретін нар еді
Өсиетін ұрпағыңа жыдық азық нәрсе еді
Жақсыда ажттық жоқ деген
Ағайынға, досқа да шапағатың бар еді.

Жәннәтта болғай тұрағың
Сағым болып ұшып кетті-ау шырағың
Із қалдырдың артыңда
Жанып тұр ғой шырағың
Бас едің ғой Сәбит-ау бала менен шағаға
Қамқоршы едің Сәбит-ау ініменен ағаға
Өмірімді өксіткен
Емді қайдан табамын жүректегі жараға

Құмар етті, өзіңе сыңар етті
Соңғы жылдар, өзің мен сынап өтті
Тағдырыма Ризамын саған қосқан
Өмір өзен зымырап ағып өтті

Жалыныңа күйемн шарпып өткен
Пейіліңе куәмін шалқып өткен
Келбетіңе ынтықпын тәнті еткен

Арайлаған нұр жүзің сусынымды қандырған
Өзің едің, бас ием! Басыма бақ қондырған
Дертіңнің болмай шипасы өзегіңді талдырған
Ауыр болды, қазаңда
Қапыда бізді қалдырған.

Кетпейсің ойдан көңілден
Қимай ғана біздерді қош айтыстың өмірден
Жарқ етіп келіп өмірге
Құдіреті күшті Алланың
Бас тартпадың өлімнен

Ризамын! Сәбитпен өмірімді қосқаныма
Көтерсін, көтереді-деп қиындықды тосқанына
Қайғысына, қазаның шыдап өттім.
Жүрегімді тілгілеп осқанына
Күлімдеген нұр жүзің шуақ шашып
Жаттыда, бауырды да қарсы алушы ең құшақ ашып
Не деген ұшқыр еді өмір шіркін
Барады, сен кеш келі екі жылдан асып.

Бұл өмір ойлап тұрса, шолақ екен
Адамзат, бір-біріне қонақ екен.
Басиең қартайғанда сырласатын
Абысын – ажыныңдай болады екен

Асылым, Алатаудай ардағым-ау
Өмірде, Аңсарың бар, арманың-ау
Құдайға тоба деймін сені берген
Әкеңнің өмірін сен жалғадың –ау

Қиын қыстау сәттерде өткердің ғой
Балдарды кәмелетке жеткердің ғой
Енді ғана қызық көрер шағыңда
Алда еді ғой, қызығыңда бағыңда.

Көз алдымда: Мақсатыңа енді ғана жеткенің
Бұл өмірден талап сырды кеткенің
Артыңдағы жауқазындай балдарды,
Қалай ғана, қиып тастап кеткенің.

Басымдағы айдарымдағы, ардағым
Енді ғана жетілгенде балдарың
Қызығымда, байлығымда деуші едің ғой балдарым,
Арыстай боп ортамызда жүргенің
Егілтеді –ау айдалада төмпешік қалғаның
Бала-шағаң енді жеткенде
Пайыз таппай сағынушед сен алысқа кеткенде
Алланың амал барма салғанына
Ортадан ебін тауып алғанына

Өлді деуге ардағым-ау қимадым,
Неге ғана кең дүниеге сыймадың.
Көз жанарың сөнерінде жәутеңдеп
Қалай тастап кетемін-дей қимадың.

Әлі есімде ерттеулі атқа мінгенің
Жора-жолдас ішінде күлімдеп сенің күлгенің
Сенің арқаңда, менде бақытты болып жүргемін
Қараша ханның арқасында,
Әйел ердің арқасында демекші.

Сәбиттің арқасында
Талай бақытты күндерді
Бастан өткіздім
Сәбитке ризамын!

Күлгенің, әзіліңде жағымды еді,
Басыма келіп қонған бағымба еді.
Әлде бір ұшып кетер сағымба еді,
Көп күтті келерме – деп
Балдарыңда, өзіңді сағынды енді.
Шуағын төңірекке шашып өткен,
Нелер қиын асуды асып өткен.
Жігіт ең нар тұлғалы
Өзіңе талай қызды, ғашық еткен.
44-жыл отандасқан жан серігім-ай
Халқыңа қызмет еттің беріліп-ай.
Еліңде еңбегіңді бағалар ма еді
Өзіңдей дал ұлды табалар ма еді.

Сәбит!
Сен аман болғаныңда биыл 70 ке толар едің
Жан жүрегіңмен жылуын төңірегіңе шашып, бізбен бірге болар едің.
Әттең! Қатал тағдыр ортамыздан алып кетті.

Төрде отырған ардағым
Бітпейді-ау менің арманым
Жасытып бізді отыр ғой
70-ке биыл толғаның

Қунар ем, 70ке толғаныңа
Сенбеймін ол дүниелік болғаныңа
Өкінем елес болып қалғаныңа
Ешкімде тұрақты емес бұл дүниеде
Кездесермек жер-ананың қойнауында.

Жаны жаз, көңілі көктем азамат ең.
Сәбит: Нұр шашқан Алатаудың өктерінде
Гүл терген, балалық шақ көктемінде
Сайрам су суы таза, өңірінде
Сол судай, таза мөлдір көңіліде
Сайрам су кіндік қаны тамған жері,
Биік етіп ұшырған самғап желі
Сол бабалардың рухы қолдап,
Бақ қонып қыдыр дарыған
Өскен өнген әулетте
Дүниеге келіпті Атамыз марқұм
Сәбиттің әкесі: жастайынан еңбекке араласып 15 жасынан намаз оқып,
Ислам дінін жетік меңгерген шарапатты қария екен соғыс кезінде балалардың
сауатын ашып, мектепте ұстаз болып, одан кейін колхоз басқармасының
міндетін атқарған еңбекқор, елге сыйлы қадірлі азамат.
Ұлы Отан соғысының ардагері, осындай өнегелі азамат, енеміз Айбүбі
екеуі 1 ұл 4 қыз тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадіменді
жанұя екен.
Енем марқұм етек жеңі кең, сабырлы, ақылды, мейірімді ана еді. Қазір
сол төрт қыздың үлкені Бегімкүл әпкеміз өскен-өнген от-анасы. Үш қарындасы
бәрі өнегелі отбасылар.
Атамыз 7 ағайынды 2 әпкесі өзі төрт інісі жапырағын кеге жайған
мәуелі ағаштай еді.
Тамның әпкесі 40-жасында қайтыс болып, біздің атам-інілерінің бәрін
өз бауырына басып, тәрбиелеп, білім әперіп, әрқайсысына жақсы жерден келін
түсіріп, слардан өнегелі от басы болуына. Жарықтық әжем атамның шешесі екеі
көп ықпалдарын тигізіп оң қол –сол қолдарын танытқан екен.
Жеміз сымбатты, сұлу көпті көрген, бақытты ана еді. Келін ененің
топырағынан жаралады – деген. Нарүбі апам бастаған: Үміт ата Жұпар ана
Қалайым, жеңешеде бәріде сол әжеміздің топырағынан жаралғандай көрінуші
еді. Міне осындай отбасында тәрбиеленген Сәбит қалай жамн болады.
Ағаларының, жеңгелерінің аялы алақында, көзінен от шашқан жүзінен нұр
төгілген, адал аңқылдаған, тәрбиелі жақсылыққа жаны жақын сауатты зерек,
өжет азамат болып өсіпті.
Сол тәрбиенің жемісі шығар мектепті алтын медальға бітіріп, Алма-
Атада зоовет. Институтына түседі. Институттада жақсы жағынан көрініп
группада староста болады.
Оқудан терең білім алып оны 1962 жылы тәмамдайды. Сонымен өмірге
жолдама алып Арыс ауданы, жданов қой совхозына Бақырша бөлімшесіне кіші
зоотехник болып орналасады. Оқуын бітірген соң, ата-анасы енді бізге келін
түсіріп бер деп қолқа салады.
Жоғарыда айтып өттім: Сәбит бір анадан 4-қыз бір ұл деп Сәбитті
зарығып жүріп көрген екен. Ендігі осы қара шаңырақтың иесі, көздерінің
қарашығындай, үміт күтіп, өздеріне жайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит Мұқанов және әдебиет
Сәбит Мұқанов және эпистолярлық жанр
Сәбит Мұқанов шығармашылығы
Сұлу сөздің сардары – Сәбит Мұқанов
«Адасқандар». романнан повестке
Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ шығармасының поэтикасы
Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
С.Мұқановтың ғылыми зерттеулері, еңбектері
С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Пәндер