Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру


Мазмұны
Кіріспе
1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1. 1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері және
олардың классификациясы
1. 2 Активті және пассивті операциялардың тәуекелдері
1. 3 Банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістері
2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының тәжірибесінде
банктік тәуекелдерді басқару әдістері
2. 1 Валюталық тәуекелдерді басқару мәселелері
2. 2 Пайыздық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістері
2. 3 Несиелік тәуекелді басқару : талдау және бағалау
3. Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді
басқаруды жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жоғары тәуекелді талап ететін қызмет түрінде жоғары табысқа жету үшін банктер шешім қабылдаудың ерекше механизмдерін дамытуы қажет. Банктер өздеріне қандай тәуекелдер және қандай көлемде тәуекел қабылдай алатындығын бағалауы қажет; тәуекелдің түрі күтілетін табысқа сай келетіндігін анықтауы қажет. Осылардың негізінде тәуекел факторларының әсерін төмендететін іс-шаралар құрып және оларды жүзеге асыру керек. Бұл міндеттің жүзеге асыру әдісі банктің басшылығына тәуекелдің сол немесе басқа түрін бақылап отыру және өлшеу, анықтау және осы арқылы оның әсерін төмендететін тәуекелді басқару жүйесін құру болып табылады.
Банктік қызмет өзінің табиғаты бойынша банк өнімдерінің күрделілігіне байланысты көбейетін тәуекелдер жүйесінің пайда болуын анықтайды .
Тәуекел адам іс-әрекетінің кез-келген саласында көрініс табатын объективті оқиға болып табылады. Ол кәсіпкерліктің барлық саласында кездесетін көп аспектілі категория. Өзінің табиғаты бойынша тәуекел жағымсыз оқиғаның болуымен сипатталады. Яғни, тәуекелге ұшырау барысында кәсіпорын экономикалық немесе басқа да шығындарды шегеді.
Кез келген кәсіпкерлік іс тәуекелмен байланысты, әсіресе банктер үшін тәуекелді басқарудың маңызы жоғары болып келеді. Өйткені, банктер нарықтағы конъюнктуралық өзгерістерді бірден қабылдайтын сегмент.
Бүгінгі таңда банктер операциялардың көптеген жаңа түрлерін атқаруда. Ол операциялардың әрқайсысы белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болып келеді. Осы шешімдерді өз мойнына алу банк ісінің негізі болып табылады. Тәуекелдер міндетті түрде реттелуі керек және банктің қаржылық мүмкіндігінің шегінде орналасуы керек. Осы мақсаттарға жету үшін банктер тарапынан тәуекелдерді басқарудың саясаты қалыптастырылады.
Нарықтық жағдайда банктік тәуекелдер жоғары деңгейде болады. Сондықтан банктер косымша капиталды қажет етеді. Банктік кызметтер тәуекелсіз жүруі мүмкін емес, өйткені банктің кез келген операциясы тәуекелмен байланысты болып келеді. Банк ісінің тарихында тәуекелдерді дұрыс басқармауына байланысты көптеген банктердің банкроттыққа ұшырағанына көз жеткізуге болады.
Бұл тапқырыптың өзектілігі банк ісінің негізі - тәуекел болып табылатындығын анықтайды . Олардың қабылдайтын тәуекелдері ақылға сыйарлықтай, үнемі бақыланатын және олардың қаржылық мүмкіндіктері мен компетенттілігінің шегінде болған кезде ғана банк табысты болады. Банктердің активі, негізінен несиелері қаражаттардың кез келген ағынын, шығындарын және зиян шегулерін жаба алатындай болып, сонымен қоса біршама табыс әкелуі керек. Бұл мақсаттарға жетуді тәуекелдерді қабылдау және оларды басқару туралы банктің саясаты анықтайды .
Банктердегі тәуекелдерді басқару - қиын мәселе, бұл идентификация процесінің көп қадамдылығы, бағалау (өлшеу) және тәуекелдерді басқару. Банктердің коммерциялық операцияларын жүзеге асыру барысында тәуекелдерді басқару банк үшін күннен күнге маңыздылығы артуда .
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - банктік тәуекелдердің мәні және пайда болу себептерін талдау, сонымен қоса банктік тәуекелдерді басқару әдістерін қарастыру . Банктік тәуекелдердің теориясына талдау жасай отырып, олардың түрлерін, оларды бағалаудың әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты олардың Қазақстанның банктік жүйесінде колданылу мен басқарылуының теориялық аспектілерін анықтау және тәуекелдерді баскаруда шетелдік тәжірибе мен отандық тәжірибені салыстыра отырып, коммерциялық банктер үшін тәуекелді баскарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатты ұстана отырып, бізге келесі тапсырмалар берілді :
- банктік тәуекелдердің пайда болу себептерін анықтау және олардың мәні;
- негізгі банктік тәуекелдердің сипаттамасы;
- банктік тәуекелдерді басқару әдістерін анықтау;
- тәуекелдерді басқару және оларды төмендету бойынша банк қызметінің даму жолдарын көрсету.
- Қазақстан жағдайында тәуекелдерді басқару әдісін анықтау;
- шетелдегі банктердің тәуекелдерді басқаруына талдау жасау;
- отандық және шетелдегі банктік тәуекелдерді басқару тәжірибелерінің негізінде біздің экономикаға қолайлы басқару әдістерін анықтау.
Менің жұмысымның негізгі мақсаты - банктік тәуекелдер аясында банктік менеджменттің ең тиімді құралдары мен әдістерін ұсыну болып табылады.
Зерттеу объектісі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызметі болып табылады.
Зерттеу тапсырмасы банктік тәуекелдерді басқару бойынша банктің қызметі.
Бұл жұмысты жазуда теориялық негіз ретінде Қазақстан, Ресей және шетел экономистерінің жазған ғылыми еңбектері және Қазақстан Республикасының банкке байланысты нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан құрылған. Кіріспеде жұмыстың өзектілігін дәлелдей келе, мен, бірінші тарауда жалпы банктік тәуекелдердің маңызын зерттеп, банктік тәуекелдердің экономикалық мәнін қарастырдым .
Екінші тарауда банктік тәуекелдерді басқару әдістерін, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының тәжірибесінде валюталық тәуекелдерді, пайыздық тәуекелдерді және несиелік тәуекелдерді басқарудың негізгі мәселелерін қарастырдым.
Екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерін шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру жолдарын үшінші тарауда көрсеттім .
1. Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні
1. 1 Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері мен себептері және олардың классификациясы
Тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады . Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды1.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді . Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты. Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдылығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Банк басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі (1-сурет) . 2 Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
1. Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
а) Проценттік тәуекел - ағымдағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
b) Валюталық тәуекел - валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
с) Инвестициялық тәуекел қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.
2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел деп - контрагенттің міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
а) Оперативтік тәуекел - банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық қүрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен камтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.
б) Стратегиялық тәуекел - банк қызметінің дұрыс үйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар : шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, каржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.
1-сурет. Банктік тәуекелдердің пайда болу көздері
Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:
- Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
- Проценттік тәуекел нарықтағы проценттік ставканың ауыткуымен байланысты.
- Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
- Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы кағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
- Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың түрақтылығымен сипатталады.
- Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейдегі ауытқуымен байланысты.
- Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
- Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
- Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Тәуекелді басқару мен бағалау тиімділігі көбіне оның классификациясымен анықталады. Тәуекелдерді классификациялау деп көзделген мақсаттарға жету үшін оларды анықталған белгілері бойынша белігілі бір топтарға бөлуді айтамыз. Ғылыми негізделген классификация жалпы жүйедегі әрбір тәуекелдің орнын анықтауға мүмкіндік береді. Ол тәуекелді басқарудың керекті әдістері мен тәсілдерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Қазіргі заманға сай экономикалық әдебиеттер мен тәжірибеде басқару және талдау мақсаттарына байланысты банк тәуекелдерінің көптеген классификациялары бар.
Несиелік тәуекел - негізгі тәуекел, себебі несиелеу банк қызметінің негізі болып табылады.
Несиелік тәуекел түсінігінің көптеген нұсқалары бар. Кейбіреулеріне тоқталайық: қарыз алушының негізгі қарызды және несиеге тиесілі пайызды несие берушіге (банкке) төлемеу қаупі; қарызды өтемеу тәуекелі - қарыз алушының өз міндеттемесін орындамау мүмкіндігі; ссуданы қайтармау себебінен таза табыс пен акцияның нарықтық бағасының өзгеруі; қарыз алушының қарызды жабу мүмкіндігі мен қарызға қызмет жасау (пайыздарды төлеу) мүмкіндігінің жоқтығы салдарынан банк табысының төмендеуі мен акционерлік капитал бөлігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады3.
Несиелік тәуекелге қарыздық бағалы қағаздар шығаратын эмитент, олар бойынша пайыздарды немесе негізгі қарыз сомасын төлеуге мүмкіндігі болмауы да кіреді. Несиелік тәуекел қарыз алушылар мен несие берушілерді де негізгі қызықтыратын нәрсе.
Міндеттерге қызмет етуге болатын ақша қаражаттарының қозғалысына жалпы экономикалық ортамен қоса, банктің ішкі ортасы да әсер етеді. Жеке тұлғаның қарызды өтеу мүмкіндігіне оның қызметпен қамтылу деңгейі, меншікті капиталдың көлемі және тағы басқалары әсер етеді. Осыған орай банк ссуда алуға сұраныстың әрбірінде қарызгердің қарызды уақытылы қайтару мүмкіндігін анықтау үшін талдау жүргізеді. Мемлекетік инвестициялық бағалы қағаздардың (оларды формальді түрде мемлекетің несиелеу инструментеріне де қатынастыруға болады) тәуекелі аз болғанымен, олар бойынша міндетемелердің орындалмау жағдайы да болған.
Осылай, несиелік тәуекелідің көлемі сыртқы факторлармен қоса ішкі факторлардың әсеріне де байланысты болады. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі әрекеті банктің ішкі саясат сферасына қатысты.
Несиелік тәуекел - банктің қаржылық жоғалуына әкелуі мүмкін клиенттердің келісім шартта көрсетілген немесе күтілген қаржылық міндеттерін орындамау тәуекелі. Осылай, несиелік тәуекел - клиенттің банк алдындағы өз міндетін орындау мақсаты мен мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Шартты түрде несиелік тәуекелдің келесі түрлерін көрсетуге болады:
- несиелеудің тікелей тәуекелі;
- несиелеудің шартты тәуекелі;
- контрагенттің келісімді талаптарын орындамау тәуекелі;
- эмиссиялар мен орналастыру;
- клирингтік тәуекел .
Несиелік тәуекел операцияның жүргізілуінің барлық мерзімі ішінде банк тәуекелге бас ұратын несие мен несиелік өнімдерді ұсынумен байланысты. Несиелеудің тікелей тәуекелі клиенттің нақты міндеттемесі орындалмау мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекел ссудадан бастап тігілу операцияларымен аяқталатын барлық банк өнімдеріне қатысты. Несиелеу операциясын жүргізу мерізімінің барлық кезеңінде бар болғандықтан ұзақ мерзімді несиелеу қысқа мерзімді несиелеуге қарағанда тәуекелі жоғары болады. Тәуекелдің бұл түрі міндеті болады, бірақ ол нақты бағалауға мүмкіндік береді. Тәуекелдің есептік көлемі негізінде керекті резерв көлемі мен пайыз көлемі анықталады. Берілген тәуекел негізінен қарыз алушының несие мүмкінгіне (коэффициенттер, ақша ағынының талдауы, рейтингтік бағалау, басқа да әдістемелер) негізделеді.
Несиелеудің шартты тәуекелі клиенттердің мүмкін міндеттемелері уақытылы орындалмау мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Басқа сөзбен айтқанда, несиелеудің шартты тәуекелі - бұл несиелеудің мүмкін тәуекелі. Бұл тәуекел мысалы, аккредитив көрсеткенде, кепіл бизнесте пайда болады.
Келісім шартты орындау уақытына дейін контрагенттің келісімнің шарттарын орындамау тәуекелі несие тобына жатады, өйткені бағалаудың негізгі аспектісі несиелік шешім қабылдаумен байланысты контрагентің несиелік мүмкіндігі. Оның көлемі берілген келісім шартты басқа клиентпен келісім шартқа ауыстыруға қажетті, сонымен қоса нарықтың ауытқуларына байланысты басқадай ағымдағы шығындар көлеміне байланысты анықталады. Егер талдамалық келісім шарт бойынша нарық пайыз мөлшерлемесі жойылу келісім шартына қарағанда тиімділігі аз болса, онда банк шығын шегеді. Тәуекелдің мұндай түрі синдицирланған несиелеу кезінде мүмкін: контрагент банк клиентпен келісім шарт жасасқаннан кейін өзінің міндеттерін орындауынан бас тартуы мүмкін. Депозитті келісім шарт жасасу барысында банктік қаражаттар белгілі бір кезеңге тартылған және бұл қаражаттарды белгілі бір активті операцияларға салады. Егер клиент депозиттерді қайта талап етсе, банкке пассивтермен қамтылмаған активтер қалады.
Келісім шарт орындау мерзіміне контрагентің міндеттермелерін орындамау тәуекелі банк келісімдегі шарттарының өз бөлігін орындауы, бірақ қаражаттардың жауапты қозғалысының болмауы кезінде жүргізіледі. Бұл кезде келісім шарттар бұзылмауы мүмкін, мысалы сағаттарының айырмашылығы. Осылай, берілген тәуекел несиелеудің тікелей тәуекеліне жатады.
Эмиссия мен орналастыру тәуекелі андеррайтинг пен сатушы немесе эмитенттен бағалы қағаз немесе басқада қарыз инструментін алуға міндеттеме алып бағалы қағаздарды орналастыру қызметі кезінде болапды. Бұл тәуекел қазіргі кезде көптеген банктер қарыздық бағалы қағаздар шығарумен айналыстындықтан өте маңызды. Бұл кезде келісілген мерзімде инвесторға немесе сатып алушыға инструмент сатылмау тәуекелі бар болады. Эмиссия мен орналастыру тәуекелінің негізін банктен қысқа мерзімге алынған бағалы қағаздар немесе басқа да қарыз инструментінің нарық құны эмитенттің қаржылық жағдайы өзгергенде өзгеруі банкті қаржылық шығынға ұшырататындығы құрайды.
Клирингтік тәуекел клиентердің тапсырысы бойынша қаражаттарды аудару операцияларында пайда болады және клиенттің шотынан банктің шотына уақытылы түспеуінен болады.
Берілген тәуекелдер несие тобына жинақталған, себебі клиентерге немесе контрагент банктерге қаражаттар ұсынуға байланысты міндеттемелердің пайда болуымен сәйкес келеді .
Осылай, негізгі анықтама келесі түрде болады: несиелік тәуекел - несие алушының банкке негізгі қарыздың сомасын қайтармауы, қайтару мүмкіндігінің жоқтығы немесе қайтару ынтасының жоқтығы салдарынан басқа сөзбен айтқанда, несиелік тәуекел - банк алдында клиент өзінің қаржылық міндеттемесін орындау мүмкіндігі мен ынтасына байланысты тәуекел.
Тәжірибеде барлық тәуекелдер өзара байланысты және өзара тәуелді (мысалы, несие тәуекелі пайыз тәуекелімен тығыз байланысты орналасқан) . Яғни, несиелік тәуекелді басқару толығымен банктің қарызгердің қаржылық жағдайы мен оның болашақтағы динамикасын толық және дұрыс анықтау мүмкіндігіне байланысты. Айта кеткен жөн, несиелік тәуекелді бағалау кезінде клиентің қарызды қайтару дайындығына үлкен көңіл бөлген жөн. Осы кезде ең бірінші сапалық факторларға кейін сандық факторлар алынады.
Нарықтық тәуекел жоспарланғанмен салыстырғанда банк табысты ала алмауы немесе банк шығынға ұшырайтын қаржылық инструментердің бағасының өзгеруі. Нарықтық тәуекел тобына көбінесе пайыздық, валюталық, өтімділік және т. б., яғни қандай да болмасын экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлардың өзгеруіне (инфляция темпі, қайта қаржыландыру мөлшері, бағалы қағаздардың бағасы, валюта курсы, биржалық индекстер және т. б. ) байланысты тәуекелдер кіреді. Мұндай кең деңгейдегі нарық тәуекелділігінің анықтамасына несиелік тәуекел де кіреді.
Кей кезде нарықтық тәуекел шағын деңгейде түсіндіріледі: қорлық нарықтың конъюнктурсына тәуелді портфельді инвестицияларды басқару кезінде пайда болатын тәуекел4.
Пайыздық тәуекелдерге берілген несиелердің пайыздық мөлшерлемесінен тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінен артып кету тәуекелі жатады. Сондықтан пайыздық тәуекел тікелей және нақты несиелік тәуекелдің конъюктурасымен байланысты. Акциялар бойынша дивиденттердің өзгеруінен, облигациялар, сертификаттар, басқа да бағалы қағаздар бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеруінен инвестор-банктердің ұшырайтын жоғалту тәуекелдері пайыздық тәуекелдерге жатады. Нарықтық мөшерлеме динамикасы табыстар мен шығындар арасындағы өзгеріс көлеміне әсер етеді, сондықтан шағын мағынада пайыздық тәуекелді пайыз маржасының азаюына байланысты банк табысының жоғалу немесе қысқару тәуекелімен түсіндіруге болады. Басқа сөзбен айтқанда, тартылған қаражаттардың орташа құнының активтердің орташа құнынан асып кету тәуекелі.
Пайыздық тәуекелге ұшырайтын банктің активтерінің негізгі құрамдасына бағалы қағаздардың сауда портьфелі жатады. Пайыздың нарықтық бағасының жоғарылауы негізінен бекітілген пайызбен облигациялардың, бағалы қағаздардың айналым құнының төмендеуіне алып келеді. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражаттар салған инвестор бекітілген деңгеймен салыстырғандағы ағымдағы орта нарықтық пайыздың өсуі кезіндегі бекітілген пайызбен пайыздық тәуекел алады. Бұл тәуекелге бекітілген деңгеймен салыстырғанда ағымдағы орта нарықтық пайыздың өсуі кезіндегі бекітілген пайызбен орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражаттар салған эмитент те ұшырайды.
Инфляция кезінде пайыз мөшерлемесінің жылдам өсуі барысында берілген тәуекел түрі қысқа мерзімді бағалы қағаздарға да маңызы бар.
Пайыздық тәуекелге несиелік тәуекел көлеміне қосылмаған болса, берілген несие бойынша қарызгердің пайызды төлемеу тәуекелі де жатады.
Бекітілген пайыз мөлшерлемесімен ұзақ мерзімді несие беру банк несиелеу кезеңінде пайыз мөлшерлемесі өсу тәуекеліне ұшырайды. Пайыз тәуекеліне пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтер қатынасы ең көп әсер етеді. Сондықтан да ұзақ мерзімді несиелеу кезінде банктер өзгермелі пайыздар құруға талпынады.
Банктің активтер мен пассивтерінің көп бөлігі пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекеліне ұшырайды. Сондықтан, жақсы қызмет жасайтын банктің табыстары мен шығындарының көп бөлігін пайыздық табыстар мен шығындар құруы керек. Осылай, банк банкаралық несиені нарықтық құнынан жоғары алу тәуекеліне ұшырайды, яғни пайыздық шығындар жоғарылайды. Депозиттерді орналастыру кезінде керісінше жағдай пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz