Тіл білімі және оның зерттеу нысаны



Алғы сөз ... ... ... ... ... ...3
Бірінші дәріс. Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) ... ... ... ... ... .4
1.1 Тіл білімі жөне оның салалары ...4
1.2 Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны.5
1.3 Тіл білімінің баскд ғылымдармен байланысы... 6
1.4 Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні.
Екінші дәріс. Тілдің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері ... .9
1. Тілдің шығуы ... ... ... ... ... ... . 9
2. Тілдің дамуы ... ... ... ... ... ... . 11
3. Тілдердің өзара әсерлері ... ... 13
Үшінші дәріс. Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі ... ... ... ... ... 15
1. Тілдің табиғаты... ... ..15
2. Тілдің қоғамдық қызметі ... ... ... ... ... 16
3. Тіл және ойлау ... ... ... ... ... 17
Төртінші дәріс. Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік сипаттары ... ... ... ...19
1. Тілдің таңбалық сипаты ... ... ... ... ... 19
2. Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты...
3. Синхрония және диахрония ... ..24
Бесінші дәріс. Морфология ... ... ... ... ... .26
1. Морфологияның жалпы мөселелері ... 26
2. Сөздің морфологиялық күрылымы ...26
Алтыншы дәріс. Грамматика. Грамматикалық тәсілдер мен формалар және олардың мағыналары
1. Грамматикалық тәсілдер ... ... ... ... ... ... 31
2. Грамматикалық формалар мен грамматикалық мағыналар...36
3. Грамматикалық категориялар ... ... ... ... ... ...36
Жетінші дәріс. Сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылымы
1. Сөз тіркесінің құрылымы ... ... ... ... ... ..43
2. Сөйлемнің құрылымы ... ... ... ... ... ... 47

Сегізінші дәріс. Сөз таптарының шығуы мен дамуы жөне олардың топтастырылуы ... ... ... ... ... ..48
1. Сөз таптарының шығуы мен дамуы ... .48
2. Сөз таптарының топтастырылуы ... 51

Тоғызыншы дәріс. Дүние жүзі тілдері және олардың топтастырылуы ... ... ... .53
1. Тілдердің шығу тегі, туыстық (генеалогиялық) жағынан топтастырылуы ... ... ... ... ... ..54
2. Тілдердің құрылымдылық (типологиялық) ерекшеліктері жағынан топтастырылуы ...56
Оныншы дәріс. Жазудың шығуы мен дамуы ...60
1. Пиктографиялық (суретті) жазу ... ..60
2. Идеографиялық немесе логографиялық жазу ... ... ... ... .. ... ..61
3. Буын жазуы ... ... ... ... ... ... 62
4. Әріп (дыбыс) жазуы ... ... ... ... ... ... .63

Он бірінші дәріс Лексикография ... ... .65
Он екінші дәріс. Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты ... ... ... ... ... ... ... ..71
Оқу материалын қайталауға арналған сұрақтар ...75
Әдебиеттер ... ... ...79
Мазмұны ... ... ... ... ..80
Тіл білімі (лингвистика) - тіл және оның даму зандары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында (деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.
Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде тағы да бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы 1) сипаттама фонетика, 2) салыстырмалы-тарихи фонетика, 3) эксперименттік фонетика және тағы басқа болып сараланады. Лексикология, грамматика да дәл осындай.
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары (деңгейлері) ылғи дамуда болады. Ол даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму зандары бойынша дамиды.
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы (лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір- бірімен тығыз байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл білімі тілдің, жоғарыда айттық, әр түрлі салалары мен оның тармақтарын, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі зандылықтарын зерттейді.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы — тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
1. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. А., 1962.
2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А, 1973, 1978, 1993.
3. Головин В.Н. Введение в языкознание. М., 1973, 1977, 1980
4. Кодухов В.И. Введение в языкознание. М., 1979, 1987.
5. Қалиұлы Б. Тіл біліміне кіріспе. А., 1997.
6. Қордабаев Т.Р. Тіл білімі мәселелері. А., 1965.
7. Маслов Ю.С. Введение в языкознание. М., 1975, 1987.
8. Перетрухин В.Н. Введение в языкознание. М., 1960, 1973.
9. Реформатский А А. Введение в языкознание. М., 1967.
10. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
11. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері. А, 1995.
12. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1990.
13. Широков О.С. Введение в языкознание. М., 1985.

Сөздіктер
1. Аманжолов А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминология сөздігі. А. 1997.
2. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. М., 1966.
3. Кеңесбаев I., Жанұзақов Т. Тіл білімі терминдерінің орысша-казақша сөздігі. А., 1966.
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. А, 1998.
5. Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.
6. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь-справочник лингвистических терминов. М., 1976.
7. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. А, 1998.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
ТІЛ БІЛІМІНЕ КІРІСПЕ
Гуманитарлық мамандықтар студенттеріне арналған негізгі дәрістердің
конспектісі

1. Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)

"Тіл біліміне кіріспе" - жоғары оқу орындарының филология
факультеттерінде өтілетін теориялық пән. Пәннің мақсаты мен міндеті -
студенттерді тіл білімінің негізгі үғымдарымен, терминдерімен таныстыру,
оның басты-басты теориялық кағидаларын баяндап беру.

1.1 Тіл білімі және оның салалары

Тіл білімі (лингвистика) - тіл және оның даму зандары туралы ғылым. Тіл -
қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау,
сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық
құрылысы болады.
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында
(деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің
фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.
Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде тағы да
бірнеше тармақтарға бөлінеді. Мысалы, фонетика саласы 1) сипаттама
фонетика, 2) салыстырмалы-тарихи фонетика, 3) эксперименттік фонетика және
тағы басқа болып сараланады. Лексикология, грамматика да дәл осындай.
Тіл және оның жоғарыда аталған әр түрлі салалары (деңгейлері) ылғи
дамуда болады. Ол даму қалай болса солай емес, тілдің ішкі даму зандары
бойынша дамиды.
Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі (фонетика), сөздік құрамы
(лексикология), грамматикалық құрылысы (грамматика) бір- бірімен тығыз
байланыста болады және бір-бірімен тығыз бірлікте сөз етіледі. Өйткені, тіл
білімі тілдің, жоғарыда айттық, әр түрлі салалары мен оның тармақтарын,
олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі зандылықтарын
зерттейді.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл
білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар.
Алдыңғысы - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы —
тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Белгілі бір тілді (оның жүйесі мен құрылымын) ғылыми тұрғыдан талдап
түсіндіру үшін және оның даму зандарын айқындау үшін, ол тілді және ондағы
фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды туыстас тілдердегі бір
тектес кұбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу кажет. Яғни тілдің
табиғатын, оның даму зандарын айқындаудың басты шарты — тілдік құбылыстарды
салыстыру және тарихи (өзгеру, даму) тұрғысынан зерттеу. Бұны салыстырмалы-
тарихи әдіс деп атайды.
Белгілі бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму зандарын
айқындайтын жеке тіл білімі (мысалы, қазақ тіл білімі немесе орыс тіл
білімі) бар да, ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы болып саналатын
жалпы тіл білімі бар. Жалпы тіл білімі — нақты бір тіл туралы емес, адам
баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек, тіл
білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі, әдетте,
бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады. Оларды
жинақтай келіп, жалпы теориялық топшылаулары мен қорытындылар жасайды.
Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке
тілді зерттеу үшін кажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-
бағдар сілтейді.
Сөйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара
қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің
даму зандарын айқындайды; дүние жүзіндегі тілдерге классификация жасайды;
ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.
Жалпы тіл білімі - тіл туралы ғылымның теориялық саласы. "Тіл біліміне
кіріспе" деп аталатын курс - міне, осы жалпы тіл білімінің бастамасы. Ол
жалпы тіл білімі қарастыратын мәселелерді оқып білу үшін алғашқы баспалдақ,
соған жолдама іспетті.

1.2 Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны

Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса,
екінші тобы - қоғамдық құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану
ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық
құбылыстарды - қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, психология, логика,
саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай,
ғылым атаулы, әдетте, екі топка бөлінеді: оның бірі - жаратылыстану
ғылымдары, екіншісі - қоғамдық ғылымдар.
Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына
жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі
кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы
алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады.
Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады. Сондықтан,
материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-
біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.
Біз сөз еткелі отырған тіл білімі де көптеген ғылымдармен байланысқа
түсіп, солармен қарым-қатынаста дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық
ғылымдармен тығыз байланыста. Себебі: тіл — қоғамның тууымен бірге туып,
қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс. Ол қоғам мүшелерінің
пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қызмет атқарады.
Қорыта келгенде, тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және
жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.

1.3. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімі, бірінші кезекте, әдебиетпен байланысты. Өйткені "тіл -
әдебиеттің бірінші элементі". Әдеби шығарма лингвистер үшін өте құнды
материал. Әсіресе тіл білімінің стилистика саласы әдебиеттанумен тығыз
байланысты.
Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің
ғана емес, күллі ғылымдардың методологиясы болып саналады. Философия да,
тіл білімі де барлық құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста
қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар
қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік
кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа коғамдық құбылыстар сияқты
өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді.
Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.
Философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда форма мен мазмұн
бар, олар өзара байланыста, бірлікте болады, — деп үйретеді. Мазмұн өмір
сүру үшін, белгілі бір формаға ие болуы керек. Яғни форма — өмір сүрудің
шарты. Тіл де — дәл осындай құбылыс. Тілдегі формалардың да (сөздердің, сөз
тіркестерінің, грамматикалық тұлғалардың) мағына, мазмұны бар. Олар да бір-
бірімен тығыз байланысты.
Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Көпшілікке белгілі, логика -
ойлау зандары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы
іске асады, тіл арқылы жарыққа шығады. Анығырақ айтқанда, адамның ойы
тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті болады.
Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен
қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу
процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені
біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас
жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді.
Адам сөз арқылы белгілі бір затты атап кана қоймайды, сонымен бірге,
сол затқа (іске, құбылысқа) өзінің қатынасы мен оған қалай қарайтындығын да
білдіреді. Яғни тіл ойды білдірудің ғана құралы емес, сезімді де білдірудің
құралы. Мысалы; жаман, жексұрын, сұмпайы, сұмырай немесе құмар, іңкәр,
ынтазар т.б. Бұл сөздер (синонимдер) бір-бірінен эмоциялық бояуы жағынан
ажыратылады.
Сөйлеу процесіне жоғары нерв жүйесі де қатысады, яғни сөйлеу жоғары
нерв жүйесінің қызметімен байланысты. Жоғары нерв жүйесі жақсы жетілсе,
сөйлеу де жақсы жолға қойылған ден есептеледі. Тілдің күрмелуі, кекештену,
жақсы сөйлей алмау — мидың зақымдануынан болады. Психиаторлар,
дефектологтар, логопедтер сөйлеуді жоғарғы нерв жүйесінің, мидың қызметімен
байланыстыра қарастырады.
Лингвистиканың тіл дыбыстарын зерттейтін саласы — фонетика
физиологиямен байланысты. Өйткені сөйлеу – дыбыстау мүшелерінсіз (ауыз,
тіл, тіс ...) мүмкін емес. Тілдің шығуының өзі алғашкы адамдардың сөйлеу
мүшелерінің жетіліп дамуына тәуелді.
Тіл білімі физиканың акустика саласымен де байланысты. Адам баласыньщ
тілі — дыбыстық тіл. Тілдегі дыбыстар жүйесін тіл білімінің фонетика саласы
зерттейді. Ал жалпы дыбыс атаулыны физиканың акустика саласы қарастырады.
Ендеше, бұл екеуі де бір- бірімен байланысты.
Тіл білімінің тарих ғылымымен, оның ішінде этнографиямен,
археологиямен байланысы бар. Тіл тарихы - сол тілді жасаушы, сол тілді
қолданушы халықтың тарихымен байланысты. Олар бірін-бірі байытады, бірін-
бірі толықтырады. Тілдік деректерді — тарих, тарихи мәліметтерді - тіл
пайдалана алады. Айталық, тіліміздегі кірме сөздерді зерттеу аркылы қазақ
халқының бүған дейін кандай халықтармен аралас-құралас болғандығын білуге
болады.
Этнографтар халықтың ерте кездегі салтына, дәстүріне, әдет- ғұрпына,
тұрмысына байланысты материалдық байлықтарды зерттегенде тіл
фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл - соларды ұзақ уақыт бойы
сақтап қалған кұралдардың бірі.
Тіл білімі антропологиямен де жақындасады. Антропология - адамның
биологиялық табиғаты, морфологиялық типтері туралы ғылым. Адам баласы
тілінің пайда болу дәуірін айқындауда әсіресе палеантропологияның
деректері айрықша маңызды.
Тілге кейде географиялық факторлар да әсер ете алады. Мысалы, аралда
тұрған халықтардың тіліне ешкім әсер ете алмауы мүмкін. Болмаса кең аймақта
тұратын халықтың тілдері диалектілерге бөлініп кетуі мүмкін, ал тар аймақта
тұратын халықтардың тілдеріндегі диалектілер бірігіп, жойылып кетуі ғажайып
емес.
Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның жаңа бір саласы -
лингвистикалық географияның тууына әкеп соқты. Лингвистикалық география
тілдегі фонетикалық, лексикалық грамматикалық құбылыстардың қай
территорияға тарағанын көрсетеді. Бұл, әсіресе, диалектілік ерекшеліктерді
зерттегенде ерекше маңызды. Сол арқылы, белгілі бір тілдің немесе
диалектілердің лингвистикалық картасы (атласы) жасалынады.
Тіл - таңбалар жүйесі. Осыған орай тіл білімі жалпы таңба атаулыны
қарастыратын — семиотика ғылымымен байланысқа түседі. Таңбаларға Морзе
әліппесі, жазу мен цифрлар, жол белгілері, тағы баскалар жатады. Жазусыз
(әріптерсіз) тіл жоқ екендігі белгілі.
Тіл білімі белгілі дәрежеде математикамен де, кибернетикамен де
байланысты. Тіл білімі математика ғылымымен, біріншіден, машиналық аударма
мәселелері бойынша байланысса, екіншіден, тілді зерттеуде математикалық
статистика әдістерінің қолданылуы жағынан байланысады. Математикалық
статистика сөздердің, дыбыстардың қолданылу жиілігін айқындауға
көмектеседі. Осының нәтижесінде тіл білімінің математикалық лингвистика деп
аталатын саласы калыптасты.
Сонымен, тіл білімі көптеген ғылымдармен байланысты екен.

1.4. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні

Әдетте біз "тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да
мәні күшті", - деп жатамыз. Теориялық мәні дегеніміз не?
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің
табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар
сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара
қарым- қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар,
топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде
грамматикалық, ягни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі
сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Ал тілдің практикалық мәні деп - әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін
сол тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу - ең
алдымен, сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, адамның ой өрісін
кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның зандары мен қағидаларын үйретеді.
Қысқасы, университетке, институтқа түсіп оку, білім алу, әдетте, тілді
окып машықтанудан атап айтқанда, дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуді үйренуден
басталады. Дүрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу - әрбір мәдениетті, білімді
адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің
орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді.
Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.

2. Екінші дәріс Тілдердің шығуы мен дамуы және олардың өзара әсерлері

2. 1. Тілдің шығуы

Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі тұрлі мәселені бір-
бірімен ажыратып алу керек. Бірі — жалпы адам баласы тілінің шығуы,
екіншісі - жеке, нақтылы тілдердің (мысалы, қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінің) шығуы туралы мәселе. Бұл екі мәселені бір-бірімен шатастырмаған
жөн.
Адамзат тілінің шығуы сонау көне заманға, яғни алғашқы адамдардың
пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы кейінгі дәуірлерде
болған нәрсе.
Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыда-ақ
өзіне аударып келген. Олар бұл мәселе туралы түрлі-түрлі пікірлер мен
жорамалдар айтып, сан қилы пайымдаулар жасады.
Сондай жорамалдардың бірі - дыбысқа еліктеу теориясы. Бұл теория
ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс
алды. Мұның өкілі - неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716). Аталған теория
тілдің шығуын былайша түсіндіреді:
Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын
сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды
шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына
айналды, - дейді.
Түрлі тілдерде қарк-қарк, мияу-мияу, шиқ-шиқ, гу-гу, тарс-тарс тәрізді
еліктеуіш сөздер бар екені рас. Бірақ бұған қарап тіл тек кана дыбысқа
еліктеуден шықты деуге болмайды. Өйткені табиғатта дыбыс шығармайтын заттар
да көп екені, олардың да атаулары бар екендігі даусыз.
Бұл теория тілдің пайда болуының әлеуметтік себебін ескермеді. Дыбысқа
еліктеу теориясын жақтаушылар тілді "табиғат сыйы" деп қарайды. Ал
шындығында тіл қоғамның жемісі. Ол қатынас жасау қажеттілігінен туған.
Тілдің шығуы туралы екінші теория — эмоциональдық теория. Бүл теория
18-19 ғасырларда кең тараған. Оның жақтаушысы - Ж.Ж.Руссо (1712-1778). Ол
"бір нәрсеге кұштарлық алғашқы сөздерді шығарды", - деп жазды. Бұл да қате
теория болатын.
Ж.Ж.Руссоның "эмоциональдық теориясы" одағай теориясына (19-20
ғасырларда) келіп ұласты. Одағай теориясы бойынша, алғашқы адамдар
айналадағы заттармен танысқанда өздерінің алған әсерлерін еріксіз
шығарылған дыбыстар арқылы, яғни одағайлар арқылы білдірген. Сол эмоцияны
білдіретін әр түрлі "еріксіз шығарылған дыбыстар" әлгі заттардың атауларына
айналып, осыдан келіп тіл пайда болған.
Одағай теориясын жақтаушылардың бірі - орыс лингвисі Д. Н. Кудрявский
(1887-1920). Ол: "Одағайлар адамның ең алғашқы сөздері еді. Алғашқы
сөздерде дыбыс пен магына бір-бірінен бөлінбеген, біртұтас болатын.
Кейіннен олар бір-бірінен ажырасты", - дейді. Бұл теория да қате. Оның
қателігі мынада: Тілдердегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді. Бұл -
рас. Бірақ тіл-тілде эмоцияны білдіретін сөздерге қарағанда, эмоцияны
білдірмейтін сөздер әлдеқайда көп. Мұның өзі түсінікті де. Өйткені, тіл
эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы, катынас құралы,
пікір алысудың кұралы ретінде қызмет атқарады. Тіл пайда болғанда қатынас
құралы, пікір алысудың кұралы ретінде пайда болған. Бұл теорияның иелері
тілдің қоғамдық табиғатына мән бермеген.
Тілдің шығуы туралы теориялардың тағы бірі — қоғамдық шарттасу
теориясы. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өзара келісе отырып
шарттасып жасаған. Осыдан келіп тіл пайда болған дейді. Тіл туралы келісу,
шарттасу үшін, ол адамдардың бұрыннан тілі болуы керек қой. Олай болса, бұл
теория да ешбір дәлелсіз.
Тілдің шығуы туралы бесінші теория - еңбек айқайы теориясы деп аталады
(Мәселен, ауыр нәрсені көтергенде "ауп" дейміз ғой). Ол 19 ғ. шықты. Оны
жасаушы - Людвиг Нуаре деген философ. Аталған теория бойынша, тіл алғашқы
адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде
пайда болған. Бұл теория да қате. Өйткені, тіл — қатынас кұралы ретінде
ғана жасалады.
Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен
Ф.Энгельс жасады. Олар: "Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қатынас жасау
мұқтаждығынан және қажеттілігінен туды",- дейді ("Неміс идеологиясы", Шығ.,
3 т., 29 б.). Яғни мұнда, біріншіден, тіл мен сананың (ойлаудың) бір-
бірімен тығыз байланыстылығы және олардың бір мезетте шыққандығы,
екіншіден, тілдің адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп
пайда болғандығы айтылған.
Тілдің шығуы туралы мәселе Ф.Энгельстің "Маймылдың адамға айналу
процесіндегі еңбектің ролі", "Семьяның, жеке меншіктің шығуы" деген
еңбектерінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты қолданьш, бұл мәселе жайында
материалистік теория әрі қарай дамытыла түсті. Ол еңбектерде тілдің шығуы
жалпы адам баласының пайда болу мәселесімен тығыз байланыста қарастырылады.
Әуелі еңбек, онан соң тіл, екеуі екі жақтан адам баласы миының дамуына
күшті әсер етті. Ал мидың дамуы ойлаудың дамуына әсер етті. Ойлаудың
(сананың) дамуы өз тарапынан еңбек пен тілге, олардың дамуына әсерін
тигізеді. Еңбек процесінде адам баласы қоғамының тууы — бұл үшеуінің
(еңбек, тіл, сана) әрі қарай дами беруіне мүмкіндіктер мен жағдайлар
жасады.
Қорыта келгенде, ұжымда бірлесе еңбек ету әрекеті өзара қатынас жасау
қажеттілігін тудырды. Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады, тіл мен ой
пайда болады. Тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамдар ұжымынан бөліп
қарауға болмайды. Тіл еңбекпен бірге ұжымда туды. Тілдің пайда болуы
ойлаудың пайда болуымен, тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланыста
болады.

2. 2. Тілдің дамуы

Тіл — қоғамдық құбылыс. Сондықтан оның тарихы мен дамуы коғамның
тарихы мен дамуына байланысты болады.
Қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамга қатынас кұралы ретінде қызмет
етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің
дамуына әсер етпей тұра алмайды. Солай бола тұрса да, тілдің дамуы қоғамның
даму заңдары бойынша емес, өз заңдары бойынша дамиды.
Тілдің дамуы туралы бірнеше қате көзкарастар болды. Мысалы, Н.Я.Марр
тіл дамуының әр түрлі сатысы бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір
қоғамдық формацияға (айталық, феодалдық қоғамға, капиталистік қоғамға) сай
келеді деп есептеді.
Ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың тілдің өткен дәуірін - классикалық
дәуір, тілдің гүлденіп дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер - тілдің азу,
бүліну дәуірі деп есептеулері ешбір шындықка жанаспайтын, мүлдем қате
көзқарас.
Неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің дамуының өсімдік пен
хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ, — деп есептейді. Шлейхердің
пікірінше, тіл биологиялық организм сияқты туады, өседі, қартаяды; ақырында
өледі.
Бұл да қате көзқарас. Тіл - биологиялық құбылыс емес, қоғамдық
құбылыс. Осылай болғандықтан бұл екеуінің даму жолдары әр басқа. Тілдің
дамуының өзіне тән заңдылықтары бар; тірі организмдердің дамуының өзіне тән
заңдары бар. Демек, бұл екеуін бірдей деп есептеу қате.
Сонымен, тіл дамиды екен. Ендеше, оның даму жолдары қандай?
Н.Я.Марр тілдің сатылық даму теориясын ұсынып, тілдің ескі сападан
жаңа сапаға көшуі, яғни дамуы революция жолымен, анықтап айтқанда, бар
тілді жойып жіберіп, жаңа тіл жасау жолымен болады деп есептеді. Бүл қате
теория болатын. Тілдің дамуы – бар тілді жойып, жаңа тіл жасау жолымен
емес, бар тілдің негізгі элементерін дамыту, жетілдіру жолымен, яғни
эволюция жолымен, ішкі даму жолымен болады.
Тілдің даму заңдарына келмес бүрын, алдымен, тілдің зандары - жалпы
заңдар (общие законы) жене жеке заңдар (частные законы) болып екіге
бөлінетіндігін айтып алуымыз керек.
Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі кұрылымдық элементтерінің
даму қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады. Мысалға тілдің сөздік
құрамы мен грамматикалық құрылысын алалық. Бұлардың даму қарқыны біркелкі
емес. Сөздік құрамы өзгеріске өте-мөте бейім болады. Қоғамдағы өзгерістерді
ол тез қабылдайды. Ал грамматикалық құрылыс өте баяу өзгереді. Бұл – тіл
атаулының барлығына бірдей тән, күллісіне ортақ жалпы заң.
Осылай бола тұрса да, бұл ортақ заңның әр түрлі нақтылы тілдерде
жүзеге асуы түрліше болуы мүмкін. Өйткені ол тілдердің өздеріне тән заңдары
болады. Сондықтан, күллі тілдерге ортақ заң жеке тілдерде өзінше дамуы
орынды. Мұңдай заңдарды тіл дамуының жеке, ішкі зандары деп атайды.
Тіл дамуының жеке заңын оның барлық саласынан, атап айтқанда:
лексикасынан да, грамматикасынан да, фонетикасынан да табуға болады.
Мысалы, үңдестік (сингармонизм) заңы бүкіл түркі тілдерінің фонетикасына
ортақ. Бірақ үндестіктің түрлері әрбір түркі тілдерінде әр түрлі. Айталық,
ерін үндестігі (мыс: құлын, бұрым, бөтөлкө т.б.) қазақ, карақалпақ
тілдеріне қарағанда, алтай, кырғыз тілдерінде әлдеқайда басым дамыған.
Тілдің фонетикасында, лексикасында, грамматикасында әр түрлі
өзгерістер жасалып, тіл ұдайы даму күйінде болады. Мысалы, лексикалогияда
кейбір ескірген сөздер шығып қалып, оның есесіне көптеген жаңа сөздер
қосылып отырады немесе сөздердің мағыналары өзгеріп жатады; шет тілден сөз
ауысып келуі де мүмкін.
Грамматикада да сондай. Лексикаға қарағанда баяу болса да, тілдің
грамматика саласында да өзгерістер болып, оның грамматикалық құрылысы
жетіліп отырады. Мысалға босқа, зорға деген үстеулер есім сөздерге барыс
септігінің қосылуынан жасалған. Сондай-ақ, қабаған, тебеген тәрізді
етістіктер қазіргі кезде сын есімдер болып саналады.
Өзгеру мен дамудың барысында дербес сөздердің көмекші сөздерге, ал
көмекші сөздердің аффикстерге айналуы — әрбір тілдің тарихында кездесе
беретін құбылыс. Бұл ретте бара дұр, жүре дұр тіркестерінен барады, жүреді
формаларының, бара тұрған, келе түрған тіркестерінен баратын, келетін
есімше формаларының жасалуын мысалға келтіруге болады.
Тілдің даму барысында кейбір аффикстердің ықшамдалғанын байқаймыз.
Мысалы: айтқанмынайтқам, айтамынайтам, барғанмынбарғам, барамынбарам
т.б. Осылайша ықшамдалу сөз тіркестерінде де болады. Олар келе-келе бір-
бірімен бірігіп, содан кейін кірігіп, бір сөзге айналып кетеді. Мысалы: бұл
күнбүгін, бұл йылжылбиыл, алып берәпер.
Қазіргі қазақ тілінде баяндауышы жатыс жалғаулы тұйық етістіктен
жасалған сөйлем түрлері бар. Мысалы: Ауыл шаруашылығы жекешелендірілуде.
Бірінші семестр өтуде. Мүндай сөйлемдер бұрын болмайтын. Болса,
жекешелендіріл+іп жатыр, бірінші семестр өт+іп жатыр болып келетін.
Жоғарғыдай баяндауыш формасы кейінгі кезде жасалып қалыптасқан.
Жай сөйлемнің инверсиялы түрі де кейінгі кездің жаңалығы. Мысалы:
Сөйлеп тұрған Алматы. Берілді осы анықтама (справка) т.б. ,тілдерде неге
мұндай өзгерістер болады? Оның себептері көп. Солардың бірі - тілдердің бір-
бірімен қарым-қатынасы, өзара әсері.

2.3. Тілдердің өзара әсерлері

ТІлдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бір жолы - тоғысу
түрінде, екінші жолы - тілдік элементтердің (дыбыстардың, морфемалардың,
сөздердің, сөйлем құрылысының) енуі түрінде.
Тілдердің тоғысуы (этникалық топтардың бірігуі) процесінде Субстрат,
суперстрат, адстрат деп аталатын құбылыстар пайда болады. Субстраттардың
нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке дыбыстарды, кейбір
морфемаларды қабылдайды. Яғни, субстрат дегеніміз - жеңілген тілдің жеңген
тілдегі элементтері. Мысалы, қазіргі Франция жерінде ертеде келт (галль)
деген халық тұрған. Оларды римдіктер (француздар мен испандар) жаулап алды
да, ол халықтың тілі жойылды. Бірақ қазіргі француз, испан тілдерінде сол
жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері сақталған. Келт субстраты
дегеніміз - француз, испан тіддеріндегі сол қалдық элементтер (Мысалы,
француз тіліндегі И дыбысы). Суперстрат дегеніміз - жоғарғыға керісінше:
жеңген халықтың жеңілген халық тіліне қалдырған ізі, әсері. Ал адстрат
дегеніміз — жарыса қатар өмір сүретін тілдік элементтер.
Енді тілдердің өзара әсері нәтижесінде тілдік элементтердің енуіне
(яғни екінші жолға) келелік.
Удмурттар (фин-угор тобына жатады) мен татарлар (түркі тобына жатады)
баяғыдан қоныстас, көршілес өмір сүріп келеді.
Сондықтан олардың тілі бір-біріне әсер еткен. Татар тіліндегі дж
дыбысы удмурт тіліне ауысқан. Бұл дыбыс удмурт сиякты басқа фин-угор
тілдерінде жоқ.
Басқа түркі тілдерінде ұяңнан басталатын сөздер чуваш тілінде қатаңнан
басталады. Мысалы: бас - пус, бар - пур, дауыл - тавыл. Неге!

Сөйтсек, ол көрші жаткан марий тілінің әсері екен. Ол тілде
дауыссыздан басталатын сөздердің басқы дыбысы әр уақыт қатаңнан басталады.

Сондай-ақ, чуваш тілі марий тілінен көптік мағынаны білдіретін -сем
деген аффиксті қабылдаған. Мысалы: чуваш тіліңде ял "ауыл" - ял+сем
"ауылдар", Бұл қосымша басқа түркі тілдерінде жоқ.

Керісінше, марий тілі чуваш тілінен сын есімнің салыстырмалы
шырайының -рақ жұрнағын қабылдаған. Мысалы: марий тілінде сай "жақсы" —
сай+рақ "жақсы+рақ".
Тілдердің өзара әсері лексика саласында жиі ұшырасады. Мысалы, түркі
тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде де араб-парсы және орыс тілдерінен
енген көптеген сөздер бар.
Әдетте, тілдің фонетикасы мен грамматикасы тұрақты болады. Жиірек
өзгеретіні, ауысатыны — лексика саласы. Егер бір тілден екінші тілге дыбыс
не қосымша ене қалса, олар көп жағдайда сөздермен бірге, сөздердің
құрамында ғана ене алады. Мысалға, қазақ тіліне орыс тілінен ауысқан 12
әріпті (дыбысты) келтіруге болады. Ол 12 дыбыс қазақ тілінің байырғы төл
сөздерінде қолданылмайды, тек орыс сөздерінде ғана қолданылады. Сондай-ақ,
тіліміздегі арызқор, арбакеш, өнерпаз деген сөздердегі -қор, -кеш, -паз
жұрнақтары мен бейбақ, бейхабар, бимағлұм деген сөздердегі -бей, -би
префикстері де түбір сөздермен бірге келген қосымшалар.
Бір тілдің екінші тілге әсері морфологиядан гөрі синтаксисте көбірек
аңғарылады. Бұған орыс тіліндегі үлгі бойынша қазақ тілінде оңашаланған
айқындауыш мүшелі сөйлемдердің немесе әр түрлі қыстырма сөздері бар
сөйлемдердің қалыптасуын мысалға келтіре аламыз. Мысалы: Тоғжанға Абай
тағы бір рет, соңғы бір рет қарады (М.Әуезов).
Қорыта келгенде, тіл де дамиды. Бірақ оның өз даму жолдары бар.
Лингвист болғысы келген адам алдымен тілдік заңдарды біліп алғаны жөн.

3. Үшінші дәріс Тілдің табиғаты мен қоғамдық қызметі

3.1. Тілдің табиғаты

Тілдің табиғаты деген нәрсе — тіл білімінің маңызды мәселелерінің
бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп: Тіл — биологиялық кұбылыс, оны кұдай
жаратқан, - деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: "Тіл де
биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі", - дейді.

Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау
арқылы беріліп отыруы керек еді. Әрине, бұл пікір дүрыс емес. Тіл — атадан
балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе.
Олай болатын себебі — жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де
мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-
анасының тілінен басқа орта болса, ол осы ортаның тілінде сөйлеп кетеді.
Оған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл - тілдің биологиялық құбылыс емес
екендігін дәлелдейді.
Екінші бір топ ғалымдар (Г.Штейнталь, А.Потебня) тілді психологиялық
құбылыс деп біледі. Бұл пікір "тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам
жасайды, жеке адамның рухы туғызады", деген түсініктен туған. Алдыңғы пікір
сияқты бұл да қате пікір, егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның
жеке-жеке өз тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тілі
болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның
тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.
Ендеше, адамзат тілі - биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес,
ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі тіл қоғам
үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсінісу үшін керек, сол үшін
жаралған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір-бірімен
сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған
болса, тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз - тіл, тілсіз -
қоғам болмайды.

3.2. Тілдің қоғамдық қызметі

Тілдің ең басты қасиеті не?
Оның ең басты қасиеті — қатынас құралы болу қызметі. Тіл - адам баласы
қоғамында қатынас құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет
атқаратын қоғамдық құбылыс.
Тіл мен қоғамның арасындағы байланыс екі жақты болады. Біріншісі:
тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде қоғамда бірлесіп еңбек
етуі мүмкін емес. Өйткені тіл — қоғамның өмір сүруінің басты шарты.
Екіншісі: тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жок,
тілдің екінші басты қызметі — ол ойлаудың, ойды жарыққа шығарудың кұралы.
Адамның ойы тіл (сөйлемдер) арқылы белгілі болады. Демек, ойлау мен тіл
бір-бірімен тығыз байланысты.
Тілдің бұл екі қызметінен басқа, яғни қатынас құралы болу қызметі мен
ойлаудың құралы болу қызметінен басқа, тағы бір қызметі бар. Ол - оның
атауыштық (номинативтік) қызметі. Яғни тіліміздегі әрбір сөз, сөз тіркесі -
белгілі бір заттың,ұғымның,қимылдың, сынның аты, атауы болып табылады.
Тілдің төртінші қызметі — экспрессивті-эмоционалдық қызмет. Тілдің
экспрессивті-эмоционалдық қызметі деп - адамның сол затқа, ұғымға деген
өзіндік (субъективті) қатынасын, эмоциясын, яғни не жақсы көру, не жек көру
сезімін айтамыз. Мысалы: алақай, масқара, қап, айналайын т.б.
Тіл — халықтың тарихы, оның күллі өмірінің ізі. Тілден сол тілді
жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы сезіліп тұрады.
Тіл - талай заманның жемісі. Ол бірнеше қоғамға қызмет ете береді.
Мысалы, қазақ тілі феодалдық қоғамға да, социалистік қоғамға да қызмет
етті. Енді, міне, нарықтық қатынас қоғамына да қызмет етіп отыр.
Тіл белгілі бір топтың, айталық, не байдың, не кедейдің мұқтажын өтеу
үшін емес, қоғамдағы барлық таптар үшін қызмет атқарады. Олай болса, тіл
таптық сипатқа емес, жалпы халықтық сипатқа ие болады. Бұл - оның ең басты
ерекшелігі.
Сонымен, тіл таптық құбылыс емес. Ол — қоғамдық құбылыс.

3.3Тіл және ойлау

Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да
адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының
туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар.
Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер)
болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-
бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер
болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл –
ойлаудың құралы, - дейміз.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз
ойын басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да
айтушының ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл
дегеніміз - ойдың тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі
сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл - пікір алысу құралы,
ойлаудың құралы, ойды жарыққа шығару құралы.
Тағы да қайталайық: ойлау мен тіл бір-бірімен тьіғыз байланысты. Тіл
ойлаудың шығуымен бірге, бір мезгілде шығып қалыптасты және оның дамуымен
бірге дамып келеді. Ендеше, ойлаудың тілден тыс болуы мүмкін емес екен.
Бір нәрсені танып білуде тілдің атқаратын рөлі зор. Олай дейтін
себебіміз, белгілі бір затты жақсы тану үшін, яғни оған ат қою үшін, ең
алдымен сол заттың басты белгілерін білу керек. Сол басты белгілерін жақсы
білсең, оны тану да, оған ат қою да оңай. Мысалы, ненц (Солтүстік Мұзды
мұхитының жағалауында тұрады) тілінде қардың түрлерін білдіретін 40 шақты
арнаулы атаумен бірге жалпы қар ұғымын білдіретін сыра (мағынасы — "қар")
деген сөз бар. Аталған тілде шана түрлерін білдіретін 20-дан астам сөзбен
бірге нарта деген жалпы атауы тағы бар.
Бұдан шығатын қорытынды: атау сөз (ұғым) жалпы (абстракты) және
нақтылы (конкретті) немесе деректі және дерексіз болып екіге бөлінеді.
Адам тіл арқылы ойлайды. Ұғым сөз арқылы жатталып калады. Ал сөз
мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Сөздің мазмұнын оның ұғымы мен
мағынасы жасайды да, сөздің формасын оның дыбыстық құрамы туғызады.
Ұғымның сөзбен (формамен) айтылуы қаншалықты міндетті болса,
сөздердің дыбыстар тіркесімен жасалуы да соншалықты міндетті. Сөздерді бір-
бірімен тіркестіріп қолдану арқылы ғана ойды білдіруге, пікір алысуға
болады. Осы тұрғыдан алғанда, тағы да қайталап айтамыз: тіл - ойды айтып
жеткізудің кұралы.
Тіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен
бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды
ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Дыбыс - тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі. Ол
тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де
тілдік формалар, тілдік элементтер болып есептелінеді. Сөздің формасы оның
дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады.
Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем кандай да болсын белгілі бір
мағынаны, ұғымды, ойды білдіреді. Ұғым мен мағына және ой тілдік
бірліктердің мазмұны болып табылады.

Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның
арасындағы байланыс - табиғи байланыс емес, ол шартты байланыс. Мысалы,
"ұннан иленіп, табаға пісірілген тағам' деген ұғым мен оның нан деген
лексикалық атауының арасындағы байланыс - табиғи байланыс болса, дүние жүзі
халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ. Олай емес, оны біреу -
нан, екіншілер - хлеб, үшіншілер - brot (нем.), төртіншісі - bread
(ағыл.) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен
қалыптасқан шартты байланыс екен.
Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын,
түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол
анық, айқын ойлай алады.
Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға
болмайды. Неміс ғалымы В.Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі
тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате
тұжырым болатын.
"Тіл мен ойлау тепе-тең" деп қателесушілер сияқты, "тіл мен ойлаудың
арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек" деп, қате
тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л.Блумфильд пен
З.Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де
соншалықты қате.
Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып
теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп
тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.
Тіл мен ойлау әрдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен
сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады.
Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне
аламыз.

4. Төртінші дәріс Тілдің таңбалық, құрылымдық және жүйелілік
сипаттары
4. 1. Тілдің таңбалық сипаты

Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып
саналады. Лингвистер бұл мәселеге ертеден бері-ақ назар аударып келеді.
Фердинанд де Соссюр өзінің "Жалпы тіл білімінің курсы" (1916) атты
еңбегінде тілді таңбалар жүйесі деп қарастырған және оны таңбалардың басқа
жүйелерімен салыстырған. Таңбалар жүйесінің мынандай түрлері бар: жол
бойының белгілері, әскери сигналдар, цифрлар (араб және рим), әріптер т.б.
Бұларды шартты таңбалар деп атайды.
Тіл — таңбалардың ішіндегі өте-мөте маңыздысы. Ендеше, тілді де, оның
элементтерін де (морфеманы, сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді) тілдік таңбалар
деп білеміз. Мұндағы негізгі мәселе - таңба мен мағынаның байланысында.
Тілдік немесе тілдік бірліктердің таңбалық сипатына не
жатады?
Біріншіден, тілдік бірліктер (сөздер) нені білдірсе де жалпылап
білдіреді, екіншіден, сол білдірген (танытқан) нәрсесін тіркейді және оны
сақтайды, сөйтіп оны келешек ұрпаққа жеткізеді. Яғни тілдің таңбалық
сипатына тілдік бірліктердің үш түрлі қызметі жатады Олар: 1) атауыштық
қызмет (затқа ат қою, белгілеу, тіркеу номнативті кызметі), 2)
коммуникативтік қызмет (бір нәрсені хабарлау, пікір алысу қызметі), 3)
эстетикалық қызмет (сезімге әсер ету - эмоционалдық, экспрессивтік қызмет).
Кез келген таңбаның екі жағы болады: бірінші жағы - формасы, екінші
жағы - мазмұны. Мысалы, көшедегі бағдаршамның (светофордың) жасыл түсі -
сол таңбаның формасы, ал "көшеден өтуге рұқсат" деген мағынасы - оның
мазмұны. Тілдік таңбалардың да (бірліктердің де) дәл осындай екі жағы
болады. Мысалы, бала, - лар -лер, -дың-дің т.б. Бұл формалар мен
мазмұндар тек сол таңбалар жүйесінде ғана мәнге ие бола алады; ол жүйеден
тыс әлгіндей мағыналарды білдіре алмайды. Айталық, қазақ тілінің түбір
морфемасы (бала) немесе аффикстік морфемасы (-лар) орыс тілінің, болмаса
басқа бір тілдің жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Сондықтан да,
біз "қазақ тілінің жүйесі", "орыс тілінің жүйесі" деген терминдерді жиі
қолданамыз.
Шартты таңбалар мен тілдік таңбалардың айырмашылықтары бар. Егер
шартты таңбаның бір формасына әдетте бір ғана мазмұн сәйкес келсе, тілдік
таңба әр уақыт солай бола бермейді. Кейде тілдік таңбаның бір формасына
бірнеше мазмұн (мағына) сәйкес келуі мүмкін, болмаса керісінше: бір
мазмұнға бірнеше форма сәйкес келуі мүмкін.
Мұны былайша көрсетуге болады: бір форма бірнеше мазмұн (көп
мағыналық, омонимия) немесе бірнеше форма бір мазмұн (синонимия, дублет,
вариант). Тілдік таңбаның түрлері (типтері): фонемалар, грамматикалық
морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер. Тілдік таңбаның екі түрлі
белгісі бар. Олар еріктілік және шарттылық. Еріктілік дегеніміз - таңба
мен сол таңба арқылы заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи
байланыстың жоқтығы. Сондықтан да, бір зат әр тілде әр түрлі (әр басқа
дыбыстық кешенмен) аталына береді. Ол зат пен оның атауының арасында
шартты түрде (табиғи емес) байланыс болады.
Енді тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы қатарға келелік.
Бұлардың арасында ұқсастық бар, сонымен бірге, оларды бірдей, тең деп
есептеуге болмайды. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де —
бірдеме хабарлаудың құралы.
Ал айырмашылықтары:
1) тіл - ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде
қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге
қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау анағұрлым аз. Мысалы, бағдаршамның қызыл
түсі көшеден өтуге болмайды" дегеннен басқа еш нәрсе хабарлай алмаса,
тіліміздегі қызыл деген сөз бірнеше ұғымды қамтиды: бірінші – түстің
атауын, екінші - "ет" немесе "бидай" деген ұғымды, үшінші – большевик
дегенді, төртінші - "қылша, қызылша" (корь) дегенді білдіреді;
2) тілдің шартты таңбалардан екінші айырмашылығы - ол (тіл) мазмұнды
ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын,
қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, қуанышын немесе қайғысын
да білдіреді. Мысалы, жоғарыда аталған қызыл сөзінің "ет" немесе "бидай"
деген мағынасы жағымды сезімімізді тудырса, ауруды еске салып тұрған
төртінші мағынасы ("балама қызыл шығып жатыр" деген) - аяныш сезімін
тудырады. Қызыл сөзінің "большевик" деген мағынасы да сондай. Ол бұрын
жағымды мағына тудырса, қазір жағымсыз мағына туғызады. Мұндай қасиет
таңбалардың басқа жүйелерінде (мысалы, жол белгілерінде) жоқ;
3) шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім бойынша
өзгертіле алады. Мысалға қазақ тіліндегі Ұ дыбысын алалық. Ол дыбысты біз
араб әліпбиін (алфабитін) пайдаланып жүрген кезде 9 әріпімен белгілеген
едік. Кейін, яғни 1929 жылы латын әліпбиіне көшкенде оны U әріпімен
таңбаладық. 1940 жылы орыс графикасына (кирилицаға) көшкен кезде әлгі
дыбысты у әрпімен белгілеуге келістік. 1951 жылы аталған дыбысты (тағы да
келісім бойынша) Ұ әрпімен таңбалауды жөн деп таптық.
Тілдік таңбалар қоғам мүшелеріне бағынышты емес. Мысалы, қара, сары
деген сөздерді адамдар келісіп жасаған жоқ. Тым ерте замандарда ата-
бабаларымыз қара, сары түсті де солай атаған. Әрбір жаңа ұрпақ қалыптасқан
сөзді сол күйінде қабылдайды, сол күйінде үйренеді. Ол ешқашан өзгермейді.
Егер өзгере қалса, келісім бойынша емес, тілдің даму заңдары бойынша ғана
өзгереді. Мысалы: сарық сарығ сары;
4) барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді,
олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады.
Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: "қызыл шам - өтуге болмайды
деген белгі" деп, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған
болар еді. Сонымен тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы
кең. Шартты таңбалар тілдік таңбалардың кызметін атқара алмайды.

4. 2. Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты

Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс.
Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет
(функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың өзіне тән, нақтылы мазмұны
болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе
дегендерге келелік. Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің,
қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады.
Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен
тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер : і) дыбыс (фонема), 2) морфема,
3) сөз, 4) сөз тіркесі,
5) сөйлем, 6) мәтін.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Қазан лингвистикалық мектебі
XІХ ғасыр тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар туралы
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны және пәні. Дәрістер кешені
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Пәндер