Тараз (Талас)



1 Талас қаласы
2 Талас қаласының құрылысы
Тараз (Талас) орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы үлкен қалаларды араб, парсы деректеріне сүйеніп, В.В. Бартольд жазып, оларға сипаттама берген. Ғалымның бұл еңбектері, оның шығармаларының ІІІ томына енген. Олардың бәріне тоқталып жатпай-ақ, тек Ұлы Жібек жолындағы Оңтүстік Қазақстандағы Испиджабтан кейінгі ертеден келе жатқан Тараз (Талас) қаласына ғана тоқталайық. Талас өзенінің жағасына орналасқан қала. Сол өзеннің атымен ежелден аталған. Кейін арабтар оның атына өзгеріс кіргізіп, Тараз деп жазып жіберген[1]. Сол кездегі қаланың бұрмаланған атауы осы күнге дейін түзетілмей келе жатыр. Негізінде қалалар атауларын дұрыс атау керек болса, бұл шаһарды Тараз демей, Талас деп ежелгі атымен өзгертпей айтқанымыз дұрыс болар еді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тараз (Талас)
Тараз (Талас) орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы үлкен қалаларды
араб, парсы деректеріне сүйеніп, В.В. Бартольд жазып, оларға сипаттама
берген. Ғалымның бұл еңбектері, оның шығармаларының ІІІ томына енген.
Олардың бәріне тоқталып жатпай-ақ, тек Ұлы Жібек жолындағы Оңтүстік
Қазақстандағы Испиджабтан кейінгі ертеден келе жатқан Тараз (Талас)
қаласына ғана тоқталайық. Талас өзенінің жағасына орналасқан қала. Сол
өзеннің атымен ежелден аталған. Кейін арабтар оның атына өзгеріс кіргізіп,
Тараз деп жазып жіберген[1]. Сол кездегі қаланың бұрмаланған атауы осы
күнге дейін түзетілмей келе жатыр. Негізінде қалалар  атауларын дұрыс атау
керек болса, бұл шаһарды Тараз демей, Талас деп ежелгі атымен өзгертпей
айтқанымыз дұрыс болар еді.
Талас қаласы - ертеден келе жатқан отырықшы мәдениеттің ірі орындарының
бірі. Оның тіршілігі Ұлы Жібек жолымен байланыста болып, орта ғасырда
біздің жеріміздегі ірі мәдени орталыққа айналған. Таласты шығыстың және
батыстың ғалымдары, саяхатшылары өздерінің еңбектерінде жазып қалдырған.
Солардың деректеріне сүйеніп, В.В. Бартольд Талас қаласына аздап тоқталған.
Талас, Баласағұн қалаларының тұрғындары соғдылар түркілердің тілінде
сөйлегендерін М. Қашқари жазған. Олай болса, Талас - ертеден келе жатқан
қала болып, қарахандар династиясы дәуірінде кемеліне келген, Қазақстанның
оңтүстігіндегі мәдениеттің ірі орталығы. Қытайдың саяхатшысы Сюань Цзянь
630 жылы Талас қаласында болып, әжептәуір саудагерлердің қаласы екенін
айтқан. X ғасырдың бас кезінде әл-Асиридің айтуы бойынша, Талас белгілі
сауданың орталығы болған. Кейбір деректерге қарағанда, моңғолдар Таласты
Янги деп атағаны жөнінде пікірлер бар[2].
Талас қаласы туралы араб тілдес ғалымдар, саяхатшылар өздерінің
еңбектерінде азды-көпті тоқталған. VІІІ-ІХ ғғ. жасаған әл-Хорезми Таласты
өзінің картасында көрсетіп, оның саудагерлер қаласы екенін және 40о 24'
ендікте, 100о30' бойлықта орналасқанын айтқан[3]. IX ғ. бас кезінде туған
арабтың географы Ибн-Хордабек өзінің Китаб әл-Массалик әл-Мамалик деген
еңбегінде, Испиджаб пен Тараздың (Таластың) арасы 26 ферсах екенін
баяндаған[4]. X ғ. бас кезінде арабтың географы әл-Хамадани Талас шаһарының
тұрғындарынан қимақтарға баратын жолдар сұраған және осы қаладан
қимақтардың патшасы орналасқан жердің атты кісіге 80 күндік жол екенін
жазған[5].
IX ғасырдың аяғында X ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген,  Бағдад
халифтарының сарай қызметкерлері Кудамы ибн Джафар географиялық еңбегінде
Батыс түріктер қалаларының атын атап, олардың бір-бірінен қашықтығын
жазған. Солардың ішінде Талас қаласына да тоқталған[6]. Иерусалимде туған
арабтың ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих толқынындағы көне қалалар
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Тарихы терең - Таразым!
Тараз қаласының қысқаша тарихы
Т а р а з
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы
Тараз қаласы
Қаланың батыс және оңт
Пәндер