Психодиагностика пәні мен міндеттерін анықтау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Психодиагностика пәні мен міндеттерін анықтау

Психодиагностика - нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру, терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының, шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның ішкі мүмкіндіктерін табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

Психодиагностика - психологтың клиентпен немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни психолог кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды. Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды. Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

Бақылау - анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау - клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

Әңгімелесу - психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену, сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.

Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба - нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.

Диагностика гректің " diagnos " деген сөзінен аударғанда " танып-білу " деген мағынаны білдіреді.

Психодиагностика -жеке адамның психологиялық және психофизиологиялық өзгешеліктерін бағалау, өлшеу, жіктеу әдістері мен осы әдістерді практикалық мақсатта қолдану жайындағы ғылым саласы . (М. К. Акимова)

Психологиялық диагностика ХІХ ғ. аяғында психология ғылымынан тәжірибенің талаптарына байланысты бөлініп шықты. Оның пайда болуына психологиядағы бірнеше бағыттар әсер етті.

Психодиагностиканың дамуына негіз болған - экспериментальдық психология. Ал оның қалыптасуы ХІХ ғ 50-60 жылдарындағы психикалық құбылыстар облысына жаратылыстану ғылымының әсері, яғни психологияның "физиологизациялану" процесінен бастау алды. Эксперименталдық психологияның негізін салушы әрине В. Вундт (1879ж) және Ф. Гальтон, Г. Эббингауз, Дж. Кеттелл.

Психологиялық диагностиканың мақсат - міндеттері:

  1. Жеке адамның психологиялық қасиетінің даму динамикасын анықтау;
  2. Ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісінің әсерінен жеке тұлға немесе топ психологиясында болған мәнді өзгерістерді анықтау;
  3. Жеке тұлғаның құндылық қасиеттерінің даму перспективасын анықтау;
  4. Жеке адамдармен коррекциялық жұмыстар жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  5. Жеке адамның немесе топтың өмірлік жолын таңдауға болашақта өзіндік құрылуына ұсыныстар беру.

Психодиагностиканың негізгі функциялары:

  1. Оқу-тәрбие барысында балалардың ақыл-ойы мен тұлғалық өзгешеліктерінің дамуын бағалау;
  2. Жеке адамның бойында қажетті білімдер мен кәсіби қасиеттердің қалыптасуын бақылау;
  3. Оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуының практикалық міндеттерін шешу;
  4. Оқушылардың жеке психологиялық өзгешеліктерін ескере отырып, коррекциялық жұмыстар жүргізу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

2. Г. Айзенк, Интеллект: Новый взгляд //Вопросы психологии, 1995. -№1

3. М. К. Акимова, Интеллект как динамический компонент в структуре способностей. -Автореф. дисс. док. психол. наук. -М, 1999.

4. А. Бине. Введение в экспериментальную психологию. -СПб., 1895.

5. Общая психодиагностика / Под ред. А. А. Бодалева, В. В. Сталина. - М., 1987.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностиканың ғылыми - әдіснамалық негіздері
Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі
Кеңес берудің психологиялық мәні
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Психодиагностика
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
12 жылдық оқу жүйесіне бейімделуге практик – психологтың әсері
Проективті әдістердің қолданылуы
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz