Өндірісті жетілдіру және ғылыми-технологиялық дайындауды ұйымдастыру


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Өндірісті жетілдіру және ғылыми-технологиялық

Дайындауды ұйымдастыру.

Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау (ӨҒТД) -деңгейі негізгі өндірістің өнімді дайындаудағы тиімділігін арттырады, және оның берілген тұтынушылық қасиеттерін сақтай отырып, өндірістің ырғақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деп - өндірісте өнім өндіру жүйесі мен конструкторлық технологиялық дайындауды реттеуші мөлшері- технологиялық шаралар кешенін айтады.

Мөлшері-технологиялық шаралар кешені бірнеше сатылардан тұрады.

Тәжірибе-конструкторлық жұмыстар сатысында технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, негізгі өнімнің сызбаларын, технологиялық құрал-саймандарын, стандартқа сәйкес емес құрал-жабдықтарды және тасымалдау құралдарын орналастыру мен жіберу жұмыстарын дайындау және жетілдіру жатады. Осы сатыда тәжірибие жұмыстар жүргізіледі. Стандартқа сай емес құрал-жабдықтардың және технологиялық құрал-саймандардың жеке құрамдас бөліктерінің жұмысын тексеру, модельдермен үлгілер дайындау жұмыстары орындалады.

Тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар сатысы болашақ өнімнің техникалық деңгейінің қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді.

Келесі сатыларда кемшіліктерді болдырмау үшін жаңа техниканың конструкторлық шешімдері мен негізгі техникалық параметрлерінің негізі қаланады.

Технологиялық құжаттама (технологиялық үрдістер, технологиялық шарттар, өндірістік нұсқаулар, стандартқа сәйкес келмейтін құрал-жабдықтармен технологиялық жабдықтардың сызбалары) кәсіпорынның технологиялық қызмет орындарында дайындалады.

Тәжірибие-конструкторлық жұмыстар алынған ғылыми нәтижелер стандартқа сәйкес келмейтін құрал жабдықпен және технологиялық жабдықтар өндірісі сатысында жүзеге асады. Аталған жабдықтау құралдарының дайындалуының сапасы мен беріктілігіне соңғы өнім агрегаттары, түйіндері мен бөліктерінің сапасы тығыз байланысты болады.

Өндірісті ғылыми-технологиялық дайындау деңгейі көптеген факторлармен тығыз байланысты болады. Оларға техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және әлеуметтік факторлар жатады.

Техникалық факторларға - типтік және стандартты технологиялық үрдістерді жасау және жетілдіру; технологиялык жабдықтардың стандартқа сай және унифицирленген құралдарын пайдалану; автоматтаңдырылған жобалау жүйесін қолдану; тех-нологиялық жабдықтарды қолдану; өндірісті автоматтандырылған жүйемен басқаруды қолдану; бөліктерді өндеудің механикалық және термиялық ондеудің прогрессивті тәртібін қолдану; прогрессивті технологиялық әдістерді қолдану; ұнтақты металлургия, элeктpoфизикaлық, электрохимиялық және т. б. әдістерді дайындау; сапаны тексеруде белсенді және объективті техникалық тексеру құралдарын пайдалану; технологиялық құралдарды өндірудің және жобалаудың торлық сызбасын бақылауды автоматтандыру және т. б. жатады.

Экономикалық факторларға - ө ндірісті технологиялық дайындау жұмыстарының кезеңдері бойынша алдын ала қаржыландыру, жеңілдетілген несиені пайдалану, жаңа техниканы игерудің ынталандыру қорын құру және тағы басқалар жатады.

Ұымдастыру факторларының құрамына өндірісті мамандандыруды дамыту және тереңдету, негізгі өндірістің алғашқы өнімдер партиясының немесе тәжірибелік үлгісінің сапасы бойынша стандартты емес құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың сапасын аттестациялау, комекші өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру, зауытаралық, зауытішілік, салааралық кооперациялауды кеңейту кіреді.

Әлеуметтік факторлар қатарына орындаушылар мамандығын көтеру, еңбек жағдайын жақсарту мақсатында өндірістік және көмекші операцияларды механикаландыру және автоматтандыру, әлеуметтік өрісті дамыту, ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарту саналады. Өндірісті технологиялық дайындау жеке өндірістік бөлімдерді техникалық жарақтандыру, өндірісті кеңейту, сонымен қатар құрал-жабдықтарды модернизациялауды алдын ала қарастырады. Жоғарыда аталғандар конструкторлық, технологиялық дайындау, дайындық және өндірісте өнімді өндіру шаралары кәсіпорынның ғылыми-техникалық дамуының негізі болып қаланады.

Өндірісті ғылыми-техникалық дайындау үрдісін жұзеге асыруда стандарттар жұйесі бойынша мөлшерлер, ережелер жэне талаптарға сәйкес орындау қажеттілігі пайда болады.

Өндірісті конструкторлық дайындаудың келесі сатыларын қарастырайық: техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, э-киздік жоба және жұмыс жобасы.

Техникалық тапсырма бастапқы құжат болып табылады. Оның негізінде жаңа өнімді жобалау бойынша барлық жұмыстар жүргізіледі. Ол өнім өндіруші кәсіпорынның және тапсырыс берушінің келісімімен немесе тапсырушының тапсырмасымен келісіп отырып жаңа өнімнің жобасы жасалады.

Техникалық тапсырмада болашақ өнімнің мазмүны ашып көрсетіледі. оның техникалык және эксилуатациялық параметрлері мен сипаттамалары: өнімділігі, габариті, жылдамдығы, беріктілігі, ұзак уақыт кызмет көрсетуі және тағы баска болашақ өнімнің жұмыс істеу сипатына қарай басқа көрсеткіштері беріледі. . Онда сонымен бірге өндірістің сипаты жөнінде мәэліметтер, тасымалдау, сақтау және жөндеу шарттары, конструкторлық құжаттарды дайындаудың қажетті сатыларда орындау жөніндегі ұсыныстар, оның құрамы, технико-экономикалық негіздемесі және тағы басқа талаптар беріледі.

Техникалық тапсырма ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды орындау, маркетингтік зерттеу патенттік ақпараттарды оқып-үйрену нәтижелері, қолданыстағы балама үлгілерді және пайдалану шарттарын талдау негізінде орындалады.

Техникалық ұсыныс тапсырыс беруші жаңа өнімді әзірлеушіге техникалық тапсырма берген жағдайда аталады. Техникалық ұсыныс техникалық тапсырманы жан-жақты талдауды, өнімді жобалау кезінде мүмкін болатын техникалық шешімдерді технико-экономикалық негіздеуді, осындай түрдегі жобаланатын және қолданыстағы өнімдердің эксплуатациялық ерекшеліктерін ескере отырып салыстырмалы түрде баға беруді, сонымен бірге патенттік материалдарды талдауды қамтиды. Техникалық ұсынысты үйлестіру мен бекіту тәртібі техникалық тапсырмадағыдай болып келеді. Техникалық ұсынысты үйлестіріп және бекіткеннен кейін эскиздік жобаны дайындау үшін негіз болады. Эскиздік жоба техникалық тапсырма мен техникалық ұсыныста қарастырылғаннан кейін ғана дайындалады, онда жұмыс көлемі мен құрамы аныкталады.

Эскиздік жоба графикалық бөлім мен түсіндірме хаттан тұрады.

Бірінші бөлімде өнім туралы түсініктеме беретін конструктивтік шешім, оның жұмыс істеу қағидалары, өнімнің негізгі параметрлеі ме габариттік размерлері туралы мәімстгер беріледі. Сонымен қатар, онда өімнің болашақ конструкциясы мен конструктивті рәсімдеуі мен соған қоса жалпы түрдегі сызбалары, функционалдық блоктары, барлық буындардағы кіретін және шығатын электрлік мәліметтері, блок-сызбаның құрамдас бөліктері қамтылады. Осы сатыда макеттер дайындау үшін құжаттар жасалады, оларды дайындау және тексерістен өткізеді, содан кейін барып консгрукциялық құжаттама үйлестіруден өтеді.

Эскиздік жобаның екінші бөлімі конструкцияның негізгі параметрлерінің есептемелері, өндірісті техникалық дайындау жөніндегі жұмыстың үлгілік сызбасы, эксплуатациялық ерекшеліктерін сипаттайтын жұмыстардан тұрады.

Эскиздік жоба міндеттері құрамына технологияның, беріктіліктің, стандарттау мен унификациялаудың келесі сатыларындағы жұмысты жүргізудің әр түрлі басшылыққа алатын нұсқаулары, сонымен катар материалдык-техникалық камтамасыз етудің келесі қызметіне беру үшін тәжірибелік үлгілергі қажетті материалдар мен комплект бұйымдарының спецификалық ведомостерін дайындау кіреді.

Эскиздік жоба техникалық тапсырма секілді үйлестіру және бекіту сатыларынан тұрады.

Техникалық жоба бекітілген эскиздік жоба негізінде дайындалады және сызба және есеп бөлімдерінен тұрады және жаңадан дайындалатын өнімнің техника-экономикалық корсеткіштерін тексеріп шығуды қажет етеді. Ол дайындалатын өнімнің құрылымы жөнінде толық ақпарат беретін және жұмыс құжаттамасын жасау үшін бастапқы мәліметтерден тұратын конструкторлық құжаттар жиынтығынан тұрады.

Техникалық жобаның сызба бөлімінде жобаланатын бұйымның, құрастырылатын түйіннің және негізгі бөліктердің жалпы түрдегі сызбалары келтіріледі. Сызба міндетті түрде технологтармен талқыланады.

Түсіндірме хатта құрастырылатын негізгі бірліктердің параметрлерін есептсу және оның сипаттамасы, жұмыс істеу қағидалары, материалдарды талщаудың негіздемесі, соңғы рет технико-экономикалық көрсеткіштерді және сызбалардың барлык түрін тексеріп шығу жұмыстары қарастырылады.

Техникалық жоба да техникалық тапсырма сияқты үйлестіру және бекітудің сатыларынан өтеді.

Жұмыс жобасы конструкторлық кұжаттау, графикалық бейнелер нысандарын қыскарту және оған өзгеріс енгізуді, сонымен қатар техникалық құжаттарды өндеуді механикаландыру мүмкіндігін және олардың тұпнұсқасын алуды алдын ала қарастырады.

Конструкторлық құжаттау жүйесі барлық деңгейдегі АСУ-да машиналық тасушыларды жасаумен қолдануда орындалып жатқан және жаңадан құралып жатқан жалпы мемлекеттік топтамалар мен құжаттау жүйесінде АСУ-дағы ақпаратгы жинақтау, сараптау, беру және өндеуді ұйымдастыратын стандартты бағдарламаларды құрастыруда қолданылады. Жоғарыда айтылғандай және ЕСТД мен ЕСТПП өндірілетін өнімнің тек ішкі нарықтарда емес, дүниежүзілік нарықтарда бәсекеге түсуіне кепілдік беретін, өндірістің ғылыми-техникалық дайындылығына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. ЕСКД (басқа да жүйелер сияқты), өзінің жоғарғы; тиімділігіне қарамай, отандық және шетелдік жетістіктер тәжірибесін игеріп: отыруды қажет етеді. ЕСКД-ның ары қарай дамуындағы басты бағыт - жобалы-конструкторлық жұмыстарды автоматтандыру жүйелерін және барлық деңгейлердегі мемлекеттік, салалык, ұйымдық, кәсіпорындық автоматтандырылған басқару жүйелерін негұрлым толығырақ құжаттауы болып табылады.

Технологиялық құжаттау жүйесі . Конструкторлық құжаттау жүмысынан кейін технологтар технологиялық құжаттарды дайындаумен айналысады. Ол екі міндетті шешуге негізделген: ақпараттық және ұйымдастырушылық.

Технологиялық құжаттау негізінде техника-экономикалық, нормативтік есептеулер жасау арқылы өнеркәсіпті жоспарлау-да және басқаруда қолданылатын көп мөлшердегі ақпараттарды әзірленеді. Технологиялық құжаттау негізгі және көмекші өндіріс арасындағы қарым-катынасты реттейді. Оған негізгі рөл автоматтандырылған басқару жұйесі шарттарына тән. ЕСТД негізгі мазмұнына барлық ұйымдар мен кәсіпорындарда бірыңгай өзара байланысқан технологиялық құжаттаудың унификациясымен стандарттау, орындау, дайындау, жинақтау ережелерімен мөлшерін бекіту жатады. ЕСТД типтік технологиялық үрдістерді кең түрде қарастырады. Жасырын жатқан технологиялық құжаттар көлемін азайтуды, технологтардың еңбек өнімділігін арттыруды, ыстық, суық штамп ұру, механикалық, термиялық және термохимиялық өңдеу әдістері және жинактап қыздыру жұмыстары арқылы бөліктерді дайындауға арналған өндіріс үшін технологиялық үрдістерді дайындау ережелерін, негізгі және көмекші өндірістерге мөлшерлер жүйесін жасауды, технологиялық жабдықтың қолданылуы ескерілуде және таңдауын, ең алғашқы өндірістік техникалық құжаттауды, дайындауды, өзгерістер енгізуді алдын ала қарастырады.

Типтік технологиялық үрдістерді деп бір типті құрал-жабдықтар мен құрал-саймандар жылжымалы бөліктер тобы үшін негізгі операциялар бойынша бірынғай өңдеу жоспары бар технологиялық үрдісті тусіну керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ғылыми – техникалық дайындауды ұйымдастыру
Өндірісті ғылыми - техникалық дайындау
Негізгі және көмекші өндірісті ұйымдастыру
Өндіріс процесі және оны ұтымды ұйымдастыру принциптері
Өндірісті техникалық дайындау жоспары
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Өндірістің экономикалық мәні
Тіс емханасын метрологиялық қамтамасыз ету
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жолдары
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz