САТЫБАЛДИЕВ ӘБЕН


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

САТЫБАЛДИЕВ ӘБЕН

(1914-1974)

31 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында туған. 1934 жылға дейін Шымкенттегі облыстық «Заготзерно» кеңсесінде инспектор болып істеген. 1937 жылы Алматыдағы Мемлекеттік Банктің экономика-есеп техникумын бітірген соң, 1939 жылға дейін Мемлекеттік Банктің Шымкент облыстық кеңсесінде экономист болып қызмет атқарған. 1939 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясына қызметке ауысқан. Әуелі әдеби қызметкер, сонан соң түрлі бөлімдерде меңгеруші, 1945-
1955 жж. республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі, одан кейін аударма бөлімін, әдебиет және өнер бөлімін басқарған. ҚазМУ-дің филология факультетін сырттай оқып бітірген (1955) . 1956-1960 жж. республикалық баспасөз органдарында түрлі басшы қызметтерде болған. Сатиралық «Ара» («Шмель») журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы болып істеген.

1961-1968 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы Тіл білімі институтында әуелі кіші ғылыми қызметкер, кейіннен (1964 жылдан) аға ғылыми қызметкер болған.

1964 жылы «Қазақ әдебиетіндегі аударма мәдениетінің дамуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1968 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Е. Мальцевтің «Шын жүректен», Ф. Глатковтың «Балалық шақ туралы әңгіме», И. Гончаровтың «Жар» романдарын аударған.

Шығармалары: Ақмарал. Повестер мен әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Рухани қазына. Аударма проблемалары жайында. А., «Жазушы», 1965; Беласқан. Роман, әңгімелер. А., «Жазушы», 1979.

Менің Алшым

Алшымның әманда оңынан түсе бермейтінін мен өзім жақсы білемін. Әсіресе пәтер мәселесінде көпке дейін ісімнің оңға баспағанын жасыра алмаймын. Төрт балам бар, алты жанбыз. Төрт жыл бойы үш бөлмелі үйде тұрдық. Үш бөлмелі? Үш бөлмеден артық немене, сарай керек пе еді? -демексіз ғой. Асықпаңыз. Үш бөлме деген аты ғана. Шынтуайтқа келгенде, бөлмелері аяғыңды шындап созсаң, табалдырықтан шығып жатар үйшік қана.

Бір мың тоғыз жүз алпыс төргінші жылы Қазақстан Жазушылар одағының үй бітті. Дәмелілердің бірі болып төрт бөлмелі үй сұрап арыз бермеймін бе . . . Жазушылар одағының председателі Ғабит ағамыз:

- Үш бөлмелі пәтер болмаса, төрт бөлмеден дәметпе, - деді. Сөзі Қарабайдың: айттым бітті, кестім үзілдісі. Талай-талай дастарқанын жайып, шын мағынасында келіні болып ақ дәмін силаған жұбайым маған көнбей қайын ағасының алдына барып, ол да мұқалып қайтты. - Төрт бөлмелі пәтерді анау алып жатыр, мынау алып жатыр . . . мен солардан кем бе едім? -деген әлсіздікке барып несіне бой алдырайын, тура барып іс тындыра алмайтыныма көзім жеткен соң, өкпесі бар көңіліммен:

- Олай болса ана екі семьяға бөліп бергелі жатқан бес белмелі пәтердің үш бөлмесіне кірейін, - дедім қайтер екен деп. Өз ойымша қам жегіш бастық қой, оның қалай, екі семья болып бір кухняға сыя алатын ба едіңдер?! Одан да былай етейік, - деп басқа бір амалын қарастыратын шығар, - деп, ойлаймын ғой баяғы. Бірақ Ғабит Мүсрепов оп-оңай көне кетті.

- Олай болса, тіпті жақсы. Саған үш бөлме, ал Жұмекен Нәжімеденовке екі бәлме, - деп бастық өз қолымен екеуміздің атымызды тізімге қосақтады.

- Болса болсын!. . -дедім мен де өкпе-ерегіс пен намысқа бой алдырып.

Біз сөйтіп Жұмекен Нәжімеденов екеуміз тағдыр һәм бастықтың жазуымен үш жылға жуық бір пәтерде тіршілік кештік. Шынын айтсам, ұсақ жайларда от басыңың - әрі отыры мен бері отыры - болғанымен жалпы алғанда жаман тұрмадық. Біріміз аға, біріміз іні болып, бірі жеңге, бірі келін - абысын-ажын болып күн кештік. Соның айғағы - кейін бөлініп шыққаннан соң да карым-катынасымыздың үзілмегендігі. Әсіресе мінезге бай Жұмекен іні бола алды. Ал жөн-жобаны білетін тәрбиелі келін Нәсіп болса, алдымызды кесіп өтпеді.

Қанша тату тұрдық десек те екіге айрылар күн туды. Жазушылар одағына пәтер бөлінді. Мен жай-күйімді айтып ендігі бастығымыз Әди Шәріповке барамын ғой. Мақсатым - Жұмекенге үй бергіздіріп, өзім мына

бес бөлмеге ие болу.

- Жоқ, атама, бес бөлмелі үй саған тимейді. Осында үй сұрап жүрген үлкен жазушылар бар. Солардың біріне береміз.

- Үлкен жазушың кім сонда? - деймін мен жасы үлкен, жолы үлкендердің ішінде пәтер сұрайтындардың жоқ екенін білгендіктен.

- Әбен Сатыбалдиев . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбен Сатыбалдиевтың шығармашылығы
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
Көркем аударманың маңызы мен рөлі
Тілім деп соққан жүрегі
Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Меңдекеш Сатыбалдиев өлеңдеріндегі тақырыбына шолу
Фирманың жалпы сипаттамасы
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУ
Шығармаларға әлеуметтік талдау
Көркем аударма түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz