Ұлттық қауіпсіздік ұғымы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсат құрамы
  2. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық

аспект

  1. Ұлттық қауіпсіздіктің құрылымы және саяси аспектілері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қауіпсіздік идвидтің тіршілік қызметіндегі тұғырлы категория болып табыладытындықтан, қауіпсіздік проблемасы ежелден бастап біздің күнімізге дейін қоғамның, мемлекеттің, жанұя мен тұлғаның маңызды міндеттері мен қызметтерінің бірі болып қала береді.

Жалпы мағынада қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерлердің келеңсіз әсерінен қорғалу күйі ретінде түсініледі. Соған сәйкес мұнда қауіп қатердін қорғау негізі ұғымдар ретінде көрініс табады. Қатерлердің әрекеті, әдетте, олардың ұлттық мүдденің басымдығын анықтайтын тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне бағытталады.

Ұлттық қауіпсіздік ұғымы өзіне екі функцияны қамтиды: объектінің ішкі ортаның ықпал етуінен қорғалуы қасиетін сипаттайтын ішкі функция және сыртқы әлемнің қатерінен қорғалуы дәрежесін анықтайтын сыртқы функция.

Осылай бөлінудің негізінде территориялық принцип жатыр. Жаһандану және аймақталу жағдайындағы қазіргі уақытта қоғамдық өмірдің барлық сферасында зерлік ішкі және сыртқы қауіпсіздіктің арасындағы шек айтарлықтай өзгерген, ал көптеген қатерлер, мәселен халықаралық терроризм, есірткі саудасы, экологиялық және табиғи-техногенді апаттар кейде бір мемлекеттің шекарасына сыймайды.

Дегенмен, осылай болу тиімді әрекеттің немесе қарсы әрекеттің тетіктерін жасақтау үшін пайдалы, өйткені ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасын шешудегі тәсілдерді анық түрде жіктеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық қауіпсіздік қамтитын сферасы бойынша құрылымына қоғамның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздігі, ақпараттық т. б. қауіпсіздіктері жатады.

Экономикалық қауіпсіздік - бұл экономика тәуелсіздік, ұлттық экономиканың тұрақтылығы және өзіндік даму мен прогресске қабілеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттілік жағдайындағы қоғамдық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру.

Қазақстанның экономикалық қауіпсізідігінің концептуалды негіздері елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың жалпы стратегиясы мен приоритетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы мағынада, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз - оның тұрақты дамуын, қауіпсіздігін, қоғамдық және мемлекеттік дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайының адекватты деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық жүйенің күйі.

Қоршаған ортаның қауіпсіздігі ол тиісті ортаның антропогендік немесе басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғауының жай-күйі. Экологиялық қауіпсіздік табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғау нәтижесін құрайды. Бұл көрсетілген іс-әрекеттер экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы негізінде жұмыс атқарады.

Негізгі бөлім

  1. Ұлттық қауіпсіздік түсінігі, мақсаты, құрамы.

Ұлттық қауіпсіздік-қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы қатерлерден шекараны сақтаудың, ішкі және сыртқы қолайсыз әрекеттілікке табандылықтың шарттарының жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдденің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Алғашқыда ұлттық қауіпсіздік мағынасы (XVI-XVIII ғғ. ) адамдардың физикалық қауіпсіздігі мағынасында болған, кейін келе шет мемлекеттер тарапынан келетін, тек ХХ ғ. экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік пен құқығын қорғаудағы экономикалық теңсіздігінен болатын қауіптерден қорғануды білдірді. Ертедегі теорияларда ұлттық қауіпсіздік рухани соның ішінде ұлттық межеден қорғану десе ал психологияда қорқыныш сезімдерден қорғану мағынасын берді.

Ұлттық қауіпсіздікке деген қазіргі көзқарастар оны индивидтың, қоғамның қауіпсіздігін мемлекеттің және халықаралық қауіпсіздікпен ұштастырады. Ішкі саясатта ұлттық қауіпсіздік заңды қатаң бақылауды, халықтың әлеуметтік қорғануын: құқығы мен бостандығындағы кепілдік, мәселелер мен шиеленістерді саяси және бейбіт әдістермен шешуді қамтамасыз етеді.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың атқарушы органы, Президенттің атқарушы аппаратына кіреді, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі де, сыртқы да мәселелерімен айналысады. Ол 1947 ж құрылған. Оның құрамына Президент, вице-президент, мемлекеттік хатшы, қорғаныс министрі және төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың директоры кіреді.

ҰҚК-шын мәнінде саясат мәселелер бойынша ұсыныс беретін орган, бірақ мүшелері аз болған, ол дағдарысты жағдайларға үн қата алады және өзінің құдіретті құрамының арқасында оның шешімдерінің шешуші маңызы болды. ҰҚК сондай-ақ ОББ-ның жұмысына бақылау функциясын орындайды. Кейбір сыншылар оны мемлекеттік департаментінің бәсекелесі секілді «шын» мемлекеттік департаменттен Президенттікке қолы тез жетеді деп айыптайды.

Қауіпсіздік кеңесі-БҰҰ-ның ең басты органдарының бірі. Алғашқыда ол 11 мүшеден құралады, 1965 ж. 15 ұлғайды, олардың бесеуі (Ұлыбритания, Қытай, Франция, АҚШ, Ресей) тұрақты мүшелері қалдырған. Бас Ассамблея 2 жылға сайлайды. 1991 ж. Ресей КСРО-ның орнын алды. Қауіпсіздік кеңесі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдап, сақтап отыру үшін тікелей жауапты. Кеңес вето құқығы бар бес тұрақты мүшелерінің келісімімен ғана әрекет жасай алады, «Қырғи қабақ соғыс» кезінде көптеген мәселелер бойынша татулықтың болмауы қауіпсіздік кеңесінің ролін айтарлықтай шектеп, төмендетті. Алайда, 1980 ж. Аяғынан бастап, ҚШ-р 1990ж. -1991 ж. ұйымдастырған, Кувейтті азат ету жолындағы соғыс қауіпсіздік кеңесінің толып жатқан қаулыларына негізделді

2. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ұлттық мүдделер: теориялық аспект.

Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдденің маңызы бір бөлігі болып табылады. Ішкі және сыртқы қауіп-қатерлердің әрекеті, әдетте, олар ұлттық мүдденің басымдығын анықтайтын тұлғаның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне бағытталады.

«Ұлттық мүдде» ұғымы XVII ғасырдан- яғни, Еуропадағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу уақытынан кең қолданыла бастады. Дегенмен бүгінгі күнге дейін көптеген зерттеушілер «ұлттық мүдде» категориясына нақты анықтама беруге қиналады. Мәселен, француз зерттеушісі Бернар Жакье бұл ұғым объективтіден гөрі субъективті болғандықтан әрқилы түсініктемелердің пәні болып табылады деп санайды. Осы арайда Б. Жакье ұлттық мүдделердің негізгі бес аспектісін бөліп көрсетеді:

  • мемлекет қауіпсіздігін сыртқы қатерлерден қамтамасыз ету ниеті;
  • мемлекет күшін арттыру
  • байлықты көбейте түсуге ұмтылу
  • өзінің идеологиялық ықпалын жая түсуге ұмтылу
  • ел басқарушылардың атақ-даңққа және өз атын мәңгілікке қалдыруға ұмтылысы

Біз осы ретте, оған сәйкес Қазақстанның ұлттық мүдделер жүйесі оларды жүзеге асырудан мемлекеттің қабілеті адам мен азаматтық құндылықтарын, тұғырлы мемлекеттік мүдделерді қорғауды қамтамасыз ете алудан тәуелді ҚР-ның саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да сұранымдарының жиынтығы ретінде анықталатын түсініктемені ұстанамыз.

Осы ретте жолын құрт өзгертетін кезеңдерде дұрыс негізделген ұлттық мүдденің мәні аса жоғары. Өйткені тек терең ойластырылған ұлттық мүдделер жүйесі ғана соның айналысында мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты негізделетін қоғам консализацияланатын тұғыр бола алады.

Енді «ұлттық мүдде» ұғымын қарастыра кетелік. «Мүдде» адам жасанпаздығының басты детерминанты және соңғы нүктесі болып табылады. Яғни, салиқалы әлеуметтік мүдде-адамдардың саналы әрекеттерінің нақты себебі. Алайда оны шынайылыққа айналдыру үшін оған адамның өмір сүруінің соған сәйкес жарақтанған еріктік және іс-әрекеттік аспектілерін қосу қажет. Ал осынау элементтердің барлығы саясатта біртұтас байланысқан.

Ұлттық мүдделерді бір қатар белгілері бойынша жіктеуге болады:

Маңыздылығы дәрежесі бойынша -мүдделер аса маңызды, негізгі басты болып бөлінеді. Демек олар саудаласу, шегініс жасау пәні бола алмайды, және олар кез-келген тұрғыда қорғалынады. Осы арайда кез-келген мемлекеттің аса маңызды басты мүддесі оны сақтау, оның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, халықтың бостандығы мен қауіпсіздігін қорғау болып табылады. Осынау аса маңызды мүдделерден бөлек, екінші орындағы құбылмалы, конъюктуралық мүдделер болады. Яғни осы желіде айтар болсақ, ұлттық мүдделердің қандай бір тұрақты және құбылмалы бөліктері болады.

Қоғамдық қатынастар субъектісі бойынша ұлттық мүдде тұлға, қоғам, мемлекет мүдделері болып бөлінеді. Осы ретте партиялардың, әлеуметтік топтардың, этностардың және т. б. мүдделері туралы да айтуға болады.

Қолдану салалары бойынша-мүдделер экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, қорғаныстық, ақпараттық және т. б. болып бөлінеді.

Қоғамдық ықпал ету сипаты бойынша-прогрессивті, революциялық, консервативті, реакциялық.

Қоғамдық дәрежесі бойынша -инвидуалдық, топтық, корпоративті, топтық, қоғамдық, жалпы адамзаттық.

Әрекет ету мерзімі бойынша- қысқамерзімді, ортамерзімді, ұзақмерзімді.

Территориялық ауқымы бойынша- ғаламдық, аймақтық, субаймақтық, мемлекетішілік.

Саясаттың негізгі түрлері бойынша- ішкі саясаттық және сыртқы саясаттық.

Ұлттық мүдделерді қорғау мәселесі ұлттық қауіпсіздік сферасында интеграцияланған. Осы ретте ұлттық қауіпсіздік онда тұлғаның қоғамның мемлекеттің өмірлік маңызы бар мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерлермен үнемі өзара әрекеттесуі мен күресі өтіп жататын күрделі, көпдеңгейлі функционалдық процесі ретінде көрініс табады. Осы орайда еліміздің «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң осы саладағы прогрессивті заңдардың бірі болып табылады, және оның ережелері шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік сферасындағы теориялық және практикалық іс-қызметтің әдістемелік-құқықтық негізіне айналады. Бұл Заңға сәйкес ұлттық қауіпсіздіктің көрініс табу салалары қауіпсіздіктің сыртқы, әскери, ақпараттық, қоғамдық, экологиялық және экономикалық сфераларын өзіне қамтиды. Ал ұлттық қауіпсіздік жүйесінің ортасында олардың жиынтығы еліміздің ұлттық мүддесін құрайтын тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделері орын тапқан.

Аталмыш жүйенің мақсаттық міндеті ретінде оған тән мүдделердің қатерлерден қорғалуы дәрежесі көрініс табады. Өйткені мүдделер ғана дамудың қорғаушы күші болып табылады, және қоғамдағы, мемлекеттегі және әлемдегі өзгерістердің маңызды стимулы ретінде көрінеді. Осы реттегі стратегиялық жобада Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің міндеттері оның ұлттық мүдделерін барлық деңгейде -индивидуумнан мемлекетке дейнгі деңгейде жүзеге асыру барысында елдің дамуы үшін ішкі және сыртқы жағдайларды кешенді қамтамасыз ету мақсатын ұстанатын көзқарастар мен нақты шаралар жүйесін жасақтаудан тұрады.

3. Ұлттық қауіпсіздіктің құрылымы және саяси аспектілері

2006 жылдың 1 наурыздағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 50 елдің қатарына кіретіндігі жайында ерекше атап көрсетілген: «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін алдағы уақытта бекіту үшін халықаралық стандартқа сәйкес экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек»

Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мәселелерін шешуде бірнеше теориялық дәйектер бар:

Біріншіден, қауіпсіздікке ұмтылу, жеке тұлға үшін қалыпты және заңды құбылыс секілді, қоғам үшін де дәл солай болатын өздік қорғаныс;

Екіншіден, ұлттық қауіпсіздік жүйесінің эффективті құрылысына қысқа мерзімді тәуелсіздікке ие болатын мемлекеттік тапсырмалары жатады, бұл кезде мұндай жүйені құру екі бағытта жүреді:

1. Қоғамның қамтамасыз ету, белгіленген бағыт қоғам басқаруын іске асыратын негізгі мемлекеттік саяси институттар ретінде басты назарда болуы тиіс. Мұнда бірінші кезекте қоғам мен оның әрбір азаматтарының мүддесін қорғауға бағыттылған.

2. Мемлекеттік өздік қорғанысы, мемлекет қоғам мүддесімен қатар өзінің тұрақтылығы мен тұрақты қызметі үшін шарт құруға ұмтылады. Тәуелсіз мемлекет құрылысы шартында бірінші кезекте оның қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі тұрады.

Үшіншіден, ұлттық қауіпсіз жүйесі мемлекеттік және қоғамдық институттар, тұлғаның мүддесі өмірлік қажетті қорғану механизмі болып табылады.

Саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру тұлғаның мүддесін қорғау, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік жүйесінің бөлігі болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздік мүддесін таратушылар қатарына мемлекет, қоғам мен жеке тұлға және құраушылар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік топтар да кіреді. Әрбір алынған адамдар ұжымы басқа ұжымдар мүддесімен сәйкес келетін және өзіндік мамандық аясы бар қауымдар мүддесін құрады. Мысалы, мүдделер адамның қай этникалық топқа жататындығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

Мұндай айырмашылық билікке ие және оған ие емес топтар арасында болуы керек. Біреулерінде-мүдде өзінің билігін кеңейту, мықтау, сақтау болып табылса, екінші біреулерінде-оны құру болып табылады.

Бұдан мемлекеттегі саяси жүйенің табандылығы мен тұрақтылығы, қауіпсіздік мәселесін қарастыруда айырмашылық байқалады. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік бұл ұлттық мүдделердің деңгейлері мен күйі.

Өз кезегінде біртұтас мемлекеттік қауым мүдделерін 3 деңгейде бөліп қарастыруға болады:

1. Мемлекеттік мүдде-қоғамның біртұтастығы мен оның территориясын сақтап қалуға шақыратын және басқаруды іске асыратын негізгі саяси институттарды ынталандыру мен қажеттіліктері.

2. Қоғам мүддесі-қоғамдық институттардың мемлекеттік емес мотивациясы мен қажеттіліктері.

3. Тұлғаның мүддесі-жеке адамның мотивациясы мен қажеттіліктері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы
АҚШ пен КСРО - ның ұлттық қауіпсіздігі тұтас халықаралық қауіпсіздікті айқындаған тұстағы биполярлы халықаралық саяси жүйе
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
Атқарушы билік органдары ұғымы және құқықтық мәртебесі
Мемлекет қауіпсіздігін қалай түсінесіз және бұл қалай көрінеді
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Халықаралық ұйымдардың ұғымы
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz