Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы



2.тақырып. Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

1. Месопотамия ежелгі мемлекеттері
1.1. Ежелгі Шумер
1.2. Ежелгі Вавилон
2. Ежелгі Шумер сипаттамасы
2.1. Ежелгі Шумердің қоғамдық құрылысы
2.2. Ежелгі Ш умердің мемлекеттік құрылымы
3. Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
3.1. Вавилондағы құлдық
3.2. Вавилондағы еркін халық
4. Вавилонияның мемлекеттік құрылысы
4.1. Мемлекеттік құрылысы
4.2. Сот құрылымы
4.3. Әскері
5. Хаммурапи заңдары
5.1. Жалпы ұғымдар
5.2. Меншік
5.3. Міндеттемелер түрлері
5.4. Неке.отбасылық қатынастар
5.5. Қылмыс пен жазалау түрлері
5.6. Процесс
3.тақырып. Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқығы
1. Ежелгі Үндістанға сипаттама
1.1. Харапп өркениеті
1.2. Веда кезеңі
1.3. Магадхо.Маурий кезеңі
1. Әлемдегі көне өркениеттердің бірі төрт мың жыл бұрын Инда
2. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
2.1. Варнның құрылуы
2.2. Ауылдық қауым
2.3. Ежелгі Үндістандағы құлдық
3. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылымы
3.1. Мемлекеттік құрылымы
3.2. Жергілікті басқару
3.3. Сот құрылымы
3.4. Әскері
4. Ману заңдары
4.1. Жалпы ережелер
4.2. Меншік құқығы
4.3. Міндеттемелер
4.4. Неке.отбасылық қатынастар
4.5. Қылмыстық құқық
4.6. Сот процесі
4.тақырып. Ежелгі Қытай мемлекеті және құқығы
1. Ежелгі Қытай. Шан (Инь) мемлекеті
1.1. Жалпы ережелер
1.2. Қоғамдық құрылысы
1.3. Мемлекеттік құрылымы
1.4. Шан (Инь) мемелкетінің күйреуі
2. Ежелгі Қытай. Чжоу мемлекеті
2.1. Жалпы ережелер
2.2. Батыс Чжоу кезеңі
2.3. Шығыс Чжоу кезеңі
2.4. Чжаньго кезеңі
3. Ежелгі Қытай. Цинь мемлекеті
3.1. Жалпы ережелер
3.2. Шан Ян реформалары
3.3. Мемлекеттік құрылымы
3.4. Сот құрылымы
3.5. Әскері
4. Ежелгі Қытай Хань мемлекеті
4.1. Жалпы ережелер
4.2. Лю Бан билігі
4.3. Ван Ман билігі
4.4. Шығыс Хань
4.5. Хань империясының құлдырауы
Азиялық Қосөзен аралығында, Тигр мен Евфрат өзендері аралығында біріалғашқы мемлекет б.д.д. ІІІ мыңжылдықта пайда болды. Осы шағын қала-мемелкеттердің қоғамдық және мемлекеттік құрылымында рулық ұйым белгілері ұзақ сақталды.
Шумер мемлекеті шумерлер халқының атын иемденді. Ол Қос өзен аралығындағы өркениеттің негізін салған ел болатын. Біртіндеп мемекеттің барлық аумағын аккадтар жаулап алып, Шумер-Аккад патшалығын құрды.
2. Б.д.д. 2000 жылдар шамасында Қосөзенді көшпелі-аморейлер жаулап алып, сол жерге қоныстанды. Көшпелілердің тірек пункттерінің бірі Вавилон болды. Вавилонның өрлеуі Хаммурапи (б.д.д. 1792-1750 жж.) патша тұсындағы ыңғайлы орналасу болды.
Б.д.д. IV-VI ғғ. Вавилон жаңа өрлеу кезеңіне енді. Жаңа Вавилон патшалығы кезеңі басталды. Вавилон патшалығы қуатты державаға айналды. Навуходоносор ІІ қайтыс болғаннан кейін Вавилонды парсы патшасы Кир жаулап алды. Қоғамда құл иеленуші қатынас дамыды. Ірі жер иелену өрістеді. Храмдар салынды, қорғаныс және суару құрылыстары жүргізілді.
Аумақтық қауымдардың сақталының себебі ауыл шаруашылығын ұйымдасқан түрде өңдеу принципіне байланысты болды. Ауыл шаруашылығын басқару орталығы храм болды. Бастапқыда олардың өз жерлері болды. Әрбір ауыл өз храмына жер участогін берді. Оны шаруалар өңдеп, жиналған өнімді храмға берді. Біртіндеп храмдар осы жерлерде шаруашылықты дербес жүргізе бастады. Жердің бір бөлігі жалға берілді.
Шумер қоғамының жоғарғы тобы жрецтер болды. Олар Шумер өмірінде айрықша маңызға ие болды.
Рулық қауымшылдар халықтың жартысынан астамын құрады.
Жері жоқ шаруалардың жалдамалы еңбегі храм жерлерінде кеңінен пайдаланылды.
Шумерде құлдар негізінен тұтқынға түскен немесе сатып алынған жат жерліктер болды. Құлдарды храмдар да, жеке адамдар да иелене алды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
2-тақырып. Қосөзен аралығында мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен
дамуы

1. Месопотамия ежелгі мемлекеттері
1.1. Ежелгі Шумер
1.2. Ежелгі Вавилон
1. Азиялық Қосөзен аралығында, Тигр мен Евфрат өзендері аралығында
біріалғашқы мемлекет б.д.д. ІІІ мыңжылдықта пайда болды. Осы шағын қала-
мемелкеттердің қоғамдық және мемлекеттік құрылымында рулық ұйым белгілері
ұзақ сақталды.
Шумер мемлекеті шумерлер халқының атын иемденді. Ол Қос өзен
аралығындағы өркениеттің негізін салған ел болатын. Біртіндеп мемекеттің
барлық аумағын аккадтар жаулап алып, Шумер-Аккад патшалығын құрды.
2. Б.д.д. 2000 жылдар шамасында Қосөзенді көшпелі-аморейлер жаулап
алып, сол жерге қоныстанды. Көшпелілердің тірек пункттерінің бірі Вавилон
болды. Вавилонның өрлеуі Хаммурапи (б.д.д. 1792-1750 жж.) патша тұсындағы
ыңғайлы орналасу болды.
Б.д.д. IV-VI ғғ. Вавилон жаңа өрлеу кезеңіне енді. Жаңа Вавилон
патшалығы кезеңі басталды. Вавилон патшалығы қуатты державаға айналды.
Навуходоносор ІІ қайтыс болғаннан кейін Вавилонды парсы патшасы Кир жаулап
алды. Қоғамда құл иеленуші қатынас дамыды. Ірі жер иелену өрістеді. Храмдар
салынды, қорғаныс және суару құрылыстары жүргізілді.

2. Ежелгі Шумер сипаттамасы
2.1. Ежелгі Шумердің қоғамдық құрылысы
2.2. Ежелгі Ш умердің мемлекеттік құрылымы
1. Ежелгі Шумердің қоғамдық құрылымының ерекшелігі рулық ұйымдастыру
қалдықтарының сақталуы болды.
Аумақтық қауымдардың сақталының себебі ауыл шаруашылығын ұйымдасқан
түрде өңдеу принципіне байланысты болды. Ауыл шаруашылығын басқару орталығы
храм болды. Бастапқыда олардың өз жерлері болды. Әрбір ауыл өз храмына жер
участогін берді. Оны шаруалар өңдеп, жиналған өнімді храмға берді.
Біртіндеп храмдар осы жерлерде шаруашылықты дербес жүргізе бастады. Жердің
бір бөлігі жалға берілді.
Шумер қоғамының жоғарғы тобы жрецтер болды. Олар Шумер өмірінде
айрықша маңызға ие болды.
Рулық қауымшылдар халықтың жартысынан астамын құрады.
Жері жоқ шаруалардың жалдамалы еңбегі храм жерлерінде кеңінен
пайдаланылды.
Шумерде құлдар негізінен тұтқынға түскен немесе сатып алынған жат
жерліктер болды. Құлдарды храмдар да, жеке адамдар да иелене алды.
2. Ежелгі Шумердің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері болды. Шумер
аумағында бір мемлекетке қарамайтын бірнеше ондаған дербес қалалар мен
облыстар болды. Олардың барынша әйгілілері: Эрид, Ур, Лагаш, Урук, Киш.
Қала мен облыстың басшысы бас қалалық храмның жреці болды. Ол энси
деген мансапқа ие болды. Билеушінің билігі қала шегінен асып кетсе, онда
билеушіге лугал деген мансап берілді.
Билеушінің негізгі функциясы қоғамдық құрылысқа, суармалы егістікке
және храм шаруашылығына басшылық жасаудан тұрды.
Билеушінің билігін шектейтін органдарға ақсақалдар кеңесі мен халық
жиналысы болды. Олар билеушіні сайлады, оған ұсыныстар берді, оның
қызметіне жалпы бақылау жасады, сот жұмысын жүргізіп, қауым мүлкіне
басшылық жасады.

3. Вавилон мемлекетінің қоғамдық құрылысы
3.1. Вавилондағы құлдық
3.2. Вавилондағы еркін халық

1. Ежелгі Вавилонда төменгі қоғамдық тап құлдар – вардум болды. Оларға
әскери тұтқындар, сондай-ақ құлға айналғандар мен бас еркі жоқтар жатты.
Құлдар:
патшалық;
храмдық;
жеке иеліктегі құлдар бөлінді.
Құлдарды ажырату үшін оларға шыжғырып таңба басты. Құлдар қожайынның
иелігіндегі мүлік секілді қаралды. Оларды сатуға, кепілге беруге т.б.
рұқсат етілді.
Құлдардың меншік құқығы болмады.
2. Вавилонның еркін халқы:
толық құқылы (вилум);
толық құқығы жоқтарға (мушкен) бөлінді.
Халықтың негізгі бөлігін тощық құқығы бар азаматтар (авилум) құрады.
Жекелеген ауқатты қауымшылдар барынша дербес бола бастады.
Халықтың ендігі бір бөлігін жаулап алынған қалалар мен облыстардың
тұрғындары құрады.
Таптық бөлініспен бірге кәсіптік жіктелу де жүрді:
бірінші орында сарай маңындағы қызметшілер – патша оққағарлары мен
жоғары жрецтер;
одан кейін редум, баирум, лубуттум секілді әскери қызметшілер
болды;
храм қызметкерлері маңызды орын иеленді;
шенеуніктер қоғамда жоғары мәртебеге ие болды;
кәсіптік-қызметік сатының төменгі жағында ірі көпестер, кәсіпкерлер,
дәрігерлер, т.б. тұрды.

4. Вавилонияның мемлекеттік құрылысы
4.1. Мемлекеттік құрылысы
4.2. Сот құрылымы
4.3. Әскері
1. Мемлекеттік құрылымы бойынша Ежелгі вавилон патшалығы
орталықтандырылған мемлекет болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі
патшаның қолында болды. Мемлекет басшысы қорғаушы құдайдың мұрагері және
қызметшісі деп есептелді.
Вавилонда ерекше артықшылыққа ие болған үш қала болды: Ниппур, Сиппар
және Вавилон.
2. Вавилон қоғамында Хамурапи билігіне дейін сот төрелігін храм мен
қауымдық сот атқарды. Сот органы ретінде храм кеңесі, қауым жиналысы әрекет
етті.
Патша билігінің күшеюі қауымдар мен храмның сот билігін шектеді.
Хаммурапи кезінде ірі қалаларда патшалық соттар енгізілді. Патша жоғарғы
сот инстанциясы болып саналды. Ол өлім жазасына кесілгендерге қайырымдылық
жасау құқығына ие болды.
3. Вавилонда тұрақты әскер болды.
Ірі әскери жорықтар кезінде қауымдық ерікті әскерлер құрылды.
Хаммурапи кезінде тұрақты әскерді қауымдық жер иеленуден адырату жүрді.
Жауынгер патша жерінен үлес алды. Ол оның өзі мен отбасын қамтамасыз етті.
Әскерде тәртіп пен жауынгерлік рухты сақтап отыру үшін хаммурапи
заңдарында патшаның жорыққа шығу туралы збұйрығына мойынсұнбағандарды қатаң
жазалау көзделді.

5. Хаммурапи заңдары
5.1. Жалпы ұғымдар
5.2. Меншік
5.3. Міндеттемелер түрлері
5.4. Неке-отбасылық қатынастар
5.5. Қылмыс пен жазалау түрлері
5.6. Процесс
1. Хаммурапи патша билігі кезеңіне жататын Вавилон заңдарының бірінші
кодификациясы бізге жетпеді. Бізге белгілі Хаммурапи заңдары осы билік
кезеңінің соңында жасалған.
Жинақтың әтіні үш бөліктен тұрады:
кіріспе. Мұнда Хаммурапи, күштінің әлсізге қысым көрсетпеуі үшін
билікті өзіне құдай бергенін мәлімдеген;
заңдардың 282 бабы;
кең қорытынды.
Жинақты жасау кезінде бастаулар ретінде:
әдет құқығы;
шумер сот тәжірибелері;
жаңа заңдар алынған.
2. Хаммурапи патша кезінде жерге жеке меншік барынша жақсы дамыған.
Вавилонда жер меншігінің мынадай түрлері болды:
патшалық;
храмдық;
қауымдық;
жеке.
Патшалық және храмдық шаруашылықты патшаның өзі басқарды.
3. Хаммурапи заңдарында мынадай шарттар белгілі:
жалдау;
мүліктік жалдау;
жеке жалдау;
заем;
сатып алу-сату;
сақтау;
серіктестік;
айырбас;
кепілдік.
Жер қатынастарында сол тұста жерді жалдау үлкен рольге ие болды.
Өйткені Хаммурапи заңдарында жерді, юақшаны, тың жерді жалдауға арналған
баптар мол болды.
4. Неке болашақ күйеу мен қалыңдық әкесінің арасындағы жазбаша шарт
негізінде жасалды.
Отбасының басшысы күйеу деп есептелді. Тұрмыстағы әйел бірқатар
құқыққа ие болды: өзінің мүлкі болды, өзіне берілген жасауға, ажырасуға,
күйеуінен кейін балаларына мұраға қалдыруға құқығы болды. Алайда әйелдің
құқығы шектеулі еді: ол бедеу болса, күйеуіне басқа әйел алуға мүмкіндік
берілді.
Заң бойынша мұраға қалдыру тәсілі көп қолданылды. Мұрагер ретінде:
балалар;
асырап алынған балалар;
немере;
қожайынның күңінен туған бала саналды.
5. Кодификация бойынша қылмыстың үш түрін бөліп алуға болады:
адамның жеке басына қарсы;
мүліктік;
отбасына қарсы қылмыстар.
Хаммурапи заңдарында көзделген жазалау мақсаты өтеу болды.
Жазаның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
әртүрлі өлім жазасы: өртеу, тұншықтыру, қазыққа отырғызу.
мүшесіне зақым келтіріп жазалау – қолын шауып тастау, саусағын кесіп
алу, тілін кесу т.б.
айыппұлдар;
қуу.
6. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша процестер жүргізу бірдей
жүргізілді және зардап шегуші тараптың шағымы бойынша басталды. Дәлелге
куәліктер, ант ету жатты.
Процессуалдық құқық нормаларына сәйкес судья істі өзі қарауы тиіс
болды. Судья өз шешімін өзгертеуі тиіс болды. Ондай ағдай орын алғанда ол
қызметінен айрылып, қайтып жұмыс істей алмайтындай етілді.

3-тақырып. Ежелгі Үндістан мемлекеті және құқығы
1. Ежелгі Үндістанға сипаттама
1.1. Харапп өркениеті
1.2. Веда кезеңі
1.3. Магадхо-Маурий кезеңі
1. Әлемдегі көне өркениеттердің бірі төрт мың жыл бұрын Инда жазығында
қалыптасты.
Хараппа және Мохенджо-Даро ірі қалалары қолөнер мен сауданың орталығы
болды. Мұнда халықтың әлеуметтік жітелу процесі жүрді.
Б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасына қарай Харапп өркениеті құлдырай
бастады, ол үнді арий тайпаларының келуімен аяқталды.
2. Ежелгі Үндінің б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасынан І мыңжылдықтың
бірінші жартысына дейін даму кезеңі веда кезеңі деген атау алды. Бұл кезең
таптық қоғам мен мемелкеттің түзілуімен сипатталады.
Тайпаны әскер көсем – раджа басқарды. Қоғамдық теңсіздіктің күшеюіне
орай ол біртіндеп тайпаға үстемдік етті. Уақыт өте келе раджа лауазымы
мұрагерлік қызметке ауысты.
Веда кезеңінде рулық қауым негізінде мемлекеттік құрылым түзіле
бастады, ол монархия немесе республика нысанында болды.
3. Магадхо-Маурий кезеңінде көптеген мемлекеттік институттардың негізі
қалынды. Оның былай аталуы веда кезеңінде Магадха ең ірі мемелкет болды.
Бұл кезеңде монархиялық билік өрістеді. Таупалық басқару ролі
төмендеді.
Біріккен үнді мемелкетін құру әртүрлі халықтың қарым-қатынасын
жақсартқанымен, маур империясы әртүрлі мәдени даму деңгейіндегі тайпалар
мен халықтардан тұрды. Сондықтан да мемлекеттің тұтастығын сақтай алмады.

2. Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы
2.1. Варнның құрылуы
2.2. Ауылдық қауым
2.3. Ежелгі Үндістандағы құлдық
1. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және қоғамдық және мүліктік
теңсіздіктің дамуы варн сословиясының құрылуына алып келді. Барлық еркін
адамдар қоғамдық жағдайларына, құқықтары мен міндеттерінің теңсіздіктеріне
қарай топтарға бөлінді.
Ману заңдарына сәйкес мынадай варндар өмір сүрді:
Брахмандар – жрецтер руының мүшелері;
Кшатрии - әскери аристократия;
Вайшьи (вайшии) – еркін толық құқылы қауымшылдар;
Шудры – төменгі варна, қоғамның төменгі тобы.
Уақыт өте келе сословия барынша тұйықтала түсті. Бұған бір варна
өкілдерінің арасындағы неке, белгіленген, мұраға қалдырылған кәсіп; бір
құдайға табыну әсер етті.
2. Маурии кезеңіндегі әлеуметтік, қоғамдық және экономикалық
құрылымның маңызды компоненті қауым болды. Қауымның ең кең таралған түрі
ауыл болды.
Қауымда біртұтас ұжымшылдық және ескі қауымдық дәстүрлер сақталды.
Уақыт өте келе ауыл басшысы үлкен беделге ие болды.
Қауымда мүліктік бөліну процесі байқалды.
3. Ежелгі Үндістанда құлдық дамымағандығымен ерекшеленеді. Еркін адам
құл болғаннан кейін өзінің отбасылық, рулық және касталық байланыстарын
үзбеді.
Құл еңбегі Ежелгі Үндістанда соншалықты әйгілі бола қойған жоқ. Әйтсе
де Ману заңдары құлдардың мынадай сатыларын көрсетті:
әскери тұтқындар;
ұсталып отырған құлдар;
қожайынның үйінде туған құлдар;
сатып аынған құлдар;
сыйға берілген құлдар;
мұраға қалдырылған құлдар;
жазаланған құлдар.

3. Ежелгі Үндістанның мемлекеттік құрылымы
3.1. Мемлекеттік құрылымы
3.2. Жергілікті басқару
3.3. Сот құрылымы
3.4. Әскері
1. Магадхско-Маурий кезеңі үшін монархиялық биліктің күшеюі мен
тайпаық басқару ролінің төмендеуі тән болды. Мемлекет басшысы патша болды.
Билік ауысу кезінде мұраға қалдыру принципі қатаң сақталды. Патша көзі тірі
кезінде өзінің ұлдарының біреуін тақ мұрагері деп белгіледі.
Патша мемлекеттік аппарат басында отырып, заң шығару билігіне ие
болды.
Патша сарайында маңызды орындардың бірі патша жреціне тиесілі болды.
Ол ықпалды брахман тегіне жатты. Патша жанында кеңестер болды:
паришад – патша сановниктерінің кеңесі;
құпия кеңес;
раджа-сабха немесе патша кеңесі.
Кезек күттірмес істер кезінде паришад мүшелері құпия кеңес мүшелерімен
бірге жиналды. Маурий кезеңінде паришад саяси кеңес функциясын атқарды. Ол
бүкіл бұйрықтардың орындалуына және басқару жүйесіне қадағалау орнатты. Ол
әскери және жрецтер әулетінен құралды.
2. Маурий кезеңінде мемлекеттің мынаадй әкімшілік-аумақтық бөлінісі
болды:
бас провинциялар;
әдеттегі провинциялар;
облыстар (прадештер);
округтер (ахале);
ауылдар.
Бас ауылдар төртеу болды, олар ерекше мәрбеге ие болды. Оны патша
баласы басқарды.
Джанапад басында ірі емлекеттік шенеуніктер – раджуктер тұрды.
Ірі қалалар округтерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Египет тарихын дәуірлеу
Ежелгі Вавилон патшалығының қалыптасуы
Ежелгі Вавилонның мемлекеті жəне құқығы
Ежелгі Қосөзен қала мемлекеттерінің тарихы
ЕЖЕЛГІ ВАВИЛОН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУ
Ежелгі Вавилон мемлекетінің дамуы
Ежелгі Қосөзен халықтарының мәдениеті. Ежелгі Қосөзеннің табиғаты мен алғашқы тұрғындары
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Хаммурапи патша заңы
Ежелгі Вавилон патшалығының өрлеуі. Экономикасы мен әлеуметтік дамуына талдау жасау
Пәндер