Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қызметте қолдау үшін
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
п. ғ. д., доцент Б. Т. Ортаев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы
Орындаған Марқа С.
Ғылыми жетекшісі,
аға оқытушы: Халилаева Э. Ж.
Түркістан 2016
АННОТАЦИЯ
«Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру» тақырыбында жазылған диплом жұмысында мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру ерекшеліктері, қазіргі жай-күйі; еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру мен оның құралдары, мазмұны, әдіс-тәсілдері, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктері қарастырылған Теориялық бөлімдегі қарастырылған мәселелерді тәжірибе жүзінде әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы дәлелденген.
Аннотация
В дипломной работе на тему «Формирование трудовых умений в системе трудового воспитания детейдошкольного возраста» рассмотрены особенности формирования трудовых умений детей дошкольного возраста, современное состояние, значение, содержание и приемы развития данной проблемы у детей через систему трудового воспитания, а также методы и приемы организации данной работы, особенности совместной деятельности воспитателя и воспитуемого. Опробировано через организацию методических мероприятий на практике проблема рассматриваемая в теоретической части дипломной работы.
Özet
Başlıklı araştırma makalesi "emek eğitim deteydoshkolnogo yaş sistemde işgücü becerilerinin Oluşumu" bu organize için okul öncesi çağındaki çocuklara, mevcut durumu, işgücü eğitim sistemi ile çocuklarda içeriği ve bu sorunun yöntemlerinin değeri yanı sıra yöntemlerin işgücü becerilerinin oluşum özellikleri ve teknikleri tarif iş, özellikle ortak girişimler eğitimci ve eğitilebilirliği. Uygulamada, öğretim faaliyetlerinin organizasyonu ile tezin teorik kısmında kabul edilen bir sorun çalıştı.
Abstract
The research paper titled "Formation of labor skills in the system of labor education deteydoshkolnogo age" describes the features of the formation of labor skills of preschool-age children, the current state, the value of the content and methods of this problem in children through a system of labor education, as well as methods and techniques for organizing this work, particularly joint ventures educator and educability. Tried out through the organization of teaching activities, in practice, a problem considered in the theoretical part of the thesis.
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ . . . 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 6
КІРІСПЕ. . . . 7
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕҢБЕК ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 11
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесінің қысқаша даму тарихы және қазіргі жай-күйі . . . 11
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 24
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕҢБЕК ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 34
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың мазмұны . . . 34
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63
ҚОСЫМШАЛАР . . . 66
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана, Ақорда, 2012.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдау, 2013
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана: Елорда, 2008.
- ҚР Еңбек кодексі.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста кeлeciдей анықтамалар көрсетілген:
Еңбек дегеніміз - материалдық және рухани құндылықтарды құралдар көмегімен жасақтауға бағытталған, адамның мақсатты іс-әрекеті - адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құрал
Еңбек дағдылары дегеніміз - еңбек әрекетіне байланысты алғашқыда сананы қажет ететін әр еңбек дегеніміз - материалдық және рухани құндылықтарды құралдар көмегімен жасақтауға бағытталған, адамның мақсатты іс-әрекеті екеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы. Дағдыға айналған қимылдар санадан тыс болмайды. Ол мидың қызметі. Дағды әрекет өнімділігін арттырады[70 б. Пед сөздік] .
Еңбек іскерліктері - бұл адамның меңгерген білімі мен дағдыларының жиынтығымен қамтамасыз етілетін еңбек әрекетін орындау тәсілдерін меңгеруі; меңгерілген білімі мен өмірлік тәжірибесі негізінде, теориялық және практикалық әрекеттерді жылдам, дәл, сапалы орындауға дайындығы. [энцикл 348]
Ойын әрекетінің шығармашылық сипаты - ойын ынтамен, баланың рөлді, сюжетті, ойыншықтарды, қосымша-заттарды таңдағандағы шығармашылығымен байланысты.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Сюжеттік мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, оның әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе.
Еңбекке баулу деп -оқушыларды еңбек және өндіріс техникасымен, технологиясымен, материалдарымен және экономика негіздерімен таныстыруды айтады.
Еңбек жүйесі дегеніміз - адам тәрбиенің қандай да бір саласына (еңбек) қатысты мақсатқа қол жеткізудің құралдары мен әдістері кешенін жобалау мен құрудың, құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің жалпы әдіснамасы, бір-бірімен белгілі бір байланыс пен қарым-қатынаста болатын элементтердің кіріктірілген тұтастығы мен бірлігін құрайтын жиынын құру сияқты проблемаларды реттеу мәселесін көтеру тәсілі
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР - Қазақстан Республикасы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекеттің күш-қуаты ең алдымен кез келген азаматтың өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылым мен техниканың, өнердің, мемлекеттік және жекеменшік тұрғыдағы өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың іс-әрекеті мен байланысты анықталады деп атап көрсеткен [1] .
Біздің халқымызда «Адамды - адам еткен еңбек», - деген сөз бар. Қай кезде де адамның өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, ана сүтін емудің өзі дүниеге жаңа келген сәбиге еңбек болып табылады.
Жасөспірімдерді еңбекті құрметтеу және сүюге тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі таңда адам тұлғасын еңбекте тәрбиелеудің негізіне ҚР Конституциясы [2] мен ҚР Еңбек кодексі[3] алынған.
Ал балабақшаның міндеті балаларда еңбекке қызуғышылықты тәрбиелеу, келешекте оған өзінің саналы белсенді әрекетін, ынтысын қалыптастыру. Баланың басқа адамдарға пайдасын тигізетін еңбекке даярлығын тәрбиелеу, мектепке дейінгі мекеме, мектеп және ата-аналардың қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл қарым-қатынас материалдық базаны нығайту және тәрбие міндеттерін шешу барысында жүзеге асыралады.
Қазіргі таңда білім беру жүйесін қайта құру мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңартуды, балаларды мектепте оқуға дайындауды, денсаулық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбие сапасын арттыруды көздейді. Әрине, бұл талаптар тәрбие жұмысындағы сабақтастық, бірізділік принципін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Осыған орай, балабақшада тәрбиелеп, оқытудың басты құралы - бағдарлама жаңартылып, оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Жаңа бағдарламада мектепке дейінгі кезеңде баланың ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өмірге қажетті білім-дағдыларды меңгерту, еңбек імкерліктері мен дағдыларын баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге үйрету өзекті мақсат етіп алынған. Ақыл-ойды жетілдірудің негізі болып табылатын баланың тілін, сөз қорын молайту, еркін, дұрыс сөйлей білуге үйрету де негізгі нысана болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Халқына арналған Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек . . . . Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін, сауатты, жүйелі сөйлеулерін дамыту, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі [4] .
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттеріне баланың тұлғасын еңбекте тәрбиелеу және оларда еңбек іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, Базалық компонент балалардың бойында «өз бетінше алдына жақын мақсат қою, әрекетін жоспарлау, мақсаттылық таныту, соңғы нәтижеге жету ынтасын дамыту, жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің арасындағы қатынасты ажырата білу» сияқты іскерліктерін қалыптастыруды көздейді.
Балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесі ХIV-ХVI ғғ. пайда болды, алғашқы болып Т. Мор еңбек тәрбиесі бойынша ой-пікірлерін өзінің «Утопия» атты кітабында жариялаған болатын. Т. Кампанелли еңбектің ақыл-ой және адамгершілік дамуымен байланысын зерттеу отырып, мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына да көңіл бөлген. XIX ғасырда балаларға еңбек дағдыларын тәрбие үдерісінде қалыптастыру мәселесі бойынша өз ой-пікірлерін Сен-Симон, Шарль Фурье, Роберт Оуен, И. Г. Песталоцци [5, 95] білдірген. .
XX ғасырда еңбек тәрбиесі бойынша жасалған теориялық зерттеулер негізінде әдістемелік құралдар пайда болды, мысалы, Л. К. Шлегер «Практическая работа в детском саду» [6, с. 6-8 ], Е. И. Тихеева «Современный детский сад» - еңбек тәрбиесі бойынша әдістемелік нұсқаулық (1914 ж. ) [7, с. 12] .
Еңбек тәрбиесін дамытуда Н. К. Крупская[8] мен А. С. Макаренко[9] өздерінің үлкен үлестерін қосты. Қазіргі таңда: В. Г. Нечаева[10], Т. Н. Година[11], Д. В. Сергеева[12], Р. С. Буре[13], Л. И. Захаревич[14] балалардың еңбегі бойынша зерттеулер жүргізген.
Ю. К. Бабанский[15], В. И. Логинова[16], В. Г. Нечаева[10] еңбек тәрбиесінің классификациясын айқындай отырып, соның негізінде екі топ міндеттерді атап көрсетеді: балаға еңбек іс-әрекетін игеруге көмек көрсету (іс-әрекеттің құрылымын игеруге және еңбек дағдылары мен іскерліктерін меңгеруге) ; бала тұлғасын еңбекте дамыту (тұлғаның сапалары мен қасиеттерін дамыту, қарым-қатынасты қалыптастыру және өзара әрекеттесудің саналы тәжірибесін жинақтау) . В. Г. Нечаева, Г. Н. Година, Д. В. Сергеева, Р. С. Буре, Л. И. Захаревичтер балалардың еңбек түрлерін зерттеп айқындаған: өз-өзіне қызмет көрсету, шаруашылық-тұрмыстық, табиғаттағы еңбек, қол және көркем еңбек.
Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастырудың түрлі формалары жасақталып, тәжірибе ендірілген :тапсырма, кезекшілік, алпы, бірлескен, ұжымдық еңбек. Тапсырма сияқты еңбекті ұйымдастырудың формасына В. Г. Нечаева және А. Д. Шатованың (1974ж. ) зерттеулері арналған. З. Н. Борисованың (1953 ж. ) зерттеуі кезекшілікке және оның мазмұны мен іс-әрекетке жетекшілік мәселесін қарастырған. Кейінірек бұл мәселені Г. Н. Година зерттеген. Г. А. Урунтаева мен Ю. А. Афонькиналар өз зерттеулерінде балалардың еңбек іскерліктерін қалыптастыру мәселесін қарастырған. М. Крулехт болса зерттеулер негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іскерліктерін классификациялаған [17] .
Қазақ ағартушылары да А. Құнанбаев [18], Ы. Алтынсарин[19, М. Жұмабаев[20], Ж. Аймауытов[21], А. Байтұрсынов[22] еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастарын білдірген.
Балалардың қол еңбегін ұйымдастыру, қазақтың қолданбалы көп өнері, матадан ою-өрнектерді қию туралы Н. Құлжанова[23], ересектердің еңбегімен таныстыру әдістемесін құрған А. Менжанова [24], ересектің еңбегімен таныстыру арқылы сөздік қорын молайтудың әдіс-тәсілдерін зерттеген Аралбаева Р. К. [25], еңбек арқылы ұжымдыққа тәрбиелеу мәселесімен С. Жиенбаева[26], Т. А. Макеева [27] ауыл балабақшаларындағы әртүрлі топтағы 5-6 жастағы балалардың ересектің еңбегі туралы түсінігін қалыптастыруды қарастырған.
Мектепке дейінгі орта жастағы балалардың тәрбие жұмысының практикасында тәрбиешіге балаларда еңбек іскерліктерін қалыптастыру мүмкіндігін беретін жеке тапсырма беру формасы кеңінен таралған. Бұл әрбір баланың әрекетін бақылау, дер кезінде көмек көрсету және қосымша көрсету мүмкіндіктеріне қолайлы форма. Тапсырмалар қиындығына қарай (қарапайым, күрделі), сипатына қарай (жеке немесе бірлескен), орындалу уақытына қарай (қысқа мерзімді, эпизодтық, ұзақ мерзімді) түрлі болып келеді. Балалардың еңбек іскерліктерін қалыптастырудың қолайлы әрі ерекше мүмкіндік беретін түрі - ұзақ мерзімді тапсырмалар, бала белгілі бір уақытта (2-3 күн) мерзімде нақты бір тапсырма орындайды. Бұл жаста кезекшілік, ұзақ мерзімді тапсырма, ұжымдық еңбекті баланың іс-әрекетіне ендіру үлкендер мен құрбылары арасындағы қарым-қатынасты орнатуға, эмоционалдық сезімталдыққа, жанашырлыққа, жауапкершілікке және басқа да тұлғалық сапалардың қалыптасуына ықпал етеді.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдаулар еңбек тәрбиесі мәселесіне еткілікті көңіл бөлінетіндігін көрсетті. Алайда мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек іскерліктерін қалыптастыру мәселесі әлі де зерттеуді талап ететіні белгілі болды. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды « Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру » деп алдық.
Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- «еңбек», «еңбек тәрбиесі», «еңбек жүйесі», «еңбек дағдысы», «еңбек іскерлігі» ұғымдарының мәнін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың мазмұны мен ерекшеліктерін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастырудың технологиялары мен әдіс-тәсілдерін анықтап, педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектеп құжаттарына талдау беру, озық тәжірибелерді зерделеу, сауалнама, әңгімелесу, тест, деңгейлік бақылаулар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу, тақырыптық шаралар ұйымдастыру және оларды талдау;
Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Алия» балабақшасы.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ЕҢБЕК ІСКЕРЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу мәселесінің қысқаша тарихы және қазіргі жай-күйі
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп жасына дейінгі балалардың болашақта қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет[28, 2] .
Еңбек тәрбиесі -мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Еңбек тәрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мысалы қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика) . 18 ғ-дың ағартушылары (Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоций) оқыту мен еңбек тәрбиесін ұштастыру мәселесін алғаш рет ғылыми тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде еңбек тәрбиесі отбасында, мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Еңбек тәрбиесі мектепке дейінгі мекемеде білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады[29, 21] .
Еңбек тәрбиесі - қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан-жақты өсіп дамуы үшін бірден-бір қажетті нәрсе - еңбек екендігін айқын аңғарамыз.
А. С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы - отбасы, сосын балабақша. Бұл ретте ата-ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс-әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы[30, 132] .
Тәрбиешінің айқын ұстанымының бірі - балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай) . Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс-әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады. Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді. Тәрбиеші ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлулықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып ұмтылуға үйретеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
2 - 3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz