Мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңіне қарай дене тәрбиесін жүргізу



1. Метеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңіне қарай дене тәрбиесін
жүргізу.
2.Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін
ұйымдастыру формалары.
3. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі жас – бала дүниеге келгеннен мектеп партасына отырғанға дейінгі, яғни адамның жеке тұлға болып қалыптасуының және жас бала ағзасы дамуының ең маңызды кезеңі. Бұл жастардағы балаларда мықты денсаулық, жүйелі ақыл-ой, өнегелілік және дене дамуының негізі қаланады. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеу жүйесінде дене мәдениетіне тәрбиелеу аса ерекше маңызды орын алады.
Бұл кезеңде балалардың ағзасы тез өсіп, дамиды, дегенмен оның сыртқы ортаның қолайсыз ауа-райына, (климатына) төзімділігі әлі төмен болғандықтан тез ауырып қалады. Сондықтан, жоспардың бірінші күн тәртібіне денсаулыққа қамқорлық қойылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қозғалысқа деген қажеттілік ерекше зор. Жақсы жоспарланып ұйымдастырылған қозғалыс режімі (күн тәртібі) баланың сезіну аясы мен көңіл-күйіне, жалпы барлық өмір сүру қызметіне оңды әсерін тигізеді. Біртіндеп негізгі өмірге қажетті қозғалыстар қалыптасады, өзара байланыс және қарым-қатынас ауқымы кеңейеді. Дене тәрбиесі баланың қоршаған Әлем танымын ашудың басты жолдарының бірі болып табылып, оның психикалық дамуына әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі дене тәрбие процесі дұрыс дәрежеде жүргізілсе , шын мәнінде тек дене ғана емес алдағы жылдарда ақыл-ой өрісі де жақсы дамиды. ТМД елдері мемлекеттерінің кеңес үкіметі жүйесі кезіндегі орасан зор жетістігі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бірегей жүйесін терең зерттеп, бірегей бағдарламаны өңдеп, жасап шығарып, оны балалар мекемелерінде ата-аналармен бірге іске асыруында еді.
Бала-бақшалар мен яслилерде (1-3 жас) сәбилерді тәрбиелеу, оның ішінде дене тәрбиесі оларға қолайлы жағдайда жүргізіледі : біріншіден, балалар педагогтар мен медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады; екіншіден, онда гигиеналық тазалығы, күн режімі, жекелеген әртүрлі формадағы дене жаттығулары сабақтары мен шынығу процедуралары қамтамасыз етіледі ; үшіншіден, балалар өз құрбы-құрдастарының ортасында болып, әлеуметтік сезіну санасы қалыптасады және жеке тұлғалық қабілеттері дамиды. Мектепке дейінгі мекемелерде атқарылатын жұмыстар “Балалар бақшасында тәрбиелеу” туралы бірегей мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылып, онда дене жаттығулары сабағының ұйымдастыру формалары мен міндеттерін, мазмұнын анықтайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Метеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңіне қарай дене тәрбиесін
жүргізу.

2.Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін

ұйымдастыру формалары.
3. Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің негіздері

Мектеп жасына дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің мәні,
міндеттері және мазмұны
Мектеп жасына дейінгі жас – бала дүниеге келгеннен мектеп партасына
отырғанға дейінгі, яғни адамның жеке тұлға болып қалыптасуының және жас
бала ағзасы дамуының ең маңызды кезеңі. Бұл жастардағы балаларда мықты
денсаулық, жүйелі ақыл-ой, өнегелілік және дене дамуының негізі қаланады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеу жүйесінде дене
мәдениетіне тәрбиелеу аса ерекше маңызды орын алады.
Бұл кезеңде балалардың ағзасы тез өсіп, дамиды, дегенмен оның сыртқы
ортаның қолайсыз ауа-райына, (климатына) төзімділігі әлі төмен болғандықтан
тез ауырып қалады. Сондықтан, жоспардың бірінші күн тәртібіне денсаулыққа
қамқорлық қойылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қозғалысқа деген
қажеттілік ерекше зор. Жақсы жоспарланып ұйымдастырылған қозғалыс режімі
(күн тәртібі) баланың сезіну аясы мен көңіл-күйіне, жалпы барлық өмір сүру
қызметіне оңды әсерін тигізеді. Біртіндеп негізгі өмірге қажетті
қозғалыстар қалыптасады, өзара байланыс және қарым-қатынас ауқымы кеңейеді.
Дене тәрбиесі баланың қоршаған Әлем танымын ашудың басты жолдарының бірі
болып табылып, оның психикалық дамуына әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі
кезеңдегі дене тәрбие процесі дұрыс дәрежеде жүргізілсе , шын мәнінде тек
дене ғана емес алдағы жылдарда ақыл-ой өрісі де жақсы дамиды. ТМД елдері
мемлекеттерінің кеңес үкіметі жүйесі кезіндегі орасан зор жетістігі мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің бірегей жүйесін терең зерттеп,
бірегей бағдарламаны өңдеп, жасап шығарып, оны балалар мекемелерінде ата-
аналармен бірге іске асыруында еді.
Бала-бақшалар мен яслилерде (1-3 жас) сәбилерді тәрбиелеу, оның
ішінде дене тәрбиесі оларға қолайлы жағдайда жүргізіледі : біріншіден,
балалар педагогтар мен медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында
болады; екіншіден, онда гигиеналық тазалығы, күн режімі, жекелеген әртүрлі
формадағы дене жаттығулары сабақтары мен шынығу процедуралары қамтамасыз
етіледі ; үшіншіден, балалар өз құрбы-құрдастарының ортасында болып,
әлеуметтік сезіну санасы қалыптасады және жеке тұлғалық қабілеттері дамиды.
Мектепке дейінгі мекемелерде атқарылатын жұмыстар “Балалар бақшасында
тәрбиелеу” туралы бірегей мемлекеттік бағдарламасына сәйкес іске асырылып,
онда дене жаттығулары сабағының ұйымдастыру формалары мен міндеттерін,
мазмұнын анықтайды.

Мектепке дейінгі жастағыларды жас кезеңдеріне бөлу

Мектеп жасына дейінгі балалар ағзасы (1-6 жастар арасы) тез және өте
күшті өзгереді. Бұл жастағыларды жас кезеңдеріне бөлу биологиялық даму
дәрежесін көрсетеді және мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие процесінің
талаптарын бір мезгілде қанағаттандырады.
Мектепке дейінгі жастағылар келесі топтарға бөлінеді : 1 1-10 күн
аралығындағы жаңа туғандар ; 2 Емізулі сәбилік шақ, 10 күннен–1 жасқа
дейінгілер ; 3 Ерте балалық шақ, 1-3 жастардағылар ; 4 Бірінші балалық
шақ, 4-6 жастардағылар. Бұл келтірілген кезеңге бөлу кеңестер Одағы
Педагогика Ғылымдары академиясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы
ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен өңделіп және пайдаланылуға
ұсынылған 2 және 3 топтағылар яслидегі І-ші және ІІ-ші топтарды құрайды.
2-4 жастағылар балалар бақшасының бірінші және екінші майда балалар
тобын құрайды. Бірінші балалық шақ (4-7 жастағылар) балалар бақшасының орта
тобы (4-5 жастағылар) мен үлкендер тобын (5-6 жастағылар) және мектепке
дайындық топтарын (6-7 жастағылар) құрайды.
Мектепке дейінгі мекемелердің іс-тәжірибесінде осыған байланысты мына
сөз ұғымдары қолданылады : майдалар, орташалар және мектеп жасына дейінгі
үлкендер тобы.

Қозғалыстың даму ерекшеліктері
Өмірге келгеннен кейінгі алғашқы үш ай ішінде нәресте әлі денесін
игере алмаса да жарық сәулесін, дыбысты, адамның қозғалысы мен даусын
сезінеді. Үш айлығында бала етбетінен жатып басын көтеріп ұстай бастайды.
Алты айлығында еңбектеуге, тұруға әрекет жасайды және толық отырады. Екі
жастағы кезеңінде баланың қоршаған ортаны танымы елеулі жетіледі,
тәжірибесі кеңейеді.
Ол еңбектейді, ұстайтын тірек арқылы тұрады, қолымен ойыншықтарды
ұстайды және оны тастайды. Бір жаста жүре бастайды. Екі жасында жүреді,
өрмелейді, заттармен әртүрлі қимылдар жасайды (сырғанау, затты лақтыру,
орын ауыстырып қою т.б.). Қозғалыстың дамуы қоршаған ортаның әрекет
қимылына негізінен еліктеу түрінде пайда болады. Ерте балалық шақ кезеңінде
(1-3 жас) артық қозғалыс әрекетінің артуы, оны өз бетінше еркін меңгеруінің
дамуымен қатар пайда болады. Бұл кезде бала қысқа жол бөлігінде жүру
бағытын сақтауға, белгі бойынша қозғалысын өзгертуге, екі қозғалысты
кезекпен орындауға, тапсырылған ырғаққа бағынуға қабілеті артып, біртіндеп
аяғын жиі басып жүру жүгірумен алмасады. Екі аяқпен секіре білу,
гимнастикалық швед қабырғасымен немесе сатымен өрмелеуде қолмен, аяқпен
кезекпен қозғалу, қолайлы етіп лақтырған допты қағып ала білу қабілеттері
қалыптасады. Төрт жасында шаңғымен қозғалудың қарапайым формаларын,
велосипед айдауды үйренеді.
Бес жасқа келгенде, баланың өмірдегі іс-әрекеті үнемді, қуатты болады.
Тапсырманы жақсы орындауға деген талап, қызығушылық, барынша дәл, әдемі
қимыл әрекеттерді орындауға деген түсіну пайда болады. Табиғи қозғалыс
әрекеттерін меңгеруге ғана емес, аяқтың, кеуденің, бастың затпен және
затсыз талданатын қозғалыстарына қолайлы жағдай жасалынады. Ұжымдық, топтық
қимыл-әрекеттерді күрделілендіру мүмкіндіктері артады (сапта орнын табу,
әріптесімен доп лақтырысып және қағып ойнау), 6-7 жасқа қарай бұлшық ет
күштері артады, қозғалыс икемділігі дамиды. Алдында қалыптасқан біліктілік,
дағдыға айналады. Мектепке дейінгі үлкен жастағы баланың бағытын,
амплитудасын, жылдамдығын, қозғалыс ырғағын, қозғалыс сипатын өзгерту,
әртүрлі мәнер көрсету бағытын айыруға қабілеті жетеді. Мысалы, олар
жануар, құстардың қимылын салады, жолдастарының жаттығуды орындау
барасындағы және күрделі емес қозғалыстарындағы қателіктерін көреді.
Сол сияқты, ол өзгеріп отыратын әртүрлі жағдайларға бейімделуді талап
ететін қимыл әрекеттерді жасайды (ойын бастаушыдан қашу), бірнеше қимыл
қозғалысты үйлестіре алады (қолды шапалақтаудан соң допты лақтырып, қағып
алу, секіріп жүгіру және т.б.). Дене жаттығуларының негізгі әдістерін
жүйелі түрде үйрену үшін мүмкіндік туады. Мектеп жасына дейінгі балалар
бақшасына барып жүрген үлкен балалар (6-7 жастардағы) мектепке оқуға дайын
болу үшін келесі көрсеткіштерді көрсетуі тиіс : ол жеңіл, ырғақпен жүреді,
жүгіреді, жіңішке тірек жолағымен тепе-теңдік қалпын сақтап жүреді (тақта,
ені 15-20 см ұзын орындық, бөрене), бір орыннан және жүгіріп келіп, қуатпен
жерден серпіліп секіреді және жерге жұмсақ, жеңіл аяқ басады (70 см
ұзындыққа, 40 см биіктікке), доп және басқа да жеңіл затты бір қолымен
құлаштап серпіп лақтырады, сонымен бірге екі қолмен жоғарыдан төмен және
төменнен жоғары лақтырады, алақанының көлеміне лайық допты қағып алады,
гимнастикалық сатымен жоғары, төмен, жанына қарай аяқ-қолды бір уақытта
қозғап өрмелейді, шаңғымен сырғанайды, сонымен бірге, жалпы дамыту
жаттығуларды және музыканың сүйемелдеуімен күрделі билерді орындайды,
бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын ойнай біледі.

Барлық мектеп жасына дейінгі балаларға барынша жалпылама тән дене
тәрбиесінің келесі міндеттері болып табылады :
Сауықтыру міндеті. 1. Шынығу, сыртқы ортаның әсеріне ағзаның
төзімділік қарсы әсері күшін арттыру. Бұл міндетті шешуде мұқият байқауды
және біртіндеп, баланың тері қабаты арқылы жоғары деңгейде жылу бөлетінін
ескеруді талап етеді.
2. Сүйек құрылысы, буын-байланыс аппаратының, омыртқалардың
физиологиялық иіндерінің (изгибтерінің) дұрыс және өз уақтында дамып,
қалыптасуының, сонымен бірге, барлық бұлшық ет топтарының шамалас тең
дәрежесінде дамуына және нығаюына, қорытындысында дұрыс сымбатты тұлғаны
қалыптастыруға жәрдемдесу. Бұл міндетті шешуде қаңқаның иілгіштік
икемділігін, бұлшық еттің созылғыштығы мен әлсіздігін, әсіресе күнделікті
қозғалысқа аз қатысатындарын ескеруді қажет етеді.
3. Ағзаның басқа жүйлерінің, атап айтқанда жүрек қан айналымы, тыныс
алу, жүйкенің дамуына және функциональдық жетілуіне, зат алмасу процесінің
жақсаруына жәрдемдесу. Әсіресе қозғалыста ырғақпен терең тыныс алуға үйрету
маңызды.
Білім беру міндеті. 1. Негізгі өмірдегі маңызды біліктілік пен
дағдыларды қалыптастыру (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және қағып алу,
шаңғымен жүру, суда жүзу және т.б.) және дененің әртүрлі бөліктерімен
жүйелі қозғалысты орындай білу, тұрғанда, отырғанда, жүргенде дене
сымбатының қалпын сақтау.
2. Барынша дұрыс, жүйелі қозғалысты қамтамасыз ететін мына сапаларды дамыту
қозғалыстың ырғақтылығы, жүйелілігі, кеңістікте бағдарлай білу, денені
игере білу және бар күшті есепке ала білу;
3. Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау дағдыларын бойына сіңіру;
4. Денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға байланысты бастапқы
біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелеу міндеті. Назарды, зердені дамыту, сөз арқылы нұсқаумен
қимыл-қозғалыс әрекетін орындай білу, ал ең жасы үлкендеріне (7 жасарларға)
қозғалыстың дұрыстығын бағалату, біліктілік шеңберінің аясын кеңейту,
сөйлеу қабілетін дамыту арқылы ақыл-ой тәрбиесін беруге қол жеткізу.
Гигиеналық процедуралар мен денешынықтыру жаттығулары сабағында
(жуынғанда, киім ауыстырғанда, спорт құрал-жабдықтарын дайындағанда және
т.б.) өзіне-өзі қызмет ету дағдылары арқылы еңбекке тәрбиелеуге қол жеткізу
;
Еңбекке қажетті сапаларды дамыту; Әріптестерімен бірге атқаратын
денешынықтыру жаттығуларын орындау кезінде өзара қызмет көрсетудің әртүрлі
формаларын үйрету ; Заттардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу
мүмкіндіктері жайлы білімді байыту. Балаларды адамгершілікке, өнегелілікке
тәрбиелеу үшін ұжымда өзін-өзі алып жүре білуге, басқа балаларды және
үлкендерді сыйлауға, адалдыққа тәрбиелеу; Мәдени мінез-құлық дағдыларын,
яғни кішіпейілділік, ұқыптылық, ұстамдылықты дамыту ; Қорқыныш сезімін баса
білу; Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану
дағдыларын қалыптастыру.
Оларға эстетикалық тәрбие беру үшін - эстетикалық сезім, талғам,
сыртқы келбетіне, бейнесіне, қозғалысына және әрекет, қызметіне, қоршаған
ортаға, табиғатқа қарап ажыратып, бағалай білуге тәрбиелеу. Мектеп жасына
дейінгілерді тәрбиелеу ашық көрсетілген кешенділік әсерімен сипатталады.
Күнделікті балалармен кез келген пікірлесу формасымен сұқпаттасқанда
әртүрлі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге талаптану , яғни баланың ішкі
дүниесіне бүтіндей әсер ету керек. Мысалы, қимыл-қозғалыс ойынында қандай
да бір арнайы міндетті шешу қарастырылғанымен, оны балалардың денелерін
дамыту үшін сабақты барынша пайдалы ұйымдастыру жолдарын қарастырып,
белсенді және дәл ойынға кіретін қозғалыстың орындалуын қамтамасыз ету,
ұйымшыл әрекет қимылдарға, ойын ережелеріне мойын ұсынуға, ойынның мазмұнын
түсіндіріп, біліктілік ауқымы мен эстетикалық көріністерді кеңейту, сөзді
таза айтуды үйрету қажет.

Дене тәрбиесінің құралдары

Денешынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас
ерекшелік топтарында қолданылады. “Балалар бақшасындағы тәрбие
бағдарламасының” “Дене мәдениетіне тәрбиелеу” бөлімінде барлық топтар үшін
міндеттері және денешынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген.
Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді
жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал
кешірек – еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру,
сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, “Алақан соғу ойыны” типтес ырғақты
жаттығулармен үйлестіріледі.
Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады :
1 Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а Негізгі қозғалыс
әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның
ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа,
биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі
қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған
жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә Әртүрлі құрал-заттармен және
оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7
жас) топтарында абстракталы ; б Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу,
шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;
2 Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған
қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға
- ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, “Барлығы өз жалауларына”) ;
3 Спорттық көңіл көтеру - шанамен, шаңғымен, велосипедпен,
самокатпен, мұз жолағымен сырғанау, ал үлкендер (6-7 жастағылар) конькимен
сырғанау, жүзу, спорт ойындарының элементтері (стол теннисі, бадминтон).
Өмірдің гигиеналық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған күн режіміндегі ұйқы, тамақтану, серуендеу, жас
өскен сайын белсенді қызмет әрекетімен барынша қанығады. Күн режімінің
бұзылмай сақталуы сыртқы өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделуді,
қамтамасыз етіп, мақсатты бағытталған өзін жақсы сезінуді қамтамасыз етеді.
Табиғаттың табиғи күштері арнайы шынығу процедурасы ретінде пайдаланылады.
Сол сияқты, дұрыс ұйымдастырылған сыртқы орта факторлары : таза ауа,
тазартылған жарық бөлме ; режімге сәйкес және жыл мезгілдерінде таза ауада
жүру, серуендеу.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін

ұйымдастыру формалары

Ясли бақшаларындағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары:
1 Дене жаттығуларының жекелей сеанстары және массаж (2 айлық кезінен
басталады). Ауа ваннасы кезінде тәрбиені нәрестемен қозғалысты массажбен
кезектесіп жасатады. Бұл жаттығулар қан айналысын жақсартады. Жиырылғыш
бұлшық еттердің тонусын төмендетеді. Белсенді рефлекторлы қозғалыс ретінде
үлкендердің көру, есіту, тактилді тітіргендіргіштерді (үлкендер ойыншықпен,
тарсылдағышпен нәрестенің жауап беру қозғалысын жасауға әрекет жасайды ;
нәрестені жайсыз жағына қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Дене тәрбиесі теориясының жалпы мәселелері
Баланың денесін спорттық ойындар арқылы жаттықтыру
Үш жасар баланың мінез-құлқы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Дене шынықтыру жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене тәрбиесінің құралдары
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі мекемелерде спорттық ойындарды пайдаланудың әдіснамалық негізі
Пәндер