Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылыс кешені және оны бағалау


Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылыс кешені және оны бағалау
Г. Ж. Байбосынова, э. ғ. к., доцент,
Ж. Қ. Серикбаева, магистрант
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қ.
Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Оңтүстік Қазақстан облысы халқының cаны жылдан-жылға артып келеді, оған қоса облыстан кеткен халыққа қарағанда облысқа келген халықтың саны әр жылы 7-8 есе артуда. Бұл халықтың тенденциялық өсу бойынша тұрғындарға қосымша тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін туындатады.
Қызмет орындарының тапшылығынан, жұмысқа орналасудағы қиыншылықтан аудандардың көпшілігінде жұмыссыздық өсіп, ал бұл ауылдық жерлердің жағдайын әлсіретті. Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі еңбекке жарамды жастағы тұрғындарды жұмыспен қамту және оны экономика салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасының көтерілуі, халықтың көп бөлігінің тұрғын үйінің жақсару тенденциясы соңғы жылдары облыста тұрғын үй құрылысының өзектілігіне арқау болуда. Бүгінгі таңда қолжетімді тұрғын үй алу кезегіне 6, 7 мың отбасы, ал коммуналдық тұрғын үйге - 4, 1 мың отбасы тұр.
Осыны негізге ала отырып, тұрғын үй құрылысында табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін арттыруға бағытталған дәйекті саясат жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының әлеуметтік бағыттылығындағы Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты - халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру болып табылады
«2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй бағдарламасы» аясында елімізде бюджеттік мекеме қызметкерлері баспаналы болуда. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өткен жылдан бері бұрын-соңды болмаған 4 пайыздық өсіммен ипотекалық несие бере бастады. Ол бюджеттік мекеме қызметкерлерінің баспаналы болуына үлкен мүмкіндік, бағдарламаны мемлекет қаржыландыруда.
Атап айтқанда, тек Шымкент қаласын алып көрсек, заңға сәйкес қордан қалада тұрақты тұратын, әлеуметтік тұрғыда аз қамтамасыз етілген отбасылар жалға пәтер ала алады. Сондай-ақ, бюджеттік мекеменің қызметкерлері мен әскерилер де оған қол жеткізуі мүмкін. Басты шарт - жалға алушының басқа баспанасы болмауы тиіс. Қазір пәтер кезегінде тұрған азаматтардың саны 4599-ға жетіпті. Ал, 2010 жылы жалға тапсырылғалы отырған пәтердің саны небары 52 ғана. Бұл қазіргі бағдарламаның тұрғын үй тапшылығы мәселесін шеше алмайтынын көрсетсе керек. [1]
Экономикасы дамыған елдерде орта және жоғары табысты адамдардың жеке меншiк баспаналары бар, төмен дамыған мемлекеттердiң өзiнде жеке меншiк баспананың үлесi - 50% құрaca, Германияда бұл көрсеткiш - 40%, Швецияда - 43%, Голландияда - 45% құрайды, ал қалған 50% жалға берiлетiн үйлердiң үлесiнде: оның 40% жекеменшiк иелерi бар жалға берiлетiн үйлер (табысты үйлер), 10% әлеуметтiк жалдық үйлер (муниципалды жалдық үйлер) . Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысын несиелендіру үшін ішкі инвестициялар, халықтың жинақтары, институциялық инвесторлардың ақшалары тартылады. Көптеген елдерде тұрғын үй саласын инвестициялау технологиясы негізгі үш қағидадан құралады: келісім-шарттық жинақ немесе «Баушпаркассен» жүйесі, ипотекалық несиелендіру, тұрғындарға пәтер алудағы мемлекеттік қолдау, яғни, мақсаттық мекен-жайлық субсидия жүйесі. Тұрғын үй құрылысы кәсіпорындарының шаруашылық қызметтері тұрғын үй құрылысы кешендерінде жаңа негізгі қорларды құру мен қолданыстағы негізгі қорларды дамытуда нақты инвестициялық салымдардың құйылуымен байланысты. Республикада Оңтүстік Қазақстан облысының инвестиция және құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша үлесі мен серпінін талдау барысында, негізгі капиталға бағытталған инвестициялардағы облыстың үлес салмағы соңғы салыстырылып жатқан бес жыл ішінде 2, 7%-дан 5, 3%-ға көтерілсе, орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің үлес салмағы 3, 3%-дан 4, 3%-ға жетті. Бұл жылдар ішінде облыстың республикадағы тұрғын үйлерді іске қосу көлемі бойынша (жалпы алаңы мың шаршы метр) үлес салмағы орташа 13, 6%-ды құрағаны анықталды. Бұл тұрғындар саны ел ішінде 14, 6%-ды құрайтын зерттеліп жатқан облыс үшін төмен деңгей екендігін көрсетеді. [2]
Облыс бойынша тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестицияларды әр ауданға қалай қаржыландырып, бөлінгенін көрсетуге болады. (1 кесте) .
1 кесте
Қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар
қарыз
қаражаты
Ескерту: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі материалдары негізінде
Облыс бойынша тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 1 821 705 мың теңгені құрайды. Соның ішінде Түркістан қаласын жеке алып қарасақ, бұл қалаға 86 701мың теңге бөлінген. Соның ішінде, республикалық бюджеттен 38 801 мың, кәсіпорындар-дың ұйымдардың және халықтың өз қаржысы 47 900. Облысқа шетел инвестициялары бөлінбеген. Республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына бағытталған инвестициялар төмен көрсеткішіті көрсетеді. Бұл тұрғын үй құрылысының дамуын бәсеңдетеді және халықты жұмыспен қамту мәселесін толық шеше алмайды деуге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2 объект («Шымсити» ТК, «Тұлпар-2» ТК - 106 үлескер) .
Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысының 2010-2015 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы айтатын болсақ, бұл бағдарламаның мақсаты халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу. Міндеті: ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау; тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру; жеке тұрғын үй құрылысын, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz