Психология ғылымының зерттеу әдістері


3 тақырып: Психология ғылымының зерттеу әдістері.
Мақсаты: Зерттеу әдістерін ашу
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Зерттеу әдістеріне қойылатын талаптар.
2. Теориялық және практикалық мақсаты, зерттеу бірлігін анықтау.
3. Мәселелелерге әлеуметтік модельдеу, әлеуметтік бағдарлау.
Психикалық дамуды диагностауда іске асырудың мүмкіндіктері мен жолдары оқыту мен дамытудың өзара байланысы теориясына негізделген. Ол өз бастамасын П. П. Блонскийдің, А. С. Выготскийдің жұмыстарынан алады, одан соң С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің, Г. Я. Гальпериннің, А. В. Запорожецтің, Д. Б. Элькониннің және В. В. Давыдовтың еңбектерінде қарастырылады.
Л. А. Венгер, З. И. Калмыкова, Н. И. Непомнящая, И. А. Менчинская оқушылардың ойлауы мен ақыл - ой дамуы бағалй үшін бірнеше критерийлер жасады, кейіннен оларды А. Я. Понамарев, В. Н. Пушкин, В. Х. Магкаев, А. З. Зак және басқалар толықтырылды.
Отандық психологияда дамытушы тәсілге қарағанда - қалыптастырушы, диагностық тәсілге қарағанда зерттеуші - эксперименталды тәсіл көп кездеседі.
Психология да басқа ғылым салалары сияқты өз әдістемелер жүйесімен қолданады.
Қандай да бір нақтылықты зерттеудің ғылыми жолын әдіс деп айтамыз.
ӘДІС - қандай да бір нәтиже алу үшін іс-әрекеттің ретке келтірілген мақсатқа жету жолы. Психологиялық әдістердің І-ші тобына ұйымдастыру әдісін жатқызамыз, оған: Ұйымдастыру әдісі жатады, онда салыстыру әдісі жүргізіліп, әртүрлі құбылыстар мен объектілерді салыстыруға мүмкіндік береді. Ұйымдастыру әдісіне: лонгитюдты әдіс жатады онда белгілі бір уақыт аралығындағы құбылыстар мен объектілерді неше қайтара зерттеуге мүмкіндік береді. Жалпы жинақталған (комплексті) әдіс, онда әр ғылым салаларының әдістер жиынтығын қолдану.
Психология ғылымында маңызды орынды эмпирикалық әдіс алады, оған: бақылау, әңгімелесу, эксперимент, тестілеу жатады. Әдістердің әрқайсысының өз модификациясы (жаңарту, өзгертулері) болады. Бақылау ол танымдық әдіс. Оның қолданбалы түрі - тұрмыстық байқаулар, оны күнделікті өмірде үнемі қолданамыз. Бақылаудың мынадай түрлері болады, олар:
қысқа мерзімді бақылау;
ұзақ мерзімді бақылау;
таңдаулы бақылау;
тұтас бақылау;
зерттеушінің зерттелінетін топтың мүшесі ретіндегі байқаудың ерекше түрі.
Зерттелушінің әңгімесінен, іс-әрекеті мен эмоциялық жағыдайынан тікелей, жанама, ауызша, жазбаша мағлұматтар алынады. Сұхбат арқылы жүргізілген зерттеулерде оның психологиялық бейнесін неғұрлым тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сұхбат анкеттеу, интервью, сұрақтама т. с. с. түрінде болады. Интервью ол зерттеушінің алдын ала дайындалған сұрақтарға жауаптар алу. Егер сұрақтар мен жауаптар жазбаша болса, онда анкеттеу әдісі жайлы сөз болады. Психологиялық зерттеудің басты әдісі эксперимент болып саналады, яғни зерттеушінің өзіне қажетті психологиялық мәліметтер алу үшін зерттелінетін адамның әрекетін арнайы ұйымдастырады. Ол арнаулы жабдықталған лабораторияларда жүргізілетіндіктен лабораториялық эксперимент болып табылады. Сонымен қатар табиғи ортада жүргізілетін табиғи эксперименттер болады. Тестілеу әдісі - адамдардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл ойының даму дәрежесі, не жекелеген тұлғалық қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Алынған нәтижелерді өңдеу үшін психологияда өз әдістері бар, олар: сандық, сапалық, статистикалық, нәтижелерді топтастыру т. с. с.
Салыстыру әдісі - танымның әмбебап логикалық тәсілі. Ол арқылы белгілі бір сипатты белгі бойынша зерттелетін нысанды‚ құбылыстарды салғастыру жолымен олардың теңдігі немесе айырмашылығы анықталады. Заттар салыстыру арқылы танылады. Жаңа‚беймәлім нәрсені тану үшін оны ескі‚ мәлім нәрсемен салғастыру‚ салыстыру керек. Ол себеп пен салдарды айқындайды‚ экономикалық құбылыстардың заңдылықтарын‚ өзара байланысын‚ дамуын‚ материалдық‚ еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудағы тиімділікке қол жеткізу дәрежесін анықтайды. Салыстыру әдісін қолдану салыстырылатын шамалардың өзара байланыстылығы мен мазмұны бойынша біртектілігі бөлігіндегі салыстырымдылықты көздейді. Деректердің салыстырымдылығы қорытындылаушы көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде ғана емес‚ кәсіпорындар мен салалардың жұмысын талдау кезінде алынатын көрсеткіштерді пайдалану кезінде де қажет. Жекелеген ағымдағы көрсеткіштер жоспарлы көрсеткіштермен‚ жоспарлы және ағымдағы көрсеткіштер алдыңғы кезеңдердегі көрсеткіштермен салыстырылады‚ кәсіпорын бөлімшелері мен жекелеген фирмалар‚ кәсіпорындар‚ салалар арасында салыстырылады. Жоспар‚ алдыңғы кезең‚ ұқсас объект - салыстырудың негізгі түрлері‚ жетістіктерді немесе ықтимал залалдарды бағалаудың критерийлері.
І. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру) ; Лонгитюдтік «генетикалық жол» әдіс (бір адамды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу-баланың соматикалық және психикалық дамуын тіркеуді мақсат етеді) ; кешендік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылым өкілдері қатысады, бір обьектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді) .
ІІ. Эмпирикалық әдістер: Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық) ; психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұқбат) ; іс-әрекет нәтижелерін талдау, биографиялық (өмірбаян) әдістер енеді.
ІІІ. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау) .
ІV. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
Негізгі әдістер: бақылау (іштей, өзін-өзі бақылау; сырттай) ; Эксперимент (лабораториялық, табиғи)
Қосымша: анкета, тест, әңгімелесу, моделдеу, сұқбат, сұрақ, математикалық-статистикалық, конспект-анализ.
Бақылаудың психологияда екі негізгі түрі болады:
өзін-өзі бақылау өз психикасын тану, қалай да болмасын сыртқы әрекеттің бақылауы арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы, немесе обьективтік бақылау - фактілер мен құбылыстардың табиғаты психикалық тұрғыдан түсіндіріледі. Ол: а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекетін түсіну; ә) оның ішкі психикалық мәнін ашып көру; б) жорамал жасап, оның анықтығын танып білу. Бақылау бір жағдайда «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.
Эксперимент- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
Зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді.
Эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады.
Эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығара алады.
Эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Орыс ғалымы А. Ф. Лазурский (1874-1917), 1910 ұсынған, эксперимент пен бақылау арасындағы аралықты білдіретін эксперименттің өзіндік бір нұсқасы болып, табиғи эксперимент саналады. Оның негізгі тенденциясы-зерттеулердің эксперименттігін жағдайдың ақиқатпен қиылыстыру. Бұл әдістің мәні мынада. Зерттелетін әрекет жағдайларына эксперименттік ықпал жасалады, ал әрекеттің өзі оның табиғи түрінде бақыланады. Бұл әдістің бақылау әдісінен айырмашылығы, мұнда тәжірибе жүргізуші өзінекерек құбылысты табиғи жағдайда тудыртып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандайда болмасын бір әрекет ұйымдастырады. оқыған текстеріне ат қоюды, осы тест бойынша әңгіме құрастыруды талап етеді т. б.
Адам психологиясын өзгертетін және оған әсер ететін амал ретіндегі эксперимент эксперименттік әдісіне кіреді. Оның мұндай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін қалаған Выготсий. Қалыптастырушы эксперимент-балаларды оқыту мен тәрбиелеудің дамушы эксперименттік әдісі.
Лабораториялық- ХІХ ғ. ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лабораторияны ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды.
Тест-белгілі бір сандық сапалық ақпарат береді және күрделі техникалық ақпараттарды қажет етпейтін стандартты, қысқа сынақ. Тестің түрлері көп (ашық, жабық, жанама, тікелей, интеллектуалды, бланг, аппаратуралық, стандартты, обьективті, проективті, вербалды, т. б. )
Анкета-белгілі бір сұрақтарға жауап беру. сұрақтар алдын-ала даярланады.
Әңгімелесу-алдын ала жоспарланған тақырып немесе мәселе төңірегінде 2 жақты пікір алмасу.
Сұқбат- белгілі бір мәселе жөнінде нақты бір кісінің сұрақ қою, респонденттің жауап беру арқылы болған әдіс.
Моделдеу-жас ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік және психологиялық нормаларға байланысты. Зерттеуші моделді жасалынады да, респондент сол моделмен салыстырылады. (моделдеуде адамның жаман жағы айтылмайды, бұнда тек % пен ғана айтылады.
Сұрақ-адамдар берілген сұрақтар реті бойынша жауап береді.
Сұрақнама-анкета, тест, т. б. осы сұрақнаманың түрлері.
Математикалық-статистика - белгілі бір қасиеттің сандық көрсеткіші.
Контент-анализ - белгілі бір іс-әрекет өнімі арқылы адамның қандай екендігі жөнінде ақпарат жинағы (киім киісіне, жүріс-тұрысына т. б. )
Социометрия- (лат. қоғам және өлшеймін) -шағын топтағы тұлғааралық қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Бұл әдісті әлеуметтік психолог және психиатр Я. Морено (18921974) жасады.
Эксперименталды психология
1. Эмпирикалық зерттеудің негізгі әдістері:
A) индуктивті, дедуктивті
B) психоанализ
C) классификация
D) тест
E) эксперимент
F) анализ
G) бақылау
H) жоспарлау
2. Сөздік қарым-қатынасқа негізделген әдістер:
A) бақылау
B) интервью
C) анкета
D) әңгімелесу
E) модельдеу
F) биографиялық әдіс
G) тест
H) эксперимент
3. Лабораториялық эксперименттің кемшіліктері:
A) құбылысты түсінудегі мәнді қосымша шарттардың алынып тасталуы
B) сыналушының экспериментке қатысып жатқанын білмеуі
C) ұзақ мерзімді талап етуі
D) себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алмауы
E) алынған нәтижелерінің практикада жарамдылығының төмендігі
F) «өмірден алшақтығы»
G) экспериментатордың пассивтілігі
H) қосымша факторларды қадағалау қиындығы
4. Эксперименттегі зерттеуші тарапынан жіберілетін қателіктер:
A) Хотторн эффектісі
B) Гало-эффект
C) Фон факторы
D) Өте жоғары бағаларды төмендету
E) Зайонец эффектісі
F) Плацебо эффектісі
G) Пигмалион эффектісі
H) Алғашқы әсер эффектісі
5. Сыналушылар топтарын құру тәсілдері:
A) кездейсоқ таңдап алынады
B) ерекше қабілеттілерді топтастыру
1-нұсқа Эксперименталды психология
67
C) арнайы әдістеме көмегімен іріктелген топ
D) экспериментатор өз қалауы бойынша іріктеп алады
E) «жұптық дизайн» әдісі бойынша топ құру
F) әртүрлі шарттарға қалатын эксперименттік және бақылау тобы
G) жаппай жүргізілетін зерттеулердегі топтар
H) әртүрлі әсер берілетін бір ғана эксперименттік топ
6. Әсер мен реакция арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды
анықтайтын белгілер :
A) реакцияның эксперименттік әсерден басқа себебі болмауы керек
B) эксперименттік әсер уақыт бойынша реакциядан кейін беріледі
C) даму принципі
D) сырттай бақылау нәтижесінде анықтауға болады
E) эксперименттік әсер және реакция өзара статистикалық байланыста
F) реакцияның туындауы эксперименттік әсерге тікелей тәуелді болмайды
G) эксперименттік әсер уақыт бойынша реакцияның алдында болуы керек
H) детерминизм принципі
7. Эксперименттің шынайылығы критериі бойынша эксперимент жоспарлары:
A) кросс-мәдени зерттеу
B) лонгитюдті зерттеу
C) квазиэксперименттік жоспарлар
D) бір тәуелсіз ауыспалыға арналған жоспар
E) факторлық жоспарлар
F) экспериментке дейінгі жоспарлар
G) бір зерттелушіге арналған эксперимент жоспары
H) шынайы эксперимент жоспарлары
8. Болжамды құру кезеңіндегі әрекеттер:
A) зерттеу мақсаты мен жалпы болжамы құрылады
B) ауыспалылар таңдалады
C) зерттеудің негізгі міндеттері құрылады
D) зерттеу объектісі мен пәні анықталады
E) эксперименттік эффектіні өлшеу әдістері таңдалады
F) эксперименттік болжамдар құрылады
G) зерттеудің әдіснамалық негізі анықталады
H) зерттелетін құбылыс бойынша авторлық модель құрылады
9. Эксперимент нәтижесіне сыртқы ауыспалылар әсерін қадағалау тәсілдері:
A) балансировка
B) рандомизация
C) плацебо эффект
D) интроспекция
E) салыстыру
1-нұсқа Эксперименталды психология
68
F) орын алмастыру
G) идентификация
H) сыртқы әсерлерді жоққа шығару (элиминация)
10. Корреляциялық зерттеудің негізгі түрлері:
A) бір топты әр түрлі жағдайда зерттеу
B) құрылымдық зерттеу
C) екі топты салыстыру
D) пән аралық зерттеу
E) қолданбалы зерттеу
F) эмпирикалық зерттеу
G) теориялық зерттеу
H) фундаменталды зерттеу
11. Д. Кемпбэлл бойынша психологиялық зерттеудегі артефакт көздері:
A) бақылау тобының болмауы
B) жастық, жыныстық ерекшеліктер
C) құрал-жабдық кемшіліктері
D) фон факторлары
E) нұсқаулық
F) болжамның дұрыс құрылмауы
G) сыналушының экспериментке реакциясы
H) жалпы жиынтық
12. Зерттеу нәтижелерінің ұсынылу формалары:
A) шығарма
B) роман
C) ғылыми зерттеу есебі
D) ғылыми баяндама
E) повесть
F) монография
G) әңгіме
H) эссе
13. Эксперимент нәтижелерін сандық талдау әдістері:
A) белгісізді анықтау
B) орталық тенденция мәндері, өзгергіштік мәндері
C) мәліметтерді ауыстыру амалдары
D) салыстыру
E) теңдеу шешу
F) статистикалық қорытынды әдістері
G) қосу, алу, бөлу, көбейту
H) ықшамдау
1-нұсқа Эксперименталды психология
69
14. Эмпирикалық зерттеулер:
A) Фрейдтің бейсана туралы ілімі
B) тұлғалық даму заңдылықтарын анықтау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz