Қазақстанның теміржол саласын дамыту талқылау


Қазақстанның теміржол саласын дамыту талқылау.
Көлік және коммуникация министрлігі Үкіметке теміржол саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған кешенді шараларының жоспарын қабылдауды ұсынып отыр.
Қазанның 2-і күні өтіп жатқан Үкімет отырысында Қазақстанның теміржол саласын дамыту талқылануда. Бұл бойынша баяндама жасаған Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметовтің айтуынша, аталған кешенді шаралар жоспары Үкімет тапсырмасына сәйкес әзірленген. «Кешенді шаралар жоспарының атап өтер ерекшелігі - мемлекет, ұлттық компания және жеке сектор арасында саланы дамту саласындағы жауапкершілікті нақты ажырату», деді министр.
Министрдің айтуынша, жауапкершілік секторында Қазақстан теміржолы ҰҚ-ға біртұтас технологиялық холдинг қызметін жүзеге асыру
ұсынылып отыр. Яғни, компания тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылардың өзара іс-әрекетіне жауапты болады. Бұл ҚТЖ-ның еліміздің теміржол әкімшісі қызметін және ұлттық тасымалдаушы мәртебесін сақтауды қарастырады. «Қазақстан теміржолы орта мерзімді перспективада халықаралық бағыттардағы жалғыз ұлттық тасымалдаушы болып қала береді», деді С. Ахметов. Оның айтуы бойынша, мемлекет ішіндегі бағыттардағы тасымалдаушылар қызметі үшін кешенді шаралар жоспарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі мәселелер қарастырылған. Ал мемлекет жауапты секторда сала құрылымының жаңа нысандарының құрылысын салу жағы қамтылған. Мұндай жағдайда мемлекет пен жеке сектор әріптестігі, қажет болған жағдайда бюджет қаржысын тарту қарастырылып отыр.
2007-2001 жылдар кезеңінде Қазақстанның теміржол саласының құралдарын жаңартуға, жаңғыртуға, күрделі жөндеу жүргізуге 580 млрд. теңге қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда сала жолаушылар мен жүк тасымалы бойынша шығынмен жұмыс істеуде. «Қазіргі тасымал көлемінің шығындылығының артуы саланың барлық негізгі құрадарының тозуына себепші болып отыр. Магистральды теміржол желісінің бірқатар шешуші шаруашылықтары құралдарының 70 пайыздайының тозығы жеткен, деді министр. Оның сөзіне қарағанда теміржол саласын дамытуда елімізде осыған дейін қабылданған шаралар саланың негативтік салдарын тек кейінге шегеруге шектелген. Мәселен, көмір, темір кені, шаруашылық өнімдері сынды жүк түрлерін тасымалдауда әлі күнге тарифтердің шығындылығы сақталып отыр. Республикалық бюджеттен жолаушыларды тасымалдаушылардың шығындары толық көлемде субсидияланбай отыр. Нәтижесінде саланың негізгі құралдарының тозығы жеткендігі байқалып отыр. «Тасымдау қызметінде бәсеке жоқ. Жүк үдерісін автоматтандыру деңгейі төмен», деді министр. Оның пікірінше мұндай жағдайлар осылай жалғаса беретін болса, ол Қазақстан экономикасының даму қарқынын тежеуі әбден мүмкін. Сондықтан саланың тозығы жеткен құралдарын жаңғыртуға, жаңартуға және күрделі жөндеуден өткізуге мемлекет тарапынан айырықша маңыз беру қажет. Осы орайда министр теміржол саласын дамытудың 2011 жылға дейінгі кешенді шараларының жоспарын қабылдау қажеттігін айтты.
Министрдің айтуынша, Қазақстан теміржолы компаниясының табысы соңғы жылдары ұлғайып келе жатқанмен, алайда олар ағымдағы эксплуатациялық шығындарды жаппайды. Өйткені тасымалдаудың көп бөлігі шығынды тарифті қолдану арқылы жүзеге асуда.
Теміржол көлігі саласындағы проблемаларды шешу үшін тарифтерді жыл сайын 15 пайызға дейін көтеру қажет - көлік және коммуникация министрі
Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігі саласындағы проблемаларды шешу үшін тарифтерді жыл сайын 15 пайызға дейін көтеруді қарастырады қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.
"Көлік және коммуникация министрлігі мүдделі органдармен бірлесе отырып теміржол көлігі саласындағы проблемаларды шешудің негізгі варианттарының бірі ретінде тарифтерді жыл сайын 15 пайызға дейін көтеруді қарастырады, бұл саланың инвестициялық қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді", - деді С. Ахметов.
"Тек тарифтерді арттыру есебінен салаға 550 миллиардқа жуық теңге тартылады", - деп атап көрсетті ол.
Сонымен қатар бұл "саланың негізгі жабдықтарының 70 пайызға дейін жететін тозу деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді".
Министрдің айтуынша, "теміржол көлігі саласын дамыту перспективасы жүктерді тасымалдау көлемі жылына 10 пайызға дейін өсетіндігін көрсетіп отыр". Дегенмен осы жоспарларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар. Олардың бірі - тарифтер деңгейінің төмендігі", деді алқа мәжілісінде С. Ахметов.
"Қазақстанның теміржол көлігі саласының тарифтері көрші мемлекеттермен салыстырғанда екі есе және одан да көп төмен. Бұл ретте қазіргі теміржол көлігінің тарифтері инвестициялық құрамдауыштарды ескермейді және негізгі қорларды жаңартуға ықпал ете алмайды", - деді Серік Ахметов.
"Тасымалданатын барлық жүктердің жартысынан астамын құрайтын көмір, кен, ауыл шаруашылығы тауарлары сияқты жүк түрлері тарифтерінің шығындылығы сақталып отыр", - деп атап көрсетті министр.
Билет алу
Теміржол билетін алу үшін Сіздің жеке куәлігіңіз бен Шекара паспортыңыз болуы қажет. Оның нөмірі мен сериясы, сонымен бірге сіздің Фамилияңыз мен аты-жөніңіз билет жолдарына кассир арқылы басылып жазылады. Егер сіздің қолыңызда паспорт болмаса, кез келген сіздің фофтңыз мен мөр басылып куәланған құжат арқылы теміржол билетін ала аласыз. Мысалы:
- 16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлік;
- мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлер үшін әскери билет;
- жөндеу мекемелерінен босатылғаны туралы фотосуретімен бірге анықтамай;
- азаматтың жеке куәлігі.
Жол жүру құжаттарын сату билет кассаларында немесе қосымша ақы төлегенде жолаушы талабы бойынша үйіне жеткізу арқылы жүзеге асады.
Жолаушыларға келесі қызмет түрлері көрсетіледі:
- жүру құжаттарын алдан ала сату;
- қайту жолына жүру құжаттарын сату;
- басқа елден шығу жолының жүру құжаттарын сату.
Жүру құжаттарын алдын ала сату пойыздың жүруінен 45 тен 1 тәулік мерзімінде жүзеге асады.
Транзиттік пойыздарда жүру құжаттарын сату мен тапсырыс қабылдау кесте бойынша пойыздың келуінен 3 сағат бұрын тоқтатылады.
Жүру құжаттарын сату үшін ашылған стансалар мен тоқтау пунктерінде барлық тоқтау стансалары мен пункттерге билет сатылуы тиіс.
Билетті қайтару
Жолаушы пойызға кешігіп қалғанында 3 сағат ішінде плацкарт бағасының құнын төлеген жағдайда, немесе пойыз жүргеннен соң 3 тәулік ішінде денсаулығының нашарлауына байланысты немесе қайғылы жағдай себебін анықтайтын медицина ұйымдарының сәйкес қолдары мен мөрлері басылған құжат арқылы пойыздан кешіксе жүру құжатын басқа пойызға ауыстыра алады.
Осы мерзім ішінде пайдаланылмаған талон күшін жойып, ақшасы қайтарылмайды.
Жолаушы жол жүру құжаттарын қайтарып, қолданылмаған жүру құжаттары мен тасымалданбаған жүктің құнын мына жағдайда қайтарып ала алады:
- Пойызда жолаушыға өз билетіне сәйкес орын берілмесе (қаладан тыс пойыздардан басқа)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz