«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің дәрістері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің

Ресми іс қағаздарының тілі -ресми іскерлік тіл

2. Жоспары:

1. Стиль туралы

2. Функциональдық стиль, оның түрлері, олардың өзара айырмашылығы мен ортақ белгілері

3. Ресми іс қағаздарына қойылатын ортақ талаптар, олардың ортақ стильдік ерекшеліктері

3. Қысқаша теориялық мәлімет.

Стиль- латын сөзі. Қазақ тіліне аударғанда «жазу құралы» деген мағына береді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу деген мағынада қолданылып келді.

Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз.

Ресми, іс-қағаздар стилі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, іс-қағаздар стилі деп те аталады. Ресми, іс қағаздар тілінің ерекшелігі, факті дәл көрсетіліп, айрықша мән беріледі. Өйткені ресми құжаттар ерекше қарым-қатынас құралы болып табылады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Қазақ елін Алтын Орда хандығы, бертінде қазақ хандары билеген кездерде әр түрлі жарлық, шарт, қатынас қағаздар болды. Бірақ олардың тілі, құрылысы қазақ тілінің ерекшеліктеріне негізделмей, Орта азия халықтарына ортақ әдеби тілге негізделген болатын. Ресми, іс қағаздарының түрлері қазір көбінесе орыс тілдеріне жазылады. Олардың ішінде жарлық, заң, жарғы т. б. мемлекеттік құжаттар орыс тілінен қазақшаға аударылып, басылым беттеріне жарық көріп келеді. Сондықтан қазақ тілінде қолданылып жүрген тұрмыстық қызмет көрсету, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдару, қол жеткен табыс, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т. б. сөз орамдары іс қағаздар мен ресми құжаттарда дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалып қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.

Көптеген сөздер белгілі бір стильге телулі болып қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы, тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді сияқты сөздер мен сөз тіркестері ресми, іс қағаздар стиліне тән. Ресми, іс қағаздарында заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат жолдас деп айтылады.

Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемеде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Бұл форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.

Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар мазмұны жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына жалпы сипаты болады:

1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

2. Лексика-фразеологиялық құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдермен қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Стиль сөзінің мағынасы.
  2. Ресми іс қағаздар тіліндегі фактілердің көрсетілуі.
  3. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттың ортақ сипаты.

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Адам деген сөз әр сала бойынша әр түрлі жазылады.

Сіз қанша түрін білесіз. Толықтырыңыз.

Ресми құжаттарда - азамат, жолдас;

Телефон станциясында - абонент;

Ательеде - . . . ;

Шаштаразда - . . . ;

Ауруханада - . . . ;

Санаторияда - . . . ;

Транспортта - . . . ;

Сот орындарында - . . .

1. Сабақ № 2. Сабақ тақырыбы : Ресми іс қағаздарының күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін түрі. Күнделікті еңбек қатынасында жиі кездесетін құжаттар

2. Сабақ жоспары :

1. Басқару органдарындағы кеңселік құжаттар

2. Арыз

3. Өтініш

4. Ұсыныс

5. Басқару органдарындағы кеңселік құжаттардың практикалық қажеттілігі

3. Қысқаша теориялық мәлімет:

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау құқықтарын және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін заң болып табылады. Азаматтардың заңды тұлғалардың арыз - шағымдары міндетті түрде қабылданып, тіркелуге есепке алынуға және аталған заң шеңберіндегі бекітілген мерзімде қаралып, шешілуге тиіс.

Субьектінің тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Тәртіптік кеңесіне азаматтардан әртүрлі арыз - шағымдар келіп түседі. Мысалы : зейнеткерлерге зейнетақы төлеудегі, баларға жәрдемақы бөлудегі, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өтілін есептеудегі және тұрғын - үй, жер телімін бөлудегі олқылықтар туралы т. б. көптеген жағдайларға байланысты өтініштер түсіп жатады. Сонымен қатар келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі мекеме қызметкерлерінің лауазымды тұлғалардың (басшылардың) немесе әріптестерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы жазылатын арызы болып табылады. Аталған Заңда кездестірілетін арыз, өтініш, сауал, ұсыныс үн қосу және шағым сияқты ұғымдар жеке-жеке мағынаны білдіреді.

Өтініш - өтінішті қарайтын субьектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосуды айтады.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау өтініш арқылы жүзеге асырылады. Заң талаптарына сәйкес, өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынған. Өтініште қойылған мәселерді шешу құзіретіне кірмейтін субьектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарлана отырып, тиісті субьектілерге жіберіледі. Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін өтініштер он бес күн ішінде қаралады. Қарау үшін өзге субьектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеруді талап тететін өтініштер лауазымды тұлғаға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз иесіне хабарланады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың тіркеудің және есепке алудың жай күйі үшін субьектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар жауапты болады. Осындай жауапкершілік жүктелген мемлекеттік қызметкерлер тарапынан азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі бұзылмауы тиіс.

Арыз адамның немесе басқа адамдардың өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субьектілердің лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау.

Сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылығын туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру.

Шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субьектілерді заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы.

Сұрау салу дегеніміз - өздерін толғантатын жеке немесе қоғамдық сипаттағы мәселелер жөнінде ақпарат алуға деген азаматтардың мұқтажын білдіретін өтініш.

Ұсыныс дегеніміз - қандай да мемлекеттік органдардың, сондай -ақ ұйымдардың жұмысын жетілдірудің қажеттігіне назар аударуды, олардың алдына қойылған міндеттерді шешудің нақтылы жолдары мен тәсілдерін ұсынуды мақсат етіп қоятын өтініш түрі.

Үн қосу дегеніміз - азаматтар сол арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына, сондай - ақ қоғамдық мәні бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын білдіретін өтініштің түрі.

Үлгі :

. . .

(өтініш кімнің атына жазылғаны)

Ө Т І Н І Ш

. . .

(жылы, күні, айы және қай минстрлікке жұмысқа орналасатынын жазу)

. . .

қолы күні, айы, жылы

4. Бақылау сұрақтары :

1. Азаматтардың шағымдарын қанша мерзімде қарап, шешу керек?

2. Азаматтардың шағымын қарау мерзімін қанша уақытқа ұзартуға болады?

3. Өзінің құзыретіне жатпайтын органдарға түскен азаматтардың шағымын тиесілі орынға қанша мерзімде жіберу керек?

4. Егер азаматтардың шағымын қарау, шешімін шығару мерзімі созылып кеткен жағдайда не істеуге болады?

5. Жаңа дәлелдер мен жаңадан анықталған жағдайлар келтірілмесе, егер олар бойынша сарқылған тексеріс материалдары болса және авторларына жауап берілсе, қайталай шағымданған жағдайда не істеу керек?

6. Азаматтардың шағымын қабылдауды ұйымдастыруға және іс қағаздарын жүргізуге кім жауап береді ?

5. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :

  1. Жағдаятық тапсырма .

Сіздің жұмысқа орналасу үшін өтініш жазғыңыз келді. Толтырыңыз. 2минут уақытыңыз бар.

. . .

(өтініш кімнің атына жазылғаны)

Ө Т І Н І Ш

. . .

(жылы, күні, айы және қай минстрлікке жұмысқа орналасатынын жазу)

. . . күні, айы, жылы

2 . Төмендегі берілген сөздерден сөйлемді қалпына келтіріңіз.

Сізден, өтілімім, қабылдауыңызды өтінемін, жоғары заңгер лауазымына, білімім, 3 жыл, еңбек.

3. Төмендегі сөздер қай құжат тіліне тән, дұрыс тапсаңыз байланыстырып аталған құжатты толтырыңыз.

Маман, мырза, қабылдауыңызды сұраймын, отбасы жағдайыма байланысты, еңбек өтілімім, білімім, қызметке, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, жоғары, беруіңізді өтінемін.

4. Өз бетінше ізденуге арналған сұрақтар

1. Азаматтардың шағымдарын қанша мерзімде қарап, шешу керек?

2. Азаматтардың шағымын қарау мерзімін қанша уақытқа ұзартуға болады?

3. Өзінің құзыретіне жатпайтын органдарға түскен азаматтардың шағымын тиесілі орынға қанша мерзімде жіберу керек?

4. Егер азаматтардың шағымын қарау, шешімін шығару мерзімі созылып кеткен жағдайда не істеуге болады?

5. Жаңа дәлелдер мен жаңадан анықталған жағдайлар келтірілмесе, егер олар бойынша сарқылған тексеріс материалдары болса және авторларына жауап берілсе, қайталай шағымданған жағдайда не істеу керек?

6. Мемлекеттік органдардың, мекемелердің лауазым иелері азаматтарды жеке қабылдауы

7. Азаматтардың шағымын қабылдауды ұйымдастыруға және іс қағаздарын жүргізуге кім жауап береді ?

8. Азаматтардың арызы бойынша өндірістік қызметін тоқтату жөнінде органдарға шешімді кім қабылдауға тиіс?

1. Сабақ №3. Сабақ тақырыбы: Жеке тұлға туралы ақпарат беретін ресми кеңселік құжаттар.

2. Сабақ жоспары :

1. Өмірбаян

2. Өмірбаян - резюме

3. Жеке іс парағы

3. Қысқаша теориялық мәліметтер :

Өмірбаян жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте қысқаша жазылатын ресми құжат . онда азаматтың аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы және т. б. қосымша мәліметтер көрсетіледі. Тәжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады.

1. Адамның өз өмірі мен қызметі туралы баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағазына қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты - жөнін, туған күнін толық көрсетеді. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады, көлемі жағынан шағын болады.

2. Өмірбаянның екінші түрі - мемуарлар, яғни жазушылардың, өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы. Мұндай өмібаяндар көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар қай тілде болмасын өте көп, қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылған түрі кездеседі. Мысалы, Қ. Байсейітовтың «Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің - өнерім» (1983) кітаптары өмірбаянның осы түріне жатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулер тарапынан баяндалады.

Мәселен, ұлы жазушылар мен ақындар - А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, А. С. Пушкин өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың әр түрлі жанрлары ыңғайыеда очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың бірі - өмірбаян. Өмірбаян әркімнің өз қолымен, таза, жүйелі түрде, сиямен жазылады. Арнайы қағазға да жазылуы мүмкін.

Өмірбаянның мазмұндық- құрылымдық жүйесі:

1. Құжаттың аты

2. Аты-жөні(толық жазылады) туған жылы, айы, күні, туған жері

3. Ұлты

4. Білімі, оқыған оқу орындары

5. Қоғамдық- саяси қызметі

6. Ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет

7. Қазіргі жұмысы, мекен жайы

2. Түйіндеме (Резюме)

Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағынаны білдіреді.

Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы нақты, қысқаша мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Түйіндеме жазудағы сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңызды бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды ұтымды көрсете білу. Осы арқылы таңдаған жұмыс орнына қол жеткізу. Мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынасыңыз, интуицияңыз сияқты қасиеттер жазылуы керек Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. .

Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі мен кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық - құрылымдық жүйесі :

- аты жөні

- туған жылы, күні, айы, туған жері

- ұлты,

- жынысы

- мекен-жайы, телефоны

- отбасы жағдайы

- азаматтығы

- білімі

- бітірген оқу орындары

- кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі

- тілдік дағдылары

- компьютерлік сауаттылығы

-жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б)

- қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б. ) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау қағаздары, сертификаттар, патенттер, наградалар т. б) .

Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар : хронологиялық және функционалдық.

Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрге н жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса, бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткен дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.

Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл білімі мен біліктілігі, жұмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі, одан кейін білімі

жайлы мәліметтер көрсетіледі. Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен жазылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

Түйіндеме үлгісі

Аты -жөні Садықова Асыл

Мекен - жайы : 480090, Қазақстан Республикасы, Алматы, Көктем - 1-үй, 72-п.

Телефон : 4-70- 88

* Жалпы ақпарат * Туған жылы 31 мамыр 1978

* Ұлты қазақ

* Жынысы әйел

* Отбасы жағдайы тұрмысқа шықпаған

* Азаматтығы Қазақстан Республикасы

* Жұмыс тәжірибесі : 1998 - 2008 менеджердің көмекшісі

* Фирманың атауы, жылы, қаласы : «Базальт», Алматы

* Білімі :

- орта

1993 - 1995 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық Мектеп

( Архимедтің мектебі)

- жоғары : 1999-2001 жж. КИМЭП, Экономика Магистрі бөлімі Алматы

1995-1999 жж. Қазақтың Мемлкеттік Басқару Академиясы, «Халықаралық экономикалық қатынастар» факультеті, Алматы

* Тілді білуі : қазаша-ана тілім, орысша - еркін, ағылшынша- өте жақсы

* Компьютерді игеруі : ЭЕМ бағдарламаларында жұмыс істей аламын

* Жеке қасиеттері : ұйымдастырушылықжәне басқарушылық қабілеттері

* Қосымша ақпараттар : * Ашық Қоғам институтының сертификаты,

*«Адамзатттың глобальды мәселелері» атты студенттер конференциясының мақтау қағазы

*Құштарлығы : кітап оқу, саяхатқа шығу

4. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары :

1- тапсырма. Жағдаяттық тапсырма. Жұмысқа орналасқыңыз келді. Толтыруға 2 минут уақыт беріледі.

Ө М І Р Б А Я Н

Аты-жөні, тегі . . .

Ұлты . . .

Туған күн, жылы . . . жынысы (әйел, еркек)

Мамандығы . . .

Қызмет істеген жері . . .

Елі . . .

Ата-анасы . . .

Мекен-жайы . . .

Телефон . . . факс . . .

2- тапсырма . Сыңарын табыңыз.

жұмыстан қабылдау

жұмысқа босату

ауыстыру кезекті

демалыс сұрау басқа жұмысқа

материалдық көмек өтініш айту

жалақыны көтеру бөлу.

3- тапсырма. Төменде өтініш білдіру үшін қолданылатын сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыз.

- Менің мекен-жайыма жолдауыңызды сұраймын.

- Аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын.

- Осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз.

- Сіздің мекеме өкілімен жасалған келісімді ескере отырып, бар мүмкіндікті қарастыруыңызды сұраймыз.

- . . . көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймыз.

4- тапсырма. Өзіңіз туралы мәлімет беру:

1. Өмірбаян.

2. Түйіндеме

3. Ортақ ұғымдар (ұқсастығы)

5- тапсырма . Сөздікті пайдалана отырып өмірбаян жазуға дағдыланыңыз.

Ө М І Р Б А Я Н

  1. Мен, . . .

(аты-жөні, тегі, ұлты, қай жылы қашан, қайда туды)

  1. . . .

(әке-шешесінің аты-жөні, туған жылы немесе қайтыс болған жылы туралы)

  1. . . . (оқыған)

. 4 . . .

(жұмыс істеген жері немесе түскен оқу орны, қай жылы)

5 . . .

(еңбек жолы, мамандығы қай жерде, қай жылы, қай мекемеде)

6 . . .

(шетелде, ТМД елдеріндегі іссапарда, жұмыс бабымен болды ма, қай жылы, қашан)

  1. . . . (отбасы туралы, әйелі (күйеуі) баласы олар не істейді, қай жылы туған)
  2. . . .

(қолы, жылы, айы, күні)

№ 3 үлгіні толтырыңыз . Жазуға машықтаныңыз .

Резюме- түйіндеме

Аты-жөні: . . .

Мақсаты: . . .

Туған жылы, айы, күні . . .

Ұлты . . .

Мекен - жайы . . .

Білімі : . . .

Қызмет жолдары және біліктілігі :

. . .

. . .

. . .

Қосымша мәліметтер :

. . .

. . .

. . .

Отбасы жағдайы:

. . .

. . .

Әскери міндеті . . .

№ 4 сабақ тақырыбы: Басқару органдарындағы ресми - кеңселік құжаттар

2. Жоспары:

1. Мәлімдеме

2. Бұйрық

3. Өкім

4. Хаттама

5. Оларды жазудың бірегей үлгісі мен оған қойылатын талаптар

6. Құжаттарды жазуға қажетті грамматикалық мен лексикалық минимумдар

3. Қысқаша теориялық мәлімет: Мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдау жөніндегі құжаттарды рәсімдеу процедурасы өзгешелеу. Заңнамада белгіленгендей, бұл орайда жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс мәліметтері жарияланғаннан кейін қызметке кандидат қажетті құжаттарын дайындап, конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішімен қоса мекемеге жолдайды. Конкурстық комиссия құжаттарды қарап, олар біліктілік талаптарына толық сәйкес келетін болса, кандидатқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке қарасты территорялық органның тестілеуге қатыстыру туралы шешімін жібереді. ҚР Заңнамаларын білуге байланысты тестілеуден, мекеменің конкурстық комисиясы әңгімелесуінен ойдағыдай өткен жағдайда, сол комиссияның шешімі негізінде кандидатты мемлекеттік қызметке тағайындау туралы бұйрық шығарылады. Қызметкер осымен қатар кірістері туралы декларация толтырып, арнайы тексеруден өтеді. Тағайындаудан кейін ол ант қабылдап, барлық құқықтарын пайдаланады; мемлекеттік қызметші міндетін атқаруға кірісіп, өзінің еркіндігіне қатысты заңмен белгіленген шектеулер бойынша міндеттемелер қабылдайды.

Төменде мемлекеттік әкімшілік қызметшісі лауазымына тағайындау туралы бұйрық үлгісі келтірілді.

№ 1 үлгі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АРХИВ ПРЕЗИДЕНТА

ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МҰРАҒАТЫ РЕСПУБЛИКИ ҚАЗАҚСТАН

БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

3 наурыз 2008ж. № 11- Л

Алматы қаласы город Алматы

Тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 14-бабы

7- тармағына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

Таукенова Әсел Маратқызы 2008 жылғы 3 наурыздан бастап штат кестесіне сәйкес кесімді жалақымен Жинақтау және құжаттама басқармасының сарапшысы лауазымына тағайындалсын.

Негіз : Ә. М. Таукенованың арызы, конкурс комиссиясының шешімі (№3 хаттама,

28 ақпан 2008 ж. ), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің 2008 жылғы 25 ақпандағы №3/ 1234 хаты. z

Мұрағат директоры (жеке қолы) (толық жазылуы)

Визалар : жинақтау және құжаттама басқармасы бастығының,

Кадрлар басқармасы бастығының,

Заң кеңесшінің,

бас есепшінің қолтаңбалары (жеке қолдары)

Бұйрықпен таныстым (жеке қолы) Ә. Таукенова, күні

Бұйрықта қызметкердің фамилиясы, аты және әкесінің аты толық көрсетілуі тиіс. Бұйрыққа қол қойылар алдында оның жобасына ынталы құрылымдық бөлімшелердің басшылары виза жасауы керек. Виза олардың келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді.

Мемлекеттік қызметке тұңғыш қабылданып отырған азаматқа 3 айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін. Сынақ нәтижесі қанағаттанғысыз болған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшісі мемлекеттік қызмет істері жөніндегі территориялық органның жазбаша келісімі бойынша жұмыстан босатылуы ықтимал.

Ұйымның өндірістік қызметі барысында іссапарлар, әкімшілік жазаға тартулар, кезекті еңбек демалыстары, еңбек қатынастарын бұзу немесе жұмыстан босату туралы өзге де міндетті өкімдік құжаттар қабылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивтік әдістерді қолданып оқыту
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Медициналық жоғарғы оқу орындарындағы оқу үрдісі
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Әли Байжолов туралы естеліктерге кезек берсем
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Оқыту тәжірибесінің мақсаты
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысының жағдайларын жақсарту
Диспансеризация туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz