Сызу тарихы


Сызу тарихы
Адамзат өміріндегі еңбек құралдарының пайда болуы, қарым-қатынастың дамуы ой-пікірді жеткізуге арналған түрлі белгілерді, графикалық таңбаларды тудырады. Адамның саналы іс-әрекетінің арқасында суреттер түріндегі алғашқы жазулар пайда болды. Олар абстракты ұғымдарды, құбылыстарды нақты нәрселерді білдіретін. Қоғамның дамуына байланысты шартты белгілерді салудың әр түрлі тәсілдері пайда бола бастады. Белгілі бір ойды жеткізу үшін графикалық шартты таңбалардың жазулар, пиктограммалар сияқты жүйесі қалыптасты. Ертедегі Бабл (Вавилония) жеріндегі Шумер халқы үшкіл сана жазуын шығарды. Ал Қытайда иероглиф жазуы пайдаланылды. Біздің заманымыздан бұрынғы екі мыңыншы жылдардың аяғында ежелгі алфавит жасалды. Бұлар қазіргі қолданылып жүрген алфавиттерге негіз болған финикия, грек жазулары еді.
Нәрсе бейнелерін жазықтыққа кескіндеу табиғи қажеттілік. Құрылыстар салу, түрлі еңбек құралдарын, механизмдерді жасау, астраномиялық зерттеулер жазықтыққа салынған нақты кескіндер бойынша жүргізілді. Қоғамның материалдық дамуы кескіндерді салудың тәсілдерін жетілдіріп отырды. Графикалық кескіндердің жүйелі түрде дамуына, әсіресе Баблда (Вавилонда) Мысырда (Египет) жинақталған өзіндік мәдени дәстүрлер ықпал етті. Күнтізбе жасау, жер өлшеу, байланыс жасау істері, сұңғат (живопис), сәулет (архитектура) мүсін (скулптура) өнерлерінің дамуы, ауыл шаруашылығының, теңізшілік кәсібінің және басқа да өндіріс салаларының өркендеуі графикалық кескіндеу тәсілдерін біртіндеп жетілдіре берді.
Бізге келіп жеткен енбектерге кездесетін графикалық кескіндерде заңдылықтар мен ережелердің болғандығы көрінеді. Оларды шартты түрде геометриялық салулар, құрылыс сызбалары, бұйымның кескіндері географиялық карталар және жұлдыздар картасы деп бөлуге болады. Қазіргі уақытқа дейін сақталған алыс заманалардағы мәдинет сілемдері, түрлі тарихи ескерткіш нұсқалары, зәулім құрлыстар алдын ала дайындалғн жоспар бойынша сызбалардың көмегімен орындалған. Бұл құрлыстардың матеириалы, сырт пішіні ғана емес, олардағы геометриялык фигуралардын үндестігі, олшемдердін қатынастығы, пропорциялар үстамдылығы мінсіз гармониялық үйлесім тапқан. Кейбір құрылыстардың күрделілігі сондай, оларды сызбаларсыз жасау тіпті мүмкін емес. Бертінде табылған Мысыр пирамидаларының сызбалары, ежелгі жер беті карталары қарапайым әрі түсінікті салынған.
Ғалымның дамуы графикалық кескіндеу әдістерін жетілдірді. Б. з. б. 3-5 ғ. Өзінде Платон, Аристотель, Пифагор, Демокрит сынды ойшылдардың еңбектерінде сызбалар колданылған. Бүлар көптеген жаңалықтар ашып, жаңа ғылымдардың негізін қалады. Біртін келе геометрия ғылымын бір жүйеге келтіріп, өзара байланыста мазмұндап берген Евклид, механика саласында теңдесі жоқ жаңалықтар ашқан, түрлімашиналар жасаған Архимед және т. б оқымыстылар да сызбалардың дамуына елеулі үлес қосты.
14-16 ғасырларда Батыс Европа елдерінде әр түрлі заңдылықтар ашылды. Итальян сәулетшісі Филлиппо Брунеллески /1377-1446/, итальян ғалымы Леон Баттиста Альберти /1404-1472/ қайта өрлеу дәуірінде сәулет өнерінің негізін қалады және перспектива заңдылықтарын ашты. Сызықтық перспектива заңдылықтарын толықтырған, әуелік перспектива ұғымын енгізген итальянсәулетшісі, сәулетші, ғалым әрі инженер Леонардо да Винчи /1452-1519/ сызбалар жасау теориясына елеулі үлес қосты. Оның өз қолымен орындаған әр түрлі машиналардың, сүңгуір қайықтың ұшу аппараттарының сызбалары сақталған. Сол сияқты неміс суретшісі Альбрехт Дюрер /1471-1525/, француз сәулетшісі әрі математигі Жирар Дезарг /1593-1662/, ағылшын математигі Брук Тайлор /1685-1731/, тау-кен ісінің маманы Георг Агрикола /1494-1555/ кескіндемелер жасау теориясын толықтырды.
Біртіндеп дами келе шартты графикалық белгілерді салудың бір жүйеге келтірілген мәнері қалыптасты. Мысалы, Доржпубран храмының /Монғолия,
18 ғ/ сызбасы ортогональ проекциялау әдісімен орындалған және көріністің бөлігін тіліктің бөлігімен біріктіру қолданылған. Проекциялық байланыс сақталып, өлшемдер түсірілген. Ал масштаб модульдік тормен берілген.
Сызба геометрия - математика ғылымының жеке бір саласы. Геометрияның басқа бөлімдерінен ерекшелігі, сызба геометрия кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа кескіндеу әдістерін зерттейді.
Француз геометрі Гаспар Монж /1746-1818/ кеңістіктегі фигураларды жазықтыққа кескіндеудің бүрыннан белгілі әдістерін зерттеп, бір жүйеге келтірді, сөйтіп сызба геометрияны ғылым дәрежесіне көтерді. Г. Монжды сызба геометрияның негізін салушы деп есептейді. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында сызба геометриясынсыз инженерлік ойлардың іске асуы мүмкін емес.
Ресейде сызба геометрия 19 ғасырдың бас кезінде жеке пән ретінде оқытыла басталды. Сызба геометрияның алғашқы профессоры Я. А. Севастьяновтың 1821 жылы ортогональ проекциялау әдісіне арналған «Сызба геометрия негіздері» атты еңбегі жарыққа шықты. Оның бүл еңбегі орыс тілінде жазылған алғашқы оқулық еді. Монждың «Сызба -техника тілі» деген сөзін жалғастыра келіп, Ресейдегі сызба геометрияның алғашқы афторларының бірі В. И. Курдюмов «сызба геометрия бұл тілдің грамматикасы, егер дұрыс жетілген елестету қабілеті болмаса, ешқандай шынайы техникалық шығармашылық жобалау туралы ойлаудың өзі мүмкін емес» деді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz