Білімнің мазмұны және онын ғылыми негіздері


Білімнің мазмұны және онын ғылыми негіздері
Халыққа білім беру ісіл жетілдіру - мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Білімнің мазмұны - оқыту процесі компонеттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенін негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды ғылымиматериалистік козқарасы, мінезі қалыптасады.
Мектеп халық щаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс.
Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының дедгейін көтеруге өте қажет:
1. Оқушыларды біліммен қаруландырудың табиғатты қарғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
2. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру.
3. Білім мазмұнында әлеуметтік-экономикалық жолдарының ескерудің, маңыздылығы.
4. Пәнаралық және пенішілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негізде жүзеге асыру.
5. Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақиаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудін тұрмыс, медениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы.
7. Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы - теориялық, практикалық білімнің негізі.
Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
-табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;
- диалектикалық- материалистік көзқарасты тәрбиелеу;
- адамды жан-жақты дамыту міндеттерін жиыақты шешу;
- жастарды өмірге, еңбекке, мамандық тандауга даярлау. Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі адамның өзтағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі (ортасы) - адам, қоғам, табиғат, ноосфера болуы қажет.
Адам қоршаған ортада тұлғаның өз тағдырын өзі шешу үшін тіршілік әрекетін, білімін гумандық негізде қамтамасыз етеді.
«Қоғам» өрісінде өз тағдырын өзі шешу Отан, адамзат, интернационализм, құқықты мемлекет, демократия, жариялылық, үйел мен, еңбек, азаматтық жауапкершілік сияқты құндылықтарды игеру арқылы болады.
«Адам-табиғат» қатынас жүйесінде адам өзін табиғаттың бөлшегімін деп тануы экологаялық мәдениетті меңгеруі, жас ұрпақ алдыңда жауапкершілігін түсінуі керек.
Ноосфера (грек сөзі - ноос - ақыл жене сфера) - қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін ойдағыдай ұйымдастырып, қоршаған ортаның нашарлауына әсер ететін, талан-таражға салатын жыртқыштық, апатты әрекетке жол бермеу.
Осы мәселелерді мектепте, білім беру процесінде қолдана білу қажет. Ю. К-Бабанский ғылымдар негіздерінің мазмұнын таңдап алу үшін төмендегі критерийлер жүйесін атап көрсетті.
Тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру міндеттері білім мазмұнындағы тұтас бейнелеу критерийі. Бұл критерийді пайдалану үшін жүйелі-құрылым талдау әдістері қолданылады. Осы әдістердің негізінде оқу бағдарламасында көрсетілген барлық негізгі теориялар, заңдар, және ұғымдар ғылымының осы саласы жөніндегі жеткілікті тұтас түсінік береді, ғылым өндірісте, қоғам және медени өмірде қолданылады; оқушьшардың дағдысын, танымдық ынтасын, ақыл-ойын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерінің негізгі түрлері пайдаланылады.
Ғылым негіздеріне кіретін мазмұнның жоғары ғылыми және практикалық мәнділік критерйі. Мұны қолдану арқьглы өте қажетті теориялардың, зандардың және негізгі ұғымдардың мәнін ашу үшін эксперттік бағалау жолымен бағдарламада тым универсальды және информативті элементтер мазмұнын қалдырады.
Осы жастағы оқушылардың нақтылық оқу мүмкіншілігіне маз-мунының сәйкестік критерийі. Мұны пайдалануда төменгі әдістер қолданылады: диагностикалау, бақылау жұмыстары жоғары оқу орнына түсу емтихапдарының нәтижесін талдау т. б.
Осы пәнді білуге берілген уақытқа мазмұн көлемінің сәйкестік критерийі. Мұны пайдалануда қолданылатын әдістер: материалды толық меңгеруге жұмсалатын уақытта лабораториялық эксперимент арқылы зерртеу; оқуының тапсырманс орындауда жұмсаған уақытын жалпы мектеп бақылау жұмыстары арқылы дәл жазып алу және нашар үлгеретін оқушьшарға көмек керсету. Осыларды қолдану нәтижесінде бағдарламаның бірінші вариантынан маңызы азырақ кейбір мәселелер, анықтама мәліметтері, фактілер алынып тасталады.
Орта білім мазмұнын құруда халықаралық тәжірибені ескеру критерийі. Бұл критерий бойынша біздің оқу бағдарламаларымызды дүние жүзіндегі дамыған елдердің орта мектеп оқу бағдарламасымен салыстыру және әрбір оқу пәні бойынша мектептегі білім дәрежссінің артықшылығын камтамасыз ету керек.
Қазіргі заманғы мектептің оқу әдістемелік және материалдык базасына білім мазмүнының сәйкестік критерийі. Осыған сейкес білім мазмұнына басты лабораториялық және практикалық жұмыстардың кіруі қажет. Оларды өткізу үшін мектеп өмір талабына сай жабдықталуы тиіс. Білім беру мазмұны көптеген нормативті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде шетелдерде әлі де жеткшікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіріледі.
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты істеліп жатқан жүмыстар көптеп саналады. Солардың бірі «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы.
Бұл тұжырымдамада білім мазмұның қалыптастырудың ғылыми негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім мазмұнының, құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұның жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір талабының объектавті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және
тарихын жалпы білім беретіп орта мектептің оқу жоспарын енгізу оқушыларға жан-жақты білім берудің принципін іске асырудың басты құралдарының бірі. Оқушыларға экологиялық білім беру үшін биология және география пәндері бағдарламаның экологиялық білімін басты элеметтерін енгізу қажет.
Ақмола қаласы А. С. Макаренко атындағы 32-ші орта мектеп Ақмола уииверситетінің педагогика кафедрасымен бірігіп, 1990-1995 жылдардың аралығында эксперимент жұмысын жүргізді. Жұмыстың мақсаты: біріншіден, оқушыларды педагогикалық және басқа мамандықтарға дайындау; екішшден, жастардың білім деңгейін қазіргі заманның талаптарына сәйкес көтеру. Міне, осы жағдайлар еске алынып, мектептің оқу жоспары жаңадан жасалынды. Оған 10 сыныптан бастап педагогика, психология, логика, риторика пәндері, ал VII сыныптан бастап дүниежүзілік әдебиет, және дүниежүзілік мәдениет тарихы т. б. пәндер енгізілді. Осы оқу жоспары бойынша жүргізілген бес жылдық эксперимент сәтті аяқталды.
Оку бағдарламаларында білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша ор жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Әр пән бойынша түсінік хат жазылады. Онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер көрсетіліп, мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылды .
Соңғы жылдары жасалған оқу бағдарламаларының ерекшелігі: біріншіден ескелең өмір талабына сәйкес білім беру мазмұнының ғылыми деңгейін көтеру, екіншіден, жоғары сыныптарда пәндерді оқыту процесінде бір тақырыпты екінші рет қайталамау үшін концентризмді қысқарту; үшіншіден. бағдарламалардан керексіз және екінші дәрежедегі мәселелерді алып тастау.
Оқулықтар оқу бағдарламаларының мегізілде жасалады. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар:
- Оқу материалдарының жоғары идеялық және ғылыми денгейінде түсінікті болып баяндалуы;
- ой әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру;
- пәнаралық және пәншілікке байланысты жетілдіру;
- оқу материалдарының жас ерекшсліктеріне сәйкестігі;
- жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың барлық негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу;
- біздің елімізде және басқа дамуы елдерде салыстырмалы
бағалау процстердің көмегімен жалпы білім мазмұнын тандап алу жайындағы халықаралық тәжірибені ескеру.
Оқу пәндері бойынша білім мазмұнына осындай критерилерді енгізу, үдемелі ғылыми-техникалық және елімізде қоғамдық өмірді қайта құру қажеттігіне мүмкіншілік туғызады.
Қазіргі заман ғалабына сәйкес сай мектептерде білім мазмұның өзгерту басты міндеттердің бірі. Оны іске асырудың қандай білімді және іскерлікті әрбір адамның игілігіне айналдыруға бола ма?
Білім мазмұны жайлы алыс және жақын шетелдер ғалымдарының пікірлерін баспа беттерінен кездестіруге болады. Олардың
кейбіреулері үдемелі ғылыми-техниқалық кезенде жаратылыс ғылыми білім мазмұнын өзгерту мәселелеріне көбірек көңіл бөледі.
Ал бірте-бірте байқала бастаған үдемелі ғылыми-техникалық зардабы, зиянды жақтары ескерілмейтін сияқты. Осындай дағдарысты жағдайды болдырмау үшін білім мазмұнын гуманиталандырудың маңызы зор. Заманталабына сәйкес гумаиитарлық білімді өзгерту бүкіл дүние жүзінде болып жатқан іс. Бірақ, бұл жөнінде орта мектептерде жаратылыс-математика және гуманитарлық пендерді оқыту туралы ғалымдар арасында қарама-қарсы пікірлер, ғылыми айтыстар болып тұрады. Мысалы, француз физигі Д. Ф. Араго мен француз ақыны А. Ламартиннің арасындағы талас пікірлердің өзі-ақ куә бола алады. Араго жаратылыс ғылыми білімнің пайдасына, гуманитарлық білімді ығыстыру талабын қойды: «Әдемі сөздердің және әндердің көмегімен өңдіріс дамымайды. Білім әрекет жасаудың инструменті болуы қажет. Осымен бірге жаратылыс ғылымдарын зерттеу тек қана материалдық пайда үшін қызмет ету емес. Жаратылыс ғылыми білімі көптеген теріс ұғымдарды, қате пікірлерді жояды. Ламартин, керісінше, заң шығарушылар мектеп білімінде гуманитарлық пәндердің басым болу рөлін сөзсіз сақтау керек, ол адамгершілік құндылықты негізгі қорғаушы деп сендіреді: «Егер біз кенеттен барлық жаратылыс ғылыми бідімінен айырылсақ, материалдық дүние сақталар еді, бірақ, сөзсіз зор зиян келтірер еді. Егер адам моральдық шындықтардың біреуінен ғана айырмасы, олардың сақтау гуманитарлық білім және адам, және бүкіл адамзат құрып кетеді».
1960 жылдары жалпы білім жүйесіңде жаратылыс-ғылыми және гуманитарлық пәндер жайлы айтыстар өріс алды.
Ғылыми-техникалық бағытты жақтаушылар мектептің оқу жоспарында жаратылыс-ғылыми пәндердің апталық сағаттарын өсіру қажет дейді. Олардың дәлелдеуі бойынша дол ғылымға тек ғана математика және жаратылыстану жатады, қалғандары білім саласында, екшей келгенде мифология. Осындай ұғымдар Англия педагогтары Р. Вудса мен Қ. Варрау кітабында айтылған. (Введение в философию образования, Лондон Д 975) . Бүл авторлар жаратылыс ғылымдары мен математиканы жоғары бағалайды. Физика және химиядағы ережелерді экспсримент жолымен дәлелдеуге болады деп тұжырымдайды. Ғылымның бұл саласы оқушылардың ақыл-ойын дамытуда, адамгершілігін қалыптастыруда аса маңызды. Ал гуманитарлық пәндер негізінде кемеліне жетпеген өзінің меншікті логикалық құрылымы берілмеген. Сондықтан олардың мәліметтері ғылымға қарағанда тым дінге ұқсас.
Батыс елдерінде ғылым мен техниканың дамуы дүниені апатқа ұшыратады деп гуманитарлық білімді жақтаушылар қауыатанады. Батыстың орталығы деп айтылатын Рим клубының негізгі қатысушылары қоғамның мәдени дамуын аман алып қалудың жолға ең алдымен тұлғаның топтық және адамзаттың гумандық санасының қалытасуында деп қарастырады. Осындай лікірлерді гумандық тәрбие, гуманитарлық білім бағытында зерттеу жұмыстарымен айналушы батыстың педагогтары және социологтары қуаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz