Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында



1.НЕСИЕННІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... .3
1.1 Несиенің қажетілігі және несие қатынастарының пайда болуы ...
.2. Несиенің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.Несиелік операциялар есебі және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Несиелік операцияларды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз. «қарыз », «несие» деген «kredo -сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады.Несие тұралы ғылым әлі жас Ол саяси экономиканы қалыптасуымен пайда болды.Несиены ұдайы өндіріс процесімен , құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстық тұрғыдан талдануы несиенің қәжеттігін түсінудің демеушісі,қоғамдағы несиелік қатнастардың туындауын ,несиенің табиғатымен мәнін айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасанпаздық теориясы қатаң қадағалатындығы байқалады ,натуралистік несие теориясы XVIII -ғасырдың екінші жартысында пайда болды.Бұл теорияның негізін А Смит пен Д Рекардо салды одан әрі оны француз экономисті Ж Сэй дамытты бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай ійгіліктердің қозғалысын көрсетеді сондықтан бұл тек аталмыш қоғамда бар материялдық құндылықтарды бөлу әдісіғана бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралістік қарама –қарсы идеяны ұсынады .Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рол беріліп, оны ұдайы өндіру процесстерінен алыстатады .Несие ақшамен және байлықпен тенестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы ,ағылышын экономисы Дж.Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп , байлықпен капиталдың жиналуына себеп болады .Ол банктерді делдалдар ретінде емес , капитал жасаушылар деп қарастырылады .Несие пайда алып келеді, сондықтан ол өндіргіш капитал болып табылады, ал банктер –несие фабрикасы . бұл екеуде несиені, яғни капиталдың жасайды. Олар банкиер барлығын ,депозиттердің ,яғни капиталды жасайды деп пайымдайды.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1.НЕСИЕННІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ ... ... ... ... .3
1.1 Несиенің қажетілігі және несие қатынастарының пайда болуы ...

1.2. Несиенің мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.Несиелік операциялар есебі және талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2.1НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.2 Несиелік операцияларды талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кіріспе
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады.
Кредит деген сөз. қарыз , несие деген kredo -сенемін деген мағына
беретін латынша kreditum деген сөзден шығады.Несие тұралы ғылым әлі
жас Ол саяси экономиканы қалыптасуымен пайда болды.Несиены ұдайы
өндіріс процесімен , құндылықтың қайта айналымының және айналысының
Маркстық тұрғыдан талдануы несиенің қәжеттігін түсінудің
демеушісі,қоғамдағы несиелік қатнастардың туындауын ,несиенің
табиғатымен мәнін айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің
қуат көзі болып табылады несиенің мәнін зерттеуде натуралистік
және капиталдық жасанпаздық теориясы қатаң қадағалатындығы байқалады
,натуралистік несие теориясы XVIII -ғасырдың екінші жартысында
пайда болды.Бұл теорияның негізін А Смит пен Д Рекардо салды одан
әрі оны француз экономисті Ж Сэй дамытты бұл теорияның негізгі
идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие
заттай ійгіліктердің қозғалысын көрсетеді сондықтан бұл тек аталмыш
қоғамда бар материялдық құндылықтарды бөлу әдісіғана бұл жағдайда
несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралістік қарама
–қарсы идеяны ұсынады .Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге
экономиканың дамуында шешуші рол беріліп, оны ұдайы өндіру
процесстерінен алыстатады .Несие ақшамен және байлықпен
тенестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы ,ағылышын экономисы
Дж.Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін
қозғалысқа келтіріп , байлықпен капиталдың жиналуына себеп болады .Ол
банктерді делдалдар ретінде емес , капитал жасаушылар деп
қарастырылады .Несие пайда алып келеді, сондықтан ол өндіргіш
капитал болып табылады, ал банктер –несие фабрикасы . бұл екеуде
несиені, яғни капиталдың жасайды. Олар банкиер барлығын ,депозиттердің
,яғни капиталды жасайды деп пайымдайды.

1.НЕСИЕННІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ.
1.1 Несиенің қажетілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит
деген сөз. қарыз , несие деген kredo -сенемін деген мағына беретін
латынша kreditum деген сөзден шығады Ол экономикалық дәреже ретінде әр
түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда
болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай жане кедей қоғамдарда
көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде
болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.)
қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну
мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастар- ының
дамуымен несие ақша түріне көшті.Несиенің объективті қажеттілігі табиғи
және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндіріс- ті
шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады,
меншіктін, ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік
тауар- лыға және тауарлы қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т -
Ө - 1' - А1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналым- ның
бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және
т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім
(тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар
сатыл- ып, бастапкы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы
айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық
шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы
айналымы емес, сондай-ақ оның айналымыда. Капиталдын айналымы дегенде оның
үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субьектілерінде ақша қаржысы-
ның уакытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша
деген қажеттіліктің қалыптасуымен. қоса жүреді. Әрбір шаруашылық
субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатылар-
ында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын:
материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айнал-
ым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды .уақытша
босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай. туғызады. Мысалы,
негізігі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының пронесінде.
Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай
дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап
жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі
құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсала- тыны
себепті ақшалай қара-жаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте
жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажет- тілік
туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айнал- ым
қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.Мысалы, дайын өнімді өткізу- ден
түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу
үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың
уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік
маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіз- дігінен (шикізат,
материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымы- ның уақыты сәйкес
келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін.Осылайша негізгі және айналым
қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажетгілік
кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын
басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып
алушысы болып шығуы мүмкін.Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға
деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана
туындамайды. Ол мемлекетте. бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда , сондай-ақ
халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен
оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың
ақша қоры және т.б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасымда туындаған қарама-
қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет
материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің
жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілгі несие қатынастарын
жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты
еместігімен түсіндіріледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.
Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға
алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын
өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретн дербес заңды
субьектілер сияқты алға шығуы керек. Еіншіден. егер несие беруші мен несие
алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет
болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетгі түрде
несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: Әрбір қоғамның
экономикасы, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек деп жазды.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған
кезде бір жағынан несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны
алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Осылайша, экономикалық негізбен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу
талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажетілігін анықтап және оның
эволюциясын түсіндіріп береді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан
туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге; асуын төлем
қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның
рөліне жете назар аудармай.оны толық дәрежеде анықтамайлыАқша
эммиссиясының процесі формаға тәуелді емес (қолма-қол ақша жене қолма-
қол ақшасыз) , несие капиталының бір көзі болып табылатын несие
операцияларының нәтижесі бар.
Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немссе
басқа қоғамдык формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен
анықталады.
Құндық қатымастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық
жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа
түсетін. бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын
кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа
уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру
процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ. несиелік
қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік
иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындағы
айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан –қолға өткізу сияқты
тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысуы несиелік қатнастардан
туындаған экономикалық жеміс.
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық
негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың
материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті
қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының обьективті күшіне толық
шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей
тізбектеледі:
-жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар
айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі:
несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан
дербестігі;
-несиелік қатынасқа несие бсруші мен қарызға алуышының мүлдделік танытуы.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс
процесінде маңызды рол атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға
трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға
алушылардың арасымдағы қарым-қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың
табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жииақталып, уакытша
пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады

1.2. Несиенің мәні
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принцимтерді ұстану
керек. несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
ксрек:
несие мәмілесі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
мәміледс иесие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
-несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің
негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл
субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және
бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің
мәнін анықтауға болады.
Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші банк болып
табылады. Ол кәсіпорындардьң ұйымдардың кеңселер мен халықтың уақытша бос
қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану
үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға
алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа)
тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бүл арада банк бір
жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы несие алып алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі зман талабына сай
қарызға алушылар -кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер
боулы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі
болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен
қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы
айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы
төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.
Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие
беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші-қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын
көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар. оның қарама-
қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым
жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан
несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы
құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты
өзіндік өтелмеген кұны - несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып
табылады.

Несенің құрылымы

7.
1. сурет. Несиенің құрылымы.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және
болжамбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жииақтаудың қажеттігі жоқ.
Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандыр- ылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының
үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді
жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен
пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын
осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтар-
ылуына дейін сақтайды.
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол
элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей
көрсетіледі:
НО-Қан-Нп...Рб,...Нк...-БК,
мұндағы: Но- несие орналастыру;
Қан- қарызға алушының несиені алуы;
Нп- несиенің пайдаланылуы;
Рб - ресурстарды босату;
Нк - несиенің қайтарылуы;
Бк - банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Он -несие қозғалысы-
ның алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы
(аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады. Несие беруші
қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған
кезде ғана несие бере алады. Несис алу (Қан) қарыз алушының уақытша
қажеттілік- терін қанағаттандыра- ды, өйткені несиелік қатынастың басқа
тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді. Несиені пайдалану (Нп) қарыз
алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің
қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді.Ресурстардың босатылуы (Бр)
қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аякталу актісін,
несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның
пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі
кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Нк) уақытша пайдаланылған құмнның қарыз алушы- дан
несие беруішіге кайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі
бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие
берушіге өтеді.Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) құнды несие берушінің
алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уакыт бойынша
несиенің қайтарылуы (Нк) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге
бергені) Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол
бір қүнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін
несие берушіге қайтарады. ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиелемген құнның толық айналымының бір бөлігі
болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады. ол тек несиеге ғана
қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым
шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші қарыз алушыға
құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Несиенің мәнін тану оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар
туындай- тын базада қарастыруды ұйғарады. Несенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын база неден тұрады? О.ИЛаврушкин оның
қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір
мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие
ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде
жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы
айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні
анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туында-майды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді.Алайда, бұл тек
қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты
қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана
несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып
табылады. яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей. кейінгі қалдыруға
болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол
заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің
қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол
алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория
сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.
Несиенің әлеуметтік-эқономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде. Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы
соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос
қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға)
талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу
сияқты. Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау
нәтижесінде оның мәнін толық емес жағдайда былайша айтуға болады: несие
беруіші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделіп
қайтарыл- ым қозғалысына байланысты эқономикалық қатынастар екендігі.
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие -бұл несие капиталының
қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін,
меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-
өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшілігі сол. Ал, капитал
- өзінен-өзі өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы несие
капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі
өсім бере алмайды.
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген
қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды
ақшаны бөлу және халықтың, экономиканың бос ақшалай қаражаттардың
жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономика- лық
қарым-қатынасты көрсетеді.
Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма-
қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.Бұл
принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол
кейіннен заңды түрде бекітілді. Несиснің қайтарылу принципі - қарыз
алушының несиені пайдаланғанан кейін несие берушіге уақытында қайтару
қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды
қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын
анықтайды. Бұл несие қапиталының қозғалы- сына қажетті талап болып
табылалы. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын
қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез- келген тиімді уақытта
емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін
көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алына-
тын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп
алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып
табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз
алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие
берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін
көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті
мәселе болып табылады Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған
қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие
келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-
ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы
белгіленедіБұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байламысты және
олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін аныктайды. Осы принциптердің
біреуі бұзылса. онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес
экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиет- тері жоғалады.
Принциптермен қоса не-сиенің мәні олардың орындалатын қызметтеріндекөрініс
табады.
2.Несиелік операциялар есебі және талду

2.1НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне
жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк
активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналас-
тырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған
қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне өр түрлі несиеге шамамен 72% келді.
Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған.
Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерция-
лық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер
бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.Қарыз алушыларға ұсынылған
банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
1. Кредиторлар бойынша:
- орталықгандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес
қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;
2. Қарыз алушылар бойынша:
- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі),
- бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық
ұйымдарға несиелер;
- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері,
- ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.
- жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру);
3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай
түрлерін ажыратуға болады:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді.

4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға
несиелер, айналым капиталына несиелер;
5.Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:қамтамасыз етілген:
тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;сақтандырылған;қамтамасыз
етілмеген: бланкті (сенімді).

6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.

7.Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-
рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер,консорциалды,
дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті,
онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие,
факторинг, форфейтинг.
8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының
жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспорт-
ты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-
әреке- тінің шығындары,жеке еңбекпен айналысатын азаматтар
тұтынған шикізат,материалдар, кұралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың
кепілді -несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының
арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға;
еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.
Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер.
Олар тауарлы-материалды кұндылықтарға, төлемдердің агымдағы қажеттілік-
тері мен шығындарына беріледі.
¥зақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген
несиелер қаржылық активтерді, айналым қүралын, негізгі қорлардың қалып-
тасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде осы уақытқа дейін
қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халыкты несиелеу жүйесі енді
неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі
қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несие-
лік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқылы.Қалыптасқан
несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика
мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша
ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие
мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып
табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық
несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып
алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқ банктерге сатады. Комерциялық
банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау
мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көсетеді. Сонымен бірге
ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы "сауда" акцептін
сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.Қазіргі несиелеу жүйесіндегі
ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ
белгілеген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі
пруденция- лық нормативтертартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең
аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін,
коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін
жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің манызды белгісі онын шартгы
негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын
банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі
бір міндет- темелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау
жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары
бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек
коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың
бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, карыз
алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.Қалыптасқан несие
жүйесі- нің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу
субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі
несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық
қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік
береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең
басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді.
Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті
қаражат деңгейі ескерілмеді.Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше
қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз
етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары
өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенін саралану қағидасына
енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режімі жақсы және
жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге
мәлім.Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің
орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында
қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несиеқабілеттілігі
ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлемқабілетсіздігі анықталған
кезде, коммерциялық банк несиелеу-ші банктің қатысуымен белгіленген
әкімшілікке жедел басқаруға беруге,оларды қайта құру және жабу мәселедерін
қарастыруға құқықтары пайда болды. Өзгер- тулер несиені қамтамасыз ету
қағидасына да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені
уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу
жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды
кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады.Несиені
қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы
(ипотека, бағалы кағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және
кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып
табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің
тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуе- келді
төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-
несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды
рөл атқарады.Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында әр
түрлі шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің
экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі
оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-
құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне
байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы тұрғысынан
коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады.
Қаражатын әр тұрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы
бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс
алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділІк деңгейінің маңызы бар.
Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға
несиені қайта бере алады, себебі ақша талап- тарының аталған түрінде екінші
реттегі нарық жоқ, бұған тұрғын үйді кепілдік- ке салу түріндегі несие ғана
жатпайды.Сонымен қатар банк басшысы несиелік қоржын ішінде ақша қаражатын
бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп
компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Ондай
бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар
несиелерге сұраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне
орналастыру әр түрлі зандар мен реттеуші актілерге байланысты.
Қаражаттардың жалпы қоры әдісіне сәйкес орналастырылуына ком-
мерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі,
оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар
және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурс-
тарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын
активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын
анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлес-
терін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде басқа банктердің
қарыздары және қолда бар ақшалары бабына кіретін активтер қарастырылады.
Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де
инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналастыру-
дағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін кассалық емес өтімді
активтерді құру мәселесі. Бұл резервтері жоғары өтімді табысты активтер,
олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі төмен және ең аз пайызды ұстай отырып
қолма-қол ақшаға айнала алады.Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша
қаражат- тарды орналастырудың үшінші кезеңі - несие қоржыны портфелін құру.
Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол
өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс өкелетін қызметінің
ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер
бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрушысы. Несиелік операциялар
банктің өте тәуекелді қьізметі.Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен
топқа бөлінеді: активті - банк қарыз беруші ретінде шыққанда; пассивті
-төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден
және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде
шығады. Несиелік опера-цияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны
ажыратылады: несие және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті
несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де, депозиттік нысан ретінде
де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер мен несиелік
операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан; екіншіден -
басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік
операциялары үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және
банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған
сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз
арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие - банктің қаражатын ұйымдас-
тыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы
түсінік. Қарыз болса -нәтижесінде қарыз шотын алуға болатын, несиелік
қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несйелік
қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды,
сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу
ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардыц арасындағы несиелік қатынас
векселмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялық несие, банкке векселді
кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік
несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен
арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни
алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде
олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін
жүгінеді.Банктегі несиелеу механизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру
әрбір банктің несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан
несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі.
Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қысқа мерзім-
ді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген
қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың
режімі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына
аударылуы мүмкін.Сондай-ақ несиені контекорренттік шот ашу арқылы беруге
болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер
және де кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз
кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын
шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін
контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.
Лимиттер әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокорренттік несие
қарыз алушыға контокорренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем құжаттарын
төлеу негізінде беріледі. Контокорренттік шотты ашудың негізі клиентпен
контокорренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады. Несиені беру
кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе - банк беретін
несиені қамтамасыз ету.
Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің
жоғалту тәуекелі біршама темен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету
қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк
пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік
міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және занды тұлғалардың бағалы
қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу
тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме
нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің
орындалуымен бірге токтатылады, Егер тапсырмада міндеттемені орындау
мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл
соңыңда токтатылады. Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып
табылады.
Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және
несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын
бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін
сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде
клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.
Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және
оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз
алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі
жағдайлар анықталуы тиіс:несиенің мақсаты;берілетін несиенің жалпы
сомасы;несиенің валютасы;несиені өтеу мерзімі;несиені өтеу әдісі;қамтамасыз
ету;сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттеме-
лерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы
карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені
бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес
белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік
несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап
етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттар келесілер:
қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты
көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды
қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген
өтініш;егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте
куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;қарыз алушы атынан несиелік
шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;жасалған несиелік
шарттың түп нұсқасы; клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық
компанияның қорытындысы;егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі
активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы
анықтама;несиенің пайдаланылу мақсатын растайтын құжат;заңды
тұлғаның бизнес-жоспары;несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес
қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын
салық органының анықтамасы; басқа банктерден ашқан банктік шот туралы
мәліметтер. Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен
қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосым- ша құжаттарға
келесілер кіреді:мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шартының
түп-нұсқасы кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және
дәлелдейтін бағалау құжаты;егер несие осы мүлікті алу үшін беріл-
се, онда кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.Несиелік
құжат- тамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттеме-
лерін орындауын қамтамасыз ету жағдайына ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты,
кепіл заты туралы ақпарат және олардың қүнын анықтау әдісі үсынылады.Егер
қарыз алушы несиені құрылыс саласында қолданатын болса, онда құжаттамаға
жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері
немесе жұмыстың орындалуын бекітетін қарыз алушының қабылдау-өткізу актісі
қосылады.Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен немесе
кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша
қүжаттар тігіледі:кепіл және кепілгерлік шарты;кепіл берушінің немесе
кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;
кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан
кепілдеме шартына қол қоюға құзыреті бар тұлғалар өкілеттігін
дәлелдейтін құжатгар;несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің
қаржылық есебі.
Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең - ұсынылған несиеге кеткен қаражат
шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына
бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.Несиені
пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Ақша, банк, несие жүйелері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Ипотекалың несиелеу Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді несие
Темірбанк АҚ − ның 2007, 2008 және 2009 жылдарындағы баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Банк балансын құрылымдық талдау
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау
Пәндер