Педагог – педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде


Педагог - педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде
§1 Педагог - кәсіби қызметінің саласында
Педагогикалық мамандық.
Педагогикалық психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім - «мұғалім психологиясын» қамтиды, мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қатысты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады. А. К. Маркованың айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи қалыптасқан іс - әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек» [130, 15 б. ] .
Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог - бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық - тарихи тәжірибені тасушы. Халықтық қоғамдық - мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 199 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да, ауылдық жерлерде өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады, әсірес Ресейде әйел - мұғалімдердің саны 80% артық,
[203, 10 б. ] . мұның өзі ер адамның ықпалын талап ететін, ұлдарды, жасөспірімдерді тәрбиелеу сипатына әсер етпей қоймайды.
Педагогикалық іс - әрекеттің даралық субьектісі ретінде бола отырып, педагог, сонымен бірге, қоғамдық субьект - қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субьективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді.
Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар, жалпы мәдениеттік және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады.
Педагогикалық мамандық басқа мамандықтар арасында
Е. А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл сан алуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т. б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е. А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар - биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е. А. Климов кәсіби іс - әрекеттердің бес схемасын анықтайды: «Адам - Табиғат», «Адам - Техника», «Адам - белгі», «Адам - Бейне», «Адам - Адам»[88-90] .
Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е. А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым - қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл - күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау, т. б. Осындай мамандық схемасындағы адамға тән: басқару, оқыту, тәрбиелеу ептілігі, «адамдардың түрлі қажеттіліктеріне қызмет етуде пайдалы әрекеттерді іске асыру»; тыңдау және ести білу; кең ой - өріс; тіл (коммуникативтілік) мәдениеті; «ақыл-ойдың жантанушылық бағыты, адамның сезімдерін, ақылын және мінез-құлқын аңғара білу, оған өзінің немесе өткен тәжірибеден таныс ішкі дүниені жапсырмай, дәл оның өзінің ішкі дүниесін ойша елестету, модельдеу ептілігі немесе қабілеті»; «адам әрқашан жақсырақ бола алады деген сенімділікке негізделген, адамға деген жобалаушы қатынас»; уайымдаса білу, байқампаздық; «тұтастай халыққа қызмет ету идеясының дұрыстығына деген терең және оптимистік иланым»; стандартқа сай емес жағдаяттарды шешу; өзін-өзі реттеудің жоғарғы дәрежесі. [90, 176-181 б. ] .
Бұл жерде, «Адам-Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.
«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. «Берілген типтегі кәсібін таңдауға қарсы көрсеткіштер: сөйлеу ақаулары, мәнерсіз сөз, тұйықтық, өз-өзіне беріліп кету, айқын көрінетін дене кемістіктері, өкінішке орай, шектен тыс баяулық, адамға ешбір пиғылсыз, қызығушылық білдірудің болмауы»[90, 181 б. ] . Бұл «Адам-Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері - кәсіби құзырылық және дидактикалық мәдениет. Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда, өзіне назар аударатын жағдай - онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен, «Адам-Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады.
Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е. А. Климов олардың төрт тобын ұйғарды. :
1. Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т. б. )
2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және логикалық әрекеттер жатады.
3. Тұлғааралық қарым - қатынас әрекеттері, оған диогнастикалаушы, әрекет - талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті.
4. Жігерді келісімдеу әрекеті.
Педагог субьект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс - әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез - құлықтық мәдениетінің жан - жақтылығын анықтайды.
Кәсіби іс - әрекет субьект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық ( танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орындаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс - әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез - келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс - әрекет ең алдымен, субьектіде қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал - тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.
Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде - Е. А. Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс - әрекет құралдары мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс - әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.
Педагогтың педагогикалық іс - әрекет субьектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.
Мамандық таңдау
Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е. А. Климов негізі сегіз факторды ұйғарды: 1) үлкендер, отбасы позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т. б. ) ; 4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар: 5) қабілеттер және олардың көрінулері; 6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 7) қандай да бір кәсіби іс - әрекет жайлы ақпаратты болу; 8) бейімділік. Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс - әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекше факторлардың бірі - балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н. В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс - әрекет мазмұнының өзі - балаларды оқыту мүмкіндігі - педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н. В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.
Олар педагогикалық іс - әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.
Н. В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман - дыққа және іс - әрекет процесіне қанағаттану индекісі жалпы жоғары»
Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс - әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекше түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогкалық іс - әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.
§2. Педагогтардың субьектілік қасиеттері
Жалпы педагогикалық ықпал
Ғасырдың басында - ақ П. Ф. Каптеров: «оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарлатады немесе төмендетіп отырады, - деп көрсеткен. ». [83, 595 б. ] . Сонда ол педагогтардың, ұстаздың қандай қасиеттерін негізі деп анықтаған? Ең алдымен, ол «арнайы мұғалімдік қасиеттерді» көрсеткен, оған «мұғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке мұғалімдік талантты» жатқызады.
«Обьективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін - пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстыққа және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті сипаттың екінші қасиеті - оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр». [83, 595 б. ] Екінші педагогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншілікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П. Ф. Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді «өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады», біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама - қарсы жағы болып табылады» деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесінде нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.
«Ақыл - ойлық» қасиеттерге жатқызылған «арнайы» мұғалімдік қасиеттермен қатар, П. Ф. Каптерев мұғалімнің қажетті тұлғалық «адамгершілік - еріктік қасиеттерін» де көрсетіп, оларға бейтараптылықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз оқушыларға), адал ниеттілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, әділетті - лікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде «балалар мен жастық шаққа деген сүіспеншілікті мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс - әрекетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ, балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін» [83, 606 б. ] . Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс - әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В. А. Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бйімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін - өзі жетілдіру, өзін - өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К. Д. Ушинскиий дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқуды тоқтатса, оның үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қандай оқуды тоқтатса, оның бойынан мұғалімдік өледі. Осы маңызды ойды П. Ф. Каптерев, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.
Педагтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсету
Ғасырдың басында, педагогикалық психология дамуының екінші кезеңінде, педагогтың, мұғалімнің тиімді іс - әрекетін қамтамасыз ететін қасиеттерінің, сапаларының дербес проблемасы қалыптаса бастайды. Жоғарыда келтірілген осы қасиеттердің сипаттамасын, П. Ф. Каптерев бойынша, құрылымдық көрсетудегі алғашқы әрекет жасауларының бірі деп санауға болады. Шынымен де, П. Ф. Каптерев объективті және субъективті қасиеттерді, факторларды бөліп, олардың жоғарыдан төмен дамуын (иерархиясын) ұйғарады. Жалпы алғанда, ол келесі түрде көрсетілуі мүмкін:
Мұғалім қасиеттері
Арнайы Тұлғалық
Объективтік Субъективтік (адамгершілік - еріктік
(мұғалімнің (жеке мұғалімдік қасиеттер)
ғылыми талант)
лайындығы)
Қазіргі кезде отандық педагогикалық психологиядағы Н. В. Кузьмина және оның мектебінің, А. К. Маркованың, С. В. Кондратьеваның, В. А. Кан - Каликтің, Л. М. Митина және т. б. зерттеулерінде, педагогикалық іс - әрекет тиімділігін (өнімділігін) анықтаушы педагогтың субъектілік қасиеттері проблемасы арнайы теоретикалық субъекттілік қасиеттерінің жалпы құрылымын елестетуге мүмкіндік береді.
Н. В. Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы - педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік - психологиялық, дифференциалды - психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлар құрылымының үш негізгі құрастырушы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық - педагогикалық) және кәсіби - педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика, әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллекті «ойлау процестерінің өзгешілігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік ретінде» түсінуге негізделеді. [100, 105 б. ] .
А. К. Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктармен көрсетілуі мүмкін:
Объективтік сипаттамалар Субъективтік сипаттамалар
Кәсіби, - Кәсіби Кәсіби, - Тұлғалық
психологиялық, іскерліктер психологиялық ерекшіліктер
педагогикалық позициялар,
білімдер ұстанымдар
Н. В. Кузьмина ұсынған, осы құрылымды педагогтың субъективтік қасиеттер құрылымымен салыстырудан көрініп отырғандай, онда қабілеттер блогы арнайы бөлінбеген және құзырлылық түсінігінің өзі біршама бөлек түсіндіріледі. Мысалға, егер Н. В. Кузьмина тұжырымдамасында құзырлылық педагогикалық кәсіби іс - әрекеттің басқа факторларымен қатар қойылған фактор болса, онда А. К. Маркованың тұжырымдамасында кәсіби құзырлылық тектік түсінік болып табылады. Ол іс - әрекетте көрінетін және оның тиімділігін қамтамасыз ететін барлық факторларды қамтиды. А. К. Маркова бойынша, «педагогикалық іс - әрекет, педагогикалық қарым - қатынас жергілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі (осы жақтар кәсіби құзырлықтың бес блогы құрайды) » кәсіби құзырлы. [129, 8 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz