Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері жайлы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-7

І бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық негіздері . . . 8-17

1. 2. Халық ертегілері негізінде балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық сипаттамасы . . . 18-31

II бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің әдістемесі

2. 1 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны . . . 32-34

2. 2 Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің әдістері . . . 35-37

Қорытынды . . . 38-39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Зерттеу жұмысы Республиканың білім беру жүйесінің мектепке дейінгі мекемелерде балалардың тәрбие мәселесіне, атап айтқанда елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға мақсатталған.

Мектепке дейінгі мекеменің маңызы мен қызметі оның үзіліссіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен баланың қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.

Ұлттық мәдениетке, ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуде халқымыздың өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері жазба мұралары, ауыз әдебиеті негізінде жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды, ауыз әдебиетін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде ұрпағымызды имандылық идеялармен таныстыру қажеттігі арта түсуде. Ауыз әдебиетінің бір саласы ертегілер. Ертегілер негізінен кіші балаларға арналған, әсіресе мектепке дейінгі мекеме балаларын елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мүмкіндігі мол.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев “…қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан ғылыми дүние” [1] деп, атап көрсетуі өте орынды. Өткенді зерттеу тарихи шындықты қалпына келтіріп қайта жаңғырту - қазіргі уақыт талабы.

Себебі, елжандылық идеялары арқылы болашақ ел иелерінің рухани ішкі дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың тұлғалық және сапалық, яғни елжандылық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етуге болады.

Адамзат дамуының философиялық, психологиялық заңдылықтарына сүйенсек, жеке тұлғаның рухани дамуына жазба мұралар, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер және мәдениеттің ықпалы туралы мағлұматтар сонау ерте заманнан бастау алады.

Бүгінгі таңда жастарды бір сөзбен айтқанда болашақ Қазақстан Республикасының иелерін биік адамгершілік, әдептілік, елжандылыққа ерте бастан баулып даярлау ісі бірыңғай педагогикалық мәселенің шеңберінен шығып, халықтық, әлеуметтік сипатқа ие бола бастағаны күмәнсіз. Оның үстіне ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында пайдалануда игі істер атқарып жатқанын айта кету керек.

Педагогикалық технология мектепке дейінгі сатыда баланың эмпирикалық (көрнекі бейнелі және көрнекі әрекетін), ойлау түрлерінің деңгейі жоғары болса, осыны тірек ете отырып қисынды ойлауын дамыту көзделеді.

Ұғымдар жүйесінде ойлаудың барлық түрлері қамтылатындықтан, білім мазмұндағы эмпирикалық және ғылыми ұғымдардың арақатынасын дұрыс анықтап жүйелеу оқушы ойлауының осы заңдылықтарын ескеру арқылы ғана жүзеге асатынын атап көрсеткен жөн.

Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауда дамыта отырып оқытудың осы айтылған үш ұстанымынан басқа мазмұнның интегративті сипатын қамтамасыз ету, бала адамгершілігін, иманжүзділігін, эстетикалық талғамын, экологиялық сауатты өмір сүру мәдениетін қоғам талабына сай ақпаратты қабылдау және оны қолдану негізіндегі ұстанымдарды басшылыққа алады.

Мектепке дейінгі мекемеде дамыта оқыту технологиясын ертегілер негізінде құрастыру ыңғайлы. Ол үшін біз, мектепке дейінгі сатыдағы оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының мынадай құрамы анықтағанды дұрыс деп таптық:

  • дүние туралы (көркем, мифтік, т. б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі) ой-пікірлері;
  • балалардың бойында қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас) ;
  • дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, біліктер, дағдылар.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» білім беру тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі, ал оның негізгі мақсаты жоғарғы деңгейдегі адамгершілік, мәдени даму және қоғам мүшелерінің кәсіби құзырлығы деп атап көрсетілген .

Қазіргі таңда, мектепке дейінгі мекемеде халықтың мәдени, рухани жазба мұрасының, ауыз әдебиетінің бір бөлігі ертегілер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу қажеттігі сұранысқа ие. Бұл мәселе «Тіл дамыту», «Музыка» сабақтары негізінде жүзеге асырылады. Дегенмен шектеулі жоспармен өтілетін бұл сабақтарда халық ауызекі шығармашылығын және оның бір ғана бағыты - ертегіні толығымен меңгертіп шығу мүмкін емес. Яғни, халықтың тұрмыс салты, өмірге көзқарасы мен дүниетанымы, талап-тілектері, наным-сенімі, салт-дәстүрлері, мінез-құлқы, үлгілі өнегесі сияқты білім негіздерін меңгерту қиынға соғады.

Қазіргі кезде мемлекеттің сұранысына сай, баланы оқыту, тәрбиелеу маңызды болып отыр. Ұлттық идеологияны сіңіру, бүгінгі әлеуметтік, саяси, экономика саласында да өзекті. Өйткені қоғамның рухани өзегін ұстап тұру үшін, болашақ ел иелерін рухани -жазба мұралар, ауыз әдебиеті арқылы тәрбиелеу қажетсінуде. Бүгінгі мектепке дейінгі мекеме баласы, тәуелсіз мемлекетіміздің туындысы, бірақ оларға әсер етушілер кешегі идеологияны сіңірген адамдар жиынтығы екенін ұмытпағынымыз жөн.

Соның бір жолы ретінде мектепке дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеу деп көрсетуге болады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының 11 маусым 1999 Білім туралы заңында да белгіленген, біріншіден тұлғаның физикалық, шығармашылық, рухани-имандылық мүмкіндіктерін дамыту . . . екіншіден азаматтық және патриоттық тәрбие беру, яғни өз елін, Отанын сүюге, мемлекеттік рәміздерін, салт-дәстүрін құрметтеуге үйрету, үшіншіден өз міндеттері мен құқықтарын сезіне отырып, қоғамның мәдени, қоғамдық, экономикалық, саяси өміріне қатысу . Педагогикалық үдерістегі оқу-тәрбие барысында адамгершілікке тәрбиелеудің тұжырымды ұсыныстары және оның мақсат, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, құрамдары, формалары айқындалған. Әрине, бұл қоғам сұраныстары мен өзгерістері байланысты түзетіліп, кіріктіріліп отырды. Ал мемлекеттің біз қарастырып отырған тәрбие бағыты кенжелеп келгендіктен, оның толықтай технологиялары айқындалмаған. Сол себептен де, алдыңғы тәжірбиелерге сүйене отырып, елжандылыққа тәрбиелеудің тұжырымдамалары, ұсыныстары, мазмұны, әдіс-тәсілдері, құрамы, формалары баланың жас ерекшелігіне сай құрастырылып, зерттелуі керек.

Ертегі ауыз әдебиетіндегі шығармашылық жанр болып табылады.

Ертегіні оқытып - білу балалардың эстетикалық талғамын, құндылықтарын қалыптастырумен қатар, эмоциялык, сезімін және адами ізгі қасиеттерін жетілдіре отырып, елжандылыққа тәрбиелейді.

Бұл тұрғыдан алғанда халықтың ауызекі шығармашылығының мүмкіндіктерін бала тәрбиесінде пайдалануды тек бүгінгі күннің мәселесі деп қарауға болмайды. Ол қай кезеңдерде болмасын педагогика ғылымының зерттеу объектісінің өзекті мәселесі болған. Оның өнегелі үлгілерін өскелең ұрпақ тәрбиесінде пайдалану қажеттігін кезінде көптеген алыс, жақын шетел педагогтары Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Н. А. Добролюбов, КГ. Белинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко т. б. өзіндік ой-пікірлерін айтып, мәселенің теориясын дамытуға үлес қосқан.

Сонымен қатар "Күлтегін", "Білге қаған", "Тоныкөк" дастандардың имандылық идеяларына қосатын үлесі мол. Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмут Қашқари, Ахмет Иүгнеки, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, т. б. шығармалары және ағартушылар Ш . Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов т. б. еңбектері елжандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болады десек қателеспейміз.

Жазба әдебиеті негізінде жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұнын Қазақстан ғалымдарының ішінде С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, К. Қожахметова, Ж. Наурызбай, Р. Төлеубекова, К. Бөлеев, А. Мухамбаева, Е. Сағындықов, А. Мағауова, Г. Бахтиярова, Б. Мұқанова, т. б. зерттеулерінде әр аспектіде қарастырған.

Сондай-ақ, халықтың ауыз екі шығармашылығын философтар, тарихшылар, этнографтар, өнертанушылардың еңбектерінде де М . 0. Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Мағауин, А. Жұбанов, Б. Қазыханова т. б. көрнекті орын алған.

Жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектеріне жасаған талдау олардың өз зерттеу аймақтарына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес қосқанын көрсетеді. Сондай-ақ, қарастырылып отырған мектепке дейінгі мекемеде қазақ халық ертегілері арқылы елжандылыққа тәрбиелеу мәселесінің арнайы зерттеу көзі болмағанына көз жеткіздік. Мектепке дейінгі мекеменің бағдарламалары мен оқулықтарын зерттеп білу де, оқу-тәрбие үдерісіне жасаған талдау да бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын көрсетеді. Яғни, балалардың ұлттық жазба мұралар, ауызекі шығармалар арқылы имандылық қасиеттерін қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен мәселенің мектептегі қазіргі жағдайы арасында; қазақ халық ертегілерінің тағылымдық мүмкіндіктері мен оларды педагогикалық процесс барысында мектепке дейінгі мекемеде балаларды елжандылыққа тәрбиелеу мақсатты жүйелі түрде пайдаланбау арасында; мектепке дейінгі балалардың халық ертегілерін оқып білуі мен оларды елжандылыққа тәрбиелеудің қажеттігі мен бұл салада арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың болмауы арасында қарама-қайшылық бар екендігін анық байқатады. Осы қарама-қайшылықтың тиімді шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және « Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту» деп тақырып таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны :мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту .

Зерттеу мақсаты: қазақ халық ертегілері арқылы елжандылыққа тәрбиелеуді теориялық тұрғыда негіздеу және тәрбиелік- білім беру үдерісінде қолданудың әдістемесін жасау, елжандылық қасиеттерінің қалыптасуын тәжірибеде тексеріп, нәтижесін көрсету.

Зерттеудің міндеттері:

1. “Елжандылық» ұғымына ғылыми-педагогикалық анықтама беру;

2. Қазақ халық ертегілерінің негізінде мектепке дейінгі балаларды ертегілер арқылы елжандылыққа тәрбиелеуді педагогикалық тұрғыдан негіздеу;

3. Мектепке дейінгі балаларды ертегілер арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің жолдары.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялык,, психологиялык, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; тәрбиешілердің озық тәжірибесін оқып-үйрену, жинақтап қорыту, бакылау, ертеңгіліктер ұйымдастыру.

Зерттеудің базасы: Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының № 31 Абай атындағы мектеп бала бақшасында өткізілді.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:

1. “елжандылық”, «елжандылық қасиеттері»» ұғымдарының өзара байланысы теориялық тұрғыда негізделді;

2. Мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны мен өзіндік ерекшелігі анықталып, механизмі жасалды;

3. Қазақ халық ертегілерінің мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер негізінде елжандылыққа тәрбиелеудегі мүмкіндіктері айқындалды;

4. Қазақ халық ертегілері негізінде мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастырудың моделі жасалды және оны жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды;

5. Мектепке дейінгі балалардың бойында ертегілер негізінде елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға байланысты қажетті ғылыми әдістемелік нұсқаулар жасалып, сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық мәні:

1. Мектепке дейінгі балалардың қазақ халық ертегілеріне қызығушылықтарының артуы барысында, елжандылыққа тәрбиелеудің диагностикалық, деңгейінің әдістемесі;

2. Мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Шамшырақ» тәрбие орталығын құру, бағдарламасын ұсыну;

3. Бала бақша тәрбиешілеріне арналған “Қиял-ғажайып мекеніне саяхат” іс-шаралар жоспары;

4. Тәрбие іс-шараларын өткізуге байланысты әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Ертегілер негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің мазмұны мен елжандылық қасиеттерін қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады: жағымды эмоциялық, көзқарас (ертегіге әуестік) - мазмұнды эмоциялы көзқарас (ертегімен әуестенуі) тұрақты танымдық-қызығушылық (ертегіге) .

2. Қазақ халық ертегілері негізінде мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың педагогикалық шарттары.

3. мектепке дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілеріне қызығушылықтарының артуы барысында, елжандылыққа тәрбиелеудің диагностикалық, деңгейінің әдістемесі.

курстық жұмыстың құрылымы. курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен ғылыми аппараты сипатталды.

«Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері » тақырыбындағы бірінші бөлімде мектепке дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің тарихи жүйесі сипатталып, елжандылық ұғымының мәні ашылды. Сонымен қатар, қазақ ертегілерінің мектепке дейінгі балалардың ерекшеліктеріне сай жіктемелері көрсетіліп, мектепке дейінгі балалардың бойында елжандылық қасиетін қалыптастырудың теориялық негіздері ұсынылды.

«Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің әдістемесі» тақырыбындағы екінші бөлімде мектепке дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа тәрбиелеудің бүгінгі жағдайы мазмұндалды. Сондай-ақ бөлімде мектепке дейінгі балалардың бойында қазақ халық ертегілері негізінде елжандылыққа халық ертегілері негізінде елжандылық қасиеттерінің қалыптасуы тәжірибеде ертеңгіліктер арқылы жүргізілді.

Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі тұжырымдары мен ұсыныстары сипатталды.

І бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің теориялық негіздері.

Балаларды, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеудің тиімді жолы, құралдарының бірі де ертегілер. Ертегілерде белгілі бір халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлық ережелері, бақыт үшін күрестері, өздеріне тән жақсы қасиеттері: еңбек сүйгіштігі, адалдық, өз халқына, Отанға, туып-өскен жеріне, табиғатқа, ата-анасына, туған-туыстарына және т. б. деген сүйіспеншілігі бейнеленіп, әділ шешімі көрсетіледі. Мектеп жасына дейінгі балаларды елжандылыққа тәрбиелеу мәселесін, алдымен берілетін білім мазмұнына тоқтала отырып талдау керек деп ойлаймыз.

Әрине, бір тұжырымдамада дамыта оқыту идеясының барлық аспектілерін ашып, дәлелдеу, нақтылап, талдау мүмкін емес. Бұны білім беру жүйесін жетілдіру шараларына әлеуметтік түрғыдан қарап, халықтың рухани байлығын арттыруға себеп болатын негізгі проблема деп қарастырған дұрыс.

Білім беру ісі қай кезде болсын ұлы ғалымдардың, ойшылдардың, философ, педагог, психологтардың ерекше назарында болған. Мысалға, педагогиканың тарихына үңілсек ХҮІ ғасыр мен ХҮІІ ғасырдың аралығында чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский «Ұлы дидактика», «Әлемді суреттеп бейнелеу», «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары», «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» деген еңбектерінде балаларға жаппай білім берудің мазмұнын, оқытуды ұйымдастырудың ережелері мен қағидаларын, әдістері мен формалары туралы ой- пікірін білдіріп, тұжырымдаған. [1]

Ал, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы К. Д. Ушинский «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» еңбектері негізінде балалар мен тәрбиешілерге арналған оқулықтар шығарып, білім көлемін өзіндік тұрғыдан таңдаған.

Л. Н. Толстой болса, К. Д. Ушинскийдің теориясы мен жүйесін қолдай отырып, бастауыш білім берудің әдістемесін ұсынған. Л. Н. Толстой өзінің «Азбука», «Жаңа азбука» оқулықтары арқылы бастауыш мектеп оқулықтарының қандай болуы керектігіне кеңестер берген.

Қазақ тарихын түңғыш зерттеуші ғалым Ш. Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін: "Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ. ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін - деген екен . Қазақта ең алғаш қазақ батырлары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулык жазған Ы. Алтынсарин болды . Ол көшпенді елдің баласына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ балаларды ерлік рухта, елжандылыққа баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның "Адамзаттың бәрін сүй бауырым - деп" деген сөзі, барша жұршылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады.

Қарап отырсақ, қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпау, оқу білімге уағыздау адамгершілік, адал шыншыл, өз Отанының патриоты болуға үндегенін байқаймыз. Бүл бүгігі Қазақстанның, Ел басымыз Н. Назарбаевтың "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау" деген бағытымен үндесіп жатыр .

Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А. Байтүрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров , Т. Рысқұлов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай т. б. еңбектерінен де кездестіреміз.

А-Байтұрсынов:

- Қазағым елім!

Қайқайып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қамауда жаның,

Аш көзінді оянып . . . - десе, М. Дулатов: - "Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты" - дейді. Ал С. Торайғыров:

Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам? - деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. [2]

Кеңес заманында әскери-патриоттық тәрбиенің маңызы қатаң идеологиялық, саяси бағыттарды ұстанды. Еліміз бен партия бейбіт революциялық идеяны ұстана отырып, барлық елдердегі коммунистік қозғалыстарды қолдап, қуаттап отырды. Жалпы 20-шы жылдардағы ғылыми педагогикалық еңбектердің творчсстволық ізденіс үстінде болғаны байқалады.

Бұл кезеңде белгілі педагогтар А. ВЛуначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, М. И. Калинин, С. Т. Шацский т. б. әскери-патриоттық тәрбиенің мәселесіне, жас ұрпақты өз Отанын қорғау ісіне дайындауға аса көңіл бөлді.

Н. К. Крупскаяның еңбектерінде елжандылыққа тәрбиелеу мәселесі ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және дене тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырылып, совет балалары, совет халқы тек бейбітшілікті жақтайды деген пікірде болған.

А. В. Луначарскидің ой пікірі де осы бағытта болып, ол педагогика ғылымының дамуына, оқушы жастарды советтік патриотизм рухында тәрбиелеуге көп үлес қосты.

М. И. Калинин жас ұрпақты өткен ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу патриотизмге тәрбиелеудің ең негізгі факторларының бірі деп санаған. Ол: "Советтік патриотизм халықтың өткені мен тарихымен байланысты үзбеуі керек. Ол сол халықтың мақтаныштары, ерлік істерімен толықтырылып отыруы қажет" - деген ойлары бүгінгі күні де өз мағынасын жоя қойған жоқ деген ойдамыз. Өйткені тарихты, өткенімізді біліп, соны қадір-қасиет тұтпай тұрып біз ешқандайда Отаншылдык сезім тәрбиелей алмаймыз.

А. С. Макаренконың пайымдауынша жасөспірімдердің бойында патриоттық тәрбие рух пен дінді жойған кезде және тек ұжым арқылы ғана қалыптасады деген. Бірақ бұл ойлардың жаңсақ екені ұлттық рух болмаса, діни наным-сенім болмаса, адамзат бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімнің болуы да күмәнді нәрсе екені қазіргі кезде байқалуда.

Ал, енді осы елжандылық қасиеттерін ертегілер негізінде мектепке дейінгі мекемелерде балалардың бойына сіңіру мәселесіне мән берсек, алдыңғы қатарлы орыс педагогтары барлық уақытта халық ертегілері тәрбие және білім беруде маңызды атқарғанына тоқталып, педагогикалық үдерісте кеңінен қолдану қажетті деп санаған. Мысалы, К. Д. Ушинскийдің орыс халық ертегілерін халықтық педагогикасының алғашқы құнды бөлігі деп сипаттаған. Ол ертегілерге халық педагогикасының ескерткіштерідей келе, өмірде көп нәрселер халық педагогикасымен теңесе алмайды деген. Ертегі көркем әдебиет шығармасы болғанымен, білім салаларының теориялары айқын көрініс береді. Яғни, ертегілер - халық педагогикасының қайнар көзі болып табылады. [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде халық ертегілері негізінде елжандылық сезімдеріне тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегілер арқылы елжандылық сезімдерін дамыту
Естияр топ балаларын елжандылыққа тәрбиелеуде ертегілерді пайдаланудың педагогикалық шарттары
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
4-5 жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану
Мемлекеттік символдар арқылы патриоттық сезімін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Педагогикалық процесте оқушылардың елжандылық сезімдерін қалыптастыру (патриоттық тәрбие)
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік қасиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz