Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы


Жоспар
Кіріспе
І. негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
1. 1 Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы.
1. 2 Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
1. 3 Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
ІІ. негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының шет елдермен қарым-қатынасы.
2. 1 Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
2. 2 Қазақстанның халықаралық ТМД елдерімен байланысының дамуы.
2. 3 Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
ІІІ. Негізгі бөлім. Қытай халық Республикасы мен жасалған келіссөздер
3. 1 Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
3. 2 Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым- қатынастар
3. 3 Қазақстан экономикалық 2030 стратегия
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т. б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н. Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т. б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38, 8 млн. кв. км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында 2. 8 млрд. адам тұрады, яғни жер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте - Ресеймен, шығыста - Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
І. негізгі бөлім. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
1. 1 Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы.
Жас егеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды.
Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды.
Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды .
Президенттік билік институтын еңгізу арқылы республикада ең бір қиын өткелең жағдайда өкімет билігі орнықты ұсталып, қоғамдық-саяси жүйе жедел түрде дамыды. Мысалы, бір ғана 1992 жылдың өзінде мемлекеттің төл күш-құрылымдары-әскери күштер, Республикалық ұлан, ішкі және шекара әскерлері құрылды. 1993 жылдың сәуір айында тарихта тұңғыш рет Қазақстанның Теңіз күштерін құру істері басталды. Осылай жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру ісі қысқа мерзімде аяқталды. Осы жылдары сыртқы істер министрлігі шын мәніндегі сыртқы саясат мекемесіне айналды. Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен барлығы 800-ден астам құжат жасалды.
Тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстанның қоғамдық, мемлекеттік-саяси өмірлік барлық жағынан да күрделі өзгерістерге толы.
Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев 1990 жылғы 24 сәуірде ҚазССР Жоғарғы Советінің сессиясында жасырын дауыс берудің нәтижесінде сайланып, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық сайлау арқылы билікке келген болатын. Бұл Қазақстанда саяси бір жүйеден екінші жүйеге көшудің алғашқы жылдары еді. Қоғам өмірінде, елді басқару саласында президенттік билік комунистік партия және кеңестер билігімен қатар өмір сүруі.
1991 жылғы қыркүйекте Қазақстан Компартиясы мүшелері Социалистік партияға айналу туралы шешім қабылдады да бүкіл қызметінің мән-мағынасын түбегейлі жаңартуға тиісті болды. Социалистік партия мемлекет басындағы билеуші партияның сипатынан айрылып, сол кезеңнен бастап, халық арасында өз күшімен бедел жинауға тиіс болды. Социалистік партия съезінің шешімімен келіспейтіндер өз партияларын құрып, ресми тіркеуден өткізуге мүмкіндік алды.
1992 жылы «Қазақстан Халық Конгресі» партиясы құрылды. 1993 жылдың басында «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы құрылып, бұл кейін партияға айналды. 1994 жылы наурызда Әділет Министрлігі Қазақстан коммунистік партиясын тіркеді. 1995 жылы Қазақстанның демократиялық партиясы дүниеге келді. Саяси партиялар мен қозғалыстардың саны жылдан-жылға көбейе бастады, солардың қатарында 1997 жылы Қазақстан либералдық қозғалысы қосылды.
Ең бір қиын күндерде шын мәніндегі халық өкілеттілігінің, ұлттық демократияның органы ретінде «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» дүниеге келді. Бұндай ерекше маңызды, күшті қоғамдық ұйым ТМД елдерінің ешбірінде жоқ. Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың, ұлттық топтардың азаматтарын саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың жаңаруына жұмылдыратын қоғамдық ынтымақ органы- Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы шешім 1992 жылғы желтоқсанда өткен қазақстан халықтары құрылтайында қабылданды. Ассамблеяға мемлекет басшысының -кеңесші орган дәрежесі берілді. Ол ұлт саясатына байланысты көптеген ұсыныстар енгізумен бірге, халық арасында күнбе-күн нақты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, 1995 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарында Ассамблея квотасы бойынша түскен аз ұлттардың өкілдері оқи бастады.
Егеменді Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңның жобасын талқылауға үш миллионнан астам азаматтар қатысты. Олар 1993 жылғы Конституцияға 30 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертпелер енгізді.
Жас егеменді Қазақстанның Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген респуебликалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратындығы, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен босьандықтары болатынын заңдандырды. Осымен қатар Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде заңдандырылды. Қазақстанда мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып бекітілді. Конституцияның кіріспесінде Қазақстанныың егемендігімен оның болашақ ұлттық өркениетке бағытталған саяси стратегиясы айқын көрсетілген. Онда: « Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттік құрастырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастыққа лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жаупкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз»-деліінген.
Осы Ата Заң қабылданар алдында, 1995 жылдың 29-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін ұзарту туралы референдумда өткізілді. Мұнда қатысушылар тізіміне іліккен 8. 309637-сі немесе 91, 21 пайызы дауыс беріп, олардың 95, 46 пайызы президент өкілеттілігін ұзартуды жақтады. Бұл ақиқат, біріншіден, Конституцияның президенттік басқару нысаны туралы қағидасының заңдылығын, өміршеңдігін көрсетеді. Екіншіден, Қазақстанда қоғамдық-саяси тұрақтылықтың орныққандығын көрсетеді. Үшіншіден, қазақстандықтар Президенттің ішкі, сыртқы саясатын толығынан қолдайтынын танытты.
Жаңа Конституцмяны қабылдау мен Президенттің өкілеттігін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум арқылы демократиялық егеменді мемлекеттіктіңнегізі қаланды. Жаңа президенттік билік түрімен ескі кеңестік жүйе арасындағы үйлеспестік, қайшылық жойылды. « Президент мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға» болды. Президентті сайлау жүйесі нақтылы белгіленді. Оның мемлекеттік міндеттері мен құқықтары, импичмент туралы ереже-бәрі де Негізгі Заңда түйінделеді. Тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұратын Парламент заң шығару қызметін атқаратын, республиканың ең жоғарғы өкілді органына айналды. Заңнын 52-бабы бойынша Парламент депутаттары қандай да болсын аманатты мандатпен байланысты емес болды.
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты - бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.
1. 2 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н. Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н. Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы - Назарбаев Н. Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. “Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық” нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа - заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы - меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы “Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.
1. 3 Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры - президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешед
Республиканың атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдар жүйесін басқаратын Үкімет президент алдында жауап беруге және Республика Парламентінде есеп беруге міндеттелді. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратын жаңа түрде сот билігі заңдастырылды. Осы жүйеде дүниеге келген Конституциялық кеңес мемлекеттік биліктердің арасында дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығын және референдум өткізу туралы, басқа да осы сияқты саяси мәселелерді шешетін болды.
Тәуелсіз Қазақстанның өз елтаңбасы мен туы болды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
1992 жылдың 4 маусымы тарихта және халық санасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының туылған күні болып сақталады.
Жалпы бүгінде кеңінен қолданылатын «герб» термині «ербо» неміс сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол «таңба» (тамға, белгі) деген түсінікті білдіреді. Бұл термин алғаш рет ежелгі Түрік Қағанатында қолданыла бастады (551-630 ж. ж. )
Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы екі атақты сәулетшілер: Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың зор еңбегі, шығармашылық ізденістерінің қорытындысы, бұл жарыста жеңіске жету оңай болған жоқ. бүгінгі елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипатының мәре сайысына қатысқанын еске салуымыз жеткілікті.
Елтаңба дөңгелек нысанды. Дүние жүзінде ең көп жасалған нысан шар нысаны болып саналады. Ал бұл жетілген элементке ең жақын дөңгелек; көшпенділер арасында бағаланады. Дөңгелек елтаңбатану элементі ретінде барлық жерде қолданыс табады, бірақ ол шығыс көшпенділер арасында сыйлы және құрметті. Бұл өмір, мәңгілік нышаны.
Біздің елтаңбамыздың өзіне негізгі идеясы болып алынған орталық элементі болып киіз үйдің күмбез тәріздес- шаңырақ болып табылады. Шаңырақ- отбасылық ырыс-берекесі, бейбітшілік, тыныштық нышаны. Шеберлікпен, тиімді және әдемі салынған киіз үйдің жарқыраған тесігі - түндік, көгілдір түсті, бейбітшілік аспандағы ашық күнді еске салады. Күмбез жерді- уық, біркелкі елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістікке таралған - уық, күн сәулесін- өмір және жылу көзі болып табылады. Авторлар киіз үйдің қозғалатын негізін- керегені бейнелеу мәселесін де шешті. Шаңырақтың крест тәріздес, үштік күлдіреуіші үш жүздің бірлігін білдіреді, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Осындай жолмен, авторлар елтаңбатану тілімен қазақтардың өмірсүйгіштігін көрсетті. Республиканың барлық халықтарын бір шаңырақ астына, біздің жалпы үйіміз- Қазақстанның мықты құрылыман айналуға ұмтылуға шақырады.
Елтаңбаның келесі композициялық құрылымының құрамды бөлігі, жартыай нышанды мүйізді алтын қанатты, фантастикалық шабандоз- тұлпарлар болып табылады. Мемлекеттік нышандағы арғымақтар бейнесінің ертедегі тарихы болса да, қабылданар алдында авторлардың бұл нұсқасы үлкен пікірталас туғызды. Тұлпардың қара көлеңкесі елтаңбатанушылар тілінде терең мағынаны білдіреді. Ол: жауға қарсы арыстанның ержүректігін, сұңқардың көрегендігін, бұқаның кшін мен қуатын, кербұғының жылдамдығы мен шапшаңдығын, түлкінің қулығы мен тапқырлығын білдіреді. Тұлпарлардың алтын қанаты сондай-ақ бидай сабақтары, алтын толағай, яғни еңбек белгісін, береке және материалдық ырысты білдіреді.
Елтаңбаның ортасында бес бұрышты жұлдыз бар. Жобада ол жерде жартыай мен кіші үш жұлдыз орналасқан. Талқылау кезінде сегіз бұрышты, жеті бұрышты, бес бұрышты жұлдыздар нұсқасын ұсынылды. Соңғысына тоқталды. Біздің жүрегіміз және құшағымыз бес континент өкілдеріне ашық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz