«Қайнар құс» акционерлік қоғамындағы негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалау ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ МЕН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. «Қайнар құс» АҚ.ның экономикалық жағдайының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері ... ... ... ... 11

ІІ.БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы ... ... ... ... ... ... .26
2.3. Негізгі құралдарды жөндеу және жалдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.4. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп ... ... ... ... ...46
2.5. Негізгі құралдарды түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

ІІІ.БӨЛІМ. «ҚАЙНАР ҚҰС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Негізгі құралдар аудитінің бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
3.2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізілуін тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
3.3. Негізгі құралдардың тозуын есептеу аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... .70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 78

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта оның дамуын жан-жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын ауыл шаруашылығының өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі, жаңа қоғамға бет бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе, оны басқару мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алды. Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де, қиыншылықтар мен кемшіліктер де болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан-жақты талдау, зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабына айналды.
Көптеген экономист ғалымдарымыз ауыл шаруашылығы нарығының аса күрделі әрі өзгеше жақтары, ал нарық механизмінің өзі ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне байланысты толық жетілмеген және қарама-қайшылықтың көп екенін дәлелдеді.
Қазіргі кезеңде бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан тұста ауыл шаруашылығы субъектілерінде, оның ішінде құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілмеуі бұл саладағы басты мәселелердің бірі болып отыр.
Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде құс шаруашылығындағы есеп пен аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы, оларды жетілдіруді қажет етеді.
Осыған байланысты әрбір мекемедегі, оның ішіндегі ауыл шаруашылығының маңызды саласының бірі болып табылатын құс шаруашылығының бухгалтерлік есебін әрі қарай зерттеу мен жетілдірудің қажеттілігі артып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайын да құс шаруашылығындағы мекеменің негізгі құралдарын есебі мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған болатын:
- «Қайнар құс» АҚ-ның қазіргі ахуалын талдау және оның дамуын зерттеп қорытындылау;
- «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуына талдау жасау;
- «Қайнар құс» АҚ-ның негізгі құралдарына аудит жүргізіп, оны жетілдіру мен негізгі құралдардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың есебі мен аудитінің әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде «Қайнар құс» акционерлік қоғамы алынды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, пәні мен объектісі көрсетілген.
Бірінші ««Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалау ерекшеліктері» бөлімінде «Қайнар құс» АҚ-ның жалпы тарихы, негізгі құралдарының сипаттамасы, қазіргі кезде даму жағдайы мен бухгалтерлік есеп ерекшелігі көрсетілді.
Екінші ««Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыру» бөлімінде «Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдарды есепке алу мәселелері қарастырылады.
Үшінші ««Қайнар құс» АҚ-дағы негізгі құралдарды аудиторлық тексеруден өткізу мәселелерін жетілдіру» бөлімінде негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің бағдарламасы, аудиторлық процедуралар, негізгі құралдар аудитін жетілдіру жолдары қарастырылды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. №2732 1995жылдың 26-желтоқсанында Заң күшін иемденетін, ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп жөнінде» жарлығы.
2. 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.
3. 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін окцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» - Алматы,-1996ж.
4. Бухгалтерлік есеп стандарты. ҚР Ұлттық комиссиясы. -Алматы,1996ж.
5. Методикалық кеңес берулер мен стандарттау және ҚР-ның бухгалтерлік есебі. -1997ж.
6. 14.01.97.ж. өзгерісі және толықтығымен Қаржы министірлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқамасы.
7. 1993ж. 24.08. министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған ҚР-ның ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс-сапарлық қызметі жөнінде нұсқамасы.
8. . Т. Әбдіқалықов «Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж.
9. Ә. Әбдіманов«Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» Алматы 2001ж.
10. . К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау»Алматы «Экономика» 2001ж
11. С.Ж. Жақыпбеков«Тауарлы – материалдық қорлар есебі» Шымкент 1999ж.
12. В.К. Радостовец, Т.Ғ.Ғабдулин «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003ж
13. Г.В. Савицкая «Анализ хозяйственной деятельности предприятия»Минск 2000г
14. И.Т. Балабанов Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта» Москва 1994г
15. В.В. Ковалев«Финансовый анализ» Москва 1995г
16. 7. А. Д. Шеремет, М.И.Баканов«Теория анализа хозяйственной деятельности Москва 1987г
17. А.К. Мишкин«Учет, анализ, аудит на предприятий» Москва 1996г
18. Б.М.Белокилонов «Организация бухгалтерского учета на промышленных предприятиях в условиях рыночной экономики» А: 1992г;
19. В.Р. Захарьин.«Теория бухгалтерского учета» М:2002г;
20. Ф.И. Васькин, К.К.Пугинскас. «Таблично автоматизированные формы бухгалтерского учета» М:1990г;
21. Н.Г. Волков.«Руководство по бухгалтерскому учету на предприятиях» М:1995г;
22. Е.П. Казлова; Н.В. Парашутин. «Бухгалтерский учет в промышленности» М:1989г;
23. Л.М. Крамаровский, В.Ф.Максилеева.«Оценка качества бухгалтерского учета на предприятиях» М:1990г;
24. В.В. Пакков.
25. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» А:2000г;
26. С.Н. Щадилова. «Основы бухгалтерского учета» М:1998г;
27. Н.П. Кондраков. «Бухгалтерский учет» М: 2000г;
28. В.К. Радостовец, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. «Бухгалтерский учет на предприятии» А: 2002г;
29. Р.А. Альборов «Аудит в организациях промышленности, торговли и АПК» М:2000г;
30. К.Ш. Дюсембаев, С.К. Егембердиева, З.К. Дюсембаева. «Аудит и анализ финансовой отчетности» А:1998г;
31. М.С. Ержанов, А.М. Ержанова. «Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов» А: 2003г;
32. П.С. Безруких, Л.И. Власенко, Н.П. Горшков и другие. «Бухгалтерско – аудиторский портфель» М:1994г.
33. А.К. Шишкин, В.А. Микруков, И.Д. Дышкат. «Учет, анализ, аудит на предприятии» М:1996г;
34. . Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. «Финансовый анализ » М: «Приор»,1996г
35. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. «Методика финансового анализа» М: ИНФРАМ, 1995г;

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Көлемі: 82 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1500 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

І-БӨЛІМ. ҚАЙНАР ҚҰС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
МЕН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Қайнар құс АҚ-ның экономикалық жағдайының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері ... ... ... ...
11

ІІ-БӨЛІМ. ҚАЙНАР ҚҰС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және
амортизациясы ... ... ... ... ... .. ...26
2.3. Негізгі құралдарды жөндеу және
жалдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .33
2.4. Негізгі құралдарды есептен шығару. Жиынтық есеп ... ... ... ... ...46
2.5. Негізгі құралдарды
түгендеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

ІІІ-БӨЛІМ. ҚАЙНАР ҚҰС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ
АУДИТОРЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Негізгі құралдар аудитінің
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
3.2. Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізілуін
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 65
3.3. Негізгі құралдардың тозуын есептеу
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... 70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...78

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып кеңінен танылған уақытта оның дамуын жан-
жақты терең зерттеудің маңыздылығы ерекше орын алып отыр. Әсіресе, ел
экономикасының негіздерінің бірі болып табылатын ауыл шаруашылығының
өзгерістерін зерделеуге баса назар аударылуда. Себебі, жаңа қоғамға бет
бұрған өтпелі кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығында, әсіресе, оны басқару
мен ұйымдастыру жүйесінде көптеген қайта құрулар мен өзгерістер орын алды.
Айта кететін жайт, бұл істе жетістіктер де, қиыншылықтар мен кемшіліктер де
болмай қалған жоқ. Міне, осы үрдісті жан-жақты талдау, зерттеу, зерделеу
бүгінгі күннің талабына айналды.

Көптеген экономист ғалымдарымыз ауыл шаруашылығы нарығының аса күрделі
әрі өзгеше жақтары, ал нарық механизмінің өзі ауыл шаруашылығының
ерекшеліктеріне байланысты толық жетілмеген және қарама-қайшылықтың көп
екенін дәлелдеді.
Қазіргі кезеңде бүкіл экономика саласында ірі өзгерістер болып жатқан
тұста ауыл шаруашылығы субъектілерінде, оның ішінде құс шаруашылығымен
айналысатын кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай
жүргізілмеуі бұл саладағы басты мәселелердің бірі болып отыр.
Шын мәнінде, есеп жүргізу тәжірибесінде құс шаруашылығындағы есеп пен
аудитті ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы, оларды жетілдіруді
қажет етеді.
Осыған байланысты әрбір мекемедегі, оның ішіндегі ауыл шаруашылығының
маңызды саласының бірі болып табылатын құс шаруашылығының бухгалтерлік
есебін әрі қарай зерттеу мен жетілдірудің қажеттілігі артып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
нарықтық экономика жағдайын да құс шаруашылығындағы мекеменің негізгі
құралдарын есебі мен аудитін жетілдіру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылған болатын:
- Қайнар құс АҚ-ның қазіргі ахуалын талдау және оның дамуын зерттеп
қорытындылау;
- Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің
ұйымдастырылуына талдау жасау;
- Қайнар құс АҚ-ның негізгі құралдарына аудит жүргізіп, оны жетілдіру
мен негізгі құралдардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні Қайнар құс АҚ-дағы
негізгі құралдардың есебі мен аудитінің әдістемелік және тәжірибелік
сұрақтары болып табылады. Зерттеу объектісі ретінде Қайнар құс
акционерлік қоғамы алынды.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
негізгі бөлімдерден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері,
пәні мен объектісі көрсетілген.
Бірінші Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдардың жіктелуі мен бағалау
ерекшеліктері бөлімінде Қайнар құс АҚ-ның жалпы тарихы, негізгі
құралдарының сипаттамасы, қазіргі кезде даму жағдайы мен бухгалтерлік есеп
ерекшелігі көрсетілді.
Екінші Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін
ұйымдастыру бөлімінде Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдарды есепке алу
мәселелері қарастырылады.
Үшінші Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдарды аудиторлық тексеруден
өткізу мәселелерін жетілдіру бөлімінде негізгі құралдарды аудиторлық
тексерудің бағдарламасы, аудиторлық процедуралар, негізгі құралдар аудитін
жетілдіру жолдары қарастырылды.

І-БӨЛІМ. ҚАЙНАР ҚҰС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
МЕН БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Қайнар құс АҚ-ның экономикалық жағдайының сипаттамасы

“Қайнар құс” АҚ-ы бұрынғы мемлекеттік Бөген құс фабрикасы шаруашылығының
негізінде 1994ж. Наурыз айында Оңтүстік Қазақстан
облысы, Ордабасы ауданы, Қайнар ауылында құрылды.
Кәсіпорынның қызметінің негізгі мақсаты құс өнімдерін өндіру және ҚР
заңына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерімен айналысу. (заңды
тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік №778–1958 АО 4
мамыр 2004 жыл).
“Қайнар құс” АҚ–ы ОҚО–дағы құс өндірісі бойынша ең үлкен жеке фирманың
бірі болып табылады. Өз қызметі барысында компания құс шаруашылығында
өсіру мен өнімді қайта өңдеуде үлкен тәжірибе жинақтады, қазіргі кезде ол
үлкен әлеуетке ие .
Компания меншігінде ауыл шаруашылық өндіріс үшін үнемі пайдалану құқығы
бар 1048,18га жері бар. Бағаланған жалпы құны 23.950 882теңге (№ 577 11-
тамыз 1997жыл) (кесте 1.1.1.).
Құс фабрикасында күнделікті өндіріс қажеттілігі үшін қажетті ғимараттар
мен құрылғылар бар, бірақ осы кәсіпорынның өнімділігін арттыру, өндірістің
өзіндік құнын төмендеумен байланысты жаңа озық технологияларға сай
қосымша негізгі құралдарды қажет етіп отыр.
“Қайнар құс” АҚ–ның басқару барысына келетін болсақ, осы келесі сызбадан
көруімізге болады (Сызба 1.1.1.).

Кесте 1.1.1.
Жер учаскесінің бағалау құнын есептеу
Ауыл шаруашылыққа Көлемі Жер үшін Түзету Бағалау құны
жарамды жерлер га төлем коэффициенті теңге
ставкасы
Суарылатын жер 127 124 400 1,0 157 98800
Суарылмайтын жер 200 23 900 1,0 4780000
Жайылым 688,18 4900 1,0 3372082
Басқа да жер 25 - - -
Барлығы
1040,18 - - 23950882

“ Қайнар құс ” АҚ – ның ұйымдастырылу құрылымы(сызба 1.1.1.)

Бас директор

Маркетинг бойынша Өндіріс бойынша Бас Бас
директор орынбасары директор орынбасары экономист бухгалтер

Экономистер
бухгалтерия
Маркетинг бөлімі

Өндірістік бөлім
Бас инженер

Өткізу жөніндегі
менеджер
Жарнама
жөніндегі
менеджер
Энергетика
бөлімі
Жем
цехы
Нарықты талдау
жөніндегі
менеджер
Жабдықтау
жөніндегі
менеджер
Технология
Механизация
бөлімі
Инкубатор
Құстарды сою
цехы
Бройлер
Ата - ана
Бас зоотехник

Зоотехник және
инкубатор
лаборатория

Тамақ “Қайнар–құс” АҚ-ның штаттық кестесі (Кесте 1.1.2.)

Бір
қызметкерге
шаққандағы
Персонал Адам саны бойынша Жылдық жалақы
айлық жалақы қоры, мың тенге
төлеу
Басқармалық және әкімшілік
персонал 8 21231 2038
Өнеркәсіптік персонал 130 16193 25261
Маркетологтар 4 16430 789
Қызмет көрсетуші 17 18147 3702

Барлығы 159 31790

“Қайнар–құс” АҚ–ның жабдықтаушылары (Кесте 1.1.3.)

Шикізаттармен жабдықтаушылар
Жабдықтаушылар Атаулары
Ордабасы және Отырар аудандарының
заңды жән жеке тұлғалары Жүгері мен бидай
“Петро Қазақстан” АҚ-ы Жанар–жағар майлар
“Руби–Роз Агрикол” ЖШС–гі
“Алматы – Бройлер” ААҚ–ы Инкубациялық жұмыртқалар
“Астана құс” ААҚ–ы
“Түркістан энерго” АҚ–ы Электр энергиясы

Барлық материялдар мен шикізаттар дайындаушы зауыттар немесе олардың
өкілетті дистрибюторларынан тікелей сатылып алынады. Компания бұл
жабдықтаушылар төмендегі себептерге байланыста:
1. Орналасқан жерінің жақынжығы;
2. Серіктестігінің мерзімінің ұзақтығы;
3. Жабдықтаушылардың нарықтағы жоғары бағасы;
4. Төменгі бағалар;
5. Жеткізудің толықтылығы.

Қайнар құс АҚ-ның құс шаруашылығы өнімдерін өндіру кезеңдері
Сызба 1.1.2.

Жұмыртқа

Жұмыртқа инкубациясы (85%) Жұмыртқа өткізу (15%)

Балапандар (70%) Инкубация қалдықтары (30%)

Өсіруге (100%)

Құстарды сою (95%) Қалдықтар (5%) Жемге өңдеу

Суб өнімдері Құс еті Мамық үкі (2,7%) Техникалық қалдықтар

1 категориялы ет (90%) 2 категориялы ет (10%)

Кәсіпорынның басты мақсаты мен міндеті нарықтық экономика жағдайында
компания үшін өзінің нарықтағы жағдайын жақсартып, ары қарай даму
стратегиясын өңдеу маңызды болып табылады. Қазіргі кезде “Қайнар құс”
АҚ–ы компанияның жүйелі дамуына көшіп, өндіріс нарығында өз қызметінің
ауқымы мен әдістерін анықтып, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеп
өткізу қажет.
Сонымен қатар, “Қайнар құс” АҚ–ы келесі бағытта жұмыс жүргізеді:
1. Компания құрылымын, басқаруды жақсарту және жұмыс сапасын жақсарту;
2. Компанияның қаржылық жағдайын және оның жұмыс көрсеткіштерін жақсарту
бойынша жұмыстар.

1.2. Негізгі құралдарды жіктеу мен бағалау ерекшеліктері

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді,
ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл
арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қызмет етеді.
“Қайнар құс” АҚ-ның негізгі құралдары келесідей болып жіктелінеді:
жер; үйлер; ғимараттар; машиналар және құрал-жабдықтар (соның ішінде
автоматты машиналар және құрал-жабдық); машиналар және жабдықтар; өлшеу
және реттеу аспаптары және қоңдырғылар мен лабораториялық жабдықтар;
есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары; құрал-
сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жұмысшы және
өнім беретін мал; көп жылдық екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз)
шыққан күрделі шығын; басқа да негізгі құралдар жатады.
Қайнар құс АҚ-да негізгі құралдардың есебі бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру ережесіне сәйкес ұйымдастырылады. Осы ережеде негізгі құралдың
есебін жүргізудің, субъектіге жататын меншік құқығын, шаруашылық пен
оперативтік басқару жүйесін анықтайды.
Инвентарлық объект күрделі әрі жай болып келеді. Негізгі құралдың
есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оны жіктеу болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге
асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық
шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы
өтеуге арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді.
Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс
табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа
субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып
саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді, жалға алушы 001-ші
„Жалға алынған негізгі құралдар” баланстан тыс шотында есептейді. Жалға алу
мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген
бағамен сатып алуына болады. Олардың 121-ші „Жер”, 122-ші „Үйлер мен
ғимараттар”, 123 „Меншік және құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар”, 124-
ші „Көлік құралдары”, 125-ші „Басқа да негізгі құралдар” шоттарының тиісті
аралық шоттарында есептейді.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей
тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар
болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе
басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-
жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды
жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған
объектілер есептеледі.[12.37]
Заттың құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес
болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге
болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік
еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан
басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер
учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өндеу, жалға алынған негізгі
құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдар пайдалану мақсатына және
атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге (топтарға) бөлінеді: жер;
үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар (соның
ішінде автоматты машиналар және құрал-жабдық); күш беретін машиналар және
жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары
және қондығылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа
машиналар мен құрал-жабдық; көлік құралдары, құрал-сайман; өндірістік мүлік
және жабдықтар; шаруашылық мүлкі; жүмысшы және өнім беретін мал; көп жылдық
екпе ағаштар; жерді жақсартуға (ғимараттарсыз) шыққан күрделі шығын; басқа
да негізгі құралдар.
Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсысының құрамына енетіндер:
жер - субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек. Ондай
актісі берілген болса, онда ондай жер учаскілері мүліктік объекті болып
саналады;
үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құндылықтарды сақтауға арналған
әлеуметті-құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объект болып
табылады;
ғимараттар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір
қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір,
автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект
болып табылады;
өткізгіш тетіктер (қондырғылар) – электр, жылу немесе механикалық
энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар,
құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу
қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына
дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор
жайына дейін мүліктік объекті бола алады;
машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар және жабдықтар;
жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және
қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа
мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды,
соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда,
мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан
тұрады;
күш беретін машиналар және жабдықтар – жылу және электр энергиясын
өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни
қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен
өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштей жану
двигательдері, электрлік двигательдер);
жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде
еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар,
аппараттар және құрал-жабдық (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш
кесетін аралар);
өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық
жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен
қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланылатын приборлар мен
аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);
есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға
арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьтерлер, басқарушы және
басқа есептеу машиналары);
басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа
құрал-жабдық (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт
сөндіргіш машиналар);
көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс
құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін
көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын
қоса алғанда мүліктік объект болып табылады;
құрал-сайман – қол еңбегінің механикаландырылған немесе
механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өндеу
үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек
құралдары). Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана
мүліктік объект болып табылады;
өндірістік мүлік және соған жататын заттар - өндірістік операцияларды
орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті
қорғауға көмектесетін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды
сақтауға арналған сыйымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.
Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар
заттарда мүліктік объекті бола алады;
шаруашылық мүлік – кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары
(орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект – мүліктік
объекті бола алады;
жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал – ат, өгіз, түйе және
басқа жұмысқа пайдаланылатын малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара
мал; асыл тұқымды айғылар мен биелер, буралар мен інгерлер; бұғылар,
маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар.
Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады;
көп жылдық өсімдіктер – қолдан егілген, көп жылдық өсімдіктер (жеміс
және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көп жылдық түрлері, роза
плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер).
Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бере бастаған)
өсімдіктерден бөлек есепке алынады;
жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл
шаруашылық мақсатта пайдалану үшін ауыл шаруашылығында пайдалану үшін жер
қыртысын жақсартудың шараларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар
(жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын
тастардан тазарту);
басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құрал-жабдықтардың бағалаудың бастапқы,
ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға
кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен
алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомбильдерді сатып алу кезінде төленген,
баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға
қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны мынадай жолмен анықталады:
Жер учаскілері бойынша меншік немесе тұрақты пайдалану құқығы – актіде
көрсетілген сатып алу құны, қозғалмайтын мүліктер бойынша агенттерге
берілетін сыйақы, сатып алу-сату келісімін рәсімдеу бойынша көрсетілген
қызметтердің төлемі, жерді мақсатты пайдалануға дайындау бойынша (ескі
үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды сатудан
түсетін табыстың шегерілімінен басқа) жұмсалатын шығыстар;
Құрастыруды және орналастыруды қажет ететін немесе қажет етпейтін
сатып алынған машиналар мен құрал-жабдықтар бойынша – сатып алу құны,
тасымалдау, сонын ішінде тасымалдау кезіндегі құрастыру, машиналар мен
құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын, т.б. тексеру мақсатымен
өткізілетін санықтарға жұмсалатын шығындар. Машиналар мен құрал-жабдықтарды
құрастыру кезінде олардың бұзылғандарына кеткен ағымдағы шығыстарын қоса
есептегендегі жөндеу құны. Егер негізгі құралдар несие арқылы сатып
алынған болса, онда төленген проценттер ағымдағы шығыстар болып табылады да
объектінің бастапқы құнына қосылады,
Үйлер мен ғимараттарды шаруашылық әдіспен салу кезінде: құрылыс
материалдары, құрал-жабдықтар, құрылыс машиналары мен механизмдерінің
жұмысы, жұмысшылардың еңбек ақысы, үстеме шығысының тиесілі үлесі,
сәулетшілер, заңгерлер көрсеткен қызметінің төлемі, құрылысты салу
кезеңіндегі бойынша проценттер, құрылыс салу үшін рұқсат алуға жұмсалатын
шығыстар, жобалық-сметалық құжаттардың құны, т.б. – құрылыс бойынша
жұмсалған шығыстардың барлығы да бастапқы құнға қосылады;
Жерді, үйлерді немесе ғимараттарды біртұтас мүлік ретінде иеленген
кезде өз орнымен пайдалану мақсатымен кіріске енгізу барысында бұл
объектілердің бастапқы құнын шектеулі әрі олар тозады. Ал жерді
пайдаланудың мерзімі шектелмеген, сондықтан олар амортизацияланбайды. Егер
пайдалануға тек жер ғана арналған болса, үйлер мен ғимараттар, жеміс
ағаштары т.б. бұзуға (түбірімен жұлып алуға) жатады, демек кұнға шектеулер
қолданылмайды, ал жер сатып алынған объектіге жатады. Тоғызы жеткен үйлерді
бұзуға байланысты жұмсалған шығыстан, объектіні бөлшектеу барысында алынған
құндылықтарды сатқаннан түскен табысты шегергеннен соң, жердің бастапқы
құны есептелінеді;
Мердігерлік әдіспен тұрғызылған үйлер мен ғимараттар бойынша –
объектіні тұрғызу бойынша жүргізілген жұмыстардың келісілген құнына құрал-
жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығыстар қосылады, егер де оның құны
тапсырыс беруші тарапынан төленген болса;
Құрылтайшылардың жарғылық капиталына салынған негізгі құралдар -
өздерінің келісілген бағасы бойынша;
Субъектінің өзі дайындаған немесе төлем арқылы сатып алынған негізгі
құралдар бойынша – сатып алуға жұмсалған шығындардың нақты сомасы бойынша,
жеткізу және сатып алынған объектілердің (алушының құрал-жабдықтарды
орналастыруға кеткен шығындарын қоса есептегенде) тозу сомасын қоса
есептелген басқа да сатып алуға байланысты жұмсалған шығыстар;
Тегін алынған негізгі құралдардың объектілері бойынша – құжаттарда
көрсетілген құны алынады (құрал-жабдықтарды жеткізіп беру, орналастыруға
кеткен шығындарын қоса есептегенде);
Айырбас операциясы нәтижесінде алынған объектілердің – бастапқы құны
негізгі құралдардың алынған ағымдағы құны бойынша анықталады, ал ол негізгі
құралдардың берілген ағымдағы құнына түзетулердің көмегімен алынған
(берілген) ақша қаражаттарының сомасына тең болады. Айырбастауға бір
мақсатқа пайдаланылатын объектілер де әртүрлі мақсатқа арналған объектілер
де жатады. Мысалы, бір-біріне ұқсас негізгі құралдар: тракторды жүк
автомобиліне айырбастау кезінде алынған объект сатылған объектінің құны
бойынша бағаланады, бірақ ол кезде тауардай немесе ақшалай салынған
(түскен) сомасы ескеріледі;
Жас өсімдіктер бойынша - өсімдіктерді еккен сәттен пайдалануға
бергенге дейінгі егу, күтіп-баптау, көбейту, тазартуға кеткен (алынған
өнімнің пайдалану немесе сату құнын алып тастағаннан кейінгі) нақты
шығындар;
Толық төленген және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар
бойынша – олардың ұзақ мерзімге жалға алу шартында көрсетілген құны;
Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығындар бойынша – жүргізілген
жұмыс бойынша шыққан нақты шығындар.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған
күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы,
объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса,
онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі қысқартылуы немесе
ұзартылуы мүмкін.
Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде
көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып ,тастағандығы негізгі
құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату (өткізу) құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәлімеге келуге
дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өзара
айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің,
металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған
жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:
- пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары
пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;
- нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға
сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.[12. 56]
Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдардың есебі 12-ші „Негізгі
құралдар” бөлімшесінің мынадай мүліктік активтік шоттарында жүргізіледі:
121-ші „Жер”, 122-ші „Ғимараттар мен құрылғылар”, 123-ші „Машиналар мен
жабдықтар, өткізгіш тетіктер”, 124-ші „Көлік құралдары”, 125-ші „Басқа да
негізгі құралдар”.
Сонымен бірге, 126-шы „Аяқталмаған құрылыс” шотында аяқталмаған
күрделі салымдар, көпжылдық өсімдіктерді өсіруге кеткен шығындар, жас
малдарды өсіруге және бордақылауға кеткен шығындар есептеленеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін: олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің
тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін;
негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және
олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың
басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.

ІІ-БӨЛІМ. ҚАЙНАР ҚҰС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі

Қайнар құс АҚ-дағы негізгі құралдар негізінен өндірістік
ғимараттарды және үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар,
көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан;
малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық
өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз
(тегін) алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ
мерзімге жалға алудан (келісімді құнын толық төлегеннен кейін); жарғылық
қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі
құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі
негізгі құралдар құрамына жекелеген объектілерді еңгізу үшін;
қолданылып жүрген заңға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен
рәсімделуге тиіс жағдайларда басқасы, оларды пайдалануға берілуін рәсімдеу
үшін; негізгі құрал-жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден)
екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін; негізгі құралдарды қоймадан
(қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, сондай-ақ басқа да
субъектілерге берілген кезінде (жарғылық капиталға қосқан үлестерді,
сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін
қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде Қайнар құс АҚ-ның
жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген
объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін
қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның,
жабдықтардың және т.б. объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл
объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде
қабылданған болса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге
қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе соған өкілетті адамдар
бекітеді.
Алыс-беріс (орын ауыстыру) актісінде міндетті реквизиттермен қоса,
комиссия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету
мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол
негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да
көрсеткінтерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны
қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01-ден 2,0%-ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана
негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі –
есеп-айырысу төлем құжаттарына тіркеледі), үшінші дана негізгі құралдарды
қабылдаушы адамға беріледі. Негізгі құралдардың алыс-беріс (орнын ауыстыру)
актісі келесі бетте келтіріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттармен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп,
мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп,
мүлікті Мүліктік тізімге алынады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы
жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар
корреспонденциясы жасалынады.
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері,
техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады.
Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің
қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы
мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру)
кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі
құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде „Негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру (орнын ауыстыру) актісі”, ескіру және тозу
салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға „Негізгі құралдар
объектілерін есептен шығару актісі” негіз бола алады. Құрылысы салынып
біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы
жазбаларды карточкаға жазу үшін „Жөнделген, қайта құрылған және жаңаланған
объектілерді қабылдау-тапсыру актілері” негізінде жазылады.
„Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы” бөлімінде негізгі объектінің тек
негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ объектінің техникалық
құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым
маңызды екі-үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы
қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі
құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге
жеке бермей-ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына
тұтастай береді.
Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері
айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі
мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі
құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша данада
жасалады.
Тіркеу кезінде карточкаларды нөмірлейді, содан кейін негізгі
құралдарды жіктік топтары бойынша сақтайды, ал бұл топтар ішінде – колдану
орындары мен материалдық жауапты адамдар және негізгі құралдар түрлері
бойынша көрсетіледі. Картотека, әдетте мынадай бөлімдерден тұрады:
„Қолданыстағы негізгі құралдар” („Үйлер”, „Ғимараттар”, „Өткізгіш тетіктер”
және басқа жіктік топтары бойынша), сондай-ақ, „Ағымдағы айда келіп
түскені”, „Ағымдағы айда шығып кеткені”, „Ішкі орын ауыстырғандағы”,
„Жөндеудегі”, „Қордағы”, „Тоқтап тұрғаны (консервациядағы)”, „Жалға
берілген негізгі құралдар”, „Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі
құралдар”, „Жалға алынған негізгі құралдар”, „Архив”.
Ай ішінде „Түскендері”, „Есептен шыққандары” және „Ішкі орын
ауыстырғандары” бөлімдерінің карточкалары 12 - „Негізгі құралдар”
бөлімшесінің шоттарында есептелген айналымдармен салыстырғаннан кейін,
картотеканың тиісті бөлімдеріне орналастырылады. Негізгі құралдар жөндеуден
немесе жалға алушылардан оралғаннан кейін, тоқтап тұруы біткеннен кейін,
қордан қолданысқа өткізілгеннен, т.с.с. кейін бұл объектілердің
карточкалары картотеканың тиісті бөлімдеріне салынады. Шығып кеткен негізгі
құралдар бойынша картотекаларды „Архив” бөлімшесіне орналастырады.
Картотеканың дұрыс жүргізілуі негізгі құралдардың жағдайы мен қозғалысының
дұрыс есептелуіне және тиісті бақылау жасалуына септігін тигізеді. Карточка
төменде келтірілген.
Субъектінің материалдық жауапты адамын бекітілген негізгі құралдардың
барлығы бөлімдер (цехтар) бойынша негізгі құралдардың мүліктік
тізімдемелеріне енгізіледі. Тізімдер материалдық жауапты адамдарда
сақталады және жедел мақсаттар үшін қолданылады. Негізгі құралдардың құны
туралы тізімдердегі және мүліктік карточкалардағы мәліметтер сәйкес келуі
керек. Пайдалану (қолданылатын) орны бойынша негізгі құралдардың есебі
мүліктік карточкалардың бухгалтериядан жазылып (көшіріліп) алынған екінші
данасы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерияның карточкаларындағы мәліметтер
негізгі құралдар қолданылатын жердегі мәліметтермен бірдей болулары керек.

„Қайнар-құс” АҚ-дағы негізгі құралдардың қозғалысы бойынша шаруашылық
операциялар
Кесте 2.1.1.
№ Шаруашылық операциялардың Шоттар корреспонденциясы
мазмұны
дебет кредит
1 2 3 4
1 Негізгі құралдарды кәсіпорынның
ішінде өз орнын ауыстыру 121-125 121-125
2 Негізі құралдар басқа заңды
және жеке тұлғалардан алынды:
-келісім-шарттың құнына; 122-125 671
-ҚҚС сомасына 331 671
3 Құрылтайшылардың кәсіпорынның
жарғылық капиталына салған 121-125 511
салымдарына негізгі құралдар
кіріске алынды
4 Тегін алынған негізгі құралдар
кіріске алынды:
-баланстық құнына 122-125 727
-берілген күнге дейінгі
есептелген тозу сомасына 122-125 131-134
5 Түгендеу барысында есепке
алынбаған негізгі құралдар
анықталды:
-негізгі құралдардың эксперттік
жолмен анықтаған қалдық құнына;
-негізгі құралдардың эксперттік122-125 727
жолмен анықталған, бірақ есепке
алынбаған тозу сомасына

122-125 131-134

2.2. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы

Қайнар құс АҚ-да негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен,
жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат қүшінің әсер етуімен пайдалану
процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық
(моральдық) және (заман талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдаланұға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың
ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы
негізгі құралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай
болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа,
неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардаң жаңа немесе
жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сорттарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі
құралдарды бұдан әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі құралдардың сапалық (моральдық)тозуын мынадай факторлар арқылы
анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру - жаңа технология қолданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз
болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өндеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді)
түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-
жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай
және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет
және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа
барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның „өтеу” деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін
білдіреді.
№6-шы „Негізгі құралдардың есебі” бухгалтерлік есеп стантартына (БЕС)
сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен мерзім бойына амортизацияланған
құнды тарату процесі.
Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма.
Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.
„Қайнар құс” АҚ-да жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар
бойынша амортизация есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша – шыққан айдан
кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар бойынша амортизацияны
есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай
ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді.
Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді жалға
беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші немесе жалға алушы
жасайды.
Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар бойынша амортизация
есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана қоры, мұражай
құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын
автомобиль жолдары.
„Қайнар құс” АҚ-дағы негізгі құралдардың тозуын есептеу үшін 13
„Негізгі құралдар тозуы” бөлімшесінің мынадай синтетикалық шоттары: 131
„Үйлер мен ғимараттардың тозуы”, 132 „Машиналар мен жабдықтардың, өткізгіш
тетіктердің тозуы”, 133 „Көлік құралдарының тозуы” 134 „Басқа негізгі
құралдардың тозуы” пайдаланылады. Жоғарыда көрсетілген шоттардың
әрқайсысына мынадай аралық шоттар ашылуы мүмкін: 1 „Меншікті негізгі
құралдардың тозуы” және 2 „Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың
тозуы”.
12-ші бөлімшенің шоттарында (122-125 шоттар) есептелген негізгі
құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизацияны есептеген кезде
шоттардың келесі корреспонденциясы жасалынады, ол төменде келтіріледі.
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизациялық
аударымдарды жалға алушы жасайды. Амортизация сомасы өндіріс шығындарының
есебін жүргізуші 126, 935, 946, 821 шоттардың дбетінде және 13-ші
бөлімшенің 131, 132, 133, 134 шоттарының 2-ші „ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозуы” деп аталатын аралық шотының кредитінде көрініс
табады.
Сатып алу құнын төлегеннен кейін ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі
құралдар жалға алушының меншігіне айналады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 13-ші бөлімшенің 2-ші „Ұзақ
мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы” деген аралық шотының
дебеті бойынша және 13-ші бөлімшенің 1-ші аралық шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъктінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес
тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша
жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-пар)
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен
шығару.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша амортизацияны есептеудің әрқилы
әдістері пайдаланады. Бұл кезде негізгі құралдың бір түрі бойынша бір ғана
тәсілі пайдаланады.
Таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі субъектінің есептік
саясатымен анықталуы тиіс және ол бір есептік жылдан екінші бір есептік
жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны есптеу әдісі өзгермейтін болса,
онда оның себебін ашу керек.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі
ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс
негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.
Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
- қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бұл кезде пайдалануға берілген
объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да
байланысты болып келеді (жөндеу мәселесіне және техникалық жағдайы,
ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
- Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының белгіленген
амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші
субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық заңдылығының нормасынан
аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны – 100000
теңге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10000 теңгеге
тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы
амортизациялаушы құнның 20%-ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге
сәйкес 18000 теңге болады.
Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша
есептеленеді.

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады
(18000:12).
Төменгі негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу
сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралды пайдалану барысында бірқалыпты табыс алынатын болып
топшыланса ғана, бірқалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол объектіеің
пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды
түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсілі) негізгі құралдардың тозуы
(амортизациясы) тек олардың пайдалану нәтижесі болып табылады және оны
есептеу процесінде уақыт кесіндісі ешқандай роль атқармайды. Жоғарыда сөз
болған автокөлік белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындады делік, ал
оның жүретін жолы 900000 километрге есептелген. Одна әрбір километрге
есептелінетін амортизациялық шығындар сомасы төмендегідей жолмен
анықталады.

Егер пайдаланудың бірінші жылында автокөлік 200000 шақырым (км) жол
жүрсе, екінші жылы – 300000 шақырым жол жүрсе, үшінші жылы – 100000
шақырым, төртінші жылы – 200000 шақырым және бесінші жылы – 100000 шақырым
жол жүреді деп шамаланса – амортизация жарнасын есептеу төмендегідей жолмен
есептелінеді.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) өндірістік тәсіл бойынша
есептеу үшін жылдық амортизация сомасы мен орындалған жұмыстың өндіріс
процесінде тікелей пайдалануымен байланысты болады. Жинақталған тозу сомасы
жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне немесе пайдалануға тікелей
байланысты өсіп отырады, ал қалдық құн жойылу құнына жеткенде орындалған
жұмыстың бір өлшем бірлігіне тікелей пропорционалды түрде азайып отырады.
Өндірістік әдіс бойынша амортизацияны есептеу тау-кен өнеркәсібінде ең
қолайлы әдіс болып саналады. Аталған өндірісте амортизацияны есептеу тонна
мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл әдіс негізгі құралдарды пайдалану
мерзімі ішінде объектінің қайтарымы барынша дұрыс есептелінсе ғана
пайдаланады.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері. Бұл әдіс
өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері
бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің
өзіндік құнын негізсіз құрт өсіреді, сондықтан оны іс жүзінде пайдаланудың
өзі екіталай. Дегенмен де, теоретиктер, оның екі түрін ұсынады:
а) Кумулятивтік әдісі
б) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсі, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы
есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу
арқылы анықталады. Мысалы, автокөліктің болжамды қызмет ету мерзімі 5 жыл.
Бірінші жылы объектінің бастапқы құнының 5:15 бөлігіне амортизация
есептелінеді. Екінші жылы 4:15 бөлігіне, үшінші жылы 3:15, төртінші жылы
2:15, бесінші жылы 1:15 бөлігіне.
Жыл сайынғы амортизациялау нормасы: бөлімінде жылдар санының
қосындысы, ал алымында: бірінші жыл үшін – 5, екінші жыл үшін – 4, үшінші
жыл ұшін – 3, төртінші жыл үшін – 2, бесінші жыл үшін – 1 болатын бөлшек
саны болып табылады. Әрбір бөлшек санды амортизацияланушы құнға (90000
теңге) көбейту арқылы жыл сайыеғы амортизациялық соманы анықтайды.
Төменде негізгі құралдардың тозуын (амортизациясын) кумулятивтік әдісі
бойынша есептеу жолы көрсетілген.
Негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) кумулятивтік әдіс бойынша
есептеу
Кестенің мәліметтерінен кумулятивтік әдіс бойыншы есептелген
амортизация сомасы объектіні пайдаланудың бірінші жылында ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдардың жіктелуі
Негізгі құралдардың жіктелуі және бағалануы
Негізгі құралдардың мәні жіне жіктелуі
Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктелуі
Инвестицияның қайнар көздерінің жіктелуі
Рахат Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Негізгі құралдардың шығысының есебі
Негізгі құралдардың есебі мен аудиті
Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебi
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь