Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы Ж.А. Қараев технологиясының маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Түйінді сөздер: ақпараттандыру, ақпараттық технология. Ақпараттық құзыреттілік, Ж. А. Қараев «Үш өлшемді жүйелі оқыту»

Оқушының ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы Ж. А. Қараев технологиясының маңызы

Біз жаңа мыңжылдыққа, ақпараттандыру ғасырына аяқ бастық. Бұл - алдыңғы қатарлы елдер қатарында табиғи байлығы мен шығарған өнімі мол елдер емес, ғылымға негізделген техникасы дамыған, жастары білімді елдер тұратынын білдіреді. Ќазіргі кезде ең бағалы тауар - ақпарат болып саналады. Сондықтан қай елдің тұрғындары ақпарат алуға кең мүмкіндік алса, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияны пайдаланып терең білім алса сол ел алдыңғы қатарлы болып саналмақ.

Елдің болашағы осы мүмкіндікті қалай пайдаланып, қоғамды ақпаттандыруды қалай жүзеге асыруда болмақ. Оның жолдарының бірі білім алуды ақпараттандыру болып саналады.

Алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білуі керек. Бұл тұрғыда мектепте компьютерлік технологияны кеңінен пайдаланудың маңызы ерекше.

Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Бұл ақпараттарды білімге айналдырудың көптеген педагогикалық технологиялары да жетерлік. Соның ішінде компьютерлік технологияны қоладнудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр.

Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс істеуді игеруімен тығыз байланысты.

Егер оқыту процесінде компьютер қолданылса, ол өзінің диалогты жұмыс істеуімен оқушыны белсенді жұмыс істеуге итермелейді және жұмыс нәтижесін бақылай алады

Компьютерлік оқыту бағдарламалары жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаларда оқушы деңгейіне байланысты теориялық материалдар, сұрақтар мен есептер, сонымен қатар бағыт беруші мағлұматтар мен анықтамалар беріліп, оқушының толыққанды білім алуы мен білім мен біліктілік деңгейін көтеруді жоғары дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушының ой - өрісін дамыту мақсатында деңгейі қиындатылған материалдар мен логикалық есептер, оқушының шығармашылығы мен интуициясын есепке алатын творчестволық тапсырмалар оқытуды онан әрі қызықты да мазмұнды ете түседі. Компьютердің осы мүмкіндіктерін оқыту процесінде пайдалану дара тұлғаны қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

Ақпараттық технологияның ерекшеліктерін атай келе, осы технологияны меңгерудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ақпараттық технологияны дұрыс және ұтымды пайдалана білуі басты мәселе болып саналады. Ақпараттық технология қана білім мен тәрбие беру процесіндегі мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

Дұрыс және тиімді пайдаланылмаған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдыларының дамуына, денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, ең алдымен ақпараттық технологияны пайдаланып сабақ беруші мұғалім ақпараттық технологияны меңгеру деңгейі жоғары, оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес санитарлық - гигиеналық нормаларды білуі тиіс. Ешбір ақпараттық технология, компьютер, т. б. құралдар мұғалімнің ролін атқара алмайды.

Ақпараттық құзыреттілік

  • Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
  • Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;
  • Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
  • Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

  • Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
  • Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
  • Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.

2) Алғашқы ақпаратты алу:

  • Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
  • Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;
  • Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.

3) Ақпаратты екінші қайтара алу:

  • Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:

Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді

5) Ақпараттарды өңдеу:

  • Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
  • Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;
  • Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

Оқушылардың ой-өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім сапасының мейлінше өсуіне оқушылардың қаблетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор.

Мен өз тәжірибем арқылы сынып оқушыларының білім дәрежесіне қарай оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне көзім жетіп келеді.

Саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір деңгейдегі бала білуге құмарта түседі, 1-деңгейдегі 2-деңгейге, 2-деңгейден 3-деңгейге өтуге талпыныс жасайды.

Менің өзекті тақырыбым - «Оқушы және мұғалім субъектісін қалыптастырудағы ақпараттық технологияның мүмкіндіктері » болғандықтан, сынып оқушыларын бақылау жасай отырып, профессор Ж. А. Қараев «Үш өлшемді жүйелі оқыту» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушыны тәрбиелеу.

Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді.

Технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық, қызметін дамытуға бағытталған. Осыған сәйкес мен 7 а, б, в сыныбында информатика пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар беріп, оқушыларды қалыптастыра бастадым. Деңгейлік тапсырмалар 1, 2, 3, 4 деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырмалар - мемлекеттік стандарт деңгей, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3-деңгейлер бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал 4-деңгейде шағармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Бағалау балдық жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған оқушы - 5 балл, 2-деңгейге - 10 балл, 3-деңгейге - 15 балл, 4-деңгейге - 20 балл.

Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Ол үшін сабақтың соңынды жиналған ұпайларына сәйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне, белгілеуі тиіс. Және осы ұпайға сәйкес бағаны сынып журналына қойып отыру керек. Бұл жағдайда әр оқушы әр тақырып бойынша бағаланады. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеуі үшін үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына және оқу сапасын көтеруіне мүмкіндік туады.

Бұл технологиямен жұмыс істегеніме көп бола қойған жоқ. Осы жылдың ішінде мол тәжірибе жинай алдым деп айта алмаймын. Бірақ мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. Сонымен бірге сынып оқушыларының арасынан білім деңгейлерін анықтап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізді.

Шығармашылық қабілет әр баланың қабілетінде болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету, қабілеттің дамуына түрткі бола білу.

Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін:

- математика сабағында оқушылардың ой еңбегі мен қабілетін
арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу;

  • берілетін тапсырмалардың тәсілдерін біліп, оны ұғыну;
  • қосымша әдебиеттер оқып, білімді деңгейін толықтыру;
  • оқушылардың қызығуын арттыру мақсатында ойынэлементтерін пайдалану.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, модулдік технологиясы арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеу
Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Оқу материалының логикалық құрылымы
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz