Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру



Кіріспе
І.тарау. Антигитлерлік коалицияның құрылуы
1.1 Тегеран конференциясында қаралған мәселелер
1.2 Германияға қарсы екінші майданның ашылуы
1.3 Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
1.4 Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері
1.5 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ дүниежүзілік соғыс қорытындылары

Қорытынды

Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі:

II.тараудың мазмұны


Кіріспе2
2.тарау. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық ахуал4
2.1 Антигитлерлік коалицияның құрылуы және қайшылықтары4
2.2 Ұлы державалар басшыларының конференциясындағы мақсаттары8
2.3 Антигитлерлік коалицияның екінші рет құрылуы және оның Тегеран конференциясында күшеюі11
2.4 Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары20
2.5 Ялта конференциясындағы поляк мәселесі туралы келісім20
2.6 Потсдам конференциясындағы Польша мәселесінің шешілуі23

Қорытынды27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі29
Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан, түсінік–пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі күнбе–күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси-құқықтық жағынан саралай білудің зор маңызы бар десек, ХХ ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран – Ялта – Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
Курстық жұмыстағы басты мақсатым: ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ.
Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым:
• Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы коалициялық одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі – одақтастардың гитлерлік Германияға қарсы ортақ мүдделестігін айқындау;
• Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын , мән – маңызын анықтау;
• Ялтадағы конференцияда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік мәселесінің қойылуын саралап беру;
• Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
• Потсдам конференцияда ІІ Дүниежүзілік соғысты қорытындылау. Репарация және екіге бөлінген Германия;
• Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.
1 Деректер:

1. Тегеран-Ялта-Потсдам. (Сб док- в) Изд-во:”Международные отношения”. 1967
2. Тегеран-Ялта-Потсдам. Сб док- в. //Сост. Ш.П.Санакоев, Б.П.Цыбулевский А. Дәуір
3. Тегеранская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. М. 1984.
4. Крымская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. Сб док-в. М, 1978
5. Потсдамская конференция руководителей трех союзных держав. СССР, США и Великобритании. Сб док-в. М. 1980.
6. Переписка Председателя Совета Министров СССР с президентом США и премьер – министром Великобритании во время ВОВ. 1941-1945 гг. М, 1958г.
7. Советско- англ отношения во время ВОВ. 1941-1945г. В 2-т. М. 1984.
8. Советско- герм отношения во время ВОВ. М, 1983.
9. Советский союз на международных конференциях периода ВОВ. Том 1-6 М, 1978-80гг.
10. Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар тарихы. (Құжаттар жинағы) А, 1999.
11. Хрестоматия по истории новейшей истории. Том. 3. М, 1961.
12. Хрестоматия по истории межд отношений Вып 2. М, 1972.
13. Документы по внешней политики СССР. Том. 1,2 М, 1959.

1. Гонионский С.А., Земеков И.И., Исраэлян В.Л., Кобляков И.К., Козырев С.Н. История дипломатии , ІV том - м ., 1975-752 С.
2. Дипломатия в годы войны/под ред. Потемкина. – М. ,1945.-884С
3. Громыко А.А., Земеков И.Н., Крюяков В.А., Санакоев Ш.П. Советский Союз на международных конференциях периода ВОВ 1941-1945 гг Сб. документов. – М 1984. (в 6-томах)
4. Бережков В.М. Путь к Потсдаму.-М Междунар. Отношения, 1979-241 С.
5. Конференция руководителей трех союзных держав – Сответского Союза , США и Великобритании в Тегеране. Пенза, изд-во газеты «Сталинское знамя», 1944 г.
6. Конференция руковрдителей трех союзных держав – Советского Союза,США и Великобритании в Крыму. – М., Отиз.
7. Рощин А.А. Послевоенное урегулирование в Европе. – М Мысль, 1984-294 С.
8. Тегеран - Ялта – Потсдам : Сб. Документов/Сост. Санакоев Ш.П., Цыбулевский В.Л. – Изд. 4-е. Алматы: Дәуір, 1993.-285С
9. Бережков В.М. Тегеран , 1943. На конференции Большой тройки в кулуарах. М., Изд. Агенство печати «Новости», 1971.-128 С.
10. Бережков В.М. Коалицияның құрылуы. Алматы., 1975.
11. Бережков В.М. Тегераннан Потсдамға дейін. Алматы., 1980.
12. Ялтинская конференция. 1945 Уроки истории. – М Наука, 1985 – 192С.
13. Из истории международных отношений.(Сборник статей). Под. ред. проф. Исраэляна В.Л.М., Изд-во ИМО, 1963-184С.
14. Орлов А.С. Союз ради общей победы (создание антигитлеровской коалиции)-М Знание, 1985-234С.
15. Польша: вопросы и ответы: Справочник-Бухарин Н.И. И ДР.-м Поллитизмдат, 1991-191 С
16. БорисовА.Ю. Незыблемые договоренности (к 40-летию Ялтин. и Потсдам. конф.) – М Знание , 1985-234 С.
17. Родин В. Об антигитлеровской коалиции. – Воен-ист. журнал, 1977, 1, с.104-109.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I-тарау мазмұны

Кіріспе
І-тарау. Антигитлерлік коалицияның құрылуы
1.1 Тегеран конференциясында қаралған мәселелер
1.2 Германияға қарсы екінші майданның ашылуы
1.3 Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
1.4 Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері
1.5 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ
дүниежүзілік соғыс қорытындылары

Қорытынды

Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі:

II-тараудың мазмұны

Кіріспе2
2-тарау. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық ахуал4
2.1 Антигитлерлік коалицияның құрылуы және қайшылықтары4
2.2 Ұлы державалар басшыларының конференциясындағы мақсаттары8
2.3 Антигитлерлік коалицияның екінші рет құрылуы және оның Тегеран
конференциясында күшеюі11
2.4 Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары20
2.5 Ялта конференциясындағы поляк мәселесі туралы келісім20
2.6 Потсдам конференциясындағы Польша мәселесінің шешілуі23

Қорытынды27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі29

I-тарау

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті
ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл
халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс
пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай
мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан,
түсінік–пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі
күнбе–күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай
келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси-құқықтық жағынан саралай білудің
зор маңызы бар десек, ХХ ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – ІІ
Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран –
Ялта – Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын
алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де
назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз
державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы
көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи
шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі
өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
Курстық жұмыстағы басты мақсатым: ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс)
мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ.
Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым:
• Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы коалициялық
одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі – одақтастардың
гитлерлік Германияға қарсы ортақ мүдделестігін айқындау;
• Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын , мән – маңызын анықтау;
• Ялтадағы конференцияда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік
мәселесінің қойылуын саралап беру;
• Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
• Потсдам конференцияда ІІ Дүниежүзілік соғысты қорытындылау. Репарация
және екіге бөлінген Германия;
• Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.

Деректік негізі. Осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс
жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен
қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда,
"Тегеран – Ялта –Потсдам (Сб. док-в)[1]",''Ялтинская конференция 1945:
Уроки истории"[2] және "Хрестоматия по истории международных
отношений"[3], "Советский союз и Берлинский вопрос (Док-ты)"[4] деген
құжаттық материалдарда конференция барысынан түр - нұсқа мәтіндері және
стенограммалары толық дерлік баяндалған. Бұл материалдардың құндылығын
арттыра түседі. Сонымен қатар, әр конференция материалдары жеке–жеке жинақ
ретінде жарық көрген "Тегеранская конференция руководителей трех союзных
держав СССР, США и Великобритании"[5], "Крымская конференция руководителей
трех союзных держав СССР, США и Великобритании"6, ''Потсдамская
конференция трех союзных держав СССР, США и Великобритании''7,
''Хрестоматия по истории Новейшей истории"8, ''Переписка Председателя
Совета Министров СССР с президентом США и премьер – министром
Великобритании во время Великой Отечественной войны (1941-1945гг)"9 сияқты
көптеген құжаттық деректерді курстық жұмысқа арқау етсек, кеңестік
деректер жинақтар: "Советско-англ отношения во время ВОВ 1941-1945гг."10,
''Советско- германские отношения во время ВОВ''11, ''Советский союз на
международных конференциях периода ВОВ (1941-1945 г.г.)''12 т.б. деректер
кеңінен жұмыста қолданылды. Осы мәселені қарастыратын арнайы зерттеу
еңбектер, монографиялар және оқулықтарға көбірек тоқталдым. Әсіресе, У.
Черчиллдің,13 Майскийдің,14 Висков С.Н. және Кулбанин В.Д15, Лютов
Н.С. және Носков А.М16, Бережков В.М.17, "На конференции Большой
тройки и в кулуарах"18 және "Истории дипломатии"19, "История международных
отношений внешней политики СССР "20, ''История международных отношений
внешней политики"[6] т.б. зерттеулерден тақырыпқа қатысты бірқатар
мәліметтер алынды. Және де жанама әдебиеттер ретінде Исраэлянның В.Л[7],
Земков Н.Н[8] еңбектері де қолданылды. Жоғарыда келтірілген деректік
құжаттар, зерттеулерге қоса мерзімдік басылымдардағы мақалаларға тоқталмай
кетуге болмайды. Атап айтсақ, Борисов А. Ю[9]; Тихвинский С[10],
Севастяков П[11] т.б. ғылыми мақалалары өте құнды деуге болады. Сөйтіп,
жоғарыда аталған деректер мен зерттеулер, мақалалардың негізінде ғылыми
жұмыстың базалық құрылымы жасалды. Жинақталған әр алуан мақалалар жүйелі
талдау жасауға мүмкіндік берді.
Тақырыптың маңыздылығы. Бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық
терроризм секілді әлемдік халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны
тиімді жолдармен шешу үшін өткеннің тарихи тағлымына жүгінгеннің зор
маңызы бар. Мәселен, зерттеу аясында қарастырып отырған ІІ Дүниежүзілік
соғыс кезіндегі коалициялық күштердің Тегеран-Ялта-Потсдам конференциялары
іс жүзінде зор нәтиже берді, дүлей соғысты тез аяқтаудағы орасан маңызы
күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде бағалап келеміз. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, жас мемлекеттің дипломатиясын
нығайтуға үлес қосатын сыртқы саясаттың қыр-сырын білетін білгір
мамандарға ділгір болып отырғанымызда осы жұмысымыздың маңыздылығын
арттыра түседі.

І-тарау. Антигитлерлік коалицияның құрылуы

1.1 Тегеран конференциясында қаралған мәселелер

1943 жылы 28 қарашадан – 1 желтоқсанға дейін үш мемлекет: АҚШ, КСРО,
Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль
Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуінде
дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн
тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері
талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын
бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі
болды. Көптеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп
санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші
топтары Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті
және сол кездегі КСРО мен әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес
үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым -
қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік "ось" державаларына қарсы
ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде, Лондон мен Вашингтон ортақ
жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана қосылып,
өздеріне алынған міндетті орындауды қалайда соза түсуге тырысып бақты.
Вашингтон саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне АҚШ-тың үстемдігін
орнатуға ұмтылу болса, Англияның билеуші топтарының көздеген мақсаты ең
алдымен британдық империяның дүниежүзілік позициясын сақтап қалуда еді.
Тіпті осының өзінде де, олардың мүдделерінде елеулі алшақтықтар болды. АҚШ
пен Англия өз мақсаттарына жетудегі басты кедергіні гитлерлік Германия мен
милитаристік Жапонияның саясатында деп білді. Олар осы қауіпті
бәсекелестерін шет еткенде ғана, өздерінің ықпал ету сферасын нығайтып,
кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін Англия мен АҚШ осы
жанжал арқылы өздерінің жеке мақсатын көздеді. Сөйтіп, АҚШ КСРО-ның
қолымен Германия мен Жапонияны әлсіретуге тырысты, сонымен, Тегеранда
қабылданған келісімдер антигитлерлік коалицияның маңызын көрсетті. Бұған
дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін
орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді.
Екінші майдан ашу мәселесіне келсек, 1942 жылдың көктемінде Ла-Манштың ең
енсіз жерінен кесіп өту арқылы және Сена сағасының шығысындағы Кале мен
Гаврдың арасындағы француз жағалауына әскер түсіру, сөйтіп, солтүстік
Францияға басып кірудің американдық жоспары жасалды. Оверлорд деген
кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек 1943 жылдың көктеміне
белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы Следжхэммер деген шектеулі
операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге
асырылуы тиіс болды.
1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының
табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде
ғана ортақ.
2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне,
Тегеран конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз,
сөйтіп, ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет герман майданында
кескілескен ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс
одақтастарға Екінші майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып
жатты.
1942 жылы жазда болған Лондондағы ағылшын-совет келіссөзі кезінде
Совет үкіметі Батыс Европаға басып кіруді тездету қажеттігі туралы
мәселені тағы да қойды. АҚШ президенті Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.
1942 жылы 12 маусымда қол қойылған ағылшын-совет мазмұндамасында
Вашингтонда бұрын келісілгендей 1942 жылы Еуропада екінші майданды құрудың
кезек күттірмейтін міндеттері жайында толық келісімге қол жетті деген
тұжырым қайталанды.

1.2 Германияға қарсы екінші майданның ашылуы

Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген
сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады.
1942 жылы өтті, 1943 жылы бітті, 1943 жылы қарашаның аяғында Тегеран
конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан
ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде
тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан
жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.
Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші
майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ
премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы Оверлорд
операциясы 1944 жылғы май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік
Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші
сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты
болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін
КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді.1 Тегеран
конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу проблемасын
талқылау осылайша аяқталды.
Ағылшындар мен американдар берген уәде созыла түсіп, Оверлорд
операциясы майда емес, 1944 жылы 6 маусымда басталды. Гитлершілдерді
батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына
жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі
ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар
кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. Оверлорд туралы
мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді
қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге
екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары
жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру, бес-сегіз мыңға дейін
танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу
ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі
болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген
қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының
аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.
Еуропада екінші майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет
делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль екінші майданды
Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады.1 Ол ағылшын және американ қарулы
күштерін Совет армиясынан бұрынырақ оңтүстік-шығыс және орталық Еуропаға
жайғастырып, еуропа халықтарын билеп-төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал
жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан
ашудың дұрыстығын дәлелдеді.
Тегеран конференциясының 28 қарашадағы бірінші жалпы мәжілісінде
Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде У.Черчилль мәселе
көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның соғысқа кіруі
Дарданелл мен Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына Қара
теңіз арқылы қатынас жолын ашуға жабдықтарды жіберуге мүмкіндік туып,
оңтүстік порттарда жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге асырылады деп сендірді.

Ағылшын үкіметінің генералдары Түркияның соғысқа кіруі одақтастарға
үлкен артықшылықтар әпереді және Румыния мен Болгарияның соғыстан шығу
мүмкіндігі тұрғысынан үлкен маңызға ие болады, бұған қоса Түркияда
одақтастардың авиабазасын жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап
айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты
қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен
Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті.2 Ақыры 1945
жылы 23 ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде
Болгария, Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік
шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен
Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Еуропадағы соғыс
бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді. Рузвельт
Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе
көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік
Германияның кейбір аудандарын қамтитын Дунай федерациясын құру жөніндегі
жоспарды қолдады. КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының
мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін қабылдатпады.
Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және
территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны
бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі
Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті,
Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде
В.И.Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен
Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды. Сөйтіп,
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң, Германияны бөлшектей отырып,
оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ
президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы
құрылым тағайындап, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды. Онда КСРО
мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның
біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста Керзон сызығымен,
батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен
қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі
тыңдалған соң, Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері
Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі
жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.
Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жайында бірлесіп әрекет етуге
уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің жері мен халқы Польшаның құрамына
Шығыс Пруссия мен Оппельнск провинсиясына қоса отырып, Керзон линиясы мен
Одер өзені деп аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді.
Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде
халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті.
Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс
елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды
шиеленістіруге әкеліп соқты.
Тегеран конференциясында қабылданған үш державаның қабылдаған
декларациясының алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда жазылды: Біздер: АҚШ
президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері
соңғы төрт күннің ішінде (2811-112-43) Біздің Одақтасымыз - Иранның
астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік.
Соғысқа қатысты әскери келіссөзде герман қарулы күштерін жою жөнінде
жасаған жоспарларға келістік. Шығыстан, батыстан, оңтүстіктен қолданылатын
операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.
Құрғақтағы герман армиясын, олардың теңіздегі сүңгуір қайықтарын
құртуға әрі әуеден олардың соғыс заводтарын талқандауымызға дүниежүзінде
бізге ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі өрши
түсетін болады. Ф.Д.Рузвельт, В.И.Сталин, У.Черчилль Тегеранда 1943 жылы
1 желтоқсанда қол қойылды. Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге
Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы келісімге қол
жетті.
Сөйтіп, Тегеран конференциясында Германия мемлекетімен арадағы
соғысты аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу
, шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.

1.3 Конференцияда көтерілген Германия мәселесі

1.4 Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері

1945 жылы 4-11 ақпанда өткен Ялта конференциясы ІІ
дүниежүзілік соғыстың дипломатиясы тарихында маңызды орын алды. Бұл
антигитлерлік коалицияның үш ұлы державасы – КСРО (РФ), АҚШ, Англияның
басшылары қатысқан екінші кездесу еді. Тегеран конференциясы сияқты бұл
конференция да түптеп келгенде жеңісті ұйымдастыру ісінде де, әлемнің
соғыстан кейінгі қайта құрылымы саласында да келісілген шешімдер жасауға
ұмтылған тенденцияның басымдығымен өтті.
Ялта кездесуінің қарсаңында АҚШ пен Англия да антигитлерлік
коалицияға қатысушы басты үш мемлекет арасында уағдаласуға жол бермеуге
тырысқан күштер қызу әрекет жасап бақты. Қызыл армияның гитлершілдерге
күйрете соққы беруі, Совет әскерлерінің батысқа қарай шапшаң жылжуы, оның
бірқатар шығыс Еуропа мемлекеттерінің территорияларын азат етуі КСРО
рөлінің нығаюы өздерінің әлеуметтік жеңілдіктері мен империалистік
пиғылдарына қауіп төндіреді деп түсінген топтарды дүрліктірген еді. Олар
Москва жөнінде қатаң позиция ұстайтын кез келді деп санады.
40 жылдарғы қырғи қабақ соғыстың әйгілі идеологы Дж. Кеннон
Ялтадағы кездесуге қатысқан американдарға былай деп бағдарлама ұсынды:
1. Халықаралық ұйым құрудың бірден-бір практикалық нәтижесі
орыстардың өршіп отырған және көкейге қонбайтын ықпал ету өрісін
қорғау АҚШ-тың міндеті болғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жоспарын
мүмкіндігінше тезірек жою керек.
2. Американ халқына бейбітшілікті қауіпсіз ету біздің қарулы күштерімізді
қайдағы бір заң құжатында көзделген қандай да бір нақты жағдайларға
қолдану туралы сөзсіз міндеттеме алғанымызға байланысты деген пікірдің
жаңсақтығын түсіндіру қажет. Америка Құрама Штаттар біздің қарулы
күштерімізді қай жерде пайдалану керектігін өздері шешетін құқығын
сақтауға тиіс.
3. Америка Құрама Штаттар Германияны толық бөлісуді әбден шешілген іс деп
қарап, ағылшындармен және француздармен Германияның Батыс аудандары
кіретін Батыс Европа Федерациясын құру туралы консультация алмасуды
бастауға тиіс деген шешімге келді. Шын мәнінде, бұл дүниежүзін дұшпан екі
лагерьге бөлу бағдарламасы еді. Президент Ф.Д.Рузвельт пен оның жақын
адамдары Дж.Кеннонның шақыруына құлақ аспай ынтымақтастықты дамыту бағытын
ұстанды.
4. Маршаллдың пайымдауынша, бұл операциялар одақтастар армиясының
Германияның өнеркәсіп объектілеріне жасайтын соққыларына нұқсан келтірген
жоқ.

5. Ақпанда пленарлық мәжілісті аша келіп, президент Ф.Д.Рузвельт Германия
проблемасын сөз еткенде, ең алдымен уақытша оккупациялау аймақтары туралы
мәселені қарау керек екенін айтты. Бірінші кезекте АҚШ пен Англия
Тегеран конферециясында ұсынған Германияны бөлшектеу туралы сөз болып,
Орталық Үкіметтің құрылуы жөнінде мәселе қойылды. Ағылшын премьері
У.Черчилль Рейн алқабы мен Саар өнеркәсіпті аудандары, Рур мәселесі
қозғалды. Бұдан кейін кеңеске қатысушылар репарация туралы мәселеге көшті.
Бұл қағидалар Германия заттай төлемді оның ұлттық байлығының шамамен 80
пайызын беру жолымен, немесе жыл сайын тауар түрінде берумен өтеуге тиіс
болды.1 Репарациялардың мақсаты да Германияны қарусыздандыруға әкеп соғуға
тиіс болды. Сондықтан мамандандырылған әскери кәсіпорындардан 100 пайыз
алу керек делінді. Репарациялар мерзімі 10 жылға белгіленіп, ағылшын -
совет - американ бақылауымен жүргізілуге тиіс еді. Пікір алысу
қорытындысында, үш держава өкілдерінен штаб-пәтері Москвада болатын
Репарациялық комиссия құру туралы уағдаластыққа қол жетті. Осыдан кейін
Сталин Репарациялық комиссия үшін негізгі басшылық бағыттарын жасауды
ұсынды. Ол репарацияларды бөлгенде негізгі принцип мынадай болу керек
деген пікір айтылды: Репарацияларды бірінші кезекте соғыстың негізгі
ауыртпалығын көтеріп, жауды жеңуді қамтамасыз еткен мемлекеттер алатын
болды, яғни КСРО, АҚШ, Англия. Төлемді тек орыстар ғана емес, сондай-ақ,
американдар мен ағылшындар да алуы керек және оның үстіне ең мүмкін
мөлшерде алуы керек. Егер Америка Құрама Штаттардың Германиядан машиналар
немесе жұмыс күшін алғысы келмесе, онда репарациялардың басқа формалары,
оларға неғұрлым қолайлы формалары, мәселен шикізат және т.б. табылуы
мүмкін. Қайткен күнде де репарацияларды жауды жеңу ісіне неғұрлым зор үлес
қосқандар алатыны айқын белгіленуі тиіс1 деген пікірді В.И.Сталин ортаға
салды.Ф.Д. Рузвельт пен У.Черчилль бұл пікірлермен келісті. Ялта
конференциясының 6 ақпанда болып өткен пленарлық мәжілісі жаңа Халықаралық
Қауіпсіздік ұйымы уставының жобасы жасалған Думбаржан-Окстағы
конференциядан кейін шешілмей қалған мәселелерді талқылаудан басталды.
Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру ережесі келісілмей қалды. Бұл
конференцияға Сыртқы Істер Министрлері , штаб бастықтары т.б. қатысты. ІІ
Дүниежүзілік соғыс тарихында Қырым конференциясының маңызы өте зор.
Біріншіден, конференцияда гитлершіл Германияны талқандап, сөзсіз тізе
бүктіру мақсатына байланысты одақтас үш державаның соғыс жоспарлары өзара
келісілді. Екіншіден, конференцияда Одақтас державалар соғыстан кейін
мызғымас бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік орнату принциптерін іске
асыру саясатын бірауыздан қабылдады.
1945 жылы 13 ақпанда В.И. Сталин, Ф. Д. Рузвельт, У. Черчилль қол
қойған Қырым конференциясының коммюникесі жарияланды.2 Мұнда тізе бүккен
Германияда одақтас үш держава қарулы күштерінің ерекше аймақтарын құру,
оған орталық бақылау комиссиясы арқылы басшылық ету белгіленді. Үш
державаның басшылары герман милитаризмі мен нацизмді жою, герман қарулы
күштерін таратып, герман ауыр өндірісін бақылауға алу туралы мәлімдеді.
Конференция тізе бүккен Германия өзінің басқыншылық соғыстары арқылы басқа
елдерге келтірген зиянын өтеуге әділетті деп тауып, арнаулы комиссия
құруды белгіледі. Германия мәселесімен қоса, Қырым конференциясына
қатысушылар, басқа одақтас державалармен бірге бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын құру, 1945 жылы 25
көкекте (сәуір) Сан-Францискода Біріккен Ұлттар конференциясын шақыруды
ұйғарды. Қырым конференциясында Одақтас үш державаның басшылары қабылдаған
"Азат етілген Европа туралы декларацияда" Европадағы нацистік Германия
және оның езгісінен босатылған халықтарға саяси және экономикалық күрделі
көмек беру туралы келісілді.
Алайда осы жалпы қағидалар шеңберінде Ялта кездесуіне қатысқан
үшеудің әрқайсысының өзіне тән басты мәселелері болды. Черчилль ең алдымен
Британ империясының тағдырын ойлады. Ал Сталин болса, біз ең кемінде
алдағы 50 жылға бейбітшілікті қамтамасыз етуді көздеді. Халықаралық
қауіпсіздік ұйымының болашақ уставы туралы мұнша маңызды болып отырғаны да
сондықтан. Болашақта басты үш державаның аралары алшақтап кетпеуі үшін
мүмкіндігінше көп тосқауылдар жасау керек. Мәселенің бұлайша терең де
принципті қойылуы болашаққа шын жаны ашығандық еді. Халықаралық
қауіпсіздік ұйымының болашақ ұрпақтар үшін бейбітшілікті сақтау
мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмін жасау керек болды.Ол кезде он жыл
туралы айтылған еді, бірақ Сталин 8 жыл, ал Ялта кездесуінен кейін толық
емес алты апта өткен соң Рузвельт қайтыс болды, ал оның ізбасарлары АҚШ -
тың бағытын егесу және Совет одағына қарсы соғысқа әзірлену жағына қарай
бұрып жіберді. Бұл кезде үкімет басынан кетіп қалса да, мұндай
инициаторларының бірі Черчилль болып шықты. Мұның бәрі Гитлерлік Германия
мен милитаристік Жапонияға қарсы соғыс қимылдары аяқталған соң , көп
кешікпей басталған еді.
Поляк проблемасын талқылау Ялта конференциясының 6 Ақпандағы
пленарлық мәжілісінде басталды. Бірінші болып сөз алған Рузвельт Польшаның
шығыс шекарасын Керзон линиясының бойымен жүргізуді жақтаған пікір айтты,
бірақ бұған қоса осы линияның оңтүстік учаскесінде поляктарға жеңілдік
жасау туралы мәселені қарастыру жөн деп жариялады.
Қырым конференциясының шешімдері соғыстың соңғы кезінде антифашистік
коалицияның нығаюына және Гитлерлік Геранияны жеңуге көмектесті. 1945 жылы
ақпан - наурызда Қызыл армияның басты күш- жігері Берлин бағытында шешуші
соққы жасауды тездетуге жұмылдырылды. Осы мақсатпен Совет әскерлері шығыс
Померания, Төменгі және Жоғарғы Силезия, Шығыс Пруссия территорияларында
дұшпанның қанаттағы топтарын қарсы шабуыл операцияларын жүзеге асырып,
кострин мен франкфрут маңында Одердің сол жағасындағы басып алған
бекіністерін кеңейту үшін табан тірескен ұрыстар жүргізді.
Қырым конференциясында үш ұлы державаның Қиыр Шығыс мәселесі
жөніндегі келісімі қабылданды. Келісім бойынша, Германия толық тізе бүгіп,
Еуропада соғыс аяқталған соң 2-3 айдан кейін Гитлершіл Германияның
шығыстағы одақтасы – милитаристік Жапонияға қарсы Совет одағы соғыс
ашатынын белгіледі. Соғыс аяқталғаннан кейін Сахалин аралының оңтүстігі
Совет Одағына қайтарылып, Курил аралдары КСРО-ға берілуі ұйғарылды.
Қырым конференциясы шешімдерінің негізінде Одақтас үш держава
саяси және соғыс мәселелерін шешуде тарихта айтарлықтай із қалдырды.

1.5 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ дүниежүзілік
соғыс қорытындылары

Потсдам конференциясы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының
қатысуымен 1945жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Берлин түбінде өтті.
Конференцияға КСРО жағынан И. В. Сталин, Ұлыбритания премьері У. Черчилль
(оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңген лейборист үкіметінің басшысы
К. Эттли ауыстырды), АҚШ президенті Г. Трумэн, үш елдің Сыртқы Істер
министрлері қатысты, штаб басшылары қатысты.1
Потсдам конференциясы Европада соғыс қорытындысын, негізінен
Германияны толық қарусыздандыру, соғыс құралдарын шығаратын өндіріс
орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік
мемлекетті жоюға бағытталды.
Көптеген мәселелер алдын ала қойылып, шешіліп келген "үлкен
үштіктің" бұған дейінгі екі кездесуінен өзгеше, Потсдам конференциясында
соғысты бұдан былайғы жерде жүргізу жөнінде, сондай-ақ дүниенің соғыстан
кейінгі құрылымы мәселелері жөнінде де көптеген маңызды, нақты келісімдер
бар болатын. Сондықтан да Потсдамдағы кездесуге қатысушылардың
бірқатар реттерде бұрыннан бар принципті шешімдерді қуаттауы немесе
нақтылай түсуі ғана қалған еді. Алайда мұның өзі сондай бір оп-оңай іс
болмай шықты, өйткені Батыстың өкілдері бұрыннан бар кейбір келісімдерді
ревизиялауға тырысты, осыған байланысты конференцияда кейде шиеленіскен
дипломатиялық күрес өрістейді. Сонымен бірге, әрине, талқылау, шешу керек
болатын жаңа проблемалар туды. Жан–жақты талқыланған ең маңызды мәселе,
тізе бүккен Германияны қайта құру туралы мәселе болды. Бұл мәселе жөнінде
де 1943 жылы Сыртқы Істер министрлерінің Москва конференциясының шешімі
бойынша құрылған Европалық консультациялық комиссия талдап жасаған
ұсыныстар бар еді. Алайда Европада соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жаңа
жағдай туды. Батыс державаларының билеуші топтары арасында Германияның
адам және экономикалық потенциалын КСРО-ға қарсы мүмкін болатын соғыста
пайдаланудың Черчилдік идеясы өрістеді, сондықтан Германияны толық
демилитандыру және демократияландыру жөнінде бұрын белгіленген жоспарлары
Вашингтон мен Лондон саясатшыларына енді ұнамады.
Конференциядағы басты мәселе - Герман (неміс) мәселесі болғандықтан
конференция Германияға қатысты барлық экономикалық, саяси жетекшілік
істерін қарастырды. Бұл сұраққа қатысты жобаны Америка делегациясы ұсынды.
Онда Германия бойынша Европалық консультативті комиссияның келісімімен
Қырым конференциясындағы белгілі жағдайлар шешімі қамтылды. Потсдам
конференциясы кезінде бұл комиссияда тағы бір құжат болды. Ол - Германияға
деген кейбір қосымша талаптар келісімі. Бұл құжат алғашқы кезде Германияға
деген Потсдамдағы саяси әрі экономикалық принциптер келісімін сәл
жеңілдетті.
Потсдамда басшылар Германияға деген принциптер өте маңызды Германияны
демилитаризациялау, демократизациялау және денацификациялау шеңберінде
жүзеге асырылуы керек десті. Сондай-ақ, Германияны демилитаризацияға
ұшыратып, толықтай талқандау әрі соғысқа қолдана алмайтындай етіп, Герман
өндірісін жою, Германияның саяси өмірін демократиялық негізде түбегейлі
реконструкциялауға дайындалу және халықаралық өмірде бейбіт
ынтымақтастыққа Германияны жетелеу, ұлттық-әлеуметтік апртияны құрту,
бақылаудағы ұйымдарын, филиалдарын да іске асырмау, нацистік мекемелерді
тарату, қайта бас көтермеу үшін нацистік, милитаристік іс пен пропагандаға
қайта айналып кетпеуін қадағалау, Германияның әскери потенциялын жою,
монополистік бірлестіктерін талқандау, басты назар ішкі қажеттіліктерін
өтеу үшін әлемдік өндіріс пен ауылшаруашылықты дамыту1 сөз болды.
“Германия милитаризмі мен нацизмі және одақтастары құртылады. Германия
енді қайтіп өз көршілеріне көз алартып қарап, күш көрсетіп, қысым жасай
алмайтын болады, әлемде бейбітшілік орнайды, десті конференциядағы
басшылар.2 ”
Потсдамда Германияны бақылауда ұстау механизміне келісті. Германияның
жоғарғы билігі СССР, АҚШ, Англия мен Францияның қарулы күштерімен жүзеге
асатын болады. “Әркім бөліп алған өз аймағында Бақылау Кеңесінің мүшелері
ретінде өз үкіметтерінің құрылымдарымен Германияға қатысы бар мәселелерде
бірігіп жұмыс істейтін болады.”3
Американдық құжатты талқылау барысында Совет делегациясы Германияның
орталық әкімшілік ұйымы жөнінде өз ұсынысын білдірді. Бұл әкімшілік
Бақылау Кеңесінің қадағалауымен жұмыс істеу керек болды. Әрі Бақылау
Кеңесінің мақсаттарын жүзеге асыратын, жалпы Германияға қатысты қандай да
бір мәселе болмасын шешімін жөнге келтіретін болсын, сол мақсатта іс
жасасын делінді.4
Талқылаудан кейін конференцияда “Әзірше ешқандай орталық Германия
Үкіметі құрылмайтын болды”5
“Бақылау Кеңесінің бақылауында Германияның әкімшілік департаменттерінің
орталықтарында ерекше маңызға ие мемлекеттік хатшылар басқаратын, әсіресе,
қаржы, транспорт, байланыс, сыртқы сауда және өндіріс салаларында бүтіндей
мекемелер құрылды.”6
Конференцияда Германияны бір ғана экономикалық бүтіндік ретінде
қарастыру шешілді. Осы мақсатта жалпы саясат құрылуы керек еді, әсіресе,
өндіріске, өнімді өңдеуге, ауыл шаруашылыққа Германияның импорты мен
экспортына қатысты репарация төлету мәселелері қарастырылды. “Бұл үшін
жергілікті жағдайларға баса назар аудару керек болды. Ол Герман
экономикасына одақтық бақылау қою қажет болды”1
АҚШ пен Англия Совет Одағының қызығушылықтарымен есептескісі келмеді.
Олар Германияны өздерінің потенциалды одақтасы ретінде СССР-ге айдап салу
деген бұрынғы империалистік ойларынан арыла алмады. Олар Германияның
әскери-өндірістік потанциялын жою дегенге қарсы шықты. Совет үкіметі Рур
өндірістік облысы әкімшілік қатынаста АҚШ, Ұлыбритания, СССР және
Франциямен қатынассын, негізінен облысты басқару аталған төрт держава
өкілдерінен құралған Совет үкіметіне берілсін деген ұсыныс тастады. Бірақ
бұған яғни Рур облысына төрт жақты бақылау қоюға АҚШ пен Англия келіспеді.

Конференцияда репарация мәселесі де өте қызу талқыланды. Репарацияның
жалпы құны 20 млрд долларды құрап, оның 50 пайызы Совет Одағына берілуі
керек болды.
Репарация мәселесінде АҚШ пен Англия СССР экономикасының нығаюын
қаламады. Бір жағынан Герман милитаризмін қозғау үшін батыстық зоналар
шоғырланған Германияның әскери-өндірістік потанциалын құлдыратқысы
келмеді.
АҚШ 31 шілде күні мына үш сұрақты көлденең қойды: Репарация мәселесі,
Польшаның батыстық шекарасы, БҰҰ-ны құру. Советтер жағы әркім репарацияны
өз территориясынан өндіріп алсын деді. И. В. Сталин: “Біз бұл соғыста өте
көп мөлшерде құру-жарақ жоғалттық, соның құрығанда жиырмада бірін
қайтаруымыз керек қой” деді.
Совет Одағы батыс зонадан транспорт кәсіпкерлігі мен өндірістік
акцияға 500 млн. доллар және Германияның шет ел инвестициясынан 30 пайыз
герман алтынын талап етті. Нәтижеде репарация жөнінде арнайы келісім
қабылданып, СССР Советтік зонадағы көмір мен т.б. өнімге айырбас ретінде
өндірістік капитал құрал – жабдықтарының 15 пайызын, сондай-ақ осындай
құрал-жабдықтардың 10 пайызын тегін алатын болды. Батыс державалар Англия
мен АҚШ өз репарацияларын батыстық зоналардан алуы керек болды.
Конференцияда, сондай-ақ, ағылшын қолындағы герман-әскери теңіз флотын
және сауда флотын бөліске салу да қарастырылды. АҚШ пен Англия Герман
флотын бөлуге қарсылық білдірмеді. Черчилль: “Су асты қайықтар не
батырылып, әйтеуір, құртылуы керек, ал су үсті қайықтар болса, арнайы
келісіммен тең бөліске түсуі керек”2 деді. И. В. Сталин “егер орыстардың
Германияның әскери-сауда флотының үшеуін алуға құқы бар екені мойындалса,
онда біз қанағаттанамыз”3 деді.
1 История дипломатии.2 изд.Том 3. Под ред. А.А. Громыко.М.1963.550 б
2 Тегеран-Ялта- Потсдам.(Сб ок-в)Изд-во:”Международные отношения”.1967. 90
б.
3 Тегеран-Ялта- Потсдам.(Сб ок-в)Изд-во:”Международные отношения”.1967.
85б
Совет делегациясы Черчилльдің су асты қайықтарды батыру ұсынысына
келісті. Үш үкімет Үштік әскери-теңіз комиссиясын құруға келісті. Потсдам
конференциясы Кенигсберг ауданын (бұрынғы Калининград) СССР-ге беруді, сол
арқылы Совет Одағының Европалық қауіпсіздікті нығайтуға ұсыныс жасады.
Конференцияда әскери басты қылмыскерлер мәселесі де қозғалды. Совет
делегациясы осы қылмыскерлерді тезірек жазалауға ағылшындар жасаған жобаға
дайындықтарын білдірді. Бірақ мына мына ең басты қылмыскерлердің болуын
баса ескертті: “Геринг, Гесс, Риббентроп, Розенберг, Кейтель және т.б.”
Сталин негізгі , басты жаулардың құтылып, ал ұсақ қылмыскерлердің жазаға
тартылатындығынан күмәнданды. Ағылшындар мен Американдықтар Лондонда
Халықаралық трибуналда әскери қылмыскерлердің жазаланатындықтарын
білдірді.
Совет делегациясы жазалылардың алғашқы тізімі 1945 ж. 1 қыркүйегіне
дейін шықсын деп тұрып алды.
Осы шешімде Потсдам конференциясы халық тілеуін бекерге шығармайтын
өте әділ, әділетті болды. Өйткені миллиондаған бейбіт халықтың, босқа
қырылған жазықсыз адамдардың көз жасы өз қылмыскерлерін тапқан болатын.
Потсдам конференциясында бұл тенденцияға КСРО жағы батыл күрес жүргізе
отырып, Европаның қауіпсіздігі жолындағы күрес және Германияның бейбіт
болашағы, неміс халқының шынайы ұлттық мүдделерін қорғады. Конференцияда
Германияны денацификациялау, демократияландыру және демилитандыру туралы
бірлескен шешімдер қабылданды. Соғыс жылдарында АҚШ пен Англияның
Германияны негізінен алғанда ауылшаруашылық сипатындағы бірнеше жеке
мемлекетке бөлшектеу жоспарын жасауы. Ал 1945 жылы 9 мамырда И. В. Сталин
"Германияны" бөлшектемек те, жоймақ та ниеті жоғын"1 мәлімдеген болатын.

Потсдам конференциясында бекітілген келісімде мынадай мақсаттар алға
қойылды. Германияны толық қарусыздандыру және демилитандыру, әскери
өндіріс үшін пайдалануы мүмкін бүкіл Герман өнеркәсібін жою, национал-
социалист партиясын және оның филиалдарын жою, барлық нацистік мекемелерді
тарату, нацистік және милитаристік қызмет пен насихаттауға жол бермеу,
Герман саяси өмірін демократиялық негізінде қайта құруға әзірлену.
Экономикалық принциптер туралы бөлімде Германия бірыңғай экономикалық
тұтастық ретінде қарастырылуы тиіс, әсіресе, "Картель, синдикат, трестер
және басқа монополистік келісімдер формасындағы шоғырланған күшті жою"
мақсатында Герман экономикасын орталықтандыру қажет деп айқын атап
көрсетілген.
Бүкіл Германияны өзінің империялистік мақсаттарына пайдалану мүмкін
еместігіне көздері жеткен Батыс державалары Потсдам келісімінде
Германияның батыс бөлігін КСРО-ға және Халықаралық демократия елдеріне
қарсы әзірленіп жатқан агрессияның плацдармына айналдырмақ болды. Батыс
Германияны ремилитандыру және оны НАТО-ның әскери блогына енгізуге бағыт
алынды. Осыдан кейін елдің шығыс бөлігінің еңбекшілері өздерінің
социалистік мемлекетін – Европадағы бейбітшіліктің және неміс жеріндегі
әлеуметтік процестің тірегіне айналған Герман Демократиялық Республикасын
құрды.
Германияны бірнеше мемлекетке бөлшектеу туралы американдықтар
мен ағылшындар мәселе қойған Тегеран және Ялта Қырым конференцияларында
Вашингтон мен Лондонның бұрын Германияның құрамына кіріп келген
территориялар есбінен Польшаның батыс шекарасын өзгертуге келіскен
болатын.
Конференция соғыстан кейінгі кейбір территориялық мәселелерді де
шешті. Совет Одағына Кенисберг қаласы және оның төңірегіндегі аудан
берілді. Бұрын фашистік Германия тартып алған Польша жерлері өзіне
қайтарылды. Польша мен Германияның жаңа шекарасы белгіленді. Ол шекара
Балтық теңізінен Одер және Нейсе өзендерінің бойымен Чехославакаияға дейін
жүретін болды.
Потсдам конференциясына қатысушы үш мемлекет: Финляндия,
Румыния, Болгария және Венгрия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату
мәселесімен шұғылдануға келісті. Конференция осы елдер және Италиямен
бейбітшілік бітімін дайындау үшін Сыртқы Істер министрлерінің Кеңесін
құрды. Оған КСРО, Ұлыбритания, Франция, Қытай, АҚШ өкілдері кірді. Кейін
бұл Кеңеске Германиямен бейбітшілік қатынастарды да шешіп отыру міндеті
жүктелді. Конференция Италия, Румыния, Венгрия, Болгария және Финляндиямен
бітім шартын жасағаннан кейін үш ұлы мемлекет олардың БҰҰ-ға кіру
жөніндегі мәселені қуаттайды деп шешті. Сөйтіп, Потсдам конференциясы
соғыстан кейінгі халықаралық мәселелерді талқылап, маңызды қарарлар
негізінде Германияның соғыстан кейінгі тағдыры шешілді.

Қорытынды

Сонымен, жоғарда айтқандарды қорыта келгенде, халықаралық қатынастар
тарихындағы өте маңызды келісімдердің бірі - Тегеран-Ялта-Потсдам (үштік)
конференцияларының игі бастамасы дәстүрлі жалғасын тапқан дипломатиялық
қадам ретінде бағаланады. Осы "үштік" конференциясының түпкі мақсаты ІІ
дүниежүзілік соғысты әділетсіз түрде бастаған гитлерлік Германияны
талқандау, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау еді. Іс
жүзінде осы Тегеран-Қырым-Потсдам конференциялары күші адамзаттық игі
мақсатты орындай алды деуге толық негіз бар. Конференциялар барысында
негізгі қаралған мәселелелер, әрине, Германия (неміс) мәселесі болды.
Гитлерлік Германияға қарсы державаларды біріктірген күш сол кезде бүкіл
әлемге төнген қауіп болатын. Демек, ІІ дүниежүзілік соғыс барысында
аталмыш конференциялардың алар орны ерекше және ортақ мүддеден туындаған
халықаралық құбылыс еді. Осы үш конференцияның мақсаты, бағыт-бағдары
бірыңғай, біртұтас алып қарасақ та әрбір конференцияның ІІ дүниежүзілік
соғыс барысында өзіндік алатын орны атқарған функциясы бар. Ғылыми негізде
осыған мынадай тұжырым жасауға болады: бірден, алдымен Тегеран
конференциясы (1943 жылы 28 қараша - 1 желтоқсан). Гитлерлік Германияға
қарсы коалициялық бірліктің ортақ күш біріктіруі, екінші майдан ашу
мәселесі күн тәртібіне қойылғанымен ішкі мүдделерін жасырып қала алмаған
одақтастар істі кешеуілдетіп алған. Бірақ мұның өзі зор бастама болды,
тіпті соғыс жоспары талқыланып қана қоймай ”Германия мәселесін” алдын ала
келісіп те қойды. Тегеран конференциясы екі басқа жүйедегі державалардың
екі басқа қауіпке бірігуінің көрінісі болды. Екіншіден, содан кейінгі
Қырым конференциясындағы (1945 жылы 4-11 ақпан) шешімдердің арасында аса
қиын саяси және бейбітшілік сақтау принципін бірауыздан қабылдауы әлем
үшін үлкен табыс еді. Мұнда нақты соғыстан кейінгі Германия мәселелері
жоспарланып қойылды. Әсіресе, Польшамен шекара мәселесі қаралды. Кеңес
одағы басшылығы өз ұстамдарын берік қорғап қалды. Үшіншіден, соңғы Потсдам
конференциясы (1945 жылы 17 шілде - 2 тамыз) ІІ Дүниежүзілік соғысты
қорытындылап нацистік біржолата жоюға бағытталды. Германияны
демократияландыру, делимитарландыру және денацификациялау жүргізілді,
былайша айтсақ ДДД формуласы күрделі территориялық мәселелерді шебер
орындады. Потсдамда ІІ Дүниежүзілік соғыстың қорытындысы жасалса да,
“Германия мәселесінің” соңғы нүктесі қойылмады. Екі қарама-қайшы саяси
жүйеге әділетсіз бөлініп тасталды. Кейін 1990 жылы екі Германия қайта
бірікті. Сөйтіп, ІІ Дүниежүзілік соғыс тарихында Тегеран-Ялта-Потсдам
(үштік) конференцияларының жүйесі ерекше маңызға ие. Үштік конференцияда
бірімен бірі тығыз байланысты әрбірінің мақсатын екінші тізбекті және
сатылы түрде жүзеге асырып отырған. Олай болса, меніңше, Тегеран-Қырым-
Потсдам жүйесі гитлершіл Германияға қарсы әскери-саяси дипломатиясы болып
қана қоймай, Германия мәселесін шешуде жетістіктері жоқ емес.
Сондай-ақ, Тегеран, Қырым, Потсдам конференциялары ІІ Дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Германия мемлекетін бөлшектеу, шекара сызығын айқындау
мәселелерін шешуде тарихи қадам жасағаны белгілі. Аталған конференция
шешімдері орындалды. Өткен ғасырдың 70 жылдары Германия бастаған бірінші
үлкен соғыс 1871 жылы аяқталды, осы соғыстан кейін небәрі 42 жыл өткен соң
1914 жылы немістер жаңа соғысты бастады. Көріп отырғанымыздай, Германияны
қалпына келтіруге қажетті мерзімі қысқара берген. Ал ІІ Дүниежүзілік
соғыста тізе бүккен Германия 90 - жылдары қайта бірігіп, жаңаша бетбұрыс
алды. Бұл өз алдына зерттелетін тақырып, алайда Герман халқының айналасы
70 жыл ішінде үш рет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Потсдам конференциясында
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Екінші дүниежүзілік соғыс және Тегеран конференциясы
Антигитлерлік коалициясының құрылуы және екінші майдан мәселесі
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Жаңа медиа және ақпараттық мәдениет
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Пәндер