Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары



Жоспары:
І. Кіріспе Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы
ІІ. Негізгі бөлім: а) Тіл дамытудың бағыттары, мақсаты мен міндеттері
б) Қазақ тілін дамыта оқыту ұстанымдары
в) Тілді дамыту . ойды дамыту
г) Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді жолдары
д) Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету ісінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу әдістемесі
ІІІ. Қорытынды Тілді мамандыққа қатысты оқыту
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілгі – заман талабынан туып отыр. Мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі ана тілі және мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан әрбір өскелең ұрпақтың ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы үлкен міндетті жүзеге асыру оқу орындарының, білім алып жатқан болашақ азаматтарымыздың қызметіне тікелей байланысты және мемекеттік тілдің қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуына байланысты. Өзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни, әрбір адамға керекті коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз. Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы танылады. Осы мақсатқа жетсек ғана Қазақстаның саналы, елжанды ұл-қызын, қазақ халқын, ана тілін, жерін, тарихын құрметтейтін, қадірлейтін өзге тілді азамат тәрбиелейміз.
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту - қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема.Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, оқытушы мемлекеттік тілді үйрету барысында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнін үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқытушы оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің мөлшері лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дүрыс жаза білуге жаттықтырады. Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін – оқытушы. Сондықтан оқытушы тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет. Әр оқытушы қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіліп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды . Демек, оқушылардың тілі дамыту жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, оқушы қай пәнде оқып – үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан, қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. [3,5]
1. Артыкова Т.М. Педагогические условия формирования учебной языковой среды при обучении государственному языку.-Алматы,2003.-176 с.
2. Әбдікаримова Т.М. Бастауыш сыныпта текст арқылы ауызша тіл дамыту.-Алматы,1993
3. Әбілқаев Ә., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту. Метод. нұсқау 7-сынып.-Алматы,1984
4. Әлімжанова Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.- Алматы,1965
5. Әміров Р. Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар.-Алматы,1967
6. Мешимбаева Б. Гуманитарлық бөлiм студенттерiн қазақша пiкiрлесiм (диалог) арқылы сөйлеуге үйрету әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы , 1999.
7. Алдамбергенова Г.Т. Кәсiптiк мектептердiң орыс бөлiмi оқушыларының қазақша сөйлеу тiлiн құрылысшы мамандығына сәйкес мәтiндер арқылы дамыту: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы, 2002.
8. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ тiлi: Пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001.
9. Шаханова Р.Ә. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлiмдерiнде қазақ тiлiн мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми -әдiстемелiк негiздерi: Пед.ғыл.док. … дисс. –Алматы, 2002.
10. Жорақпаева М.Д. Ет-сүт биотехнология бөлiм студенттерiне қазақ тiлiн тыңдалым әрекетi арқылы оқыту әдiстемесi: Пед.ғыл.канд. … дисс. – Алматы, 2002
11. Абдразахова Ф.Ж. Қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым әрекеті арқылы үйрету әдістемесі (жоғары оқу орындарының филология факультетіне арналған): пед.ғыл.канд. авторефераты, Алматы, 2003
12. Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы және әдiстемесi, Алматы, 2000.
13. Уабиева Ә. Ә. Кәсіптік лицейдің 10-11-сынып оқушыларына қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі (орыс бөлімінің мамандығына арналған): пед.ғыл.канд. авторефераты, Алматы, 2003
14. Нұрғали С. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі үстеулерін айтылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі (заң факультеті орыс бөлімінің жалғастырушы топтар үшін): пед.ғыл.канд. авторефераты, Алматы, 2003
15. Мұратбекова А.М. Қазақ тілінің кәсіби лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту әдістемесі (тарих мамандығы үлгісінде): пед.ғыл.канд. авторефераты, Алматы, 2003

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары

Жоспары:
І. Кіріспе Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы
ІІ. Негізгі бөлім: а) Тіл дамытудың бағыттары, мақсаты мен міндеттері
б) Қазақ тілін дамыта оқыту
ұстанымдары
в) Тілді дамыту – ойды дамыту
г) Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің
тиімді
жолдары
д) Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету
ісінде тіл
дамыту жұмыстарын жүргізу
әдістемесі
ІІІ. Қорытынды Тілді мамандыққа қатысты оқыту
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны:
І. Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім
а) Тіл дамытудың бағыттары, мақсаты мен міндеттері 5
б) Қазақ тілін дамыта оқыту ұстанымдары 6
в) Тілді дамыту – ойды дамыту 9
г) Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді жолдары
11
д) Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету ісінде тіл дамыту
жұмыстарын жүргізу әдістемесі
14
ІІІ. Қорытынды
16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
22

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретудің маңыздылығы
Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық
деңгейде қызмет атқару қажеттілгі – заман талабынан туып отыр.
Мемлекетіміздің кез келген оқу орнында қазақ тілі ана тілі және
мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі Қазақстан Республикасында өмір сүріп
жатқан әрбір өскелең ұрпақтың ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның
қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде
қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі. Осы
үлкен міндетті жүзеге асыру оқу орындарының, білім алып жатқан болашақ
азаматтарымыздың қызметіне тікелей байланысты және мемекеттік тілдің
қолданылу аясына, қабылданған заңдардың сөз жүзінде емес, іс жүзінде
орындалуына байланысты. Өзге ұлт аудиторияларында қазақ тілін оқыту
барысында оқушылардың пікір айту, ауызша, жазбаша сауатты сөйлеу, қоғамның
өзге өкілдерімен дұрыс қарым-қатынас жасау, яғни, әрбір адамға керекті
коммуникативті дағдыларды қалыптастыру мәселелерін шешуге міндеттіміз.
Тілді мазмұнсыз, мағынасыз меңгеру мүмкін емес. Тіл арқылы қазақ халқының
тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, болмысы
танылады. Осы мақсатқа жетсек ғана Қазақстаның саналы, елжанды ұл-қызын,
қазақ халқын, ана тілін, жерін, тарихын құрметтейтін, қадірлейтін өзге
тілді азамат тәрбиелейміз.
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту - қазіргі мектептегі оқу-тәрбие
ісіндегі басты проблема.Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра
оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне ерекше көңіл бөлініп
отыр. Сондықтан, оқытушы мемлекеттік тілді үйрету барысында тіл дамыту,
байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалды дұрыс таңдай
білу (сөздің, сөйлемнін үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің
теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу
жұмыстары арқылы іске асырады. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында
оқытушы оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің
мөлшері лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын
орфографиялық және пунктуациялық жағынан дүрыс жаза білуге жаттықтырады.
Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін –
оқытушы. Сондықтан оқытушы тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын,
орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет. Әр
оқытушы қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде
жүргізіліп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі
құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі
сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды . Демек, оқушылардың тілі дамыту
жұмысы - ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, оқушы қай пәнде
оқып – үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-
күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан, қазақ тілі
сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға
бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау
қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің
бірлігінде ұйымдастырылады. [3,5]

Тіл дамытудың бағыттары, мақсаты мен міндеттері
Мемлекеттік тілді оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын
ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша және жазбаша ойын
грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету. Тіл
дамыту , негізінен, төмендегідей төрт бағытта жүргізіледі:
– мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық
жағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
– лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту.
Демек, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім
көзделеді.
– жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөдер жасайтын
формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап
үйрету. Сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет
беру.
- оқушының ойын жазбаша дұрыс, саатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрту
мақсат етіледі. [4,10]
Міне, тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе
айналасында қарастырылып іске асырылады. Дидактикалық қағидалар әр пәнді
оқыту методикасының, соның ішінде қазақ тілін оқыту методикасының теориялық
негізі болып саналады.
Қазақ тілін оқыту мен тіл дамыту жұмысы мынадай дидактикалық негіздерде
жүргізіледі: сөйлеу мен ойлаудың бірлігі қағидасы арқылы оқушы тіл мен
ойлау бір-бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы
әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін яғни, сөйлеуді ойлаудан бөліп
алудың мүмкін еместігін түсінеді. Бұл қағида арқылы оқушының ойлау
әрекетін дамыта отырып, үрлі ой қортындыларын жасай білу дағдылары
қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау,
жинақтау, қортындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да
басқа түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім
жүйелерін меңгереді. Оқытушы бұл қағидаларды негізге ала отырып, қазақ
тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты
оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан
қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді,
қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселелерге көңіл бөледі. Сондай-ақ,
қағиданы іске асыруда екінші басты мәселе – оқушылардың орфографиялық
ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлеу білуге, сауатты,
қатесіз жазуға дағды беру.
Сөз тіркесі, сөйлем құрауға үйрету жұмысы оқушы ойын байланыстырып
айта білумен бірге жаза білуге дағды береді. Мұғалім сөз тіркесі және
сөйлемді дұрыс құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана
білуге, синонимдік қатарларды, сөзді таңдап қолдана білуге үйретеді.
Оқушыларға төмендегідей жұмыстарды орындату тиімді: сөз тіркестері арқылы
сөйлемдер құрату, жай сөйлемдерді жалпылама сөйлемге айналдыру, аяқталмаған
сөйлемді аяқтау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқтау, таныс тақырыптар
бойынша бір-бірінің жұмысын редакциялату, түрлі тақырыптарға байланысты
мәтіндер құрату, сөздік жұмыстарын жүргізу. Осындай бағытта жүргізілген
жүйелі жұмыстар арқылы оқушы сөйлем құрауға дағдыланады. Өзге ұлт
аудиторияларында мемлекеттік тілді оқыту барысында тіл дамыту жұмыстарының
орны ерекше. [2,15]

Қазақ тілін дамыта оқыту ұстанымдары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде қатысым мәселесін тұңғыш рет ғылыми
тұрғыдан зерттеген әдіскер-ғалым Ф.Оразбаева. Ғалым Тілдік қатынас
теориясы және әдістемесі еңбегінде тілдік қатынасқа, оның
түрлеріне,ұстанымдарына,т.б. мәселелерді қарастырады.Тілдік қатынас пен
қатысымдық әдіске байланысты көптеген терминдер ұсынып,олардың мән-
мағынасын түсіндіреді. Ол қатысымдық әдіске орай Қатысымдық әдіс дегеніміз
- оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын белгілі
бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік
категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын,тіл
үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп тілді қарым-қатынас құралы
ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрідеген анықтама береді.Ол қазақ
тілін оқытудың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып қатысымдық әдістің
мынадай ұстанымдарын белгілеп береді:
1.Тіке байланыс.
2.Адамның жеке қабілетін ескеру
3.Сөйлеуге үйретуде жұмыстардың түрлерін айқындау
4.Сатылап даму
5.Динамикалық өзгеру
6.Өзектілік
Қазақ тілін жоғары оқу орындарында мамандық негізінде дамыта оқытуда
тіке байланыс ұстанымы студент пен оқытушының, студент пен студенттің
тікелей қарым-қатынас жасап сөйлесуі, пікірлесуі нәтижесінде жүзеге
асырылады. Оқытушы студенттердің жауаптарының негізділігіне, ақпараттарды
пайдалану ерекшеліктеріне және өз ойын ашық, анық айта білуіне, өз
қолданыстарына, ойларының ұшқырлығына баса назар аударады. Жоғары оқу
орындарының өзге тілді бөлімдерде қазақ тілін дамыта оқытуда студенттердің
жеке қабілеттерін ескеру басты орында болады. Дамыта оқыту әдістемесі
бойынша оқытушы әрбір студентпен тікелей қарым-қатынас арқылы тілдік, ойлау
қабілеттерінің шамасын айқындайды. Дамыта оқыту - бұл дәстүрлік білім
беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлі оқыту оқытушының жеке түсіндіруі,
қойылған сұрақтарға жауап беруі, студенттердің үлгі бойынша жаттығу
жұмыстарын орындауы, яғни, дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту
студенттерге сұрақ қоя білуге және олардың көзқарастарымен санасатын, жалпы
пікірлесе отырып қорытынды шығаруға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға
бағытталған оқыту түрі. Оқытушы студенттердің жеке қабілеттерін ескере
отырып олардың арнайы қабілеттерін (тілдік) дамытуға күшін салады. Мысалы,
тілдік қабілеті төмен немесе нашар дамыған студенттермен тікелей диалогтік
қарым-қатынас жасауға, пікірталасқа қатыстыруға, көркем-әдебиет
шығармаларын оқып талдауға үлкен күш салынады. Сөйлеуге үйретуде
жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау ұстанымы дамыта оқытудың сапалы
болуын қамтамасыз етеді. Себебі, студенттерге тілді меңгертуде қандай
жұмыстар мен тапсырмалар орындауы керектігін оқытушы алдын ала белгілеп
алуы керек. Жұмыс түрлерін айқындау ұстанымы мұғалімнің жан-жақты
ізденуін, алдына нақтылы міндет қоя отырып әр сабақтың мақсатын айқындап
алуын талап етеді және тіл үйрету барысында мұғалімге еркіндік береді,
белгілі бір мақсатқа орай оқытушы жұмыстың түрлері мен талабын оқушының
жеке басының қажеттілігіне сай жетелдіріп не азайтып отыруына болады.
[8,11]
Қатысымдық әдіс – тілдік қатынас теорияларын іс жүзіне
асырушы барлық іс-әрекеттер мен тәжірибелердің жиынтығы. Қатысым әдісі –
оқыту әдісінің барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді де меңгереді.
Сонымен қатар оның өзіне тән ерекше белгілері де бар. Мұндай өзгешелік
оның басқа әдістің түрлерінен артықшылығында немесе алатын орнының ерекше
маңыздылығында емес, өмірдегі тілді оқыту жүйесінің өзі қатысымдық әдіске
сай қасиеттерді саралап шығуында. Бұл қасиеттердің ең басты айырмашылығы
қатысымдық әдістің екі үлкен проблеманың (тілдік қатынас пен оқыту
әдістемесі) басын біріктіріп отыруына байланысты. Әдістеме ілімінде
әдістің қаншалықты маңызды рөл атқаратынына ешкім шүбә келтірмейді. Сол
сияқты тілдік қатынастуралы мәселе соңғы жылдары тіл білімінде жеке сала
ретінде бөлініп шығып, арнайы қарастырыла бастады. Тілді үйрету мен
оқытуда жан-жақты пайдаланылатын қатысымдық әдістің өзіндік белгілері
мыналар: 1. Қатысымдық әдіс оқыту процесінде кем дегенде екі адамның,
немесе бір адам мен топтың, бір топ пен екінші топтың арасындағы тығыз
қарым-қатынастың, белсенді іс-әрекеттің жүзеге асуы нәтижесінде болады.
2. Қатысымдық әдііс оқушы мен оқытушы, үйренуші мен үйретушінің
әрқайсысының өзіне тән міндеттері бөлек болуын, ал олардың алдарына
қойған мақсаттарының ортақ болуын талап етеді. 3. Қатысымдық әдіс
үйренуші мен үйретушінің бір-бірімен пікір алмасуын, тіл арқылы сөйлесуін
қамтамасыз ете келіп, адам мен адамның, бір ұлт пен екінші ұлттың өзара
түсінісуіне жол ашады. 4. Қатысымдық әдіс оқыту процесіндегі бірнеше
тиімді тәсілдерді, амалдарды біріктіреді. Олардың ішінен бәріне ортақ
қасиетке ие болатын біреуі жетекші болып табылады. 5. Қатысымдық әдістің
басты белгісінің бірі – оқыту процесін практикалық бағытта жүзеге асыру,
сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу жүйесі
сырттай немесе жеке-дара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі
іс-әрекеті үстінде ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы өтеді. 6.
Қатысымдық әдіс арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді, белгілі
бір тілдің өзін қалай қолдану керектігі жөнінде оқытылады, яғни сол тілде
сөйлеу мәнері үйретіледі. Сонымен, қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен
оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас және әдістемелік
категорияларына тән басты белгілер мен принциптердің жүйесінен тұратын,
тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, бір өзекке бағындыратын
оқыту әдісінің түрі. Қатысымдық әдіс арқылы қазақ тілін үйрету
оқушылардың қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыру ерекшеліктеріне
байланысты. Қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үш түрлі мәселеге
тікелей қатысты: біріншіден - оқытудың мақсаты (тіл үйренушілерге қазақша
дұрыс сөйлеу нормаларын үйрету, қазақ тілін өмірде іс жүзінде қолдщана
білу, қазақша тілдесімді іс жүзіне асыру), екіншіден - оқытудың мазмұны
(тілді үйрету үшін қандай мәселелерге басты назар аудары керек, нені
оқыту керек (тілді үйрету керек пе, әлде сөз бен сөйлемді үйрету керек
пе) соларды анықтау), үшіншіден - оқытудың кезеңдері (тілді үйрету
барыснда оқытушы мен оқушының өткеретін жұмыс уақытының өлшемдері мен
ерекшеліктері). Қазақ тілін үйретуге қатысты сабақта жүргізілетін
кезеңдер: дайындық кезеңі, кіріспелік кезең, жаттықтыру кезеңі, игерімдік
кезең, тұжырымдық кезең. [11,11]

Тілді дамыту – ойды дамыту
Тілі жақсы дамыған тұлға ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай
меңгереді. Тілді дамыту – ойды дамыту. Оқушылардың тілі дамытуда сөздік
жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы – тіл дамыту жұмысының
бастапқы негізі болып саналады. Егер оқушының сөздік қоры кедй болса, ол
өзінің айтайын деген ойын нақты жеткізе алмайды және сөйлемдерін дұрыс
құрастыра алмайды. Сондықтан да сөздік жұмыс оқушылардың сөздерді,
сөйлемдерді дұрыс қалыптастыруына зор ықпал етеді. Сөздік жұмысын әр
сабақта өткізілетін тапсырмаларға байланысты жүргізіп отыру керек.
Сөздікпен жұмыс істегенде, жаттығу орындағанда кеспелерді немесе суреттерді
қолданғанда әрдайым қазақ тіліне тән дыбыстар қатысқан сөздерге мән берген
тиімдірек. Жаңа сабақ сөздік жұмысынан басталады. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ
тілін үйретушілердің аса зер салатын өзекті мәселелерінің бірі де осы.
Оқушыларға жаңа сөз үйретуде оның өзге тілдегі баламасымен қоса суретін
көрсетіп, жанына қатарласа заттың аты қазақша жазылады, оны бірнеше рет
қайталата оқытып, мағынансын түсіндірсе, бұл жұмыс әлдеқайда ұтымды болады.
Ол сөздерді есте сақтау үшін сол сөздер бар сөз тіркестерін құрып,
күнделікті тұрмыста қолдана алатындай сөйлемдер құратып, оны жаздырып
отырса, тіл дамыту жұмыстарының тиянақты жүргізілгені. Әр жаңа сабақта
оқушы бірнеше жаңа сөздер үйренеді. Жаңа сөздерді үйрету барысында сол
сөздердің синонимін, антонимін, омонимдерін тауып жазғызу жұмыстарын
жүргізген тиімді.
Мысалы : ақ – қара, сұлу – көркем, сымбатты, әдемі [12,24]
Тіл үйрету үшін оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке
ерекшеліктерін, олардың зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу
керек. Оқушылардың қабылдауы мен ойлауында толып жатқан ерекшеліктер бар.
Сондықтан, әр сабақта қай оқушы нені білетінін және соған көмектесу үшін не
істеу керектігін анықтап, есеп жүргізген жөн. Сонда әр оқушыға жекелей
қандай тапсырма беру керек, кіммен нендей жұмыс жүргізу қажет екендігін
шатастырмай білесің, бұл меңгеруі төмен оқушыларға көп көмек береді.
Оқушының жіберген қатесін дәптерге жазып және оның себебін анықтағаннан
кейін, сол қатесін оқушы екінші рет қайталамау үшін соған сәйкес қосымша
жұмыс ұйымдастыру қажет. Мысалы: оқуға, жазуға үйрету барысында олар жеке
әріптерді, дыбыстарды жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл
бөлмейді, сөздерді дұрыс байланыстырып оқып, жаза алмайды. Сондықтан әрбір
сөздің айтылуы мен жазылуын салыстырып, сөзді буынға, буынды дыбысқа бөліп
немесе керісінше дыбыстардын буын, буынан сөз құрыстуры арқылы үйретсе, сол
сөзді оқушылар дұрыс жазып оқиды және есінді ұзақ сақтайды. [12,56]
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрену әр сабақта жаңа сөздерді құрғақ
жаттау емес, сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғынып, ауызша және
жазбаша қолдана білу керек. Үйреткен жаңа сөздерді оқушылар ұмытып қалмау
үшін жаттығудың мынандай түрлерін орындатқан пайдалы:
1. Жаңа сөздерді оқыту
2. Қиын сөздерді хормен оқыту немесе үнтаспаға жазып қайталап тыңдату
3. Жаңа сөзді сөз тіркесі, сөйлдем ішінде оқыту
4. Ауызша сұрақ-жауапты қолдану
5. Сол сөздерді қолданып, сурет боыйнша сөйлем құрату
6. Заттың өзін немесе суретін көрсетіп аттарын атату
7. Жаттығулар орындау
8. Кеспе бойынша өздік жұмыстар орындату
Осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақтарда қайталау арқылы
оқушылардың есінде ұмытылмастай мәңгі қалдыруға болады. Өйткені, ондай
сөздерді дұрыс айта білу, жаза білу өзге ұлт өкілдеріне қиынға соғады.
Сондықтан бұл дыбыстарды әр сабақ сайын қайталап отырудың еш артығы жоқ.
Еліміздің өркениетті дамыған елдер қатарына қосылуы үшін қоғамның
әрбір азаматының ой-санасы дамыған, өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылық
тұлға болуы талап етіледі.Өйткені,мемлекетіміздің келешегінің кемелдене
түсуі - тек шығармашыл адамдар қолынан келетін іс. Сондықтан, еліміздің
білім беру жүйесі әрбір азаматтың шығармашыл тұлға болып қалыптасуына зор
көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары қазақ тілін жоғары оқу орындарында
қатысымдық тұрғыдан меңгертумен қатар студенттердің мамандығын есепке ала
отырып оқыту мәселесі алға шықты. Өйткені бүгінгі студент - ертеңгі маман.
Олар мемлекеттік тілді өз дәрежесінде жетік меңгерумен қатар өз мамандығына
байланысты лексиканы игеріп, іс-қағаздарын сауатты жүргізуді үйренуі қажет.
Басқаша айтқанда, тіл үйренуші алған білімін өзінің күнделікті кәсіби
қызметінде пайдалана алатындай дәрежеде болуы керек.
Сонымен қатар, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында логикалық
тапсырмалар қолданғану жемісті нәтиже берері анық. Логикалық тапсырмалар
оқушыларды белсеңділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру,
сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсаттарында
пайдаланылатындықтан, олар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
төмендегідей үш негізгі бағытта іске асырылады:
- қызығушылығын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне тапсырма қоя
білу);
- ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
- шығармашылық ізденуін дамыту.
Мұндай тапсырмалардың мақсаты төрт түрлі болып келеді:
- оқушыларды машықтандыру, сергіту;
- оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психикалық
механизмдерін дамыту (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
- іздену тапсырмаларын орындату арқылы оларды өз беттерімен жұмыс
жасай білулеріне дағдыландыру;
- оқушыларға белгілі түсініктен жаңалықты көруге тәрбиелеу мақсатында
шығармашылық тапсырмалар орындату.
Бұл кезеңде репродуктивті тапсырмалар беріледі. Оқушы әрбір сауалды
өте ұқыптылықпен тыңдап, оған айқын, тез жауап беруі қажет. Мұнда пәнаралық
байланыс міндетті түрде пайдаланылады.
Сабақ үрдісінде тірек белгілерін қолдану оқытушыдан шығармашылық
ізденісті, іскерлікті, шеберлікті, эстетикалық талғамды, психологиялық
үйлесімділікті қажет ете отырып, өз пәніне деген қызығушылығын арттырса,
оқушының өз бетімен іздену, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, есте сақтау
қабілетін арттыру, тұжырымдап топшылау дағдыларын қалыптастыру сияқты,
бірқатар іскерлік мүмкіндіктері деңгейлерін арттырады. [12,74]

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне меңгертудің тиімді жолдары
Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту әдістерін анықтау оны
міндетті тіл дәрежесіне көтеруді мақсат етеді. Алайда, қазақ тілін өзге ұлт
аудиторияларында оқыту әдістері басқаша болатынын ескеру қажет.
Мемлекеттік тілді оқытудың негізгі міндеті, біріншіден, оқушының
сауаттылығын, ойлау қабілетін дамыту барысында жаттығу жұмыстарымен
дәлелденіп отырса, екіншіден, оқушылардың еркін сөйлеу дағыдыларын
қалыптастыру болып табылады. Ендеше үйренушінің тілін дамыту мақсатында өз
бетімен жұмыс істеуге, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру қажет. Өйткені
өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлей білуге, жаза білуге, өз ойын айта білуге
үйрету – басты мақсаттардың бірі.
Алғашқы сабақтарда оқытушы сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып,
оқушылардың көз алдындағы заттардың атын, оқу құралдарының атауын жатқа
айтқызуды көздейді. Осы сәттен бастап оқытушы екі немесе үш сөзден тұратын
диалог сөздер қолдану арқылы оқушының тілін, ойын дамытады, аудиториядағы
заттарды оқушы айта алатын болған соң оқытушы айналадағы заттарды әр жерге
қойып, сұрақ-жауап әдісі арқылы үйренушілердің қазақша сөйлей білу
мүмкіндігін біртіндеп арттыра береді. Әсіресе, қысқа да қызықты диалогты
сөйлемдер қолдану үйренушіге зор көмегін тигізеді. Мысалы: Мынау не? Бұл –
қаламсап.. Кітап қайда жатыр? Кітап үстелде жатыр.Үстелде не жатыр ?
Үстелде карандаш өшіргіш жатыр .Осындай тәсілдермен тіл дамыту үшін
қолданылтын сөздер біртіндеп сөйлем құрамына айнала береді. Жоғары
сыныптарда сұрақ-жауап әдісі күрделене түседі. Оқушы қызықты да қысқа
мәтінді оқып, мазмұнын айтып тілін жаттықтырып, ойын дамыту үшін жалғау
түрлерін ажырата бастайды. Ал мәтін бойынша сұрақ-жауап әдісі екі мақсатта
қолданылады. Бірінші – сөйлем құрамындағы сөздерден жалғау түрлерін
айқындау барысында қазақ тілінде 4 түрлі жалғау бар екенін ескере
отырып,жаттығу жұмысын жүргізу қажет. Екінші – оқушылардың тілін дамыта
отырып,ойлау жүйесін жетілтіру. [13,16]
Тіл дамыту жұмыстары қай тақырыпта, қай кезеңде жүргізіліп отыру қажет
деген сұрақ туындайды. Оқушы мәтіндегі жаңа сөздерді игеру үшін жалғау
түрлерін ажырата білуі қажет. Мұнда ескеретін жайт, қойылатын сұрақтар,
өтілетін мәндер оқушының жас ерекшелігіне байланысты болуы қажет, яғни,
нақты, жинақы, түсінікті, оқушы ойына қонымды, жүрегіне жағымды дегендей.
Сұрақ – жауап әдісі тек қана жаңа материалды игеру мақсатында емес,
өтілетін грамматикалық формаларды бекіту, түйіндеу, есте сақтау мақсатында
жүргізіледі.
Оқыту барысында сөздікпен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру отырып,
төмендегідей жұмыс түрлерін орындатады:
1. Сөздердің мағыналарын аудару, түсіндіру.
2. Сөздерді дұрыс айтуға жаттықтыру.
3. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы,оқушыға мәнерлеп оқыту.
4. Үйренуші оқытушы айтқан сөздерді дауыстап оқуы.
5. Тізбекпен оқу.
6. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
7. Сөйлемдер құрау.
8. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге дауыстап оқи отырып жазу.
9. Тақтаға тірек сызбаны іліп жаңа тақырып түсіндіру
Оқытушы тақтаға жаңа тақырыпты түсіндіреді. Берілгені тірек сызбаны
оқушылар дәптерге көшіріп жазады. Оқушылар бірнеше рет қайталап оқиды,
дәптерге көшіріп жазады, қайталап оқиды. Оқушы мәтінді оқып болған соң
мәтіннің мазмұнын айтады. Оқулықты жауып қойып, 9, 10 сөз жазуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту
Қазақ тілі сабағын оқыту
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Арнайы курстарда қазақ тілін оқытудың болашағы
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Қазақша сөйлеу дағдыларды қалыптастыруға тән ерекшеліктер
Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қатысым әдісін қолданылу
Пәндер