Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
1 Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Педагогиканың негізгі категориялары
Тұлғалық педагогика ғылымы және педагогикалық тәжірибе
Педагогика ғылымының міндеттері
2. ТҰЛҒАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ӘДІСНАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Тұлғалық педагогика білімі және оны зерттеу
Дәстүрлі педагогика әдістері
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ОҚУ.ҮЙРЕТІМ
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ . САБАҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК, МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРІНІСІ
Педагогикалық өнер түсінігі және педагогикалық шеберлік
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОРТАҚТАСУ ШЕБЕРЛІГІ
ДАМЫТУШЫ ОҚУ.ҮЙРЕТІМ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Дамытушы оқу.үйретімінің психологиялық ерекшеліктері

Көптеген тәлім, тәрбиелік сұрақтарды шешуде пәнаралық байланыстар мен педагогиканың баска ғылымдармен сабақтастығын білу қажет болып жатады. Осыдан, педагогиканың теориялық ойластыру үдерісінде әдіснамалық бастау алдымен философияға беріледі. Философиялық тұжырымдар әрқандай ұғым негізі ретінде қызмет етеді. Философия тарапынан ұсынылатын теориялық таным принциптері заңдар жалпылығының арқасында жанама түрде оқу-үйретім, танымдық іс-әрекет заңдылықтарын, олардың тетіктерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық талаптарына сәйкес педагогиканың категориялық және ұғымдық қоры жинақталып, жетіле түседі.
Аса тығыз байланыс педагогика мен психология арасында орныққан. Бұл байланыс зерттеулер нысаны деңгейінде өз көрінісін ежелден тапқан, ол адам психологиясы, өз ішінде тұлғаның кемелдену заңдылықтарын қамтыған психологиялық үдерістер. Ал педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару заңдылыктарын зерттейді. Адам тәрбиелілігі, біліктілігі – бұл адам психикасының (көңіл-күй – еріктік және ақыл-ес сапаларының да) белгілі мақсат бағдарында өрістеп, нәтижеге келуі. Психология педагогикаға психика дамуын басқарудың әдіснамасын да (мысалы, іс-әрекет принципі) дәл нақтылап ұсынады. Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогика мен психолоғияның табиғи тығыз байланысты болатынының жарқын дәлелі аралық пәндерден көрінеді: педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясы, кәсіби пвдагогикалық іс-қызмет психологиясы, педагогикалық жүйелерді басқару психологиясы және т.б. Педагогиканың қай саласы болмасын, өз зерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйейді.
Педагогика физиологиямен тығыз байланыста. Балалардың тән-дене және психикалық даму тетіктерін түсіну үшін бүкіл ағзаның, оның жеке бөліктері мен қызметтік жүйелерінің тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн. Жоғары жүйке қызметтерінің орындалу заңдылықтарын білуден педагогика дамытушы оқу-үйретім технологиясын құрастыруға, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етуші құрал-жабдықтарды пайымдауға мүмкіндік алады.
Педагогиканың әлеуметтанумен (социология) қызметтік байланысы көптеген ғылыми жетістіктердің көзін ашады. Олар – тәлім, тәрбиенің қоғамдық негіздері, тұлғаның әлеуметтену зандылықтары жөнінде жалпы теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі және тәрбиесі мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу. Келесідей әлеуметтану салалары: отбасы социологиясы, тәлім социологиясы, тәрбие социологиясы, шәкірт-студент жастар социологиясы және т.б. педагогика ғылымының сыбайлас салалармен тікелей сабақтас келеді. Тәрбие және оқу-үйретім үдерістерін зерттеуде педагогикаға информатика мен кибернетика жаңа қосымша мүмкіндіктер ашып беруде. Бұл ғылым көздерін пайдалана отырып, педагогика оқу-білім игеру үдерістерінің жаңа формаларын ашады (мысалы, қашықтан оқыту), тәрбие және оқу-үйретім іс-әрекетін басқарудың тәсілдері мен тетіктерін жетілдіреді.

Көптеген тәлім, тәрбиелік сұрақтарды шешуде пәнаралық байланыстар мен
педагогиканың баска ғылымдармен сабақтастығын білу қажет болып жатады.
Осыдан, педагогиканың теориялық ойластыру үдерісінде әдіснамалық бастау
алдымен философияға беріледі. Философиялық тұжырымдар әрқандай ұғым негізі
ретінде қызмет етеді. Философия тарапынан ұсынылатын теориялық таным
принциптері заңдар жалпылығының арқасында жанама түрде оқу-үйретім,
танымдық іс-әрекет заңдылықтарын, олардың тетіктерін ұтымды пайдалануға
мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық талаптарына сәйкес педагогиканың
категориялық және ұғымдық қоры жинақталып, жетіле түседі.
Аса тығыз байланыс педагогика мен психология арасында орныққан. Бұл
байланыс зерттеулер нысаны деңгейінде өз көрінісін ежелден тапқан, ол адам
психологиясы, өз ішінде тұлғаның кемелдену заңдылықтарын қамтыған
психологиялық үдерістер. Ал педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару
заңдылыктарын зерттейді. Адам тәрбиелілігі, біліктілігі – бұл адам
психикасының (көңіл-күй – еріктік және ақыл-ес сапаларының да) белгілі
мақсат бағдарында өрістеп, нәтижеге келуі. Психология педагогикаға психика
дамуын басқарудың әдіснамасын да (мысалы, іс-әрекет принципі) дәл нақтылап
ұсынады. Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де
психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогика мен психолоғияның
табиғи тығыз байланысты болатынының жарқын дәлелі аралық пәндерден
көрінеді: педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясы, кәсіби
пвдагогикалық іс-қызмет психологиясы, педагогикалық жүйелерді басқару
психологиясы және т.б. Педагогиканың қай саласы болмасын, өз зерттеулерінде
өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйейді.
Педагогика физиологиямен тығыз байланыста. Балалардың тән-дене және
психикалық даму тетіктерін түсіну үшін бүкіл ағзаның, оның жеке бөліктері
мен қызметтік жүйелерінің тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн. Жоғары
жүйке қызметтерінің орындалу заңдылықтарын білуден педагогика дамытушы оқу-
үйретім технологиясын құрастыруға, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етуші
құрал-жабдықтарды пайымдауға мүмкіндік алады.
Педагогиканың әлеуметтанумен (социология) қызметтік байланысы
көптеген ғылыми жетістіктердің көзін ашады. Олар – тәлім, тәрбиенің
қоғамдық негіздері, тұлғаның әлеуметтену зандылықтары жөнінде жалпы
теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі және тәрбиесі мәселелері бойынша
қолданбалы зерттеулер жүргізу. Келесідей әлеуметтану салалары: отбасы
социологиясы, тәлім социологиясы, тәрбие социологиясы, шәкірт-студент
жастар социологиясы және т.б. педагогика ғылымының сыбайлас салалармен
тікелей сабақтас келеді. Тәрбие және оқу-үйретім үдерістерін зерттеуде
педагогикаға информатика мен кибернетика жаңа қосымша мүмкіндіктер ашып
беруде. Бұл ғылым көздерін пайдалана отырып, педагогика оқу-білім игеру
үдерістерінің жаңа формаларын ашады (мысалы, қашықтан оқыту), тәрбие және
оқу-үйретім іс-әрекетін басқарудың тәсілдері мен тетіктерін жетілдіреді.
Педагогиканың негізгі категориялары
Категориялар - бұл ғылым мәні мен оның тұрақты әрі жалпы қасиеттерін
танытушы аса ауқымды да қомақты түсініктер қоры. Қай ғылымда да
категориялар жетекші роль атқарып, бүкіл ғылыми білімнің өзегі ретінде, оны
бір тұтастыкқа келтіруші жүйе қызметін атқарады. Педагогикада мұндай
жүйелік қызметтерді атқарушы категориялар қатарында тәрбие, даму, тәлім,
білім және оқу-үйретім ұғымдары аса маңыздыларынан.
Тәрбие – жаңа әулетті қоғамдық өмір мен өндірістік еңбекке дайындауға
қажет қоғамдық-тарихи тәжірибені игеруге арналған әлеуметтік мақсатты
шарттарды (заттасқан, рухани, ұйымдастырушылық) жасау іс-әрекеті.
Тәрбие – педагогиканың негізгі категорияларының бірі. Бұл түсінікті
сипаттауда кең әлеуметтік мағынадағы тәрбиені бөле қарастырып, оның
құрамында коғамның жеке тұлғаға болған жалпылай ықпалын алсақ, ал тар
мағынадағы тәрбиені жеке тұлғалық сапалар, көзқарастар мен наным-сенімдер
жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсат бағдарлары іс-әрекет
деп түсінуміз тиіс.
Тәрбие күнделікті іс-тәжірибеде, көбіне қандай да нақты тәрбиелік
міндетті шешуге арналған шағын мағынада да қарастырылады (мысалы, кейбір
мінез бітістері, танымдық белсенділік және с.с. тәрбиелеу). Сонымен, тәрбие
– 1) қоршаған дүние заттары мен құбылыстарынан болған нақты қатынастар; 2)
дүнетаным; 3) мінез-құлық (қарым-қатынастар мен жан дүние көрсеткіші
ретінде) орнықтыруға орай тұлғаны мақсатты бағытта қалыптастырып, кемелге
жеткізу ісі.
Тәрбие - нақты-тарихи құбылыс. Ол қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-
эканомикалық, саяси және мәдени деңгейімен тығыз байланысты келеді. Адамзат
қоғамы тәрбие арқылы өз тәжірибесі мен өткен әулеттер тәжіриебесін өткізу
арқасында әр адамның дамуын қамтамасыз етіп барады.
Даму - бұл адамның тәндік және рухани күштерінің іштей, бірізді
шынайы сандық, сапалық өзгерістерге келу үдерісі. Мұндай өзгерістер тәндік
және психикалық дамумен байланысты іске асып барады. Тұлға дамуы ішкі және
сыртқы, әлеуметтік және табиғи, басқарымды және кездейсоқ ықпалдарға
тәуелді.
Тәрбие үдерісінде адам даму желісіне түсіп, кейін даму деңгейі
тәрбиеге ықпал жасай отырып, оны өзгеріске келтіреді.
Тәлімдену – адам дамуы үшін қоғамда арнайы ұйымдастырлатын жүйе – бұл
оқу-тәрбие мекемелері, мамандардың біліктілігін көтеру және оларды қайта
дайарлау оқу орындары. Бұл жүйеде белгілі мақсатқа, бағдарламаларға,
құрлымдарға орай өткен әулеттердің ақыл-ес және дағдылық тәжірибесі арнайы
дайындалған педагогтар тарапынан ұсынылады және шәкірттер қажеттеріне орай
қабылданады. Мемлекет қарамағындағы барша тәлім– тәрбие мекемелері
тәлімдену жүйесіне біріктіріліп,солар арқылы адамның біртұтас тұлғалық
дамуын басқару ісі орындалып жатады.
Тәлім – бұл білім, ептіліктер, дағдылар, қарым-қатынастар жүйесіне
келтірілген әулеттер өнеге, үлгілері тәжірибесінің әрбір адам,қоғам мүшесі
тарапынан игерілу үдерісі және үдерістің нәтижесі.
Тәлім ісіне байланысты тікелей ғылыми ақпарат не тәжірибе ұсыну
әрекеті және олардың шәкірттер тарапынан қабылдау үдерістері ажыратылады.
Бұл тәлім жеткізу және оны қажеттілікке орай қабылдау қатынастары негізінде
жүргізлетін оқу-үйретім әрекеті.
Оқу-үйретім арнайы дайындықтан өткен (педагог, мұғалім) адам
тарапынан іске асырлатын үдеріс. Осы үдерісте тұлғаны тәлімдендірудің
қоғамдық шартты міндеттері, оның тәрбиесі және дамуы біртұтас тығыз
байланыста орындалып жатады.
Оқу - бұл педагог пен шәкіртің өзара ықпалды әрекеттестігінің
арқасында әулеттер тәжірбесін тікелей ұсыну және шәкіртің ұмтылыс
қажеттігіне орай қабылдауға бағытталған тәлім, тәрбиелік, яғни біртұтас
педагогикалық үдеріс атамасы. Ал бұл үдерісте орындалатын нақты міндет –
үйретімүйренім.
Үдеріс ретінде оқу-үйретім екі бөліктен құралады: 1) оқу-үйретім
(мұғалім әрекеті) – бұл әрекет барысында білім, ептіліктер мен дағдылар, іс-
әрекеттік тәжірибелер жүйесі қабылдаушыға ұсынылады немесе бұрыннан
игерілгеңдер өзгеріске келтіріледі; 2) оқу-үйренім (оқушы әрекеті) –
шәкіртің өз қажеттілігіне және қабілетіне орай қабылдауы, түсінуі, қайта
жасауы мен қолдануы, пайдалануы, қанағат табуы арқылы ұсынылған тәжірибені
игеру, меңгеру үдерісі.
Дегенмен, адам әлеумет тәжірибесін құя салатын құмыры емес, ол
тәжірибені өзі игеретіндей қабілетке ие болуымен бірге, қандай да жаңалық
субьекті болуы тиіс. Сондай-ақ, адам дамуы негізінен-бұл әр тұлғаның
өзіндік таным талпынысы, өзіндік жетілуге ұмтылыс сапаларына байланысты
келеді.
Өзіндік тәрбие - бұл өткен әулет тәжірибесінің әрбір қоғам мүшесі
тарапынан дамуға арқау болатын өзінің ішкі жан дүниелік қалыптары негізінде
игерілу үдерісі.
Тәрбиені, тәлім мен оқу-үйретімді тұтастықта іске асыра жүріп,
адамдар нақты тәрбиелік қатынастарға түседі. Тәрбиелік қатынастар дегеніміз
– бұл тәрбие, тәлімдену, оқу-үйретім арқылы тұлға дамуына бағытталған
адамаралық байланыстардың ерекше түрі. Тәрбиелік қатынастар адам дамуына
ықпал жасаушы сыртқы жағдайлармен (тәрбие, тәлім, оқу-үйретім) қисынды
бірігімде, біртұтастықта өтеді. Осындай өзара ықпалдасты әрекеттер
нәтижесінде адам дамиды, қалыптасады.
Білім (знание) – бұл тәрбиелік қатынастар, тәлім, тәрбие үдерісінде
адам санасында жүйелі қалыптасқан табиғат, қоғам және өзі жөніндегі
пайымдар жиынтығы. Тұлғалыққа ұмтылысынан оқу-үйретім үдерісіне енген,
адамның жалпы дүниеганымдық қорының рәміздік, пайым, термин, анықтама,
түсінік, теорема ж.т.б. күйінде сана деңгейінде өрнектелу нәтижесі - осы
білім. Әрбір адамның білім сипаты сол адамның табиғи ерекшеліктері мен
әлеуметтік-қоғамдық, кәсібиіе-әдістемелік жағдайларына тәуелді.
Тұлғалық педагогика ғылымы және педагогикалық тәжірибе
1867 ж. жарық көрген өзінің Адам – тәрбие өнімі атты кітабында К.Д.
Ушинский Педагогика ғылым тұжырымдарының жинағы емес, ол тәрбиелік іс-
әрекеттер ережелерінің топтамасы – деп қадап айтқан. Одан әрі: Педагогика
ғылым емес, барша өнер түрлері арасындағы ең ауқымды да күрделі, өте биік
те аса қажетті өнер. Тәрбие өнері ғылымды сүйеніш етеді. Күрделі де ауқымды
өнер ретінде ол көп санды, кең де сан қырлы ғылымдарға арқа сүйейді; өнер
ретінде ол, біліммен қатар, қабілеттер мен тәілімділікті қажет қылады,ал
өнер болса, тура мәнге ие ұмтылысты қажет ететін, бірақ еш уақытта
жеткізбейтін мақсат – мұратқа-кемелді адам деңгейіне жетелейді - деп
толықтыра түседі.
Жүз жыл өте тиісті білімдермен толыққан педагогика енді өнер
қатарындағы құрметті орнымен келісе алмады. Әлемдегі миллиондаған
мұғалімдер киял қанатын тірек қылудан емес, ғылыми негіздемелер мен сапалы
дәйектелген технологияларды пайдаланудан тәрбие мәселелерін тиімді шеше
бастады. Бұл педагогика анықтамасына ықпал етпей қалмады: енді педагогика -
ғылым және өнер беделіне ие болды. Осылайша тұжырымдалған анықтама болмысқа
сәйкес келіп, бір жағынан, педагогикалық өнер басымдылығын дәріптеушілердің
көңілінен шықса, екінші жағынан, қатқыл қисын мен нақтылығы жоқ
дерексіздіктен тазарған педагогикалық теорияны қорғаушылдың талаптарына
сәйкес келді. Егер біздің заманымызда педагогикалық теория сахнасына
қытымыр зерттеушілер шығып, педагогикадағы өнерлік пен ғылымдылықтың ара
қатынасы қаншалықты? - деген сұрақты үзілді-кесілді, шүйдесінен коймағанда,
мұндай анықтаманың жасауы қанша уақытқа созыларын бір Жаратқан білген болар
еді. Егер жеңіс өнерлілер қолына түскенде, онда педагогика - қисынға
түспейтін оқу-тәрбие үдерісін іске асыруға арналған, бірі біріне
сабақтаспаған кеңестер, ережелер мен ұсыныстар жинағы болып қала берері
кәміл еді. Ал ғылыми педагогика өз пәнін шынайы ғылыми әдістермен танудың
жүйелі бағыты мен қисынын алғы шепке тартқан заңдңлңқтң ғылыми теорияның
барша бірліктерін қамтуы тиіс. Оның қорытынды тұжырымдары, заңдылықтары
берік орныққан өзара тәуілділікті сипатта болуы міндетті.
Бүгінгі таңда педагогиканың ғылыми беделін ешкім де жоққа шығара
алмайды. Тартыс енді ғылым және педагогикалық тәжірибе ара қатынасына бет
бұрды. Тәрбиешілердің нақты жетістіктерінің себептері бір-бірінен өте алшақ
болды: бір жағдайда олар терең білімдер мен педагогикалық теорияны тиімді
қолданудан пайда болды, ал екіншіде – табыс мұғалімнің жоғары тұлғалық
шеберлігінен, педагогикалық ықпал өнерін, сезімталдық пен көрегендікті іске
қосуынан қолға түсті. Қейінгі он жылдықтарда мектеп тәжірибесі мен
педагогика ғылымы арасындағы келіспеушілік көзге түсерліктей белең алды.
Ғылымға қарата айтылған сын орасан өткір болды:ол тәжірибені ілгерілі,
озық ұсыныстармен қамтамасыз ете алмайды, өмірмен байланысы жоқ, жылдам
ауысып жатқан қоғам үдерістері ізінен ілесуге қауқарсыз, т.с.с. Мұғалім
ғылымға сенгенді қойды, тәжірибе теорияға талақ тастады.
Мәселе өте күрделі. Мұғалімнің шынайы шеберлігі, тәрбиелік асқақ
өнері ғылыми білімдерге арқа сүйеуі тиіс екендігін педагогикалық қауымдағы
көпшілік ұмыта бастағандай. Егер кімде - кім тәлім, тәрбиедегі жоғары
табыстарға педагогикалық теориясыз жететін болса, онда ғылымның қажеті де
болмас еді. Бірақ олай болуы мүмкін емес. Қарапайым баспананы инженерлік
білімдерсіз-ақ тікейтіп алуға болады, ал қазіргі заманның зәулім
құрлымдарын ғылымсыз көтеру тіпті де қолдан келмейді. Педагогикада осы
сынды тәрбиеші кезігетін міндеттер неғұрлым күрделі болған сайын, оның
педагогикалық мәдениеті де соғырлым жоғары болғаны жөн.
Дегенмен, педагогика ғылымының дамуы тәрбие сапасын қамтамасыз ете
алмайды. Теория тәжіриебелік технологиялар нәрімен сусындауы қажет.
Әзірше ғылым мен тәжірибенің өзара жақындасуында елеулі шабаңдық байқалады:
мамандар бағамында, теория және тәжірибе арасындағы үзіліс 5-10 жылға
шамалас.
Педагогика өте шапшаң ілгерлеуде, сонысымен де ол өзінің жоғары
диалектикалылығын, икемшіл ауыспалылығын дәлелдеуде. Соңғы он жылдықтарда
ол өзінің бірқатар салаларында елеулі табыстарға қол жеткізді, әсіресе оқу-
үйретімнің жаңа технологияларын қалыптастырудағы жетістіктері мен сапалы
бағдарламалармен жабдықталған қазіргі заман компьютерлері оқу-үйретім
үдерісі міндеттерін тиімді басқаруда көп көмегін тигізуде. Педагогқа да,
шәкіртке де шамалы қуат және шағын уақыт жұмсауымен келелі нәтижелерге көп
жеткізуде жәрдемін беруде. Тәрбиенің жетілген әдістемелерін, өзіндік тәлім
меңгеру мен өзіндік тәрбие технологиясын жасауда өрісті ілгерлеу бар.
Ғылыми-өндірістік кешендер, авторлық мектептер, эксприменталды алаңдар
-бәрі де осы ұнамды өзгерістер жолындағы елеулі айғақтар.
Нақты ұсыныстар мен ережелер арқылы педагогикалық теория тәжірибелік
педагогикамен сабақтасьш жатады. Осы сабақтастықтан ғылым мен нақты іс-
қызметтің ажырамас бірлігі келіп шығады. Педагогикалық ғылым қолданылған
жерде әрқашан оқу-үйретім, тәрбие әрі даму жемісті келетіні даусыз.
Педагогика ғылымының міндеттері
Педагогиканың ғылыми және іс-қызметтік міндеттерін ажырата білу
қажет. Педагоғиканың ғылыми міндеттері – зерттеулер жүргізу, ал мектеп пен
жоғарғы оқу орындарының міндеттері – осы ғылым негізінде шәкірттер мен
студенттердің тәлім, тәрбиесін іске асыру.
Педагогика ғылымының алдына қойған басты міндеті – оқу-үйретім,
тәлім, тәрбие салаларына байланысты таным ақпараттарын ұсыну және тәрбиелік
жүйелерді басқару заңдылықтарын ашу, айқындау. Педагогикадағы заңдылық
дегеніміз әдейі жасалған немесе шынайы қалыптаскан жағдайлар мен қол жеткен
нәтижелер арасындағы байланыс, қатынастар. Зандылықтардың іске асу
нәтижесі: 1) тәрбиелілік; 2) тәлім; 3) тұлға дамуының мемлекеттің тәлім,
тәрбие стандартындағы нақты көрсеткіштерге сай келуі.
Педагогика ғылымының тұрақты міндаттерінің және бірі: күнделікті,
педагогикалық қызмет тәжірибесін зерттеу және қорыту.
Кәсіби тәлім, тәрбиелік қызмет, іс-әрекет әрдайым шығармашыл
сипатымен ерекшеленеді, осыдан кез-келген педагог-мұғалім өз шәкірттеріне
ықпал жасаудың тиімді жолдарын тауып, құрал-жабдықтарын жасайды,
жинактайды. Көптеген педагогтар соны, жаңашыл педагогикалық технологиялар
жасап, өзінің тәлім, тәрбие, оқу-үйретім қызметіне ендіруге қабілетті.
Алайда, мұғалімдердің шығармашылық еңбегі өзінің теориялық негіздемесі мен
ғылыми түсініктемесін таппаса, ол педагогикалық құндылықтар арасында өзіне
сай орнын иелей алмайды. Осыдан ғылымның атқаратыны-жаңалық мәніне жету
арқылы жаңашыл - педагог даралығының қайталанбас өнімі қайсы, ал жалпылық
тұжырымға келіп, қоғам мұратына айналғаны қайсысы екенін ажырата айыру.
Тәрбие жөніндегі ғылым міндеттерінің арасында маңызды орын
иелейтіндерінің бірі-жаңа тәлім, тәрбие әдістерін, құрал-жабдықтарын;
формаларын тауып оқу-үйретім, тәрбие, тәлім құрылымдарын басқару жүйелерін
ойластыру, ашу, бақылау. Осы міндетке байланысты педагогикада инновация
термині пайда болды.
Тәлім, тәрбие бағытын жақын мерзімге және ұзақты болашаққа болжастыру
да педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі. Ғылыми болжам болмаған
жерде педагогикалық саясатқа, тәлім эканомикасына, басқару жүйелеріне
жетекшілік жасау мүмкін етес. Педагогикалық жүйе екі бірдей ерекшелігімен
сипатталады: ол бір уақыт аралығында өз қызметін атқарумен бірге, үздіксіз
даму жүйесінде болады. Осыдан, педагогикалық жүйе қызметін басқарумен бір
қатар даму жүйесіне басшылық жасау қажеттігі туындайды.
Педагогика ғылымының маңызды міндеттерінің және бірі-бұл зерттеу
нәтижелерін күнделікті үдерістер тәжірибесіне ендіріп бару.
Бүгінгі таңдағы заман талабы – жаңалықты педагогикаға сәйкес бұл
ғылымның, теориялық және әдіснамалық негіздерін қайта құру, яғни мектеп
тәжірибесінің ұтымды байланыстарын, зерттеу істері мен тәрбие іс-
қызметтерін нарықтық заманға сай гуманистік бағыт жуйесін жаңашыл
бірігімді теориялық және әдіснамалық тұғырға қондыру.
Педагогика міндеттері мұнымен шектелмейді. Күнделікті тұрмыс пен
мектеп тәжірибесі педагогика ғылымы алдына бұрын ойымызға кіріп шықпаған
саналуан мәселерді тартып жатады,солардың арасында заман талаптарынан
туындап жатқан көкейтесті міндеттер тобы келесідей: электронды оқулықтар
қорын түзу, педагогикалық кәсіп стандарттарын жасау, шәкірттердің кәсіп
таңдауына ықпал жасаушы жағдаяттарды анықтау, мұғалім және тәрбие сұбъекті
арасында өрбіп жататын жанжалды қарым-қатынастар табиғатын талдау және т.б.
2. ТҰЛҒАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ӘДІСНАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Тұлғалық педагогика білімі және оны зерттеу
Педагогикалық теорияны зерттеушілердің әрбірі ерте не кеші қандай да
теоретикалық қорытындылар қалай алынған, қаншалықты олар шынайы болмысты
дұрыс сипаттай алады, оларға сенуге бола ма? – деген сұрактарға кезігеді.
Қандай да нақты шешімге жеткізген зерттеушінің ойлау желісі мен жолдары сол
шешімдер мен қортындылардың сапасына күшті әсерін тигізетіні белгілі.
Сондықтан да, педагогика пәні мен мәнін тану әрекетін ол жөніндегі ақпарат
алу әдістерінен ажырата, қарастыру ешқандай табысқа жеткізбейді. Шынайы
болмысты тану жолдары мен тәсілдері зерттеу әдістері деп аталады. Әдістер
жәрдемімен әрқандай ғалым зерттелуші нысан жөнінде ақпарат табады, алынған
деректерді талдайды және өңдейді, белгілі білімдер жүйесіне қосады. Осыдан
ғылым дамуының карқыны мен деңгейі онда қолданылатын зерттеу әдістеріне
орасан тәуілді келеді. И.П. Павлов айтқандай: айтылып жүр әрі ол орынды
да: Ғылым әдістемелер жетістігіне тәуілді дүмпүлі қозғалысқа келеді.
Әдістеменің әрбір қадамына байланысты бұрын көрмеген заттарымызды қамтыған
ауқымды көкжиек ашылып, біз бір саты жоғарлағандай боламыз. Ғылыми
қортындылардың шынайылығы мен сенімділігі сонымен бірге зерттелуші
құбылыстар мен үдерістерді түсінуге болған жалпы бағытқа да тәуелді.
Педагогикалық болмысты зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы
(гноссология). Талаптары әмбебап сипатқа ие ғылыми танымның жалпы әдістері
бағыттаушы қызмет атқарады.
Ғылыми зерттеу әдістері әрқашан таным нысандарымен тығыз байланысты.
Ақпарат теру құралдары зерттелуші пән ерекшеліктеріне сәйкес болуы шарт.
Бұл әрбір ғалымның зерттелуші құбылыстар ерекшеліктерін бақылау
мүмкіндіктері бар өзінің меншікті әдістерін ойлап тауып, пайдалануы тиіс
екендігін білдіреді.
Педагогикалық зерттеу әдістері тәлім, тәрбие жөніндегі ғылымның
қандай ерекшеліктерімен сабақтас келеді?
Педагогикалық үдерістерге тән бітіс – олар жүрісінің бір мәнді
болмауы. Тәрбие, тәлім, оқу-үйретім және дамудың нәтижелері бірдей уақытта
бірлікті әсер жасайтын көптеген себептерге тәуелді. Бір не екі жағдай
әсерінің өзгеруінен алынатын нәтижелер өзара ұқсамастық хәлге
түседі. Педагогикалық үдерістердің екі ұшты келіп, әрі бір мәнді болмауынан
ғылымда белгілі әдістердің колданылуын шектейді, осыдан педагогтар ақиқат
ақпараттарды алу үшін әрқилы ой тәсілдерін іске қосады.
Педагогикалық үдерістер өзінің қайталанбастық сипатымен ерекшеленеді.
Жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, делік) саласында зерттеуші бірдей
материалдарды пайдаланумен, жағдайларды өзгерте бермей-ақ, экспериментін
көп мәрте қайталай беруі мүмкін. Нәтижеде ол зерттелуші құбылыстар
арасындағы байланыс тұрақты ма, жоқпа деген бір қортындыға келе алады. Ал
зерттеуші-педагогтың мұндай мүмкіндігі жоқ. Қайта зерттеуде ол ауысқан,
жаңқа материалға кезігеді, жағдайлар да, әлбетте, бұрынғыдай болмай
шығады. Алғашқыда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пайдаланылған деректер
сипаты түбегейлі өзгеріске түседі. Осыдан да педагогикада қаншалықты мұқият
дайындалып, өткізілгенмен тап-таза эксперимент болуы мүмкін емес. Осы
жағдайды ескере отырып, бұрынғы нәтижелер алынған жәйіттердің салыстырмалы
екендігін түсінуден педагог өз қорытындыларын үлкен ептілік және байыппен
қолданымға салады.
Педагогикалык үдерістің және бір маңызды жағдаяты: оған сәбиден
бастап, түрлі жастағы адамдар қатысады. Педагогикалық
зерттеулерге
қойылатын басты талап: сынаманың зерттелушілердің денсаулығы мен дамуына
нұқсан келмейтіндей етіп жоспарлануы, ұйымдастырылуы және өткізілуі қажет,
сонымен де оқу-үйретім, тәрбие ықпалын жасай алады.
Педагогикалық үдерістердің ауыспалы өзгермелілігінің орнын толтырып,
оларды зерттеу барысында шынайы қорытынды алудың бір-ақ жолы бар, ол -
бақылаулар санын мейлінше көбейту. Осы жағдайда жекеленген зерттеудің
кемшіліктері көп бақылаулар есебінен мейлінше азаяды. Қоғамдық ғылымдарда,
олар арасында педагогикада да қорытындылар орташа, жалпыланған формада
жасалады. Мұнан басқа жол жоқ, шектен тыс ауысымдар қателікті көпшіл бағыт
нәтижелеріне орын беріп, есептен шығарылады.
Қалаған педагогикалық зерттеулердің ізгі мақсаты - зерттелуші
үдерістегі ретті байланыстар мен жүйелілікті табу, яғни заңдылықтар ашу.
Басты ғылыми педагогикалық категория ретіндегі заңдылық мәні – құбылыстар
арасындағы өзара тұрақты және қажетті байланыстардың болуы. Белгілі
жағдайларға орай олар өзгеріссіз, әрдайым көзге еленетін болса, онда бұл
шынайы заңдылық. Ғылым танушылар бұл категория шектерін нақтылауды мақсат
тұтып, өзара мәндес келетін заңдылық және заң ұғымдарының ара жігін
айырумен әлек. Заңдылық жөнінде сөз қозғалса, ең алдымен құбылыстар
арасындағы тұрақты да қажетті байланыстардың болуы ескеріледі, дегенмен,
сол байланыстың өзі әлі ақырына дейін зерттелінбеуі де мүмкін, кейде,
заңдылық – бұл ақырына дейін танылмаған заң немесе шектері мен формалары
толықтай белгілі болмаған заң деп те анықталады. Көп жағдайда заңдылық
ұғымы құбылыстар арасында қарқынды жиілігімен ерекшеленетін байланысты
аңдатады. Шынайы болмыс құбылыстарындағы белгілі жүйелілікті де осы
заңдылық ұғымымен түсіндіруге әбден болады. Заңдылық ұғымы педагогикада дәл
осы мәнде қолданылып жүр.
Заң – қатқыл нақтыланған заңдылық. Философтардың пайымдауынша, заң
кұблыстар, үдерістер және жүйелер араларындағы тұрақты да қажетті ішкі,
астарлы байланысты аңдатады. Сонымен бірге, ғылыми заң болмыс құбылыстары
арасындағы шынайы, мәнді, қажетті, жалпы тұрақты және белгілі жағдайларда
қайталанып барушы байланыстарды өрнектейді.
Заңдылықтар мен заңдар мүмкін болғанша білімдерді тығыздыққа
келтіреді, ғылымда бар білімдер көлемін ықшамдайды. Мұндай тарылту
механикалық немесе артық ақпаратты жауып тастау жолымен емес, бар
мәліметерді ірілете топтастырып, жекеленген тәуілділіктерді мәндік
қатынастарға түсіру арқылы орындалады. Әрқилы құбылыстарды мәндік-
мағыналыққа келтірумен зандар мен заңдылақтар білімдерді
қарапайымдастырады, түсінімділікке келтіреді, сақтау және ұсынуға қолайлы
саналылық кейіпке түсіреді, заңдылықтар мен заңдардың арқасында адамзат
шағын, бірақ жоғары сападағы ақпарат көлемін пайдалана алады.
Акиқатты танудың диалектикалық жолы - заңдылықтар мен заңдарды ашу.
Заңды түсіндіру-бұл келесідей сұрақтарға жауап беру: неге ол солай, ол
қалайынша бар, бір нәрсенің өзі неліктен болмыстағыдан басқаша бола
алмайды? және т.б. Заңды жоққа шығару мүмкін емес, дегенмен, оны жеке
мүддеге орай дұрыс пайдалануға болады.
Ғылыми заңдар өз ықпалдарының қай құбылыстар аймағында таралуына
тәуелді жалпылық күйі бойынша ажыралып, топтастырылады. Бірінші топ заңдары
ыкпал аймағы салыстырмалы тар – нақты, қандай да бір құбылысқа ғана тән,
ерекшеленген заңдар. Екінші топқа - ықпал аймағы біршама кең, бір не
бірнеше құбылыстар түрімен жіктелмейтн жалпы заңдар. Ықпал әсері барша
салада байқалатын, заттасқан дүниенің жалпыланған заңдары - үшінші топты
құрайды.
Ғылыми заңдар басқа да белгілері бойынша ажырытылады: мысалы, уақыт
шегінде және кеңістікте құбылыстар арасында болатын байланыстарды
өрнектеуші заңдар; динамикалы, яғни қозғалмалы және статикалы (мызғымас)
заңдар. Іс-қызметтік (функцияналды), ықтималды, статистикалы (есеп-қисапты)
зандар да бар. Сондай-ақ заңдар сандық және сапалық болып ажыратылады.
Алғашқысы үдерістер өзгерісін математикалық есептеулер жолымен анықтайды
да, соңғысы-сандық амалдарға тіпті де қарсы. Алайда, бұл заң бұрыстығын
білдірмейді. Заң шынайылығы оның өрнектелу формасына тәуелді емес. Егер ол
байланыстарға орай дұрыс өрнектеліп жатса, оның қандай формада көрінетіні
елеуге тұрмайды.
Тұлғалық педагогика ғылымының әдіснамалары
Әдіснама (методология) термині әдістер жөніндегі ілім, әдістер
теориясы дегенді білдіреді.Әдіснама ғылыми таным жолдары мен шараларының
теориялық проблемалары және шығармашыл үдеріс сипатындағы ғылыми зерттеу
заңдылықтарымен айналысады.
Әдіснама ұғымы күрделі де көп мағыналы келеді. Ол, ең алдымен,
ғылымдардың кең мағынадағы жалпы әдіснамасы ретінде танылады. Бұл жағдайда
ол барша ғылымдарға ортақ келетін ғылыми танымның философиялық бастау бағыт-
бағдарын білдіреді. Осы тұрғыдан кең мағынадағы әдіснама әмбебап сипатқа
ие. Мұндай әмбебаптық қоғам, табиғат және ойлаудың даму заңдарын зерттеумен
айналыстын матералистік және идеалистік философиялардың бірлігімен іске
асады. Әмбебап әдіснаманың көздейтіні барша құбылыстарға тән келесі заңдар:
- санның сапаға өту заңы;
- жоқты жоққа шығару заңы;
- обьектив экономикалық заңдар (мысалы, өндіріс қатынастарының
өндіріс күштеріне сәйкестігі).
Тар мағынада әдіснама нақты ғылыми пәндерге орай ғылыми таным
теориясын аңдатады.
Педагогика әдіснамсы – бұл даму желісіндегі қоғамда үздіксіз
өзгерістерге түсіп жататын, педагогикалық болмысты шынайылылықпен
бейнелеуші педагогикалық теория және құрылым негіздері, педагогикалық
үдерістерді зерттеудегі бағыт-бағдарлар, деректемелерді топтау және т.б.
жөніндегі білімдер жүйесі.
Әдіснама және әдістеме түсініктерін ажырата білген жөн. Әдіс тар
мағынадағы сөз. Ол көбіне ғылыми пәннің арнайы тәсілдерін аңғартады.
Мысалы, педагогикада қолданылатын әдістер – бақылау, сауалнама, жобалау
және т.б., яғни әдіс, техника түсінігімен теңдес. Әдістеме термині
педаттогикалық құбылыстар мен үдерістерді тереңдей зерттеуге арналған
әдістердің әртүрлі нақты формалары мен жолдарын білдіреді.
Әдіснама термині келесідей ауқымды мағынаға ие: бұл жетекші
принциптер, ғылыми зерттеудің басты құралы және талдау талаптарын іске
асырушы шаралар рөлін атқарушы теориялық білімдер жүйесі.
Әдіснамалық принциптердің ерекшелігі – олардың теориялық
негіздемелері нақты ғылым шеңбері, міндеттері және мүмкіндіктеріне
сиыспайды. Ал әрбір мұндай принцип әдіс рөліндегі теориялық білімдерге
сәйкес келеді.
Педагогика әдіснамасы педагогикалық идеялар мен тұжырымдар және
оларды тану арқылы меңгеру жөніндегі тағлиматтар жиынтығы. Олар:
- педагогикалық білімдер және олардың құрамындағы
педагогикалық мәселелердің қызметтік құрлымы жөніндегі бастау, алғышарт
тағылым;
- әдіснамалық мәнге ие бастапқы, өзекті, тұғырлы, философиялық, жалпы
ғылымдық және педагогикалық ережелер (теориялар, болжамдар, тұжырымдар);.
- педагогикалық таным жөніндегі ілім (тар мағынадғы әдіснама);
Нақтылы айтсақ, тәлім әдіснамасы – бұл:
- тәлім философиясы;
- тәлім идеологиясы (гуманизм теориясы);
- таным теориясы, яғни гносеология.
Бүгінгі таңда өткен кеңестік ықпалдар жүйесінен босанған елдердің
бәріде тәлім кеңестігінде үлкен дағдарысқа ұшырады. Солар арасында тәуелсіз
Қазақстан Республикасы сол еріксіз қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын
белсенділікпен іздестіруде. Себебі казірғі тәлім, тәрбие әлі де болса,
қоғам мен тұлға қажеттерін қанағаттандырмай жатыр.
Бұл дағдарыс – екі тарап:
- тәлім, тәрбие мекемелерінің дағдарысы;
- көп жылдар бойы әдейі еленбей келген тәрбие аймағындағы тұлға
дағдарысы.
Тәлімгерлік мекемелерінің (институттарының) дағдарыс себептері:
елдің эканомикалық әлсіздігі;
маман дайындау деңгейінің төмендігі мен оны әдіснамалық тұрғыдан
қаруландырудың кемдігі.
тәлім мазмұнын ауыстыруға ықпал жасаушы әлемдік ғылыми техникалық
ілгерілікті көре білмеу және т.б. Ең жақсы маман кім? Ол - жарымаған
жалақысына қарамай, педагогтік қызметті өмірінін мәні мен сәні ретінде
қабылдаған мұғалім. Ал, ондайлар біздің қоғамда қаншама? Ал тәлім, оқу-
үйретім мазмұнына келетін болсақ, оны өзгерту қажет, себебі қоғам үздіксіз
дамуда, осыдан өмірдің ілгері қозғалысын аңдамау күнә.
Жоғары мектепте ғылымдар ұсынылады, ал мектепте - сол ғылымдардың
негізі игеріледі. ЖОО-да тәлімгерлерге ұсынылып жатқан білімдер XIX ғасыр
аяғындағы классикалық ғылымдар дәрежесінде қалып жатыр. Яғни білімдер өзегі
көнерген, бүгінгі әлемнің шынайы болмысына сай келмейді. Білімдер мазмұнын
ауыстырудың және бір қажеттік себебі - қоғамдағы құндылықты бағыт-
бағдарлардың жаңаша өріс алуы.
Әрқашан мектепті қайта қалыптастырудың қажеттігі төмендегі
мәселелермен байланысты келеді:
• Тәлім-тәрбие жүйесін демократияластыру (қай заманда да
баланың тұлғалық келбетіне бағытталған жалпы жамағаттың қолы
жететін, инабатты-ізгілікті мектеп түзу арман болған).
• Мектепті модернизациялау (тәлім - тәрбие мазмұнын жаңалау әрі оның
ғылыммен байланысын күшейту).
• Мектептің тұрмыс-тәжірибемен ұштастығына басты назар аудару.
• Мектептің тәрбиелік қызметтер дәрежесіне қолдау беріп, көтеру.
Бұлардың бәрі де орасан ауқымды, реформалардың бірде бірінің
бұл мәселелерді шешуге қауқары жетпеді. Кеңестік кезеңдегі реформа дегеннің
бәрі де сәтсіздікке ұшырай берді. Себебі неде? Өткен дәуір мектеп
төрегіндегі жасанды ауысымдардың бізге берер тағылымы қандай?
- ЖОО және орта мектеп арасындағы сәйкессіздік.
- басты себебі – педагогикалық қызмттің басты субьекті - мұғалім болды,
алайда реформаларды ұсынушы мұғалім емес, олардың бәрі мектептің
шынайы болмысынан түсінігі кем лауазымды шенеуніктер тарапынан жасалып
жатты. Қай реформада да сен осыны істей аласын емес, сен осыны істеуге
міндеттісің принципімен орындау талабы койылды.
- Жеткілікті ғылыми – тұжырымдамалық негіздемесі болмай, реформаларды
жалпы бұйрықпен іске асыру әдіснамасы басым болды.
Кеңестік дәуірде көптеген іскер де талантты педагогтар мектептен
аласталды, ал олардың орнын басқан рабфак түлектері жоғарыдан түсірлетін
әдістемелік нүсқауларды күтумен болды. Осылайша, халық ағарту комиссариаты
мен мұғалімдер қауымы арасында ғана емес, мұғалім мен шәкірт, ұжымдағы
педагогтар арасында да әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) қатнастар белең алды.
Әлемдік педагогика әдебиеттерінде реформалар сәтсіздігі басқаша да
түсіндірілді:
- білімдену жүйесін дамытуға орай тұжырымдамалық идеяның болмауы;
- реформаларда тәрбиелік мәселелерді ескермеу;
- мектеп дәрісінде техникалық құралдарды (ТСО) орынсыз әсірелеу.
Кеңестік заман тәлімін Батыс қатты сынға алып, оның кемшіліктерін
келесі себептерге телізі:
• мектепте табыс қуанышының кемдігі;
• тәрбиенің әкімшілдікпен жүргізілуі;
• оқу-үйретімнің мәжбүрлік сипаты.
• қоғамда дәйекті де деректі құндылықты бағыт-бағдардың болмауы.
Батыс пікірі осындай. Ал бізде енжар адам категориясын бетке ұстаған,
мектептегі бұйрық пен әкімдікке негізделген педагогика осыдан пайда болды.
Атаулы айтсақ, мектептегі тәлім-тәрбие сапасыздығының көзі-әдіснамалық
кемшіліктен. Шәкірт бейнесі, ұстаз келбеті, үйрету-үйрену, қабылдату-
қабылдау, түсіндіру-түсіну, ұқтыру-ұғыну, игерту-игеру, қолдандыру-қолдану,
пайдаландыру-пайдалану, қанағаттандыру-қанағаттану деген ұғымдар біздің
педагогикада әлі де болса, қалыптаспай жатыр. Қазақ тілді педагогика
педагогикалық зерттеулер оқы, оқы және оқы ұранына маталып, Читать,
читай деңгейінен тереңдей түсуге және жоғары көтерілуге қауқары жетпеуде,
мұғалім мен шәкірт санасында қабылдап, түсіндір, ұқтыр, игерт, меңгерт,
қолдануға үйрет, пайдаландыр және қанағатқа бөле және осылардың бәріне
үйрет, үйрету үшін тәрбиеле деген әрекетшендік түсінім әлі де жоқ. Осыдан,
біздің алға тартатынымыз шынайы да нақты бейне емес, ниетті бейне, мұратты
күтілетін шәкіртің тұлғалық бейнесі. Әрбір мұғалім өз шәкіртінің тұлғасын
оның оқу-үйретімі мен үйренуге қатысуы, өзіндік баға беруге деген
қабілетімен таразыламайды, осыдан педагогтың көретіні тәлім-тәрбие субьекті
емес, обьекті. Ал, керегі төменде аталған сапаларға баулынған тұлғаны-тәлім-
тәрбие субьектін тани білу:
• өзіндік баға беруге қабілетті;
• өзіндік танымға ие;
• өзінше пікір жүргізу мен топшылауға қабілетті;
• өзіндік реттеуге бейім;
• өзіндік дамуға ұқыпты;
• өзінің бар мүмкіндіктерін іске асыруға ұмтылатын;
• өз шешімі мен табандылығына ие, жауапкершілік пен белсенділікті
бойына дарытқан Адам - Тұлға.
Аталған сапаларды меншіктемеген жағдайда педагогикалық іс-әрекеттің
субъекті тұлға болуп жетілуі мүмкін емес. Бұл мәселенің соншалықты маңызды
болғанын Еуропада баланы қандай да тәрбиелік қыспақты қызметтерден қорғауды
мақсат еткен антипедагогтар (анти-қарсы) қозғалысынан байқауға болады.
Олардың пікірінше, мұғалім міндеті шәкірттерді тәрбиелеу емес, олармен
шынайы достасу. Осы тұжырымға орай аталмыш идея өкілдері баланың
антипедагогикалық бейнесін, адамның осы сипаттағы жобасын жасады. (Бала
өзіне не қажет екенін өзі сезінеді, осыдан ол тәрбиелік ықпалдардың нысаны
емес. Австриялық Балалармен достасу бірлестігінің, мысалы, пайымы
осындай. Бірақ, бір қарғанда, бұл қайырымды теорияның күмән келтіруі анық.
Тәрбие үстемдігін айтпай-ақ, сол тәрбиенің өзінің қаншалықты қажет
екендігін келесі мысалдан аңғаруға болады. Бір американдық мектеп директоры
жұмысқа қабылдаған әр мұғаліміне келесідей хат жолдайды екен:
Құрметті мұғалім!
Мен концлагерь көргенмін. Менің көргенімді бірде бір адамның басына
бермесін:
- білімді инженерлер қалай газ камераларын тұрғызғанын;
- білімді дәрігерлердін қалай балаларды улағанын;
- білімді мейірбикелердің сәбилерді қалай өлтіргенін;
- ЖОО түліктерінің балалар және әйелдерді қалай оққа байлағаны мен
өртегенін.
Осыдан мен білімділікке сенбеймін. Менің Сізден өтінетінім, балаларға
жәй ғана адам болуға көмектесіңіз. Сіздін барша күш-қуатыңыз ешқашан да
рақымсыз құбыжық, епті есуас, білімді Эйхмандардың пайда болуына жұмсала
көрмесін. Оқу, жазу, арифметика баланың адам, адамгершілікті болуына жәрдем
берсе ғана пайдалы.
Осы орайда, бұдан мың жыл бұрын бабамыз Әл-Фарабидің өз ұрпағына
қалдырған келесі өсиетінің: Бірінші мәселе-білім емес...тәрбие. Тәрбиесізге
берілген білім адамзатқа апат әкеледі. - қаншалықты даналықпен айтылғанына
көзіміз жетеді.
Мектеп тәрбиесінің ұланғайыр қызметі - мәдиенетті сақтау, ұсыну және
оны қайта жасап, дамыту. Екінші кызметі – ұрпақтардың тарихи ауысып бару
үдерісін қамтамасыз ету, яғни тұлғаны әлеуметтендіру, балаға өмір
кеңістігіне енуге жол ашу.
Әлбетте, бұл үдеріс қайшылықты да, қиын да. Мектептен қоғам игілігіне
жарамсыз, тіпті зияынды көзқаман, мәңгүрт адамдардың шығып жататыны баршаға
аян.
Тәрбиенің үшінші қызметі - тұлғаның шығармашыл мүмкіндіктерінің көзін
ашып, дамыту.
Сонымен, тәрбие тұғырлы үш қызметті атқарады:
• мәдени - жасампаздық;
• әлеуметтендіру және бейімдестіру;
• адамиластыру.
Осыдан мектепті тәрбиелік қызметтерден ажырату мүмкін еместігі
түсінікті. Ал қалыптасқан дағдарыстан шығудың жолдары төмендегідей ғана
болуы тиіс:
• мектепті нығайтып, ондағы тәрбиелік мәселелерге басты назар аудару
және тәрбиенушілердің жауапкершілігі мен тәртіптілігін арттыру;
• мектепті гуманизациялау және бұл үдерісте ең алдымен шәкірті басты
назарға алып, қолдап-қуаттау әрі оның дамуына бар мүмкіндікті қосу;
• мектіпті мәжбүрлі тәрбие кызметтерінен босатып, еркін
мектеп баламасын қалыптастыру, осыған орай мұғалімнің де, шәкіртің
де әрекеті Мен міндеттімін принципіне емес, мен қалаймын,
менің қолымнан келеді, мен мүны қалай істейтінімді білемін
сынды принциптерді арқау еткені жөн.
Әдіснама құрылымына кіретіндер:
• Ғылыми ізденісті ұйымдастырудың әдістері мен технологиялары;
• Орындалған зерттеулер сапасы мен тиімділігі өлшем-шектері
(жаңалығы, тұжырымдылығы), деректілігі, нәтижелерінің тұрмыс,
тәжірибеге сай болуы;
• Нақты ғылымның ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын
анықтау: қарастырлатын ғылымның ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік
беретін обьектив сала мен зерттеу пәнін, проблемаларын айқындау,
болжамдар мен дәйекті нәтижелерді нақтылап хаттау;
• Нақты ғылыми жұмыстың тұжырымдамасын, әдіснамалық принциптерін,
зерттеу бағыт-бағдары мен аймағын белгілеп алу;
• Алынған нәтижелердің болашақтағы қолданымы мен олардың одан әрі
даму логикасын зерттеу.
Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті тәлім-тәрбиеге болған жаңа
көзқарастарды, жаңа әдістемелерді, жаңа тәрбиелік жүйелерді іздестіре
білуінен көрінеді.
Әдіснамалық мәдениет мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бір
бөлігі. Бұл мәдениетті үш түрлі жолмен қарастыру, бағалау мүмкін:
• аксиологиялық (мәдениет құндыльғын, адамды, адамзат тәжірибесін
құндылықтар жүйесі ретінде тану);
• әрекетшең шығармашыл (мәдениеттегі басты құндылық - шығармашыл
дамуға қажет іс-әрекет тәсілдері мен жолдары);
• тұлғалық (мәдениет көрігі - сол мәдиенеттің иесі, қорғаушысы және
дамытушысы, яғни Адам).
Педагогикалық мәдениет - бұл педагог тұлғасының, оның педагогикалық
қызметі әдіс-тәсілдердің және ол басшылыққа алған құндылықтардың мән-
мағыналық сапасы (жоғарыда аталған үш құндылықтың бір тұлға бойында
бірігімді тұтастыққа келуі).
Мәдениет дамытудың жалғыз-ақ жолы – екеуара тілдесу (диалог). Қоғам
мәдениетінің деңгейі жөнінде сол қоғамның балаларға болған қатнасынан
пайымдауға болады. Педагогикалық мәдениет барма, жоқ па, ол туралы әңгіме
қозғаудың қажеті болмас, себебі ол әрқашан бар. Мәселе – оның қай деңгей,
дәрежеде қалыптасканында. Педагогикалық мәдениет түсінігіне орай қоғамның
жалпы мәдениетінің, яғни әлеуметтік-мәдени жағдай сипатын аңғарамыз.
Педагогикалық мәдениеттің қалпы мен оның дамуы төмендегі жағдаяттарға
тәуелді:
• ел экономикасы;
• ақпараттық мәдениет;
• адамгершілік (ізгілік) мәдениеті;
• дін, діл, тіл мәдениеті;
• ұлттық-ұлыстық мәдениет.
Ұлттық мәдениет нақты ұлттың тілі, әдет-ғұрпы және үрдісі (традиция),
психологиялық ерекшеліктерінің бірлігінен құралады. Діндар болудан аса
құнды психологиялық мәдениет қалыптасады: ізгілік тұрақтылығы, адамгершілік
- имандылық, табиғи сәйкестік. Адамгершілік мәдениеті ең алдымен нақты
адамға деген қатынастан көрінеді (социализм дәуірінде мектеп өзбетінше
дамуға қабілетті тұлға емес, басқарымға көнбіс, өз дербестігінен ажыралған,
тіл алғыш жан иесін тәрбиелеуге бағытталды; барша балалардың пионер
болуында, комсомолға кіруінде, орта білім алуында да педагогикалық зорлау
басымдау болды). Ақпараттық мәдениет – бұл барша мәлімет көздерінің
ашықтығы және оларға әркімнің қолы жететіндігі, саясат пен идеологияға
тәуелсіздігі, ақпараттық үдерістердің көп түрлілігі мен баламалылығы. Ел
экономикасы да педагогикадан бөліне алмайды. Мысалы, нарықтық сауда
жағдайында оқу-үйретім пәндерінің құндылығы өзгеріске түседі, нарық
қатнастары іс-қызмет аймағын ауыстыра білуге қабілетті талант иелерін,
адал, адамгершілігі мол, іскер-әрекетшіл адамдарды қажет етеді, ал мұндай
тұлға білімді, ақыл топтауға емес, тіршілік, өмір қажеттерін қамсыздандыру
үшін жинақтайды. Педагогикалық мәдениет төрт кырымен көрнеді:
• адамзат тәжірибесінің бір саласы ретіндегі ересектер мен балалар
арасындағы қатынас, өмірлік тәжірибе мен мәдениеттің ұлтқа тән
құндылықтарын жеткізу жолдары;
• тәлім-тәрбие үдерісінде бірігімге келетін рухани тәжірибе
жиынтығын, нақты педагогикалық құндылықтарды, педагогикалық
теорияларды, педагогикалық ой-тұжырымдарды, шығармашыл іс-әрекет
тәжірибесін өз ішіне қамтыған педагогикалық тәлім саласы;
• кәсіби білімдер, ептіліктер, дағдылар және т.б. қамтыған кәсіптік
іс-қызмет саласы;
• әрбір педагогтың тұлғалық сипаты, оның бағыт-бағдар ұстанымы,
сапалары, әрекет-қылығы және т.б.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің жалпы құрылымында әдіснама
шығармашыл іс-әрекет тәжірибелерінен түзілетін екінші топ құрамына кіреді.
Әдіснамалық білімдер – бұл тәлім-тербие үдерістерін философиялық тұрғыдан
пайымдау, педагогиклық іс-әрекетке деген ғылыми тұжырымдамалық қатынас
қалыптастыруға көмектесетін білік, білім және идеялар.
Американдық педагогтар пікіріне орай бүгінгі таңдағы мұғалім
төмендегідей сапаларға ие болуы қажет:
• балалардың дамуы және қабылдауы жөніндегі білімдерді меңгеруі;
• өзінің базалық мамандығына орай негізгі пәнді білу;
• пән мазмұнын және оны қабылдауға қажет балалардың қабілеттері
арасындағы байланысты түсіне білуі;
• шәкірттердің ерекшеліктеріне орай қазіргі заман әдістемелерін
пайдалана білуді түсінуі;
Байқасаңыз, бұл тізімде әдіснамаға орын тимеген. Бары - теория мен
әдістемелерді білу. Тәлім-тәрбие философиясы мүлде жоқ.
Бүгінгі таңдағы Қазақстандық педагогиканың ерекшелігі - философияны
негізгі қару етіп ұстану. Осыдан, біздің педагогикамыздың әдіснамалық
білімдері келесідей болуы қажет:
• адам жөніндегі, оның мәндік сипаты туралы, қандай адамды
қалыптастыру қажеттігі жайлы таным, білім;
• тәлім-тәрбие кызметтері, атқарылатын жай-жағдайлар туралы білімдер
мен тәлім-тәрбие жүйелерінің қызмет атқару заңдылықтарын тану;
• ғылымдық дәрежедегі педагогика әдіснамаларын білу;
• мұғалім және педагогикалық іс-әрекет жөніндегі білімдер;
• тәлім-тәрбие үдерісінің өзіне тән мән-мағнаны түсіну, яғни тәлім-
тәрбиені қоғамдық және тұлғалық құндылық деп танып, оның үдерістік
жүйе, нәтижелік екенін мойындау.
Аталғаның бәрі біріге келе, тәлім-тәрбие философиясын құрайды да,
әрқайсысы өз ұстаным-бағдарына сәйкес талаптар мен міндеттерді алға
тартады.
Жоғарыда келтірілген әдіснамалық білімдердің көбі келесідей теориялар
аймағында біріккен:
• гуманистік философия;
• жүйелер теориясы;
• мәдениеттаным бағыты;
• эдукология (тәлім - тәрбие заңдылықтары жөніндегі ғылым).
Бұлардың кейбірі нақты қалыптасқан, ал ендігі біреулері - қалыптасу
жолында.
Мектептің жалпы тәлім-тәрбие жүйесінде технократиялық ұстанымды емес,
гуманистік бағытты бетке ұстаған жөн. А.Эйнштейн пікірінше, адамды тек
мамандыққа үйрету жеткіліксіз: рухани тұғыры болмаған мұндай маман
үйретілген итке мегзес. А.И.Канттың пайымында, әрбір адам келесі сұрақтарға
жауап іздестіруді дағдылы әдетке айналдырғаны жөн:
• Мен нені білуім керек?
• Мен нені істей аламын?
• Мен неге үміт арта аламын?
• Адам деген не өзі?
Осы сұрақтардың жауаптарына тәуелді қоғам соғыс жалынына оранады
немесе шарықтап дамуда болды. АҚШ-та анықталғандай, адам гуманитар
білімдермен 30-35 жастарында 18-20 жастағыға қарағанда екі есе артық
қызығады екен.
Сонымен, педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл теорияны және
тәжірибелік іс-қызметтерді ұйымдастырудың принциптері және тәсілдері
жүйесі, сондай-ақ сол жүйе жөніндегі тағлимат. Педагогика әдіснамасы оқу-
үйретім, тәлім, тәрбие, тұлға дамуы заңдылықтарын тану мен пайдалану
жолдарын айқындайды. Педагогикалық әдіснама нысаны – оқу-үйретімге,
үйренімге, тәрбие және тұлғалыққа ұмтылған бала. Педагогика әдіснамасының
пәні-жаңа адамның (тұлғаның) қалыптасу үдерісінің заңдылықтары.
Қорыта келе педагогикалық әдіснаманың анықтамасы
ретінде классикалық деп тануға лайық екі түжырымды келтіруді жөн көрдік:
Әдіс – мазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі (Г.Гегель).
Әдіснама – педагогикалық құбылыстарды, әлеуметтену заңдылықтарын, оқу-
үйретім және тәрбие заңдылықтарын тану жөніндегі ғылым (И.Я.Лернер).
Дәстүрлі педагогика әдістері
Дәстүрлі әдістер қатарына педагогика ғылымының бастауында тұрған әрі
ежелгі зерттеушілерден бізге дейін жеткен мұраны жатқызу қабылданған. Бұл
Платон мен Квинтилиани, Коменский мен Песталоцци пайдаланған әдістер, осы
әдістер біздің дәуірімізге дейін жетіп, ғылым қызметіне жарап жатыр.
Педагогикалық зерттеулердің дәстүрлі әдістер тобына кіретіндері: бақылау,
тәжірибе мсн дерек көздерді зерттеу, мектеп құжаттарын талдау, шәкірт
шығармашылығымен танысу, әңгіме - сүхбат.
Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің аса қолайлы да оңай,
көп тараған әдісі. Ғылыми бақылау – бұл зерттелуші нысанды, үдерісті немесе
кұбылысты табиғи жағдайда арнайы ұйымдастырып, қабылдау. Ғылыми бакылаудың
күнделікті өзіміз қолданып жүрген тұрмыстық бақлауымыздан ерекшелігі
айтарлықтай. Олар: 1) міндеттері белгіленеді, нысандары ажыралады, бақылау
сұлбалары түзіледі; 2) нәтижелері міндетті түрде хатталады; 3) қолға түскен
деректер өңделеді.
Бақылу тиімділігін көтерудің жолы - оны ұзақ уақыт, жүйелі, жан
-жақты, шынайы және ауқымды жүргізу. Бақылау әдісінің маңыздылығын,
қолайлылығын, және таралымдылығын атай отырып, оның кемшіліктерін де
көрсеткен орынды. Ондай кемшіліктер: 1) педагогиаклық құбылыстардың ішкі
мазмұнын аша алмайды; 2) ақпараттың толық шынайлылығын қамтамасыз етпейді.
Осыдан бакылау көбіне зерттеулердің бастапқы кезсңдсріндс басқа әдістермен
бірге қолданылады.
Тәжірбені зерттеу – педагогиаклық зерттеулерде ежелден қолданылып
келе жатқан әдістердің бір түрі. Кең мағынада бұл әдіс тәрбиенің тарихи
байланыстарын анықтауға бағытталған, оқу-үйретім, тәрбие жүйесінде
калыптасқан жалпылықты, тұрақты құбылыстарды ажырата карастыруға арналған,
арнайы түзілетін танымдық іс-әрекетті білдіреді. Осы әдіс көмегімен нақты
мәселелерді шешудің жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда
қолданудың байыпты шешімдері қабылданады. Сондықтан да бұл әдіс тарихи әдіс
атауын алып, мұрағаттық (архивтік) әдіспен, яғни дерек көздерін зерттеу
әрекеттерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Мұқият зерттеу және талдауға
түсетін құндылықтар - бұл ежелгі жазу жұрнақтары, заң акттері, жобалар,
айналымға түскен бұйрық-жарлықтар, есеп-баяндамалар, қаулылар, съезд және
конференция материалдары және т.б. Сондай-ақ зерттеуге оқулықтар мен оқу-
тәрбие бағдарламалары, жарғылар, оқу-үйретім құралдары, сабақ кестелері -
бір сөзбен айтқанда, қандай да бір мәселенің даму мәнін, бастамасы мен өрбу
ізбе-ізділігін түсінуге мүмкіндік беретін барша материалдар алынады.
Тар мағынада тәжірибені зерттеу – бұл шығармашыл кызметпен
айналысатын педагогикалық ұжымдардың, жекеленген мұғалімдердің озат
тәжірбелерімен танысу. Өз уақытында педагогика ғылымы мен іс-кызметінде
басымдыққа ие болған көзқарастарды сынға алып, шүбәсіз деген сұрақтарға
жаңаша назар салып, оларды шешудің жаңалықты жолдарын ұсынған көптеген озат
тәжірибешіл педагогтарды атауға болады. Солардьщ бірі 70-80 жылдары
педагогика ғылымы мен мектеп тәжірибесіне қозғау беріп, қиын балаларды
тәрбиелеуге орай соны әдістемелік ұсыныстары мен танымал болған Алматылық
мұғалім Архимед Ысқақов. Оның оқыту және тәрбиелеу жүйесі сол заманның
қалыптасқан тәлім-тәрбие жағдайларына қарсы келген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz