«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   

1-лекция. Тақырыбы: «Мамандыққа кіріспе» пәніне кіріспе

Жоспары:

1. «Мамандыққа кіріспе» пәніне кіріспе.

2. Курстың пәні.

3. Мақсаты мен міндеттері.

4. Курстың мазмұны.

5. Басқа пәндермен өзара байланысы.

Лекция мақсаты: Курстың пәні, оның мақсаты мен міндеттерін, дайындық жүйесіндегі пәннің алатын орынын студенттерге ұғындыру

Лекция мәтіні: Ұстаздық ету - уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.

Шөлдеген жанға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады дейді. Ал, мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі уыстап жұтқызған өмір шәрбеті, тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де, ол туралы «Бұл адам - Мұғалім», «Ол - Ұстаз» - деп бекер айтпаса керек.

«Әр істің өз ұстасы болады, ал әр ұстаның өз ұстазы болады», - деген сөз Ұстаз деген даналық ұғымның мағынасының қаншалықты терең екенін, өз еңбегін алдымен шәкіртіне, ата-анаға, халыққа арнаған және оны қоғам болып мойындаған Адам өмірі білдіреді.

Бірінші курс студенттері, болашақ әріптестер! Сіздер осындай Ұлы тұлғаны сомдайтын дүкенге келдіңіздер, педагог-ұстаз, маман дайындайтын жоғары оқу орынын таңдадыңыздар. Ал педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.

«Мамандыққа кіріспе» оқу пәні (құралы) - бірінші курстардың алғашқы кәсіби - педагогикалық пәні. Мұнда жоғары оқу орыны құрылымы оның ұйымдастырылуы, шығу тарихы, негізгі оқу-әдістемелік кешені компоненттері, студенттің оқу үдерісіндегі іс-әрекеттері, тыныс-тіршіліктері т. с. с. назарға алынады.

Жоғары оқу орындарында болашақ бастауын сынып мұғалімдерін даярлаудың өзіндің ерекшеліктері бар. Ол негізінен даярлау мазмұнмен, әлістерімен, ұйымдастыру формаларымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР Президентінің 2004 жылғы 11-қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген. Оның мазмұны төмендегідей мәселелерді қамтыған:

1. Бағдарламаның паспорты (бағдарламаның атауы, әзірлеу үшін негіз, әзірлеуші, мақсаты, міндеттері, қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері, күтілетін нәтижелер, іске асыру мерзімдері) .

2. Кіріспе.

3. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; Жалпы орта білім беру; Бастауыш және орта кәсіптік білім беру; Жоғары білім беру; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру; Білім беруді ақпараттандыру; Білім беру сапасын бағалау) .

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; Орта білім беру; Техникалық және кәсіптік білім беру; Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру; Жоғары білім беру; Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; Білім беруді ақпараттандыру; Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі) .

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер және оның индикаторы (бірінші кезең (2005-2007) ; 2-кезең (2008-2010) ) .

ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, болашақ маманның бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай білім алуы мен іскерлікті, жеке тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерді меңгеруі қоғамның негізгі талабы ретінде қарастырылуда. Ал, жоғары білімді педагог маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеуіне үлес қосатын ұрпақ тәрбиелей алады. Осы себепті, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқыны ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысы, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» - деп атап көрсетілген

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы қоғамдық қатынастарды реттеуді, сондай-ақ халыққа білім беру саласындағы мемлекеттің саясатты анықтауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуындағы конституциялық құқықтарды қамтамасыз етеді.

Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына сәйкес бекітілген («Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 15-тамыз № 254-256)

Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қарастырылған.

Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталады.

Мазмұны (12 тараудан, 68 баптан тұрады)

1-тарау. Жалпы ережелер (1-бап. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар)
2-тарау. Білім беру жүйесін басқару

3-тарау. Білім беру жүйесі

4-тарау. Білім беру мазмұны

5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру

6-тарау. Білім беру қызметінің субъектілері

7-тарау. Педагог қызметкердің мәртебесі

8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу

9-тарау. Білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету

10-тарау. Білім беру саласындағы халықаралық қызмет

11-тарау. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

12-тарау. Қорытынды ережелер (68-бап. Осы заңның қолданысқа енгізілуі)

1. Осы Заң, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 8-баптың 2-тармағының екінші бөлігін, 52-баптың 6-тармағының екінші абзацын, 7-тармағы 1) тармақшасының екінші және бесінші абзацтарын, 8-тармағының 2), 3) тармақша-ларын және 53-баптың 3-тармағының 1), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. Білім беру ұйымдарына осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін оқуға түскен адамдар оқуға түскен кезде қолданыста болған білім беру бағдарламалары бойынша оқуын бітіріп, оларға білім туралы белгіленген үлгідегі құжат беріледі.

3. «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат; 2001 ж., N 13-14, 173-құжат; N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 18, 111-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 12, 71-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

«Қазақстан Республикасының Президенті» деп көрсетілген.

Ұсынылып отырған «Мамандыққа кіріспе» пәнінің оқу-әдістемелік кешені Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті әзірлеген 5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың 23-қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған, ҚР МЖМБС 6. 08. 012-2009) сай түзілген.

Курстың негізгі мақсаты жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ерекшеліктері туралы жан-жақты түсінік беру.

«Мамандыққа кіріспе» курсы студенттерге ғылыми-теориялық негіздерін айқындауға мүмкіндік беретін, төмендегі міндеттерді шешуді қарастырады:

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру жүйесінің 2005-2010ж. даму бағдарламасының мәні мен маңызын;

  • Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының мәні мен әлеуметтік мағынасын;
  • бастауыш сынып мұғалімдері еңбегінің әлеуметтік құндылығын;
  • бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың құрылымы мен мазмұнын;
  • 5В010200 мамандығы студенттерінің негізгі оқу жұмыстарының (сабақтарының) түрлерін;
  • бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау жүйесіндегі педагогикалық практиканың рөлін;
  • студенттердің оқу еңбегінің мәдениетін және жұмыс қабілеттілігін;
  • педагогтың кәсіби жеке тұлғалық сапасы мен оны жетілдірудің жолдарын;
  • педагогикалық міндеттерді шешудегі мұғалімнің шығармашылығын;
  • бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін құраушыларды.

Бұл курс типтік оқу жоспарындағы жалпы кәсіби және арнайы пәндер циклына негізделеді.

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кәсіптік білім стандартына сәйкес болашақ маман төмендегідей минимум білім, іскерлік пен дағдыны игеруі тиіс:

- нарықтық экономиканың даму жағдайында еңбек рыногының мамандарға қоятын талабын;

  • әлеуметтік-бағдарлық нарықтық экономиканың даму жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің сипаттамасын;
  • кәсіби-педагогикалық дайындықтың мазмұнын және олардың даму жолдарын;
  • ҚР мемлекеттік білім беру жүйесінің 2005-2010ж. даму бағдарламасының мәні мен әлеуметтік құндылығын;
  • оқыту-тәрбие іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесін;
  • нарықтық экономикалық жағдайда мұғалімнің кәсіптік деңгейін және мұғалімнің әлеуметтік құндылығын;
  • оқу орнының кәсіптік білім беру жүйесінде өз бетімен үздіксіз білім алуды және өзін-өзі тәрбиелеу оқытушының қалыптасуындағы негізгі бағыттарын;
  • қоғамның әлеуметтік-демократиялық дамуы жағдайындағы мұғалімнің тұлғасын.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін алғашқы педагогикалық мамандықпен таныстыру және іскерліктермен қаруландыру болғандықтан, пән бойынша теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекет негіздерін оқытатын пәндермен оның ішінде: педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы пәндері бойынша алған білімдерге тіректенеді. Барлық педагогикалық және психологиялық пәндермен өзара байланыста болады. Мәселен, педагогикалық білімдерді түзетін пәндеп топтамасымен. Атап айтқанда, олар: жас ерекшелігі педагогикасы, кәсіби педагогика (кәсіби салалық классификация бойынша), көмекші педагогикалық пәндер, арнайы педагогика.

1. Жас ерекшеліктер классификациясы: мектепке дейінгі педагогика; бастауыш мектеп педагогикасы; мектеп педагогикасы; орта арнаулы білім беру педагогикасы; жоғары мектеп педагогикасы; үшінші жас шақ кезең педагогикасы.

2. Кәсіби салалық классификациясы: өндірістік; әскери; инженерлік; спорттық; мұражайлық; театрлық; музыкалық; еңбекпен түзеліс мекемелері педагогикасы.

3. Көмекші педагогикалық пәндер: педагогика тарихы; этнопедагогика; салыстырмалы педагогика; тәрбие философиясы; білімді әлеуметтендіру; педагогикалық психология; әлеуметтік педагогика.

4. Арнайы педагогика: олигофренопедагогика; сурдопедагогика; тифлопедагогика; логопедия.

Бақылау сұрақтары:

1. «Мамандыққа кіріспе» пәнінен оқыту қажет деп білесіз бе?

2. Оқу курстың пәнінің педагогика курсы пәнінен нендей айырмашылығы бар?

3. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсінідіріңіз.

4. Курс мазмұныны қандай педагогикалық іс-әрекет аясын қамтиды?

5. Жекелеген басқа педагогикалық пәндермен өзара байланысын түсіндіріңіздер.

Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыру

2-лекция. Тақырыбы: Білім беру институттарының даму тарихы.

Жоспары:

1. Педагогика тарихына қысқаша шолу

2. Жоғары оқу орындарының пайда болу мен дамуына қысқаша шолу

3. Қазіргі таңдағы жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындары

Лекция мақсаты: Оқу орындары мен педагогиканың, оның ішінде жоғары білім беретін оқу орындарының пайда болу және даму тарихы жөніндегі қысқаша мағлұматтарды студенттердің зерделеуін қамтамасыз ету.

Лекция мәтіні: Жоғары оқу орыны және оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы.

Педагогика тарихына қысқаша шолу

Тәрбие адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті, алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір үдерісінде пайда болды.

Еңбек үдерісінде, ересектермен күнделікті қарым-қатынас жасауда балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет-ғұрпымен танысты. Алғашқы дәуірде балалар ортақ болды, өйткені жеке отбасы болған жоқ.

Алғашқы қоғам тапсыз болды, сондықтан тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының өзгеріп, рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала бастағанын көрсетеді.

Алғашқы қоғам орнына құлдық қоғам пайда болды. Солтүстік Африкада Египеттен бастап Оңтүстік Азияда Қытайға дейінгі ертедегі Шығыс жерінде бірнеше құл иеленуші мемлекет пайда болды, ертедегі мәдениет дамыды, алғашқы мемлекеттер құрылып, онда үстем таптың балалары тәрбиеленді. Моральдық және саяси тәрбие беру мақсатымен ерлік және қажырлылық жөнінде арнаулы әңгімелер жүргізілді.

Құл иеленушілердің 7 жасқа толған ер балалары мектепке оқуға алынды, қыз балалар үйде тәрбиеленді. Африкада мектептерді жеке адамдар ашып, бұларды оқытқаны үшін ақы алатын болды.

Ертедегі грек ғалымдары мен философтары - Платон және Аристотель өздерінің еңбектерінде тәрбие мен оқыту туралы өте құнды пікірлер қалдырды. Платон тәрбиені мемлекет тарапынан ұйымдастыру керек деп есептеді. Платон мектепке дейінгі тәрбиенің қоғамдық болуын жақтады.

Ертедегі Грециядағы педагогиканың негізін салушы болып Сократ саналады. Сократ өзінің оқушыларын диалог құрастыра білуге, логикалық тұрғыдан ойлай білуге үйретті. Сократтың ең негізгі әдісі - оқытудың сұрақ- жауап жүйесі.

Сократтың оқушысы, философ Платон оқушыларға лекция оқи отырып, өзінің жеке мектебін ашты. Бұл мектеп өз кезегінде «платон академиясы» деген атқа ие болды. Академия сөзі мифтегі батыр Академаның құрметіне айтылған.

Платонның оқушысы, грек философы және ғалымы Аристотель өзінің «лицей» (ликей) деп аталатын мектебін ашты. Ол философия, психология, физика, биология, этика және педагогикадан трактаттар жазды. Оның негізгі әңгімесі ең алдымен адамның жалпы мәдениеті туралы болды. Ол педагогикаға көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізді. Атап айтқанда, жас ерекшелігіне қарай жіктеу, тәрбиені мемлекеттің нығаюының негізгі құралы және мемлекеттің түпкі мақсаты барлық адамдарға тәрбие беру және тәрбие беруді мемлекеттік іс деп санады. Ол қоғамдық тәрбие мен отасындағы (семьядағы) тәрбиенің өзара байланысты болуын жақтады.

Адамның туғаннан даму мүмкіндігі болады. Аристотель мынадай кезеңге бөлді: 0-7; 7-14; 14-21. Ол тәрбиенің әр түрлі салаларының пайда болуын жақтаған.

Ежелгі Рим педагогтарының ең көрнектісі Марк Квинтиллиан болды. Ол «Шешендікке тәрбиелеу туралы» деген еңбектің авторы. Ол балалардың табиғи нышандарын жоғары бағалады, тілін дамытуға ерекше мән берді.

Қайта өрлеу дәуірінде қала дамыды (XІX-XVІ ғасырларда) капиталисттік өндіріс кәсібі дамыды, буржуазия табы пайда болды, дамыды.

XVІІ ҒАСЫР ПЕДАГОГИКАСЫ

XVІІ ғасырдың басында ерекше ғылым ретінде педагогика философиялық ілімдер жүйесінен бөлініп шықты.

Ағылшын философы және жаратылыстанушы Ф. Бэкон 1623 жылы «Ғылымның ұлғаюы мен рөлі» деген трактат жазды. Онда ол ғылымдарды шамалап жіктей отыра, ғылымның жекеленген білімі ретінде педагогиканы атап өтті.

Осы кезеңдерде чехтың атақты көрнекті педагогы Ян Амос Коменский өзінің «Ұлы дидактика» деген еңбегін жазды.

Ол балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге аса көңіл бөле отырып, «Ана мектебі» деген кітабында отбасы тәрбиесі жайлы өз көзқарасын білдіреді.

Чехтың атақты педагогы, гуманист - ойшылы, философы осы күнге дейін өзінің өзектілігі мен маңыздылығын жоймаған педагогикалық жүйенің негізін қалады. Оның «Ұлы дидактика» еңбегі Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті, сондықтан: «мектептің мақсаты - ақылды адамды тәрбиелеу, бұл мақсатқа жетудің бірден бір жолы - жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру» - деп, көрсетті.

Оның ойынша адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады.

Сонымен бірге ол өзінің «Ұлы дидактикасында» төрт дидактикалық сұрақтарға жауап берді:

  1. Қалай жақсы оқып, тәуір оқуға болады.
  2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.
  3. Оқыту мен оқудың негізділігі.
  4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

Мұнымен қоса оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптарды атап көрсетті:

  1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау;
  2. Оқушыларды сабақ оқытуға ынталандыру;
  3. Материалды біртіндеп күрделендіру;
  4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту;
  5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау;
  6. Бала табиғатын ескеріп отыру;
  7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше, сыртқы сезімдерді де қатыстырып отыру.

Коменский «Ұлы дидактикасында» жаңа дидактикалық принциптерді анықтады. Олар оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға” қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол “тәрбиенің Галилейі” деген әділ атаққа ие болды.

XVІІІ ғасырдағы Ресейдегі мектеп пен педагогика

XVІІІ ғасырда Ресей экономикалық дамуда елеулі табыстарға ие болды, өнеркәсіп, әсіресе, металлургия өндірісі дамыды.

Мектептің және педагогиканың дамуында ағарту ісі жөніндегі реформалардың мәні өте зор болды. Ескі славян алфавитінің орнына жеңілдетілген баспасөздің, ғылыми әдебиеттің пайда болуы, басқа тілден ғылыми еңбектердің аударылуы, ғылымдар Академиясының құрылуы.

Ресей мәдениетінің дамуында алғашқы діни емес мектептердің ашылуының мәні өте зор болды. Алғашқы жаңа типті оқу орны 1701 жылы І Петр Москвада ашқан математика және навигация ғылымдарының мектебі болды. Бұл Европадағы өмірге қажетті білім беретін алғашқы реалдық училище еді.

Осы ғасырдың бас кезінде жалпы дәрежелі білім беретін мемлекеттік мектептер ашу ісі қолға алынды. 1718 жылы 42 есеп мектептері ашылды. Бұл мектептерде оқу-жазуға үйретумен қатар, арифметика оқытылды, алгебра, геометриядан алғашқы мәліметтер берілді.

Орыс грамматикасының жасалуы және Ресейде әдеби тілдің қалыптасуы Ломоносовтың есімімен тікелей байланысты. Физикадан орыс тілінде алғаш лекция оқығанда, өзінің ғылыми еңбектерін орыс тіліндежазған алғашқы академик Ломоносов болды. 1758 жылдан бастап университет пен гимназияға басшылық етті. Ол гимназияның оқу жоспарын жасады, университеттің оқу тәртібін, оқыту принциптерін бекітті.

XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы педагогика

XІX ғасырдың бірінші жартысында Россияның ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың іру үдерісі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционерлері - декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.

1802 жылы Халық ағарту министрлігі құрылды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.

1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады.

Жоғары оқу орындары - халық шаруашылығын, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагогтік мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми жұмыстар жүргізетін, жоғары және арнаулы орта білім беретін мектеп оқытушыларын даярлайтын, өндірістен қол үзбей еңбек ететін мамандардың білім деңгейін жетілдіретін оқу орыны.

Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінің құрылымы және ұйымдастырылу формалары - мақсаттық бағыттағы құрылған оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынасқа негізделген білім беру мен тәрбие үдерісі.

Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру.

Жоғары білім беру мектебі, дүниежүзілік білім беру тәрбие жүйесі ретінде, көптеген ғасырлық тарихи даму жолын басып өтті.

Дүниежүзінде жоғары оқу орнының құрылу тарихы мен дамуы жөнінде төмендегідей деректерді мысалыға келтіруге болады.

Алғашқы жоғары оқу орыны Ежелгі Грецияда құрылған. Біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда Платон Афинге жақын жерде, Академге арналған, философиялық, кейін келе Академия деген атқа ие болған мектеп ашты. Академия бірнеше мыңдаған жылдар бойында өмір сүрді және 529 жылы жабылды. Аристотель Афинадағы Аиоллона Ликейский храмында басқа оқу орынын - Ликей ашты. Ликейде негізінен философияны, физиканы, математиканы және табиғат жөніндегі басқа да ғылымдар оқытылды. Оны қазіргі лицейдің шыққан тегі деуге болады.

Эллин дәуірінде (308-246 б. ғ. д. ) Птоломей Мусеум (латынша Museum-Музаларға арналған орын) құрды. Лекциялық сабақ формасында онда ғылым негіздеріне - математика, астрономия, жаратылыстану, медицина және тарих оқытылды.

Онда, Мусеумда Архимед, Евклид, Эратосфендер дәріс берді. Мусеум кітап қорын және басқа да мәдени құндылықтарды сақтауда маңызы зор болды. Қазіргі күнгі мұражайлар сол Мусеумнің тарихи жалғасы десек болады. Жоғары оқу орындарының басқаша нұсқасы ежелгі Грекияда философиялық мектеп пен Эфебийлер (әскери-спорттық бағыттағы оқу-тәрбие орыны) болды.

425 жылы Константинопольде жоғары мектеп-Аудиториум (латынша audіre - тыңдау) ашылды. Ислам өмірінде Бағдатта (850 жылы) Даналық үйлерінің пайда болуы білім берудегі айтарлық оқиға болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердін өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік нұскау
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет
Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университеті
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Қауіпті және көлемді жүктермен жұмыс істеуге қойылатын талаптар туралы мәлімет
Студенттің өзіндік жұмысы
Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz