Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде

Мұғалім тұлғасы

Мұғалім педагогикалық іс Мұғалім педагогикалық қарым -

әрекет субъектісі ретінде қатынас субъектісі ретінде

Екішіден, ұсынылған түсініктеме іс - әрекет пен қарым - қатынасты кейбір шектеулермен педагогикалық субъектілік қасиеттерді, оларды модульді көрсету қарастыруды операционалдандыруға мүмкіндік береді (кестені қараңыз) .

А. К. Маркова бойынша мұғалімнің кәсіби құзырлығын модульді көрсету

Мұғалім еңбегінің жақтары
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль
Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттіліктер
Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамасы
Кәсіби білімдер
Кәсіби-педагогикалық іскерліктер
Кәсіби ұстанымдар
Кәсіби-психологиялық ерекшеліктер(сапа-лар)
Мұғалім еңбегінің жақтары: Еңбек процесі
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мұғалімнің педагогикалық іс- әрекеті
Мұғалім еңбегінің жақтары:
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мұғалімнің педагогикалық іскерліктері
Мұғалім еңбегінің жақтары: Мұғалім тұлғасы
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль:
Мұғалім еңбегінің жақтары: Еңбек нәтижесі
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мектеп оқушыларының білімділігі
Мұғалім еңбегінің жақтары:
Еңбектің әрбір жағы үшін психологиялық модуль: Мектеп оқушыларының тәрбиелілігі

Үшіншіден, А. К. Маркованың кәсіби құзырлықты, оның өзіндік іс - әрекеттік компоненті - іскерліктерді түсіндіруге келісі, авторға іскерліктердің он бір тобын бөліп қана қоймай, сондай - ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін «жарып өткіш» қылуға мүмкіндік берді.

Л. М. Митина өңдеп, дамытып отырған, «іс - әрекет - қарым - қатынас - тұлға» схемасының контексіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды (Н. В. Кузьмина бойынша) .

Жорамалдаушы Рефлексивті - перцептивті

гностикалық қабілеттер қабілеттер

Педагогикалық Педагогикалық Педагогикалық Педагогикалық Педагогикалық

мақсатты ойлау рефлексия әдеп бағыттылық

ұйғару

Өзіне назар аударатын жағдай, біріншіден, қабілеттердің өздері де тікелей іс - әрекет тиімділігін анықтаушы субъектілік факторлар ретінде бола алмайды, екіншіден, бағыттылық басқа да тұлғалық сапаларымен қатар қойылған.

Педагогикалық іс - әрекеттің тағы да бір субъектілік қасиеті эмоционалдық жану немесе психофизикалық жүдеулік синдромына қарсылық көрсету болып табылады. Е. Малерге сілтеме жасай отырып, Н. А. Аминов осы синдромның негізгі және факультативтік белгілерінің тізімін келтіреді: 1) жүдеу, шаршау; 2) психологиялық күрделену (асқыну) ; ұйқысыздық; 4) клиентке қатысты негативтік ұстанымдар; 5) өз жұмысына қатысты негативті ұстанымдар; 6) өз міндеттерін орындауды елемеу; 7) психостимуляторларды пайдалануды көбейту (темекі, кофе, ішімдік, дәрі - дәрімек) ; 8) тәбеттің азаюы немесе артық жеп қою; 9) негативті өзін - өзі бағалау; 10) агрессивтіліктің күшеюі (ашушаңдық, ызақорлық, қысымдылық) ; 11) пассивтіліктің күшеюі (цинизм, пессимизм, үмітсіздікті сезіну, селқостық) ; 12) күнделік сезімі. Н. А. Аминов, соңғы синдром басқа адамдармен, кәсіби, интенсивтi, өзара әрекеттесуші адамдарға тән екенін атап өтеді. Бұл жерде ол эмоционалдық жану синдромы, кәсіби жарамсыздықтары айқындалған мұғалімдерде күштірек көрінетінін көрсетеді. Осы шынымен де субъектілік синдомның дамуына қарсылық көрсету сапасы (себебі ол ic-әрекет npoцeci мен нәтижесінде дамиды) даралық психофизиологиялық жэне психологиялық ерекшеліктермен алғы шарттанады, олар елеулі мөлшерде жану синдромының өзінде шарттайды.

Жалпы субъектілік қасиеттердің (сапалар, сипаттамалар, факторлар) сапалық құрылымы жайлы көрсетулер келесі төрт топты бөлуге негіз береді: 1) субъектінің психологиялық (даралық) қасиеттерін нышандар ретінде болатын, оның субъектік рөлін іске асыру алғы шарты ретінде; 2) қабілеттер; 3) бағыттылықты қамтитын тұлғалық қасиеттер; 4) кәсіби-педагогикалық және пәндік білімдер мен іскерліктер тар мағынадағы кәсіби құзырлылық ретінде (V бөлім қараңыз) . «Субъектілік қасиеттердің осы топтарын біз ары қарай педагогикалық ic-әрекет субъектісі құрылымының компоненті ретінде қарастырамыз.

Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары)

Проблеманы қарастыру mәciлi

Педагогикалық ic-әрекет cyбъектici құрылымының психофизиологиялық компонентін қарастыру барысында бірден екі қиындық кeздeceдi. Бipiншici, В. Д. Небылицын көрсеткендей, «жүйке жүйесі қacиeттеpi мен қабілеттердің немесе тіпті олардың элементтepi арасындағы байланысқа қатысты қаншама-бір бөлшектенген гипотезаны құру, сірә, әлі де болса ертерек; ол үшін жүйке жүйесінің қacиeттepi жөнінде, және қабілеттердің өзi жайлы көбірeк білу керек». Екінші қиындық, сондай-ақ, индивидтің белгілі бip психофизиологиялық көрсеткіштер мен мінез-құлқы, оның ic-әpeкетінің сипаты арасындағы эмпирикалық айқындалатын тәуелділікті байқамау мүмкін еместігінде. Сірә, осы қиындықтардан өту, адамның жоғарғы жүйке ic-әрекеті типінің қандай да бip комплекстік психофизиологиялық көрсеткіші мен оның ic-әрекетте, мінез-құлықта неғұрлым ықтимал көрінуі арасындағы жалпы байланыстың өзін орнатуда болып табылады. Бұл жерде, В. Д. Небылицыннан кейін аталған функционалды-мінез-құлықтық проблема жедел сенімділік тұрғысынан ауысады. Бұл В. Д. Небылицын бойынша, «оптималды жұмыс өлшемдерінің тұрақты сақталуын» яғни, белгілі бip уақыттық кезеңдерде және де күрделенуші, өзгеруші жағдайда сақталуын ұйғарады. Педагогикалық ic-әрекеттің нақ осы көрсеткіштермен сипатталатыны анық.

Педагогтың субъектік құ рылымының психофизиологиялық компоненті

Педагогтың субъектік ic-әрекет сипатына қандай психофизиологиялык көрсеткіштер әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап темпераменттің негізгі қасиеттерін B. C. Мерлин мектебінің түсініктемесі бойынша сипаттау негізінде берілуі мүмкін. Осындай қасиеттер ретінде болатындар: сензитивтілік, реактивтілік, белсенділік, реактивтілік пен белсенділік ара қатынасы, реакция қарқыны, иiлгiштiк немесе ригидтілік, эмоционалдық қозушылық, экстраверсия немесе интроверсия. Мұндай көрсеткіштер ретіне, сондай-ақ, эмоционалды ұстамдылық немесе невротизм бола алады; қабылдаудың талдаулық немесе синтетикалық типі; когнитивті стильді анықтаушы аяға тәуелсіздік немесе тәуелділік, жалпы, суреттеуші болғанмен де, темперамент типі мінез - құлықтағы жоғары жүйке ic-әрекеті типінің көріні ci ретінде болады, яғни, күш-әлсіздік, ұстамдылық-ұстамсыздық, қозу мен тежеу процестерінің теңесу жылдамдығы көрсеткіштері бойынша. Бұл жерде айта кететін жайт, B. C. Мерлин түсініктемесінде жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері ең алдымен, ic-әрекет стиліне, соның ішінде педагогтың даралық стиліне де әсер етеді. Одан кейінгі ықпалдардың барлығы жанамаланған.

Осындай функционалды мінез-құлықты байланыстырды орнатудың дұрыстығы К. Юнгтың жалпы интроверсияның, соның ішінде ойшыл типтегі интроверсия мен мұғалімнің, педагогтың субъектілік ерекшеліктерінің тікелей байланысы жайлы пікірімен мақұлданады. «Әрине, - деп жазады К. Юнг, - иррационалды интроверттелген типтер мұғалім ретінде мүлтіксіз адамдар емес. Оларға парасат пен парасат этикасы жетіспейді . . . » деп ары қарай жалгастырады: «Жеке, мугалім ретінде оның әсері аз, себебі оған өз оқушыларының ақыл құрылысы белгісіз. Оқу өз негізінде, егер ол тек кездейсоқ теоретикалық проблема болып табылмаса, тіпті оны мүлдем қызықтырмайды. Ол нашар мұғалім, өйткені оқыту кезінде, ол оқытудың мазмұндалуына қанағаттанбай, ол тек оқу пәнін ғана ойлап тұрады».

Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды жасауға болады: психофизиологиялық компонент жеткілікті зерттелмеген және анықталмағанмен де, ол-шынайы, бар және болашақта ары қарай зерттеу үшін қызық ретінде белгіленуі. керек. Жүргізілген зерттеулер негізінде (Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, А. Я. Никонова, Н. А. Аминов. С. К. Кондратьева, Л. М. Митина және т. б. ) жорамалдауға болатын жайт, педагог ic-әрекетінің тиімділігі және оның субъект ретіндегі жайлы көңіл күйі басқа тең жағымды ықпалдарда келесілерді қамтамасыз етеді: құрылымға енетін барлық - мнемикалық, логикалық, сенсорлық-перцептивтік және атенциалдық (Б. Г. Ананьев терминдерінде) функциялар бойынша интеллектуалдық дамудың оптималды (жастың көрсеткіштер бойынша) деңгейі; дифференциацияның жоғары көрсеткішімен синтетикалық, тұтастық, аяға тәуелсіздік, когнитивті стиль (Г. А. Берулава) ; ойлаудың иілгіштігі және конвергенттілігі; белсенділік, эмоционалды ұстамдылық, өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейін.

Осы көрсеткіштер нышандар, алғы шарттар ретінде болады, бірақ олар субъект құрылымының дербес компоненті болып табылады және де адамның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін диагностикалау обьекті бола алады.

Даралық ерекшеліктер мен қабілеттер

Педагогикалық қызметтің субъектісінің §3 қарастырылған жеке психологиялык ерекшеліктері адамның қабілеттерімен, яғни оның өзіне тән қасиеттерінің бірімен іштей байланысты. Б. М. Теплов пен В. Д. Небылицынның беделді мақұлдаулары бойынша, «адамның қабілеттepi жүйке жүйесінің қасисттеріне байланысты емес, өзгеше психологиялық заңдылықтар бойынша қалыптасса да, дегенмен, оқыту процестepi жүйке процестерінің динамикалылығы жоғары немесе төмен адамдарда түрліше жүреді, ал музыкалық қабілет жүйке жүйесінің сезімталдығы жоғары немесе төмен адамдарда басқаша қалыптасады».

Адамдардыңдаралық-типологиялық айырмашылыктары тұрғысынан (И. Е. Малков) ақыл-ой қaбiлeтepiнiң тaбиғaтын зерттеулерде, жүйке процестерінің типологиялық қасиеттері сөзсіз, ақыл-ой ic-әрекетінің өту динамикасын анықтайтыны көрсетілген: білімдерді өзектендіру жылдамдығын, зейінді шоғырландыру күшін, сырттың тiтipкeндipгiштepгe қатынастардың ұстамдылығын, ақыл-ой қабілетін. Басқаша айтқанда, адамның оны басқа адамдардан ажырататын даралық-психологиялық ерекшеліктері ретінде, қабілеттердің психофизиологиялық, нышандық және өзіндік психологиялық өзекті деңгейлерінің сөзсіз байланыстары белгiленді. Қабілеттер ic-әpeкeттi алдын ала анықтайды және одан көрінеді.

Бұл жерде қабілеттердің өзі психологияда түрліше қарастырылады: қабілеттер мен нышандар ажыратылмайды; нышандар қабілеттердің психофизиологиялық, алғышарттарының мәні; қабілет қасиеттер ансамблі, олар әмоционалдық-epiктік ерекшеліктер мен қатынастар жүйесін қамтиды; қабілет - бip белгілі бip білімдер жиынтығы; қабілет - іс-әрекеттің, оны табысты орындаудың алғышарты, мүмкіндігі ; қабілет жекеленген психикалық функцияларды жүзеге асырушы функционалды жүйелердің қасиеті.

Қабілеттер анықтамасы

C. JI. Рубинштейн көрсеткендей, «Адам қабілеттерінің даму npoцeci адамның даму процесі б. т. Адамның белгілі бip білімдер мен әрекеттер тәсілдерін игеруі өзінің алғышарты, өзінің ішкi шарты ретінде ақыл-ой дамуының белгілі деңгейі - ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ие болады». Бұл ахуал оқу іс-әрекетін түсіндіру үшін аса маңызды. Б. М. Теплов берген неғұрлым кең түрдегі анықтамада қабілеттердің тұлғаның даралық, қасиеттepi ретіндегі негізгі сипаттамалары келтірілген, олар іс-әрекетті табысты орындау шарты болып табылады. Қабілеттер, Б. М. Теплов бойынша, дағдылар мен іскерліктерге теңестірілмейді және де белгілі бip іс-әрекетті орындаудың табыстылығына қатысты бip адамды екіншісінен ажыратады.

Егер С. Л. Рубинштейн бойынша, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы білімдерді игерудің алғы шарты болса, онда Б. М. Теплов бойынша, қабілеттердің өзінің даму алғы шарты ретінде нышандар болады, яғни тya бepiлгeн анатомо-физиологиялык ерекшеліктері ретінде. Қабілеттер ic-әрекетте жаратылады және де ic-әрекеттің, оның құралдары мен тәсілдерін игерудің жылдамдығы, тереңдігі, беріктігi сияқты динамикалық сипаттамаларында көрінеді. Іс-әрекеттің әр түрлеріне қатысты жалпы интеллектуалдық және арнайы қабілеттер жіктеледі. «Қабілеттердің кең алынған анықтамасы оның индивид қасиеттepi екендігінде, оның ансамблі белгілі бip іс-әрекетті орындаудың табыстылығын шарттайды. Мұнда, ic-әрекеттің өзінде онтогенети-калык дамитын және осыған орай, сыртқы жағдайларға байланысты қасиеттер назарға алынып тұр».

Осы қасиеттерді оқудың, әр түрлерінде, мысалы музыка, математика, бейнелеу, әдебиет, химия және т. б. облыстарды зерттей отырып, авторлар сәйкес қабілеттер анықтамасына тек психикалық процестердің өту ерекшелiгін ғана емес, сондай-ақ, көбінесе тұлғаның кейбір қырларын да жатқызады. Мысалға, әдеби-шығармашылық қабілеттерді зерттеуші И. П. Ягункова оның алты компопенттерін атайды: 1) әсерленгіштік, 2) поәтикалық қырағылық, 3) жақсы ес (бейнелілік те, сөздік-логикалық та), 4) жаңа бейнелерді жасау қабілеті, 5) көңіл-күйге ортақтасу күйінің пайда болу жеңілдігі, 6) сөздік ассоциациялардың байлығы. Тіптен айқыны, бұл компоненттер - психикалық процестердің де және де тұлғаның әсерленгіштік, көңіл-күйге ортақтасу пайда болу жеңілдігі сияқты қырларының да күрделi комплекстepi.

Педагогикальқ қабілеттерің жалпы құрамы

Отандық зерттеушілер С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бip жинағын бөлді. Олардың ішіндегі Н. Д. Левитов пен Ф. Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін салыстырайық. Мысалға, Н. Д. Левитов негізгi педагогикалық қабілеттер ретінде келесілерді бөледі: балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсіну қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер.

Осы бес негізгі қабілеттер мазмұнын дамыта және жете қарастыра отырып, Ф. Н. Гоноболин он екі қабілеттерді атайды, оларды біріктіре отырып келесі топтарды алуға болады. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бip дидактикалық, қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалімнің оқушыны түсінуi, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық, - бұл адамның рефлексивті гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің тобы. Балаларға педагогикалық epiктiк әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті - бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер. Ф. Н. Гоноболин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы - мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігін сипаттайтын қaбiлeттepдi қамтиды.

Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В. А. Крутецкий көрсеткен, ол оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы
Педагог – педагогикалық іс - әрекеттің субьекті ретінде
Педагогикалық процесс мұғалім іс – әрекетінін обьектісі
Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету
Педагогикалық шеберлік туралы түсінік
Педагогикалық процесті басқару жүйесіндегі мұғалім мен жаттықтырушы
Мектептің педагогикалық ұжымы
Біртұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі
Танымдық іс-әрекет жеке тұлғаның дамуындағы қарым- қатынас рөлі
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz