Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне қазіргі ғылыми көзқарас


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ұйымдастырушылық біліктілігі
б) Дағды туралы
в) Білікті жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне қазіргі ғылыми көзқарас
г) Жұмысшы тұлғаның қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау
ІІІ. Қорытынды
Біліктілік, меңгерілген білім; дағды және тәжірибе негізінде практикалық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады.
Біліктілік қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі біліктілік тек қана психология, педагогикалық білімдерді ғана емес, басқа да ғылымдарды меңгеруге байланысты болады. Соның бірі педагогтің адамдарды тануы, тану біліктілігі.
Адамның, шынын айтқанда, азаматтық позициясын, жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын.
Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте, іс-әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамдардың шын бет-бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Екі жүзділікпен өмір сүретін адамдар көптеп кездеседі. Осыған байланысты «Егер педагогика адамды тәрбиелегісі келсе, онда ол оны барлық жағынан білуі керек»- деп жазды К. Д. Ушинский.
Тұлғаны зерделей отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығын, мінезіндегі басты ерекшелігі - табаңдылығын, темпераментін, қабілетін және өмірлік іс-тәжірибесін анықтап алу қажет.
Мінез-құлыққа адамның жасап, атқарып жүрген іс-әрекетінің әсері мол. Сондықтан осылай қалыптасқан тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін аңғару абзал. Мұндай жағдайда педагогтың өзінің мінез-құлықтың ерекшеліктері тұлғаның да, ұжымның не топтардың қалыптасуына әсері сөзсіз.
Мысалы жігерлі, табандылықты қарастырайық. Өр мінезді адам өзінің намысын батыл түрде қорғайды, кедергілерді басып өтеді, табандылық және өзінің алға қойған мақсатына жетуде ерлік көрсетеді. Жігерсіздік орын алған адамға, ұдайы қобалту, қорқақтық, нақтылы шешімге келе алмау жатады.
Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез-құлқына талдау жасауды олардың интелектуалдық және эмоционалдық ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру керек.
Интелектуалдық ерекшелігіне, психологтар ой, сана сапасы көрсеткіштерін, талғампаздығы, икемдік, өзін-өзі мінеушілігі т. б. жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жан-жақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім-өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтерге, адамдармен тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-аспақты, мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес . . . » «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват», А. Байтұрсыновтың: « . . . адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді»- деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.
Орыс зерттеушісі Ф. Шербиннің пайымдауынша, қазақтың 13 кемшілдігі байқалды.
- Шынайы намысының жоқтығы
- Шартты адалдық
- Өтірікшілдік
- Зиялылық
- Пайдақорлық
- Мылжыңдық
- Бейғамдық
- Өсек-аяншылдық
- Дәукестік
- Даңғойлық
- Алайкерлік
- Нәпсіқұмарлық
- Мақтаншақтық. Міне осыған қарағанда, тек басқаны ғана емес, тіпті өзінді-өзің танудың мүмкіндігінің шексіз екенін мойындаймыз.
Адамды танып -білу біліктілігі, оны «өз орнына» қоюдағы іс-әрекеті, педагог, ұстаз, ұйымдастырушы, маманның басты таланты.
Ұйымдастырушылық біліктілігі.
Білік-әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік тәсілдерін таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды білуді қажет етеді.
Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы шарттары:
- тұжырымдалған ережені түсіну
- орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру
- жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде хабар алу болып табылады.
Бұлар педагог, студенттердің т. б. оқу-тәрбие процесіндегі біліктілік негіздерін құрайды.
Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтың тек атқаратын негізгі функциясына қатысты іс-әрекеттердің де басқа әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырушылығы да жатады
Қандайда болмасын іс күн тәртібінде негізделеді. Сондықтан да мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы, басқа уақыт өткізуден, жалаңдықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс-шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор.
«Көңілдегі көріткті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас» үшін, сөз сөйлей білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән әкелетін, өзара қарым- қатынасымыздың жанды көпірі- деп түсінген жөн.
Дәмді сөйлеп, дәйекті бол!- дейтін қағидалық астарында қарапайым өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадыр қасиетінің мәнін жаймау себебін адам жаратылысының ұдайы саналыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады. Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.
Мұндайда тіл тазалығына мән берген дұрыс. Өйткені, тіл- халықтың санау ғасырлық санасы мен зердесіне сүзіліп өтіп, шыңдалудан таңбаған, тарихтың жауындары мен дауылдарынан да желкенін жықпай өтіп, халықпен бірге жасалып келе жатқан құдыретті құбылыс, талайды шаңына көмген тарихтың өзі тәнті боларлық киелі қасиет.
Дағды туралы. Дағды-еңбек және басқа да іс-әрекет барысында белгіленген дәлдікпен және шапшаңдықпен ойын, міндеттерін орындауда, қайталау нәтижесінде алған білік негізінде қалыптасқан әрекет. Сондықтан да дағды біліктілікпен тығыз байланысты.
Егер адам қандай да бір нәрсені істей білсе және ол әрекеті жиі қайталанса, ол автоматтандырылады, орындау жеңілдейді, оған кететін энергия шығыны да азаяды.
Десекте, мұның бәрі мақсаттылық пен саналық бақылауды арқылы жүзеге асып отырады.
Көбінен ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысты, жағдайды жылдам, бір сәтте бағалай алу, соған байланысты мүмкіндіктер шеңберінде әрекетті жоспарлау, атқаратын жұмыстарды бөлу, бақылау, жұмыс барысында, жәрдем беру, соңында іс-әрекеттерге баға беруге қатысты дағдыларға дұрыс пікірлер айтылады.
Дағды да, біліктілік сияқты практикалық іс-тәжірибе негізінде қалыптасады.
Біліктілік жұмысшы мамандар дайындау мәселесіне қазіргі ғылыми көзқарас.
Білікті жұмысшы мамандығының қалыптасуы және оның кезеңдеріне тоқталатын болсақ әлеуметтік жағдайлар мен кәсіби қызметтің сипаттамасына қарай маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің (Э. Ф. зир пікірі бойынша) мынадай 5 сатысы бар.
Оптация - адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру.
Кәсіптік білім беру- жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.
Кәсіби бейімделу- өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдарын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
Кәсібилеу - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктіліктен атқара алу.
Кәсіби шеберлік - жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыру. Автролық қызмет жүйесіне ену. Осы аталған кәсіби біліктердің ең жоғарғы шегі - кәсіпті игерудің түпкі мақсаты - кәсіби шеберлік деңгейіне жетіп, өз ісінің маманы атану.
... жалғасыЖұмысшы тұлғасының қалыптасуына профессиографиялық тұрғыдан қарау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz