Отбасындағы мадақтау мен жазалау



1. Отбасындағы мадақтау мен жазалау
2. Ашық пікір алаңы
Отбасы мүшелерінің ең үлкені әжеміз болған соң ба, көбіне сол кісінің қас-қабағына қарайтынымыз есімде. Тіпті әке-шешеміз де әжемізден кәдімгідей қаймығатын. Кей кездері шаруасы үйлеспей қалған әкемнің даусын көтеріп, сөйлеп жатқан әжеме қарсы келгенін көрмеппін.
Жасы қырықтан асса да, моп-момақан баладай, үндемей тыңдап отыра беретін. Кей балалары «Түу, апа, қойшы» деп әзілге айналдырып, құшақтап, алдап жатса, ішіндегі сөз қайтармайтыны менің әкем еді. Сондықтан да шығар, әжем марқұм оны ерекше жақсы көрді. Қит етсе, үйдің үлкендері «Әкеңе айтамын, әкеңнен сұран» деп отыратын. Ал өзіміз айбарынан қаймығып жүретін әкемнің өзі әжемнің алдында кінәлі баладай болып отырғанына қарап: «Үп-үлкен болып алып әжемізден қорқа ма» деп ойлайтынмын. Есейе келе, әкемнің анасын ерекше сыйлайтынын түсіндім. Ана мен бала арасындағы осы бір сыйластық бала көңілімде ұмытылмастай әсер қалдырды.
Бала кезімдегі қатты сезінген отбасындағы жаза - әжемнің қабағын түйіп сөйлеспей қойғаны еді. Сондықтан оның көңіл күйінің жақсы болуы үшін барымызды салатынымыз есімде. Күнделігіміздегі бестікті көрсетіп, мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қалайда алда болуға тырысатынбыз. Ал әжем оған марқайып, кәдімгідей қуанып қалушы еді. Әр қадамымызға үйдегі ең құрметті адам - әжеміздің аузынан мақтау есту біз үшін үлкен мәртебе еді.
Бүгіндері отбасында мадақтау мен жазалаудың әдістері сәл-пәл өзгеше. Тапсырма орындалмаса, бұрышқа тұрғызады, теледидардағы сүйікті бағдарламасын көрсетпейді немесе аулаға ойнауға шығармайды. Мадақтау әдісінде де ата-ана мен баланың арасында өзара келісімшарт қойылады. Мәселен, «Егер осы класты ылғи «беске» бітірсең, қымбат ұялы телефон немесе велосипед алып берем, өзің армандап жүрген Астанаға апарып қыдыртамын» деген сықылды алуан түрлі шарт қойылуы мүмкін. Армандаған нәрсесіне қол жеткізгісі келген бала оған жету үшін барын салады. Әрине, ол бала егер табанды болса. «Әй, қойшы соны, маған оның қажеті жоқ» деп орта жолда айнып қалатын босбелбеу балалар да бар. Қалай десек те, әр отбасында бала тәрбиесіне орай қалыптасқан бір жүйе бары рас. Ата-ананың бәрі баласының жақсы, үлгілі, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сондықтан әр ата-ана көргені мен көңілге түйгенін өмірлік азық қылып, ұрпағына ұғындырары анық.
1. http://www.oro.kz
2. http://balazan.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Отбасындағы мадақтау мен жазалау

2. Ашық пікір алаңы

Отбасындағы мадақтау мен жазалау

Отбасы мүшелерінің ең үлкені әжеміз болған соң ба, көбіне сол кісінің
қас-қабағына қарайтынымыз есімде. Тіпті әке-шешеміз де әжемізден кәдімгідей
қаймығатын. Кей кездері шаруасы үйлеспей қалған әкемнің даусын көтеріп,
сөйлеп жатқан әжеме қарсы келгенін көрмеппін.

Жасы қырықтан асса да, моп-момақан баладай, үндемей тыңдап отыра
беретін. Кей балалары Түу, апа, қойшы деп әзілге айналдырып, құшақтап,
алдап жатса, ішіндегі сөз қайтармайтыны менің әкем еді. Сондықтан да
шығар, әжем марқұм оны ерекше жақсы көрді. Қит етсе, үйдің үлкендері Әкеңе
айтамын, әкеңнен сұран деп отыратын. Ал өзіміз айбарынан қаймығып жүретін
әкемнің өзі әжемнің алдында кінәлі баладай болып отырғанына қарап: Үп-
үлкен болып алып әжемізден қорқа ма деп ойлайтынмын. Есейе келе, әкемнің
анасын ерекше сыйлайтынын түсіндім. Ана мен бала арасындағы осы бір
сыйластық бала көңілімде ұмытылмастай әсер қалдырды.

Бала кезімдегі қатты сезінген отбасындағы жаза - әжемнің қабағын түйіп
сөйлеспей қойғаны еді. Сондықтан оның көңіл күйінің жақсы болуы үшін
барымызды салатынымыз есімде. Күнделігіміздегі бестікті көрсетіп,
мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, қалайда алда болуға
тырысатынбыз. Ал әжем оған марқайып, кәдімгідей қуанып қалушы еді. Әр
қадамымызға үйдегі ең құрметті адам - әжеміздің аузынан мақтау есту біз
үшін үлкен мәртебе еді.

Бүгіндері отбасында мадақтау мен жазалаудың әдістері сәл-пәл өзгеше.
Тапсырма орындалмаса, бұрышқа тұрғызады, теледидардағы сүйікті
бағдарламасын көрсетпейді немесе аулаға ойнауға шығармайды. Мадақтау
әдісінде де ата-ана мен баланың арасында өзара келісімшарт қойылады.
Мәселен, Егер осы класты ылғи беске бітірсең, қымбат ұялы телефон немесе
велосипед алып берем, өзің армандап жүрген Астанаға апарып қыдыртамын
деген сықылды алуан түрлі шарт қойылуы мүмкін. Армандаған нәрсесіне қол
жеткізгісі келген бала оған жету үшін барын салады. Әрине, ол бала егер
табанды болса. Әй, қойшы соны, маған оның қажеті жоқ деп орта жолда айнып
қалатын босбелбеу балалар да бар. Қалай десек те, әр отбасында бала
тәрбиесіне орай қалыптасқан бір жүйе бары рас. Ата-ананың бәрі баласының
жақсы, үлгілі, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сондықтан әр ата-ана көргені
мен көңілге түйгенін өмірлік азық қылып, ұрпағына ұғындырары анық.

Ашық пікір алаңы

Осыдан бірер ай бұрын облыстық С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға
арналған мектеп-интернат кешенінде Отбасындағы мадақтау мен жазалау атты
дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отбасы тәрбиесіндегі мадақтау мен жазалаудың мәнін ашып, ата-аналарды
ашық пікір айтуға шақырған дөңгелек үстелге ата-аналар, мұғалімдер мен
оқушылар қатысты.

Өз пікірлерін білдірген танымал тұлғалар, ақын Ғайсағали Сейтақ пен
облыстық қазақ драма театрының директоры Құжырғали Төлеуішев отбасында
жазалау қажет, бірақ ұрсу, ұру түрінде емес деген пікірге тоқталса, ақын
Ақұштап Бақтыгереева отбасында еркін өскен ерке бала өз мақсатына жете
алады деген пікір айтты.

Оң қанат пен сол қанатқа бөлінген пікірталастың түйіні отбасында
баланы қажет жерінде мадақтап, жазалап отыру керек дегенге тоқталды. Қызу
талқыға түскен тақырып жөнінде ата-аналар тарапынан айтылған ұсыныстар да
аз болмады. Бір-бір үйдің жалғызы болып өсіп келе жатқан біраз бүлдіршіннің
аға-апа, іні-сіңлі деген бауырлық, туыстық ұғымдарды білмейтіні рас.
Сондықтан білім ошағының тәрбие жұмысында кіші үлкенін аға, апа десе,
үлкені кішісін бауырым, қарындас, іні деп ізеттілік танытатын дәстүр
қалыптастырсақ деген сындарлы ой-пікірлер ортаға салынды.

– Гуманистік педагогика жазалауды жоққа шығармайды. Мектеп
тәжірибесінде жазалаудың Қосымша міндеттер таңу, оқушыны кейбір
құқықтарынан айыру, моральдық сөгіс не айып тағу сықылды түрлері
қолданылады. Дегенмен бүкіл сыныпқа жаза қолдануға, жазалау арқылы оқушының
намысына тиюге болмайды. Педагогикалық үрдістегі жаза – кек алу құралы
емес, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт,
сонда ғана шәкірттер жаза әділдігін мойындайды.

– Мадақтау – оқушының әрекетіне ұнамды баға беру. Педагогикада тек
табысқа жеткен оқушыны ғана көтермелеумен шектелмей, шын ықыласымен
еңбектенген, өз ісіне адалдық танытқан оқушыларды да мадақтап отыруды естен
шығармаған жөн. Өз-өзіне сенімсіз, үлгерімі төмен оқушының жақсы бір қырын
тауып, үнемі мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырса, баланың өз-өзіне
сенімділігі артады, – дейді жазалау мен мадақтау туралы өз ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану - педагогикалық шеберлік шыңы
Тәрбие құралдары
Отбасы тәрбиесі
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Отбасы тәрбиесінің негізі
Әдеттендіріп тәрбиелеу
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік
Отбасы – қоғам тірегі
Пәндер