Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

.

Жоспар

1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi

жалдау шартының мәнi

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi

жалдау шартын жарамсыз деп тану

4. Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен

мiндеттерi

5. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге

байланысты азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй

қорынан тұрғын үй беру

1) . Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органның немесе мемлекеттiк кәсiпорын әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаудың үлгi шартын, тұрғын үйдi пайдалану, тұрғын үйдi және үй маңындағы аумақты күтiп ұстау ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде азаматтық заңдардың нормалары да қолданылады.

2) . Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалдау шартының мәнi жеке тұрғын үй болып табылады. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кiретiн) есiгi бар тұрғын бөлме, бөлменiң бiр бөлiгi, сондай-ақ пәтердегi қосалқы үй-жайлар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартының дербес мәнi бола алмайды.

3) . Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шарты:

- азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;

- шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;

- лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;

- тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;

- заңдарда белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн.

4) . Жалға алушының отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.

Жалға алушының отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдау шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады. Жалға алушы мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзi тұратын тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын, басқа адамдарды өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiн алып кiргiзуге құқылы. Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бiрге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге отбасының мүшелерi ретiнде кiргiзiлген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кiргiзiлген осы азаматтардың, жалдаушының және онымен бiрге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң арасында өзгеше бiр жазбаша келiсiм болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бiрдей пайдалануға құқық алады. Жалға алушы немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады. Егер жалға алушы немесе оның отбасының мүшелерi дәлелдi себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзiм болмаған адамның өтiнiшi бойынша тиiсiнше ұзартылады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзiмге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңның 86-бабымен белгiленедi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй азаматтар үшiн мынадай жағдайларда: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде; мерзiмдi еңбек шарты (келiсiм-шарт) бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде; заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты iшiнде, оқуға кеткенде - оқу уақыты iшiнде, балаларды балалар мекемесiне тәрбиелеуге орналастырғанда - олардың осы мекемеде болған бүкiл уақыты iшiнде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейiн; қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiн орындауға байланысты кеткенде - бұл мiндеттердi тоқтатқанға дейiнгi барлық уақытта; емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты iшiнде; қамауда болған не бас бостандығынан айыруға сотталған немесе сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын өзге де жазалау шаралары кезiнде - қамауда болған немесе жазасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетiлген мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады. Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгiленген мерзiмiнен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушiнiң немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының не оның отбасы мүшелерiнiң (бұрынғы мүшелерiнiң) талабы бойынша жүзеге асырылады. Жалға алушы уақытша болмаған мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелерi бүкiл тұрғын үйдi бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша мiндеттi болады. Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейдi. Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды. Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде осы Заңның 85 және 86-баптарына сәйкес тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы. Егер жалға алушы мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзiне сақталатын тұрғын үйге өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғын үйдi жалға алушының келiсiмiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы. Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берушi берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы. Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.

5) . Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушыны) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс. Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Тұрғын үйді жалдау шарты
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz