Девану луғатит-турк еңбегі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Девану луғатит-турк еңбегі

Махмуд Қашқаридың (ХІ ғасыр) «Девану луғатит-турк» атты еңбегі географиялық тұрғыдан маңызды. Бартольд бұл еңбек авторын «кітаби деректерге сүйенбей сол елде өзі көріп -білген нақты оқиғалар негізінде жазған бірден-бір Орта Азиядағы араб авторы» деп атаған. Автордың арғы тегі турк, Қашқарияда туған, бірақ тұрған мекені Барсхан және Баласағұн . Орта Азияны көп шарлап саяхат жасаған ол турк тілдерінің бәрін білген. Аталмыш еңбекте тарихи деректер өте көңіл аударалық және жаңадан ашылып жатқан археологиялық деректер көбіне олардың дұрыстығын дәлелдеуде.

М. Қашқаридың кітабында толып жатқан мемлекеттердің, қалалардың, таулардың, көлдер мен өзендердің атаулары ұшырасады. Сол атаулардың көпшілігіне этимологиялық түсінік беріліп, олар тарихи әрі географиялық тұрғыдан сипатталады.

Мәселен, айталық :Ертіс Эртиш -Ямак даласымен ағатын өзеннің аты, оның бірнеше тармағы бар. Бұл өзен көлге құяды. Эртыш сөзінің мағынасы -эртышмак сөзінен шыққан, яғни «кім ширақ қимылдайды» деген сөз.

Географиялық тұрғыдан алып қарағанда Қашқаридың қолжазба күйінде сақталған «Дөңгелек картасы» өте көңіл аударарлық. Бұл картаны К Миллер, А Герман, ИИ Умянков ИЮ Крачковский ШД Алиев ХХ Хасанов және тағы басқалар зерттеген. Қашқари картасының жасалуы өте соны, әрі оқшау да, идеясы батыл:картаның дәл ортасында Меккенің орнына Қашғария мен Жетісу және Баласағұн қаласы алынған.

Бұл картаның өзіне тән ерекшеліктері:қалалар мен елдердің Ыстықкөл айналасына шоғырлануы көне турк жазбаларына ұқсас болуы, қалалардың бестік болып шоғырлануы және т. б.

Қашқари картасында Орта Азия екі бөлікке бөлінген:таулы және жазықтық. Олардың шекараларында Баласағұн қаласы Қарахандар мемлекетінің астанасы -орналасқан. Картаның ең шығысында орналасқан Джабарка жазуына біз басқа зерттеушілерге қарағанда толығырақ тоқталдық. Тарихи мәліметтерге сүйене отырып, мұның Жапония екенін айтамыз.

Оңтүстік Азия территориясындағы атаулар ішінен Инд өзенінен сәйкес келетін Сейхун атауы қате деп саналады. Бірақ бұл олай емес. Сейхун Сырдарияның көпке танымал аты болғанымен, Инд өзеніде кезінде Синд, Синдху, Мекрана, Сейхун деп атаған. Мысалы, турк теңізшісі Сиди Али Реис Инд өзенін біресе Синд, біресе Сейхун деп атаған. Қазіргі кезге дейін картаның солтүстік батыс шетіндегі жазбасының сыры ашылмай келді.

Біз Қашқари картасындағы жазу «әл-Маджар «-мадьяр, венгр, Венгрия дегенді білдіреді дейміз. Дәлелдер:

  1. «әл-Маджардың» географиялық жағынан көшпенділер мен славяндарға жақын болуы. Көшпенділер Дунай Днепр аралығындағы жерлерді қоныстанған. Х ғасыр автор Константин Багрянородный Шығыс Европа печенегтерінің мадьярлармен тығыс байланыста болғандығын айтады.
  2. Қашқари қиыр батыстағы туркі тайпасы Рум маңындағы Баджанак яғни Византия маңында тұратын печенегтер деген.
  3. Картадағы жазудың өзі анық алмадж деп оқылады. Осыған сәйкес географиялық картада Маджар Венгрия дегенді білдіреді. Бұл Дунай бойындағы жаңа мемлекет -Венгрияның дүниежүзілік картада алғаш белгіленуі болды. Аталмыш картаны ХІ ғасырда Орталық және Орта Азия да жасалған Туркінің ірі картографиялық ескерткіші деп атаймыз.

Беруни мен Қашқари замандас, дегенмен Беруни Қашқаридан 40-50 жастай үлкен болған. Алғашқысы негізінен математик, астроном, географ болса, екіншісі -филолог, этнограф және географ. Беруни мен Қашқариға белгілі болған атаулардың көпшілігі басқа шығыс авторларында, оның ішінде «Худуд-ал-Аламда» кездеседі.

ИЮ Крачовский мен С Волин Қашқариға Берунидің ықпалының әсер еткендігін атап көрсетеді.

Махмуд Қашқаридың-«Диван луғатит-турк» еңбегң ХІ ғасырдағы Орта Азия мен Батыс Қытай мәдениетінің, тұрмысының, шаруашылығының, тілі мен географиясының ірі энциклопедиясы. Көп жылдық саяхаттары мен жасаған әлем картасы үшін Қашқариды Орта Азияның алдыңғы қатарлы өлке танушысы, географы, терминологы және картографы деуге болады.

Қашқари кітабы маөмұнына қарай аталмыш жерлер туркі тайпалары мекендеген аймақтардың географиялық кіндігі деп есептеген болуы керек. Өзге өңірлерге қарағанда автор Ыстықкөл маңын ірі масштап пен түсірген.

Тек шетел кітапханаларында сақталған қазақ жері туралы араптардың географиялық әдебиетіндегі дерек тер кеңестік шығыс зерттеушілері ИЮ Крачковский мен ВВ Бартольдтің еңбектері арқылы бізге белгілі болып отыр. »Арабтардың географиялық әдебиеті» атты монографиясында академик ИЮ Крачковский ХVІІІ ғасырға дейін тұңғыш георафиялық ұғымдардың тууын, сондай-ақ осы заманғы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, автор арабтардың география ғылымының қалыптасу жолын саралап жүйелейді. Оның басқа елдердің ғылымымен байланысын зерттейді және географиялық түрлі салалаырн қарастырады. ИЮ Крачковский араб авторларының 260 астам шығармасына егжей-тегжейлі талдау жасап, олар мәлімдеген деректердің дұрыстығын және белгілі бір елге қатысты тарихи географияны зерттеу үшін әлгі мағлұматтардың түпкі мәлімет ретінде маңыздылығын анықтады.

« Араб географиялық әдебиетінің негізгі маңызы өзі ұсынған теориялық пайымдауларда емес, ондағы мәлімдеген жаңа деректеде екені қазір европалық ғылымда басы ашылған қағида, -деп жаөзды академик ИЮ Крачковский, -Ең әуелі арабтардың өздерінен бұрынғы оқымыстылармен салыстырғанда географиялық мағлұматтар ауқымын орасан зор кеңейткенін атап көрсету керек .

Арабтардың Испаниядан бастап Туркістанға және Инд өзенінің жоғары саласына дейінгі елдерді толығымен сүреттеп, олардың елді мекендерін атады, өңделген алқаптары мен шөлдерін сипаттады, мәдени дақылдар тараған аудандарды, қазба байлықтары шығатын орындарды көрсетіп берді.

Араб зерттеущілері физикалық географиялық немесе климат жағдайларына ғана емес, сонымен бірге елдердің сал-дәстүріне, өнеркәсібіне, мәдениетіне, тіліне діни наным сенімдеріне назар салды. Олардың мағлұматы халифатқа қарасты аудандар төңірегінде ғана шектелмей, гректерге мәлім әлемдік ұғымдардан асып кетті. Ал гректер Каспий теңізіден шығысқа қарай елдерді нашар білетін. Арбтар болса Ертіс пен Енисейдің жоғары сағаларына дейін құрлық арқылы баратын жол тұралы, Азиядан Кореяға дейінгі теңіз жағалаулары жайында мағлұмат береді.

Академик ВВ Бартольд өз еңбектерінде араб жазба ескерткіштерін әлденеше рет пайдаланған. Осы орайда оның «Жетісу тарихиның очерктері», »Туркістан тарихы», »Туркістанныың мәдени өмірінің тарихы» және басқа еңбектері өте қызықты. Бұл шығармалардан Қазақстанға қатысты көптеген мәліметтер алуға болады.

ХІІ ғасырдың аяғында Монғолия территориясында ерте феодалдық ірі мемлекет құрылды. ХІІІ ғасырдың басында Шыңғысхан басқыншылары Қазақстан мен Орта Азияға жорыққа шықты. Жаулап алынған жерлер Шыңғысханның ұлдарына бөліп беріледі. Тұңғыш ұлы Жошыға Етістен бастап Орал тауларына дейінгі, оңтүстігінде Арал мен Каспий теңіздеріне дейінгі жерлерді алды. Шағатай жетісуды, ал Үгедей Тарбағатай тауларына дейінг алқапты иеленді. Сырдарияның төменгі сағасынан бастап бір жағы Ертіске, екінші жағы Еділге дейін Батийдың меншігіндегі жерлер болып саналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Наср әл -Фараби туралы ақпарат
Қарағанды облысы этнотопонимдері
Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
XIV-XV ғасырлардағы қыпшақ антропонимдері
Қазақ және түрік антропонимдерінің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастығын анықтау
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Топтастырушы сөздіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz