Баланың даму шақтары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Жаңа туған бала
  2. Нәрестелік шақ
  3. Мектепке дейінгі балалық шақ
  4. Бастауыш мектеп шағы

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет

Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін) . Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлқ формаларының қоры, сытқы ортаға бейімдеулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші:сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б жатады. Олардың бәрі баланың сезім мүелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтаымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады.

Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған:нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігінен емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа туған кездегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты -анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпында байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализатордан шартты рефлекстер жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылды тежелейді. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңінің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Нәрестенің психикалық дамуы. Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасанзор маңызы болады. Солардың арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сырқы бағдарлау қимылдарын жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады -көріп қабылдауға ауысады.

Нәрестенің нерв жүйесінің даму қарқынды да айтарлықтай болады. Алғашқыда жаңа туған нәрестеде кейбір шртсыз рефлекстер болады да, кейін олар көбейе түседі. Шартты рефлекстер 2-3 жетіден кейін пайда бола бастайды. Екінші айда баланың барлық анализаторларында шартты рефлекстер жасауға мүмкіншілік туады. Мәселен, екі айлық жай суды тәтті судан, ал үш айлық бала тәттіні тұздан, сондай-ақ кейбір нәрсенің иісін ажырата алады. Төрт айлық бала айналасына көз тоқтатады, үйдегі адамдарды бөтен кісілерден ажырата алады. Бес айда көз бен қолдың үйлесімі қиылысады да, бала төңірегіндегі нәрсенің бәріне ұмтылады, оны аузына апарады. Бір жасқа жақын өз бетінше отыры, тұрады, кей бала 9-10 айлығында қаз тұрып, жүре де бастайды. Үлкендермен қарым-қатынасын да заттарды танып, білуге бағытталған сәттер байқалады.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлщық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірбиенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл програманың жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшеліге болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, (балалар қрғамының( құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі
Мектеп оқушыларына қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындарды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
Етістіктің морфологиялық сипаттары
Психикалық депривация
Бастауыш мектептегі тәрбиелік істі ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz