Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Оразбек Айгерім
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру
Дипломдық жұмыс
5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Түркістан 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ойын ұғымының шығу тарихына теориялық шолу . . . 6
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар ойындарының ерекшеліктері . . . 17
1. 3 Ойындағы баланың шығармашылық іс-әрекеттерінің көріністері . . . 26
2 ОЙЫНДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы тәрбиелеуде педагогикалық үдерісті ұйымдастыру . . . 33
2. 2 Балабақшада жүргізілген сабақ үлгілері мен ойындар . . . 50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 58
Н. О. Р. М. А. Т. И. В. Т. І. К. . С. І. Л. Т. Е. М. Е. Л. Е. Р.
.
. 2. 0. 0. 7. . ж. ы. л. д. ы. ң. . 2. 7. . ш. і. л. д. е. с. і. н. д. е. г. і. . Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. н. ы. ң. . «. Б. і. л. і. м. . т. у. р. а. л. ы. ». . З. а. ң. ы.
. Ж. о. ғ. а. р. ы. . б. і. л. і. м. . б. е. р. у. д. і. ң. . м. е. м. л. е. к. е. т. т. і. к. . ж. а. л. п. ы. ғ. а. . м. і. н. д. е. т. т. і. . с. т. а. н. д. а. р. т. ы . . . Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. . Ү. к. і. м. е. т. і. н. і. ң. . 2. 0. 1. 2. . ж. ы. л. ғ. ы. . 2. 3. . т. а. м. ы. з. д. а. ғ. ы. . №. 1. 0. 8. 0. . Қ. а. у. л. ы. с. ы. м. е. н. . б. е. к. і. т. і. л. г. е. н. .
. Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. н. ы. ң. . 2. 0. 1. 5. . ж. ы. л. ғ. а. . д. е. й. і. н. г. і. . б. і. л. і. м. . б. е. р. у. д. і. . д. а. м. ы. т. у. . т. ұ. ж. ы. р. ы. м. д. а. м. а. с. ы . . . -. . А. с. т. а. н. а., . . 2. 0. 0. 4 . . .
. Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. н. ы. ң. . К. о. н. с. т. и. т. у. ц. и. я. с. ы . . . -. . А. с. т. а. н. а. :. . Е. л. о. р. д. а., . . 2. 0. 0. 8 . . .
. Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. н. д. а. . 2. 0. 1. 1. -. 2. 0. 2. 0. . ж. ы. л. д. а. р. ғ. а. . а. р. н. а. л. ғ. а. н. . б. і. л. і. м. . б. е. р. у. д. і. . д. а. м. ы. т. у. д. ы. ң. . М. е. м. л. е. к. е. т. т. і. к. . б. а. ғ. д. а. р. л. а. м. а. с. ы . . . -. . А. с. т. а. н. а., . . 2. 0. 1. 0 . . .
. Қ. а. з. а. қ. . б. а. л. а. б. а. қ. ш. а. л. а. р. ы. н. д. а. . т. ә. р. б. и. е. л. е. у. . ж. ә. н. е. . б. і. л. і. м. . б. е. р. у. . м. а. з. м. ұ. н. ы. н. . ж. а. ң. а. р. т. у. . т. ұ. ж. ы. р. ы. м. д. а. м. а. с. ы . . . Қ. а. з. а. қ. с. т. а. н. . Р. е. с. п. у. б. л. и. к. а. с. ы. . Б. і. л. і. м. . ж. ә. н. е. . ғ. ы. л. ы. м. . м. и. н. и. с. т. і. р. л. і. г. і . . . -. . А. с. т. а. н. а. :. . 2. 0. 1. 0 . . .
. М. е. к. т. е. п. жасына д. е. й. і. н. г. і балаларды. . т. ә. р. б. и. е. л. е. у. . м. е. н. . о. қ. ы. т. у. ғ. а. . а. р. н. а. л. ғ. а. н. . «. Б. і. з. . м. е. к. т. е. п. к. е. . б. а. р. а. м. ы. з. ». . б. а. ғ. д. а. р. л. а. м. а. c. ы. . -. . А. с. т. а. н. а., . . 2. 0. 1. 0 . . .
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР МЖМБС - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
БҰҰ - Бүкілодақтық ұлтаралық ұйым
ЖБП - жалпы білім беру пәндері
БП - базалық пәндер
КП - кәсіптендіру пәндері
ОӘК- оқу-әдістемелік кешен
КТУОБжОО - Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде жүріп жаткан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдап отыратын өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттің жанына нұр құятын педагог-тәрбиешіні ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесі адамзат баласының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан асыл мұраты болып табылады. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұрғандығын нақтылап көрсетіп берді. Президентіміз мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан - 2050» стратегиясында [1], білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары атты төртінші бағытында: оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің жаңа жүйелерін белсене дамыту керектігін, ал «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Халқына Жолдауында [2] : «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деп Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарының бірінде атап көрсетті.
Еліміз Қазақстанның егемендік алып, өзінің ғылым мен техникалық дәрежесінің өсуі, экономикалық-әлеуметтік, саяси саладағы өркендеуі бүгінгі таңда білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруіне әкеліп соқтырды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.
Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаева, Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерін атап көрсетуге болады.
Ойын - тәрбиенің ең тиімді құралдарының бірі. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасында баланың ақыл-ой тәрбиесі мен психикалық дамуына, оның дербестігінің, балалар ортасының қалыптасуына ойынның әсерінің үлкен маңызы атап көрсетілген. А. П. Усова ойын іс-әрекетінің мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, ойынды тәрбие құралы ретінде қарастырды. Осыған сәйкес, бағдарлама әр ойынның түріне қарай тәрбие міндеттерін айқындап отыр: қимылды ойындар баланың қиымылын дамытуға, дидактикалық ойындар - ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға, қоғамдағы адамдардың еңбегі мен өмірін бейнелейтін сюжетті-рольдік ойындар - моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған және т. б. [3] .
Балаларға ойын іс-әрекетінің оқыту барысындағы ықпалы және балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылықтарын арттыруға әсер етуі туралы атақты ғылым-педагогтар К. Д. Ушинский [4], В. А. Сухомлинский [5], Н. К. Крупская [6] және қазақтың белді ағартушы-ғылымдары Ж. Аймауытов [7], М. Жұмабаевтар [8] өз еңбектерінде атап көрсетті. Ойын іс-әрекетінің тәрбиелік маңызы туралы В. И. Петрова мен О. С. Богдановалар жазды. Олар ойынның баланы тұлға етіп қалыптастыруға әсер етуші негізгі фактордың бірі екендігін дәлелдеді.
Ұлы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама ма?» - деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж. Руссо мен И. Г. Песталоцци ойын арқылы балалардың болашақ өмірге бейімдеу керектігін білген.
Балалардың жас ерекшіліктеріне орай ойын түрлерінің басымдылығы байқалады. Ойын түрлеріне қарай балалардың көптеген қасиеттерін дамытуға бағытталады. Оқу, қарым-қатынас, ойын және еңбек бұлардың әрқайсысы негізгі әрекет болып табылып, белгілі бір функцияларды атқарып, баланы дамытады. Оқу - білім алу мен іскерлік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас - бұл балалардың бірін-бір дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндіріледі.
Ойын іс-әрекеті оларды тартып, баурап, өмірлерін қызықты әрі көңілді етеді. Сондықтан оқыту процесінде ойынның балалар дамуына тікелей ықпал етуші фактор екендігі белгілі болғанмен, оқыту барысында оның өзіндік сипатын анықтап, көрсету және оның әдістемелік көріністерін айқындау қажеттілігі туындады. Ойынның баланың танымдық қызығушылығын, және белсенділіктерін, қабілеттілігін дамытуға қосар үлесі ұшан теңіз. Балалардың оқуға деген құштарлықтарын қамтамасыз етіп, балада қалыптасатын еңбектік іскерлік пен дағдыларды танымдық іс-әрекет арқылы дамытуда ойын әрекеттері негізгі қызмет атқарады. Балалардың логикалық және абстракті ойлауына, қиялы мен елестетулеріне, есте сақтауына тікелей әсер етіп, олардың дамуына ықпал жасаушы әрекеттер - ойын әрекеттері болып табылады. Әсерлі әрі дұрыс ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балалардың әртүрлі ойындарға қатысын анықтауға, олардың ойынға берілуі, араласу дәрежесін біліп отыруға, сол арқылы олардың ықыласын одан әрі дамытуға, ойынды педагогикалық мақсатты мазмұнмен байытып отыруға зор көмегін тигізеді.
Ойын әрекеттерін оқу пәндерін оқытуда мақсатты пайдалану - мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін ойын арқылы арттыруға негізгі дамытушы фактор болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Ойын технологиясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырудың мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- ойын ұғымының шығу тарихына теориялық шолу жасап, ойынның ерекшеліктері мен классификациясын айқындау;
- ойындағы баланың шығармашылық іс-әрекеттерінің көріністерін ашу;
-ойын технологиясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыруды ұйымдастыру және сабақ үлгілерін ұсыну.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні. о йын технологиясын оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру.
Зерттеу көздері: философиялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік еңбектер. «Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Болашақ», «ҚР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» бағдарламасы, 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламас, тәрбиешілердің озық тәжірибелері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін таңдап алынған з ерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық, әдебиеттерге, нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау; педагогикалық басылымдарды зерделеу; салыстырмалы талдау, түрлі мектептегі нәтижелерді салыстыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі білімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады, зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер кірнекті бейнеленген. Кіріспеде ғылыми аппарат: зерттеудің көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, дерек көздері, зерттеудің әдістері баяндалды.
Ойын технологиясын оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде ойын ұғымының шығу тарихына теориялық шолу жасалып, балалар ойындарының ерекшеліктері мен классификациясы айқындалды және ойындағы баланың шығармашылық іс-әрекеттерінің көріністері талданды.
Ойынды оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру әдістемесі атты екінші бөлімде балаларды ойын арқылы тәрбиелеуде педагогикалық процесті ұйымдастыру жолдары мен балабақшада жүргізілген сабақ үлгілері мен ойындар жиынтығы ұсынылған.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ойын ұғымының шығу тарихына теориялық шолу
«Білім туралы» Заңды мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысы және мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі ережесі, базистік оқу жоспарларымен бірге бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар дайындалып жарық көруде. Құжаттарда мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбиесіне, жан-жақты ой-өрісі, дене бітімі, сөйлеу мәдениеті, ана тілінің дамуына жағдай жасау қажеттігі атап көрсетілген.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Бала сөйлеуді үйрене келе, айналадағы дүниені танып - біледі. Көрген - білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысы молайып, күнделікті өмірден алған әсерінің нығая түсуіне себеп болады. Тіл - баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ой-өрісін, ақыл-парасатын, адамгершілігін, эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.
Ерте заманнан бері белсенді түрде қолданысқа ие, қазіргі түрік тіліндегі «ойын» сөзі бала ойынын, театр қойылымы және жалпы тиянақты ойды білдіреді.
Ойын сөзімен байланысты сөздердің көптеп табылуы, осы сөздің мағыналық тұрғыдан бай болуы, ойынның түрік мәдениетінде және тұрмысында қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Шындығында, ойын байсалдылықпен қарама - қарсы мэндік сипатта емес. Ойын байсалды, байыпты әрекет ретінде саналмағанымен, ойын ойнайтын адамдардың көзқарасы бойынша, ойын алаңы мен уақыт олар үшін маңызды болып табылады. Әдетте, анасы ойын ойнап жатқан баласын тамаққа шақырғанда баласының беретін жауабы мынадай: «Анашым, бірақ ойын әлі бітпеді ғой!»
Ойын ұғымы жалпы психология, бала тәрбиесі, олардың өсіп-жетілуі, баланың рухани саулығы тұрғысынан да зерделенген. Ойын көбінесе тәрбие, даму және таным құралы ретінде қарастырыла келе, ойынның адамның дамуына деген орасан зор пайдасы бар екендігі анықталған.
С. Ұзакбаева, А. Айтбаева «Казахские народные детские игры» атты еңбегінде: «ұлттық ойындар адамзат тарихымен тығыз байланысты, ол үнемі дамып және жаңарып отырады. Сондықтан ойын адамзат өмірінде үлкен орынға ие. Ұлттық ойын қоғамда үлкен рөл атқаратын маңызды тетікке айналды: ойын мен ойыншықтар адамзат мәдениетінің бір көрінісі» - деп жазған [9. 6б] .
Енді қазақ халкының тұрмысында жалпы ойын-сауық, көңіл көтеру, ойын деген қалай пайда болғанына қысқаша тоқтала кетейік. Зерттеу нысанымыз ойын болғандықтан, қазақ тұрмысындағы ойын-сауықтың көріністерін көркем шығармалардағы үзінділермен дэлелдеуді жөн көрдік.
Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетіне басып кірген жауынан кек алып, ойын-сауықтар өткізген. «Ру дәстүрлерінің нығаюына сонымен бірге рудың айрықша мейрамдары себепші болды, бұл мейрамдарда алуын түрлі салтанат жоларғылары істелді» [10. 24б] . Бұл мерекелер күні ілгері жарияланып отырды. Сондықтан мерекелерге қатысушылар ұлттық ойынның түр-түріне ілгері даярланып, әзірлікпен келді. «Қыз ұзату» келін түсірумен байланысты «Қалыңдық» ойнау салты пайда болды. Бұл қыз ұзату тойында жар-жар, келін түсіру тойында беташар айтылды [10. 200б] .
Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, байсалдылықты, т. б. мінез-құлық ерекшеліктерімен бірге күш-қуат молдығын, білек күшін, дененің солданып шығуын қажет етеді. Сонымен бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Қазақтың ұлттық ойындары тек ойын - сауықтық жағынан емес, ол спорт, ол - өнер, ол шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып-білуге талпынысының нышаны ретінде өмірге келгенін, оның бір өнердің бастамасы, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінің айнасы екенін білуге тиіс [11. 66б. ] .
Б. Төтенаев «Қазақтың ұлт ойындары» деген кітабында аты ғана сақталып қалған ойындардың аса бір маңыздыларының бірі деп «Абылайдың алты ағашы» атты ойынды атап ол жайында Байтоғайұлы Малақайдың "Ермек-еңбек" деген мақаласында сөз болатынын, алайда оның бізге жетпей үмыт болғанын сөз етеді. Ол «тоғыз құмалақ», «шахмат» сияқты ойын екендігінен хабар береді [12. 11б] .
Е. Сағындықов дер кезінде қағаз бетіне түспей жинаушылардың көзінен таса қалған ойындар саны әлі де көптеп кезесетінін сөз етеді. Ол солардың арасында «Сары құлан», «Сарала көз», «Ақ аю», «Ағызбақ», «Бақай пісті», «Жыламан», «Топай», т. б. сияқты ойындардың бар екенін айтады [13] .
Метин Анд ойынның әр алуан сипатына қарай ерекшеліктерін төмендегідей көрсетеді:
1. Ойын бәрінен бұрын жан қалауына байланысты, шын көңілмен істелетін әрекет.
2. Ойын шынайы өмірден уақытша алшақтап, өзіндік әлемге енеді.
3. Ойын өзіне тән орны және уақытымен шектелген. Ойында күнделікті күйбең тіршіліктің орны жоқ. Бұл жердегі ерекшеліктер эстетикалық құндылықтар сияқты. Өшпенділік, қарама-қарсылық, тепе-теңңдік, түрлендіру, шешім қабылдау, ұйғарым т. б.
4. Әрбір ойынның ережелері бар. Ойын ережелері бір-бірімен байланыстырады, шүбә келтірушілік жоқ. Ережелер сақталмаған жағдайда бүкіл ойын бұзылады, бітеді.
5. Бірге ойнау, ойыншыларды бір-бірімен жақындатады. Ойын біткеннен кейін де ойыншылардың арасында бір топтың мүшесі сияқты жақындық туады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz