Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Сариева Айдана

Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Түркістан 2014

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Қылмыстық құқық, іс жүргізу және

криминология кафедрасының меңгерушісі

п. ғ. к., доцент м. а. М. С. Молдалиев

15. 05. 2014ж. Хаттама №10

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері

5В030100 мамандығы бойынша - «Құқықтану»

Орындаған А. Сариева

Ғылыми жетекшісі

з. ғ. к., аға оқытушы Е. П. Мергенбаев

Түркістан 2014

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Терроризм: оның ұғымы және түрлері

1. 1 Терроризм ұғымының пайда болуы және терроризмнің түсінігі . . . 8

1. 2 Терроризмнің түрлері . . . 14

1. 3 Халықаралық терроризм түсінігі, мақсаты және қоғамға қауіптілігі . . . 20

2 Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері

2. 1 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары бойынша терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік . . . 23

2. 2 Терроризм үшін қылмыстық жауапкершіліктің кейбір мәселелері . . . 32

3 Терроризммен күрес: негізгі бағыттары мен проблемалары

3. 1 Терроризммен күрестің түсінігі, принциптері, мақсаттары мен міндеттері . . . 35

3. 2 Қазақстан Республикасында терроризммен күресті жүзеге асыратын субъектілер және олардың құзыреттері . . . 37

3. 3. Қазақстан Республикасында терроризммен күресудің, алдын алудың, оның зардаптарын жоюдың криминологиялық және ұйымдастырушылық шаралары . . . 39

3. 4 Терроризмге қарсы күрес жүргізу және террорға қарсы күрес жүргізудегі ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы . . . 43

3. 5 Терроризммен күрестегі әлемдік тәжірибенің кейбір қырлары . . . 47

Қорытынды . . . 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда терроризмнің керемет көп анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесі біреулер оған мүлде қарама-қарсы пікірлерін салмақтайды. Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді.

Терроризм мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстардың салдары екенін де атамай өтуге болмайды. Мысал үшін айтқанда, бүгінгі өмірдегі терроризм әскери теке тірестің салдары болуы да немесе кері сипат алуы да бек мүмкін.

Айрықша атап өтерім, миграциялық тасқындарды бақылау әлсіреген жағдайда террористік актілердің бел алу ықтималдылығы артады.

Мемлекеттер арасында орын алған қайшылықтар мен шиеліністер терроризм факторын бәсекелес жақты әлсірету мақсатына пайдаланатын мемлекеттер мүддесінің артта түсуіне ықпал етуде. Терроризмнің көрініс табуының қалыбы мен қасиеті де осыған байланысты болып отыр.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Дүние жүзінде 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың бірінші жартысында болған процестердің қарапайым ғана талдауы террористік белсенділіктің өсе түскенін көрсетеді. Бұған қоса, 2002 жылғы террористік актілер 1992 жылдан бері соңғы он жыл ішінде көрсеткіштен асып жығылуы әбден мүмкін. Бұған қапалындыратын статистика айғақ, терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту[1] .

Тек қана 2002 жылдың сегіз айында дүние жүзінде 390 теракт болған, мұның өзі 2001 жылы тіркелгеннен онның бір бөлігіне көп. Террористік белсенділіктің 2002 жылғы сегіз айындағы көрсеткіш 1992, 1994, 1996 және 1997 жылдардағы көрсеткіштен асып түсті.

Америка Құрама Штаттарындағы трагедиялы қыркүйек оқиғасынан кейін терроризммен күрестің болып көрмеген шаралары көрініс тапты. Терроризм қауіп-қатерінің таралуына дүние жүзі елдерінің бәрі дерлік қарсы шықты. Тек 2002 жылдың сегіз айында ғана террористердің қолынан 4776 адам қаза тапты, мұның өзі 2001 жыл бойғы көрсеткіштен көп еді. Индонезиядағы соңғы оқиға осынау сұмдық статистиканы күрт көтеріп жіберді. Қасіретті шежірені 2002 жылғы қазандағы Мәскеу драмасы жалғастырды.

Терроризм қазір ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, терроризм әртүрлі мемлекеттер, топтар арасындағы келіспеушілікті шешу үшін қорқыту және қырып-жоюдың құралына айналып отыр.

Терроризмнің тәрбиеленушісі ретінде кез-келген адам болуы мүмкін, тіпті өкілетті бай адамдармен қатар жәй және ешбір қатысты жоқ кедей адамдар да болуы мүмкін.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың теориялық базасын бұрынғы өткен және қазіргі кезеңдегі А. Н. Ағыбаев, З. О. Ашитов, Н. О. Дулатбеков, Е. О. Алауханов, Н. М. Әбдіров, Г. И. Баймурзин, К. Ж. Балтабаев, Қ. А. Бегалиев, И. Ш. Борчашвили, А. А. Исаев, Ө. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, Е. І. Қайыржанов, Р. Б. Құлжақаева, М. С. Нәрікбаев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, И. И. Рогов, Л. Ч. Сыдықова, Д. Бұғыбайқызы, Г. Р. Рүстемова, П. И. Люблинский, С. В. Познышев, Н. С. Таганцев, И. Я. Фоиницкий, К. Ш. Құрманов, И. И. Карпец, Т. М. Күлтелеев, АА. Пионтковский, М. Д. Шаргородский, Л. А. Прохоров, Г. А. Кригер, М. А. Скрябин, Г. С. Говеров, П. И. Гришаев, Ю. М. Ткачевский, В. И. Ткаченко, Я. М. Браинин, А. М. Яковлев, А. В. Наумов, В. В. Лунеев, Г. Н. Борзенков, Н. Ф. Кузнецова және т. б. ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері құрады.

Осы қылмыс кең масштабты және аса қауіпті қылмыс болғанымен терроризм ғылымда жетік зерттелмеген болып табылады.

Терроризмге байланысты қылмыстық заңда қысқаша түсініктер, жекелеген баптар бар, сондай-ақ терроризм туралы қылмыстық және криминалистикалық зерттеулерде жекелеген бөлімдер, терроризмнің тарихы туралы біраз оқулықтар да жеткілікті, бірақ та әлі күнге дейін терроризм жөнінде үлкен ғылыми зерттеулер, монографиялар жоқтың қасы.

Дүние жүзіндегі ғалымдардың арасында да терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер көп. Әрбір мемлекет терроризмге өз қылмыстық заңы бойынша түсінік береді, бірақ барлық мемлекеттер мойындаған терроризм жөнінде біртұтас түсінік жоқ. Бұл жағдай әрине терроризммен күрес жүргізгенде өте үлкен қиындық келтіреді.

Терроризмнің себептерін анықтау үшін оны жан-жақты, яғни тарихи, мәдени, психологиялық және саяси аспектілері бойынша талқылап зерттеу керек.

Терроризм қазіргі кездегі ең қауіпті қылмыс болып табылады және де кең қанат бара жатыр.

Терроризм ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда, ал халықаралық терроризмнің алдын-алу өте қиын болып табылады. Себебі террористер қылмысты жасауға дайындық әрекеттерін бір мемлекеттің аумағында жүзеге асырып, оны іске асыруды басқа бір мемлекеттің аумағында жүзеге асыруы мүмкін. Бұндай қылмыстың алдын-алу үшін басқа да мемлекеттердің органдарымен ынтымақтастықты нығайтып, күшейту керек. Терроризм ол бүкіл дүниежүзіне төніп тұрған қауіп, сондықтан да ол қай мемлекеттің аумағында жасалмасын онымен күрес жүргізгенде барлық мемлекеттердің құқық қорғау органдары бірігіп іс қимыл жасау керек.

Негізінен алғанда терроризм актісі әр-түрлі сипата болуы мүмкін бірақ терроризм актілерін біріктіретін екі түрлі элемент бар.

Біріншіден: терроризм - ол мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған.

Екіншіден: терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін тудыру болып табылады.

Терроризм актісі жасалғанда көптеген адамдар қаза болады. Менің ойымша терроризм актілерінің алдын-алу шараларын күшейту керек. Бұл әрекет арқылы терроризм қауіпін азайтуга болады.

Бізге терроризмнің ең қауіпты түрі - діни терроризм қауіпы төніп түр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез-келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге қүқылы. Қазіргі уақытта көптеген секталар жұмыс істеуде. Олардың нанымдары бойынша тек солардың ғана діндеріне сену керек.

Бұлардың ойынша, олардың сенген діндеріне сенбеген адамдар, дінге сенбейтін күнахарлар болады, сондықтан олар адамдарды өз дініне сендіру үшін терроризмге жүгінуі мүмкін. Мысалы: басқа діни мекемелерге жарылыс қою, өрт қою және тағы да басқа әрекеттер жасайды, тіпті діни фанаттар өздерін өлімге қиюы мүмкін.

Осы жоғарыда аталған діни терроризм қаупін төмендету үшін орта білім беретін мекемелерде дұрыс дінді уағыздайтын кітаптарды оқыту керек, себебі дінді дұрыс білмейтін балалар діни секталарға қосылып кетуі мүмкін. Сондай-ақ құқық қорғау органдарында осы діни секталардың және діни мекемелердің қызметін тексеру үшін іс-шараларды күшейту керек.

Қазақстан Республикасының оңтүстік аймақтарынан терроризм және экстремизм қауіпі төніп түр. Бұл жерде экстремизм дегеніміз билікті күштен басып ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге барабар қоғамдық қауіпсіздікке күшпен озбырлық жасауға бағытталған, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы жасақтарды ұйымдастыру немесе оларға қатысу болып табылады.

Осындай бізге төніп тұрған қауіпті тию үшін ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара күштерін нығайту керек деп санаймын. Мен бұл жерде "Ауганстанды" басшылыққа талып отырмын.

Терроризмді қауіпті қылмыс деу себебім ол бүкіл адамзатқа қауіпті құбылыс, терроризм салдарынан адамдар қаза болып, материалдық құндылықтар қалпына келтірілмейтіндей етіп бұзылады және т. б.

Осы жоғарыда айтылғандарға сәйкес мысал ретінде АҚШ-ты айтсақ болады. Онда 2001 жылы Дүниежүзілік сауда орталығына самолетпен соғылғанда террорист өзімен бірге көптеген жәй адамдарды өлімге қиды.

Терроризммен күрестің қиындығына келетін болсақ, ол терроризм жөнінде жалпы бірдей түсінік жоқ, яғни әрбір мемлекет өз қылмыстық заңы бойынша саралайды.

Менің ойымша терроризм жөнінде барлык, мемлекеттерге ортақ бір түсінік орнату керек және терроризм бүкіл адамдарды елеңдететін қауіпті қылмыс болғандықтан, ол жөнінде терең ғылыми зерттеулер жүргізу керек. Себебі дүние жүзінің ғалымдарының еш қайсысы терроризм жөнінде ірі монографиялар жазбаған.

Қазіргі кезде терроризмді жүзеге асырушылар әртүрлі қаруларды қолданатын болып кетті. Олар мысалы ядролық, жаппай қырып жоятын қаруларды қолдануы мүмкін, сол себептен әрбір мемлекет өзінің осындай қарулары сақталатын объектілерді қатаң бақылауға алу керек.

Терроризм ол қылмыстық заңда көрсетілген басқа да қылмыстармен тығыз байланысты. Мысалы, самолетті айдап кету, адамдарды кепілге алу, қаруды заңсыз сату, есірткі бизнесімен және тағы да басқаларымен байланысты.

Терроризм - үшін жаза тағайындағанда сот бұл әрекеттердің жиынтығын терроризм деп бағаламайды. Ол осы жоғарыда аталған қылмыстар орын алса, осы қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындайды.

Мысалы адам өлсе онда 96-баппен 233-баптың жиынтыгы бойынша сараланады.

Яғни терроризмнен күрес жүргізгенде терроризмнің алды алу, тию және басқа мемлекеттердің органдарымен ынтымақтастықты нығайту керек. Тек сонда ғана терроризм қауіпі төмендейді деген ойдамын.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер:

Терроризммен күрес бүгінгі құқық қорғау органдарының басты қызметі. Әрине, біздің жерімізде мұндай ауыр қылмыстар әзірге орын алған жоқ, оның бетін әрі қылсын. Алайда «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы есте ұстауымыз керек. Мұндай әрекеттермен әрбір азамат белсене күресуі, құқық қорғау органдарына көмекші болуы тиіс.

Диплом жұмысын қорыта келе, мынадай ұсыныстар жасағым келеді:

  • Терроризммен күрес бүгінгі құқық қорғау органдарының ең бірінші қатал да өзекті мәселесі болуға тиіс;
  • Әрбір адам өз құқығын қорғауға тырысу керек;
  • Елімізде терроризм проблемасын мәңгілікке жоғалту керек;

Терроризммен айналысқан адамдарға өте қатал жаза беру керек.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Терроризм қылмысын қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілерін жан-жақты зерттеу.

Дипломдық жұмыстың міндеті. Ізденіс мақсаттары төмендегідей негізгі міндеттерді шешуді көздейді:

1. Терроризм қылмысының болу себептерін де қарастыру;

2. Терроризм қылмысын жасайтын субъектілерінің жүйесін анықтау;

3. Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысына қылмыстық құқықтық сипаттама беру.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Кіріспеден, үш бөлім және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Терроризм: оның ұғымы және түрлері

1. 1 Терроризм ұғымының пайда болуы және терроризмнің түсінігі

Әртүрлі мемлекеттердің террорлогтары ондаған жылдар бойы терроризмнің және террористік қызметтің түп негізін ашып көрсететін түсінігін беруге тырысып жүр.

Осы проблеманың спецификасы әртүрлі болып табылады және көптеген аспектілерден тұрады. Қазіргі кезде терроризмнің жалпы бірдей анықтамасы жоқ. Американың қоғам танушысы Д. Лонгтің еңбегінде былай деп көрсетілген: "Терроризм үлкен қоғамдық проблема болғанымен, терроризмнің түсінігі жөнінде келіспеушіліктер өте көп. Дүние жүзінде ғалымдардың ешқайсысы терроризмнің түсінігі жөнінде оның түп мағынасын ашып көрсететін анықтамасын әлі берген жоқ". Террор - ол латын тілінен аударғанда terror-қорқыныш деген сөзді білдіреді. Осыған сәйкес біздің тілімізде "терроризм", "террористік акт" және ақырғы кезде пайда болған "халықаралық терроризм" және "халықаралық сипаттағы террористік акт" - деген сөздер туындаған. В. И. Дальдің айтуы бойынша терроримзнің мақсаты ретінде күш қолдану, өлтіру арқылы қорқыту деп түсінік береді.

Терроризм - бұл қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін алаңдатып отырған ең қауіпті, ең күрделі сондай - ақ аса жоғарғы қарқынмен өршілеп келе жатқан қоғамдық қауіпті құбылыс болып отыр. Терроризм тақырыбына байланысты зерттеуімізді бастамас бұрын терроризм дегеніміз не?, қазіргі ғалыдар жүйесінде оған қандай анықтамалар берілген деген мәселелерге тоқталуымыз керек деп ойлаймыз. терроризмнің, террористік әрекеттердің орын алуы адамдардың жаппай құрбан болуына, материалдық және рухани құндылықтардың бұзылуына немесе жойылуына әкеліп соқтырады, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық топтардың арасында бітіспес жанжалдарды тұтандырады, тіпті кей жағдайда терроризмді тыю үшін көптеген жылдар бойы күш жұмсауға тура келді.

Қазіргі кезде террористік деп неше түрлі жан түршігерлік жарылыстар мен басқа да әрекеттердің күшейгені сонша, ол бір мемлекеттің проблемасы болудан қалып халықаралық сипатқа ие бола бастады. Терроризм кейбір топтар мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдары мен тұрғындары үрейлендіруінің, өздерінің саяси, ұлттық, діни, субъективтік тағы басқа проблемаларын шешудің ең қауіпті жолына айналғанын ашық айтуымыз керек. терроризм бүгінгі таңда адамзат қоғамы үшін экологиялық қауіпсіздік, адамзат қауіпсіздігі сияқты ғаламдық проблемалардың біріне айналды. Сондықтан да терроризм проблемасын шешу адамзат қауіпсіздігі үшін қажетті шара. терроризмнің ұғымын беру, онымен күресудің халықаралық құқықтық негізін орнату, терроризмнің алдын алуға байланысты сақтандырушылық, жедел іздестіру және басқа да сұрақтарды шешу бүгінгі күндегі өзекті мәселе болып саналуы тиіс.

Статистикалық деректерге талдау жасау бүкіл дүние жүзінде терроризмнің әр түрі мен нысандары санының өсуін көрсетіп отыр. Өткен ғасырдың 60 - 80 жылдарының өзінде терроризм әлемнің түрлі елдерінде кең етек ала бастады. «Интернационал секюрети ревью» журналының мәліметтері бойынша 1970 - 1978 жылдары 5534 террорлық акт тіркелген. Американдық «Джорнел оф енд дипломэси» журналының мәліметтері бойынша 1981 жылы 125 террористік топтармен 2700 террорлық акт жасалған және бұл әлемнің 50 мемлекетін қамтыған. 1985 жылғы деректер бойынша мұндай актілер 1981 жылға қарағанда 15 % артқан. егер 1980 жылдардың басынана терроризм оқиғаларының саны орта есеппен жылына 500 болса, осы журналдың мәліметтері бойынша 1984 жылы бұл сан 700- ге дейін, 1985 жылы 800 - ге дейін артқан (80% өскен ) [2] .

Американың терроризм бойынша жыл сайынғы шолуында бұл тенденцияның аздап болса да жалғаса түскені жайында айтылады. 1987 жылы 832 теракт, 1989 жылы - 856 және т. б. Терроризм оқиғаларының саны, әсіресе, КСРО және социалистік лагер тарағаннан кейін арта түсті. 1995- 1997 жылдары террористік актілер анағұрлым қатал және көбінесе бейбіт тұрғындарға бағытталған. Қылмыстық топтардың ұйымдасу деңгейі, қарулануы, өзара байланыстары арта түсті.

1996 - 1998 жылдары терактілердің саны азайғанымен халықаралық терроризм құрбандарының саны артты. Айталық, 1996 жылы халықаралық террористік актілердің саны қысқарғанымен, құрбан болғандардың саны 1995 жылмен салыстырғанда 17- ден 300 адамға дейін көбейді. 1996 жылы террористердің қолынан 2652 адам жараланды. Шри-Ланкада болған бір жарыслыстың өзінен ғана 90 адам қайтыс болып, 1400 адам әр түрлі дәрежедегі жарақат алды [3] .

Дүние жүзінде 2001 жылдың соңы мен 2002 жылдың бірінші жартысында. болған процестердің қарапайым ғана талдауы террористік белсенділіктің өсе түскенін көрсетеді. Тек қана 2002 жылдың сегіз айында 390 теракт болған, мұның өзі 2001 жылы тіркелгеннен онның бір бөлігіне көп. Тек 2002 жэылдың 8 айында ғана 4776 адам қаза тапты, мұның өзі 2001 жыл бойы көрсеткіштен көп еді [4] .

Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері оған мүлде қарама қарсы пікір салмақтайды. Яғни, бүгінгі күнге дейін «терроризм» ұғымына қатысты ортақ пікір қалыптасқан жоқ. Бұның өзі бұл мәселенің қаншалықты күрделі екендігін айғақтайды. дегенмен көп жағдайда терроризмге қоғамға қауіпті жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде баға беріледі. Ал криминолоия ғылымы тұрғысынан түсіндірер болсақ терроризм - бұл қылмыстылықтың айрықша түрі. Өйткені криминология ғылымы бойынша қылмыстылық бұл белгілі бір уақыт кезеңі аралығында, белгілі бір мемлекетте (өңірде) жасалған қылмыстардың жүйесін білдіретін тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік және қылмыстық - құқықтық құбылыс болып табылады [5] .

Енді біз терроризмнің анықтамасына қатысты әр түрлі ой пікірлерге талдау жасай отыра бұл мәселеге қатысты өз тұжырымдарымызды ұсынсақ. «Террор (terror) » сөзі латын тілінен аударғанда қорқыныш, үрей деген мағына білдіреді. Американдық авторлар В. Малиссон мен С. Малиссон мынадай анықтама ұсынады: «террор дегеніміз бұқара немесе саяси мақсатқа жету үшін күш көрсету мен қорқытуды жүйелі түрде пайдалану болып табылады». БҰҰ Бас Ассамблеясының Комитетінде 1976 жылы «терроризм» ұғымына анықтама беруге талпыныс жасалды. Р. Аронның пікірі бойынша күш көрсету актісі, егер оның психологиялық эффекті оның нақты нәтижесіне кері пропорционал болған жағдайда террористік акт деп саналады. Э. Арегач болса терроризм жалпықылмыстық қылмыстардың бір нысаны болып табылады, қоғамда үрей мен ретсіздік тудыру, қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында жасалады деген анықтама береді. [6] .

В. И. Дальдің түсіндірме сөздігінде терроризм - өлтіремін, жазалаймын, зорлық жасаймын деп қорқыту мағынасында берілген [7] . «Терроризм» сөзіне В. И. Дальдің берген түсіндірмесі қазіргі кездегі «террорлық акт жасау» түсінігіне жақынырақ келетін сияқты. Ал С. И. Ожегов мынадай мәселені нақтылайды: террор - өлтіруге дейінбаруы мүмкін [8] . Мұндай нақтылау терроризмнің ұғымын өте тар мағынада түсіндіреді деп ойлаймыз. Өйткені терроризм тек саяси қарсылықа қарсы қолданылмайтыны және бүгінгі терроризімнің тамыры тереңде жатқаны баршаға аян.

Шетелдік сөздердің сөздігінде (И. В. Лехиннің ред. ) террор қарсыласының көзін жоюға дейін баратын күш қолдану деп анықталған [9] .

Ал енді «халықаралық терроризм», «халықаралық сипаттағы террорлық акт», «мемлекеттік терроризм» ұғымдары әлі күнге дейін бір жүйеге келмей талас тудыруда. Осы ұғымдарға әр мемлекеттің авторлары ұсынған анықтамаларға талдау жасау көрелік .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық және қылмыстылықпен күресетін ұйымдар
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Халықаралық қылмыстық құқық
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz