Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері



Кіріспе
I Бөлім Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері
1.1. Дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәні, тұжырымдамалық негізі
1.2. Балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы мен мүмкіндіктері.
1.3. Дарындылықты дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы . педагогикалық проблема
II Бөлім Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде балалардың дарындылығын дамыту технологиясы
2.1. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды баланы
дамытуды жолдары
2.2. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды балаларды дамыту әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік іркениет үлгісінде қайта құрылуы, білім беру саласындағы - мектеп пен отбасы ынтымақтастығына сүйеніп дарындылықты дамыту негізін жасау, баланың дарындылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте жан-жақты, ақыл-ой өрісі кемелденген жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін туындатып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, креативтілік қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер көтерілгені белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықты, дарынды, талантты, білімді, жоғары дайындығы бар жеке тұлға қалыптастыру қажет [1].
Жеке тұлға-басты құндылық, оның дарынының, интеллектуалдық қабілетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту-білім беру, отбасында тәрбиелеу негізінде жүзеге асады. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда бала қабілетін уақытылы ашып, дарынын дамыту қажеттігі - көкейкесті мәселелердің бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балалар мектептерін дамыту және мемлекеттік қолдау (1996 жыл) бұйрығымен аса қабілетті оқушылармен белсенді жұмыс жүргізу жандана түсті, дарынды балаларды анықтаудың, қолдаудың, оқытудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылды [2]. Осыған сәйкес «Жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік «Болашақ», «Дарын» бағдарламалары өңделді. Берілген бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы үкіметінің Қаулысы бойынша (№ 256. 1998 жылдың 24 наурызы) білім берудің жаңа ұйымы - Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ашылды. «Дарын» орталығының ашылуы теория мен практикада белгілі нәтижелерге жеткізді: Халықаралық олимпиадалар, ғылыми жарыстарда Қазақстан құрама командасы тек 2002 жылы 251 медальді, оның -55 алтын, -89 күміс, -107 қола жеңіп алды [3].
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер болып, оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанмен, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы әлі де болса толық шешімін таба қойған жоқ. Әрі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының оқушылардың дарындылығының дамуына ықпалына терең үңіле бермейміз. Елімізде педагогика және психология саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне байланысты бірқатар маңызды зерттеулер орындалған: жеке тұлғаның танымдық ізденіспаздығы мен шығармашылық ойлау мүкіндіктерін дамыту А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Тұрғынбаева, дарынды балалармен жұмыс істеу теориясы мен практикасы Жексенбаева У.Б., Қазақстан Республикасында дарынды балаларды айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасында: оқыту, дамытудағы білім беру технологияларының ролі, дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерді дайындау, т.б. мәселелер көтерілді.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», -Алматы, 2000.-96 б.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзе асыруға қатысты кұжаттар жинағы. Алматы, -1999,-132 б. - Дарын 6- білім.
3. Муканова С.Д., Легкоконец Е.В. Научно-исследовательская деятельность педагогического коллектива школы для одаренных детей «Дарын» как средство выявления, поддержки и развития одаренности, Білім берудегі Менеджмент в образовании, № 4/ 1998. , 89-91 б.
4. Құлжанова Н.: Мектептен бұрынғы тәрбие., Ана мен бала., Алматы,. 1995
5. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырған Шәріпов Ә., Дәуітов С.)- Алматы: Жазушы, 1989.-320 б.;
6. Аристотель. Сочинения в 4 т. - Москва, 1976.
7. Акивис Д.С. Отцовская любовь. - Москва, 1989
8. Аль-Фараби. Философские трактаты. Алма-Ата, 1973, с.96-98;
9. Баласагуни Ю. Благодатное знание. М., 1983. -335 с.
10. Кейқауыс К.Қабуснама. /Өзбек тілінен аударган Т.Айнабеков.-Алматы: Балауса, 1992.-160 бет.
11. Абай әлемі: рухани мұра мәселелері және қазіргі кезең атты республикалық ғылыми -практикалық конференцияның материалдары. 26-27 мамыр 2005 жыл. Ақтөбе, РББ, -298 б.; Абай энциклопедия./Бас редакторы Р.Н.Нұрғалиев,. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы., Атамұра, баспасы, 1995 Ж.-720 б.; Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, Алматы, 1995 ж., Абайдың қара сөздері /Х.Ж.Сүйіншәлиев/. Алматы, 1956 ж. 150 б.
12. Құдайбердиев Ш. Шығармалары /Өлеңдер, дастандар, қара сөздер/. Алматы, Жазушы,-1988- 560 б.; Ш.Қ.Сәтбаева. Ш. Құдайбердиев, Алматы, 1990, -52 б.
13. Дружинин В.Н. Психология семьи. -Екатеринбург, 2000. - 3-е изд. испр. и доп. -208 с.
14. Выготский Л.С. Психология искусства. -Москва, 1982.
15. Гальперин П.Я. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.Курс лекций. -Москва, 2000.
16. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения.-М. -1986.-239 с.
17. Матюшкин А.Н. Проблемы ситуации в мышлении и обучении. -М.: педагогика, 1972.-280с.
18. Махмутов М.И., Ибрагимов Г.И., Чошанов М.А. Педагогические технологии развития мышления учащихся. -Казань: ТГЖИ, 1993. - 88с.
19. Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности младших школьников. -М., Просвещение. -1988. -175 с.
20. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы. -1982. -247 б
21. Бабанский Ю.К. Избранные педагогические труды. -М. -1989. -380 с
22. Алдамұратов Ә, Әбеуова И. Ұлттық тәлім-тәрбиедегі мінез-кұлық ерекшеліктері. Ұлағат, 1995. - № 2. - 38-39 б.
23. Жарықбаев Б.Қ., Қалиев С.К. Қазақ тәлім тәрбиесінің антологиясы -Алматы,- 1996 ж.
24. Абылкасымова А.Е. Формирование познавательной самостоятельности студентов-математиков в системе методической подготовки в университете: дис. д-р пед. наук/ - Алма-Ата КазГУ им. Аль-Фараби, 1995. - 303с.
25. Бөлев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теориясы және практикасы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2004,- 304б.
26. С.Ұзақбаев. Халық педагогикасының эстетикалық тәрбие. А.1990ж.
27. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата.: Мектеп, 1984. - 134с.
28. Смаилов С.С. Дидактикалық материалдарды қолдану және студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. -Алматы. Респ. Баспа каб. -1994. -254 б.
29. Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып окушыларының шығармашылық қабілетгерін дамыту. П.ғ.к. ...дисс. автореф. - Алматы, 1998. - 22 б,
30. Омарова Р.С. Формирование познавательной самостоятельности студентов в вузе: дис. канд. пед. наук/ - Актюб. филиал КазНТУ, 2002. - 166с.
31. Сабыров Т.С. Оқыту теориясы негіздері. -Алматы. -1993. -8 б.
32. Кудакулов М.А. Дидактические проблемы формирования оспов профессионально-педагогических умений у будущего учителя. Автореф. Дисс. Д.п.н. Киев, 1977. 49 ст
33. Момынбаев Б. Нағымжанова Қ. «Бастауыш мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті». Бастауыш мектеп журналы, 2001 №7 3-5 бб
34. Уманов Г.А. История создания и тенденции развития профессионально-технического образования в Казахстане: дис. канд. пед. наук/ - Алма-Ата, 1970. - 164с.
35. Лейтес Н.С. Умственной одаренности.-М., 1968 г.
36. Савенков А.И. Одаренный ребенок в массовой школе /М.:Сентябрь, 201 Г.-208 с.
37. Петров М.К. Язык, знак, культура.- М., 1991.
38. Песталоцци И.Г. Избранные педагогические сочинения в 2-х томах. -М. -1981. -334 с.
39. Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. -1966. -287 с.
40. Штерн В. Умственная одаренность: Психологичесие методы испытания умственной одаренности в их применении к детям школьного возраста/ Пер. С нем. А.П.Болтунова; Под ред. В.А.Лукова.-Союз, Санкт-Петербург, 1997.-128 с.
41. Алтынсарин Ы. Тањдамалы шыѓармалары. Құрастырған Б.С.Сүлейменов. -Алматы. Ғылым. -1955.
42. Уалиханов Ш. Тањдамалы шыѓармалалары. -Алматы. -1985. -560 б.
43. Құнанбайұлы Абай. Шығармаларының толық жинағы. 1,2 том. -Алматы. Ғылым. -1954
44. Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы. Жазушы. -1989.
45. Теплов Б.Н. Способности и одаренность.-М., 1985 г
46. Асмолов А.С. Личность как предмет психологического исследования. -М. 1984. -318 с.
47. Айзенк Г.Ю. Проверьте свои способности. - СПБ: Лань, 1996. - 160 с.
48. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекознания. -М.-1996.-240 с.
49. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. -М. -1981. -320 с.
50. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Анатілі, 1992.-160 б.
51. Нечаев В.Я. Общество и образование.- М.: 2005. - С.6., 9-ая лекция.
52. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика.-Алматы, РБК, 1997 ж.-142 б.
53. Исследования ЮНЕСКО в рамках реализации Программы «Образование
для всех детей» в странах Центральной Азии, 2005
54. Качественный состав учителей дневных общеобразовательных школ на 2006-2007.- Материалы МОН РК. 2007г.
55. КР тәлім-тәрбие тұжырымдамасы - // Егемен Қазақстан, 1993, 5-ақпан;
56. ҚР гуманитарлық білім беру тїжырымдамасы. — Алматы. Қазақстан,1994;
57. Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы "Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы", Алматы. Дәуір, 1997 жыл.
58. Жарықбаев Қ.Б. Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі. Алматы: Білім, 2005-144 бет
59. Одаренные дети. /Перевод с ангийского, Г.В.Бурменской, В.М.Слуцкий, Москва, Прогресс, 1991 Г.-376 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
I Бөлім Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық
негіздері
Дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәні, тұжырымдамалық негізі 7
Балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасының
ынтымақтастығы мен мүмкіндіктері. 19
Дарындылықты дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы -
педагогикалық проблема 28
II Бөлім Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы негізінде балалардың
дарындылығын дамыту технологиясы
2.1. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды баланы 39
дамытуды жолдары
2.2. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды балаларды 49
дамыту әдістемесі
Қорытынды 56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 58

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге
айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік іркениет
үлгісінде қайта құрылуы, білім беру саласындағы - мектеп пен отбасы
ынтымақтастығына сүйеніп дарындылықты дамыту негізін жасау, баланың
дарындылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте жан-жақты, ақыл-ой өрісі
кемелденген жеке тұлға тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін туындатып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес Әр баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,
талантын, креативтілік қабілетін дамыту сияқты өзекті мәселелер
көтерілгені белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік
деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықты, дарынды, талантты, білімді,
жоғары дайындығы бар жеке тұлға қалыптастыру қажет [1].
Жеке тұлға-басты құндылық, оның дарынының, интеллектуалдық қабілетінің
дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту-білім беру, отбасында тәрбиелеу
негізінде жүзеге асады. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда бала
қабілетін уақытылы ашып, дарынын дамыту қажеттігі - көкейкесті мәселелердің
бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Дарынды балалар мектептерін
дамыту және мемлекеттік қолдау (1996 жыл) бұйрығымен аса қабілетті
оқушылармен белсенді жұмыс жүргізу жандана түсті, дарынды балаларды
анықтаудың, қолдаудың, оқытудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылды [2].
Осыған сәйкес Жас таланттарды қолдаудың мемлекеттік Болашақ, Дарын
бағдарламалары өңделді. Берілген бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан
Республикасы үкіметінің Қаулысы бойынша (№ 256. 1998 жылдың 24 наурызы)
білім берудің жаңа ұйымы - Республикалық ғылыми-практикалық Дарын
орталығы ашылды. Дарын орталығының ашылуы теория мен практикада белгілі
нәтижелерге жеткізді: Халықаралық олимпиадалар, ғылыми жарыстарда Қазақстан
құрама командасы тек 2002 жылы 251 медальді, оның -55 алтын, -89 күміс,
-107 қола жеңіп алды [3].
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер болып, оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып
жатқанмен, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы әлі де болса толық шешімін таба
қойған жоқ. Әрі мектеп пен отбасы ынтымақтастығының оқушылардың
дарындылығының дамуына ықпалына терең үңіле бермейміз. Елімізде педагогика
және психология саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелеріне
байланысты бірқатар маңызды зерттеулер орындалған: жеке тұлғаның танымдық
ізденіспаздығы мен шығармашылық ойлау мүкіндіктерін дамыту
А.Е.Әбілқасымова, Б.А.Тұрғынбаева, дарынды балалармен жұмыс істеу теориясы
мен практикасы Жексенбаева У.Б., Қазақстан Республикасында дарынды
балаларды айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасында: оқыту, дамытудағы
білім беру технологияларының ролі, дарынды балалармен жұмыс жасайтын
мұғалімдерді дайындау, т.б. мәселелер көтерілді.
Мектептерде, тұтас білім беру жүйесінде де дарындылық проблемасына
бетбұрыс болғанымен, оң көзқарас қалыптаса бастағандығымен шешімін таптаған
келелі мәселелер де жеттілікті. Бүгінгі күннің негізгі талабы - әлемнің
бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық танымы, қызығушылығы
қалыптасқан, қоршаған ортамен креативтілік кабілет негізінде катынас жасап,
жаңаша ойлай алатын білімді, іскер, бәсекелестікке қабілетті дарынды адамды
қалыптастыру міндеті қойылуда.
Бұл міндетті шешуден мектеп те отбасы да шет қала алмайды. Бұл біз
зерттеп отырған тақырыптың өзектілігін айқындай түседі, әрі жұмысымызда
қарастырылатын мектеп пен отбасындағы дарындылықты дамыту мәселесін жан-
жақты ашу қажеттігін негіздейді, өйткені дарындылықты дамытуда олардың
ынтымақтастық қатынасының, қызметінің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті
балалардың дарындылық потенциалын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар
өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу
қажеттігін көрсетеді.
Мектеп оқушыларының қызығушылықтары материалдық, заттық әлеммен
байланысты. Оларға тән жағдай үкендерге бағдарлану, яғни ересектерге
еліктеу, үкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы
болып табылады. Соның негізінде балалардың дарындылығының даму деңгейі
жоғарылап қана қоймайды, олардың мінез-құлқында да жағымды өзгерістер
жүзеге асырылады.
Кейбір шәкірттердің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың
бойындағы дарындылық қабілет потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді.
Ал Дарынды бала мектебінің оқушылары негізінен өздері қызығатын пәндерге
айрықша мән береді, әрі оларға еркіндік, бейімділік, белсенділік тән
келеді. Олай болса, дарындылықтың физиологиялық негізіне сәйкес әрбір бала
белгілі бір нышанмен туылатындығы, бірак оның дамуы кейінгі дамытушылық
жағдайларға байланыстылығы басшылыққа алынуы қажет. Баланың жеке тұлға
ретінде дамып қалыптасуында отбасының, әсіресе, ата-ананың ролі ерекше.
Қазақстанда отбасы тәрбиесін зерттеген ғалымдардың бірі- Н.Құлжанова өзінің
Мектептен бұрынғы тәрбие, Ана мен бала атты еңбектерінде бала
тәрбиесінің күрделі, көптеген факторларға тәуелді екенін ескерте отырып,
тәрбие мен дамудың жас ерекшелік кезеңдеріне байланысын ашып, отбасы
тәрбиесінің маңызын аса жоғары бағалайды [4]. А.Байтұрсынов: Баланы бастан
тәрбиелеу-жас басынан дұрыс өсіру деген сөз. Дұрыс тәрбиеленген бала
тіршілік ісіне икем, бейнетіне берік болып өспек,- дей келіп, нақты мақсат
жеті жұрттың қамын жейтін азамат тәрбиелеу деген тұжырымға келеді [5]. Шыр
етіп дүниеге келгеннен бала анасының аяулы алақанында әлдиленіп, елжіреген
махаббатқа толы мейірімді жүрегінің жылуын алады. Ана мен бала арасындағы
махаббат соның айғағы. Отбасындағы бала тәрбиесі сан ғасырлар бойы алуан
қырынан зерттеліп келеді. Ұлы грек ойшылдары: Аристотель [6], Платон,
Сократтардан [7] бастап, Шығыс ғұламалары: Әл-Фараби [8], Ж.Баласағұн [9],
К.Кейқауыс [10], Абай Құнанбаев [11], Ш.Құдайбердиев [12], т.б. отбасы,
оның құрылымы, отбасындағы бала тәрбиесі, оның бала дамуына ықпалы
мәселелерін қарастырады.
Адам отбасында тұлғалық қадір-қасиетімен, әлеуметтік және Мен
бейнесімен, қоғамдағы орнымен, өзіндік позициясымен танылады. Жеке тұлғаның
болмыс - бітімі, құдірет күші, іскерлігімен, ақыл -парасаттылығымен ғана
шектеліп қоймайды. Мінез-құлық ерекшеліктері мен темпераменті,
ынтымақтастық жағдайдағы ауыз біршілігі, ұстамдылығы, сабырлылығы, өзіндік
даралық таланты мен дарынын, дарындылық қабілетін сақтай, дамыта білуі,
бүгінгі заманда аса маңызды болып табылатындықтан, біз өз зерттеуіміз ең
бір көкейкесті тақырыпты шешуге септігін тигізе ме деген ойдамыз.
Демек, біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты аталған қайшылықтың шешімін
табу үшін мектеп пен отбасы ынтымақтастығының дарындылықты дамытудағы
психологиялық сипатын, педагогикалық негізін анықтау болып саналады.
Аталған мәселенің көкейкестілігі, теориялық және әдістемелік жағынан
қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Мектеп пен отбасы
ынтымақтастығы арқылы дарынды балаларды дамыту деп таңдауымызға себеп
болды.
Зерттеу мақсаты: Дарынды балаларды дамытуда мектеп пен отбасы
ынтымақтастығын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік
ұсыныстар беру.
Зерттеудің міндеттері:
дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәнін, тұжырымдамалық негізін,
дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы және
оның мүмкіндіктерін ашу;
мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды баланы дамытуды жолдарын
анықтау және әдістемесін көрсету.
Зерттеу нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды
балаларды дамыту.
Зерттеу көздері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық
әдістемелік еңбектер. Қазақстан Республикасында дарынды балаларды
айқындау, қолдау және дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңы, Болашақ, Дарын бағдарламалары, ҚР тәлім-тәрбие
тұжырымдамасы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін шешу үшін таңдап алынған
зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық, психологиялық,
әдебиеттерге, нормативтік құжаттарға теориялық талдау жасау; педагогикалық
басылымдарды зерделеу; салыстырмалы талдау, түрлі мектептегі нәтижелерді
салыстыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден,
екі білімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшалардан тұрады, зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер кірнекті
бейнеленген. Кіріспеде ғылыми аппарат: зерттеудің көкейкестілігі,
объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, дерек көздері, зерттеудің әдістері
баяндалды.
Оқушылардың дарындылық мәселесінің теориялық негіздері атты
бірінші білімде дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәні, тұжырымдамалық
негізі, оқыту барысында дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері,
балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отбасының ынтымақтастығы мен
мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу тақырыбына сәйкес психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды; Мектеп пен
отбасының ынтымақтастығы негізінде балалардың дарындылығын дамыту
технологиясы атты екінше бөлімде, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы
дарынды баланы дамытуды жолдары, мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы
дарынды балаларды дамыту әдістемесі қарастырылады. Қорытындыда дипломдық
жұмыстың нәтижелері негізінде дайындалған тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

I БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Дарындылық, қабілеттілік ұғымдарының мәні, тұжырымдамалық негізі
Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы
жеке адамның дарындылық, қабілеттілік потенциалына байланысты қалыптасады.
Дарындылық, қабілеті жоғары балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму
дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке
өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандырса, екінші жағынан қоғам
болашағын қамтамасыз етеді. Дарындылық механизмі туралы айтқанда, бұл
қабілетті зерттеу сөзімен ілестіріле жүреді. Оның айғағы В.Н.Дружининнің
Жалпы қабілеттіліктер психологиясы еңбегінде интеллектуалдық даму,
қабілеттілік пен дарындылық, олардың дамуына ықпал ететін факторлар,
ақылдылық физиологиясы, интеллект модельдері, теорияларымен қатар
дарындылық мәселелері қарастырады [13]. Жоғары психикалық әрекеттердің
дамуы туралы Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясы [14], осының
негізінде жасалынған П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылап қалыптасуы
туралы теориясы [15], Ю.А.Самаринаның ақылдың дамуының ассоциациялық
теориясы, В.В.Давыдов [16], және тағы басқалардың дамыта отырып оқыту
теориясы, А.М.Матюшкин [17], М.М.Махмутовтың проблемалық-мәселелік оқыту
теориясы [18], Н.Ф.Талызина [19], М.М.Мұқановтың программалық оқыту [20],
Оқыту процесінің психологиялық құрылымы, Ю.К.Бабанскийдің оқытуды
оптимизациялау теориясы [21], Қазақстанда дарындылықтың, қабілеттіліктің
даму мәселесіне біршама үлес қосқан Ә.Алдамұратов [22], Қ.Б.Жарықбаев [23],
А.Е.Әбілқасымова [24], еңбектері біздің жұмысымызға сүйеу бола алды.
Олардың көзқарастарын біз өзіміздің дипломдық жұмысымыз барысында жан-жақты
талдау жасап, негізге алдық. Дарынды балаларды анықтап, зерттеу және оларды
қолдау жұмысы әр түрлі деңгейдегі пәндер олимпиадаларында, байқау-
конкурстарында, интеллектуалдық жарыстар барысында орындалуда.
Әр адам балалық, жасөспірім және жастық шағынан бастап, өмірде үкен
жетістіктерге жетуді армандайды. Жасөспірімдік шақ - бұл ізденіс, үміт,
күмәндану, мазасыздану кезі. Көптеген балалар ерте кезден бастап, әр түрлі
іс-әрекет түрлеріне қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді,
музыкалық инструменттерде ойнайды, ән айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл
қабілеттіліктер жойылып, жас адамның алған мамандығында бұл қабілеттер
негізгі роль атқармай, ол адам жай ғана орташа кәсіпкерге айналады. Бірақ
қазіргі кездегі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдай бойынша, кәсіпкерлік
іс-әрекетте табысқа жалпы және әдейі қабілеттің ең болмағанда аз ғана
білігімен, білімділікпен, шығармашылықпен қамтамасыз етілгенде ғана жетуге
болады. Сондықтан балалар, ата-аналар, мұғалімдер алдына да жаңа міндет
қойылуда, яғни жеке тұлғаның потенциалды мүкіндіктерін зерттеу, дамыту,
осының негізінде баланың болашағын анықтау. Қандай да қызмет барысында
адам түрлі іс-әрекеттерді орындайды соған байланысты істі тиімді,
нәтижелі етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара
психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық
табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, кайталанбас жеке
көрінісін адам қабілеті деп атаймыз. Адам қабілетіндегі айырмашылық іс-
әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады.
Қызығушылық - адамда обьективті, жан-жақты бейімділік, нақты іс-әрекетті
орындауға талпынысы, ынта-ықыласы мен бейімділік сапаларының үнемі өзара
үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы. Оған түрлі жағдайлар себепші,
мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы
саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүкін. Дегенмен,
белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен
бейімділігі бір-бірімен үйлесім табады. Адам іс-әрекетте табысқа жетуі үшін
қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс мінез-құлқында келесі сапалық
көріністер болуы қажет: ең алдымен - еңбек сүйгіштік, табандылық, батылдық.
Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімді
нәтижеге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке
басының сапаларына назар аударып, өз бойындағы қабілет, нысандарын айқын
ажырата аларлық деңгейде болуы керек.
Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық, шеберлік, талант,
данышпандық, шабыт кіреді. Әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім,
ептілік-дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы
қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл-
сана, оқу, шығармашылық, көркем-өнер, адамаралық қатынастар түзу және
психосмоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән
қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу;
мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие,
еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік
деңгейі анағұрлым жоғары.
Өз қызығушылықтары бағытында дарынды балалар қажырлылық танытады, бұл
қасиеттің көрінісі баланың бір іспен үзбей шұғылдануынан байқалады.
Басқаларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше
сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы оралып, көздегеніне
жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды. Дарындылық дәрежесінің артуы білім мен
дағдыларды игеріп, жетілдіріп отыруға тәуелді.
Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын
қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін
жетілдіруде ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын
пайдаланудың өзекті мәселелері Қ.Б.Бөлеев [25], Қ.Б.Жарықбаев [23],
С.А.Ұзақбаева [26], т.б. Оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен
сабақтастырудың жаңаша сипаты Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, жеке
тұлғаның танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін
дамыту, Н.Д.Хмель [27], С.С.Смаилов [28], Б.А.Тұрғынбаева [29],
А.Е.Әбілқасымова [24], Р.С.Омарова [30], Т.Сабыров [31] т.б. болашақ
мамандарды кәсіби даярлауда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру
бағыттары М.Ә.Құдайқұлов [32], Б.К.Момынбаев [33], Г.А.Уманов [34] т.б.
ТМД, Ресей ғалымдарының еңбектерін талдаула шығармашылық
қабілет, креативтілік, дарындылық мәселелерінің психологиялық
ерекшеліктері (С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.М.Матюшкин,
А.В.Берушлинский т.б.); шығармашылық іс-әрекеттің мотивациялық сипаты
(Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, А.Маслоу, Ж.Пиаже т.б.) жөнінде
зерттеулері орындалған.
Ғылыми әдебиеттерді, әлемдік озат тәжірибелер көрсетіп отырғандай,
дарынды балалармен жұмыс формаларын іріктеуде бірнеше бағыттар қалыптасқан:
дәстүрлі оқыту жағдайында, жалпы орта білім беретін мектептерде оқушы
дарындылығын дамыту; мектептерде арнайы дарынды балаларға арналған сыныптар
және дарынды балаларға арналған мектептер ұйымдастыру. Қазіргі мектеп
бағдарламаларында дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндіктері мен
қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінуде. Сондай-ақ оқушы шығармшылығын
дамытуда өз еркімен пәндік сабақтарды таңдау, бейіндік сыныптар т.б.
ұйымдастыру орын алуда.
Елімізде дарынды балалармен жұмысты жетілдірудің мынадай бағыттары
бойынша зерттеулер маңызды болып табылады: дарынды балалармен жұмысты
ұйымдастырудың басқару аспектісі (Ү.Б.Жексенбаева, Л.И.Нарықбаева);
математика пәнін оқытуда дарынды балалардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту
(Г.С.Байтуреева, Ж.О.Үмбетова т.б.); мектепке дейінгі шақта балалардың
дарындылығын дамыту (О.А.Жумадиллаева т.б.); жалпы білім беретін
мектептердің педагогикалық процесінде дарындылықты дамыту шарттары
(С.В.Кузнецова, С.И.Қалиева, Н.Н.Телепнева т.б.).
Елімізде дарынды жастарымызды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың
мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық Дарын ғылыми-
практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты
басқарумен айналысады. Білім беру жүйесін реформалау дарынды балаларды
арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де
жүзеге асыруды міндеттейді. Сондықтан шығармашылық дарындылықты дамыту
мәселесі арнайы зерттеуді талап ететін, қоғамдық маңызы зор проблема болып
отыр.
Оқыту және тәрбиелеу процесінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған
жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып
табылады. Бүгінгі таңда жаңа талап, жаңа заманға сай оқушыларға тәлім-
тәрбие мен білім берудің басым бағыттарында дарындылықты айқындау, ақыл-ой,
интеллектуалдық шығармашылығын дамытуға баса назар аударылуда.
Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық
мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері
арналған. Көне замандағы Антик дәуірдің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтар
оқушылардың өзіндік ой - тұжырымын жасау оны дамыту үшін репродуктивті және
эвристикалық әдістер дарындылық мәселелеріне көңіл бөлінген.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер
жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның
психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік
туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу
дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің
еңбектерінде кездеседі.
Дарындылыққа арналған теориялық пікірлердің, модельдердің,
тұжырымдамалардың көптігіне қарамастан, оның әлі күнге тұрақты
терминологиясы қалыптаспаған, ғалымдар әлі күнге дейін осы құбылыс жайында
ортақ бір пікірге келмеген, ортақ құрылымдары, даму заңдылықтары бар болса
да, дарындылықтың нақты анықтамасы нақтыланбаған:
Дарындылық - жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне байланысты дамитын қабілет
сапасы (Я.А. Пономарев, В.С. Юркевич, Д.Б. Богоявленская, Н.С. Лейтес
т.б.);
2. Дарындылық - табиғи қасиет және адами іс - әрекеттің әлеуметтік
мүмкіндігіне байланысты қабілеттіліктердің бірігуі арқылы жарыққа шығады
(С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, В.Д. Щадриков, А.Н. Леонтьев, А.В.
Брушлинский, А.М. Матюшкин т.б.);
Дарындылықтың ең ңегізгі факторы, жоғары ақыл - ой көзі - жеке тұлғаның
шығармашылық табиғаты болып табылады Ш.Б. Богоявленская. В.Н. Дружитгатт,
В.С. Юркевич, Б.Г. Апаньев, В.Д. Шадриков т.б.);
Дарындылық - жеке тұлғаның психологиялық мүмкіндіктерінің жиынтығы және
істі нәтижелі орындаудағы қасиеттерінің алғы шарты (В.Н. Дружинин, А.И.
Савенков, Дж. Рензулли, Р. Стенберг, Дж. Гильфорд, Н.Н. Поддъяков т.б.);
Дарындылық түсінігінде - тұлғаның жеке өзгешеліктерін және шығармашылық
мүмкіндіктерін түсінуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның әлеуеті деген
түсінігі қалыптасқан (Дж. Гилфорд, Дж. Рензулли, А.И. Савенков, С.Л.
Рубинштейн т.б.);
6. Дарындылықтың әр түрлі деңгейлерде және барлық тіршілік әрекетінде
байқалатын күрделі құрылымды түрлері мен типтері бар (В..А. Крутецкий,
Н.С.Лейтес, А.В. Петровский, К. Тейлор т.б.);
7. Барлық зерттеушілер дарындылықтың дамуына әлеуметтік орта және арнайы
шарттар (жанұя, мектеп, қоғам т.б.) маңызды әсер етеді деп санайды.
Осы теориялық қорытындылардан мынадай тұжырым шығады:
Дарындылық - бір немесе бірнеше іс-әрекеттерде ерекше жетістіктерге
жетуге мүмкіндік беретін тұлға мүмкіндіктерінің өзіндік бірігуі арқылы
анықталатын, интеллектуалды және шығармашылық әлеуеттің ең жоғарғы
деңгейінен көрінуіне әсер ететін интегралды - тұлғалық білім көрсеткіші.
Дарынды балалардың ерекшелік сипаттамаларына осы және басқа да
педагогикалық тұрғыдан қарастыруларды біріктіре отырып, зерттеушілер
дарындылықтың типтері мен категорияларын классификациялайды. Мысалы,
Н.С.Лейтес [35], дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты дарынды
балаларды үш санатқа бөледі: 1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-
ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп
жасындағылар); 2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын
балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3) әлеует және
жасырын дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-
өрісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).
А.Холодная мұндай балаларды 6 типке бөлу керек деп ұсынады: 1)
тапқырлар; 2) зерек оқушылар; 3) креативтілер; 4) құзырлылар; 5)
таланттар; 6) кемеңгерлер.
А.И.Савенков дарынды балаларды үш топқа бөледі: 1) жалпы дарындылық
деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткішті балалар; 2) белгілі бір әрекет
шеңберінде жетістіктерге жеткен балалар; 3) мектепте озат оқитын балалар
(академиялық дарындылық) [36].
Сурет №1
Дарындылықтың құрылымдық сипаттамасы

Бақылау жүргізу қабілеті
Диагностикалық тексерулерден алған қорытындылар бойынша баламен жұмыс
істеу бағдарламасын құра білу.
Оқу бағдарламаларын қажетіне қарай өзгерте білу
Оқушының икем бағытын нақты ажырату оған ықпал ету жолдарын сәтті таңдауға
ептілік
Арнайы оқу жоспарымен жүмыс істеуі
Сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарғылығы
Ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі.

Ақыл-ой дарындылығы - жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі.
Психологияда бар материалдар мұғалімдер мен тәрбиешілердің назарын ақыл-ой
қатынасындағы дарынды балалардың үш типтік категориясына аудартуға
көмектеседі. Бірінші категорияда - өмірдің бірдей шартында ақыл-ой дамуының
ерекше жоғары деңгейін көрсететін балалар. Мұндай балалар жиі мектепке
дейінгі және төменгі сынып жасындағы балалар арасында кездеседі. Екінші
категорияда - арнайы, мысалы; математика немесе ғылымның қандай да бір
саласында ақыл-ой қабілетінің белгілері бар балалар. Мұндай оқушылар
жасөспірім жаста байқалуы мүкін. Үш категорияда - оқуда табысты болып
үлгермеген, бірақ психикасының ерекшелігімен (оригиналдылығымен), танымдық
белсенділігімен (активтілігімен), сирек кездесетін ақыл-ой резервтерімен
қамтамасыз етілген балалар енгізілген. Бұл жерде потенциалды немесе
жасырынды дарындылық туралы сөз болып отыр. Мұндай ақыл-ой мүкіндігі бар
оқушылар жиі жоғары сыныпқа дейінгі жаста көрінеді.
Балалардың жалпы интеллектуалды және арнайы дарындылығы түрлерінен
бөтен бұл феноменнің дифференциациясы басқа критерийлер бойынша да болуы
мүмкін. Ресейлік психологтар (Ю.А.Бабаева, Д.Богоявленская,
А.В.Брушлинский, В.Н.Дружинин, И.И.Ильясов, Н.С.Лейтес, А.М.Шумакова,
А.Н.Панов, И.В.Клиш, М.А.Холодная, В.Д.Шадриков, Н.Б.Шумакова,
В.С.Юркевич): дарындылықтың жұмысшы, жиі қолданылатын концепциясы деп
берілген психологиялық білім берудің келесі критерийлері мен
классификациясын біледі:
психика сферасын қамтамасыз етушілер мен іс-әрекет түрлері;
дарындылықты қалыптастырушы деңгейі;
дарындылықтың көрініс беру формасы;
дарындылықтың әр түрлі іс-әрекет түрінде көрініс беруінің ауқымдылығы,
дамудың жас ерекшелігі.
Дарындылықтың түрлерін келтірілген негіз бойынша қарастырайық. Бірінші
критерий бойынша, оқушыларда кездесетін негізгі іс-әрекет түрлеріне қатысты
практикалық, теориялық, оқу-танымдық, көркемдік -эстетикалық, ойындық,
спорттық-сауықтыру, коммуникативті, рухани-бағалық түрлері жатады.
Іс-әрекет түрлеріне байланысты білуге: практикалық іс-әрекетте
-кәсіптік дарындылық, танымдық іс-әрекетте - түрлі деңгейдегі
интеллектуалды дарындылық, көркемдік - эстетикалық, хореографиялық,
сахналық-сценалық, әдеби-танымдық, зергерлік, қол өнері, сурет салу өнері
мен музыкалық: коммуникативті іс-әрекетте - лидерлік дарындылық; рухани
- бағалық іс-әрекетте - адамдарға қызмет ету, тағы басқа түрлері
болады.
Дарындылықтың әр түрі барлық психикалық мүкіндіктерді нақты іс-әрекет
түрінде ерекше маңызды болып табылатын сапалардың басым болуымен біруақытта
қосылуын болжайды.
Іс-әрекеттің басымдық ететін түрі бойынша дарындылықтың қай түрін
анықтасақ та арнайы дарындылықта іс-әрекеттің бөтен түрлері де көрінетінін
байқауымыз керек. Мысалы: суретші немесе музыкант іс-әрекеттің сипаттамасы
бойынша көркемдік - эстетикалық болып табылады. Бірақ, ол танымдық,
практикалық, коммуникативті және рухани-бағалық іс-әрекет түрлері
дарындылықтың қалыптасу деңгейі бойынша потенциалды және өзекті
дарындылықты біледі: өзекті дарындылық - бұл жас ерекшелігі нормасына сай
нақты пәндік салада іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуынан байқалатын,
баланың қол жеткізген көрсеткіштеріне байланысты қарастырылатын
психологиялық ерекшелік. Дарынды балалардың ерекше категориясын талантты
балалар құрайды. Талантты бала обьективті, айрықша мәнді, әлеуметтік
маңызды талаптарга жауап беретін іс-әрекеттерді орындауда ерекше нәтиже
береді. Талантты балалардың нақты жетістігін (продуктісін) эксперттер
бағалайды (эксперт, белгілі іс-әрекеттер саласында жоғары біліктілікті,
сәйкес білімі бар, құзіретті маман иесі).
Екінші критерий - Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет
түрінде жоғары жетістікке жету үшін белгілі психикалық алғышарттары
қалыптасқан баланың психологиялық ерекшелігі. Бірақ бала, бұл
мүкіндіктерді тап осы уақытта қызметтік жетіспеушілікке сәйкес орындай
алмайды. Бұл потенциалды мүкіндіктің дамуы қолайсыз себептермен бірге жүруі
мүкін (жанұялық қиын жағдаймен, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімнің
болмауы, т.б.). Потенциалды дарындылық кезеңді жүргізілетін диагностика
бойынша анықталады. Өйткені әрі қарай дамуын, тек кейбір белгілері
анықтайтын, әлі қалыптасып болмаған қабілеттер сөз болып отыр. Үшінші
критерий - дарындылықтың көрініс беру формасы бойынша айқын, жасырынды
болып бөледі. Дарындылықтың бұл түрлерінің мәні Бұған дейін қарастырылған
түрлеріне ұқсас. Айқын дарындылық - бала іс-әрекетінде қолайсыз жағдайларга
қарамай, жеткілікті түрде ашық, айқын көрінеді. Мұғалім баладағы
дарындылықты айқындау, әрі қарай жұмыс бағдарламасын дұрыс құру оңай
болады. Жасырын дарындылық іс-әрекетте аз байқалады. Сондықтан балалар
дарындылығын анықтау, жұмыс жасауда қателер кетуі мүкін. Әрі, мұндай
перспективасы жоқ балалар уақыты келе жоғары нәтижелерге жетуі мүкін.
Қате жібермеу үшін кешенді әдістемелерді пайдаланып- диагностикалық процесс
кезеңді жүргізіледі. Төртінші критерий - дарындылық түрлерінің түрлі
әрекетте көрініс беру ауқымдылығы бойынша жалпы, ақыл-ой және арнайы
дарындылық ажыратылады. Жалпы дарындылық - әрекет түрлері мен формасының
барлық сәттерінен, ақыл-ой қабілеті кез-келген істі табысты орындаудан,
арнайы дарындылық өзіндік ерекшелігі психикалық қасиеттердің ашылуын,
белгілі әрекет түрлеріне байланысты (техникалық, музыкалық, сурет өнерінің,
әдеби-ақындық дарындылық т.б.) көрінеді. Бесінші критерий - дамудың жас
ерекшелігіне сай ерте не кешеуілдеген дарындылықты ажыратады. Өмірлік
тәжірибеде дарындылықтың ерте көрінетіні байқалады. Бұл - психикалық даму
темпімен байланысты. Ерте дарындылық вундеркиндтерде (таңқаларлық бала)
байқалады. Вундеркиндтер белгілі әрекет түрінде тамаша табыстарға жетеді
(музыкада, суретте, ән айтуда т.б.). Олар өте жақсы ақыл-ой қабілеттері
барын көрсетеді. Атақты музыканттар өмірбаяны дәлелдейтіндей, дарындылық
музыкада ерте, одан кешірек, сурет өнерінде байқалады. Математикалық
қабілеттілік те ерте білінеді. Ғылыми жетістікте мәнді нәтижеге жету,
әдетте кеш келеді, ол қандай да жаңалық үшін терең, ауқымды біліммен
қамтамасыз етілу керектігіне байланысты. Осы келтірілген дарындылық
классификациясымен қатар, әдебиеттерде басқа да көзқарастар кездеседі.
Шетел ғалымдары дарындылықтың келесі түрлерін бөледі: *интеллектуалдық-
академиялық; *көркемдік, шығармашылық (креативті); *моделдік, әлеуметтік;
*психомоторлы немесе спорттық. Дарындылықтың бұл түрлері, іс-әрекет
түрлеріне сәйкес дамиды. Шығармашылық дарындылығына байланысты
дарындылықтың белгілі түрінің креативтілігін білуде ғалымдар пікірінде
айырмашылық байқалады. Бір ғалымдар берілген феномен туралы арнайы айтпай-
ақ қоюға болады, өйткені қалыптан тыс (стандартсыз) ойлайтын, басқаларға
ұқсамайтын дүниеге ерекше көзқарасы қалыптасқан балалар да кездеседі, - деп
санайды. Шығармашылық дарындылығының варианттары көп: кез-келген іс-
әрекетте сирек кездесетін шығармашылық қабілет стандартсыз ойлау
жеткілікті түрде тек бір ғана сферада анық көрінеді. Басқа ғалымдар
шығармашылықты өз алдына білек білудің қажеті жоқ, - дейді. Шығармашылық
дарындылығы - жоғары деңгей, әрі оның өзгеруі мен дамуының ерекшелігі,
онда әрекет жеке түрде орындалады, мақсаты мен мотивтері орындалуына әсер
етеді. Шығармашылық дарындылықта жоғары деңгейдегі қабілет кешені мен
қатар, баланың мотивін, оның қандай іспен айналысатындығын да алдын-ала
анықтауға болады. Адам өз жұмысын шын ниетпен орындаса, ол сол әрекет
барысында туатын жаңа ой-пікірлерді іске асырады. Іс-әрекеттің бала
инициативасына сай дамуының өзі шығармашылықтың практикалық маңызы, мәні
барлығын көрсетеді. Өйткені дарынды балалармен жұмыс жасауда іс-әрекеттің
ішкі мотивациясын қалыптастыру жеке тұлға бағыттылығы мен бағалық жүйесі
үшін жағдай құрады. Бұл жеке тұлғаның рухани қалыптасуына негіз болады.
Шығармашылықта психикалық процестер (ойлау, ес, қиял, эмоциялар т.б.),
психикалық күйлер (құмарлық, зерігу, қалыптық бірлігі), индивидтік жеке
тұлғалық қасиеттері байқалады. (Н.Д.Левитов, А.О.Прохоров). Ғалымдардың
пікірінше мұндай түсінік дарындылық типологиясының әлеуметтік
критерийлерінен жетістік деңгейінің түрлері бойынша), дарындылықтың
психологиялық құбылыс ретінде даму деңгейі үшін психологиялық критерий
жасауға әсер етеді. Психологиялық процесс түрінде, ол кейде эпизодтық түрде
пайда болады, индивидтің жеке тұлғалық дамуына ықпал ететін тәсіл ретінде
қол данылады. Психикалык күй түрінде, бұл уайым мен жеке тұлғаның өзін-өзі
сыйлауына негіз іздеу, қалыптастыру түрінде кездеседі. Бірақ ол белгілі
индивид үшін өміріндегі жалғыз ғана мән-мағына болып табылмайды Жеке
тұлғалық мінездеме түрінде. Бұл өмірдің жалғыз мағынасы болып табылатын
және шығармашылық актінің кез-келген ситуацияда өмір сұру қажеттілігінен
көрінетін кез-келген іс-әрекет түрінің, әсіресе қызығушылық туғызатын іс-
әрекеттің орындалуында көрінетін жеке тұлғалық мінездемелер ерекшелігі.
Психологиялық ерекшеліктерге сәйкес, балалардағы дарындылық көрінісін
шартты түрде: дарындылықтың эпизодтық, ситуативті, стабильді
топтарына бөлінеді.
Бала дарындылығының көрсетілген типтері оқыту-оқу процесінде
индивидуалдық, дифференциациялық қатынас жасауда, жаңашылдық
технологияларды балалардың ерекшеліктеріне сай, психологиялық білім
деңгейіне сәйкес ұйымдастыруға, диагностика жүргізуге көмектеседі.
Теориялық зерттеумен шұғылданған ғалымдардың ғылыми ізденістері дарындылық
мәселесі туралы түрлі теориялар мен түсініктердің көп екендігін көрсетті.
Ғалымдар дарындылықтың келелі мәселелерімен қатар, дамыту жолдары мен
әдістемелерін де қарастырады. Осы уақытқа дейін бұл феноменнің бірдей
қалыптасқан анықтамасы болмаса да дарынды баланың портреті жасалған.
Дарындылық - жеке тұлғалық қабілеттің, мотивациялық бағыттылықтың,
шығармашылық потенциалының жүйелі, сапалы үйлесімділігі ретінде
қарастырылады. Әдебиеттерде балалар типологиясы мен дарындылық түрлеріне
түсініктер беріліп, сипаты анықталған.
Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне
сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді
болса, екінші жағынан ерекше дарынды балаларды тек өзінің интелектуалдық
дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат
берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына
бағыт-бағдар бере білу ерекше киын іс.
Мектеп пен ата-ата ынтымақтастығы негізінде дарындылығын, қабілетін
дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие, білім берудегі күрделі психологиялық-
педагогикалық проблема болып табылды.
1.2. Балалардың дарындылығын дамытудағы мектеп пен отюасының ынтымақтастығы
мен мүмкіндіктері

Адамзат еншісіне ғана тиісті тәрбие мен білім беруде еліміздің
интеллектуалды, шығармашыл потенциалын дайындау, дарынды балалардың
жетілуіне жағдай жасау қазіргі заманымыздың экономикалық және әлеуметтік
факторы болып отыр.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады.
Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа
басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер
ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., дарындылығымен
жас кезінен көзге түскен.
Отбасы тәрбиесінің негізін қалаған ежелгі шығыс мемлекетінің тарихына
көз жүгіртсек, бала тәрбиесінің көне тайпаның орнына келген отбасында
жүзеге асқанын, оқыту отбасылық сипатта болғанын көреміз. Ата-ананың
баласына өзінің кәсіби білімін, шеберлігін, әдет дағдысын...- бәрін үйрету
дәстүрі дүниеге келіп, бекіп және әкесінен баласына, шешесінен қызына
өмірлік мұра өнегесі берігенін байқаймыз. Балалар әке шешесін үлгі тұтып,
оған әліктеп айтқан ақылын, берген білімін, білік, дағдысын күнделікті
өмірде қолданып алған. Алғашқы қауымнан құлдық қауымдық құрылысқа өткен
кезде де отбасы тәрбиесі сақталып, дамып, заманына қарай түрі өзгеріп
отырған. Яғни, ақыл-ойдың дамуымен байланысты білім және тәрбие үрдістері
өзгере отырып бірге дамыған. Ежелгі заманнан бастап-ақ, баланы білім
нәрімен сусындаты ата-ананың борышы екендігі көптеген діни, заң,
дидактикалық әдебиеттерде жазылып дәлелденгенін көреміз. Яғни, патриархалды
отбасы заңында балаға білім және тәрбие беру заңдылықтарының негізі
қаланды.
Орыс ғалымы В.М. Петров өзінің Ежелге земандағы және орта ғасырдағы
Ресейдің отбасы-мектеп тәрбиесі, - деген еңбегінде отбасындағы білім
берудің негізіне оралу үшін ежелгі заманды зерттеу - бүгінгі адам өмірінің
мәселесінтереңнен түсіну деген пікір айтады [37].
Ежелгі шығыстың жазба деректерін куәлікке ұстай отырып, білгеніміз
патриархалды отбасында білім берузаңдылықтары педагогиканың тарихи
ескерткіштері Шумернамада (б,з,д, IV ғ. Аяғы-ІІІ ғ. басы), Ассирияның
заңдарында (б,з,д, ІІ ғ. Екінші жартысы), Вавилон патшасы Хаммурапидің
заңдарында (б,з,д, 1792 ж), Израилдың патшасы Сүлейменнің өсиеттерінде
(б,з,д, I ғ. басы), Индияның бхавадгиттердің өсиеттерінде (б,з,д, Iғ.
басы), Ашшурбанапал патшаның қыш кітабында (б,з,д, 669 ж), Кабуснама,
құрметті Авеста, Құран, Библия, Жамиғат-Тауарих т.б. жазылған аса бағалы
ежелгі өркениетті қоғамдағы тұлғаны тәрбиелеп, әмдени өрісін дамытуға
бағытталған жан-жақты отбасы мен мектеп берлесе білім беру жүйесінің
негізін қалады.
Тәрбие мен білім берудің, оқытудың алғашқы негізінің дамуы тарихы таяу
шығыста (Египет, Месопатамия, Индия және Қытай) б.з.д. V ғасырда пайда
болғанын байқаймыз. Оның өзі адам өміріндегі мәдениеттің біртіндеп дамуына
ерекше үлес қосты. Ол көне дәуірден басталып, батыс пен шығыста жалғасын
тапты. Бұл отбасындағы балаға берілген білімнің негізіне үңілу үшін ежелгі
шығыстың педагогикасының тәжірибесін тереңнен зерттеу қажеттігін айқындай
түседі.
Жер бетіндегі ежелгі замандағы оқытудың алғашқы негізі ошағы б.з.д.
ІІІ ғасырдағы – Шумер мектебі. Ол алғаш таптық білім берудегі отбасы мен
мектептің бірлескен ынтымақтастығының танымдық негізі болады. Дене
еңбегінен ой еңбегінің бөлінуі, суретті жазудың шығуы, алғашқы ұстаздың
пайда болуына әсерін тигізгенді. Зерттеуші В.М.Петров өз еңбектерінде
алғашқы мектептің пайда болуын ғылыми негізде дәлелдеп көрсетеді. Ол
жазғыштың өз баласын және оның достарын үйінде оқытуынан мектеп пайда болды-
дейді. Бұл кезеңдегі мектептерде отбасы тәрбиесінің дәстүрі сақталғанын
көреміз. Мұғалімді әке, оқушысын ұлым деп атуының өзі, мектеп негізінің
қалыптасуының отбасында жатқанын, отбасында берлген ұлттық білім мен
тәрбиенің негізі мектепте жалғасқанын дәлелдей түседі [37].
Ежелгі замандағы Батыс Азиядағы мектеп-отбасы тәрбиесінің көптеген
ерекшеліктерін еске түсіреді. Ұстаз бен оқушының қарым-қатынасы мектепте
ғана емес, өмірде де сақталған. Оны христиан мектептеріндегі айтылған
өсиеттерден де байқадық.
Ұлы ұстаз И.Г.Песталоцций: Бала тәрбиесі оның дүиеге келген күнінен
басталу керек, баланың дүниені түсінуі отбасынан басталады, дейді. Өмірге
келген жас нәрестені асырып, бағып, күтіп, жетілуі, аяқтандырылып адам
санатына қосу, әсіресе оған жан-жақты өнегелі тәлім-тәрбие беріп, бойына
адамзат қауымдастығына тән адамдық қадір-қасиеттер мен сапаларды сіңіру,
ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мирас болып келе жатқан әлеуметтік тәрбие
[38].
Чех ғалымы Я.А.Коменский 6 жасқа дейін балалар міндетті түрде ана
мектебінен, үйнде анасының жанында тәрбие алуға тиіс, - деп ғылыми
зерттеулерінде ерекше тоқталып, оның маңызын ашады. Ана мектебінің балаға
ұлттық тәрбие мен білім берудегі орны зор [39].
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы Кристиан Гейнрих
Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах
жазған "Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі"
деген кітабы дарындлы бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған
заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді
өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби
француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам
латын мәтелін білетін болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін
салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазған. Лист, Шопен мен Иегуди
Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете
неміс, латын грек тілдерінде өлең хазатын болған. Қазіргі математиканың
негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін
көріп, соның қатесін шығарыпты. Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап
қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің
дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын
негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт
Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге
түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар.
Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін
болған екен. Олардың көпшілігі өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып,
сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. Ертедегі
Қытайда дарынды балаларды, Шэнь тон, яғни киелі бала деп атаған. Киелі
балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чуньцю Чжанго дәуірінде (б.д.б.
770 - б.д.б. 221) кездеседі. Үш патшалық дәуіріндегі атақты қолбасшы ЦаоЦао-
өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалады. 5 жасар бала сыйға тартқан
пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, Алдымен пілді
қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер пілдің
салмағы тирады дейді. Сөйтіп Цао Чуннің піл өлшеген әңгімесі ауыздан
ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалады.
Қазақ халқының да біртуар ұлдарын аса қабілетті, дарын иесі деп айтуға
болады. Не бары отыз-ақ жыл өмір сүрген Ш. Уәлиханов та аз ғұмырының ішінде
адамзаттық ғылымға баға жетпес үлес қосты. Ол музыка, сурет, тіл, география
публицистика мен жазушылық өнерде өзін жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан
жөнінде С.Мұқанов былай деп жазды: "Аз өмірінде осынша тығыз, зұлымдықпен
арпалыса жүріп, атқарып үлгерген еңбегінде қисап жоқ... Шоқанды ... 27
жасында өлген Лермонтовтың, 24 жасында өлген Добролюбовтың қатарына қоюға
болады. Шоқан да солар сияқты: шын мағынасында данышпан, шын мағынасында
дарын иесі. Атақты күйші Дина Нүрпейісованың күйшілік өнері 8 жасында
байқалған. Бұл ұлы тұлғаларды өзге адамдардан ерекшелендіріп тұрған
дарындылық емес пе?!
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида
уақытша байланыстардың тез жасалып, оңай өзгеруі) байланысты болып келеді.
Олай болса, нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп
атайды. Ал Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық табиғаттан берілетін ерекше
қабілет деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық - табиғаттың
адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да
сөзсіз. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу,
біреуге аздау, ал біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Сонымен біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа
қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін
тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ
қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа
айналдырғаны сияқты қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше
қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе
педагогика мен әдістеме саласында көптеген "тар жол, тайғақ кешулерден"
өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып, оны
белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсіндіреді. Кезінде
Платонның өзі ақындықты "өнер мен кернеген сезімінен туындайды" деген
болатын. Ал Сократ өзінің ерекше қасиетін түсіндіргенде "маған көмекке
әрдайым мейірімді перім-гений келеді" деген екен.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы ұрпақтан- ұрпақка
берілетіні сөзсіз.
Ф. Гальтон әлемге әйгілі, дарынды тұлғалар өмірнамаларын таладай
отырып, дарындылықтың тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдады.
Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ. Котс әлемдік өтпес даңққа бөленген
әйгілі неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың арғы атасы В. Бахтың
ерекше қабілеті болғанын айтады. Ал Абайдың ұлы тұлғаны дүниеге әкелген
Құнанбайды дарын емес деп кім айтады? Осыны негізге ала отырып Канада
ғалымы Д. Хебб "генотиптік интеллект" деген ұғым енгізді. Бұл таза тұқым
қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, фенотиптік
интеллектіні құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісінен
анықталады. Д. Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің
арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осыдан
ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) - бұл мәдени -әлеуметтік
орта мен индивидтің тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені
ассимиляциялап (жинактап) тиімді пайдалана білуінің 80%-і генотиптік
құрылымға байланысты.
Д. Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жинақтаушылардың
тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға
алынды. Олардың бірінші қарсылығы, "қатып қалған интеллектіні" жоққа
шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен
оқушылардың 50%-і ғылымның әр түрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін
көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды
дарындылығын танытқан.
Нақты шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы
тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан
оны жоқ деуге болады. Әйтсе де бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан
зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті кейбіреулері мұны дұрыс
заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады. Белгілі ағылшын
психологы Г. Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай тұжырымдайды:
Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем
бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды... Түбінде жылулық теориясы
термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе.
Сөйтіп Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлі тұрақты қорытынды шығаруға
асықпаған жөн деп тұжырымдады ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық
мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль,
Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психологтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау
үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар: ой,
зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау ерекшелігін есепке алуда осы
қасиеттерге баса назар аудару керек.
Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің, танымның ең жоғарғы формасы. Ой толық
сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі.
Дарынды балалар өзге балалардан ойының кеңдігі, орамдылығы, ұшқырлығы,
дербестігі, логикалық жүйелілігі, сыншылдығы сапаларымен айқындалады. Тіл
мен ойдың бір-бірімен байланыста болатынын халқымыздың: Ішімдегінің бәрі
тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде деген мақалы дәлелдей түседі.
Ойы кең дарынды бала еркін ойлайды. Мәселені түрліше әдістермен
шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Дарынды
балалардың ойын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесінің маңызы зор.
Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы күрделі дамудан өтеді. Осы кезеңде
дарынды балалардың ойлауын дамыту үшін мұғалім мынадай шаралар жүргізуге
болады:
Балаларды белгілі ережелер жөнінде өз бетінше қорытынды жасай алуға үйрету
үшін сабақта эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет.
Баланың сөйлеу қабілетін дамыту, оның ойлауын дамытуға үлкен әсерін
тигізеді.
Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушыны сабақты
мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына жағдай жасау керек.
Дарынды бала кеңінен ойлайтын болғандықтан бір мәселені бірнеше жолдармен
шешуге бағыттап отыру керек.
Баланың логикалық ойын, шығармашылық ойын дамыта алатындай мүмкіндіктерді
пайдалану керек.
Дарынды оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту үшін олардан
ойланып-толғануды қажет ететін проблемалық ситуация тудыру қажет. Сол
ситуацияға оқушы өзін қатыстыра отырып немесе терең ойланудың нәтижесінде
шешімін табады. Сұрақ қою оны дәл тұжырымдау, мәселені ойда ұстай білу
сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық
түйінін табу, жорамал жасау т.б. ойлау процесінде мәселелерді шешу үшін аса
қажетті жағдайлар болып табылады.
Дарынды балалардың жеке тұлғалық ерекшелігінде зейіннің алатын орны
зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д.Ушинский былай дейді:
Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының
жалғыз есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай
өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін - адам
санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез -келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі
болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында
үйреншікті зейіннің маңызы зор. Бұл зейін түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Лицей оқушыларын әлеметтендірудің психологиялық мүмкіндіктері
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Дарынды балаларды тәрбиелеу жолдары
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту
Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттердің теориялық мәселелері
Жоғары сынып оқушыларының оқу үрдісінде өздігінен білім ала отырып, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын қабілетті интеллектуалды шығармашыл тұлға қалыптастыру
Пәндер