Оқушы дарындылығын ашудағы мектептің ролі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН АШУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ РОЛІ
ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ 8
- Дарындылық туралы жалпы түсінік 8
1. 2 Дарынды балаларды педагогикалық- психологиялық диагностикалау 18
1. 3 Оқушылардың дарындылық қабілетін ашудағы мектептің
ғылымы қоғамының рөлі 33
1. 4 “Дарын" республикалық ғылыми-практикалық және Шығыс Қазақстан аймақтық “Дарын” орталықтары 40
2 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАР 57
2. 1 Оқушылардың дарындылық қабілетін анықтауға арналған
әдістемелерге жалпы сипаттама 57
2. 2 Сұрыпталып алынған әдістемелерге жалпы сипаттама 58
2. 3 Зерттеу жұмысының эксперименттік базасына жалпы сипаттама 59
2. 4 Оқушылардың дарындылық қабілетін анықтау барысында жүргізілген диагностикалық жұмыстар 60
ҚОРЫТЫНДЫ 74
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 76
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі ел өміріндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістер орта және жоғары мектепті демократияландыру мен гуманизациялау, білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру, оларды еңбек пен қоғамдық өмірге даярлау мәселесінің көкейтестілігін көрсетіп отыр.
Осыған орай Қазақстан Республикасының “Білім беру” туралы Заңында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының” жобасында, “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005- 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында”, “Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың “Қазақстан халқына жолдауында” т. б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның дарындылық қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттері көзделген. Қазір республикамызда білім саласында демократияландыру мен ізгілендіру жүріп жатқандықтан, соңғы кездерге дейінгі дағдарыстан шығудың баламалы жолдары көрсетілуде.
Сондай жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы, соның ішінде ең өзекті мәселелердің бірі - дарынды балаларды оқыту, әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыруға жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру. Осы мәселелер менің дипломдық жұмысымның тақырыбының өзектілігін айқындады.
Дарындылық мәселелері әлемдік және қазақстандық ғылымда көптеген ғалымдар мен психологтардың зерттеу тақырыбы болып келді. Бұл тақырыптың төңірегінде атақты философ пен ойшылдар: Cократ, Платон, Кант, Гегель, Дидро, Локк ойларын қозғаған болатын. Дарындылықтың психологиялық жақтарын Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, А. В. Петровский, А. Н. Савенков зерттеген. Қазіргі уақытта оқушылардың дарындылығын зерттеуде Н. С. Лейтес “Концепция возрастного подхода к феноменам интеллектуальной одаренности” атты тұжырымдамасын ұсынды. [18. 2] Қазақстанда оқушылардың дарындылық мәселелері төңірегінде Н. А. Дарханов, Г. Ж. Ақылбаева, А. М. Бултычеева, Н. Н. Волошина, С. А. Филько, О. Копыленко, Л. Руденко, Л. М. Нарикбаева, Л, Г. К. Бажикенова, Д. Г. Ганелин, А. Г. Қазмагамбетов, О. Л. Медведковалар жұмыс жүргізіп жатыр. Батыс ғалымдарының ішінде дарындылық тақырыбына байланысты Ф. Гальтонның (Англия), Танненбаум Дж. Рензуллидің, Г. Мюллердің(АҚШ), В. Штерннің(Германия), Ф. Монкстың(Голландия), тб. еңбектері белгілі.
Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды. Мектеп оқушыларының дарындылығын анықтау мен дамытуға байланысты жарияланған отандық еңбектер мен зерттеулер жоқтың қасы. Аталмыш тақырыпқа байланысты қазақ тілінде жарық көрген әдебиет мүлдем жоқ деп айтуға болады. Осы мәселелер менің зерттеу жұмысымның тақырыбын айқындауға әкеп соқтырды.
Дипломдық жұмысымның басты мақсаты - оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашуда мектептің ролін теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
Осы мақсатқа орай келесі міндеттер туындады:
- дарындылық ұғымына теориялық жағынан талдау жасау;
- жеке тұлға психологиясын жан-жақты саралау;
- оқушы дарындылығын анықтауда педагогикалық-психологиялық диагностикалаудың жолдарын айқындау;
- мектеп қабырғасында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қарастыру;
- мектептегі ғылыми қоғамдардың ролін көрсету;
- “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық және Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталықтары қызметімен танысу;
- Қазақстан Республикасында дарынды балалармен жұмыс жүйесін дамытудың жолдарын айқындап беру.
Зерттеу жұмысымның эксперименттік базасы ретінде Шығыс Қазақстан облысының аймақтық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы алынды. Дипломдық жұмысымды жазу барысында аталмыш орталықтың 2006-2007 жылдарда дарынды оқушылармен жүргізген жұмыстарымен таныстым. Зерттеу жұмысының обьектісі ретінде Күршім ауданы, Боран ауылы, Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлының көпсалалы орта мектебі алынды.
Дипломдық жұмыcымның түсініктеме-терминологиялық аппараты келесі ұғымдардан тұрады: “дарындылық”, “қабілеттілік”, “шығармашылық”, “дамыта оқыту”, “оқушылардың ғылыми қоғамы”, “педагогикалық-психологиялық диагностикалау”.
Зерттеу жұмысымнан күтілетін нәтижелер :
Дипломдық жұмыстың теориялық материалдарын жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін “Психология” және “Педагогика” пәндерінде қолдануға болады. Зерттеуде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері практикалық тұрғыдан көрсетілген. Осы әдістемелерді мектеп оқушыларының дарындылығын анықтау мен дамытуда қолдануға болады. Зерттеу жұмысымда берілген тұжырымдамалар дарынды балалармен жұмыс істейтін педагогикалық коллективтерде әдістемелік нұсқау ретінде көмекші құрал бола алады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әрбір баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту ” сияқты өзекті мәселелерді іске асыру үшін бүгінгі таңда, дарынды балалардың қабілеттерін жоғары деңгейде қанағаттандыратындай білім беру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасақталып мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Қазіргі уақытта адамның интеллектуалды және шығармашылық қуаты қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жетекші факторы болып отыр.
Әлеуметтік дамудың қазіргі заманғы тенденциялары білім берудің алдына жаңа міндеттер қойып отыр - «орташа» оқушы бағдарын өзгерту, дарынды және талантты балаларға, білім беру процесінде олардың қабілеттерін, ерекшеліктерін ашып, дамытуға айрықша ынта білдіру.
Біздің елімізде білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі - дарынды балалар мен жастарға еліміздің баға жетпес ұлттық игілігі және негізгі интеллектуалды, шығармашылық әлеуеті ретінде қарап, оларды жан-жақты қолдау және дамыту.
Әлемнің дамыған елдеріндегі дарынды оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың көлемі мен принциптері түрліше болғанымен, барлығына айқын бір ғана нәрсе: қоғам мүддесі дарынды балалар мен жастарды моральдық және материалдық жағынан қолдаудың арнайы шараларын талап етеді. Дарыны жоғары балаларды оқытуда олардың өз қабілеттерін, өзіндік қызығушылығы мен қоғам мүддесіне сәйкес толық іске асыра алатындай жағдай жасалуы қажет. Интеллектуалдық өндіріс экономикалық дамудың шешуші факторларының бірі. Халықтың интеллектуалды әлеуетінің маңыздылығын аумақтық, демографиялық және басқа да фактілермен салыстырғанда елемеушілік, жеке интеллектіні дамытуға деген немқұрайлылықтың нәтижесі - қоғамға орны толмас материалдық, саяси, моральдық шығын әкеледі.
Осындай жағдайда маңызды басымдылық - интеллект болып, ал адамзат өркениетінің маңызды қуаты ретінде оның интеллектуалды қабілеттері есептеледі.
Демек, қазірдің өзінде кез келген қоғамда дарынды балаларға ұлттық игілік ретінде қарап, олардың ерекше әлеуметтік құқығы ескерілуі керек. Мамандардың айтуынша, дарынды ересек адамдардың саны дарынды балалар саны есебінен бірнеше есе аз. Дарынды балалар арнайы педагогикалық және әлеуметтік бағдарламаның басты назарында болуы қажет, өйткені өмір сүру жағдайын жақсарту және ұлттық гүлденуіне деген үлкен үміт дарынды жастарға байланысты. Олардың қабілеттерін дамытуды неғұрлым ерте бастаса, дамыту тиімділігі соншалықты көп болады.
1 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН АШУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ РОЛІ
ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ
- Дарындылық туралы жалпы түсінік
"Дарындылық" деген сөз психологияда күнделікті өмірге қарағанда біршама тар мағынада қолданылады. Ал ғылымда дарындылық қабілеті - адамның нышандарынан, білім, ептілік және дағдылары бойынша өлшенеді.
Жеке адамның психологиялық қасиеті ретінде адамның қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Дарын мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде - XIX ғасырда Ф. Гальтон ұсынған адамдағы өзгешеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Әрбір адамның негізінде жеке даралық сипат болады: конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жартышарлардың функционалды ассиметриялық өзгешеліктері және т. б.
Дарын мәселесіне терең талдау жасаған Б. М. Тешюв болды. Оның концепциясы бойынша нышан - дарын дамуының қандайда бір алғы шартын құратын адамның анатомиялық-физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері.
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі дарынның болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана дарындылық байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.
Дарынды анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы - бұл іс-әрекет барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің орындалу нәтижесі өз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес, әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады.
Қабілеттің қалыптасуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне жататын талаптарды қарастыру - кеңес психологиясының классигі көрнекі ғалым Б. М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның айтуы бойынша дарындылықтың жалпы теориясы " . . . нақты фактілер мен жеке заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет".
“Дарындылық - бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады”, - деп жазады. Дарындылық бұл дамудың нәтижесі, ал нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық-физиологиялық ерекшелік. Дарынды реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда болған "қоспалық" деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды мүмкіншіліктері бар адам үшін де, соңғысы (жүре пайда болған) жасырын болуы мүмкін.
Б. М. Тешювтың ғылыми творчествосын қарастырған В. Д. Небылицин қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға көңіл бөлу керек деді.
Егер қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі ретінде қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі қажет болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық деңгейлер.
С. Л. Рубинштейннің ойы бойынша дарынның дамуы спираль бойынша жүзеге асады: қандайда бір деңгейді көрсететін қабілеттің жүзеге асу мүмкіншілігі қабілеттің ары қарай едәуір жоғары деңгейде дамуы үшін жаңа мүмкіншіліктерді ашады. Осылайша, адамның дарындылығы "жаңа мүмкіншіліктердің диапазонымен анықталады, ол өзіндегі бар мүмкіншіліктің таралуын қамтамасыз етеді".
С. Л. Рубинштейн дарындылықтың құрамының, құрылымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс-әрекет жүзеге асады.
С. Л. Рубинштейн дарын құрылымының негізгі екі компонентін көрсетеді:
1) "операциялы" - іс-әрекетті жүзеге асыратын әрекет тәсілдері;
2) "ядро" - анализ және синтез процестерінің сапасы ретінде операцияны реттеуші психикалық процестер.
Б. Г. Ананьев еңбектерінде дарындылық - жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағьггтылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылады.
Н. С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен өзгешеленетін және "еңбектен қанағаттануды" сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, - деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік - дарындылықтың көрінуі ретінде болады [25] .
Э. А. Голубеваның зерттеулері көрсеткеніндей таным функцияларының жеке даралық типтік ерекшеліктерінде өте айқын көрінетін дихотомия - вербалды және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі психологиялық сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық деңгейде түсіндіріледі: олардың қалыптасуының "релевантты" табиғи негізі болып жоғары жүйке әрекеттерінің арнайы адамға тән типі болып табылады. Ол XVIII ғ. И. Канттың жазып кеткен ойына толық келісе отырып " . . . адам өзінің табиғи күштерін (рухани, жандық және тәндік) дамыту - кез-келген мүмкіндіктегі мақсаттар үшін құрал болып табылады. Бұл адамның өз алдындағы борышы. Адам (ақылды пенде ретінде) өзінің табиғи нышандары мен қабілеттерін пайдаланбай қалдырмауға, '"шірітіп" жібермеуге міндетті. Олар күндердің күнінде өзінің ақылымен қолданылуы мүмкін", - деп көрсетеді. Дегенмен адам мен жануарларға ортақ қасиетін жартышарлы дифференциациясының көмегімен, темпераменттің "релевантты" табиғи негізгі Д. Векслер тестінің көмегімен анықталған вербалды емес немесе вербалды функциялардың жүзеге асуына "қызмет жасай" алады.
М. А. Матова, З. Г. Гуровская зерттеулері көрсеткендей, 9-10 жасар балалардағы таным қабілеттерінің сипаттамасы да вербальды емес функцияның басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы мен эмоционалдылығымен, сөйлеудің локализациясының оң жарты шарлар типіне тән етуге қарағанда көру латерализациясының күштілігімен байланысты.
С. А. Изюмова мнемикалық қабілеттерді жене оның табиғи алғы шарттарын комплексті зерттеу жөне оның оқу әрекетіндегі нәтижелігімен салыстыру мәселесін көрсетті.
Е. П. Гусеваның зерттеулері көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде және үйренудің нәтижесінде көрінетін жалпы қабілеттің компоненті ретінде естің негізгі мөні туралы айтады. Мәліметті мағыналы көшірумен байланысты мнемикалық қабілеттер барлық мектеп пәндерін меңгеруде көрінеді.
Танымдық қабілетті зерттеуде балалардың дамуындағы жас ерекшеліктерге көп көңіл бөлінді. Н. С. Лейтес, жеке балалар жас ерекшеліктеріне тән қабілеттердің дамуының алғы шарттары - жеке даралық қабілеттердің дамып өсуінің негізі, - деп жан-жақты негізделген тезис жасайды. Бұл ереже Е. П. Гусеваның (1986) зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар балалардың жас және жеке даралық ерекшеліктерін салыстыруға байланысты жүргізілген экспериментпен дәлелдене түсті.
Психологияда адамзат іс-әрекетінің негізгі үш түрі бөлінген: еңбек, таным, қарым-қатынас (Б. Г. Ананьев) . Бұларға қосымша қабілет классификациясын ұсынуға болады.
Тіпті, барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор - іс әрекет, олай болса балалардың негізгі іс-әрекеті ойын әрекетін белсендіре отырып, творчестволық қабілетті дамытуға болатындығы дәлелдене түседі. Онымен байланысты дарындылық факторы ретінде еңбек қабілеттілігі жатады. Қабілеттер - іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие - оларды белсенді қалыптастырады.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, билейді, өлең айтады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін салады) . Бірақ, бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектеріңде көптеп кездеседі. Бірақ, адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен [12] .
Ерте кезде, XIV ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты Құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман тандауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.
X. Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын нышандардың жинағы - дарындылық [9. 14] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz