Мінездеме түрлері


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мінездеме
  2. Қызметтік мінездеме
  3. Аттестациялық мінездеме

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мінездеме - мекеме, кәсіпорын немесе ұйымдардың әкімшілігі беретін ресми құжат. Мұнда оқушының, студенттің, қызметкердің қоғамдық қызметі жайында берілетін пікірі жазылады.

Мінездеме берілген адамның аты-жөні, әкесінің аты, туған жылы, оның іскерлік қабілеті жұмысқа, оқуға қоғамдық істерге ықыласы, моральдық қасиеттері көрсетіледі.

Мінездеме сонымен қатар адам психикасын ашып айтылып оның қоршаған ортадағы өзіне лайық беделі, абыройы, қарым - қатынасына ерекше мән беріліп сол адамның болашағының қандай үміт күттіретіні де ескертіледі. Мінездеме беруші адам мен мекеме басшысының қолы қойылып, мөр басылады.

Мінездеме жазушыға қойылар талап - сауаттылық жазған әрбір сөйлемі стильдік жағынан бір - бірімен байланысып, жымдасып тұруы шарт, яғни осы мінездемеге қарап жеке адамның тағдырымен, оның қабілетімен танысасыз.

Іс қағаздарының бірі болғандықтан, мінездемеде қалыпты формада бір бетке толтырылады. Екі - үш беттік мінездеме қадіріде, құны да болмайды.

Мінездеме жасауда ұлы адамдардың нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдің керег жоқ. Сөйлемдер жай, құрмалас негізгі құрылады. Кездесетін тыныс белгісі болса қойылуына мән беріледі.

Мінездеме

Мінездеме - мекемеде, ұйымда, кәсіпорында жұмыс істейтін адам туралы. әкімшілік немесе қоғамдық ұйым тарапынан берілетінғ жеке адамның - іскерлігін, біліктілігін. Кәсіби деңгейін сипаттайтын ресми құжат. Мінездеме нақты, обьективті, деп және толық болуы керек.

Мінездеме басқа мекеме, сот, прокуратура сураған жағдайда, оқуға аспирантураға түсу кезінде, сондай - ақ қызметкердің маманның кәсіби, біліктілігі көтеру мақсаттында беріледі.

Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:

  1. жеке адам туралы негізгі мәліметтер:аты -жөні; ұлты; әскери қызметке қатысы; отбасылық жағдайы; білімі; лауазымы; туған жылы; туған жері; отбасы жағдайы; азаматтығы;
  2. қызмет істеген орны, қызмет атқарған жылдары;
  3. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қарым - қатынасы;
  4. мінездеме қайда берілген;
  5. мекеме басшысының қолы;
  6. мінездеме берілген мерзім / айы, күні, жылы /
  7. мекеменің мөрі:

Сонымен қатар мінездеме - қызметкердің қызметік, қоғамдық, әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапамен ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемелекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғананда, қызметін аттестациялау кезінде, іс сапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырылады. Оның деректемелері; атауы (мінездели) ; мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету, құжатты беруші, ұжымның атауы, қызметкердің толық аты -жөні, мәтін, қолы және мөрі.

Мінездеме мәтіндегі логикалық байланысындағы бөлімдерді атап көрсетілік.

Басқы бөлім - анкеталық мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі т. б) . кейбір мәліметтер құжат атауымен бір интервал төменге басылады.

Екінші бөлімде - еңбек қызметі туралы мәліметтер(мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі т. б) және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде - қоғамдық белсеңділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға беріледі. Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Мінездеме - қызметтік мінездеме, атттестациялық мінездеме және жеке (функционалды) мінездеме деп үшке бөлінеді:

Мінездеме

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адам өмірбаяндық, біліктік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі:

  1. Қызметтік мінездеме - мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильді жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді.

Мінездеме қызметкерді басқа бір қызметке я болмаса оқу орнына ұсыну мақсатында да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез, қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

  1. Аттестациялық мінездеме - белгілі бір адамның атқарып толтырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысыда«атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық»немесе«атқарып отырған қызмет орнына лайық емес»деген сияқты түйінде сөздер жазылады.
  2. Жеке (функционалды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т. б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін»т. б.

Мінездеме А4 форматы параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндық мәліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінде үлкендеу шрифтімен беруге болады.

Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілгекн арнайы бланкілерде де жазылады. әр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және ұйым жетекшісінің қолымен расталады.

Барлық мінездемелерге мекеменің мөрі басылады.

Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады.

Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті) .

Мінездеме құрылымы:

  1. тақырыбы;
  2. мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
  3. негізгі мәтін;
  4. қорытынды;
  5. мінездемені талап етуші ұйымның аты;
  6. мінездеме берілген күн, ай, жыл;
  7. мінездеме берушінің аты - жөні, қолы;
  8. қосымша (егер болса) ;

Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта түсына қарай әріптермен жазылады.

Мінездеме

Қызметтік мінездеме

Аттестациялық мінездеме

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты - жөні, туған жылы, білімі, аталған мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымша берілуі мүмкін (мысалы, диплом, бойынша мамандығы немесе білім түрі т. б) .

Негізгі мәтінге атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік - психологиялық портреті беріледі. Әріптестермен қарым - қатынас жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сышн көтеру қабілеті жазылады, кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастырушылық қабілеті де кіргізіледі.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыртасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады.

Қорытынды

  1. Атқаратып жүрген қызметіне лайық.
  2. Кәсіптік дайындық деңгейі, басшылық қызметтегі тәжірибесін ескере отырып Б. Б. Тұрғынбаевты конкурстық негізде статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіп барып жазылады. Мысалы, « Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді ».

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіп барып, парақтың сол жақ бөлігіне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі.

Мысалы, 26 мамыр 1988 жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, аты - жөні кіреді.

Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда

  1. белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
  2. білімі туралы құжат көшірмесі;
  3. бұрынғы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
  4. анықтамалар жіберіледі;

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің жалпы құрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына «мінездемемен таныстым» деп жазып, қол қояды. Аты - жөнін, танысқан күнін де жазады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екінщісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

Үлгі

Мінездеме

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту кафедрасының аспиранты Оспанова Гүлім Нұрлыбекқызына.

1970 жылы туған. Білімі жоғары.

Оспанова Гүлім Нұрлыбекқызы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті күндізгі оқу бөлімінің аспиранты болып 1995 жылы 1 желтоқсанда қабылданды. 1996 жылы «Қазақ тіліндегі көсемшенің мағынасы мен қызметінің дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация жұмысы бекітілді.

Аспирантурада оқып жүрген кезінде Оспанова Гүлім Нұлыбекқызы өзінің терең білімін, ғылыми - зерттеу жұмысқа деген зор қабілетін көрсете білді. Аспирантура бағдарламасына сәйкес оқу жүктемелерін, ғылым кандидаты дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындады. өзінің кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша университет ішіндегі ғылыми, ғылыми - теориялық конференцияларда бірнеше рет баяндама жасады. Ғылыми жинақтар бетінде бес мақаласы жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінездеме
Кейіпкерлерге мінездеме беру
Жеке құжаттардың адам өміріндегі маңызы мен жазылу мақсаты
Іс қағаздардың түрлері
Мекеменін жеке адамдарға арналған құжаттары, мінездемелері оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
Іс қағаз
Іс қағаздар пәнінің мақсаты
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz