Педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық - коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары.

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып, педагогикалық инновация жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М. С Бургин, Н. Д Молахов, Н. И, Лaпин, А. И. Пригожин [1] «инновация», «инновациялық құбылыс» түcініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский, В. А. Сластенов, В. С Лазерев, С., Ц Поляков, М. М Поташнвк, от. Хомерики бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды [2] . Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В. И Антошок, В. Г. Зазыкина, Р. Л. Кричевский, Л. К Маркова, Н. Р. Юсуфбекова зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн[3] .

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез - құлқтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic - әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновациялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді.

Қазақстан Республикасында ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic - әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi"[4] .

Жалпы, педагог - кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты[3] .

Бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру:

- интернет арқылы халықаралық байланыс;

- ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оқытудың пәндік арнайы курстары;

- дербес компьютердің болуы;

- телекоммуникациялар;

- қызығушылық;

- белгілі бір бағыттағы ақпараттық қажеттілік;

- ғылыми - зерттеу қызметі.

Екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады:

- білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы;

- педагогикалық қызыметінде коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылық;

- педагогикалық жобалау;

- компьютерлік сауаттылық;

- біліктілік көтеру арнайы курстары;

- электрондық оқу - әдістемелік кешендердің болуы;

- педагогикалық қызмет пен педагогикалық процесті модернизациялау.

Менің негізгі қарастырғым келіп отырғаны, бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн жоғарғы оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Педагогикалық бiлiм беретiн жоғарғы оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық коммуникациялық құзырлылық. М. В. Лебедева мен О. Н. Шилова мұғалiмнiң ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi" деп анықтайды[3] .

Авторлар мақалада ақпараттық коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы және кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi.

Сонымен, болашақ мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

- Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;

- Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

- Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық - нормативтік, материялдық - техникалық, ғылыми - әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

Бүгінде білім беруді одан әрі ақпараттандырудың кезеңі мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Білім беруді қайта құру педагогикалық бiлiм беретiн жоғарғы оқу орындары студенттерiнен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі педагогтың дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді педагог мамандардың біліктілігін көтеру ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі - жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Жоғары мектепте бейорганикалық химияны интерактивті оқыту әдістерін қолданып оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz