Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері


Жоспар
І. Кіріспе . . . 3-6
І Бөлім. Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері . . . 7-16
1. 2. Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың жолдары . . . 17-30
II Бөлім. Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың әдістемесі.
2. 1. Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың тиімділігі . . . 31-42
2. 2. Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . . 43-50
ІІІ. Қорытынды . . . 51-52
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53-54
Кіріспе
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа танылып, жаңа демократиялық қоғамның дүниеге келуі Қазақстан педагогика ғылымының жаңа бағытта сипат алуына кең жол ашып берді. Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында республиканың әлемдік білім кеңістігіне енуін ескере отырып, білім берудің мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта қарау қажеттілігін атап, білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің міндеттері атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатымен мақсатының бірі - жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Дарынды, білімді жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. [1. 2]
Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі - таным теориясы және оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады. [3]
Еліміздің психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі - жастардың жеке тұлғасының дамуы.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру және оқыту теориясының оқушыларды оқыту мәселесіндегі талаптарының бірі - танымдық белсенділік пен саналылық. Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.
Даму дегеніміз, ең алдымен, адам организміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық үрдісі, Ал жеке тұлғаның дамуына оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі.
Танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білімге, ғылымға деген ынта-ықыласы мен құштарлығының ерекше көрінісі. Белсенділік (интенсивтендіру) оқушының әрекеті және пәнімен «қосылғандағы» дәрежесін анықтайды. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі: оқушының алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуінде.
Белсенділікке байланысты әлеуметтік-педагогикалық көзқарас ежелгі дәуірден бастау алады. Оның көрнекті өкілдеріне. ежелгі грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель жатады. Олар белсенді және өз бетімен білім алуының маңыздылығын, жетістіктері мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды екендігін негіздеген. Олардың пікірінше өзіндік іс-әрекет нәтижесінде балада қанағаттану, қуаныш сезімі оянып, білімді игеруге белсенділігі артады. Бұл пікірлер көптеген ғасырлар бойы педагогтердің талдау нысанасы болды.
Мұндай психологиялық-педагогикалық көзқарасты Ы. Алтынсаринның, К. Ушинскийдің еңбектерінде көре аламыз. . [4]
Ы. Алтынсарин оқыту арқылы өз бетінше білім көтеруге жол бастауда, ой-әрекетін жаттықтыруда мұғалімнің оқу-тәрбие жүйесіндегі рөліне айрықша орын берді. Алтынсаринның пікірінше, педагогтердің жұмысындағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде. . [5]
К. Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс - оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді, Ол мұғалімнің жұмысын ескере отырып, оқушының белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған дербес бақылау мен тәжірибе өткізу. көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстардың маңыздылығына тоқталды. К. Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасайды.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде қоғамның барлық саласында күрделі өзгерістер жүрді. Қоғамның оқу-ағарту, білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталады.
Қазіргі кезеңде оқушының оқу-танымдық әрекетін, танымдық белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы. Т. Сабыров, М. Құдайқұлов, А. Әбілқасымованың жастардың өздігінен білім алу әрекеті жайлы, С. Ұзақбаева, Б. Мұқанова, А. Ильясова. О. Сыздықов, т. б. оқыту мәселесін жетілдіру жөнінде жазған еңбектері бар. . [6]
Қазіргі кезде оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдіру жолдары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр, сондықтан да ғылыми жұмысымыздың тақырыбының барысын «Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудің жолдары» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастыру жолдарын теориялық, педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан негіздеп, практикада қарастыру.
Зерттеу нысаны: Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастыруды дамыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіру жолдарын ана тілі пәнінің оқыту үдерісінде дамыту.
Зерттеу міндеттері:
- Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілетін қалы\птастырудың теориялық негізін анықтау.
- Оқушылардың дара ерекшелік қабілетінің педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру
- Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыпьастырудың әдіс-тәсілдері.
Зерттеу пәні: Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін сабақ арқылы қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: Оқу стандарты, білім тұжырымдамасы және теориялық негізде жазылған еңбектердегі педагогикалық - психологиялық әдебиеттердің мазмұнын ашу, озық педагогикалық еңбектерге талдау жасау.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І Бөлім. Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. 1 Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - «таным теориясы» деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізіндө оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. . [7]
Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткөн еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады. . [7]
И. Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: «Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді».
Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. «Қабілет» ұғымын ғылымға алғаш енгізген Платонның да оның ізбасарларының да бұл ұғым жайлы түсініктері ұлттық көзқарастарға негізделген болатын. Олар адам туғаннан бастап бірі басқарушылар, бірі жауынгер, бірі жер игерушілер болып туады дегенді уағыздаған. Қабілеттерге байланысты адамдар арасындағы пікірлер осы кезден басталса керек. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ бала бойында болатын дара қабілеттерге ерекше мән берген. Испандық дәрігер Хуан Уарте бала қабілеттерінің шектеулі екенін сол себепті де ол әртүрлі әрекеттерді бірдей нәтижелі орындауы мүмкін еместігін айтса, бұған керісінше чехтың педагог -гуманист Я. А. Каменский оқыту арылы балада әртүрлі қабілетерді қалыптастыруға болады деген идеяны ұсынған.
Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін тең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындаға жағдай жасайтын дара ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, дамып отыратындығын атап көрсеткен. «Қабілет» ұғымына берілген педагогикалық-психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілетер» деп - әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері. Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С. Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Қабілеттер жайлы ой-пікірлер бүгінгі күніде күн тәртібінен түспеуде. Оқушы бойындағы дарындылық қабілеті сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н. С. Лейтес қабілетке іс-әрекеттің белгілі бір түрде жетістіктерге жеткізетін педагогикалық-психологиялық қасиет деген анықтама береді. Дара етекешлік қабілеттер туа бітетін қасиет емес. Олар, өмір сүру барысында дамып отырады. Дара ерекшелік қабілеттер дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады. Оқушы бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады.
Педагогтер, психологтер, әдіскерлер дара ерекшелік қабілет ұғымын сабақта қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Дара ерекшелік қабілеттер туралы анықтамаларға талдау жасай отырып қалыптастыру белгілерін анықтады.
- Дара еркшелік қабілетерін қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Дара қабілеттің педагогикалық сипаты әрекеттің интелектуалдық сипаты;
Сондай ақ, дара ерекшелік қабілеттерді қалыптастыру мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне қызығушылықты кеңінен қалыптастыруды енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде дара ерекшелік қабілеттерді қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Оқу үрдісі оқушылардың дара ерекшелік қабілеттері нәтижесінде танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал қабілет танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың сабақта дара ерекшелік қабілетерін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Оқушылардың дара еркешелік қабілетін қалыптастыруда оқу материалдары-ның маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушыпардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т. Сабыров, Н. Хмель, Е. Галант, Л. Аристова, М. Данилов, Г. Щукина, Р. Лемберг) ; . [8]
- дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б. Есипов, Т. Сабыров, М. Скаткин, Б. Айтмамбетова, т. б. ) ;
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Сабақта оқушылардың дара қабілеттерін қалыптастыру оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Сабақта оқушы мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында өзінің дара ерекшелік қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т. б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Оқушылардың дара ерекшелік қабілеті - жеке дамуын қамтамасыз ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін кеңейте білуімен сипатталатын жеке тұлғаға тән қасиет.
Оқушылардың дара ерекшелік қабілетін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басынын, дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет. Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі дәдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен оқушыларды оқыту барысында дара ерекшелік қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау керек:
- мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге аудару керек. Мысалы оқушылардың назарын дара ерекшелік қабілеттерін дамыту үшін үнемі тапсырма, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн.
- шығармашылыкпен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласу үшін жағдай, мүмкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату;
- мұғалім - оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше елтиді. Өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы оқушының танымдық белсенділігін дамыту;
- дара ерекшелік қабілет дамыту үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
- шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі -«сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу:
- оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру:
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- Білімді меңгерту емес, оқушының қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оку және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;
- Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін калыптастыру; т. б.
Ұлы неміс педагогы А. Дистерверг әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетепейді, ойлауға үйретеді» деген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz