Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 4
КІРІСПЕ . . . 5
1НИЗАМ ӘЛ-МҮЛІКТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ, ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕРЕКТЕРМЕН ТАРИХНАМАСЫ . . . 10
1. 1 Низам әл-Мүліктің өмір жолы және онын зерттеліну . . . 10
1. 2 Сұлтан Алып-Арслан және Низам әл-Мүлік(1063-1073 жж) . . . 18
1. 3 Сұлтан Мәлікшах және Низам әл-Мүлік(1072-1092 жж. ) . . . 23
2 НИЗАМ ӘЛ-МҮЛІКТІҢ«СИЯСЕТ-НАМЕСІ»ЖӘНЕМЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ . . . 33
2. 1 «Сиясет-наменің» мақсаты мен жазылу тәсілі . . . 33
2. 2 Низам әл-Мүліктің «Сиясат-намесінде» пайдаланған енбектер . . . 40
2. 3 Өкімет және мемлекетті басқару туралы . . . 43
2. 4 Билік пен халық қарым-қатынасы . . . 52
3 НИЗАМИЕ МЕДРЕСЕЛЕРІНІҢ МАНЫЗДЫЛЫҒЫ . . . 59
3. 1 Низамие медреселерінің құрылуы және қызметтері . . . 59
3. 2 Низамие медреселерінің Түрік және Ислам білім беру тарихындағы орны және маңызы . . . 67
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 74
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диссертациялық жұмыста Низам әл-Мүліктің өмірбаяны, оның енбегі, мемлекетті басқарудағы көзқарастары және Низамие медреселері Түрік ғалымдарының еңбектері негізінде зерттелінді.
Диссертация жұмысының өзектілігі: Низам әл-Мүліктің уәзірлігі тұсында Селжұқ империясы өз шарықтау шыңына жетті, күш-қуаты артып, жері кеңейді. Оның орнатқан осы бір саяси, басқарушылық және қаржы құрылымы кейіннен біраз мұсылман мемлекетттері тарапынан үлгі тұтылды. Оның Селжұқ сұлтандарымен бірлесе отырып мемлекетті өте биік дәрежеде басқарғандығын айта аламыз. Низам әл-Мүліктің ақылды, ұтымды және парасатты басқаруының арқасында Мәлікшах тұсындағы билік Ұлы Селжұқ империясының ең жарқын әрі ең даңқты дәуірі болып есептелді. Низам әл-Мүліктің Селжұқ мемлекеті және ислам әлемі үшін ұмытылмас еңбегінің маңызы зор. Ұлы Селжұқ империясының ең гүлденген кезеңдері Тұғрұл Бей, Алып-Арслан және Мәлікшахтардың тұсында ұлы уәзір қызметін атқарған Низам әл-Мүліктің Селжұқ мәдениетіне қосқан үлесі мол. Саяси мансабымен қатар көптеген қайырымдылық мекемелерін құрдыруы және дін адамдарына қолдау көрсетуі оның Селжұқ тарихында маңызды орын алуына себеп болды. Низам әл-Мүлік жабдықтау жүйесінің енгізілуіне және медреселердің жүйелі әрі тәртіпті жұмыс жасауларына көп үлес қосқан. Алған білімі нәтижесінде Низам әл-Мүлік Ислам дінінде үлкен қызметтер атқарды. Сол кезеңде Селжұқ империясының саяси өмірінде діни іріткілер туғызған Мысыр Фатимилеріне және мемлекеттегі Батини анархисттеріне қарсы іс-әрекеттер қолданып, халықты берік, шынайы Ислам наным-сенімдері аясында ұстауға тырысты. Мехмет Алтай Көймен Низам әл-Мүліктің дәрежесін мына сөздермен жеткізген: «Низам әл-Мүлік тек Селжұқ дәуірінде, түрік тарихында ғана емес әлем тарихында да танымал болған. Ең бастысы оның жоғары дәрежеде қабілетті екендігін көріп баласы Алып-Арсланға ұсыныс жасаған Чағры бейдің ақылын тыңдаған Алып-Арслан патша оны өзіне уәзір етіп тағайындаған. Оған мемлекетті қалағаны бойынша басқаруға Мәлікшах мүмкіндік берген. Осындай ұлы адам болғанына қарамастан Низам әл-Мүліктің тағы да жолы болмағандығын айтқымыз келеді. Фараби, Бируни тіпті Анадолыда өскен Мевлана сияқты ұлы адамдарды иемденген ирандықтар, түрік мемлекетіне қызмет еткен атақты адамдың есімін ұмыта бастаған тәрізді. Түріктер Низам әл-Мүлікті өз ұлтын сүйетіні сияқты әрекет жасағаны үшін қадірлемейміз. «Сиясет-наме» атты құнды шығармасының барлық тілге аударма жасалса да түрік тілінде дұрыс аудармасының болмауы осы себептен. Сол кезеңде өмір сүрген Низам әл-Мүліктен және оның шығармасынан сабақ алатын жерлері бар. Біз ирандықтардың қателігін қайталамауымыз керек. Өйткені Низам әл-Мүліктің ирандықтарға қолдау көрсетіп, басқарма істерінде қызмет атқаруларына себеп болған. Низам әл-Мүліктен бастап барлық ирандықтар Түрік-Селжұқ мемлекетінің дамуына және нығайюына қызмет еткен. Осы қызметтер Түрік тарихы үшін ұялайтындай емес еді. Осыдан Ирандың ұлы мемлекет адамын ұнатпауы және мән бермеуінің себептерін түсіну қиын емес. Бірақ жағдай дәл керсінше еді. Арада болған салқындықты, тарихи және ғылыми әділетсіздіктерді түзетуіміз қажет.
Низам әл-Мүлік ислам білімі тарихындада ерекше орынға ие. Ислам дініне сенімді күшейту мақсатында медреселер салдырытқан.
Саясаттану шығармасы Ислам мәдениеті, түрлі ислам мемлекеттері, олардың ерекшеліктері және Ұлы Селжұқ мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар беретін дерек көзі болып саналады. Саясаттану шығармасында Түрік - ислам мемлекеттерін басқару, саяси, қаржы, әскери, мәдени жақтарын талқыланған. Саясаттану шығармасының мәтіні Станбулда Сулеймания кітапханасында сақталған. Саясаттану шығармасы бірнеше тілдерге аударылған. Бұл шығарма қазіргі күнде де ел билеу істерінде қолданылады.
Диссертация жұмысының тарихнамасы мен зерттелу деңгейі:
Зерттеу жұмысымда Низам әл-Мүліктің өмірі мен шығармаларын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен пайдаландым. «Сиясетнаме» шығармасы Селжұқтар тарапынан қолдау тапқан және саясаттанушылар мен тарихшылардың назарын өзіне аудартқандықтан қазірге дейін зерттеулер жүргізілуде. Низам әл-Мүлік Селжұқ тарихында маңызды орын алған. Осындай ұлы тұлғамен бірге падишах Алып-Арслан және Мәликшах мемлекетті шарықтау кезеңіне әкелген. Низам әл-Мүлік кезеңін зерттеу жүргізген кезде Селжұқ мемлекеті дәуіріндегі жазушыларының да зерттеулері пайдаланылған. Кадир Жанатан [3], Осман Туран [38], Мехмет Алтай Көймен [23], Ибраһим Кафесоғлу [40], Ибнүл Джевиз, Суат Каймак [35 ] және Аһмет Оджак [39] сиякты атақты тарихшылардың еңбектерінде Низам әл-Мүліктің шығармасы дәурінде алдыңғы қатарда болғандығын айтқан.
Магистерлік диссертациямызда негізінен Нуреттин Байбуртұлының [24] түрік тіліне аударған Низами Мүліктің «Сиясетнаме» еңбегіндегі құнды деректерін пайдаландық.
М. Алтай Көйменнің «Büyük Selçuklu Veziri Nizâmülmülk ve Târihî Rolü» атты еңбегінде Низам әл-Мүліктің осы жүргізген пропагандалық насихаттарының себептері Селжұқ мемлекетіндегі істердің барлығын бір өзі ғана жасағандығын көрсеткісі келгендігі туралы жазады. Автор Алып-Арслан дәурінде бірнеше қалаларда құрылған медреселер қазіргі күніміздегі университеттермен тең келетіндігін, әділетсіз тұрғыда Низам әл-Мүліктің пікірлерін қолдап отырған және есімі есте қалатындай жағдайға жеткізгендігін де атап өткен. Әсіресе, соңғы кезеңдердегі зерттеулерге қарағанда құрылған медреселер Түрік мемлекеттілігі түсінігіне сәйкес Алып-Арслан заманында оның әмірімен және мемлекет қаражатымен шәкіртақы және жатақханалары бар жоғарғы оқу орындары құрылған. Уәзірдің негізгі ролі Алып-Арсланның әмірін табысты орындап отыруы. «Медреселердің XI ғасырдың екінші жартысынан бастап, XX ғасырға дейін Ислам мәдениетіне үлесін қосқан оқу орындарының жалғыз Низам әл-Мүліктің құрметіне ие болуы орынсыз»- деп Алтай Көймен есептейді [23] . М. Алтай Көймен Молла Челеби нұсқасынан пайдалана отырып «Сиясет-намені» қайтадан жариялаған. Шығармаға ең бірінші көңіл бөліп, қызығушылық танытқан В. Бартольд болған. Зерттеулерге Фуад Көпрүлі, А. К. Ламмбтон, Р. Фие т. б. ғалымдар да көңіл бөліп назарын аударған. Зерттеу жұмысымда Низам әл-Мулктің өмірі мен шығармаларын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен пайдаландым. «Саясаттану» шығармасы Мехмет Али Айни (1933-1936 жж. ), Гериф Чавдароғлу (1954ж. ), Нуреддин Байбұртоғлу (1981ж. ) сияқты ғалымдардың бастауымен басқа тілдерге аударылған [22] .
Проф. доц. Мехмет Алтай Көймен «Selçuklu Devri Türk Tarihi» және «Selçuklu Imparatorluğu: Alparslan ve Zamanı» атты еңбектерінде Алып-Арслан дәурінде ондаған қалалардағы медреселерге (университеттерге) Низам әл-Мүліктің аты берілгенге қарсы болмағандығын ерекше атап өткен. М. Алтай Көйменнің пікірінше: «Ислам мәдениетіне қарай жол көрсеткен медреселерді құру құрметін Низам әл-Мүлікке тапсыру орынсыз»-екендігін айтқан. Көймен осы жайлы сөз ете отырып Низам әл-Мүліктің тағы басқа да теріс жақтары және қылмыс істерінің болғандығы туралы сөз етеді. Ирандықтарды мемлекетке серіктес еткен түріктер болғандығы және ирандықтардың Низам әл-Мүліктің атағымен азаматтық кадрларына ықпал етуде жан салмаған [15] .
Жавад Сыддықтың «Nizâmiye Medreseleri ve Eğitim Felsefesi Açısından Değerlendirmesi» (Низамие медреселері, білім жүйесі және философиялық көзқарастары) атты доктерлік диссертациясын атап өткен жөн. Диссертацияда Низамие медреселері туралы құнды мәліметтер және медреселердегі білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы жазылған [43] .
Огуз Туғрал «Kutadgu Bilig ve Siyasetnâme’de Devlet Anlayısı» атты магистерлік диссертациясында Құтты білік пен Сиясетнаме еңбектеріндегі мемлекетке қатысты жазылған авторлардың пікірлерінің ұқсастықтары мен қарама-қайшылықтарын көрсетеді[46] .
«Сиясет-наме» алғаш рет 1891 жылы Францияда жарияланған. Чарлес Счефер француз тіліне аударма жасаған. Екінші нұсқасын Иранда Сейд Абдурахим Һалһали тарапынан жарық көрген. Париж мәтінімен иран басылымы арасында үлкен айырмашылық бар. Үшіншісі Станбулда Молла Челеби кітапханасында табылған, нұсқаның тек Станбул жазбалары арасынан емес Тархан және Париж нұсқалармен салыстырғанымызда түсініктісі, Еуропа және Иран жазбалары арасындағы ең дұрысы. Қазіргі кезеңдегі табылмаған негізгі мәтінге жақын болғандығын зерттеулер қортындысында анықталған.
М. Шериф Чавдароғлуның түрікше аудармасы жарияланғанан кейін И. Кафесоғлу «Büyük Selçuklu Veziri Nizâmü’l-Mülk’ün Eseri Siyâsetnâme ve Türkçe Tercümesi» атты мақаласында «Сиясет-наменің» мазмұны және түрікше аудармасы туралы қара сөзбен жазылған көркем шығарманың толық емес және мәтіндерінің кем болғандығын айтқан. Толық нұсқасын Станбул Молла Челеби кітапханасында екендігін және қайтадан жаңа қара сөзбен жазылған көркем шығарманың шығарылуы керектігін айтқан[20] . Алайда И. Кафесоғлу бұрынрақ 1953 жылы жазған «Sultan Melikşah Devri Büyük Selçuklu İmparatorluğu» атты еңбегінде сұлтанның Низам әл-Мүлікке «әке» деп айтқандығына ерекше мән берген. Низам әл-Мүлік қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында патшамен кеңескен, Мәликшах өзінің істерін уәзіріне сеніп тапсырғандығын айтқан. Сұлтанның уәзіріне сенуі бір жағынан мемлекет ішіндегі қиын жағдайды көрсетсе. Сұлтанның ең қиын сәттерінде үміті тек қана уәзірі болғандығын, сұлтанның Низам әл-Мүлікке сийлықтар, ақша және жер беріп отырғандығы туралы жазған [9] . Кафесоғлуның пікірінше медресе деп аталатын оқу орындары бұдан бұрын болған. Бірақта жекеменшік болған. Низам әл-Мүлік осы оқу орындарын мемлекет қолдауымен бақылауында ресми, жүйелі оқу орындары ретінде діни тәрбие мен білім беру жүйесінде үлкен өзерістер жасап, медреселердің білім беру әдісі және оқу жоспарларының негізгі қағидалары ХХ ғасырға дейін жалғасқан.
Ғылыми жұмысымызды жазу барысында мерзімді басылымдарда жарияланған Суат Каймактың «Selçuklular ’da Bir Eğitim Kurumu: Nizamiye Medreseleri Tarih ve Medeniyet» [35], Ожак Ахметтің «Nizamiye Medreseleri ve Büyük Selçuklularda Eğitim» [39], Жанатан Кадирдің[3] «Geleneksel Siyaset Ve Devlet Felsefesinin Bir Yorumu Olarak “Siyasetname” -Büyük Devlet Adamı Nizamülmülk’ün Devlet Ve Siyaset Anlayışı Üzerine» және Мустафа Шахинның «Büyük Selçuklu Devleti Vezîri Nizâmü’l-Mülk’ün Siyasal, Sosyal, Dinî Ve Kültürel Hayattaki Rolü (1018-1092) »[5] атты мақалаларындағы жаңаша көзқарастары мен деректері пайдаланылды.
Диссертация жұмысының мақсаты мен міндеті: Магистрлік диссертация жұмысының мақсаты Селжұқ мемлекетінің ұлы уәзірі Низам әл-Мүліктің өмірбаяны, ел басқару, мемлекет негізінің қалануына қосқан үлесі, алғашқы жоғары білім беретін медреселердің ашылуына ықпал жасағандығы, мемлекетті басқару ісіне байланысты жазған «Сиясет-наме» шығармасын жан-жақты зерттеу болып табылады. Низам әл-Мүлік еңбегінің тарихи дерек ретіндегі маңызын көрсетіп, ғылыми айналымға енгізу. Осыған байланысты диссертация алдына мынандай міндеттер қойылды:
-Низам әл-Мүліктің өмірбаяны тұралы деректер мен зерттеулерге шолу жасау.
-Сұлтан Алып-Арслан және сұлтан Мәлікшах кезіндегі Низам әл-Мүліктің қызметін айқындау;
-Низам әл-Мүліктің «Сиясет-намені» жазуындағы көздеген мақсатын көрсету;
-Низамие медреселерінің маңыздылығына сараптама жасау.
Диссертация жұмысының нысаны, деректік негізі: Зерттеу нысаны түркілердің ұлы ойшылы - Низам әл-Мүлік. Диссертациялық жұмысты жазу барысында Туркияның Станбул қаласындағы Молла Челебі кітапханасы қорындағы зерттеулер, ХҚТУ-і кітапханасы қорындағы еңбектер пайдаланылды. Диссертацияны тақырыбын зерттеу барысында «el-Muntazam fi Tarihi’l-Ümem’de Selçuklular Abdurrahman İbnü’l-Cevzi» (құрастырған Али Севим), «İbn Kesîr, el-Bidâye ve'n-Nihaye», «Mir’atüz’z-Zaman fi Tarihi’l-Ayan'da Selçuklular Sıbt İbnü’l-Cevzi» (құрастырған Али Севим) атты құнды жинақтардағы Низам әл-Мүлік тұралы мәліметтер пайдаланылды.
Түрік және ағылшын тіліндегі «Türkiyat Mecmuası», «Tarih Okulu Dergisi», «Iğdır Üniversitesi Sosyal Bilimler Dergisi», «International Journal of Social Science», «History Studies International Journal Of History» басылымдардағы маңызды материалдар қазақ тіліне аударылап ғылыми айналымға түсірілді.
Диссертация жұмысының хронологиялық шегі: хронологиялық шеңбері 1018-1092 жылдар аралығын қамтийды.
Алынған нәтижелер, олардың жаңалығы: Селжұқ мемлекетінін гүлденген кезеңінде билік еткен Тұғрыл бей, Алып- Арслан және Мәликшах сұлтандар тұсында Бас уәзір қызметін атқарған Низам әл-Мүліктің Селжұқтардың мәдениет саласына қосқан үлесі нақты деректер негізінде ғылыми тұрғыдан зерттелді. Сиясет-наме еңбегіндегі тарауларында автордың көзқарастары, саяси ұстанымдары және тарихи деректері талқыланды. Низам әл-Мүліктің жыл сайын ғылым саласына және сопыларға 3 динар көлемінде қаражат жұмсап отырғаны дәлелденді. Низамие медреселерінің құрылу себептері айқындалды. Низам әл-Муліктің уәзірлік кезінде азаматтық және әскері бюрократияның басына өз туыстарын орналастырып, мемлекет ішінде өз билигін орнатуы нәтіжесінде мемлекет ішіндегі ішкі таластарға себеп болғаны анықталды. Жоғарыда айтылған нәтижелер бойынша диссертациялық жұмыстың жаңалығы:
-Мемлекетті басқару мен көрегендік саясат жүргізе алу қасиетімен Селжұқ мемлекеті тарихында аса манызды орынға ие болған - Низам әл-Мүлік әлеуметтік-экономикалық салада «икта» жүйесінің құрылуына, білім беру саласында медреселердің қоғамдағы рөлінің жоғары сатыға көтерілүіне үлкен үлес қосқаны арнайы зерттелді.
-Низамие медреселерінің құрылысы мектеп архитектурасының немесе университет жатақханаларының алғашқы үлгісі болғандығы зерттелді;
- Оның Низамие медреселері Қарахандар, Ғазнеуилер және Саманилар тарапынан үлгі тұтылғандығы дәлелденді;
-Қазіргі заманымызда жоғарғы оқу орындарындағы шәкіртақы, кредиттік және жатақхана жүйесі Низамие медреселерінде кең қолданыста болғаны салыстырмалы түрде зерттелді.
-Медреселерді бітіргендерге «ижазетме» (дилом алу) беру алғашқы болып Низамие медреселерінде жүргізілгендігі арнайы зерттелді; білім беру жүйесіндегі шәкірт дайындау және атақ беру жүйесі болғандығы дәлелденді;
- Түркі әлемінің ғылымымен білімінің дамуында аяқша манызға ие болған «Низамие» медреселерінің қызметі жайлы қазақ тілінде алғаш рет толық зерттелінуе.
-Тақырыпты кешенді зерттеу, ғылыми айналымдағы деректер жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: салыстырмалы, объективтік, тарихилық, жүйелік және ғылыми таным принциптеріне негізделеді. Сондай-ақ, біз қарастырып отырған тарихи кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыдан түсіндіруге бағытталды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Магистрлік диссертация тұжырымдамалары мен қорытындыларын Селжуқтар тарихы, Тарихи тұлғалар, Түркі халықтарының тарихы, Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы пәндерінен оқу-әдістемелік құралдар жазу барысында пайдалануға болады.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мәтіні комьпютермен теріліп, 76 бетте жазылған, 1 кестеден құралған. Әдебиеттер тізімі 47 атаудан тұрады, пайдаланылған мақалалар саны - 12.
АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
ЖОО - жоғарғы оқу орны
жж. - жылдар
т. б. - тағы басқа
б. - бет
T. T. K. - Türk Tarih Kurumu
D. İ. A. - Diyanet İşleri Ansiklopedisi
M. E. B. - Milli Eğitim Bakanlığı
T. M. - Türkiyat Mecmuası
T. İ. B. - Türkiye İş Bankası Kültür Yayınları
D. İ. B. - Diyanet İşleri Başkanlığı
Çvr - çeviren
S. - sayfa
1 НИЗАМ ӘЛ-МҮЛІКТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ. ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДЕРЕКТЕРМЕН ТАРИХНАМАСЫ
1Низам әл-Мүліктің өмір жолы және онын зерттеліну
Низам әл-Мүлік Ұлы Селжұқ империясының уәзірі, ортағасырлық ислам әлемінің ең табысты мемлекет қайраткерлерінің бірі. Оның шын аты Қажы Кывамуддин Әбу Әли Хасан бин Әлі болып табылады[1] . Низам әл-Мүлік Хорасанның ең көне қонысы және мәдени ошағы Түс кентіне қарасты Нүкан елдімекенінде 1018 жылдың сәуір айының 10-жұлдызында дүниеге келген[2] . Низам әл-Мүлік әкесінің басқарушылық қызметтер атқаруына байланысты екі бауырымен бірге сол кезеңнің алғы шарттарымен өмір сүрді. Білімі мен тәрбиесіне аса көңіл бөлінуі арқасында 11-12 жасында Құраны Кәрімді жаттады. Кейіннен Шахит Фыкхыға қызығушылығы артып, жастайынан бұл ғылымның теориясын жетік білгендер қатарынан табылды. Сондай-ақ елге танылып, жазушылармен достық орнатты, әдебиет саласында елеулі еңбек етіп, әдемі жазу және әдемі сөйлеуде көрнекті тұлғалар қатарынан табылды[2] . Оның әдебиет саласында ірі тұлғалар қатарына енуі, алдағы уақыттарда басқару лауазымына өткен кезеңдердерінде өз қызметін лайықты атқаруына септігін тигізді.
Низам әл-Мүлік саяси өмірін Газнауи мемлекетінің Хорасан әміршісі Әбу Фазыл Суринің тұсында бастады. 1040 жылы Данданакан соғысынан кейін қызметін жалғастырды. Алып-Арслан тұсында Балх әміршісі оған уәлаят шаруаларын атқаруды міндетін тапсырды. Селжұқтар сұлтаны Алып-Арсланның тұсында жұлдызы жанған Низам әл-Мүлік сол уақытта уәзірлік қызметіне дейін көтерілді. Алып-Арсланнан кейінгі Мәлікшах кезеңінде де уәзірлік лауазымын сақтады, осылайша екі Селжұқ сұлтанына шамамен 30 жылға жуық уәзірлік қызмет атқарды[3] .
Аббаси халифасы кезеңінде Алып-Арслан және Мәлікшах бұл мемлекет қайраткеріне түрлі атақ пен лақаптар берген: «Ұлы уәзір», «Ұлы ұстаз», «Екі әмірші тәжі». Бірақ оны көбінесе «Низам әл-Мүлік» (мүліктің, мемлекеттің ережесі) лақабымен атаған[3] . Оның бұл атағы әрине мемлекет істеріндегі реттеушілік және ұйымдастырушылық міндеттеріне негізделген. Тарихшылардың пікірінше Ұлы Селжұқ мемлекетінің даңқты билеушілері Алып-Арслан мен Мәлікшах оған көп борыштар. Сол кезеңде оның бойында мемлекеттің бүкіл күш қайраты шоғырланған болатын. Мұны кейіннен атқарылған іс-шаралардан айқын көруге болады.
Низам әл-Мүлік өте ауқатты, әскери, бюрократиялық және иманды бір отбасын құра білді. Ұлдары ер жетіп әр қайсысы мемлекет деңгейінде маңызды лауазымдар атқарды. Ұлдарының бірі - Мүейидүмүлк мемлекет деңгейінде уәзірден кейінгі үшінші ең маңызды лауазымды иеленіп, бюрократияның шыңына шықты. Бұл қызметінен соң Бағдатта Селжұқ мемлекетінің елшісі қызметін атқарды. Тағы бір ұлы Мерв уәлаятын басқарды[4, 51-б] . Оның осылайша үнемі өз отбасына қолдау көрсетуі келешекте Сұлтан Мәлікшахпен араларында шиеліністің туындауына әкеп соқтырды.
Низам әл-Мүлік шаңырағының ұйымшылдығы мен ауызбіршілігінің беріктігін дәлелдейтін әңгімелердің бірін мысал ретінде келтірейік. Мәлікшахтың сайқымазақ қызметшілері арасындағы бір ергежейлі Низам әл-Мүлікке пародия жасайды. Сол кезде Низам әл-Мүлік қызметтен алынадымыс деген өсек өршіп тұрған кез еді. Балх кентінде қызметте жүрген Жемалмүлік атты ұлдарының бірі дереу Ысфаханға келеді. Сұлтан Мәлікшахтың құзырындағы ергежейліні өлтіреді. Әкесінің орнына уәзір болып сайланатын адамды да ұстап алып өлтіреді. Мәлікшах болса, өзін жоққа санаған бұл әрекетке шыдауға мәжбүр болды[4, 60-б] . Бірақ кейіннен Мәлікшах оны құлдарының біріне у беру арқылы өлтіртеді. Ал, Низам әл-Мүлікке оның ұлына қастандық жасамағандай, еш қатысы жоқ адамдай кейіп танытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz