Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу



Кіріспе

1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс.әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс.әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуне құқығы бар адамдар
3. Моральдық зиянды өтеу және оның зардаптарын жою

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен практикасында ақтау ұғымының дәл анықтамасы жоқ, ондай анықтаманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі де бермеген. Сонымен бірге ақтау ұғымы Қылмыстық іс жүргізу Заңында қарастырылып, онда ақтау ұғымының мазмұны толық ашылып көрсетіледі. Заңда зиянды өндіруге құқығы бар адамдардың тізімі анықталған, сот тәртібімен адамның абыройлы аты мен атағын қалпына келтіруге азаматтарға кепілдік беретін ақтаудың негізі мен тәртібі және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу көзделген (ҚР ҚІЖК 4-тарау.). Ақталған адам кінәсіз деп есептеледі және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да болмасын шектеуге болмайды. (ҚР ҚІЖК 39-бап, 1-бөлім).
Ақтау дегеніміз, біздің пікірімізше, адамға қатысты ақтау үкімін шығаруы немесе анықтау, тергеу органдарының, прокурордың, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы деп түсініледі. (осыны негізге ала отырып, ақталушының материалдық және моральдық зиянды өтеуді, сонымен қатар басқа да бұзылған құқығын қалпына келтіруді талап етуге құқығы бар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен
келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің
салдарынан келтірілген зиянның өтелуне құқығы бар адамдар

3. Моральдық зиянды өтеу және оның зардаптарын жою

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен практикасында ақтау ұғымының дәл
анықтамасы жоқ, ондай анықтаманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс
жүргізу кодексі де бермеген. Сонымен бірге ақтау ұғымы Қылмыстық іс
жүргізу Заңында қарастырылып, онда ақтау ұғымының мазмұны толық ашылып
көрсетіледі. Заңда зиянды өндіруге құқығы бар адамдардың тізімі
анықталған, сот тәртібімен адамның абыройлы аты мен атағын қалпына
келтіруге азаматтарға кепілдік беретін ақтаудың негізі мен тәртібі және
қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды
өтеу көзделген (ҚР ҚІЖК 4-тарау.). Ақталған адам кінәсіз деп есептеледі
және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген
құқықтары мен бостандықтарын қандай да болмасын шектеуге болмайды. (ҚР
ҚІЖК 39-бап, 1-бөлім).
Ақтау дегеніміз, біздің пікірімізше, адамға қатысты ақтау үкімін шығаруы
немесе анықтау, тергеу органдарының, прокурордың, Қылмыстық іс жүргізу
кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы
деп түсініледі. (осыны негізге ала отырып, ақталушының материалдық және
моральдық зиянды өтеуді, сонымен қатар басқа да бұзылған құқығын қалпына
келтіруді талап етуге құқығы бар.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлімінің 1,2,5,7,8-
тармақтарында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылған жағдайда
тергеуші немесе прокурор адамды ақтау бойынша занда көзделген және
қылмыстық істі жүргізу органының заңсыз әрекеті нәтижесінде ақталушыға
келтірген зиянды өндіру жөнінде барлық шараларды жүзеге асырады. (ҚІЖК39-
бап, 2-бөлім).
Заңның мағынасы бойынша негізінен өтелуге жататын шығын:
а) заңсыз сотталғаны үшін; заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін;
б) заңсыз қудалау шараларын қолдану - ұстау,, қамауға алу, шықпау туралы
қолхат алу. Азаматтың зиянды өндірудегі құқығын танудың шешуші мәні
мынада: зиян міндетті түрде кылмыстық қудалау органының заңсыз іс жүргізу
әрекетінің нәтижесінен туындайды.
1. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен
келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
Жоғарыда айтқандай "Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы
құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру
сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды
ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге
түсудің тоқтатылуы, жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен
бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей
қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. АҚТАУ — бір
кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі
жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің
өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын
деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс
жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың
оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.
Кылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу
органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
—қылмыс оқиғасының болмауы;
—әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
—Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105,111, 112, 120 (1-6.),
121 (2-6.), 123,129,130,136,140,142,144 (1,2-6.), 145 (1-6.), 188 (1-6.),
296 (1-6), 300 (1-б.)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша,
яғни жеке айьптау істері бойынша, сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары
туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;
—сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер
адамның қылмыстың ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде
күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
—егер қылмыстық ізге түсу органынының сол айьптау бойынша кылмыстық іс
қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне
түсуден бас тарту.
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп
саналады және оның Қазақстан Республикасының Констшуциясымен кепілдік
берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні
туралы М. С. Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды:
"Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді
және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін аныктайды, өйткені
бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет
қылмыс болып табылмайды. Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей
толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын
жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған
іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс
жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу
тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне
түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына
қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық
іс қозғау, ал түпкі сәт — соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын
шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде
қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің
тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану
— соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған
жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында
тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол
айьшталушының ақтау үшін негіздер бар екенін байқаган жағдайда істі соттан
басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтары алуға және істің
жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында
байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор
айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған
негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың
қолданылуын қажет етеді.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің
салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды
қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары
(прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) жатады. Айьшталушы
қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы қылмыстық
процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын білдіреді.
Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау негізімен,
қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің
шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған өзге
де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына қандай органның жол
бергеніне байланысты. Зандылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы
келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ зандылықтың
бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара болып бөлінеді
(ҚІЖК-нің 42-бабы). Толық АҚТАУ адамның бұзьғлған барлық құқыктарының
қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-
әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде
өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын
айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың
бүкіл көлемі бойьшша, ҚК-те көзделген, жүктелетін барлық әрекеттер бойынша
тоқтату жайында болса, ақтау толық деп танылады. Егер іс ҚІЖК-тің 39-
бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша
тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген
зиянның зандылыктың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді.
Мәселен, адамға ҚК баптарының жиынтығы бойынша айьш тағу, сол баптардың
бірі бойынша қылмыстық процесті тоқтату ақтау туралы ереженің тек
айыптаудың іс жүргізу тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеліп
соғады, бірақ ҚК-тің Ақтау үшін негіздер көзделмеген бөлігі мен баптары
бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына әкеліп соқпайды. Басқаша айтсақ,
адамға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Сол баптардың
бірі бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша қылмыстық
істі тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс-әрекеттер салдарынан
келтірілген зиянды өтеу ішінара ақтаудағы білдіреді, өйткені өзге қылмыстар
бойынша қылмыстық іс одан әрі жүргізіле береді.

2. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің
салдарынан келтірілген зиянның өтелуне құқығы бар адамдар
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан
келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым
жасалған сезіктілер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы
бар. Заңсыз ұсталудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен
уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың,
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде
келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық
көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші
органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ.
Өтелуге тиісті материалдық зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол
берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей
республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды
негіздердің анықталуға жеткілікті. ҚІЖК-тің 40-бабына сәйкес қылмыстық
процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның
етелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.
1.ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын
адамдар (осы тараудың 1 параграфында егжей-тегжейлі баяндалған).
2.Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс
ҚІЖК-тің 40-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер
бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:
Жәбірленушінің айьшталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын
немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы Жәбірленушіге келтірілген
зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК-
тің 67-бабы).
Жеке айьштаушының ҚІЖК 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау
қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы.
Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар:
—жеке айыптау ісі бойынша Жәбірленушінің шағымы болмауына, жи қылмыс
дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа себептер бойынша өзіне
тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабылетсіз адамдардың мүдделерін
қозғайтынын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі
мүдделерін қозғайтыны көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық іс
қозғау (ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігі, 34-бабының 2-бөлігі);
—қылмыстық істі ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігінде, 34-бабының 2-бөлігінде
көзделген белгілердің болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсуді
болдырмайтын жағдайлар анықталған сәттен кейін тоқтатпастан одан әрі
жүргізу.
3. Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына,
жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ
мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар. Келтірілген
зиянды етеу үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданынғанда
қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері
анықталғанына қарамастан, одан әрі жалғастырылады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы
мынада:
—егер мерзімнің ескіруі анықталын, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын
болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану приндипі бұзылады;
—егер айьшталушьі рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне
түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану приндипі
бұзылады;
—қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету
актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық
істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді
анықтау бастамашысы кім қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган,
айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе
қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген
зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі
тоқтату үшін негіздерді қашан анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің
тоқтатылуына себеп болған жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды.
Мысалы, мерзім іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті
жүргізуші орган бұл мән-жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты
бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті
10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды етеу құқьпы пайда болатын сәт
деп 3 қаңтарды санау қажет.
Мерзімі ескірген сәт пен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін
нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді. Мұндай
арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға
негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды адамға өтеу
үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі занды күшіне енген сәттен бастап
немесе ракымшылық ету айы пталушылардың нақты категориясына қатысты болатын
сәттен бастап пайда болады.
4. Жасалған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай
өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен
ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға
кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар
сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуін
немесе үкімнен айыптың бір бөлігінің алып тасталуын және соған байланысты
жазаңың кемітілуін көздейтін жағдайларға да қатысты. Занда медициналық
сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын
қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайларда да
зиянның өтелуі көзделген.
Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру заңсыз өтелген мерзім
адамға кылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің
салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқын беретін мән-жайлар анықталған
сәтте ең соңында қолданылған КҚ бабында көзделген қамауға алу немесе бас
бостандығынан айыру түріндегі жазаңың ең жоғары мөлшері асырылатын сәттен
бастап есептеледі.
5. Занды негізсіз тиісті мерзімінен артық қамауда ұсталған, сонымен
бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің
кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
ҚІЖК-тің 153-бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері көзделген:
екі айдан (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың жалпы
мерзімі) он екі айға дейін (ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының рұқсатымен). Қамауға алу мерзімі біткеннен кейін, егер ол
ұзартылмаса, айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Келтірілген зиянды өтеттіру
құқығы айыпталушыны қамауға алу немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы
тиісті қаулыда көрсетілген қамауда ұстау мерзімі біткен сәттен, оның
күзетпен ұстаудан дереу босатылу кұқығы жүзеге асырылатын жағдайларда пайда
болады.
Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері
салдарынан келтірілген зиянды өтеттіру құқығы азамат қайтыс болған жағдайда
да сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады. Төленуі
тоқтатып қойылған зейнетақы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әрекетте қылмыс құрамының болмауы
Моральдық зиянды өтеу мәселелері қылмыстық процесте
Бизнес және құқық факультеті
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтау ұғымы
Ақтау және қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу тәртібі
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру
Қылмыстық процестегі ақтау
Пәндер