Ұлы ақын


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Ұлы ақынға толық мағынасында ұлттық болудан артық абыройлы нәрсе жоқ, ұлттық болмайынша, ол ұлы адам бола алмайды. Ал ұлы адамдарға келсек, олардың көпшiлiгi - өз елiнiң ұлы. Оның ұлы болуының шарты - өз халқының өкiлi бола бiлуiнде . . . ».
«Белгiлi бiр замандағы белгiлi бiр халықтың ақыны болғандықтан, ол өз заманының, өз халқының ұлы болды . . . өз заманының дәрежесiнде болды . . . ».

А. С. Пушкиннiң орыс өмiрiндегi орны һәм оның поэзиясының тарихи мәнi туралы осы екi пiкiрдiң алғашқысы В. Г. Белинскийдiкi де, соңғысын айтқан - Н. А. Добролюбов. Бұлардан түйер тұжырым: ұлылық дегенiңiз - ұлтына ұл болу, яғни кез келген ұлттық ақын адамзат алдында өз халқының өкiлi, өз ел-жұртының Елшiсi ретiнде сөйлейдi екен. Ендеше: «Үмiт қып менен қарайсың, көңiлiңе медеу санайсың, балалыққа жарасам, аталыққа жарайсың!» - деп азаматтық арман-мұратын ақи-тақи айқындап алып, қазақтың басқа жұрттармен қатар тұрмай, азап-бейнет қасында - «ұйқысы көп, ояуы аз» халде тұрғанына қайран ақын жүрегi қан жылай келiп:

Басқалар жоғын тапқанда,

Бiздер қайтiп қаламыз?!.

Тепкiсiнде басқаның

Қор боп жүдеп барамыз.

Көрiне көзге азапта

Мәңгi қайтiп қалалық?!

Ойыңды ендi азат қыл,

Қалсын былай балалық! -

деп қайсар қайратқа мiнiп, «әдiлет қызметкерi» болмаққа шындықтың ауылын iздеп» шыққан он алтыға әлi толмаған жап-жас жiгiттi Алаштың ардақтысы, ұлттық ар-намыс жоқшысы демей, кiм деймiз?! «Қараңғы қазақ көгiне Күн болуды» көксеген «Шәкiрт ойын» жазғанда ол жиырма бiр жаста едi.

Шығамын, тiрi болсам, адам болып,
Жүрмеймiн бұл жаһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмiр сүрiп надан болып?!

Мен - балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күндi барып белдi буған.
Жұлдыз болып көрмеймiн елдiң бетiн,
Болмасам толған айдай балқып туған! -

Алдына мұндай асқаралы мiндет қою үшiн де iшкi рух қуаттылығы керек. С. Торайғыровтың жер бетiнде бар болғаны жиырма жетi жылға (1893-1920) созылған қысқа ғұмыр-тiрлiк өмiрбаяны да, өлмес-өшпес өлең-дастандары да өжет рух қуатына суарылған. Заманның запыран дертi зар қақтырған және «қайтейiн, елiм, қимаймын, қия алмай, жанды қинаймын, сiздерге әкеп шашуға, iлiм-бiлiм жинаймын» мүддесi жолында өз жайын мүлде ұмытқан әрi кедей, әрi ауру жастың соншама жанкештiлiгiне қайран қалмауың мүмкiн емес! «Секiлдi өмiр қысқа, жарты тұтам» деп он төрт жасында жазған өлеңiнде өзi өрнектегендей, азғантай ғұмырында қос томдық қомақты дүние берiп кеттi. Қандай керемет туындылар десеңшi:

«Тұрмысқа», «Шығамын, тiрi болсам, адам болып», «Өмiрiмнiң уәдесi», «А, дүние», «Ендiгi беталыс», «Лағнет бұлты шатырлап», «Жақсылық көрсем - өзiмнен», «Жазғы қайғы», «Жарлау», «Шәкiрт ойы», «Алаш ұраны» секiлдi асыл өлеңдер, «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» аталатын сындарлы романдар, «Қайғы», «Таныстыру», «Айтыс», «Адасқан өмiр», «Кедей» тәрiздi дарқан ойлы, терең тебiренiстi дастандар, көшелi көсемсөздер . . . Ал бұлардың бәрi-бәрi жастайынан жабысқан ауыр сырқат, азапты тұрмыс тауқыметтерiмен алыса жүрiп, әуелi молдадан, сосын Троицкiдегi медреседен iлiм-бiлiм ала жүрiп, ауыл мектебiнде, «Айқап» жорналында қызмет жасай жүрiп, партиялық һәм қоғамдық-әлеуметтiк iстерге араласа жүрiп тындырған тiрлiктерiнiң бiр парасы ғана. «Жасамаймын еңбектiң жемiсiн көзбен көрем деп, жасаймын бiр қолқабыс кейiнгiге берем деп» деген мұрат-мүдде қам-қаракеттерi-тiн.
Ақын Сұлтанмахмұт әдебиет майданына кiрiскен кезде алдында Абай салған, Мiржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы iлгерi жалғастырған шығармашылық жол, мектеп бар едi. 1909 жылы аталған үш арыстың өлең жинақтары жарық көрдi. 1913 жылдан Орынборда «Қазақ» газетi шыға бастады. Халық оянып, оқыған азаматтарының соңынан ергендей боп, ұлттық ой-сана қалыптасып қалып едi. «Ел», «ұлт», «жұрт», «тiл», «дiн», «дiл», «өнер-бiлiм», «қазақ жерi», «алаш азаматтары», «ұлт жұмысы», «жұрт iсi» iспеттi сөздер ауыздан түспейтiн бiр заман туып едi. Он алты жастағы Торайғыров «Жан қайда әдiлеттi iздейтұғынды» жазғанда, қазақты жалмауыздай обып тұрған отаршыл озбыр саясатты әшкерелегенi үшiн арадақты Ахаң (Байтұрсынұлы) Семей абақтысында отырған-ды. Ал 1911 жылы «Байлық», «Кедейлiк» өлеңдерiн жазып, торығыңқырап жүрген күндерiнде оның құлағына Ахаңның Әуезов «қазақ оқушысына естiлген екiншi елшiлдiк ұраны» атаған «Масасы» ызыңдапты. Болашақ сұңғыла жыр сұлтаны: «Мұжықтың көк желке боп тепкiсiнде, талайсыз неден болдың, аһ, сормаңдай!» - деп күрсiнген шақта («Жазғы қайғы», 1913 жыл) тағы да сол Байтұрсынұлының редакторлығымен «Қазақ» газетiнiң алғашқы саны алаш жұртына жол тартқан болатын. Қысқасы, бұл тұс жұртқа ақыл кiрген, ел есейе бастаған кезең-дi. Сондықтан ол уақыттағы оқығандардың ойында заманды түзету, қазақты iлгергi жұрттар қатарына қоспай тұрған отаршыл қорлық-зорлыққа қарсы күрес жолдарын iздеу, рухани надандық құрсауынан құтқару мiндетi тұрды. Сұлтанмахмұт заманы әлеуметтiк қатынастар қайшылығы әбден шиеленiскен дәуiр едi. Сол себептi С. Торайғыров көптеген өлеңдерiнде әлеумет мәселесiн көтеруге келгенде, менiң ойымша, Абайдан да, тiптi, Мiржақып, Ахметтен де iлгерi кеттi деп айта аламыз. «Адасқан өмiр», «Кедей» секiлдi шығармаларды тек қана қазақ поэзиясының қарқарасы деу аздық етедi, әлем әдебиетiнiң асылы саналатын «Фауст», «Құдiреттi комедия» «Адасқан өмiрдiң» атқосшылығына жарамай қалуы мүмкiн. Өйткенi осы ұлы шығарма шарықтаған қиял мен шалқыған шабыттың ғана сөзi емес, әлбетте, адамзаттық тағдыр-талайдың нақтылы көрiнiстерiн көркемдiк тұрғыда қорыту таразысына тартқан қоғамдық қопарылыстар дәуiрiнiң де, бiздiң қазiргi заманымыздың да эпопеясы iспеттi. Өкiнерлiк жерi, тек осы туынды ғана емес, жалпы Сұлтанмахмұт шығармашылығында астаса өрiлiп отыратын философиялық ағыстар сыр-сипаты зерделене зерттелiнбей, анық-қанық ашылмай жатыр.

Добролюбовтың: «Пушкиннiң маңызы орыс әдебиетiнiң тарихында ғана емес, сонымен бiрге орыстың бүкiл ағарту iсiнiң тарихында да орасан зор», - дегенiн қазақ әдебиетiнiң тарихы мен қазақ жанын ағарту iсiне қатысты ыңғаймен Сұлтанмахмұт турасында да айтуға болады. Өйткенi С. Торайғыров толғаныстары, ұлы ақынның өз анықтамасымен түйiндесек, «тұрмыс дертi зығырыңды қайнатып, бармағыңды шайнатып, ықтиярсыз ызалы ызғарын төгiп, сай-сүйегiң сырқырарлық зарлы бебеулерiн қағып, көңiл толғағын, жүрек түйiнiн тарқататын . . . қайнаған қанның, қиналған жанның, толқыған көңiлдiң, толғанған жүректiң сығындысы сол!». Ал мұндай «дертке шипа бола кететiн» өлеңдер қай заманның да, қандай қоғамның да тiлегiмен үндес, үйлес келедi. Бұл қасиетi оны өзi өмiр сүрген бiр заманның шегiнен алып шығып, бар заманның бәтуәлi ақыны етсе керек. Сiз бен бiз, егер адамгершiлiк мақсатқа қызмет еткiзбесе, ғылыми-техникалық төңкерiстер жетiстiгi жер бетiндегi өркениеттi құртуға, экологиялық һәм рухани апатқа әкеп соқтыратынын, қуатты мемлекеттер әл-ауқаты әлсiз, техникалық жағынан мешеу елдердi құл есебiнде құлдануға құлықты екендiгiн бүгiнде көрiп те, сезiп те отырмыз. Ал мұны Сұлтанмахмұт «Адасқан өмiр» дастанында тоқсан жыл бұрын жерiне жеткiзе айтыпты. Көрегендiк емес пе?! Сол тоқсан жыл бұрын көтерген мәселесi қазiр де өзектi проблемаға айналуымен-ақ, бұл шығарма осы заманғы ең көкейкестi туынды сипатын иеленiп отыр! «Осы соңғы ар азығы - әдiлдiк табылмай, басқа дене азығы өнерлердiң көбеюiмен жалпы адам баласының күнкөрiсi ауырламаса, жеңiлдемейдi, бақытсыздығы көбеймесе, азаймайды. Ар азығының ержетпегендiгiнен Еуропадағы адам баласының күнкөрiсiн жеңiлдетедi, бақытты қылады деген өнерлердiң бәрi адам баласының бiрiнiң етiн бiрi жеуiне, бiрiнiң қанын бiрi ұрттауына жұмсалып жатыр» («Социализм», 1918 ж. ) . Отызға да толмаған, ешқандай университетте оқымаған ақынның осы сөздерi данышпандық емес пе?! Осыдан кейiн Сұлтанмахмұтты ұлы тұлға, дана ақын демей көрiңiз!!! Әлбетте, Торайғыров пайымдауынша, бақытсыздықтың бәрi әдiлдiктiң жоқтығынан екен. Сондықтан ақын, ар азығы жетiлуi үшiн, адам баласын «Әдiлдiк қызметкерi» болуға шақырады. Бұл тұрғыда ол бүгiнгi қазақ қоғамының да бiрiншi ақынына айналып отыр!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ поэзиясындағы Абай бейнесі
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Қазақтың кәсіби әдебиеті
Ақындар шығармалары
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Шығарма тілінің көркемдігін анықтау
Абайдың ақындық өнері
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz